Файл: азастан республикасы білім жне ылым министрлігі н. С. ложаева., . Б. Тлешова., . Б. Жмабекова.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.01.2024

Просмотров: 539

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ТҮСІНІКТЕМЕЛЕР МЕН ТЕСТТЕР ЖИНАҒЫ

МАЗМҰНЫ

АЛҒЫ СӨЗ

1-тақырып. Тәрбие үдерісінің мәні мен мазмұны

1.1 Тәрбие үдерісінің диалектикасы

оқыту технологиялары

2.1 Оқыту процесі және білім беру мазмұны

2.2 Оқыту әдістері мен технологиялары

2 .3 Блум таксономиясы

Білу

Түсіну

Қолдану

Талдау

Бағамдау

Жасау

Б.Блум таксономиясы бойынша сұрақтар мен тапсырмалар үлгісі БІЛІМ

ТҮСIНУ

ҚОЛДАНУ

ТАЛДАУ (анализ)

СИНТЕЗ

БАҒАЛАУ

3-тақырып. Білімді бағалау жүйесі

3.1 Білімді бағалау жолдары мен баға қою механизмі

3.2 Білімді бағалау өлшемдері

Тест тапсырмалары

4-тақырып. Дарындылық және танымдық даму процесі

4.1 Дарындылық және шығармашылық іс-әрекеттер

4.2 Дарынды және талантты балаларды оқыту әдістері

Тест тапсырмалары

5-тақырып. Мұғалімнің кәсіби біліктілігі

5.1 Мұғалімнің кәсіби қызметі мен оқытушылық әрекеті

5.2 Мұғалімнің рефлексивті құзыреттілігі мен кәсіби дайындығы

Тест тапсырмалары

Ұғымдық сөздер

Ескертпелер үшін


Табысты оқыту білім алуға мүмкіндік беретін нақты жағдайларды жасаумен қатар, сол жағдайлардың өзімен тығыз байланысты. Табысты мұғалім оқушыларға, ортаға және ресурстарға лайықтап нақты кезеңде қолданылуы тиімді оқыту элементтерін «реттеп» отырады. Расында, оқытудың сапалы және табысты болуы белгілі бір деңгейде мұғалімнің қалыптасып отырған жағдайларға бейімделе алуына да тығыз байланысты. Табысты оқыту – мұғалім бейнесімен танылатын сан алуан элементтер арасындағы байланыс болып табылады, ол өзі белгілі бір деңгейде тәуелді жағдайлар жасалынған кезде жүзеге асырылады. Табысты оқыту оқушылардың, қоршаған орта жағдайы және оқыту, білім алу мүмкіндіктерінің бірлігі ретінде қарастырылады.

Мұғалім оқушыларда Чиксентмихаи (2008) «өзіндік мақсат» деп Райан мен Деки (2009) «ішкі уәж» деп атайтын қасиеттердің болуына жағдай жасауға тырысуға тиіс. Басқаша айтқанда, оқушылар өзін-өзі ынталандыра алады және осыған орай, оларда ұмтылыс пен қызығушылық пайда болады. Бұны жазалауға ұшырамау немесе емтиханнан құламау түрткі болып табылатын сыртқы уәжден ажырата білген жөн. Мұғалімнің оқушының оқу үлгерімін ғана емес, оқу материалын сабақта терең меңгергенін бақылау керек.

Сабақ – логикалық аяқталған, толық, шектеулі бағандармен негізделіп қамтылған оқу-тәрбие үрдісі. Оның құрамында күрделі тығыз байланыста оқу процесінің негізгі элементтері қамтылған: мақсат, міндет, мазмұны, әдісі, тәсілі, түрі, оқушы мен оқу арасындағы іс-әрекеттің байланысы.

Сабақ өз алдына мұғалімнің шеберлігінің айқын көрінісі болғанымен, бір жағынан оқытудың психологиялық-педагогикалық заңдылықтарына, екінші жағынан білім беру стандартының қоятын талаптарына негізделген.

В.А. Сухомлинский: «Сабақ - бұл мұғалімнің жалпы және педагогикалық мәдениетінің айнасы, оның интеллектуалдық, рухани байлығының өлшемі, оның дүниетанымы мен эрудициясының көрсеткіші» дейді.

Сабақ мақсатында оқушының қадағалауға болатын іс-әрекеті, белсенділігі, мінез-құлқы сипатталып, оқушылар оқу нәтижесінде не істеуді үйренуге тиіс екені жазылады. Сабақ мақсаттарын тұжырымдау барысында оқушылардың сабақ соңында не істей алу керектігі тұрғысынан белгілі бір нәтижелерді сипаттауы керек екенін есте ұстау қажет. Бұл:

  • сабақта мұғалімнің не істейтініне емес, оқушылардың немен айналысатынына назар аударуға;

  • сабақты жоспарлауды жеңілдетуге;

  • оқуды бағалауды жеңілдетуге;

  • оқыту мен оқуды бағамдауды жеңілдетуге көмектеседі.


Күнделікті сабақ жоспарын құруда назар аударатын мәселелер:

  1. Сабақ жоспарында бөлек бағанда cабақта қолданылатын дифференциация, бағалау, пәнаралық байланыс, АКТ дағдылары және құндылықтар нақты көрсетіледі.

  2. Рефлексия бөлігінде мұғалім өз сабағына қысқаша талдау жасап жазады, яғни, сабақтың сәтті болған тұстары және келесі сабақта дамыту керек тұстарын анық көрсетеді.

Lesson study Жапонияда 19-ғасырда жаңа жалпы білім беретін жүйе орнатқан уақытта мектеп базасында, сонымен қатар өңірлік және ұлттық деңгейде пайда болды. Мұғалімдер жаңа оқыту әдістемесін талқылап, оны нақты сабақтарға бекіте бастады. Соңында бұл үдерістерді Lesson study деп атады. Содан кейін Lesson study тәжірибесі Жапониядағы барлық мектептерге берілді. Lesson study зерттеу сабағы болып табылады және де Қазақстанда өткізілетін ашық сабаққа ұқсас. Lesson study-да бір мұғалім өзіне зерттеу сабағын өткізуге, зерттеу сабағына дейін шамамен бір айда сабақ жоспары жасауға тиіс. Lesson Study-дың мақсатқа байланысты үш түрі бар. Бірінші түрі Lesson Study-дың бірыңғай тақырыбына байланысты, екінші түрі оқыту дағдыларын дамытуға арналған, ал үшінші түрі бақылау дағдыларын дамытады. Ұлыбритания ғалымы Dadley (2011) Lesson Study-ды мұғалімді дамытатын үдеріс ретінде сипаттайды. Ол сыныптағы түрлі оқушылардың топтарына жататын белгілі оқушылардан ақпарат жинау процесін аса маңызды деп табатын. Бақылаушылар оқушыларға сұрақ қою арқылы олардың оқу жолдарын және сабақ тиімділігін анықтайтын.

5.2 Мұғалімнің рефлексивті құзыреттілігі мен кәсіби дайындығы


Рефлексия терминінің латын тілінен аудармалары:

«reflekto» - кері бұру; «refleksys» - кері қозғалу, кері бұрылу; «refleksio» - кері қарау деген мағынаны білдіреді. «Советский энциклопедический словарь» оны былай көрсетеді:

  1. ой толғау, өзіндік бақылау, өзін-өзі тану;

  2. философияда — адамның өзінің жеке әрекеттері мен олардың заңдылығын ұғынуға бағытталған теоретикалық қызметінің түрі.

Ал Ожегов және Шведовтың «Толковый словарі» аталған ұғымды өзін-өзі талдау, өзінің ішкі жағдайы туралы ойлану деп көрсетеді. Бұл терминді Джон Лок 17 ғасырда берген. С.Л. Рубенштейн: «рефлексия – өмірден және қоршаған ортадан алған әсерлерінен өзін бөліп алып, оның санада пайда болуы» - деп көрсетті. Л.С. Выготский психикалық дамудағы рефлексияның рөлін қарастыра отырып, «рефлексияның негізгі қызметі – өзіндік әрекеттердің санада болуы» деген түсініктеме берген.

К.Я. Вазинаның ойынша, рефлексия – бұл ішкі қарама-қайшылықтардың өзектілігін тауып, оларды шешу жолдарын көрсететін, өзінің тәжірибелік іс-әрекетін сезінуге бағытталған, адамның өзін-өзі тану қабілеті. Сонымен қатар, өзінің іс-әрекетін сезіну, жеткен жетістерін көріп, кеткен қателіктерін байқап, оларды түзету мүмкіндігіне ие болып, соның негізінде мәдени құндылықтарды тұтыну және жаңа құндылықтарды дүниеге әкелу құбылысы болып табылады.

Ю.Н. Кулюткин рефлексивті үрдіс деп – оқушының ішкі жан дүниесі мен ұмтылыстарын, талпынысын, ойларын және сезімдерін түсінуге бағытталған «педагогтың ойлауында көрініс табатын» құбылысты айтады.

А.А. Биязеваның еңбектерінде рефлексия – өз жұмысында табыстарға қол жеткізуге және шеберлігін дамытуға ықпал ететін тұлғаның жеке бас қасиеті ретінде қарастырылады. Ол мынадай анықтама берген: «рефлексия – субъектінің өз іс-әрекетін талдау мен өзін-өзі реттеу сияқты психологиялық механизмдері арқылы әрқашан, ұдайы тұлғалық қасиеттерін жетілдіру мен шығармашылық деңгейін өсіруде көрініс табатын тұлғалық қасиет».

Рефлексия – өзін-өзі танудың, түсінудің, тексерудің, бақылаудың, бағалаудың негізгі тәсілі және ойлаудың қажетті құралы. Рефлексияны қалыптастыруда өзіндік бақылау, өзіндік бағалау, өзін-өзі реттеу бір-бірінен бөлінбейтін үрдістер болып табылады. Рефлексия – адамның өз істерінің мәнін түсіну, олар туралы ойлану барысында өзіне өзінің нені, қалай жасағаны туралы толық және анық есеп беруі немесе өзі әрекет барысында басшылыққа алған ережелер мен кестелерді мойындауы не жоққа шығаруы». Өзін-өзі дамытумен қатар индивидтің жан мен тән үйлесіміне сәйкес өз ойын жинақтау қабілетін бейнелейтін рефлексия ұғымы пайда болды. Жаңа дәуір философиялық идеялары «өзіндік» және «мен» ұғымдарына бағытталады.


Рефлексия логикалық ойлауды, салыстыру, тұтас пен бөліктерді бөлу, нақтыны ажырата білуін талап етеді. Рефлексияның негізінде ішкі түйсікке білім және тұлғаның тәжірибесі жатады.

Рефлексиялық қызмет – тұлғаның дамуын қамтамасыз ететін ойланудың ішкі үдерісі (ішінен ойлау).

Рефлексия, рефлексия жасау, «рефлексиялық» дегеніміз не? Осы ұғымдар бір-бірімен қалай байланысты? Міне ғалымдардың рефлексияға бірнеше көзқарастары.

Рефлексия бұл:

  • категория, өзінің мазмұны мен қосымша саласының түрлі интерпретацияға ашық болуы;

тұлғаның шығармашылық ойлау мен өзіндік дамуын ұй-

ымдастыру механизмі, бірақ ол ғана емес. Ол екі үлгіден тұрады – жеке рефлексияның үлгісі және түсіну үлгісі, яғни, танудың механизмі;

  • ойлау туралы ойлану (ойлауда өзіңді өзің тану объектісі деп жасайсың). Ойлану үнемі адам қатынасының мәнмәтініне қосылғандығынан, әлеуметтік-мәдени желіде, белгілі тарихи жағдайда қызмет етеді. Ойлану үнемі «әлемдегі ойлану» болады;

  • «Адамның өз ойын шағылту». Ұғым, жоғары деңгейге ауысқанда рефлексияланады;

  • ерекше бір өлшем түрінде болатын түрлі дамыған рухани өнімнің қажетті бөлігі;

  • рефлексияның шет бөлімі ішкі тәжірибе болып табылады, немесе, Гегельдің сөзімен айтқанда, рефлексия – ол «негізгі және талқылайтын сана», деген тұжырымдық ойы нақты келеді;

  • «Алғашқы дереккөзді (тәжірибенің) сезіну деп атасақ, екіншісін мен рефлексия деп атаймын, өйткені, өзіндік ішкі ойлау әрекетінде талдауға ойларын сала алады». Бұл Джон Локктың айтқан сөздері;

  • осы ұғымды зерделеу гипермәтіннің үлгісін жасауға әкелді, яғни, ұғым мен оның мазмұндық байланыстарын көрнекті графикалық сипаттау әдісі.

Құзыреттілік ұғымы «білім», «білік» және «дағды» (ББД) сияқты ұғымдарды қамтиды. Құзыреттілік – бұл алынған білімдер мен біліктерді іс-жүзінде, күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық мәселелерді шешуге қолдана алу қабілеттілігі. Б.Тұрғанбаева: «Құзырлыққа бағытталған оқыту үрдісінде тәжірибелік жолмен мәселені шешу мүмкіндігі молаяды. Осы жағдай біліктілікті арттырудағы екінші үлгіге көшірудің негізі бола алады». Ш.Т. Таубаева: «Құзыреттілік
– ол тұлғаның оқыту және әлеуметтену процестері барысында меңгерген білім мен тәжірибеге негізделген, оның жалпы қабілеті мен іс-әрекетке даярлығы ретінде айқындалатын, тұлғаның кіріктірілген қасиеті» - деп қарастырады. Ғалымдар білім берудегі құзыреттілік тәсілді жүзеге асырудың төрт аспектісін ажыратады:

  • түйінді құзыреттер;

  • жалпыланған пәндік біліктіліктер;

  • қолданбалы пәндік біліктіліктер;

  • өмірлік дағдылар.

Мұғалімнің есінде болу керек: егер білім деңгейі және витагенді тәжірибесі аз болса, рефлексия да қарапайым болады. Ол «рефлексия заңы» деп аталды: рефлексиялық дамудың негізінде адамның білімі мен өмірлік тәжірибесі жатады. Сонымен, рефлексия үшін ішкі (генетикалық тапсырысы) және сыртқы (өмірлік білімі мен тәжірибесі) басталуы маңызды.

Педагогикалық рефлексия – тұлғаны тәрбиелеу, оқыту, дамыту қызметіне қойылған рефлексия; ол мұғалімнің рефлексиялық және рефлексия жасауы, сонымен қатар оқушылардың рефлексиялық ойлауын тәрбиелеу қабілеті, рефлексиялық білімінің негізінде арнайы құрал, әдіс, тәсілдер көмегімен рефлексиялық тұлғаны қалыптастыру үдерісін басқару біліктілігі.

Педагогикалық рефлексия бес деңгейде болады.

Бірінші деңгей. Өзін-өзі танудың рефлексиясы (мұғалім өзі туралы).

Екінші деңгей. Басқаны тану туралы рефлексия (мұғалім оқушыны таниды).

Үшінші деңгей. Даму механизмдері туралы рефлексия (оқушының).

Төртінші деңгей. Дамудың әдістері мен тәсілдері туралы рефлексия (оқушының).

Бесінші деңгей. Рефлексияның даму әдістері мен тәсілдері туралы рефлексия (оқушының).

Педагогикалық үдерістегі рефлексияның қызметіне мыналарды жатқызуға болады:

  • диагностикалық қызмет – педагогикалық үдеріске қатысушылардың арасындағы өзара әрекеттестік деңгейін, аталған өзара әрекеттестіктің тиімділік деңгейін, жеке педагогикалық құралдарды айқындау;

  • жобалық – болатын қызметтің, үлгісін жасаудың, өзара әрекеттестіктің жобалауын көрсетеді;

  • ұйымдастырушылық – тиімді қызмет пен өзара әрекеттестікті ұйымдастыру тәсілдері мен құралдарын айқындау;

  • коммуникациялық - рефлексия ұстаз бен шәкіртінің тиімді қатынасының шарты ретінде;

  • маңыздылық-шығармашылық – педагогикалық үдеріске қатысушылардың ойында олардың жеке қызметінің, өзара әрекеттестігінің мағынасын қалыптастыру;

  • ынталандырушылық – қызметтің бағыттылығы мен мақсаттылық нұсқаулығын анықтау;

  • түзету - педагогикалық үдеріске қатысушылардың өз қызметін, жүзеге асырып жатқан өзара әрекеттестікті түзетуге бағыттау.