Файл: азастан республикасы білім жне ылым министрлігі м.Уезов атындаы ОТстік азастан университеті.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 322
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
ерекшеліктері
Өңештегі ас қоймалжыңы қарынға барып жеткеннен кейін қарындағы астың қорытылуы басталады. Бұл жерде ас қоймалжыңына қарын сөлі әсер етеді. Қарын сөл і н і ң құрамында 0,35-0,5 %-дық тұз қ ы ш қ ы л ы, органикалық заттар мен хлордың, фосфордың натрийдің және күкірттің тұздары болады. Қарын сөлінің 98,5-99 % -су, 0,2-0,3 % органикалық заттар, қалғандары — тұздар . Қарын сөлінің белсенді рН реакциясы - қышқыл болады. Қарын сөлінің реакциясы тамақтың түріне байланысты, мысалы, ет жегенде сөлдің қышқылы 0,56 %, сүт ішкенде 1,48-0,50 %, нанға 0,45-0,49 % болады.
Органикалық заттарға ферменттер, азотты қосылыстар жатады.
Сөл құрамында белокты ыдырататын п е п с и н, сүт казеинін үйытатын х и м о з и н (мәйек), майды қорытатын л и п а з а ферменттері болады.
Түз қышқылы ас түйіршіктерін ұсақ тап, майдалап, ферменттердің, әсіресе пепсин мен липазаның әсер етуіне дайындайды.
Қарын сөлінде амилаза ферменті болмаса да, ауыз қуысында қорытыла бастаған көмірсу сілекей амилазасының әсерінен ас қоймалжыңының ортасында әрі қарай қорытылады.
Қарын сөлінің асты қорыту күші тамақтың құрамына байланысты. Оның қорытқыш күші өсімдіктен жасалған тағамдарды жегенде жоғары болады, өйткені өсімдік белоктарының қорытылуы қиын. Майлы тағамдар қарында ұзақ уақыт қорытылады. Жалпы алғанда қарын сөлінің мөлшері, құрамы, асты қорыту күші адамның тамақ қабылдау кестесіне, тамақтың түрлеріне, жасына, жеке басының қасиеттеріне байланысты. Қарында ас шамамен 3-4 сағаттан 10-11 сағатқа дейін болады.
Баланың қарнының кілегей қабаты нәзік, қан тамырларына бай, бірақ сөл шығаратын бездері аз болады, сыйымдылығы да кішкентай: 6 айлық баланың қарынының аумағы не бары 250- 300 мл.
Қарын сөліндегі тұз қышқылы мен ферменттердің күші 1 жасқа дейінгі балалардың сөлінде төмен болады да, содан кейін күшейе бастайды. Оның есесіне химозин ферменті өте белсенді болады, ал ересек адамда оның белсенділігі төмен. Емшектегі баланың сөлінің рН реакциясы жоғары. 1 айда - 5,84; 3-7 айда - 4,94; 7-9 айда - 4,48. 9 айдан аса -3,76-ға тең болады. Сондықтан сөлдің құрамындағы рН =2,0 болғанда белсенді болатын пепсин ферментінің қарындағы асты қорытуда рөлі төмен болады. Сондықтан емшектегі балаларға сиыр сүтін, немесе басқа жасанды сүттерді көп бергенде д и а т е з - бет терісінде қызғылт қышыма қабыршақтар пайда болады. Бұл баланың қарын сөлінің ферменттік белсенділігінің төмен екенін білдіреді.
Қарын сөлі қарынның кілегей қабатындағы без клеткаларында өндіріледі. Қарынның 1 мм
2 кілегейлі қабатында жүз шақты бездер болады.
Қарын қуысындағы ас қоймалжыңы х и м у с деп аталады. Қарын қабырғасындағы еттер жиырылып және босап, қорытылған асты араластырады, химустың ортаңғы жағын шетіне шығарып, ферменттердің әсер етуіне ыңғайлайды. Сонымен қатар, қорытылған химусты қарынның төменгі ішек жағына айдайды.
Жаңа туған сәбидің қарыны құрсақ қуысында көлденеңдеу орналасқан. Ересек адамда ол тік орналасқан. Қарынның пішіні де жасына байланысты әр түрлі: 1,5 жасқа дейін дөңгелек, 2-3 жаста алмүрт іспетті, 7 жаста ересек адамның қарынындай болады. Баланың жасына сай оның сиымдылығы да өзгереді: жаңа туған сәбиде 30-35 мл, 1 жаста он есе өседі, 10-12 жаста - 1,5 л. Ересек адамда -1,5-2 л. Бала туғаннан кейін оның қарынының ет қабаты мен кілегейлі қабаты күшті өзгереді. Сәбилердің қарынының ет қабаты әлсіз, без клеткалары нашар дамыған және аз болады. Қарын сөліндегі ферменттердің белсенділігі ересектерден анағүрлым төмен. 1,5-3 жаста, 5-6 жаста және 12-14 жаста белокты ыдырататын ферменттер, 15-16 жаста түз қышқылының мөлшері көбейеді. Балалардың қарын сөліндегі тұз қышқылының концетрациясы аз болғандықтан қарын сөлінің бактерицидтік қабілеті 6-7 жасқа дейін нашар болады да, ішек-қарын инфекцияларына қарсы күрес нашарлайды. Баланың осіп, дамуына байланысты қарын сөлінің мөлшері көбейіп қана қоймай, ферменттердің белсенділігі артып, жоғарғы сынып оқушыларында ересектердегідей болады. Айта кететін жағдай, 10 жасқа дейін балалардың қарын қабырғасында сіңу ересектерден қарқынды болады. Ал ересек адамдарда сіңу, негізінен, ащы ішекте ғана болады дей аламыз.
Ішектегі ас қорыту.
12 елі ішектегі астың қорытылуы. Лайықты мөлшерде қорытылған ас қоймалжыңы қарынның ет қабатының және арнайы қарын сфинктерінің босап ашылуымен қарын қуысынан аш ішектің алғашқы бөлімі он екі елі ішекке жылжытылады. Он екі елі ішек ас қорыту жолының аса маңызды бөлігі. Оның ұзын дығы 25-30 см. Мұнда екі үлкен бездерден сөл құйылып, асты қорытуға қатысады. Олар бауырдың өті мен ұйқы безінің сөлі. Сонымен қатар, он екі елі ішектің өз бездері де ішек сөлін өндіреді. Ішек сөлінде белоктарға, майға және көмірсуға әсер ететін барлық ферменттер бар. Бауырдың өті ішектің ішінде майды эмульсияға, яғни өте ұсақ май тамшыларына айналдырады. Бұл май бөлшектерінің ферменттермен жанасу ауданын көбейтеді де қорытылуын тездетеді. Өттің,
ұйқы безі мен ішек бездерінің сөлдерінің әсерінен белок, май, углеводтар организмге сіңетіндей түрге ыдырайды.
Ұйқы безі сөлінің құрамындағы трипсиноген ферменті, ішекте белсенді түрі, трипсинге айналады. Трипсиннің әсерінен белок қанға оңай сіңімді амин қышқылдарына айналады. Ұйқы безінің сөліндегі л и п а з а ферменті майды глицерин мен май қышқылдарына, ал амилаза ферменті крахмалды дисахаридтерге, мальтаза ферменті дисахаридтерді моносахаридке, яғни глюкозаға айналдырады. Осы сөлдің құрамындағы лактаза ферменті сүттің қанты лактозаны моносахарид лактозаға ыдыратады.
Он екі елі ішектегі сөлдің рН 7,5-8,5 тең. Бірақ қарыннан келген ас қоймалжыңы оның белсенді реакциясын рН 4-6-ға дейін төмедетеді.
Ащы ішектегі ас қорыту. Ащы ішектің ұзындығы ересек адамда шамамен 3 м, Асты қорытатын ферменттер ащы және мықын ішектердің кілегейлі қабатының либеркюн бездерінде де өндіріледі. Ішек сөлінде энтерокиназа, аминопептидаза, дипептидаза, белсенділігі аз протеолит тобына жататын липаза, нуклеаза, фосфатаза, карбогидраза тобына жататын мальтаза, амилаза, лактаза және инвертаза ферменттері бар. Бұлар ащы ішектің қабырғасында ғана әсер етеді де ішек қуысына құйылмайды.
Ұйқы безі балаларда 1 жастан 5-6 жасқа дейін жақсы дамиды. Мұның көрсеткіштері физикалық көрсеткіштері 11-13 жаста, ал қызметі 15-16 жаста ересектермен теңеседі. Осындай өсу және даму қарқындары бауырда да байқалады.
Ішек бүрлерінде астың қорытылуы. Ішектің қабырғасының кілегейлі қабатында биіктігі 1-2 мкм цилиндр іспетті ішек эпителиінің микробүрлері болады. Олардың саны оте көп — 1 мм2 ішектің қабырғасында 50 мыңнан 200 миллионға дейін микробүрлері болады. Микробүрлердің арасындағы қуыстарда ішек сөлінің ферменттері көптеп шоғырланған, олардың концентрациясы ішек қуысындағы сөлдегіден анағүрлым жоғары, сондықтан мұнда ас қорыту өте күшті жүреді. Сонымен қатар, микробүрлердің беті астың қорытуынан пайда болған заттардың қанға және лимфаға сіңуін жеңілдетеді. Ас қорытудың осы ерекшелігін мембрандық ас қорыту дейдій
Асты қорыту тоқ ішекте аяқталады. Тоқ ішек кілегей шырыш өндіреді. Аш ішектің сөлінің ферменттері аттас белсенділігі аз ферменттер тоқ ішектің ащы ішекпен шектес жерінде аздап өндіріледі. Тоқ ішекте бактериялардың әсерінен көмірсу мен белоктар шіриді. Белоктардың шіруінен
бірнеше улы заттар — индол, скатол, фенол т. б. пайда болады да, қанға сіңеді. Ішектен шыққан қан тамырлары алды-мен бауырға барады да, онда улы заттар усыздандырылады, яғни бауыр кедергілік қызмет атқарады. Мұнда улы заттардан организмге қажетті усыз заттар түзіледі.
Сіңу. Белоктар пептидтер, амин қышқылдары, нуклеозидтер мен нуклеотидтер түрінде қанға сіңеді. Сіңгек заттар қан арқылы клеткалар мен ұлпаларға тасылады. Май аз мөлшерде түйіршіктері мейлінше ұсақ эмульсия ретінде лимфа тамырына сіңеді. Май тамшыларының үлкендігі 0,5 мкм-ден аспауы тиіс. Ал майдың көбі липаза ферментімен ыдыратылғаннан кейін глицерин мен май қышқылдары ретінде сіңеді.
Майдың сіңуінде бауырдың өтінің маңызы үлкен. Ол майды ұсақ май тамшыларына айналдырады да, ішек қабыр-ғасынан өтуіне мүмкіндік жасайды. Және май қышқылдары мен глицерин өттің құрамындағы заттармен қосылып мицеллаға айналады, олар ішек эпителиінен оңай өте алады. Осы құбылыс кезінде босаған өт қышқылдары қанға сіңеді де, қан тамыры арқылы бауырға барады. Сөйтіп май өнімдерін тасуға көмектескен өт қышқылдары қайтадан өз қызметін орындауға дайын болады. Мөлшері аз болғанымен (3,0-3,5 г) өт қышқылдары бір тәулікте 70-100 г май қышқылдарын тасуды қамтамасыз етеді.
Ішектің бүрлерінде нейтральді майлар өндіріледі де, олар ішек қабырғасындағы лимфа жүйесіне хиломикрон түрінде өтеді. Хиломикрондардың құрамында 84-87% үшглицеридтер, 4-7% фосфатидтер, 2-5% холестерин, 2% белок болады. Хиломикронның диаметрі 120-1100 нм. Көкірек лимфасының өзегі арқылы хиломикрондар жалпы қан айналысына косылып, зат алмасуына қатысады.
Көмірсуларының ақырғы өнімі моносахаридтер — глюкоза, фруктоза мен галактоза қанттары тікелей қанға сіңеді де бауырға келеді. Мұнда көмірсу зат алмасуына қатысады.
Ас қорытудың реттелуі
Сілекей бездерінің қызметінің реттелуі. Ас ауызға түскеннен кейін бірнеше секундтен соң, сілекей шығару күшейе бастайды. Мұндай сілекейдің тез бөлінуі рефлекторлы түрде, жүйке жүйесінің қатысуымен реттелетінін білдіреді. Ауыз қуысындағы ас тілде, үртта, еріннің ішкі жағында орналасқан дәм сезгіш, ауырсыну, жылу сезгіш терморецепторлар мен қысымды, механикалық жанасуды сезетін барорецепторларды тітіркендіреді. Олардың үштарында қозу пайда болады. Бұл қозу орталыққа тепкіш, яғни кезеген, тіл-жұтқыншақ және бет нервтерінің афференттік талшықтары арқылы сопақша мидағы сілекей шығару орталығына келеді. Бұл жерге келген қозу талданып, талқыланып жауап қозу туады. Ол
симпатикалық және парасимпатикалық орталықтан тепкіш, яғни эфференттік нервтер арқылы сілекей бездеріне барады да, шартсыз сілекей шығару рефлексі іске асады.
Мұндай нәтижені сілекей бездерінің гормондары к а л и к р е и н мен брадикинин де тудырады. Симпатикалық нервтендіру жүйесі қоректендіру (трофикалық) қызметін қоздырады, сілекей ферменттерін ондіруді реттейді. Симпатикалық нерв талшығын тітіркендіргенде аздаған мөлшерде сілекей шығады, бірақ ол ферменттер мен муцинге мейлінше бай болады.
Сілекей тамақты көргенде, оның иісін сезгенде, астың атын айтып әңгімелескенде де шығады. Бұл - И. П. Павлов шартты рефлекс деп атаған сілекейдің шартты түрде бөлінуі. Бұл рефлекс Бұрын көрген, жеген, иісін сезген, аты аталған тамақты қабылдағанда пайда болады. Мысалы, Бұрын лимон жеп көрмеген адамда лимонның түрін көріп тұрған мен немесе оны сөз қылғаннан сілекей бөлінбейді..
Күшті тітіркендіргішке 1,5-2 секундте, ал әлсіз тітіркендіргішке 15-20 секундта сілекей бөліне бастайды.
Ауыз қуысындағы сезгіш рецепторлардың тамақ түйіршігінің немесе сілекейдің өсерінен тітіркенуі сопақша мидағы жүтыну орталығын қоздырады. Жүтыну оралығындағы қозу импульстері үшкіл, тіласты, кезеген және тіл-жұтқыншақ нервтерінің эфференттік жолымен жұтқыншақ пен көмейдің бұлшық еттеріне келеді. Олардың жиырылып, босауының нәтижесінде ас қоймалжыңы өңешке өтеді.
Ішек-қарынның қозғалысы (моторикасы). Ішектер мен қарынның қабырғалары қозғалып, ас қоймалжыңын олардың бір бөлігінен екінші бөлігіне жылжытып отырады, онсыз астың қорытылып, бойға сіңуі мүмкін болмас еді.
Ішек-қарынның қабырғаларындағы ұзын жолақты және сақина тәрізді орналасқан тегіс еттер жиырылып, қысқарып түрлі қозғалыстар жасайды. Ондай қозғалыстың негізгі екі гүрі бар: маятник тәрізді және перистальтикалық. Перистальтикалық жиырылу кезінде ішек-қарын толқын іспетті бүлкілдейді де, ас қоймалжыңы бір бөлімнен екінші болімге ауысады. Маятник тәрізді ырғақты жиырылғанда ас қоймалжыңы ас қорыту сөлімен араласады. Қарынның томенгі жақ (пилорус) бөлімінің сфинктері ашылып-жабылуына қарай ас қоймалжыңы қарыннан он екі елі ішекке сығымдалып, бөлек-бөлек болып өтеді. Ас қоймалжыңы он екі елі ішекке өткенен кейін оның қабырғасындағы механорецепторлар, хеморецепторлар мен барорецепторлар тітіркеніп, олардан келген қозу импульстерінің әсерінен ас қорыту мүшелерінің қозғалысын реттейтін жүйке орталықтары қарынға жауап импульстер жібереді де, қарын сфинктері жабылады.