ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 13.08.2020
Просмотров: 860
Скачиваний: 6
V тақырып. Әлеуметтік стратификация және әлеуметтік мобильділік теориясы
1. Қоғамның әлеуметтік топқа жіктелуі.
2. Әлеуметтік стратификация теориясы және оның мәні
3. Әлеуметтік мобильдік және оның түрлері.
4. Қазіргі Қазақстандағы әлеуметтік стратификация мен әлеуметтік мобильділік үдерісі.
1. ХІХ – ХХ ғасырда теориялық әлеуметтануда қоғамның құрылымы мен дамуы туралы екі – марксистік және позитивистік көзқарас болды. Марксистік ілім бойынша, қоғамның құрылымы жеке меншікке негізделген негізгі екі таптың күресімен айқындалады. Барлық экономикалық, саяси, әлеуметтік‑адамгершілік және тіпті эстетикалық қарым‑қатынастар таптық мүдделер мен олардың күресіне байланысты. Ал қоғамның құрылымы туралы позитивистік тұжырым (трактовка) экономикалық және әлеуметтік‑саяси қатынастардың субъектілерінің диапозонын кеңейтуге ұмтылып, оны тек өзара күрес жағдайымен ғана емес, жарасымдылық пен өзара тәуелділік арқылы түсіндірді.
ХХ ғасырда осы тұжырымдама стратификация және әлеуметтік мобильділік теориясына айналды. Оны жасауға М.Вебер, П.Сорокин, Т.Парсонс, Р.Мертон және т.б. белсене қатысты. Олар таптық түсінікті алып тастамай, әлеуметтік құрылымның негізгі элементі ретінде ғылыми айналымға жік немесе страта деген түсінік ендірді. Бұл бірнеше белгілермен ерекшеленген әртүрлі жіктердің қосындысы ретінде ұсынылды. Мұндай белгілерге табыс (доход), кіріс, білім, бедел (престиж), ақпарат пен билікке ие болу жатты. Осылардың негізінде әлеуметтік жіктің жоғары, орташа және төменгі сияқты басты үш деңгейі айқындалды. Бұл жіктердің (қауымдастық) арасындағы қарым‑қатынас, қызмет ету ерекшеліктері, өзгерістері мен дамуы әлеуметтік құрылымның басты өзегі саналып, ол әлеуметтік стратификация теориясы деп аталды.
Сөйтіп қоғамның түрліше әлеуметтік топтарға, қауымдастықтарға тағы басқа жіктелуі батыстық әлеуметтануда көбінесе әлеуметтік стратификация деген терминмен белгіленеді. "Страт" латын тілінде жік, қабат деген сөзден туған, ол геологияда жер қыртысының қабаттарын білдіреді. Әлеуметтік құрылымды зерттегенде әлеуметтік жіктелу теориясы қоғамдағы барлық топтарды қарастырып, олардың қоғамдағы жағдайын айтарлықтай толық және терең сипаттайтындай белгілерді (өлшемдерді) басшылыққа алады: меншікке ие болудың сипаты, табыстың мөлшері, мұрагерлік, білімнің деңгейі, мамандық мәртебесі, биліктің аумағы, ұлттық ерекшеліктер және т.б. Егер топтар бір белгінің негізінде жіктелсе (мысалы, табысының мөлшеріне немесе билік жүргізуге қатысына қарай т.т.) ол бір өлшемдік жіктеуге жатады. Егер бірнеше белгінің негізінде болса, ол көп өлшемдік жіктелу болып саналады.
Феодалдық қоғамдағы адамдар жоғары және төменгі жіктерге (сословиелерге) ғана бөлінген болатын. Жіктік мәртебелер атадан балаға мұра ретінде беріліп отырған. Жоғары жікке дворяндар, дін иелері, ал төменгі жікке — қолөнершілер, шаруалар, көпестер жатқан. Бұл аталған жүйеде бір жіктен екіншісіне өту шектелгенімен, олардың арасыңда кейбір жағдайда некенің орын алуы және төменгі жіктегі адамдарының сіңірген еңбектеріне байланысты билік тарапынан оларға жоғары жіктік мәртебені сый ретінде беру сияқты жағдайлар орын алған.
VIII—XIX ғасырларда Батыс Еуропа ойшылдарының еңбектерінде "тап" деген ұғымның мәні негізделіп, қоғамда таптардың бар екеңдігін мойындалды. Бастапқы кезде таптар деген ұғымның саяси мазмұны баса айтылғанымен кейін К. Маркс және М. Вебер еңбектерінде қоғамдағы таптық жіктелудің экономикалық себептеріне терең назар аударылды.
К. Маркс өз заманында таптар туралы ілімді одан әрі дамытып, өзінің тап күресі туралы теориясын негіздеді. Ол таптардың пайда болуының экономикалық себептерін - қоғамдық еңбек бөлінісі мен жеке меншікті ашып көрсетті. Қоғамда негізгі және негізгі емес таптардың, сондай-ақ таптың белгілерін бойына толық сіңіре қоймаған әлеуметтік жіктердің болатыны атап көрсетілді. Мысалы, жұмысшы ақсүйектерін алсақ, олардың жұмысшылардан артықшылықтары бар, ал буржуазиядан айырмашылығы — меншік иесі емес. Олай болса, бұл топты өз алдына бір тапқа жатқызу қиын. Интеллигенция да әлеуметтік топқа жатады. Өйткені бұл топтың да белгілі бір тапқа ұқсас белгілері аз және олар шығу тегі жағынан да әртүрлі таптардың өкілі болуы мүмкін.
К. Маркс қоғамды таптарға жіктеумен ғана шектелген жоқ. Ол капиталистік өндіріс тәсіліне жан-жақты талдау жасап, бұл қоғамдағы қанаудың мәнін түсіндірді және өзінің тап күресі туралы теориясын негіздеді. Маркстік ілім тапты құрайтын басты белгілерге: адамдар тобының өндіріс жүйесінде алатын орнын; олардың өңдіріс құрал‑жабдықтарына қатынастарын; еңбекті ұйымдастырудағы адамдар арасындағы қарым-қатынасты; қоғамдық байлықтан алатын үлестің көлемі мен оны алудың әдісін; қоғамдық өңдірісте бір топтың басқа адамдардың еңбегін қанауын жатқызады. Бүл белгілердің таза экономикалық сипаты болғандықтан, таптар тек экономикалық категория ретінде көрінеді.
М. Вебер қоғамның тапқа жіктелуінің объективтік экономикалық негіздері бар деген К. Маркстың ойымен келісе отырып, басқа да факторларды атап көрсетеді. Біріншіден, М. Вебер таптық айырмашылықтар тек меншіктің болу, болмауымен байланысты емес, сол сияқты адамдардың жоғары білімінің болуына, мамандық түріне, кәсіби дәрежесі мен шеберліктеріне де байланысты дейді. Екіншіден, М. Вебер адамның мәртебесін - саяси партияға, яғни билікке қатынасуын да жіктеудің өлшемдеріне енгізеді.
М. Вебердің қоғамдағы тапқа бөлінуге әсер ететін осы факторларды ескере отырып, 4 түрлі таптарды атап көрсетеді. Олар: капитал иелері; интеллектуалдар мен менеджерлер, басқарушылар; дәстүрлі ұсақ буржуазия; жұмысшы.
Ғалымдардың көпшілігі стратификациялық құрылымның негізі жіктік өлшемдерден туындайтын адамдар арасыңда болатын табиғи және әлеуметтік теңсіздік екендігін мойындайды. Бұл адамдардың табиғи жаратылыс (жыныс, жас мөлшері, темперамент, терісінің түсі, бойы, ақыл-ойының деңгейі, т.б.) ерекшеліктерінен туады. Мәселен, ақыл-парасатымен, күш-қайратымен ерекшелінетін адамдар көпшілікке ықпал етіп, оларды өзіне бағынышты етуге ұмтылады.
Ең көлемді қоғамдық еңбек бөлінісі еңбектің аграрлық және өнеркәсіптік салаларға бөлінуімен байланысты болды. Мұның өзі қала мен село өмір салтының қалыптасуына, халықтың территориялық‑аймақтық жағынан жіктелуіне әкелді. Қала өмірінің селоға қарағанда бірқатар артықшылықтары бар. Атап айтсақ, еңбектің мазмұны мен түрлерінің сан алуандығы, тұрмыстық және мәдени қызмет көрсету салаларының, саяси және басқару орталықтары мен бұқаралық ақпарат жүйесінің, ғылым мен білімнің кеңінен дамуы қалаларға тән сипаттық белгілер.
Қоғамдық еңбек бөлінісі ой еңбегі мен дене еңбегінің арасындағы айырмашылықтың пайда болуына, соның нәтижесінде қоғамда білімі мен кәсіби деңгейлері жоғары адамдар тобының қалыптасуына ықпал етті.
Қоғамдағы әлеуметтік теңсіздік иерархияға негізделген және ол адамдар мен топтардың вертикалды бағытта, яғни тік сызық бойында бір топтың екінші бір топтан жоғары немесе төмен сатылы орналасуынан көрінеді. Мұндай жіктелудің себептерін Р. Дарендорф тұтас қоғамды басқарушылар мен басқарылушыларға жіктей отырып, "билік" және "бедел" деген ұғымдардың негізінде түсіндіреді. Ол басқарушылардың өзін басқарушы меншік иелері және меншіктері жоқ бюрократ‑менеджерлерге жіктейді. Автор сонымен қатар басқарушылар: жоғарғы топ ‑ жұмысшы ақсүйектерден, төменгі топ - мамандық дәрежесі төмен жұмысшылардан тұрады және басқарушылар мен жұмысшы ақсүйектердің ассимиляциясының нәтижесінде "жаңа орта тап" қалыптасады деген қорытындыға келеді.
2. XX ғасырдың екінші жартысында Батыс елдерінің ғалымдары әлеуметтік стратификация құбылысын одан әрі тереңірек зерттеуге кірісті. Ғалымдардың пікірінше, капиталистік қоғамда таптар арасындағы қайшылықтар бәсеңдеп, жұмсара түседі. Олар сонымен қатар қоғам мүшелерінің түрлі топтарға, таптарға, жіктерге бөліну үдерісі тереңдей түскенін атап көрсетті. Осындай жан-жақты әлеуметтік зерттеулердің арқасында қоғамдағы түрлі әлеуметтік топтардың, таптардың және страталардың арасындағы қарым‑қатынасты реттеуге байланысты ұсыныстар негізделді.
Бұл
кездегі әлеуметтік стратификация
теориясының көрнекті өкілдерінің бірі
П.А. Сорокин болды. Ол қоғамдағы адамдардың
иерархиялық жоғары және төменгі топтарға
жіктелуіне әсер ететін факторлар ретінде
құқықтық
артықшылықтардың, жауапкершілік пен
міндеттердің, байлық пен жоқшылықтың,
билік пен ықпалдың тең
бөлінбеуінен болады деп түсіндіреді.
Автор сонымен қатар бүл аталған өлшемдер
өмірде бір-бірімен сабақтас екендігін
ескертеді. Қолдарында үлкен байлығы
бар жоғары экономикалық топтардың
өкілдері сонымен қатар жоғары саяси
және кәсіби топтарға да жа-
тады
дейді. Яғни, байлығы бар адамның билікке,
жоғары кәсіби топтарға енуіне мүмкіндігі
мол немесе керісінше билігі бар адамның
жоғары кәсіби дайындығы да бар, байлығы
да бар деген сөз.
Ал американдық әлеуметтанушы Т. Парсонс қоғамда әлеуметтік жіктелу факторларын үш топқа біріктіреді. Біріншісіне - адамның туа біткен табиғи белгілеріне байланысты факторлары: этникалық тегі, жыныстық, жастық ерекшеліктері, туыстық байланыстары, дене бітімі мен интеллектуалдық қабілеті және т.б.; Екіншісіне ‑ қызмет түрі, мамандығы және кәсіби деңгейі; Үшінші топқа меншік, материалдық және рухани құндылықтар мен артықшылықтарды жатқызады.
Ғалымдардың көпшілігі әлеуметтік стратификация үдерісінде осы аталған өлшемдер мен факторлардың шын мәнінде орын алып отырғанын атап көрсетеді. Қоғам дамуының бір кезеңінде бұл өлшемдердің біреуі маңыздырақ болса, келесі бір кезеңде екіншісінің маңызы арта түседі. Мәселен, кеңес қоғамындағы иерархиялық жіктелу үдерісінде саяси факторлардың маңызы зор болды. Билік саласыңда қызмет ету, партияға мүше болу, саяси шешімдерді қабылдауға қатынасу сияқты факторлар жоғары топ адамдарын қалыптастырды. Сондықтан жоғары билік адамдарының байлық пен меншікке қол жеткізуде мүмкіңдіктері кең болды
Ресей Ғылым Академиясының "Әлеуметтану институты" жүргізген зерттеулер нәтижесінен қазіргі қоғамдағы әлеуметтік жіктелуге есер ететін факторлардың төмендегі иерархиясын байқауға болады. Респонденттердің 91,3%-ы әлеуметтік жіктелудегі басты фактор ретінде "билікті" атап көрсетсе; табыс көлемін — 91,2%-ы; меншікті — 64,8%-ы; көлеңкелі экономика немесе заңға қарсы іс-әрекеттерді — 52,7%-ы; білімді — 35,1%-ы; қабілет пен талапты - 34,6%-ы; мамандық түрін - 30,1-ы; адамның шығу тегін — 25,0% і., ұлттық тегін — 14,5%-ы атап көрсеткен.
Зерттеудің нәтижесінен бұл қоғамда билікке қатынас, табыс көлемі, меншіктің болуы сияқты факторлардың әлеуметтік жіктелу үдерісінде жоғары маңызға ие болып отырғанын көруге болады.
Әрине, әлеуметтік стратафикация үдерісінде білім деңгейі, кәсіби шеберлік, жоғары мәртебе (престиж) деген өлшемдердің маңызы зор екенін естен шығармауымыз керек. Бұл қазіргі нарық заманында айрықша көрінуде.
Соңғы кезде әлеуметтанушылар қоғамның 4 жіктен тұратын моделіне тоқталды, олар мыналар: жоғары тап; орта тап; жұмысшы табы; төменгі тап. Жоғары тапқа ірі меншік иелері - қаржы және өнеркәсіп магнаттары, жоғары билік элиталары ‑ мемлекет президенттері, премьер-министрлер, министрлер, жеке ведомстволар мен мекемелер басшылары, яғни жоғары категориядағы шенеуніктер жатады. Бұлар ‑ қоғамдағы шамадан тыс байлығы бар, қоғамның экономикалық және саяси өмірінде шешуші рөл атқаратын топ. Қоғамдағы олардың үлес салмағы аз, дамыған елдерде олар шамамен халықтың 1%-ын құрайды.
Кейбір елдерде жоғары тапқа білім және мәдени дәрежелері, қоғамдағы мәртебелері де жоғары шенді әскери топтар мен шығармашылық интеллигенцияның танымал өкілдері де жатады.
Орта таптың қоғамдағы алатын орны ерекше. Бұл тапқа қоғамдағы әртүрлі әлеуметтік топтардың, мамандықтардың өкілдері жатады. Алдыңғы қатарлы дамыған елдерде олар халықтың 50-60 пайызын құрайды. Олар қоғамдағы әлеуметтік тәртіп пен тұрақтылықтың тірегі десек те болады. Өйткені орта тап қоғамның жоғары мамандық иелерінен тұратын негізгі интеллектуалдық күші болып саналады.
Орта таптың өкілдері - ғалымдар, жазушылар, суретшілер, діни қызметкерлер, оқытушылар, дәрігерлер, заңгерлер, орта және шағын кәсіп иелері, маманданған жұмысшылар, т.б. Орта тап адамдарының тұрақты, сенімді қызмет орындары, жоғары табыстары және заман талабына сай өмір салттары бар. Олар көп еңбек етеді, кейбіреулерінің меншіктері (жер, құңды қағаздар, қозғалмайтын мүліктері, т.б.) бар, яғни олар экономикалық және саяси тұрғыдан қарағанда тәуелсіз адамдар. Бұл топтың адамдары "жақсы өмірге қажырлы еңбектің, күш — жігердің, білімнің нәтижесінде жетуге болады" дегенді басшылыққа алады.
Бұл жерде айта кететін бір жағдай — орта таптың да өз ішінде адамдардың билікке қатынастары, табыстарының көлемі, кәсіби және білім деңгейлеріне қарай жіктелетіндігі. Олар: а) жоғары орта тап; ә) орташа орта тап; в) төменгі орта тап.
Жұмысшы табының қазіргі кездегі бейнесі өткен дәуірдегіден мүлдем басқа. Ғылыми - техникалық прогресс заманында жұмысшы табы еңбегінің мазмұны, сипаты өзгерді. Олар механикалаңдырылған және автоматтандырылған өндіріс салаларында ‑ зауыттар мен фабрикаларда, ауыл шаруашылық кәсіпорындары мен халыққа қызмет көрсету салаларында еңбек етеді. Бұл тап өкілдерінің тұрақты табыстары, белгілі бір дәрежеде білім және кәсіби дайындықтары бар.
Төменгі тап - құрамы жағынан сан алуан. Оларға арнайы мамандықтары жоқ жұмысшылар, жұмыссыздар және люмпеңдер (қайыршылар, босқыңдар, қылмыскерлер, т.б.) жатады. Бұлардың көпшілігінің тұрақты табыс көздері болмағандықтан, олар абсолюттік кедейшілік жағдайда өмір сүреді.
Сонымен, әлеуметтік стратификация кез келген қоғамға тән құбылыс. Барлық қоғам мүшелерінің арасындағы жаппай теңдік орнататын эгалитарлық (француз тілінде еgalite-теңдік) қоғам орнату мүмкін емес екеңдігін әлемдік даму тәжірибесі дәлелдеп отыр.
3. Қоғам ілгерілеп дамыған сайын оның құрылымы да өзгеріп отырады. Сонымен қатар белгілі бір елдегі адамдардың белгілі бір топқа жатуын қатып-семіп қалған, өзгермейтін құбылыс деп қарауға болмайды: ол үздіксіз өзгеріс, қозғалыста болады. Мұндай өзгеріс, қозғалысты әлеуметтануда «әлеуметтік мобильділік» деп атайды. Оны ғылыми жағынан тұңғыш негіздеп, арнайы теориясын жасаған П. Сорокин. Осыған байланысты атақты әлеуметтанушы әлеуметтік кеңістік туралы түсінікті де ғылыми айналымға ендірді.
"Әлеуметтік мобильділік" деп, қоғамдағы жекелеген индивидтер мен адамдар тобының бір әлеуметтік жағдайдан екінші әлеуметтік жағдайға орын ауыстыруын айтамыз. Ол төменнен жоғары көтерілу, әлде жоғарыдан төмен құлдырау не болмаса бір деңгейдегі топтан екіншіге өту болуы мүмкін. Сондықтан оның екі типі болады, олар: вертикалды, яғни тік сызықтың бойымен болатын және горизонталды немесе көлденең сызық бойындағы мобильдіктер.
Вертикальды мобильдік - бір стратадан екінші бір стратаға ауысуының нәтижесіңде индивидтің әлеуметтік жағдайының өзгеруі. Вертикалды мобильдік жоғары өрлеу және төмен құлдырау, яғни кері кету бағытында болады.