Файл: сынылан зерттеу ебектерге рецензия жазыыз.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 24.10.2023

Просмотров: 401

Скачиваний: 5

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


 

 

1 «ХІІ-ХҮ ғасыр басындағы ақындар мен жыраулардың шығармаларының өзіндік ерекшеліктері, тақырыптық-идеялық үндестіктері жайлы ғалымдар ұстанымдары. Талдаңыз.

 

«Қазақ әдебиеті тарихында қазақ поэзиясының дамуы үш кезеңге бөлінеді:

 

Жыраулар кезеңі (XV ғасыр — XVIII ғасырдың бірінші жартысы.

Ақындық кезең (XVIII ғасырдың екінші жартысы — XIX ғасырдың бірінші жартысы).

Айтыс кезеңі (XIX ғасырдың екінші жартысы — XX ғасырдың басы).

 

Жыраулар мектебінің белгілі өкілдері — Қазтуған, Асан қайғы (XV ғасыр), Доспамбет жырау (XVI ғасыр), Шалкиіз жырау (1465—1560 жылдары), Жиембет жырау, Марқасқа жырау (XVII ғасыр), Ақтамберді жырау (1675—1768 жылдары), Тәтіқара ақын (XVII ғасыр), Үмбетей жырау (1706—1778 жылдары), Бұқар жырау (1693—1787 жылдары), Шал ақын (1748—1778 жылдары), Дулат Бабатайұлы, Жанақ ақын (1770—1856 жылдары), т.б. жатады. М.Әуезов жырау деген атакка ие болған шығармашылық өкілінің өз ортасында ерекше салмағы бар қоғамдық тұлға екендігін айта отырып, оның негізгі функциясы елеңшілік емес, елге басшылық жасап, басалқы айту болатын олар хан қасындағы қалың елдің ішінен қосылған қариялар кеңесінің өкілдері деген тұжырым жасайды.

Жыраулар шығармашылығының ақындық поэзиядан негізгі ерекшелігі — жыраудың тек үлкен эпостарды жырлайтындығымен ғана емес, елдің іргелілігі үшін ақылгөйлік, көрегендік, даналық сөздер айтатын көсемдік табиғатымен тікелей байланысты.

XVIII—XIX ғасырлардағы жыраулар поэзиясында еліміздің тарихы көрініс тапқан. Тек ауыз әдебиеті шығармаларын тарихи дереккез ретінде қарастырғанда, біз бірінші кезекте әрбір тарихи деректің дәлдігімен қатар тарихи оқиғалардың желісін іздейміз.

 

2 Сайфтың  «Гүлстан»  туындысындағы тақырыптық- идеялық, мазмұндық-пішіндік, сюжеттік-композициялық талдау жасаңыз.

 

Бірінші тарау — ел билеушілер туралы.

Екінші тарау — халық бүқарасы жайында.

Үшінші тарау — қанағат-ынсаптың пайдасы жөнінде.

Төртінші тарау — тілге сақ болудың пайдасы жөнінде.

Бесінші тарау — жігіттік шақтың көріністері хақында.

Алтыншы тарау — кәріліктің адамды кәріп етіп қоятыны туралы.

Жетінші тарау — тәлім-тәрбиенің әсері жайында.

Сегізінші тарау — әңгімелесудегі әдептілік мәселесі туралы.

 

Ел билеушілер арасындағы тәж бен тақ үшін, байлық пен

мансап үшін жиі-жиі болатын қанды соғыстардың, ағайын

адамдар арасындағы бақталастық пен алауыздықтың, шектен

тыс қатыгездіктің зардаптарын паш ету. Ақын ел басқаратын


жандардың әділ, ақылды, мейірімді, жомарт болуын көксейді,өз

оқырманын алға қойған мақсатқа жету үшін қажымай-талмай

күресуге үндейді. Адам бойындағы ең асыл қасиеттерді —

махаббатты, ақыл мен парасатты, мейірімділікті, бауырмал

болуды көкке көтере жырлайды.

 

3Шалкиіздің «Би Темірге айтқаны» атты толғауында  жастар тәрбиесіне қатысты салт-дәстүрлердің мәнін түсіндіріп, дәлелдеңіз.Жауынгер жастар бейнелері негізінде қазіргі заманғы Қазақстандағы ұлттық тәрбиенің өзектілігінің көкейкесті себептерін сипаттаңыз.  

 

Тәуелсіз елімізде жастарды бүгінгі күн талабына сай ұлттық тәлім -тәрбие беруде халқымыздың бай мәдени мұраларын , педагогикалық ой-пікірлерін, жинақталған ұлттық құндылықтарды зерттеп, жүйелеп оқу орындарының оқу-тәрбие үрдісіне пайдаланудың маңызы зор. Осы тұрғыдан алғанда, қазіргі бәсекеге қабілетті жас өспірімдерді тәрбиелеу, ұлт тұрмыс-тіршілігін өркендетуші сапалы да, сауатты, ұлтжанды, мәдени - ғылыми ой өрістері кең ұрпақ өсіру - қоғам алдында тұрған басты міндет. Әрбір қоғам өзінің даму барысындағы зиялы қайраткерлердің педагогикалық ақыл-ойын, тәрбиелік тәжірибесін зерделеп, заман талаптарына сай жетілдіріп 127 пайдаланып отырған.Сондықтан ғылыми педагогиканың бастауы деп санайтын орта ғасырлық ұлы ойшылдар Әл-Фараби, А. Иассауи, М. Қашқари, Ж. Баласағұни, М. Х. Дулати т.б. тарихи - педагогикалық мұраларындағы педагогикалық ой-пікірлері ұлттық тәлім-тәрбиенің мазмұнын кеңейтіп, жас ұрпақтарды ел жандылыққа, имандылыққа, патриоттық рухта тәрбиелеуде тірек болуда. Бұл тәлім-тәрбиелік идеялар ХІХ ғасырда Ыбырай, Шоқан, Абай сынды ағартушылардың ойлары мен қазақ халқының тәлім- тәрбиелік құндылықтарын жаңа деңгейге көтерді.

Халқымыздың бүкіл рухани әлемінен, тәрбиелік ой-пікірлері тарихының аса көрнекті ағартушы , қоғам қайраткері, демократ, ғалым Ы. Алтынсарин есімінің алар орны ерекше. Ы. Алтынсарин - өз дәуірінің әдеби - мәдени өмірінде өшпес із қалдырған, туған әдебиетіміздің биік тұлғасы тұғырына көтерілген ұлы педагог, ұлағатты ұстаз, өзі айтатындай, әдебиетіміздің «алыптар тобының» өкілі. Ы. Алтынсарин-өзінің бұкіл жарқын талантын, күш жігерін, халқына еліне, әсіресе, жас ұрпақтың тәрбиесіне жұмсаған қаламгер. Оның әдеби шығармалары қазақ әдиебетінің қалыптасып дамуына, ал-оқу саласындағы көзқарастары- республикамыздағы педагогикалық-психалогиялық ой-пікірдің өсіп-жетілуіне, оқулықтарымен оқу құралдары-төлтума мектеп оқулықтарын жасау өндірісіне орасан зор ықпал етті. Қазіргі таңда білім саласының қызметкерлері, ұстаздар, тәрбиешілер оқу- тәрбие ісіне ұлттық сипат беруге, оны бүгінгі күн талабына орай барынша мазмұнды жүргізуге күш салуда. Білім беру туралы Заңда: «Қазақ халқының мәдениеті мен дәстүр- салтын оқып үйрету үшін жағдайлар жасау - негізгі міндеттердің бірі» делінген. Көне тарихымызға көз жүгіртер болсақ, ұрпақ тәрбиесіне ежелден таңғажайып ғибратнамаға толы ауыз әдебиетінің, бесік жырларының, қисса-дастандардың, шешендік сөздердің, ұлттық рәсімдердің ықпалы аз болмаған. Осылайша бала кішкентай кезінен бастап ғылымның әр саласынан мол мағлұмат алып, ибалы, инабатты, елгезек, ұлтжанды болып өскен. Тоқырау кезеңінің сыныбынан сүрінбей өткен халықтық тәрбие, қазір жаңарып, жаңғырып, бізге толыққанды боп жеткен баға жетпес бай қазына. Ондахалқымыздың ұлттық қадір-қасиеті көрініс тапқан.



 22- билет 

 

Пәні: Ежелгі және хандық дәуірдегі қазақ әдебиеті

Оқытушы: Имангазинов М.М.

 



Сұрақтар

Балл

Жинағанбалл

1

С. Сарайдың «Гүлстан» өлеңінде нағыз досқа тән қасиеттердіңшеберлікпен суреттелуін ашып - айқындаңыз.

40

 

2

«Шалкиіздің»  жырында табиғат суреттерін Жырау өзінің эстетикалықмұратына орай қалай пайдалана білген,  қазіргі поэзиямен ұқсастығымен    айырмашылығын негіздеңіз.

30

 

3

Бұхар жыраудың өз дәуірінің көкейкесті мәселесін көтеруде, шынайы образдар жасауда және көркемдік құралдарды пайдалануда көрінген жаңашылдық. Талдау жасаңыз.

30

 

 

БББ жетекшісі                                     Р.Асылова

 

 

1. С. Сарайдың  «Гүлстан» өлеңінде нағыз досқа тән қасиеттердің шеберлікпен суреттелуін ашып - айқындаңыз.

Бір күні екі дос ну орманның арасында серуендеп жүреді. Кенеттен бір аю екеуіне қарай ұмтылғанда епті біреуі дереу талға өрмелеп шығып кетеді, екіншісі қорыққанынан жерге жата қалады. Аю келіп оны тек иіскелеп қана кетеді. Досы ағаштан түсіп аю сенің құлағына не деп сыбырлады дегенде, «мұндай достың болғанынан болмағаны жақсы деді» - деген екен. (Достық туралы бір нәрсе жазасыңдар, если хотите)

 

2. «Шалкиіздің»  жырында табиғат суреттерін Жырау өзінің эстетикалық мұратына орай қалай пайдалана білген, қазіргі поэзиямен ұқсастығы мен айырмашылығын негіздеңіз.

Жырау шығармаларының көркемдік ерекшелігі де арнайы сөз етуге тұрарлық. Жырау белгілі 6ip тақырыпты жырлағанда табиғат, өмip құбылыстарын қатар алып бейнелейді. Жырау шығармаларынан айқын аңғарылатын бір ерекшелік – оның өлең сөздерінің серпінділігі мен қуаттылығы, мазмұн-мағынасына сай ойлылығы мен құнарлылығы, хас шебердің қолынан шыққандай мінсіздігі мен ажарлылығы.

 

XIX—XX ғасырлардың бас кезіндегі қазақтардың поэзиясы халықтың ежелден қалыптасқан мәдениетімен, дәстүрлерімен және әдет-ғұрыптарымен тығыз байланысты болды. XVIII ғасырдың аяғынан бастап қазақ әдебиетінде бұрынғы әншілік-жыршылық дәстүр біртіндеп ығыстырылып, оның орнын жеке поэтикалық шығармашылық ала бастады. Егер бұрын батырлардың ерлік істерін дәріптеу басым болып келсе, XIX ғасырдан бастап күнделікті тұрмыс-тіршілік тақырыбына тереңдеп ену байқалды. Ақындар өмір жайлы толғанысында шығармашылықтың өзіндік дара жолын іздеуге тырысты, жаңа кәсіби поэзия қалыптаса бастады.


Қазіргі қазақ поэзиясында өзгеше талант иелерінің өсіп келе жатқаны, поэзияны мұрат тұтқан жастардың көбейіп келе жатқаны қуантады. Олардың көбінің-ақ өлеңдері оқуға жеңіл, жүрекке жылы тиіп жатады. Ұйқас жағынан болсын, ырғақ мәселесі болсын ешқайсысына сын таға алмаймыз. Ақындық жолда жүріп жетілген, өлеңді техникалық жағынан шебер меңгерген, талантты, дарынды сөз зергерлерінің қаулай бой түзеп келе жатқаны расында да көңілге қуаныш ұялатады. Олардың қатарында Әлібек Шегебаевты, Ақберен Елгезекті, Қалқаман Саринді, Дәулеткерей Кәпұлын, Серік Сейітманды т.б. атап өту лайық

 

 

3. Бұхар жыраудың өз дәуірінің көкейкесті мәселесін көтеруде, шынайы образдар жасауда және көркемдік құралдарды пайдалануда көрінген жаңашылдық. Талдау жасаңыз.

Жырау қазақ халқының жоңғар басқыншылығы тұсында, елдің болашағы қыл үстінде тұрған кезде өмір сүріп, сол алмағайып замандағы күрделі мәселелерге өз жырларымен жауап бере білген. Осындай ауыр сәттерде Абылай ханға дұрыс кеңес беріп, ел-жұртты басқыншы жауға қарсы күресте біріктіруге, бір тудың астына топтастыруға күш салған. Өзінің саяси-әлеуметтік мәнді жыр-толғауларымен сол жалынды күрестің жыршысына айналған. Осы мақсатта ол Абылай ханды бірден-бір қажетті басшы санап, оған халық бірлігін сақтап калатын көсем тұрғысында үлкен сенім артқан. Абылай хан да сол биік талаптан табылып, елдің бірлігі мен жарқын болашағы үшін жан аямай қызмет еткен. Жырау сол азаттық жолында өлімге бас байлап, ерліктің небір ғажайып үлгілерін көрсеткен хан мен оның батырларын жырға қосып, олардың өшпес әдеби бейнелерін жасаған.

 

Өзі тұрған заманның белгілеріне қарап, келешек заман не айтатынын болжайды. Сөзінің бәрі терең ой, терең мағынамен сөйлейді. Сыртқы түрі құбажондатқан толғау, салыстырған суреттермен ұқсатқан нобай, жағалатқан белгімен келеді… Не айтса да, көптің мұңы мен қамы, көптің жәйі туралы: не көпке арнаған ақыл, өсиет есебінде айтылады.

Жыраудың толғауларының сыртқы сымбаты мен ішкі қасиет-қуатында, көркем ойлау процесінде шиыршық атқан жалынды шешендіктің буы, асқақ қаһармандық рухтың лебі білінеді. Негізінде, толғаудың құрылысы күрделі ой ағымына, пікір еркіндігіне, ауызекі сөйлеу стиліне бағынады. Тармақтар 7–8 буынды, ұйқастары еркін. Тегінде, толғау музыкалық аспаптардың (қобыз яки домбыра) сүйемелдеуімен орандалады.

 

23- билет

Пәні: Ежелгі және хандық дәуірдегі қазақ әдебиеті 

Оқытушы: Имангазинов М.М. 




Сұрақтар

Балл

Жинағанбалл

1

Немат Келімбетовтың Ежелгі дәуір жайлы еңбектерін талдаңыз.

40

 

2

Немат Келімбетовтың Ежелгі дәуір бойынша өзіңіз біле түскіңіз келетінмәселеге байланысты  5  проблемалық сұрақ жазыңыз.

1………………………………………………………

2………………………………………………………

3………………………………………………………

4………………………………………………………

5…...................................................................................

30

 

3

Шалкиіздің «Жауынды күнде көп жүрме» өлеңіндегі үлгі –насихат, синтаксистік паралнллизм.

а)жыраудың сұлулыққа, махаббатқа табынуы. Бір сәттік әлсіздік;

ә)өнерге, туған елге деген қуатты сезімі.

Образдық талдау жасаңыз.

30

 

 

БББ жетекшісі                                     Р.Асылова

 

1. Немат Келімбетовтың Ежелгі дәуір жайлы еңбектерін талдаңыз.

Н. Келімбетов “Ежелгі дәуір әдебиеті” еңбегінде қазақ әдебиеті тарихының қайнар-бастауларымен таныстырады. Автор сақтар мен ғұндар дәуірінде өмірге келген қаһармандық дастандардан бастап, қазақ хандығы құрылған кезеңге дейінгі ежелгі түркі әдеби жәдігерліктеріне жан-жақты талдау жасайды. Ежелгі түркі қаһармандық дастандары мен қазақтың батырлық жырлары арасындағы мазмұндық, тілдік, модельдік, стильдік ұқсастықтар туралы айта келіп, қазақтың көркем сөз өнерінде сан ғасырлар бойы бір сәтке де үзілмей келе жатқан көркемдік дәстүр жалғастығын сараптап көрсетеді. Кітап жоғары оқу орындары филология факультетінің студенттеріне, қазақ әдебиеті тарихының ежелгі дәуірін зерттеуші аспиранттар мен ғылыми қызметкерлерге және көпшілік оқырман қауымға арналған.

2. Немат Келімбетовтың Ежелгі дәуір бойынша өзіңіз біле түскіңіз келетін мәселеге байланысты  5  проблемалық сұрақ жазыңыз.

1) Немат Келімбетов Ежелгі дәуір әдебиеті еңбегінде не себепті 

 

 

3. Шалкиіздің «Жауынды күнде көп жүрме» өлеңіндегі үлгі –насихат, синтаксистік паралнллизм.

а)жыраудың сұлулыққа, махаббатқа табынуы. Бір сәттік әлсіздік;

ә)өнерге, туған елге деген қуатты сезімі.

Образдық талдау жасаңыз.

Қазақ әдебиетінде Шалқыз Абайға байланысты ерекше орын алады. Ол ертегілердің өмірі мен көркем салтың және жаратылыстың белгісі болып табылады. Оның өлеңі жылы өткенінен кейін, оның туысып, жазған "Жауынды күнде көп жүрме" деген үлгі, бір рет төмендегі мәнімен таржымаланған: "Жаныңды табан жүргенде еңбегіңді жоғалтып, ақылды жүргенде жаныңды таба аласың."