Файл: бастауыш мектептегі саба басымдытар жне жетілдірустратегиялары педагогтерді біліктілігін арттыру курсыны білім беру бадарламасы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 25.10.2023

Просмотров: 1419

Скачиваний: 67

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


2-тапсырма: Төменде берілген кейстерді (№1,2,3,4) әріптесіңізбен бірге қарап, тапсырманы орындаңыз.

1.Оқу мақсатын талқылап, бағалау критерийлерін әзірлеңіз

2. Ойлау дағдыларының деңгейін анықтаңыз

3. Тапсырманы оқу мақсатына сәйкес түзетіңіз немесе толықтырыңыз

4. Ұсынылған дескрипторларды талқылаңыз және түзетулер енгізіңіз

5. Тапсырма оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес келе ме?

6. Оқушылар осы тапсырманы орындау үшін қандай пәндік білімдерін көрсетуі керек?

7. Бұл тапсырма функционалдық сауаттылықты дамытуға қалай көмектеседі?

Кейс 1.

Ортақ тақырып


Менің отбасым және достарым

Оқу мақсаты

2.1.4.1 тірек сөздерді қатыстыра отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрау

2.2.4.1 мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау

Ойлау дағдыларының деңгейі





Бағалау критерийлері






Тапсырма:

Тақырыбы мен тірек сөздерді оқы. Осы мәтінде не туралы айтылуы мүмкін? Тірек сөздерді пайдаланып мәтін құрастыр.

Мәтінге басқа тақырып ұсын.

Циркте

Тірек сөздер: анаммен, қойылым, арена, көңілді, клоундар, аң үйретушілер, арыстандар, ойындар, маймыл, күлкілі, фокусшы, шапалақтадық


Дескрипторы



Тақырып негізінде мәтін не туралы болатындығынболжайды.

Мәтіндегі негізгі ой туралы болжамыннегіздейді.

Тірек сөздердіқолданады.

Құрастырылған мәтіннің мазмұнын ауызшаайтады.

Мәтінге тақырып ұсынады.




Кейс 2.

Ортақ тақырып


Сәулет өнері

Оқу мақсаты

3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау

3.2.5.1 берілген тақырып, сұрақ бойынша түрлі дереккөздерден (мәтін, сөздік, сызба, кесте, карта) алынған ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу, жүйелеу, мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтау

Ойлау дағдыларының деңгейі






Бағалау критерийлері





Тапсырма :

Мәтіндегі таныс емес сөздерді стикермен, астын сызумен немесе түстермен бояп белгілеп оқыңыз.

Белгіленген сөздердің мағынасын сөздік пайдаланып ашыңыз.

Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз.

Анықталған ақпарат негізінде"Айша-бибі кесенесі"туралы мәліметтерді жүйлеңіз..


Айша-бибі кесенесі

Айша бибі кесенесі – Тараз қаласынан 18 шақырым қашықтықта орналасқан республикалық маңызы бар сәулет ескерткіші.

Бұл кесене – Орталық Азиядағы теракотамен оюланған жалғыз сәулет ескерткіші. Оның сұлулығы мен өзіндік ерекшелігі әлі күнге дейін көптеген туристерді таңдандырады. Кесененің құрылысы туралы нақты мәліметтер қалған жоқ. Алайда, Айша-бибінің махаббаты жайлы қазақ аңызы бар. ЮНЕСКО мамандарының анықтауы бойынша Айша бибі кесенесінің бүкіл әлемде баламасы жоқ.

Кесененің батыс қабырғасының бір бөлігі ғана осы күнге дейін сақталған. Қазіргі уақытта кесене толығымен қалпына келтірілді.
"Қазақстан Балалар энциклопедиясы". – Алматы: Аруна, 2007.
Махаббат туралы аңыз

Тараз қаласының маңында, үлкен жолдан алыс емес жерде қазақ халқының ең әдемі тарихи ескерткіштерінің бірі – Айша бибі кесенесі орналасқан. Сонымен қатар, кешен тек республикалық маңызы бар архитектуралық құрылым ғана емес, ол махаббат туралы әдемі аңыз Айша бибінің есімімен байланысты.

Кейбір деректерге сүйенсек, бүгінгі күні бұл ерекше махаббат оқиғасының 30-ға жуық нұсқасы бар. Олардың бірінің айтуынша, Айша сұлу Ахмет Яссауидің шәкірті, Зеңгі баба деп аталып кеткен Хәкім-Атаның қызы болды. Аңызда, Тараз әміршісі 16 жасар Айшаны бір көріп ғашық болып қалған деп айтылады. Теңдесі жоқ Айша сұлу да Қараханға өлердей ғашық болған. Айша бибі әскермен соғысқа аттанған сүйіктісінің жеңіспен оралғаны туралы хабарды естіп, күтіп алуға бет алды. Бірақ ғашықтарға қосылуды жазбаған еді. Алыс сапардан арып шаршап, Таразға жақындағанда өзен жағасына дамылып, демдерін басып жатқан тұста Айшаны улы жылан шағып өледі.

Қайғыдан қан жұтқан Қарахан сүйікті қалыңдығының мәңгілік мекеніне кесене салуды бұйырды.
Дерекөз: https://stan.kz/aysha-bibi-turali-malimet-311561/ сайтынан бейімделіп алынды

Дескрипторлары



Ақпарат көздерінен алынған мәліметті зерделейді.

Мәтіндердегі өзіне таныс емес сөздерді анықтайды.

Мәтіндегі жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашады.

Дереккөздерден алынған екі мәтінге ортақ негізгі ойды анықтайды.

Анықталған мәліметтерді жүйелейді




Кейс 3.


Ортақ тақырып


Болашаққа саяхат

Оқу мақсаты

4.2.1.1 мәтін түрлерін (әңгімелеу/сипаттау/ пайымдау) және олардың құрылымдық бөліктерін анықтау

4.3.4.1 мәтінді құруда (жаңалық, репортаж, жарнама) сызба, график, кесте, фото және диаграмманы қолмен сызу/компьютерде теру


Ойлау дағдыларының деңгейі






Бағалау критерийлері





Тапсырма

Мәтінді оқып, олардың түрлерін анықтаңыз. Мәтіннің негізінде туристерге арналған жарнама жасаңыз.

№1 Бурабай ұлттық паркі

Ақмола облысының солтүстігінде «Бурабай» ұлттық паркі орналасқан. Бурабайдың тау-тасы да, көлі де, жазық даласы да ертегілер мен аңыздарға толы. Көкше жеріндегі Бурабайдың тамаша табиғаты, тылсым бейнесі – қарағайлы орманы, бір-бірінен көлдері арқылы бөлініп жатқан қатпарлы жартастары, биік құз басындағы тастары мен шыңдары небір бейнені көз алдыңа елестетеді.
№2. Оқжетпес

Оқжетпес туралы мынадай аңыз бар екен: Қалмақ қызына Абылай ханның әскерлері «мен аламын» деп таласады. Сонда Абылай жауынгерлерін ренжітіп алмас үшін “Бұйырдым тұтқын қыздың қалауына” дейді. Тұтқын қыз жігіттердің өнерін сынау үшін үш шарт қояды. Біріншісі — Көкшенің ең биік шыңының басындағы найза ағашқа байланған шәйі орамалды атып түсіруі еді. Қыздан дәмелі хан батырларының барлығы да “шіреніп садақтарын шыңға кезегенімен” ешқайсысы сыннан өте алмайды. Шың содан кейін Оқжетпес аталыпты.


Дескрипторлары



Мәтін түрлерінанықтайды.

Мәтіннің түрін ерекшелігіне қарайнегіздейді.

Мәтінде берілген ақпаратты қажеттілікке сайпайдалана алады.

Оқыған мәтіндерге сүйене отырып жарнама әзірлейді.


Кейс 4

Ортақ тақырып


Қоршаған ортаны қорғау

Оқу мақсаты

4.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен берілген диаграмма, сызба, кесте бойынша мәтіннің мазмұнын болжау және өз ойын дәлелдеу

4.2.5.1 дереккөздерден (мәтін, сөздік, сызба, кесте, карта, диаграмма) қажетті ақпараттарды табу, кездескен жаңа сөздердің мағынасын мәнмәтін бойынша анықтап, ақпаратты қорытындылау, бағалау.


Ойлау дағдыларының деңгейі




Бағалау критерийлері





Тапсырма :

Диаграммаға назар аударып, негізгі ойды анықта.

Ақпарат тақырыбын және қоршаған ортаның ластануы қандай салдарға әкелуі мүмкін екенін болжап, репортаж дайында. Өз ойыңа дәлелді пікір білдір.







Дескрипторлар

Диаграмма бойынша ақпараттың мазмұнынболжайды.

Диаграммадан қажетті ақпаратты анықтайды.

Қоршаған ортаның ластануы қандай салдарға әкелуі мүмкін екеніндігін пайымдайды.

Өз ойына дәлелді пікір айтады.

Диаграмма негізінде репортаж әзірлейді.


2-тапсырма. Төмендегі тапсырмаларда ұсынылған мәтіндердің түрлерін анықтаңыз және мәтіндердерді қандай оқу мақсатын жүзеге асыруда қолдануға болатындығын ойланып, толықтырулар енгізіңіз.
№ 2.1


Оқу мақсаты




Ойлау дағдыларының деңгейі




Бағалау критерийлері






Ата насихаты

Әкесі балаларына «тату тұрыңдар» деп талай рет айтыпты. Балалары тілін алмай, бір-бірімен араздаса беріпті.


Балалары бірінен соң бірі алып, сындырайын десе, шыбықтар сынбайды.



Балалары шыбықтарды оп–оңай сындырады.Сонда әкесі айтады:

- Араздасып араларың ашылса, сендер де осы шыбықтар сияқты боласыңдар. Ұйымшыл болсаңдар, жаудың сендерді жеңуі қиын болар!

Тіршілік күші – бірлікте.

(Ахмет Байтұрсынов)

1-тапсырма. Мәтіннен суреттерді алып тастаған жағдайда, қандай мәліметтер айтылмай қалады? Ол мәліметтердің әңгіме мазмұны үшін маңызы қандай?

2-тапсырма. Мәтінде берілген тұжырымға қатысты өз көзқарасыңды білдіріп, ойыңды дамытып жаз.

Есіңде болсын: Алтау ала болса ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса төбедегі келеді.


№ 3.2

№2.2

Оқу мақсаты




Ойлау дағдыларының деңгейі




Бағалау критерийлері







1-тапсырма. Берілген тірек сөздер мен сөз тіркестеріне сүйеніп мәтіннің мазмұнын болжа.
Тірек сөздер: данышпан, данышпан сыны, сараң, алақан жайған тіленші, сараңның ақыл сұрап келуі, айнаның сыры.
2-тапсырма. Данышпан сараңға қандай ақыл айтуы мүмкін? Екі оқырманның пікірімен келісесің бе? Ойыңды дәлелде.

3-тапсырма. Сараң данышпаннан қандай кеңес сұрап келуі мүмкін.



№ 2.3


Оқу мақсаты




Ойлау дағдыларының деңгейі




Бағалау критерийлері






1-тапсырма. Донор сөзінің мағынасын сөздік пайдаланып ашыңыз.

2-тапсырма. Суретті пайдаланып қандай адам донор бола алмайтынын анықтаңыз.

3-тапсырма. Адам бір ретте қанша көлемде қан тапсыра алады?

4-тапсырма. Егер адам 5 рет донор болуға ниет білдірген адамға қандай жауап берілуі мүмкін?

Кім донор бола алады?

Жасы 18-ге толған, донорлыққа қарсы көрсетілімдері жоқ, әйел адам үшін салмағы 55 кг-ден артық, ер адам үшін салмағы 60 кг артық кез-келген дені сау адам донор бола алады. Ерлер жылына 5 рет, әйелдер 4 рет қан тапсыра алады.





Критерий сапасын бағалау

Сипаты

Сәйкес

Сәйкес емес

Оқу мақсатымен байланысты







Нақты және түсінікті







Нақты







Өлшемді, қолжетімді, байқауға болатын







Оқу мақсатынды көрсетілген ойлау дағдыларының деңгейлеріне сәйкес







Күтілетін нәтижеге бағдарланған







Критерий сапасын бағалау бойынша қорытынды:
Өте жақсы Толықтыруды қажет етеді Толықтай түзету қажет


4-тапсырма. «Қазақ тілі» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасындағы ұзақ мерзімді жоспарды қолданып, " Мәтін түрлеріне сәйкес мәтін құрап жазу", " Түрлі стильде мәтін жазу" бөлімшелерінің бір немесе бірнеше оқу мақсаттарын өз сабағыныңыз үшін үйлестіріңіз. Таңдалған оқу мақсаттарына байланысты кешенді тапсырма әзірлеңіз.

Жазылым бөлімі (сөйлеу әрекетінің түрі) бойынша оқу мақсаттары

Түйінді дағдылар

2-сынып

3-сынып

4-сынып

3.1 Мәтін түрлеріне сәйкес мәтін құрап жазу

2.3.1.1 мұғалім көмегімен жеке сурет, сюжетті суреттер арқылы шағын сипаттау/әңгімелеу мәтіндерін құрап жазу

3.3.1.1 жоспарда сызбаны қолдана отырып, тірек сөздер арқылы әңгімелеу, мәтінін салыстыра сипаттау,

көмекші сөздер арқылы пайымдау мәтінін құрап жазу

4.3.1.1 берілген тақырып бойынша әңгімелеу, сипаттау және пайымдау элементтері бар мәтін құрап жазу

3.2 Түрлі стильде мәтін жазу

2.3.2.1 үлгі бойынша қарапайым хабарландыру, хабарлама жазу

3.3.2.1 өзіндік

іс-әрекеті баяндалған күнделік, өмірбаян, хабарландыру жазу

4.3.2.1 тірек сөздерді қолданып, белгілі бір стильде мәтін (мақала, мінездеме, сұхбат) жазу

Оқу мақсаты

Ойлау дағдыларының деңгейі

Бағалау критерийлері

Тапсырма

Дескрипторлар



5-тапсырма. Оқушылардың тілдік дағдыларын және/немесе оқу сауаттылығын дамыту тәсілдерін қатыстырып қазақ тілі бойынша сабақ жоспарын әзірлеңіз.

Сабақ жоспары немесе қысқа мерзімді жоспар


Бөлім



Сабақтың тақырыбы



Үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты



Сабақтың мақсаты



      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері / уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар