Файл: Копия+YMKd+po+sociologii+kaz+yaz++otvety(2).doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 21.07.2020

Просмотров: 1960

Скачиваний: 5

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.













Репрезентативті зерттеу деп іріктелген жиынтықтың тексерім белгілері 5% аспайтын ауытқушылықтары бар зерттеу аталады. Егерде жалпы жиынтық саны /мысалы, факультет көлемінде/ 100-250 адамнан аспаса, онда олардың барлығына сауалнама жүргізіледі және ол репрезентативті болып саналады. Ал егерде сауалнама бүкіл жоғарғы оқу орны көлемінде жүргізілсе, онда студенттердің 25% -н сұрау жеткілікті.











4 Тақырып.

Қоғам.

Лекцияның мақсаты – қоғамды жүйе ретінде қарастыру; жүйелік талдаудың негізгі ұғымдарымен танысу; қоғамның типтерінің эволюциясы; Қазақстан қоғамының сипаттарымен танысу.

Негізгі ұғымдар: әлеуметтік жүйе, мақсатқа жету, латентті, адаптация, институтциалану, әлеуметтік құрылым, экономикалық жүйе, саяси жүйе, әлеуметтену жүйесі, қарапайым қоғам, күрделі қоғам, индустриалдылыққа дейінгі қоғам, индустриалды қоғам, постиндустриалды қоғам.



Лекцияның жоспары:


  1. Қоғам дегеніміз не? Ол туралы теориялар

  2. Құғамның типтері

  3. Азаматтық қоғам. Қазақстандағы азаматтық қоғам құру мәселелері.


Қоғамды біртутас жүйе ретінде қарастырудың бастауы құралымдық функционализм бағыттарының белгілі өкілдері Т.Парсонс пен Р.Мертонның еңбектерімен байланысты. Парсонстың көзқарасынша адамдардың тұрақты қарымқатынасы жүйелік іс-әрекет деп саналады. Бұл әр ашық жүйеге тән белгілі функцияларды атқаруға арналға дәлірек айтсақ бейімделу (адаптация), мақсатқа жету, интеграция және латенттік функцияларды. Бейімделу әлеуметтік жүйенің қоршаған ортаға бейімделу және оны бақылау, тепе- теңдікті сақтау. Мақсатқа жету үшін барлық ресурстарды жұмылдыру. Интерграция болса жүйенің құрылымдық элементтерін реттеу, оның ішкі тәртібін сақтау және дезинтеграциялық процестерді болдырмау. Латенттік болса мәдени үлгілерді жандандыру. Оларды жаңалау және болашақ буынға тапсыру функциясын атқарады. Бұл көрсетілген функциялар бүкіл жүйеменен және әр жүйенің ішіндегі кішігірім жүйелермен іске асырылады. Қоғамның интеграциялық функциясын әлеуметтік жүйе атқарады. Әлеуметтік жүйенің құрамын құндылықтар, нормалар, мәртебелер мен рөльдер құрайды.

Әлеуметтік жүйенің негізгі компоненті болып институтализация процесі жатады яғни әлеуметтік қайраткерлер арасындағы турақты қарымқатынас моделін қалыптасуымен байланысты. Бұл қарым-қатынастар арнайы нормалармен реттеледі және де сол арқылы тұрақты және алдын ала болжауға болатындай жайға келеді. Институтализация процесі өмірге келүі негізінде әлеуметтік құрылым қалыптасаы. Сондықтан әлеуметтік жүйені институталған рөлдер жиынтығы десек болады. әлеуметтік жүйеге қарағанда мәдени, тұлғалық және іс-әрекеттік, жүріс-тұрыстық құрылымдар қоршаған орта болып есептеледі. Әлеуметтік жүйенің тұрақтылығы олардың бөліктер арасындағы қалыптасқан қарым қатынасқа байланысты. Жүйенің тұрақтылығы әлеуметтену мен әлеуметтік бақылаудың элементтері: институциониализация; санкциялар; құндылықтарды сақтайтын құрылымдар; зорлау мен мәжбүрлеу. Қоғамды типтеуге байланысты түрлі бағаттар бар. Мысалы К.Маркс тарихи-табиғи бағыт қағидалары негізінде қоғам бір бағытта төменнен жоғары даму үстінде дейді. Қоғамның даму негізінге өндіріс күштері мен өндіріс қатынастардың жиынтығын келтіреді. Кейбір ғалымдар жазудың пайда болуын негізге алса, біреулері дінді, тілді негізге алады. Ф.Теннистің пікірінше қауымдастық (община) және қоғам ұғымдарының ерекшіліктеріне байланысты типология жасалады. Қауымдастық негізінде туысқандық, эмоционалдық, адамдардың саналық деңгейіне жетпеген, дәстүрлерге негізделген қатынастар жатады. Мұндай дәстүрлі және патриархалды әлеуметтік ұжым қоғамға қарағанда әлдеқайда архаикалық ,яғни ежелгі. Қоғам негізінен тек индустриалды негізінде құрылады. Қоғам рационалды қатынастырдың, іс-әрекеттердің нәтижесі. Тауарлық қатынаста барлығы, туысы ма жоқ па бәрі де тең. Бұл қатынастар міндетті түрде саналы және рационалды. Егерде қауымдастық біртұтас организм секілді болса қоғам механизмді елестеді, оның барлық бөлшектерін ауыстыруға болады. Индустриалды әлеуметтік үйым рационалды, жансыз. Адамзат қоғамының эволюциясын талдасақ онда алғашқы аңшылар мен жинаушылардың қоғамының, одан жануарлар мен өсімдіктерді игеруге байланысты бірінші революцияның болғаның, огородтық қоғам мен малшаруашылық қоғамының бөлінүін, соқаның өмірге келүіне байланысты екінші революция, аграрлы қоғамның, одан бу двигателін ашқандықтан (үшінші революцияның) индустриалды қоғамның басталуы, микрочиптерді ашуменен байланысты (төртінші революция) постиндустриалды қоғамның қалыптастау процесі жүруде. Кеінгі кездері негізгі дамыған индустриалды елдерде қоғамның жаңа типінің қалыптасып келе жатыр. Қоғамның дамуы өндіріс саласынан сервис саласына ауысып отыр. Бұл дегеніміз денсаулық сақтау, ағарту, ғылыми зерттеу, басқару, банк ісін, ақпараттық информация салаларының негізгі болуы. Бұл қоғамның негізі ақпарат. Кезіндегі индустриалды қоғамдағы заводтардағы жұмысшылардан айырмашылықтары заттық тауарлар шығармайды. Оның орнынына ақпарат арқылы өздерінің білімдерін сатады.


Бүгінгі кезде «қоғам» ұғымы бүкіл әлемдік қауымдастықты қамтиды, өйткені жаһандану процесі жершарының қандай мемлекеті болмасын басқаларымен тағыз байланыста екенінін дәлелдеп отыр. Қайсыбір елге төнген қауіпке басқа елдерде көмекке келүге тырысу тенденциясы да бет түзеп келеді. Әрине бұған қарама-қарсы бағытта да болып жатқан процестер жоқ емес. Оның көпшілігінің негізінде бұрынғы империалық амбицияның жатқаны сөзсіз. Соның бір мысалы ресейдің қазіргі Оңтүстік Оссетия мен Абхазияны әлемдіқ халықаралық шарттарға қарамыстан дербес мемлекеттер деп жариялауы.

Әлемдік қауымдастықтың орталық басқару органы болып Біріккен Ұлттар Одағы есептеледі. Бүгінгі кезде Еуропа Одағы өз қатарына 28 мемлекеттерді құрап 500 млн адамдардан турады. Бұқаралық ақпарат құралдары бүкіл әлемдегі жағдайды бір уақытта тарату арқылы адамдардың санасын, ой сезімудін жаңа планетарлық деңгейге сай қасиеттерге тәрибелеуде. Әлемдік валюта-қаржы жүйесінің тығырыққа тиелүі әләмдік экономикалық дағдарысқа алып келді. Қазақстан посттоталитарлық қоғамға тән сипаттармен белгілі. Оның негізгі көріністері жарияланған демократиялық қағидалар, заңдар іске баяу асырылуында, мемлекет пен азаматтық қоғамның арасында мемлекеттің басымдылығы, азаматтық қоғамның әлі де кенжелеп қалыптаса алмауы, керісінше мемлекеттің, атқарушы биліктің шексіз билікке ие болуға ұмтылуында, жемқорлық, соның ішінде жоғары деңгейдегі мемлекеттік шенеүніктердің үлесінің өсүі және т.б. Қазақстан қоғамы қазіргі дәүірдің талабына сай даму үшін ең алдыменен өнім шығаратын секторларды дамытуы тиісті.



5 тақырып.

Қоғамның құрылымы.


Лекцияның мақсаты – әлеуметтік құрылым ұғымын, концепцияларын, әлеуметтік рөльді, мәртебелердің, жеке адамның, топтың қоғамдағы өміріне алатын орнын, атқаратын функцияларын қарастыру.

Негізгі ұғымдар: әлеуметтік құрылым, әлеуметтік мәртебе, жеке адамның мәртебесі, тұғаннан берілетін мәртебе, өзі қол жеткізетін мәртебе, негізгі мәртебелер, әлеуметтік рөль, рөлдік идентификация.


Лекцияның жоспары:


  1. Қоғамның әлеуметтік құрылымы.

  2. Әлеуметтік құрылым концепциялары.

  3. Әлеуметтік мәртебе /статус/.

  4. Әлеуметтік ролдер.


Қоғамның әлеуметтік құрылымын оның анатомиялық скелеті десек те болады. Құрылым деп қоғамның ішкі құрылысын құрайтын функционалды бір-бірімен арақатынастағы элементтердің жиынтығын айтамыз. Әлеуметтік құрылымның элементтері болып әлеуметтік мәртебелер мен рөлдер саналады. Олардың сандары, реттері, бір- біріне тәуелділігі нақты қоғамның нақты құрылымына байланысты. Ежелгі қоғам мен қазіргі қоғамның әлеуметтік құрылымдары бір бірінен ерекше болады. Құрылым қоғамның тұрақты, қозғалмайтын құрылысын білдірсе де ол тарихи өзгеріп отырады. Оның өзгеруі индивидтердің арақатынасы процесіндегі әлеуметтік рөлдер. «Әлеуметтік мәртебе» деп міндет пен құқық жүйесі арқылы басқа позицияларменен байланысты қоғамдағы немесе әлеуметтік топтағы нақты позицияны айтамыз. Мысалы «ұстаз» мәртебесінің мәні тек қана «шәкірт» мәртебесі арқылы мағналы, ал «саудагер» немесе «инженер» ұғымдарына байланысты мүлдем мағнасыз. Ұстаз өз білімін шәкіртіне үйретуге, оның білімін, тәртібін тексеріп, қадағалауға міндетті. Егерде шәкіртінің білім деңгейі қанағатырмайтын болса, онда оны аттестаттамай қоюға құқы бар. Ал ол дегеніміз шәкірттің тағыдырына өз тиісті әсер ететіні сөзсіз. Шәкірт болса сабаққа қалмай үнемі қатынасып, берілген тапсырмаларды орындап, қойған сұрақтарға жауап беруге тиісті. Яғни ұстаз пен шәкірт екі үлкен әлеуметтік топ өкілі, екі әлеуметтік мәртебе иелері ретінді бір бірлеріменен әлеуметтік қатынасқа түседі. Жеке адам көптеген мәртебелердің иесі, өйткені ол көптеген топтар мен ұйымдардың мүшесі қызметін атқарады.Мысалы, ол ер адам, әке,әйелінің күйеүі,анасының ұлы, ұстаз профессор, орта жастағы адам және т.б. Бір адам бір біріне қарама -қарсы мәртебелерге де ие болады, бірақ та бір адамға ғана емес бөлек адамдарға: өз балаларына ол әке, ал өз анасына ол бала. Бүкіл мәртебелер жиынтағын мәртебелер жиынтығы дейді. Осы жиынтыққа байланысты негізгі мәртебе анықталады. Әлеуметтік және жекелей мәртебелер болады. Әлеуметтік мәртебе деп адамның бір үлкен әлеуметтік топтың өкілі ретінде қоғамда алатын орнын айтамыз. Жекелей мәртебе деп оның кішігірім топта алатын орнын, сол топтың адамдарының оны қабылдауы және бағалауын айтамыз. Тұғаннан берілетін мәртебе адамның өзінің іс-әрекетіне байланысты емес. Оған ұлты, нәсілі, жынысы жатады. Өзі қол жеткізген мәртебе деп адамның өзі күш жігері, еңбек арқылы жеткен мәртебесін айтамыз. Адам қоғамда ғана өмір сүре алатындықтан ол мәртебесіз өмір сүре алмайды. Бір мәртебеден кеткен адам міндетті түрде басқа мәртебеге өтеді. Әр мәртебенің артында үлкен әлеуметтік топ немесе әлеуметтік категория тұрады. Мәртебелер кей жағдайда бір бірімен үйлеспеулурі мүмкін. Мысалы индивид бір әлеуметтік топта жоғарғы мәртебенің иесі бола тұрып екінші топта төмегі мәртебе иесі болуы.


Әлеуметтік, саяси, діни, демографиялық, қандықтуыстық, экономикалық, кәсіби мәртебелер адамдардың әлеуметтік қатынастарының ұзақтығын, интенсивтігін, бағыты мен мазмұнын анықтайды. Ал әлеуметтік рөль болса,ол нақты мәртебеге арналған іс-әрекет. Роөдерді мәртебелердің динамикалық жағы дейді. Әр адамнан оның мәртебесіне сай іс-әрекетт күтіледі. Банкирден банкирге тән, ұстаздан ұстаздық және с.с. Сондықтан әлеуметтік рөль онымен функциональды байланысты топтардың мүшелерінің сол рөлді орындалуын күтуі болмаса және әлеуметтік нормалар, сол рөлге нақты талаптарды бекітпесе орындалмас еді. Рөлдік жиынтық әлеуметтік қатынастарды қалыптастырады, әлеуметтік мәртебелерді және соған тән рөлдерді орындауды талап етеді. Рөлдерге беріле ену рөлдік идентификациялану дейді.

Әлеуметтік құрылым туралы түрлі концепциялар бар. Негізінен оларды екіге бөлуге болады. Біріншісі, Э.Дюркгеймнен бастау алатын әлеуметтік факт, яғни безен тыс, тәуелсіз болмыс. Сондықтан, әлеуметтік құрылым біздің іс-әрекетімізді шектеп, олардың белгілі бағытта жүруіне мәжбүрлейді. Қарым-қатынастар теориясы бойынша қоғам мен әлеуметтік қатынастарда ешқандай тұрақтылық жоқ. Ол индивидтардың қарым-қатынасы негізінде минут сайын туып тұратын динамикалық процесс. Оның сыртында, онан басқа ешқандай құрылым жоқ. Осы екі бір-біріне қарсы концепцияларды ағылшын социологы Э.Гидденс біріктіріп қарастырды. Оның тұжырымынша іс-әрекет құрылымсыз болуы мүмкін емес. Құрылымдар адамдардың іс-әрекеттері арқылы ғана болуы мүмкін, яғни құрылымдар тек іс-әрекеттер арқылы ғана өмір сүреді.

Маркстік, кейінен маркстік-лениндік құрылым концепциясы бойынша социализмде «екі жарым таптар» концепциясы қалыптасты. Екі жарым дейтін себебі социализмнің әлеуметтік құрылымын екі тап-жұмысшы мен колхозшы және тап болып есетелмейтін интеллегенция құрайды. Жетекші рөлді жұмысшы табы атқарады. Мақсат коммунизм құрылғанда таптардың барлығы да жойылып тапсыз қоғам құру. Бұл концепция іс жүзінде тек қиял екені анықталды.



6 тақырып.

Тұлғаның әлеуметтенуі.

Лекцияның мақсаты – тұлғаға социологиялық көзқарасты анықтау, тұлғаның кұрылымын ұғыну, әлеуметтенудің түрлі концепцияларымен танысу, әлеуметтенудің кезеңдері мен агенттерін қарастыру.

Негізгі ұғымдар: индивид, тұлға, тұтынымдар, мүдделер, маргинал, әлеуметтену, интеграция, ресоциализация, әлеуметтенудің агенттері, идентификация, имитация, мәртебе, әлеуметтік рөль, рөльдік дистанция, рөлдік жан-жал.


Лекцияның жоспары:


  1. Адам, индивид, тұлға ұғымдары.

  2. Тұлға концепциялары.

  3. Тұлғаның өзіндік және әлеуметтік идентификациясы.

  4. Тұлғаның әлеуметтену процесі. Әлеуметтенудің агенттері.


Адам, тұлға мәселесі - өркениеттер жүйесіндегі негізгі мәселелердің бірі. Ол көне заманнан бері түрлі ғылым өкілдерінің ойынан орын алған. Теориялық және эмпирикалық жағынан қанша зерттелсе де, әлі күнге дейін белгілі бір жүйеге түспеген, ең күрделі мәселелердің бірі болып қала бермек. Адам өзіне бүкіл әлемді сидыра алады деп бекер айтылмаса керек. Әр адам көзге көрінетін және көрінбейтін жіптер арқылы қоршаған ортамен байланысты және онсыз өзін қоғамдық тұлға ретінде таныта алмайды. Міне дәл осы индивид пен адам, қоғам арасындағы ортақ қатынасты социология ғылымы қарастырады. Енді, тұлға ұғымына келсек. Тұлға, индивид, адам жақын ұғымдар болғанымен, әр түрлі ғылым объектілері болып табылады. Адам жер бетіндегі эволюциялық дамудың биологиялық және әлеуметтік қатынастарда біріктірілген күрделі түрі болып табылады. Әр жеке адам индивид, ол қайта тумайды. Жекелік туралы сөз еткенде де осы қайталанбастығын алға тартамыз. Адамға әлеуметтік тұрғыдан қарағанда, ең алдымен оны қоғам мүшесі, қоғамдық мүдделерді жеткізуші деп қарастырамыз. Адам мен әлеуметтік орта арасындағы қарым-қатынасты зерттегенде тұлға сыртқы қозғаушы күш ретінде қана емес, әлеуметтік субъект, өзіндік қажеттіліктері мен қызығушылықтары қалыптасқан қоғамдық өмірдің белсенді мүшесі болып табылады. Алайда, социологтар адамның қоғамдық құрылымына ғана қызығушылық танытпайды, олар өз зерттеулеріне биологиялық, психологиялық және т.б әсерлерді арқау етеді.Тұлға ұғымының мазмұнына нелер кіреді? Бірден бірнеше сұрақтар туындайды; кез келген индивид тұлға ма, индивидті тұлға деп тануға қойылатын шарттар қандай, олар жас мөлшерімен, таныммен, басқа да қасиеттермен байланысты ма және т.б.


  1. Тұлға қоғамдық қатынастардың субъектісі және саналы қоғам мүшесі.

  2. Қоғамдық жүйенің тұрақты белгісі индивидті қоғамдық қауым мүшесі деп сипаттайды.

Тағы бір туындайтын сұрақ: жауапкершілік жүктей алмайтын және санасы толық жетілмеген субъект тұлға болып табыла ма? Екі жасар сәбиді тұлға деп есептеуге бола ма? Индивид – адамзат ұрпағының бір өкілі деген түсінік биологиялық тұрғыда да қарастырады. Себебі, индивид тек қана қоғамдық қатынастар мен әлеуметтік институттар жүйесін де ғана тұлға бола алады.

Бұл тұжырымдарды былайша қорытындылаймыз: тұлға - әлеуметтік қатынасқа түскен индивид. Бұл анықтама аксиома болып табылмағанымен, әлеуметтік тәжірибе мен әлеуметтік қатынастар негіздері көбіне осы анықтамаға сүйенеді. Адамзат қоғамында дүниеге келген бала бірден қоғамдық қарымқатынасқа түсіп, ол күннен күнге кеңейіп, тереңдей береді. Ал жануарлар ортасында өскен адамзат баласы сол қалпы тұлға болып қалыптаса алмайды. Әр адам тұлға болу құқығына ие бола тұра белгілі бір дара тұлға болуға ұмтылады. Тұлғаның әлеуметтік сараптамасы оның қоғамдық анықтамасын меңзейді. Оны зерделеудің бірнеше жолы қалыптасқан. Сонымен қатар, бұл мәселемен психология ғылымы да айналысып, оны психо-динамика тұрғысында зерттейді.

Фрейдтің белгілі концепциясы тұлға құрылымен 3 элементке бөледі: Ол, Мен, Жоғарғы Мен.

«Ол» дегеніміз – біздің танымымыздың инстинкт билейтін көрінбейтін бөлігі. Фрейд бойынша негізгі екі қажеттілік бар: либидолық және агрессивтік.

«Мен» дегеніміз – біздің санамыз, өсу үстіндегі саналы қабылдауларымыз.

«Жоғарғы мен» дегеніміз – моральдық нормалар мен принциптер арқылы өзіңді қадағалай алатын жауапкершілік.

Сондықтан да, біздің санамыз әрдайым ішкі инстинкттерімен және әрдайым өз қағидаларына жүгінуді міндеттейтін «Жоғарғы Менімен» күресте жүреді.

Фрейдтің идеялары көпке дейін ғылымға қайшы болып саналып келді. Әрине , Фрейдтің идеяларының бәрі келісуге тұрады деуге келмейді, тек Фрейд тұжырымдарының негізгі идеялары тұлға құрылымын биологиялық және табиғи тұрғыдан үйлесімді сипаттап беруінде. Әлеуметтануда тұлға ұғымын микросоциологияда қарастырады. Демек, индивдтер арасында қанынас орнаса, тұлғаға айналады.Бұл теорияны жасағандар: Д. Хоманс, П. Блау, Д. Г. Мид, А. Щюц, Г. Гарфинкель.

Олардың «Әлеуметтік ауысу» теориясына тоқталайық. «Әлеуметтік ауысу» теориясы микросоциологияның негізгі бағыты әрі психология, экономика, социологияның күрделі мәселелерінің бірі. Бұл теорияны құрастырушы американ әлеуметтанушысы әрі психологы Дж. Хоманс (1910) былай дейді: « Қоғамда материалмен немесе басқа дүниелермен сияқты құндылықтармен де алмасу болады. Өзгелерге бірдеңе берген адамдар өздері де олардан соны күтеді, ал өзгелерден көп алған адамдар оларға да қайтарымын бергісі келеді. Міне осындай ішкі алмасулар қоғам тепе-теңдігін сақтап тұрады. Берген адам үшін оның бергені шығын болуы мүмкін, алғаны ілтипат сияқты. Бұдан шығатыны адамдар тек материалдық емес, бір-біріне психологиялық көмек беріп, өзіне психологиялық «кіріс» ала алады. Бүкіл қатысушылар ортақ табысқа ие болғанша бұл қатынас қайталана береді. Г. Джакобс Ауысу теориясын былай көрсетеді: топ өз көшбасшыларына оның жетістікке жету деңгейіне өз дәрежелері мен сыйластықтарын алмастырады. Күрделі ұйымдастырылған ауысу процесі «несие беру», «төлем» деген сияқты бірнеше жүйеден тұрады. Дж. Хоманс: «Әлеуметтануда жиі көтерілетін мәселе экономикалық мәселелер. Бірақ бұл мәселеллердің шешімін социологиялық еңбектерден емес, күнделікті өмірден іздеуіміз керек» дейді. Бұл теория тұрғысынан әлеуметтанушылардан Уильям Гудты, ал микроэкономика саласынан Нобель сыйлығының лауреаты Гэри Беккерді атауымызға болады. Гэри Беккер өз еңбектерінде отбасын құруды партнерін табыс көзі не қажеттілік деп қарайтын жұбайларға, екіншіден, балаларын нарықтық терминмен айтқанда «ұзақ қолдану тауары» деп қарайтын репродуктивтік шешімдерге арнады.


Неге біз бұған микросоциологиялық тұрғыдан келеміз? Себебі микросоциология тұлғаның жеке белгілерін қарастырады.

Осылайша, адам қоғам диллеммасы сақталады. Микросоциологияда тұлға концепциалары мына сұрақтарға жауап береді: Тұлға құрылымы қандай, яғни тұрақты қасиеттер жүйесі бар ма?

Негізгі концепциялар:

Диспозициялық концепция ( Уильям Томас, Флориян Знанецкий)

«Мен» концепциясы. Айнадағы «Мен» ( Чарльз Кули, Эрик Эриксон)

Рөлдер концепциясы. Рөлдер теориясы (Джордж Герберд Мид, Чарльз Кули)

Микросоциялогия құрамында әлеуметтену, әлеуметтік әрекеттер сияқты әлеуметтік қатынастардың ұсақ топтары қарасытырылады.

Сонымен тұлға үш үлкен әлемнің биологиялық және әлеуметтік қатынастар тоғысында туындаған күрделі мәселе. Ресей авторларында тұлғаның құрамы үш үлкен компоненттен тұрады: ес, мәдениет, қайраткерлік. Ес білімнен және оперативті мәліметтерден тұрады, мәдениет әлеуметтік нормалар мен құндылықтардан тұрады. Ал, қайраткерлік тұлғаның ішкі қалаулары мен қызығушылықтарының, қажеттіліктерінің жүзеге асуы.

Тұлға құрылымынан мәдениет құрылымдары мен сапалары да көрініс береді.

Адамның мақсат мүдделері мен қызметі, оның атқарылуы тұлғаның әлеуметтік мәртебесін айқындайды.

Әлеуметтік мәртебе (status жағдай) индивидті әлеуметтік жүйедегі әлеуметтік топтар арасындағы орны немесе әлеуметтік жағдайы.

Әлеуметтік мәртебе қалыптасқан әлеуметтік нормалар мен қатынастар жүйесіндегі тұлғаның алатын орнына берілген баға деуге де болады. Әр түрлі сөздіктерде әлеуметтік статус мынандай анықтамалар арқылы беріледі:

  • Әлеуметтік мәртебе индивид немесе топтың экономикалық профессионалдық, этникалық, т.б. белгілері бойынша әлеуметтік жүйедегі орны. (Большой энциклопедический словарь)

  • Әлеуметтік мәртебе индивидтің не әлеуметтік топтың қоғамда не жеке қоғамдық ұйымдарда алатын орны. Ол орын оның әр түрлі жеке ерекшеліктер мен белгілері бойынша анықталады. (Википедия)

  • Әлеуметтік мәртебе индивид немесе топтың экономикалық профессионалдық, этникалық, т.б. белгілері бойынша әлеуметтік жүйедегі орны. (Энциклопедический словарь)

  • Мәртебе азаматтық құқықтар статусы (Большой французко руский, руско французкий словарь)

Тұлға әр түрлі әлеуметтік қатынасқа түскен сайын, әр түрлі әлеуметтік мәртебе алады. Туа берілетін мәртебелер адамның оның ұлты (қазақ, ағылшын, орыс т.б), жынысы. Ал басқа мәртебелерге адам өзі қол жеткізеді. Әр мәртебенің өзіндік функциялары болады. Біз тақырыбымызға байланысты адамның әлеуметтік рөлі туралы сөз қозғаймыз.

Әлеуметтік рөл адамның әлеуметтік мәртебесі мен әлеуметтік позициясына тәуелді, оның іс әрекеттерінің үлгісі мен қабылдаған нормативтері. Рөл түсінігі 20-30 жылдары американ ғалымдары Р. Линтон мен Дж. Г. Мид қалыптастырған. Кейін келе ол Батыста және маркстік идеяларда жалғасын тапты.