Файл: азастан республикасы білім жне ылым министрлігі н. С. ложаева., . Б. Тлешова., . Б. Жмабекова.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.01.2024

Просмотров: 536

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ТҮСІНІКТЕМЕЛЕР МЕН ТЕСТТЕР ЖИНАҒЫ

МАЗМҰНЫ

АЛҒЫ СӨЗ

1-тақырып. Тәрбие үдерісінің мәні мен мазмұны

1.1 Тәрбие үдерісінің диалектикасы

оқыту технологиялары

2.1 Оқыту процесі және білім беру мазмұны

2.2 Оқыту әдістері мен технологиялары

2 .3 Блум таксономиясы

Білу

Түсіну

Қолдану

Талдау

Бағамдау

Жасау

Б.Блум таксономиясы бойынша сұрақтар мен тапсырмалар үлгісі БІЛІМ

ТҮСIНУ

ҚОЛДАНУ

ТАЛДАУ (анализ)

СИНТЕЗ

БАҒАЛАУ

3-тақырып. Білімді бағалау жүйесі

3.1 Білімді бағалау жолдары мен баға қою механизмі

3.2 Білімді бағалау өлшемдері

Тест тапсырмалары

4-тақырып. Дарындылық және танымдық даму процесі

4.1 Дарындылық және шығармашылық іс-әрекеттер

4.2 Дарынды және талантты балаларды оқыту әдістері

Тест тапсырмалары

5-тақырып. Мұғалімнің кәсіби біліктілігі

5.1 Мұғалімнің кәсіби қызметі мен оқытушылық әрекеті

5.2 Мұғалімнің рефлексивті құзыреттілігі мен кәсіби дайындығы

Тест тапсырмалары

Ұғымдық сөздер

Ескертпелер үшін



2 .3 Блум таксономиясы


Блум, Бенджамин (ағыл. Benjamin Bloom) (1913-1999) – америкалық психолог, оқыту әдістерін зерделеген, «Блум таксономиясы» атауын алған жүйені құрушы. 1942 жылы Чикаго университетінде доктор дәрежесін қорғаған. 1965-66 жылдары Ағарту ісін зерттеушілер бірлестігінің президенті болған. 1960 жылдары Б.Блум кейіннен «Блум таксономиясы» деп аталып кеткен тұжырымдаманың негізін құраған екі монография басып шығарды: «Адами мінездемелер тұрақтылығы мен өзгеруі» және «Білім мақсаттарын жіктеу».

Таксономия (грекше. Táxis - орналасу, құрылыс, тәртіп және nómos - заң). Таксономия – олардың иерархиясын (белгілі бір құрылымдағы бірізділігін, реттілігін) құрастыру мақсатында берілген нысандарды нақты бір өлшемдер мен қағидалар бойынша жіктеу.

ХХ ғасырдың 60-70 жылдары АҚШ-тың көптеген білім беру мекемелері Блум тұжырымдамасын қабылдаған, алайда ол жөнінде ғалымдар мен практиктердің тарапынан көптеген сын айтылуына байланысты оларды мектепте қолдану деңгейі едәуір төмендеді.


Білу


  1. Соңғы жазғы демалыс немесе мектептегі бір күн туралы ең қызықты естелікті сипаттау.

  2. Үздік ____ жетуге көмектесе алатын басты 5 қасиетті тізімдеп жазып, оны сыныптастарымен талқылау.

  3. Evernote немесе Pinterest сияқты құралдарды пайдаланып, _____ табуға болатын үздік 5 сайтты белгілеу.

  4. Мектеп жобасында пайдалануға болатын «көпшілікке арналған» немесе «тегін» 10 онлайн ресурс табу.

  5. Әлеуметтік желіде топ мүшелеріне арнап парақша ашып, оған барлығын қосу.

  6. Мәтіннен түйінді сөздер мен сөз тіркестерін анықтап белгілеу және олардың мәтін үшін маңызын талқылау.

  7. Сабақта қарапайым сөздер мен суреттерді қайталау жаттығуларын енгізу үшін флешкарталарды пайдалану.

  8. Күнде қолданатын сайт немесе әлеуметтік желіден 5 видео, пост не сурет іріктеп алып, әрқайсысы туралы қысқаша айтып беру.

  9. Қызықтыратын және көбірек білгісі келетін тақырыптардың 10 тармақтан тұратын тізімін жасау.

Түсіну


1.Бір шараны немесе пәнге қатысты тұжырымды ең көп дегенде 140 таңбамен қорыту үшін Твиттерді пайдалану.



  1. YouTube арнасынан ұнататын 5 видео тауып, оның авторына сындарлы пікір қалдыру.

  2. Қағаз нұсқада немесе онлайн күнделік ашып, күн сайынғы маңызды мәселелер туралы жазып отыру.

  3. Соңғы жаңа мақаланың не блогтың үзіндісін не басты ойын қысқа сөйлемдермен қайта тұжырымдау.

  4. Өзі таңдаған тақырып бойынша мақаланың нобайын жазу.

  5. Біреуге ол адам бұған дейін көрмеген және естімеген бір нәрсе туралы түсіндіру.

  6. 3 елдің оқушыларының күнделікті істерін салыстырып, нәтижесін қағазға түсіру.

  7. _____ қаласы 5 не 10 жылдан кейін қандай болатынын болжау.

  8. Хоббиі туралы таныстырылым көрсету.

Қолдану


  1. Тарихи оқиғаны не әңгіменің желісін елестетіп, кейін бұны сыныппен талқылау.

  2. _____ қадамдарының барлығын қамти отырып, эскиз не диаграмма жасау.

  3. Google Maps не Google Earth пайдаланып өте танымал немесе қызықты жерлердің орналасқан жерін тексеру.

  4. Google Doc сияқты онлайн бағдарламаны пайдаланып, топ құжатын бірлесіп редакциялау.

  5. Жобаға көмектесу үшін тартылған жергілікті кәсіби шебер маманмен Skype арқылы сұхбат алып, оны видеоға жазып алу.

  6. YouTube-та сыныптың арнасын жасап, оған оқушылар әзірлеген видеоларды жүктеу.

  7. Адамдарға қызықты болатын заттар мен жобаға негіз болатын идеялармен бөлісу үшін Pinterest парақшасын жасау.

  8. Біреумен бірлесіп, бір-бірінің жұмысын тексеріп, редакциялау туралы ұсыныс айту.

  9. Түсінбеген сыныптастарына үйреніп жатқан мәселені немесе тақырыпты түсіндіру.

  10. Кітаптағы, ойындағы сүйікті үзіндіні көрсету үшін құммен сурет салу

  11. _____ алғаш көргенде қандай әсер алғанын әсерлі түрде айтып беру.

Талдау


  1. Топтың келесі жобасының бағыттары мен элементтерін көрсететін тұжырымдамалық карта құру.

  2. Мектепте болатын үлкен шараға мектеп қоғамдастығын тарту үшін тартымды жарнама дайындау.

  3. Қолдауды қажет ететін жергілікті тұрғындарға арналған мектеп қаржыландыратын шара жоспарлау.

  4. Топқа бірігіп, жеке адам дайындаған жазбаша жұмыстың шынайы әрі сындарлы бағасын беру. 5. _____ тақырыбына бағытталған бірнеше ресурс көздерінен коллаж жасау.

  1. _____ туралы оқушылардың ойларын жинап, талдау үшін онлайн сауалнама өткізу.

  2. _____ үшін қолданылатын әдісті ыдыратып, әр сатыны егжей-тегжейлі түсіндіру.

  3. _____ 5 түрін салыстыратын және олардың әрқайсысы-ның артықшылықтары мен кемшіліктерін көрсететін есеп жазу.

  4. Сыныптасымен бірлесіп дедукциялық ойлауды дамытатын сұрақтарға жауап беруге жаттығу.

  5. Кесте немесе Google кесте сияқты онлайн құралдарды қолданып, алдағы жобаларға арналған зерттеулерді санаттауға жаттығу

  6. Зерттеу жобасына арналған құжаттар мен веб-парақшалардың арасында байланыс жасау


Бағамдау


  1. Қарсылас таңдап, өз ұстанымын растайтын дәлел келтіре отырып, пікір білдіру.

  2. Алғаш рет көрген кино не оқыған кітабына сын жазу.

  3. _____ арналған нанымды дәлел жазу не ауызша хабарлау.

  4. Сыныпта дебат өткізіп, қарсыластар арасында модератор болу.

  5. _____ тақырыбындағы 5 ресурс көзін таңдап, оларды негіздеу. Нәтижені жазу.

  6. Мектеп мақаласына білдірілген пікірлер мен комментарийлерді жинақтау және модерациялау.

  7. _____ жетілдіру жолдары туралы мектеп әкімшілігіне ұсыным әзірлеу.

  8. _____ барысында не үйренгені туралы жазбаша немесе ауызша рефлексиялау.

  9. Топтың басқа мүшелері айтқан ұсыныстарды жіктеу.

  10. Оқушылардың 3 _____ (неге?) көзқарасы туралы сауалнама жүргізіп, нәтижесін жариялау.

  11. Бір жылдан кейін _______ қандай болатыны туралы топшылау.

Жасау


  1. Сүйікті тақырыбында блог жасап, оны жариялау. Оны апта сайын зерттеп, уақыт бөлу.

  2. Мектептегі жаңа _____ жоспарын жасау үшін бірнеше до-сымен бірлесу.

  3. _____ пәні бойынша оқушылардың деректі фильмін түсіру.

  4. Мектеп сайтының жаңа дизайнын әзірлеу немесе сайт болмаса, оны жасау.

  5. _____ жаңа әдісін ойлап шығару және оны жасау үдерісінің сызбасын салу.

  6. _____ түрлендіру және бұл өзгерістің іске асуына септігін тигізген үдерістерді құжаттау.

  7. Оқушыларға қызықты болатын тақырып туралы под-каст жазу және орналастыру.

  8. Мектептің апталық газетін жасау және жариялау.

  9. Топ мүшелерімен бірлесіп, _____ туралы сценарийді сахналау.

  10. Өзі таңдаған пән бойынша видео-блог эпизодтарын түсіру және оларды YouTube арнасына жүктеу.

  11. Өзі жақсы меңгерген мектеп пәні бойынша басқа оқушыларға көмектесу үшін онлайн вики парақ құру.

  12. Мектептің келесі ойынын не басқа көпшілік шарасын түсіретін команда құрамында жұмыс істеу.

Б.Блум таксономиясы бойынша сұрақтар мен тапсырмалар үлгісі БІЛІМ


МАЗМҰНЫ

Мәлiметтердi қайталау немесе тану арқылы есте қалай сақталғанын тексеруге бағытталады, мағлұмат пен деректердi еске түсiредi: тест тапсырмалары; қалдырып кеткен белгiлердi қою; жатқа айту; анықтамалар мен атауларды қайталау, олардың қолдану тәртiбiн айту.

Үйренушілерге қойылатын СҰРАҚТАР (мысалдар)

«Кім ... ? Не ... ? Қалай ... ? Қашан ...?

Қайда ... ? Қанша ... ?» есімдіктерінен құралатын сұрақтар.

Үйренушілерге

берілетін тапсырмалар

Анықтау, қайталау, белгілеу, санап шығу, еске түсіру, атау, назар аудару, жаттау

Таным мен ойлау деңгейі

Төменгi