ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 24.10.2023
Просмотров: 404
Скачиваний: 5
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
3 Асан қайғының «Қырында киік жайлаған», «Еділ мен Жайықтың», « философиялық трактаттарының рухани-адамгершілік мұраттары. Поэтикалық талдау жасаңыз.
Асан қайғы (Хасан) Сәбитұлы[1](14 ғасырдың ақыры – 15 ғасырдың басы) – мемлекет қайраткері, ақын, жырау, би, философ. Әз Жәнібек ханның ақылшысы болған. Әкесі Сәбит Арал өңірінің Сырдария жағасын мекен еткен. Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, «Жеті әулие» қорымындағы Асан атакесенесі - Асан Қайғы мазары делінеді. Жыраудың бір алуантолғаулары Әз Жәнібек ханға арналған. Ол ең әуелі ханның айналасына көз салмай, шабылып жатқан халқының жағдайын ойламай бейғам отыруына наразылық тұрғысында айтылады(«Қымыз ішіп қызарып, мастанып неге терлейсің, өзіңнен басқа хан жоқтай елеуреп неге сөйлейсің?»). Ертеңгі халық болашағын Жәнібек ханның ақыл-айла, көрегендігімен тығыз байланыстаалып қарайды. Осы арнауында жырау күншығысқа көз алмайқарайтын көрші патшалықтан сақтанудың қажеттігін арнайыескертеді («Қилы-қилы заман болмай ма, Суда жүрген ақ шортан, Қарағай басын шалмай ма?»). Асан Қайғы осы «ақ шортан» мен «қарағай» бейнесін келесі бір толғауында кеңірек ашып, орыс патшасы отарлауының мән-жайын алдын ала айтып, көрегенділік танытады. Халық басына төнген бұл қауіптің зардабын, оның немен тынатынын да дәл болжайды («Ол күнде қарындастан қайыр кетер, Ханнан күш, қарағайдан шайыркетер, Ұлы, қызың орысқа бодан болып, Қайран ел, есіл жұртым сонда не етер?»). Асан Қайғы Қаласының жыр, толғаулары негізінен үлгі-өсиет, мақал-мәтел іспеттес болып құрылады. Жырау ру-тайпалық одақтардың генеалогиясын, халықтық әдет-ғұрып, дәстүрлерді дәріптеп, өмір сүрудің мәні туралы, жақсылық пен жамандық, әділдік пен зұлымдық, үлкенді сыйлап-қастерлеу, олардың ақылын алу, бір-бірімен босқа қырқыспау, бейбіт өмір кешуге, ізгі ниетті, қарапайым, адал, шыншыл, иманды болуға шақырады («өле-тұғын тай үшін, қонатұғын сай үшін, желкетерің құрысып, бір-біріңмен ұрыспа»). Түсіністікпен үйлесімді өмір сүру үшін әр адам өзін-өзі жетілдіруі қажет, ізгілікті болу – бүкіл адамзат атаулының бәріне ортақ дейтін гуманистіктұжырым жырау шығармашылығының негізгі арқауы («
Әділдіктің белгісі, біле тұра бұрмасауыл Ақылдының белгісі, өткен істі қумасауыл Жамандардың белгісі, жауға қарсы тұрмасауыл..»). Енді бір алуан жырлары тұрмыста түйген ой-тұжырым, болжау түрінде келеді («Құйрығы жоқ, жалыжоқ, құлан қайтіп күн көрер, аяғы жоқ, қолы жоқ, жыланқайтіп күн көрер?»). Асан Қайғы есімі тек қазақ халқына ғана емес, басқа да ағайын халықтарға (қырғыз, қарақалпақ, ноғай тағы басқа) кеңінен тараған. Бұл орайда жырау толғауларындағы жоғарыдағыдай философия және психология мәні зор қанатты сөздердің атқарған өзіндік рөлі ерекше.
1 Талдай отырып,сұрақтарға жауап беріңіз.
а) Айтолдының әңгімесі нені аңғартады?
ә) Күнтолдының келуінен нені аңғардыңдар?
б) Үгділміштің келмеуі деген көріністің аяғы немен тынды?
в) Өдүрміштің символы қай көрініс арқылы сипатталған?
г) Қанағат шығармада ол қандай образбен шендестіріледі?
ғ) Айтолдының символдық әрекеті.
д)Оқиға барысында Айтолды қай қырынан байқалады?
ж)Дәулет пен байлық ненің рәмізі деп ойлайсыз?
з) Айтолдының басқару кезеңінені аңғартады?
е) Зерттеушілер пікірі.
«Құтты білік» дастанындағы Айтолды бейнесінің сыр-сипаты жайлы жазыңыз.
Кітапта төрт кейіпкер бар: Әділет, Бақыт, Ақыл, Қанағат. Күнтуды бек - әділет бейнесі; Айтолды уәзір – бақыт бейнесі; Одғұрмыш – уәзірдің бауыры, қанағат бейнесінде, Өгдүлміш – уәзірдің баласы, ақыл-сана бейнесінде алынған, әңгіме осы төрт кейіпкердің сұрақ-жауаптары арқылы дамиды.Енді осы кітап желісі бойынша Айтолды бейнесінің сыр-сипаты жайлы сөз қозғайтын болсақ ол патшаның оң қолы болып көптеген халықтық мәселелерді шеше білді.Яғни халық пен хан арасында мықты көпір бола білді.Сондай ақ қолында билігі бар құрығы ұзын ханның жаңсақ жасаған іс әрекеттерін бетіне басып айта білді.Халықты қалай басқару керектігін тәртіптік жүйені қалай дұрыс қою керектігін ханға айта білді.Жалпы айтқанда автор Айтолды бейнесі арқылы бақытқа бастайтын жолды нұсқады.Мұндағы негізгі мағына елдің ел болып қалыптасуының ең маңызды бейнесі ретінде Айтолдыны көрсетіп оның бойындағы құнды қасиеттер арқылы мәрттігін мақұлдатып,өлместің отын жағатұғын керегесі кең қабырғасы бекем мемлекеттің іргетасын ақылы толысқан кемеңгер тұлғаға негіздеді.
2 Ақжан Машанов Фарабиды қалай көтере алды?
Ғалымның пікірін көркем шығармаға талдау жасау арқылы дәлелдеңіз.
Ақжан Машанидың тарихта қалған ең үлкен еңбектерінің бірі – Әл-Фарабидің қазақ топырағында дүниеге келгенін, оның қазаққа тиесілі екенін әлем халқы алдында дәлелдеуі болар. Өйткені әл-Фарабиға таласқандар өте көп еді. Ақаң әл-Фараби мұрасы қазаққа тиесілі екенін дәлелдегеннен кейін 1975 жылы “Әл-Фараби және бүгінгі ғылым” атты монографиясын жазды. Ол еңбегі 18 мың ғаламды Алла жаратты деген теорияны бүгінгі ғылыммен байланыстыра отырып дәлелдегені үшін дер кезінде басылмады. Әл-Фарабиді зерттеуге бар жан-тәнімен кіріскен Ақаң осылай дегеніне жетті. Өзі үнемі “Егер Абайды жақсы білмесем, әл-Фарабиге бара алар ма едім? Біз әл-Фарабиді философ дейміз, бірақ ол – музыкант. Абайды ақын дейміз, бірақ ол – философ” дейді екен. Әл-Фарабидің “Музыканың үлкен кітабы” атты еңбегінің арабша нұсқасын жан-жақтан іздетіп, Голландияның кітапханаларына сұрау салдырып, Лейден қаласы кітапханасынан тауып, оған терек талдау жасаған Машани “әл-Фараби және музыка” атты кітабының алғысөзінде: “Оқушыларымызға ескерте кететін бір нәрсе, бұл күнге дейінгі әл-Фараби жөніндегі еңбектерде біздер ол кісінің хақ мұсылмандық пікірлерін ашық айта алмай, кейде бұрмалап кеткен жерлеріміз де болды. Алла кешірсін. Өйткені өкімет жағынан сондай қысым болды. Кей кездерде ол кісіні дінге қарсы қоюға бет алғандар көп болды. Солардың жалғандығын еске алып отыру керек. Бұл кітапта біз Аллаға шүкір, сол жалғандықтан аулақ болуға тырыстық. Хақтық жолға бет алдық”, — деп жазады екінші ұстазға жарты ғұмырын арнаған ғалым. Расымен, Ақжан Машанидың кейінгі еңбектерінде дін, Ислам, Құран тақырыбы кеңінен зерттеледі.
3 Ахмет Иассауидың діни - философиялық трактаттары («Диуани хикмат» туралы). Шағын мақала жазыңыз.
Ахмет Яссауий –түркі тілдес халықтардың орта ғасырдағы аса көрнекті ақыны, есімі ислам әлеміне машһур болған ойшыл қайраткері. Ол мұсылман қауымының дәстүрлі қағидаларын жырлаған сопылық әдебиеттің түркі халықтары арасындағы мейлінше танымал, ірі өкілдерінің бірі болды. “Диуани хикмат” (“Даналық кітабы”) – түркі тілді халықтардың XII ғасырдан сақталған әдеби ескерткіштерінің бірі саналады. Бұл өлеңдер жинағы қазақ әдебиетінің де орта ғасырлық нұсқасы болып табылады. Өйткені Яссауи Хикматтарының тілін ұзақ жылдар бойы зерттеген көрнекті совет ғалымы А.К. Боровковтың пікірі бойынша “Даналық кітабы” оғыз –қыпшақ тілінде өмірге келген әдеби туынды.
“Даналық кітабында” негізінен төрт нәрсе мадақталады. Олар: “шариғат”-ислам заңдары мен әдет ғұрпының жинағы, “тариқат”- сопылықтың идеясы, мұрат-мақсаты, “маьрифат”- дін жолын танып, оқып білу; “хақиқат” құдай және оған жақындау. Ахмед Яссауидің ойынша, “Шариғатсыз”, “тариқат”, “тариқатсыз” ” маьрифат”, “маьрифатсыз” “хақиқат” болуы мүмкін емес. Бұлардың бірі екіншісіне өту үшін қажетті басқыш болып табылады.Әділдік жолына түсу, ақиқатты іздеп табу, адамның рухани өмірінің таза болуы сияқты құбылыстарды Ахмед Яссауи ислам дінінің шарттары арқылы түсіндіруге әрекет жасады . Соның өзінде, ақын әлеуметтік қайшылықтар мен теңсіздіктерді сынап, халық мүддесін ескергісі келмеген тәкәппар жандарды әшкерелеп отырады. Халықты ізгі қасиеттерге, адамгершілікке үндейді.
1 ХІ ғасырдың алғашқы жартысындағы қазақ әдебиетінің даму үдерісін оқулық және ғылыми еңбектермен жұмыс жасау арқылы кесте түрінде теориялық-әдістемелік тұрғыда талдаңыз.
Қазақ әдебиеті ХІХ ғасырда аса бір елеулі, құнарлы кемелденуді , түрленіп, түлеуді бастан кешті. ХІХ ғасыр қазақ әдебиетінің бел асқан кезеңі болды. Әдебиет тарихының мәселелері түпкілікті қозғала бастаған жиырмасыншы ғасырдың басынан бері ХІХ ғасыр әдебиеті айрықша назарда болды : шұқшия зерттелді.Бұл дәуірдің әдебиет үлгілері , оның туу жасау себептері тек қана сырт мазмұндау емес, көркемдік негіздерімен дәлелденіп, айғақтала бастады. ХІХ ғасыр әдебиетінің сан-саласы, оны туғызушылардың өмірбаяны, шығармашылық мұрасы ғылым назарына ілікті. Өкінішке орай, түрлі саяси қаулы-қарар: әдеби мұраны ары тартып, бері тартып саясаттың, идеологияның көкпарына айналдырған тұстар аз болған жоқ: ол уақыттарда көркемдік әлем , сөз өнері жайлы ғылым жаландыққа, жасандылыққа барды, тоқыраған сәттері болды.Соның өзінде әдебиеттану ғылымы әдеби мұраны жиып, теріп, жариялап, бастырып: зерттеу ісін тоқтатқан жоқ.Қазіргі күнде қолымызда ХІХ ғасырда жасаған қазақ әдебиеті үлгілерінің қырау мұрасы бар: сол әдебиетті туғызушылардың өмірбаян, шығармашылық ғұмыры жайлы толып жатқан мәнді, маңызды мәлімет бар. Негізігі, басты сипаттары, ерекшелектері қамтылған ғылыми-зерттеу еңбектер бар.Соңғы уақыттарға шейін ХІХ ғасыр әдебиеті түрлі атауларымен бөлініп келгені мәлім. Бірақ ол атауларға көбіне сол әдебиеттің көркемдік негізі , әдеби үлгісі емес, көбіне мазмұндық, саяси мән жағынан берілген жалпы баға негіз болды.
Кертартпа романтикалық, сыншыл реалистік деген атаулар әдебиет ерекшелігін ажыратуға қатысты қолданыстар, айғақтар болғанымен, өз мәнінде қолданылды деуге болмас. Бір кездерде біздің әдебиеттану ғылымымызда, көркемдік танымымызда реализм тек Абайдан басталды деген ұғындыру басым болды. Көркем әдебит реалистік негізсіз тумайтынын, жасамайтының мойындағымыз келмеді.
2 Доспамбет образының саяси әлеуметтік тұрғыдан – батырлық қырын, рухани – гуманистік тұрғыдан психологиялық портретін, тұрмыс – тіршілік тұрғысынан – пенделік болмысын ашқан шеберлігін талдаңыз.
Доспамбет жырау (1490, қазіргі Ресей Федерациясы, Ростов облысы, Азау қаласы — 1523, Астрахан маңы) — жырау, қолбасшы, батыр. Доспамбет жырау қазақ халқының қалыптасу кезеңінде өмір сүрді. Кіші Ноғай ордасында әскери қолбасшы болған. Дешті Қыпшақты көп аралаған, Бақшасарайда, Стамбұлда болған. Қырым ханының жағында көптеген әскери жорықтарға қатысқан. Тайпааралық ұрыстардың бірінде қаза тапты. Доспамбет жыраужырларынан оның мұрат-мақсаты, түсінік-талғамы, дүниеге көзқарасы анық аңғарылады.Отан қорғау, елге, жерге дегенсүйіспеншілікті бейнелейтін жырларында қырым, ноғай, қазақ жұртының іргесі бүтін, ешкімге бас имейтін ел болып отырған заманды аңсау сарыны байқалады. Жырау ол заманды қайтып келмес бақытты өмір ретінде толғайды (“Айнала бұлақ басы таң”, “Тоғай, тоғай, тоғай су”, “Азау, азау дегенің”, “Арғымаққа оқ тиді”, “Қоғалы көлдер, қом сулар”, “Айналайын, Ақ Жайық”, т.б.). Жырау өткен өмірді жырлағанда туған ел, өскен жерге дегеныстық махаббатын келер ұрпақ болашағымен байланыстырасипаттайды. Олардың да ертең еліне қорған, тірек болуынқалайды. Доспамбет жырау өз басын өлімге тігіп, сан рет қанды шайқастарға қатысқан ата қонысын үлкен сүйіспеншілікпен толғайды. Жырау ел қорғау, жорық тақырыбына арналған жырларында елі мен жері үшін өлген ердің арманы жоқ деп, отаншылдық рухты бәрінен биік қояды. Ол серілік пен сақилықты, дарқандықты, қонақжайлылықты ата-бабадан кележатқан асыл дәстүр ретінде дәріптейді. Доспамбет жыраушығармалары қазақ поэзиясы тарихында өзгеше көркемдігімен, екпінді ырғағымен ерекшеленеді.