Файл: азастан республикасы білім жне ылым министрлігі н. С. ложаева., . Б. Тлешова., . Б. Жмабекова.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 535
Скачиваний: 1
СОДЕРЖАНИЕ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ТҮСІНІКТЕМЕЛЕР МЕН ТЕСТТЕР ЖИНАҒЫ
1-тақырып. Тәрбие үдерісінің мәні мен мазмұны
1.1 Тәрбие үдерісінің диалектикасы
2.1 Оқыту процесі және білім беру мазмұны
2.2 Оқыту әдістері мен технологиялары
Б.Блум таксономиясы бойынша сұрақтар мен тапсырмалар үлгісі БІЛІМ
3-тақырып. Білімді бағалау жүйесі
3.1 Білімді бағалау жолдары мен баға қою механизмі
4-тақырып. Дарындылық және танымдық даму процесі
4.1 Дарындылық және шығармашылық іс-әрекеттер
4.2 Дарынды және талантты балаларды оқыту әдістері
5-тақырып. Мұғалімнің кәсіби біліктілігі
5.1 Мұғалімнің кәсіби қызметі мен оқытушылық әрекеті
5.2 Мұғалімнің рефлексивті құзыреттілігі мен кәсіби дайындығы
оқыту технологиялары
Жоспары:
2.1 Оқыту процесі және білім беру мазмұны
2.2 Оқыту әдістері мен технологиялары
2.3 Блум таксономиясы
Ұғымдық сөздер: оқыту, оқыту процесі, іс-әрекет,оқыту технологиясы, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, диалогизм принципі, коммуникация, диалог, әңгіме-дебат,кумулятивтік әңгіме, зерттеушілік әңгіме
2.1 Оқыту процесі және білім беру мазмұны
П едагогика – педагогикалық үдерістің мақсатын, заңдылықтарын, принциптерін, әдістері мен құралдарын, формаларын, мазмұны мен технологиясын адам дамуының құра-
лы мен факторы ретінде зерттейтін ғылым. Педагогика нысаны ретінде кең мағынасында білім беруді танимыз, яғни тұтас педагогикалық үдерістегі адамның дамуы мен қалыптасуы, білім алуы мен тәрбиеленуі. Ғылым нысаны көпқырлы, көп аспектілі феномен, сондықтан оның ғылым пәні ретінде қызмет ететін нақтылы жақтары ғана алынады. Педагогика пәні ретінде тұтас педагогикалық үдеріс саналады, оған оқыту мен тәрбие үдерістері кіреді. Педагогикада негізгі категорияларға жататындар: білім беру, тәрбие, оқыту, педагогикалық үдеріс, өздігінен білім алу, өзін-өзі тәрбиелеу. Бұл категориялардың анықтамасына тоқталайық.
Білім беру –білім алушылардың білімдер жүйесін қалыптастырудағы білім, іскерлік пен дағдыларын меңгертудің үдерісі, олардың негізінде дүниетанымдық, адамгершілік және т.б. тұлға қасиеттері, адамға тән көзқарастардың қалыптасуы, шығармашылық күш пен қабілеттерінің дамуы. Адамның кейінгі өмір өнегесі + іс-әрекеті + мінез-құлқы = Білім үрдісінің нәтижесі.
Білім беру – әлеуметтік институт. Білім беру мазмұны – қоғам жағдайының көрінісі. Яғни, адамның ұдайы өндірілуі.
Оған сай принциптер:
Я.А.Коменский: «Табиғи сәйкестілік»;
А. Дистерверг: «Мәдени сәйкестікпен оқыт!»;
В.Ф. Сидоренко «Өзі үшін – білім беру мәдениеттің белгісі. Мәдениет үшін – мәдениеттің білімі. Социум үшін – өкпесі».
Білім беру жүйе ретінде Оқушы – мұғалім. Студент – оқытушы | Элементтері:
Тұжырымдама:
Өлшем ретінде:
|
Білім беру процесс ретінде Оқыту+тәрбиелеу |
|
Білім беру нәтиже ретінде | Білім беру нәтиже ретінде екі тұрғыдан қарастырылады:
|
Адамды білімді ететін терең және жүйелі білім беру ағымы.
Тәрбие – тұлғаның дамуына және қалыптасуына негізгі жағдайларды жасауға бағытталған мақсатты үдеріс.
Оқыту – арнайы ұйымдастырылған, мақсатты бағытталған үдеріс, оның жүргізілу барысында білім алушылар белгілі бір көлемде білім, іскерлік пен дағдылар жүйесін игеріп, табиғи қабілеттері дамиды, әлеуметтік және тұлғалық мәнге ие қасиеттердің қалыптасуы жүзеге асады.
Педагогикалық үдеріс – тұлғаның білім алуы мен дамуы, оқуы мен тәрбиеленуі туралы міндеттер шешілетін арнайы ұйымдастырылған педагогтар мен білім алушылардың өзара әрекеттестігі.
«Білім беру» мен «тәрбие» ұғымдарынан «өздігінен білім алу» және «өзін-өзі тәрбиелеу» деген сөздер туындайды.
Өздігінен білім алу – білімді іздеу мен игеру жолындағы адамның мақсатты әрекеті мен нысаналы бағытталған жұмысы.
Өзін-өзі тәрбиелеу – адамның өзіне қажетті мінез-құлық сапаларын қалыптастыру үшін мақсатты бағытталған саналы жұмыс түрі.
Кез келген ғылым теория және фундаментальді білім жүйесінен тұрады.
Педагогикалық теория – сипаттау, түсіндіру, болжаулау және сәйкес келетін педагогикалық шынайылықты қайта құрайтын педагогикалық нысандардың обьективті және заңнамалық қасиеттері мен байланыстары туралы ретке келтірілген білімдер жүйесі.
М ұғалім оқушылардың зер салып тыңдауын сақтап қалу мақсатында сыныпта орындалатын жұмыс барынша күрделі және әртүрлі болуын қадағалайды, бұл ретте оқушылардың бойын-
да бұл тапсырмаларды орындау үшін қажетті дағдыларды қалыптастырып, білім береді. Барлық мұғалімдер балаларға білім беруде барынша жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшiн қолайлы орта жасауға тырысады. Дарынды және талантты балаларға қатысты бұл - ойлауды, талқылауды және мұқият жоспарлауды талап ететiн едәуір күрделі мәселе. Әртүрлi теориялар мен стратегиялар балаларды оқытудың мазмұнын анықтау үшін тиісті бағдарлама шеңберiнде қолданылады.
ғылымдары саласында желі
арқылы қолжетімді көптеген модельдер бар. Модельдер жаратылыстану жүйелерінің немесе адам жүйелерінің әрекет етуі туралы мәлімет алу үшін оларды ғылыми модельдеу үшін жиі қолданылады. Модельдеу баламалы шарттардың және іс-әрекет жоспарларының болжамды шынайы әсерлерін көрсету үшін қолданылуы мүмкін. Сондай-ақ модельдеу нақты жүйе, оған қол жеткізу мүмкін болмауына байланысты қолданыла алмаған жағдайда немесе оның
қолданылуы қауіпті болса не рұқсат етілмесе, жүйе енді жасалып жатқанда немесе мүлде жоқ болғанда қолданылады.
2.2 Оқыту әдістері мен технологиялары
Педагогикалық ғылым әдістері:
-
теориялық (интерпретация, түсіну, анализ, синтез, модельдеу, аналогия, индукция, дедукция, салыстыру, талдап қорыту, рангілеу, жіктеу, монографиялық әдіс және т.б.); -
эмпирикалық (бақылау, контент-анализ, тәжірибемен танысу, эксперимент, сауалнама және т.б.); -
социометрикалық (рейтинг, шәкілдеу (шкалирование), полярлық сала әдісі, тестер және т.б.).
Кез келген ғылым шынайылыққа, практикаға нақты сәйкес келетін білім элементі болып саналатын фактілерді зерттейді. «Факт» термині қарапайым түсініктемеде болған, орындалған жайт дегенді білдіреді. Педагогикалық теориялар негізінде эмпирикалық материал ретінде қаралатын фактілер жатыр. Педагогикалық факт – педагогикалық қатынас. Оның негізінде көбінесе адамды өзгертуге деген құлшыныс жатады, оның ішкі позициясын, іс-әрекеті мен мінез-құлқын, сонымен қатар тұлғаны қалыптастыруға жетекшілік жасайды. Педагогиканы оқыту әдістемесі былайша аталды:
-
пәндік дидактика, педагогиканы оқыту мен дәріс берудің жалпы заңдылықтарын қолданудың ерекшеліктерін зерттейді; -
әдістемелік жүйе, педагогиканы оқытудағы нормативтік талаптардан көрінетін, әдістемелік элементтердің жиынтығын анықтайды ; -
жеке немесе пәндік әдістеме, оқу-тәрбие мекемелерінің барлық түрлерінде оқытылатын оқу пәндерін оқытудың заңдылықтарын зерттейді.
Келтірілген анықтамалардан көптеген зерттеушілер әдістеменің нысаны ретінде оқыту үдерісін ерекшелегенін, ал пәні ретінде оқыту үдерісінің заңдылықтарын алғанын көреміз. Олар «Кімді оқыту?», «Не үшін оқыту?», «Не нәрсеге оқыту?», «Қалай оқыту?» деген міндеттерді шешуге қаншалықты сәйкес болып келеді деген сұрақтар туады. Олай емес екені түсінікті.
Оқыту әдістемесінің нысаны пәндік білім берумен, тәрбиелеумен және оқытумен анықталады. Білім беру, тәрбиелеу және дамыту оқыту үдерісі кезінде жүзеге асатыны белгілі, егер оқытудың қызмет түрлері көбейсе, сонда ғана пәнді оқыту үдерісін әдістеменің нысаны деп санауға болады. Оқытудың негізгі қызметтері білім беру, тәрбиелеу, дамытудан тұрады, сонымен қатар олар ұйымдастырушылық, психологиялық, интеграциялды-дифференциалды, құрылымдық, түзетуші, фасилитациялық, рефлексивті және т.б. қызметтермен толықтырылуы тиіс.
А қпараттық-коммуникациялық технологиялардың
(бұдан әрі - АКТ) дамуы білімді бағалау және пайдалану жүйесін де уақтылы өзгертіп отыруды талап етеді. Осыған байланысты оқытуда қол-
данылатын әдіс-тәсілдер, әдістемелер, технологиялар жаңартылып отырады. Мысал үшін Ұлыбританияда мұғалім мамандығын таңдап алған бүгінгі жастардың, өздерінің болашақ оқушылары сияқты, жеткілікті дәрежеде сандық сауаты бар, себебі олар өмір жағдайларының барлық аспектілерінде жаңа технологияның бар мүмкіндіктерін пайдалана отырып, сандық технологиялармен үнемі өзара әрекеттесетін ұрпақ өкіліне жатады. АКТ оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып отыр. Сондықтан оқыту барысында осы технологияларды ойланып қолдану қажет. Осы тарауда ұсынылған ақпарат мұғалімдерге оқыту барысында ғылыми жетістіктерді пайдалану, оқыту мен оқуды жетілдіру мақсатында жаңа сандық технологияларды қолдану бойынша көмек көрсетуге арналған.
Білікті мұғалім үшін жоғарыда аталған білім түрлері: теориялық және тәжірибелік білімдер өзара тығыз байланыста болуы тән. АКТ-ны енгізген кезде теориялық және тәжірибелік білімдердің біртұтастығы оларды ойланып қолдануды қамтамасыз етеді, ал бұл оқыту және оқу үдерістерін жақсартуға жағдай жасайтын болады. Сабақта теориялық және тәжірибелік білімдерді қолданған кезде, анықтаушы фактор оқыту үдерісінің мазмұны, әдістемесі, технологиясы саласындағы білімнің қалыптасқандығы болып табылады.
Д иалогизм принципі – балалық әлемінің, үлкендер әлемі сияқты өзінің жеке мазмұны бар..., осы екі әлемнің өзара әрекеті диалогтық және тұтас «оқу-тәрбие беру процесі» ретінде құрылуы керек»...
Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтің маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Мерсер мен Литлтон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетеді. Аталған авторлардың зерттеулерінде ересектермен интербелсенді қарым-қатынас пен достарымен бірігіп жүргізілген жұмыстың балалардың оқуына және танымдық дамуына әсер ететіндігі айтылған. Выготский кіші жастағы балаларды танымдық даму әрекеттері әлеуметтік қарымқатынас үдерісінде, яғни, анағұрлым қабілетті оқушылармен араласу және мәдениет, қоршаған ортамен өзара қарымқатынас жасау арқылы оқушыларды ересектерше ойлау әдісіне үйрету кезінде қалыптасатын субъекті ретінде суреттейді. Сонымен қатар Выготский оқушылар өздерінің «Жақын арадағы даму аймағында» (ЖАДА) жұмыс істесе, танымдық дамудың жақсаратындығын атап көрсеткен. ЖАДА оқушы дамытатын дағды мен қабілеттер, өз бетінше жасай алмайтын тапсырмалар көлемін айқындайды. Бұл