ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 24.10.2023
Просмотров: 780
Скачиваний: 7
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Ә) хабарлама
Б) хаттама
В) хат [1]
4. Мәтіннің сөйлеу тілін көрсетіңіз.
А) диалог, ауызша
Ә) монолог, жазбаша
Б) полилог, ауызша
В) монолог, ауызша [1]
5. Берілген сөздерден орын тәртібін сақтай отырып, сөйлем құрастырыңыз.
Алады, ұлы, Кир, Спаргапты, Тұмардың, тұтқынға
__________________________________________________ [1]
ЖАЗЫЛЫМ
Сан есімдерді қолдана отырып, судың қасиеттерін сипаттап «Су-тіршілік көзі »тақырыбына эссе жазыңыз. Эссе құрылымын сақтаңыз. [10]
____________________________________________________________________________________________________________________________________
АЙТЫЛЫМ [10]
Төмендегі тақырыптардың бірін таңдап, жұбыңызбен диалогке түсіңіз. (Әр оқушыға екі минут беріледі).
Ұсынылатын тақырыптар:
1.Судың адам ағзасына пайдасы
2 Мектеп кітапханасында
Балл қою кестесі
Тыңдалым, оқылым
Бағалау критерийі | Жауап | Балл |
Білім алушы | ||
Тыңдалым | В | 1 |
570 мыңға жуық | 1 | |
Африка құрлығы | 1 | |
8,7 трлн | 1 | |
Әлем кітапханалары | 1 | |
5 балл | ||
Оқылым | 1-С, 2-А, 3-В | 1 |
Айдар | 1 | |
хат | 1 | |
Монолог, жазбаша | 1 | |
Кир Тұмардың ұлы Спаргапты тұтқынға алады. | 1 | |
5 балл |
ІІ нұсқа
ТЫҢДАЛЫМ
Мәтінді мұқият тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Халықаралық Кітапханалық Ассоциациясының мәліметінше, дүниежүзі бойынша 570 мыңға жуық кітапхана бар. Қазіргі таңда «Кітапханалық» континенттер болып Еуропа мен Солтүстік Америка есептеледі. Себебі Еуропа елдеріндегі кітапханалар саны 440 мыңнан асса, Солтүстік Америкада 125 мыңнан астам кітапхана бар екен. Кітапханалар саны ең аз континент - Африка құрлығы. Онда бар болғаны 1200 кітапханалық бөлімшелері бар екен.
Дүниежүзінің кітапханаларында 807 мыңнан астам адам қызмет атқарады. Жер шары кітаптардың сақталуына жылына 8,7 трлн. көлемінде қаражат жұмсайды. Кітапханалардағы кітаптар сөрелерінің жалпы ұзындығы 15 мың км кұрайды. Кітапханалардың абоненттер саны 2,5 млрдқа шейін жетеді. Бұл дегеніміз орташа есеппен жер шарының 1/3 бөлігі болып табылады. Жыл сайын кітапханалар оқырмандарға қызмет көрсету үшін 1,5 трлн операцияларды атқарады екен. Қызықты жайт.
Дүниежүзінде жұлдызды мәртебесі бар кітапханалар да бар екен яғни, кітапханалық қызмет көрсету индексі, кітапханаларға бару көрсеткіші, материалдарды беру, интернетті қолдану т.б. Оларға АҚШ-тағы Конгресс кітапханасы, Ресейдегі мемлекеттік кітапханалар жатады.
-
Мәтінге ат қойыңыз. __________________________ [1]
2. Мәтін мазмұнына сай тірек сөздер қатарын белгілеңіз
А) кітап, адамдар, жұмыс істеу, сурет
В) халықаралық, кітапхана, қызмет көрсету,оқырман
С) табиғат, кітап оқу, тыңдау, қолдану
D) ұлттық кітапхана, құрлық, ел, оқырман [1]
3. Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз
Қазіргі таңда «Кітапханалық» континенттер болып саналатын құрлықтар қандай?
___________________________________________________ [1]
Дүниежүзі кітапханаларында қанша адам қызмет атқарады?
___________________________________________________ [1]
Кітапханалардағы кітаптар сөрелерінің жалпы ұзындығы қанша?
___________________________________________________ [1]
ОҚЫЛЫМ
Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Құрметті тұрғындар! Біз Сіздерге судың пайдасы туралы хабарлаймыз.
Адам организміне судың көп пайдасы бар. Себебі мидан бастап, асқазанға дейінгі барлық мүшелер суды қажет етеді. Сондықтан күнде таңертең су ішу керек. Дәрігерлер төменгідей судың пайдасын атап көрсетеді:
- дене температурасын тұрақты ұстауға көмектеседі;
- оттегі тасымалдайды;
- бүйрек және бауырдағы қалдықтарды тазалайды;
- витамин және минералдардың тарауын қамтамасыз етеді;
- денені жарақаттанудан қорғайды;
- клеткалардың және бұлшық еттердің бірігуін қамтамасыз етеді;
Су ас қорытуға жақсы көмектеседі. Ересек адамның денесінде 40-50 литр су болады. Қанның 83%, бұлшықеттердің 75%, мидың 74%, сүйектердің 22% судантұрады. Денеде 20% су жетпесе, адам өміріне қауіп төнеді.Егер адам қажетті мөлшерде су ішпесе, онда оның миының жұмыс істеуі баяулайды. Қан қоюланады. Жүрек көп жұмыс істеуге мәжбүр болады. Іш қатады. Адамның басы айналып, ауырады. Тез шаршап, әлсіздік пайда болады. Тамақ ішуге тәбеті болмайды.Сондықтан да жаз уақытында күн ыстықта көп су ішу керек екеннін ескертеміз.
1. Мәтіннің стилін анықтаңыз.______________________________ [1]
2. Ақпараттарды сәйкестендіріңіз. [1]
1 | Ересек адамның денесінде | А | 83% |
2 | мида | В | 74% |
3 | Бұлшық ет | С | 40-50литр су бар |
4 | Қан құрамында | Д | 75% |
3. Дұрыс ақпаратты табыңыз. [1]
Ақпараттар | дұрыс | Бұрыс |
Адам тұмаумен ауырғанда, биік жерлерде болғанда және күн ыстықта көп су ішпеу қажет. | | |
Денеде 20% су жетпесе, адам өміріне қауіп төнеді. | | |
Көп су ішсе, қан қоюланады | | |
Су оттегі тасымалдайды | | |
4. Мәтіннің мазмұнын ашатын тірек сөзді табыңыз. [1]
А. Судың пайдасы
В. Судың зияны
С . Судың құрамы
D. Судың қоры
5. Мәтіннен суретке сай жалғасын тауып жазыңыз. [1]
| |
| |
| |
ЖАЗЫЛЫМ
Жіктеу, сілтеу, сұрау есімдіктерін қолдана отырып, «Мектеп кітапханасымен мақтанамын» тақырыбына шағын эссе құрастырыңыз. Эссе құрылымын сақтаңыз. [10]
___________________________________________________________________________________________________________________________________
АЙТЫЛЫМ
Берілген тақырыптардың бірін таңдап, жұпта диалогке түсіңіз (әр білім алушыға 2 минут). [10]
Диалог тақырыптары:
1. Тұмар ханшайым туралы аңыз
2. Су - тіршілік тірегі
Балл қою кестесі
Тыңдалым, оқылым
Бағалау критерийі | Жауап | Балл |
Білім алушы | ||
Тыңдалым | Дүниежүзі кітапханалары | 1 |
В | 1 | |
Европа мен Солтүстік Америка | 1 | |
807 мыңнан астам | 1 | |
15 мың км | 1 | |
5 балл | ||
Оқылым | Ресми стиль | 1 |
1 - С 2 - В 3. - Д 4 - А | 1 | |
Дұрыс,бұрыс, дұрыс, бұрыс | 1 | |
Судың пайдасы | 1 | |
А. көп жұмыс істеуге мәжбүр болады. В. Адамның басы айналып, ауырады С. Тамақ ішуге тәбеті болмайды. | 1 | |
5 балл |
Жазылым
Балл | Мазмұны (5 балл) | Тіл сапасы (5 балл) |
5 | Өте жақсы Мәтін құрылымы (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанры, стилі толық сәйкес келеді. Ойын жүйелі түрде жеткізеді. Лексикалық минимумды қолдануы жоғары, стильдік қолданысы өте дұрыс. | Өте жақсы Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды өте дұрыс қолданады. Елеусіз қателері ойды түсінуге кедергі келтірмейді. |
4 | Жақсы Мәтін құрылымы (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанры сәйкес келеді. Ойын жеткізеді. Лексика-лық минимумды жеткілікті қолда-нады, стильдік қолданысы дұрыс. | Жақсы Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды дұрыс қолданады. Елеусіз қателері ойды түсінуге кедергі келтірмейді. |
3 | Қанағаттанарлық Мәтін құрылымын (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанрын, стилін сақтауға тырысқан. Ойын жеткізу-де ішінара ауытқулар кездеседі. Лексикалық минимумды қолдануға тырысады, стильдік қолданысы орташа. | Қанағаттанарлық Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды қолдануда ішінара қателер жібереді. Елеусіз қателер көп, бірақ ойды түсінуге кедергі келтірмейді. |
2 | Төмен Мәтін құрылымын (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанрын, стилін сақтауы шектеулі. Ойын жеткізуде ауытқулар көптеп кездеседі. Лекси-калық минимумды қолдануы шек-теулі, стильдік қолданысы төмен. | Төмен Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды қолдануда қателері көп болғандықтан, ойды түсінуге кедергі келтіреді |
1 | Өте төмен Мәтін құрылымы (кіріспе, негізгі және қорытынды) мүлдем ескерілмеген. Жазба жұмысы жанрға, стильге сәйкес емес. Ойын жеткізе алмаған. Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі. | Өте төмен Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды қолдануда өрескел қателер көп, ойды түсіну өте қиын. |
Айтылым
Балл | Негізгі ойды ашуы (5 балл) | Негізгі ойды ашуы (5 балл) |
5 | Өте жақсы Тақырыпты және сұрақты өте жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабы тез әрі орынды. Ойын жүйелі түрде жеткізеді. | Өте жақсы Лексикалық минимумы мол, стильдік қолданысы өте дұрыс. Орфоэпиялық нормаларды дұрыс қолданады. Арасында елеусіз қателер жібергенімен, ойды түсінуге кедергі келтірмейді. |
4 | Жақсы Тақырыпты және сұрақты жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабын ойланып береді, ойын орынды жеткізеді. | Жақсы Лексикалық минимумы жеткілікті, стильдік қолданысы дұрыс. Орфоэпиялық нормаларды қолданады. Арасында қателер жібереді. |
3 | Қанағаттанарлық Тақырыпты және сұрақты жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабын ойланып береді, ойын орынды жеткізеді. | Қанағаттанарлық Лексикалық минимумы жеткілікті, стильдік қолданысы дұрыс. Орфоэпиялық нормаларды қолданады. Арасында қателер жібереді. |
2 | Төмен Тақырып пен сұрақты түсінуде және күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады. Ойын жеткізуде ішінара ауытқулар кездеседі. | Төмен Лексикалық минимумды қолдануға тырысады, стильдік қолданысы орташа. Орфоэпиялық нормаларды қолдануда елеусіз қателер жібереді. |
1 | Өте төмен Тақырып пен сұрақты түсінуде және күтпеген сұрақтарға жауап беруде қолдауды қажет етеді. Ойын жеткізуде өрескел ауытқулар кездеседі. | Өте төмен Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі, стильдік қолданысы төмен. Орфоэпиялық нормаларды қолдануда қателерді жиі жібереді. |
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
БЖБ №1
«Денсаулық – зор байлық», «Менің Тәуелсіз Қазақстаным» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау
І нұсқа
Сөйлеу әрекетінің түрлері: Тыңдалым Айтылым
Оқу мақсаты 5.1. 6.1. Тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде