Файл: азастан Республикасыны 2025 жыла дейінгі Стратегиялы даму жоспары.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 26.10.2023
Просмотров: 290
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Барлық деңгейлерде цифрлық білім беру контенті құрылады, интерактивтік және қашықтықтан оқыту әдісі кеңінен қолданылатын болады, кең жолақты интернетке мектептердің қосылуын қамтамасыз ету және оларды бейнежабдықпен жарақтандыру жүзеге асырылады.
Атап айтқанда, интерактивті және инновациялы технологияларды пайдалана отырып, электрондық білім беру материалдары мен электрондық кітапханалар құрылады. Білім беру процесінде пайдалану үшін үздік оқытушылардың электрондық және бейнематериалдарына онлайн-режимде қолжетімділік қамтамасыз етіледі. Аз жиынтықталған мектеп оқушылары үшін арнайы материалдар әзірленетін болады.
Интернет-платформада «ашық мектептер», «ашық ТжКБ», «ашық университеттер» құру, электрондық оқыту ресурстарының контентін әзірлеу, жоғары оқу орындары, ТжКБ ұйымдары мен мектептер арасындағы оқыту бағдарламаларын интеграциялау есебінен қашықтықтан оқытудың қолжетімдігі артады. Бұл «өмір бойы оқу» тұжырымдамасын ілгерілетуге және шалғайдағы, ауылдық өңірлердегі оқушыларға арналған оқу жағдайларын теңестіруге қажетті жағдайлар жасайды.
«Педагогикалық кадрларды ынталандыру мен даярлау сапасын арттыру» міндеті
Білім сапасын арттыру қазіргі заманғы білімі бар жоғары білікті педагогтарсыз, технологиялар мен оқыту әдістерінсіз мүмкін емес. Болашақ педагогтарды тарту және оқыту тәсілдерін қайта қарау, бүгінгі педагогикалық құрамның біліктілігін арттыру, оқытушы кәсібінің беделін арттыру қажет.
1.6 «Педагог кадрлардың беделін арттыру мен оларды ынталандыру» бастамасы. Жаңартылған мазмұнға көшуі мен мұғалімдердің біліктілік деңгейі ескеріле отырып, мұғалімдерге еңбекақы төлеу деңгейі кезең-кезеңімен артатын болады.
Бұдан басқа, үлгілік оқу жоспарларын қайта қарау педагогикалық қызметкерлерге нормативтік оқу жүктемесін төмендетуге мүмкіндік береді, бұл оқыту сапасын, педагогтерді кәсіптік даярлау мен қайта даярлау деңгейін арттырады, сондай-ақ мұғалімдерге қосымша ақылы білім беру қызметтерін көрсету үшін жағдайлар жасайды.
1.7 «Педагогикалық оқу орындарындағы бағдарламаларды жаңарту» бастамасы. Оның ішінде цифрлық технологияларды пайдалана отырып, жаңа оқыту әдістерін енгізу және ағылшын тілінде оқыту мақсатында педагогикалық кадрларды даярлауға арналған оқу жоспарлары мен білім беру бағдарламалары жаңартылатын болады. Жаңартылған жоспарлар мен бағдарламалар бойынша оқытушы құрамның біліктілігін арттыру бойынша қажетті тренигтер өткізілетін болады.
1.8 «Педагогтердің біліктілігін арттыру және озық педагогикалық практиканы тарату» бастамасы. Санаттар арасындағы алшақтықтың ұлғаюына байланысты, біліктілік деңгейін ескеретін мұғалімдер үшін жаңа санаттар торы енгізілетін болады. Санаттар кәсіптік даярлық деңгейін, құзыреттіліктерін, жеке қасиеттерін бағалайтын ұлттық біліктілік тестінің қорытындысы бойынша берілетін және расталатын болады.
Жоғары білікті педагогикалық кадрлардың жаңа буынын тәрбиелеу үшін, тәлімгер-педагогтерді ынталандыру шараларын қоса алғанда, оқу орындарында тәлімгерлік жүйесі қайта іске қосылатын болады.
Өңірлік оқу орындары мен алдыңғы қатарлы оқу орындарындағы (Назарбаев Университеті, ҚМЭБИ, ҚБТУ, Назарбаев Зияткерлік мектептері және басқалар сияқты) педагогикалық кадрлар арасында білім алмасу жалғастырылады. Оқытушылар құрамы үшін халықаралық алмасу бағдарламасы ұйымдастырылады, бұл ретте озық педагогикалық практикалар мен цифрлық және технологиялық дағдыларды дамытуға, ағылшын тілін зерделеуге ерекше назар аударылатын болады.
Ағылшын тілінде мамандандырылған пәндерді оқытуға қабілетті педагогтерді даярлау мен қайта даярлаудың барабар деңгейі мен мерзімдері қамтамасыз етілетін болады. Сонымен қатар цифрлық технологияларды ескере отырып, мұғалімдер үшін біліктілікті арттыру курстары ұйымдастырылады.
Педагогтердің педагогикалық шеберлігін арттыру және озық оқу орындарының тәжірибесін тарату үшін білім берудің онлайн-платформасы құрылады. Бұл шара өңірлердегі педагогтердің үздік білім беру материалдарын алуына ықпал етеді.
Мектепке дейінгі мекемелердің педагогикалық кадрларының сапалық құрамын жақсартуға ерекше назар аударылатын болады. «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту» мамандығы бойынша жоғары оқу орындары мен колледждерде педагогикалық кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын кезең-кезеңімен ұлғайту жоспарлануда.
ТжКБ жүйесінің педагогикалық кадрлары мен басшыларын қайта даярлау үшін практикалық бағдарлануды және кәсіби-тұлғалық әлеуетті дамытуды көздейтін инженерлік-педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттырудың жаңа моделі енгізіледі. Өндірістен келген мамандарды педагогикалық шеберлікке оқытқанда WordSkills стандарттарын пайдалану жоспарлануда.
1.9 «Қажет педагогикалық ресурстарды қамтамасыз ету» бастамасы. Елді білікті педагог кадрлармен қамтамасыз ету үшін университеттерде педагогика кафедралары мен факультеттері дамытылады. Білім берудің барлық деңгейлерінде математикалық және жаратылыстану ғылымдарын оқыту сапасы жақсартылады.
Еңбек күшінің тапшылығы бар өңірлерді педагогикалық кадрлармен толықтыру «Мәңгілік Ел жастары – индустрияға» атты әлеуметтік жобаны іске асыру шеңберінде жалғасады. Жыл сайын еңбек күші артық өңірлердің жастарынан педагог кадрларды даярлауға еңбек күшінің тапшылығы бар өңірлердің жоғары оқу орындары үшін мемлекеттік білім беру тапсырысы көзделетін болады. Бұдан әрі жобаны іске асыру шеңберінде магистранттар мен докторанттарды даярлауға басты назар бағытталатын болады.
«Білім беруді жаһандық ортаға интеграциялау» міндеті
Ағылшын тілін белсенді тарата отырып, білім беру бағдарламаларының сыртқы нарықтарға шығуы қазақстандық білімнің сыртқы нарықтардағы бәсекеге қабілеттілігі мен талап етілуін арттыруға ықпал ететін болады.
1.10 «Білім беру хабын құру және ағылшын тілінде білім беру қызметтерін дамыту» бастамасы. Қазақстан Орталық Азияның білім беру хабына айналуға ұмтылатын болады.
Қазақстандық жоғары оқу орындарына шетел студенттерін тарту бойынша жұмыс жүргізіледі. Бұл үшін университеттер өзіне тән, әлемдік стандарттарға сәйкес келетін қазіргі заманғы инфрақұрылымы бар халықаралық деңгейге қол жеткізу үшін барлық жағдайларды жасайтын болады.
Шетелдік әріптестермен: бірлескен білім беру бағдарламаларын енгізуде, шетелдік оқытушыларды, топ-менеджерлер мен студенттерді тартуға, ғылыми жобаларды іске асыруда, әріптестердің университетті басқаруға қатысуы үшін әлемдік университеттердің кампустарын ашуда кеңінен ынтымақтастық болжанады. Шетелде (абитуриенттерді тарту әлеуеті неғұрлым үлкен елдерде) қазақстандық форумдар, көрмелер және білім күндерін өткізу практикасы кеңінен жүргізілетін болады.
Ағылшын тіліндегі білім беру бағдарламаларының саны, ағылшын тілінде сөйлейтін мамандарды даярлауға берілетін гранттар үлесі артады, ағылшын тілінде оқыту үшін профессорлық-оқытушылық құрамның біліктілігі арттырылады, ағылшын тілінде оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер әзірленетін болады.
«Кадрларды даярлау жүйесін жаңа экономиканың талаптарына бағдарлау» басымдығы
Жаңа экономиканы кәсіпорындар мен салалардың өнімділігін арттыруға оларды технологиялық жаңартуға және цифрландыруға қабілетті кадрлармен қамтамасыз ету білім беру жүйесінен еңбек нарығына жаңа білікті жұмысшылардың ағыны, сол сияқты қазіргі жұмысшыларды оқыту арқылы қол жеткізілетін болады.
Экономиканың еңбек ресурстарына болашақ қажеттілігін бағалау мен болжауға мүмкіндік беретін жүйелер құру жоспарлануда. Елдегі кәсіпорындардың қазіргі басшылары мен персоналын қайта оқыту болжанатын «Өмір бойы оқу» тұжырымдамасы дамитын болады.
«Ұлттық болжау және біліктілік жүйелерін дамыту» міндеті
Қысқа-, орта- және ұзақ мерзімді перспективада еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың теңгерімін қамтамасыз ететін еңбек ресурстарын болжамдаудың ұлттық жүйесі мен ұлттық біліктілік жүйесі құрылатын болады.
1.11 «Кәсіптердің өзекті жіктемесін қолдау» бастамасы. Еңбек нарығы мен білім беру жүйесінің түрлі элементтері арасындағы өзара байланысты қалыптастыру негізі еңбек нарығын диагностикалаудың негізгі құралы ретінде Ұлттық кәсіптердің жіктемесін (кәсіптердің біртекті топтарының стандартталған тізбесі) үнемі жаңартып отыру арқылы жасалатын болады. Жіктеуіш сонымен жұмыс күшінің сапасына қойылатын талаптардың қалыптасуын да қамтамасыз етеді.
1.12 «Болжау құралдарын дамыту» бастамасы. Кәсіптердің өзекті жіктемесі еңбек нарығының жағдайын уақтылы және толық есепке алуға және оны дамытудың егжей-тегжейлі болжамдарын жасауға мүмкіндік береді. 2025 жылға қарай айқындау таяудағы және ұзақ мерзімді перспективаға кадрлық қажеттіліктерді айқындау бойынша еңбек ресурстарын дамытуды болжаудың ұлттық жүйесі жұмыс істейтін болады.
1.13 «Кәсіптік стандарттарды әзірлеу және өзектендіру» бастамасы. Бизнестің тікелей қатысуымен жаңа кәсіби стандарттар әзірленеді және қолданыстағы кәсіби стандарттар өзектендірілетін болады. Олар бизнестің нақты кәсіп түрлеріне қоятын талаптарының эталонына, яғни бизнестің мамандар даярлауға арналған техникалық тапсырмасына айналады және барлық мамандықтар бойынша білім, дағдылар мен құзыреттіліктердің толық жиынтығын айқындайды.
1.14 «Білім беру бағдарламаларын әзірлеу және кәсіптік стандарттар негізінде оқыту нәтижелерін бағалау» бастамасы. Кәсіби стандарттар техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінде білім беру бағдарламалары мен оқу-әдістемелік базаны әзірлеу мен жаңарту үшін негіз болады, бұл білім беру мен білім беру процесі мазмұнының жаңа экономика талаптарына сәйкес болуының негізгі шартына айналды.
ТжКБ, ЖОО түлектеріне, кәсіпорындардың жұмыскерлері мен еңбек нарығының басқа да әлеуетті қатысушыларына өз біліктіліктерінің салыстырмалы деңгейін бағалауға мүмкіндік беріледі, бұл жұмыс берушілерге олардың әлеуетін бағалауға бағдар береді.
«Қызметкерлердің біліктілігін арттыруда кəсіпорындарды қолдау» міндеті
Технологиялық жаңғырту дәстүрлі салалардағы еңбек ресурстарына сұраныстың қысқаруына және жаңа салалардағы сұраныстың артуына байланысты еңбек нарығында елеулі өзгерістерге әкеп соқтырады. Экономиканы талап етілетін кадрлармен уақтылы әрі сапалы ұсынумен және барлық азаматтарды қызмет түрін ауыстыру мүмкіндіктерімен қамтамасыз ету үшін қайта даярлау, біліктілігін арттыру бағдарламаларына, оның ішінде шетелде қолжетімділік қамтамасыз етілетін болады.
1.15 «Қайта даярлау бағдарламаларын дамыту» бастамасы. Технологиялық өзгерістерді іске қосу үшін қажетті мамандарды қайта даярлау үшін қолда бар жоғары оқу орындары мен ТжКБ ұйымдары қызметкерлерді қайта оқыту мен біліктілігін арттыру курстарын ашады. Бұл курстар жұмыс пен оқуды біріктіруге ыңғайлы түрлі форматта – кешкі оқыту нысанында, өндірістен қол үзіп және қол үзбей оқыту нысанында ұсынылады.
Жұмыс істеп тұрған кәсіптік білім беру ұйымдарынан басқа оқыту инфрақұрылымы кәсіпорындар жанындағы оқу орталықтарымен және жеке провайдерлермен толықтырылады. Операторлардың бәсекелі нарығын дамыту қайта даярлау бағдарламаларын тезірек ауқымды етуге және еңбек ресурстарына сұраныстың өзгеруіне ден қоюдың жедел тетігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Оқытуды бюджеттік қаржыландырумен қатар компаниялар тарапынан бірлесіп қаржыландыру оқыту барысында алынған білімді белсенді қолдануға ынталандырады.
1.16 «Шетелде кәсіпорындар жұмыскерлерінің біліктілігін арттыру» бастамасы. Компаниялардың басқарушы буыны мен инженерлік-техникалық персоналдары үшін қазіргі кадрларды шетелде дайындау бағдарламаларында операциялық тиімділігін арттыру, технологияларды басқару мен цифрландыру бойынша дағдыларын дамытуға бағытталған қысқа мерзімді тағылымдаман өту мүмкіндігі көзделетін болады. Компаниялар тарапынан оқытуды бірлесіп қаржыландыру талап етілетін білімді алуға және оларды Қазақстанда қолдануға ынталандырады. Компаниялар үшін бағдарламаларға қатысу мүмкіндіктері мен шарттары кеңінен жарияланатын болады.
«Өнімді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу» басымдығы
Жұмыс күшінің еңбек ұтқырлығын қамтамасыз ету,өнімділігі төмен салаларда, экономиканың бейресми секторында жұмыс істейтін адамдарды, жұмыссыздарды қолдауға бағдар беруді сақтау, еңбек нарығының инфрақұрылымын жақсарту арқылы қазіргі еңбек ресурстары өнімділігінің жылдам өсуіне жәрдемдесу жалғасатын болады.