Файл: сынылан зерттеу ебектерге рецензия жазыыз.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 24.10.2023

Просмотров: 405

Скачиваний: 5

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


3 «Күлтегін» жырында, өз ұлтының жетістігі мен кемшілігін қатар көрсетудегі мақсаты не? Талдау жасаңыз.

Күлтегін жырының кейіпкерлері: Күлтегін батыр,Білге,Елтеріс,Бумын,Қапаған қағандар.

"Күлтегін" жырының басты идеясы:түркі халқын ауызбірлікке, сыртқы жауға қарсы ұйымдасқан күреске, ежелгі ата-баба жолы мен салт-дәстүрін берік ұстауға үндеу болып табылады. 

Тақырыбы:

"Күлтегін" (кіші жазу) жыры әрқайсысы өз алдына дербес әрі сюжеттік жағынан бір-бірімен тығыз байланысты сегіз топтамадан тұрады.Әрбір топтама – мазмұны жағынан бір-бір хикая.Оның бірінші топтамасы – қағанның өз халқына айтқан үндеуі; екіншісі Түрік қағандығы жерінің кеңдігін суреттейді; үшіншісі түркілердің әскери жорықтарын жыр етеді; төртіншісі көршілес табғаш халқының қастандық әрекеттері туралы әңгіме; бесіншісі табғаштармен қарым-қатынас түркілерге ажал қатерін төндіретіні жайында; алтыншысы түркі халқының көреген емес екені туралы; жетіншісі түркі халқының даңқын көкке көтерген Білге қаған жөнінде; сегізінші топтама осы ескерткіш-жырды жазуға себеп болған жайттарды баяндауға арналған.

"Қыз Жібек" жырының "Күлтегін" жырынан ерекшелігі:"Қыз Жібек" жыры - лиро-эпостық жыр.Онда сол замандағы әлеуметтік теңсіздік,жастардың бас бостандығы,қос ғашықтың махаббаты баян етілген.Ал "Күлтегін" жырында негізінен батырлардың ерлігі жазылған.

 

1 ХІ-ХҮІІ ғасырдың алғашқы жартысындағы  қазақ  әдебиетін  тақырыптық ерекшеліктеріне қарай жіктеп, кесте түрінде көрсетіңіз.

Қазақ даласы ХІХ ғасыр басында көп қиындықты өткеріп, өзегі өртке толып тұрған.  ХІХ ғасырдағы Ресей империясының отарлау саясаты  тек батырлардың ғана емес, қазақ әдебиеті мен ауыз әдебиетінің де шарықтауына жол ашты.  Ақындар мен суырыпсалма жыршылар қазақ халқының ерлік күресін, ержүректігін, батырлар мен қолбасшылардың халыққа адалдығын, берілгендігін жан жақты жырға қосты. Соныменқатар халқын сатқан хандарды, сұлтандарды, билерді де ашық сынап отырды.

Бұл жырлардың тарих үшін маңызы орасан зор.

Авторлар тарихи оқиғаларға тікелей қатысқан, көзімен көрген.

Қазақ халқының батыр ұлдары туралы тамаша шығарма туғызу арқылы өткен заманның дәстүрлерін, тарихи тұлғалардың нақты есімдерін кейінгі ұрпаққа жеткізді.

Қазақ халқының жаңа ұрпағын тәуелсіздік жолындағы ерлікке, отаншылдыққа, қазақ халқының рухани мұраларын қастерлеуге тәрбиелейді.

Халықтан шыққан аса ірі ақындар қатарына :

Досқожа, Нысанбай, Махамбет, Шернияз, Шөже сынды ақын жыраулар болды. Бұл ақын жыраулардың деректері Тәуелсіздік алғанға дейінгі  жылдарда архивтерде тұмшаланып жатып, қазіргі таңда  назарға алынып, жаңа көзқарас тұрғысынан бағаланды. Бірнеше ірі ақындардың шығармашылығына назар аударылды. ХІХ ғасырда қазақ халқының жаңа әдебиеті қалыптасты.


 

2 Жыраулар туралы өз топшылауыңызды ұсыныңыз. «Тоғай су» өлеңінде біртұтас Түрік елі идеясын көтеруін талдау жасау арқылы дәлелдеңіз. «Доспамбет-жорықшы жырау» деген пікірге қалай қарайсыз? ЖЫРАУДЫҢ  ұлтшылдық сезімін оятатын тағы қандай өлеңдерін білесіз? Доспамбеттіңмтуған жеріне, туған еліне деген сүйіспеншілік сезімін қай сөздерден аңғаруға болады?  Туған жерді қорғау үшін ер болу, батыр болу керек деп ойлайсыз ба? Талдау жасаңыз.

 

Доспамбет – жорықшы жырау, талай шайқастарда ерлік көрсеткен батыр. Доспамбет жыраудың (ХУІ ғ.) есімі кезінде бүкіл Ноғайлы Ордасы мен Дешті қыпшаққа мәшһүр болған. Доспамбеттің тегі ноғайлыдан. Өзін «Аймедет ер Доспамбет» деп атайды. Туған жері Дон құйылысындағы Азов шаһары. Жырау кіші Орданы мекендеген билеуші әскери шонжар отбасында дүниеге келген. Өз ортасы, заманындағы білімді, тәрбиелі адам болған, Дешті Қыпшақты аралаған, Стамбул, Бақшасарйды болған. Доспамбет – жауынгер жырау. Ол 1523 жылы Астрахань түбінде қаза тапқан.
Доспамбет – «садақ толы сагез оқты бората атқан» батырды, «алты құлаш ақ найзасымен» жауын шаншыған қаһармады, Еділдің бойын ен жайлап, бейбіт тұрмыс кешкен заманды өз толғауларына өзек еткен. «Айнала бұлақ басы Тең» — бұл ұзақ толғауды өмірімен қоштасар сәтте шығарған. Толғауда жырау өз өміріне қорытынды жасайды, өзін-өзі дәріптейді. Өмірдің өтпелілігін «Дүниенің басы — сайран, түбі – ойран» деген сөздермен береді. Толғауда өмірден кетіп бара жатқан жанның ұлы арманы, ел-жұртына деген өшпес, қуатты махаббатының мұңы нәзік лиризммен беріледі. Жыраудың жалт еетіп өте шыққан жасындай өміріне риза екенін (қол бастауы, ару сүюі,тлпар мініп, дулыға киюінен) байқаймыз. Доспамбеттің «Қоғалы көлдер, қом сулар», «Арғымаққа оқ тиді», «Айналайын ақ Жайық», «Тоғай, тоғай, тоғай су» деп басталатын толғауларында жаугершілік заман келбеті айқын байқалады.

Бейбіт өмірдегі және соғыс кезіндегі батырлық
Бейбіт өмірдегі батырлық пен соғыс кезінде батырлық екеуі екі басқа. Мысалы, соғыс кезіндегі батырлық- соғыс кезінде ерең ерлік көрсеткен батырлар көп. Олар: Б.Момышұлы, Ә.Молдағұлова, М.Мәмбетова және т.б. Ал ешбір соғыс болмаса да, қазөіргі адамдар бір-біріне зұлымдық жасауын қояр емес. Олар біреуді соққыға жығып немесе өлтіріп сияқты түрлі зұлымдық жасайды. Сол кезде ер жүрек адам келіп, оны құтқарып, жедел жәрдем шақырып, тіпті өзіне қауіп төніп тұрса да сол адамды құтқарып алады. Міне осыны бейбіт өмірдегі батырлық деп ойлаймын. Осындай батырлық жасап, басқаларды құтқарам деп өз денесін жаралап алады. Бірақ оған еш мойымайды. Мұндай батырлық жасау әркімнің қолынан келе бермейді. Сондықтан ер жүрек адамдарды құрметтейік, достар!



 

3 Шалкиіз жырау  «Асқар, асқар тау» жинағы, оның қазақ тағдырындағы мәні мен маңызына тоқталыңыз.

 


Шалкиіз жырау (1465-1560) - ақын, жырау, батыр. Шалкиіз - туындылары орыс тіліне аударылған ақын-жыраулардың бірі. Оның шығармашылығын сол дәуірдегі орыс оқымыстылары мен зерттеушілері жоғары бағалаған. Темір биге айтқандары әртүрлі жинақтар мен басылымдарда бірнеше мәрте басылды. Жыраудың қазақ көне әдебиетіндегі орны ерекше. Шалкиіз жырау ғүмырының көп бөлігін Ноғай ордасының билеушісі Темір бидің қол астында өткізеді. Турашылдығымен, әділдігімен, даналығымен ел алдында беделді болады. Өмірінің соңғы жылдарын Хақназар хан тұсындағы Қазақ мемлекетінде өткізеді.

 

1 Ақтамберді жыраудың «Балпаң, балпаң, кім баспас» толғауында Ақтамбердінің ақын, би, шешен, жеке тұлға, қарапайым отағасы ретіндегі қай қыры ашыла түскенін аңғардыңыз, тарихи тұлғаның образын ашуда қай қыры ашыла түскенін қалайсыз? Көркемдік шешімге келісесіз бе, сіз қаламгер болсаңыз, қалай келер едіңіз, нені білгіңіз келеді?

 

Ақтамберді Сарыұлы 93 жыл өмір сүрген, яғни 1675–1768 жж. дəуір кешкен. Ол күреске ерте араласқан жауынгер-жыраусанатына жатады. Тұрмыстың қыр-сырын, отбасы, елдік, ерлік, жер мəселелерін жырларында жақсы бейнелеген. 1738–1752 жж. қазақ-қалмақтың қанды қақтығыстарының барлығына дерлікқатысқан. «Ақтабан шұбырынды» оқиғасының зұлмат қан кешуінбастан өткерген. Ес білгеннен бастап 70 жыл бойы ат үстінен түспей, елі мен жерін қорғаған қас батыр, айтулы шешен, қабырғалы би, атақты жырау. Қазақ жауынгерлерінің азаттық, құлдық жөніндегі түсініктері, болашаққа деген сенімі, адалдық-жауыздық, қиянат, əділетсіздік хақындағы таным-түсініктері Ақтамберді талғамынан өтіп жыр-толғауға айналған. Əлі де қолға түспеген толғаулары ел аузында сақталуы ықтимал. Қазіргі қолда бары 300 жолдан аспайды. Даңқты жыраудың азғантай қазынасының өзі афоризмдерге толы. «Күмбір-күмбір кісінетіп»,«Уа, қарт Бөгенбай», «Менімен, ханым, ойнаспа», «Жауға шаптым ту байлап», «Заманым менің тар болды» жəне т.б. өлең-толғаулары батылдыққа, ізгілікке, отансүйгіштік күй-сезімдерге толы.Бүгінде Ақтамберді жыраудың 26 туындысы белгілі. Олартақырыбы жағынан үш топтан тұрады жəне тиісінше жауынгер-ақын өмірінің үш кезеңін: жастық шағын, толысып, даңқы шыққан жылдарын жəне егде тартқан кезін бейнелейді

2 Мұхтар Мағауиннің «Қобыз сарыны» атты еңбегінде  Бұқар жырау, Жанақ ақын, Шөже, Орынбай, Ақтамберді, Доспамбет есімдері аталады. Олардың қазақ елі алдындағы қызметтерін, еңбектерін қысқаша жазып өтіңіз.Доспамбеттің "Қоғалы көлдер, кұм, сулар", "Азау, Азау дегенің", "Айналайын Ақ Жайық", т. б. өлеңдері белгілі.


Доспамбет жырау — 1490 жылы Азау қаласында туып, 1523 жылы Астрахан маңында қаза болған көне қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі және жорық жыршысы. Қазақ халқының қалыптасу кезеңінде өмір сүрген жыраудың руы — кіші ноғайлы. Өз заманындағы жорықтарға, Қырым, Ноғайлы, Қазан хандықтары арасындағы ұрыстарға қатынасқан. 1523 жылы Астрахан жорығы кезінде Доспамбет жырау бастаған шолғыншылар тосқауылға ұшырайды да, жырау ауыр жараланып, қайтыс болады.

 

Бұқар жырау(1693—1787 жылдары). Оның туған жері — Жиделі Байсын өлкесі. Дәл туған жылы белгісіз, мөлшермен, XVIII ғасырдың соңғы ширегі. Руы — арғын. Б9кар жырау 1702 жылы Бұхарадағы Кекілташ медресесін бітіріп, бірнеше тілде еркін сөйлейтін дәрежеге жетеді. Әсіресе парсы, араб тілдерін жетік үйреніп шығады. Медресе бітірген соң Түркістандағы Қожа Ахмет Йасауи мешіт-медресесі имамының шақыруымен сонда барып, Түркістан медресесінде дәріс береді.Жыраудың “Он екі айда жаз келер”, “Абылай ханның қасында”, “Ханға жауап айтпасам” ,“Бұл, бұл үйрек, бұл үйрек”, “Әлемді түгел көрсе де”, т.б.

 

Ақтамберді Сарыұлы (1675, қазіргі Оңтүстік Қазақстан, Қаратау, — 1768 — қазіргі Абай обылысы Абай ауданы Жүрекжота мекені)[1] — жырау, ақын, қолбасы, қазақтың көне жыраулық мектебінің белді өкілі, дипломат. Найман тайпасының қаракерей руының Сыбан тармағынан шыққан.Жауынгерлік поэзияның үздік үлгілері - «Күлдір-күлдір кісінетіп», «Отбасар орны отаудай» толғаулары тағы басқа өлеңдері қазақ поэзиясының алтын қорына қосылады.

 

Жанақ Сағындықұлы, кіші Жанақ (1770 жыл, Шығыс Қазақстан облысы, Абыралы ауданы, Қайнар кеңшары, Жақсы Абыралы қонысы - 1856 жыл, қазіргі Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы “Хан сүйегі” деп аталған жер) — ақын.Найман тайпасының Матай руының Қамбар(Аталық) бұтағынан шыққан.“Болат ағып, бұл күнде қалды мырыш”, “Шынар құлап түбірде қалды шіріп, Ел ұйтқысы бұзылды мәйегі іріп”, “Үй күшіктей отынның басында үріп”, “Аш қасқырдай нашарды жейсің жығып, сырт жау келсе, кетесің шиге бұғып”.

 

Шөже Қаржаубайұлы (1808, қазіргі Ақмола облысы Қызылту ауданы –1895, сонда) – халық ақыны. Қазіргі Нұра ауданының жерінде кедей шаруа отбасында туған. Өлең шығару дарыны жас кезінен-ақ байқалған, бала кезінде аурудың салдарынан зағип болып қалған. Айтыстарға қатысқанда қалыптасқан әлеуметтік-философиялық көзқарастары болды. Адамгершілікке жат кеселді кемшіліктерді әшкерелейді (Кемпірбай, Тезекбай, Жәмшібай, Келдібай, Балта, Орынбай, Серәлі, Шортанбай және басқаларымен айтысқан). Үлкен айтыстарда 17 рет жеңіп шыққан.Оның бір топ өлеңдері (“Дәукейге”, “Домбыра шыққан тыңқылдан”, “Бәйтікті мақтағаны”, т.б.) жеке адамдарды көтере дәріптеп, мақтауға құрылған.