Файл: азастан республикасы білім жне ылым министрлігі н. С. ложаева., . Б. Тлешова., . Б. Жмабекова.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 531
Скачиваний: 1
СОДЕРЖАНИЕ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ТҮСІНІКТЕМЕЛЕР МЕН ТЕСТТЕР ЖИНАҒЫ
1-тақырып. Тәрбие үдерісінің мәні мен мазмұны
1.1 Тәрбие үдерісінің диалектикасы
2.1 Оқыту процесі және білім беру мазмұны
2.2 Оқыту әдістері мен технологиялары
Б.Блум таксономиясы бойынша сұрақтар мен тапсырмалар үлгісі БІЛІМ
3-тақырып. Білімді бағалау жүйесі
3.1 Білімді бағалау жолдары мен баға қою механизмі
4-тақырып. Дарындылық және танымдық даму процесі
4.1 Дарындылық және шығармашылық іс-әрекеттер
4.2 Дарынды және талантты балаларды оқыту әдістері
5-тақырып. Мұғалімнің кәсіби біліктілігі
5.1 Мұғалімнің кәсіби қызметі мен оқытушылық әрекеті
5.2 Мұғалімнің рефлексивті құзыреттілігі мен кәсіби дайындығы
Тәрбиенің мәдени құбылыс ретіндегі міндеттері: ақыл-ой, адамгершілік, еңбек, этикалық, эстетикалық, экономикалық, экологиялық, құқықтық, саяси мәдениет түрлерін мектеп қабырғасынан қалыптастыру көзделеді.
Философиялық сөздікте: «эстетика (гр. Aisthetikos-сезіну, сезімдік) – адамның дүниені эстетикалық тұрғыдан ұғынып-түсіну заңдылықтары туралы, әсемдік заңдарын арқау еткен шығармашылықтың мәнісі мен формалары туралы ғылым» - деп қарастырады.
Эстетикалық тәрбие жеке тұлғаның адамгершілік сезіміне, рухани дамуына ықпал етеді. Оның жаман әдеттен бойын аулақ ұстауына, көркем әдебиет оқуын, музыкалық шығармаларды түсіне білуіне негіз болды. Сондықтан, эстетикалық тәрбие адам баласына өмірдегі, табиғаттағы, өнердегі, еңбектегі, адамдар арасындағы қарым - қатынаста бар жақсылықты, әдемілік пен әсемділікті түсіне білуге, көре білуге, қабылдай білуге үйретуді, жаттықтыруды және соған қабілетті болу дағдыларын меңгертуді көздейді.
Эстетикалық тәрбие дегеніміз оқушылардың бойында өз өмірін сұлулық заңдарына сай кұра алу кажеттіліктері мен дағдыларын қалыптастыру енбекте, қоғамдық іс-әрекетте адамдармен қарым-қатынас жасауда сұлулық идеалдарын негіздеу.
Эстетикалық тәрбие берудің мазмұны көркемдік талғамды жетілдірумен, оқушыларды өнерге тартып, таныстырумен ғана шектелмейді, ол ақиқатқа эстетикалық көзқарасты, өмірдегі әсемдікті дұрыс қабылдауды, табиғатты эстетикалық тұрғыда қабылдауды қарастырады.
Эстетикалық тәрбиенің мақсаты – жеке адамның эстетикалық мәдениетін дамыту.
Эстетикалық қабылдау деп – әсемдікті қабылдау процесін айтады, мұның нәтижесі эстетикалық әсерлену, эмоция болып табылады.
Дүниежүзінде табиғатты қорғау мәселесі кең өріс алуда. Табиғи апаттармен бірге, адам қолымен жасалған техногендік апаттар күн сайын өрбіп, адам өміріне қауіп төндіруде. Демек, табиғатты қорғауға әр адам міндетті. Қазіргі кезеңде ғылымда «экология» түсінігі адам өмірінің биологиялық, әлеуметтік, техникалық, гигиеналық қырларының бірлігін қамтиды. Осыған орай әлеуметтік, техникалық, медициналық экология, адамның табиғат аясындағы іс-әрекетін зерттейді.
Оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру мақсаты – табиғатты сақтау және қорғау жауапкершілігін арттыру, адам мен қоғамның табиғатқа тигізетін ықпалының тетіктерін ғылыми негізде білу; табиғатқа қатысты экологиялық құндылық бағдар, қалып, ереже, дағдыларды біліп, оны қорғау. Оқушыларды табиғатты қорғаудың әдістерімен және табиғат байлықтарын пайдалану құқықтарының үлгілерімен таныстыру.
Эстетикалық тәрбие жаратылыстану пәндерін оқыту барысында, табиғат құбылыстарын бақылау арқылы қалыптасады. Табиғат аясына экскурсия, серуен құру, оқушылардың сұлулықты қабылдау сезімін, қиялын, бейнелі ойлау қабілетін арттырады.
Тәрбиешілер оқушының эстетикалық сезімі мен талғамын оятып, жетілдіру үшін жазушылардың табиғат сұлулығын бейнелейтін көркем шығармалары мен өнер туындыларын кеңінен қолдануының маңызы ерекше. Мәселен, көркем шығармалардың ішінен табиғат сұлулығын суреттейтін мәтінді тауып оқу, өздері ұнататын табиғат туралы көркем материалдарды жазып алу, табиғат мезгілдерін суреттеу, табиғат аясындағы өзінің іс-әрекетіне мән беріп ойлану, табиғатты қорғау, табиғат сұлулығын сезініп, оны өлең, шығарма, сурет арқылы бейнелеу.
«Адамгершілік» сөзі өзінің бастапқы «адамдық» сөзінен алынады. Латын тілінде адамдық сөзі /moralis/ – мораль. «Адамдық» – бұл, өзінің күнделікті іс-әрекетінде, өзінің мінез-құлқымен адамдармен қарым- қатынасқа түскенде қолданылатын өлшем. Адамдық қасиет мәңгілік емес және өзгеретін санатқа жатпайды, олар әдет күші бойынша қалыптасады, қоғамдық көзқарасты белсенділікпен қолдайды.
Адамгершілік тәрбиесі - ізгілікке, инабаттылыққа баулудың жолы болып табылады. В.А. Сухомлинский «адамгершілік тәрбие - бұл тәрбиеленушілердің қоғамдық моральдық талаптарына сәйкес, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру мақсатында мінез-құлқы мен сезімдеріне, түсініктеріне жүйелі және мақсатты түрде әсер ету», - деп тұжырымдаған.
Педагогикалық энциклопедияда ”адамгершілік тәрбие” ұғымын: ”Адамгершілік - мінез-құлық дағдылары мен әдеттерді қалыптастыру, адамгершілік сезімдерді дамыту, моральдық сананы мақсатты бағытталған түрде қалыптастыру” немесе мінез-құлық дағдылары мен әдеттерді, білімдерін, моральдық қасиеттерді қалыптастыру процесі” , - деп анықтаcа, қазақ педагогикалық энциклопедия сөздігінде: ”Адамгершілік тәрбиесі - мақсатқа негізделген көзқарасты, сенімді, парасатты мінез-құлық дағдылары мен әдеттерді қалыптастыруға және адамгершілік сезімді, ұлттық сананы, қарым-қатынасты дамытуға, жалпы адамзаттық тәрбиенің құрамдас бөлігі”- деп бастапқы анықтаманы толықтыра түседі. Жалпы адамгершілік тәрбие үш түрлі функционалдық-әлеуметтік, теориялық және практикалық салада қарастырылады. Адамгершілік тәрбиенің әлеуметтік қызметі жеткіншек ұрпаққа жинақталған тәжірибені жеткізуден көрінеді. Ал, оның теориялық аспектісі білім саласын теориялық жағынан дамытуды қамтамасыз етеді. Практикалық қызмет адамгершілік тәрбие бойынша жұмыс мазмұны мен әдістемесін жетілдіруді көздейді - деп педагог Ю.Б. Мандрик адамгершілік тәрбиесінің мазмұнының қажеттілігін түсіндіреді.
Адамгершілік тәрбиесі - тәлім-тәрбиенің ықпалды әсерімен моральдық сананы қалыптастырып, этикалық білімді, адамгершілік сезімді дамытудың сара жолы және руханилықтың басқалармен қарым-қатынаста көрініс беретін, жалпыадамзаттық құндылықтарды игеру.
«Әдіс дегеніміз - тәрбиешінің баланың бойына тұрақты моральдық көзқарастар мен адамгершілік сезімдерді, дағдыларды сіңірудің құралы» деген анықтама беріліп келді. Бұл жерде әдіс деген тәрбие құралы деген мағынаның синонимі ретінде алынып отыр.
Әдіс деген сөз гректің «metodos» деген сөзінен шыққан. Метод деген ұғым белгілі ақиқатқа, шындыққа, мақсатқа жетудің жолдары деген мағынаны білдіреді. Ал, кейінгі шыққан оқу құралдарында тәрбие әдістерін тәрбиенің тәсілдерімен, оқушының бойына белгілі бір қасиеттерді сіңірудің жолдарымен бірлікте алып қарастырады. Ең алдымен адамның жеке бас қасиеті мен қабілеті іс-әрекет барысында қалыптасады. Бұл қарым-қатынасты да қалыптастыруға қатысты.
Тәрбие әдісі | бұл мектеп тәжірибесінде тәрбиеге қойылатын мақсаттарға қол жеткізу үшін пайдаланылатын жол |
Тәсілдер | тәрбиелеу саласына, еркіне, сезіміне, іс-әрекетіне әсер ету шаралары |
Тәрбие тәсілі | жалпы әдістің бөлігі, жеке дара әрекет (әсер ету), нақты іс |
Тәсілдер - бұл тәрбиешінің қойылған мақсатқа тез жетуі үшін тәрбиеленушімен бірге салатын соқпақ жолы деуге болады. Егер оны басқа тәрбиешілер де пайдалана бастаса, біртіндеп ол үлкен соқпақ жолға – әдіске айналады. Тәрбие әдістері мен тәсілдері бірімен-бірі тығыз байланысты.
Принцип – белгілі бір мақсатқа жету барысында міндетті түрде ұстанатын қағидалар жиынтығы.
Тест тапсырмалары:
1. Мектептен және сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын ұйымдастырушының міндетіне жатпайды
А) сынып жетекшілеріне тәрбиелік ісшараларды өткізуді ұйымдастыруға әдістемелік көмек
B) мектептегі сабақтан тыс тәрбие жұмысын жоспарлау
С) белсенді оқушылардың сабақтан тыс тәрбие жұмысын өткізулеріне әдістемелік көмек
-
тәрбие жұмысының жоспарының орындалуын бақылау -
сабақ кестесін жасау
2. Тәрбие процесінің қозғаушы күштері
-
оқушылардың әрекетін ұйымдастыру -
ішкі және сыртқы қайшылықтар -
қос ықпал принципі -
комплекстілі -
күрделі процесс
3. Тәрбие әдісі
-
оқушылардың бойындағы белгілі қасиеттерді тәрбиелеу -
мектеп тәжірибесінде тәрбиеге койылған мақсаттарға қол жеткізу үшін пайдаланылатын жол, тәсілдер, тәрбиелеу саласына, сезіміне, ісәрекетіне әсер ету шаралары -
тәжірибеде жиі қолданылатын педагогикалық жағдаяттар -
тәрбие процесінің жағдайына тура келетін тәсілдер -
таңдау, құрастыру, болжау
4. «Тәрбие» ұғымына анықтама
-
қоғамдық өндірістік және мәдени өмірдің белсенді қа-тысушысын даярлауды мақсат етіп қойған, жеке адамды қалыптастырудың жүйелі процесі -
адамның шығармашылық күші мен қабілетін дамыту -
қоғамға сай ережелерді меңгеру жеке адамның тұлға-лық қалыптасуы -
оқу-тәрбие мекемелерінде балалармен тәрбие жұмы-сын жүргізу -
білім, білік және дағдыны ұрпақтан-ұрпаққа беру
5. Тәрбие принциптеріне жатпайтын түсінік
-
ұжымда тәрбиелеу -
жағымды іске сүйену -
оқытудың проблемалылығы -
тәрбиеленушілердің саналылығы -
тұлғалық тұрғыдан қарау
6. Сынып жетекшісінің негізгі міндеттері:
-
Сабақтың даму тарихын педагогикалық ғылыми еңбектер арқылы ашу -
Оқыту үрдісін ұйымдастырудың түрлері жайлы түсінік беру -
Оқушылардың талап-тілектері мен мүдделерін және олардың жеке басының ерекшеліктерін жан-жақты зерттеп білу
-
Дидактикалық материалдарды өңдеу -
Оқушылардың ой-өрісін кеңейту
7. Тәрбие әдістерінің логикалық қатарынан қайсысына шектеу қоюға болады
-
жеке үлгі -
көрнекілік -
сендіру -
жаттығу -
мадақтау
8. Тәрбие әдістерін таңдап алу шарттары тәуелді
-
әлеуметтік ортаға -
дамыту ортасына -
оқу процесіне -
педагогикалық жағдаятқа -
тұқым қуалаушылыққа
9. Эстетикалық тәрбиенің құралдары
-
ерікті өзара қызығушылық, ынтымақтастық принципі -
педпроцестің заңдылықтары -
конференция -
әдебиет, өнер -
қоғамдык пікір
10. Адамгершілік тәрбиесі
-
эстетикалық циклды қалыптастыру -
оқушылар тәртібінің тәжірибесі -
жалпыадамзаттық құндылықтарды игеру -
гуманитарлық пәндерді білу E) тұлғаның ғылыми дүниетанымы
Әдебиеттер:
-
Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесінде тәрбиенің кешенді бағдарламасы. – Астана, 2000. -
Майгаранова Ш., Иманбаева С.Т. Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі. Оқу құралы. Екінші басылым - Алматы. 2016, 145 б. -
Әбенбаев С. Тәрбие теориясы мен әдістемесі. – Алматы.«Дарын». 2004. – 346 б.
Жауаптары
1Е 2В 3B 4A 5C 6С 7B 8D 9D 10C
2-тақырып.
Білім беру мазмұны мен