Файл: Адам интеллектісі дамуыны лингвистикалы аспектілері.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 29.10.2023
Просмотров: 389
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
К. Юнг пайымдауынша, әлем – денелер 24 орналасатын ыдыс емес, механизм де емес, психофизикалық бірлік. Адам – санасы, денесі бар тіршілік иесі ғана емес, денелі-рухты жаратылыс Р. Декарт адазмат тіршілігінің өзі ойлау қабілетімен байланысты. әл-Фарабидің интеллектіге философиялық тұрғыдан анықтама беруі адамгершілік, қайырымдылық, парасаттылықпен байланысты өлшенеді. Аристотелдің интеллектіні адамға жаратылысынан тән сипат деп түйеді.
23 ««Шешен» базалық концептісі – адам интеллектісінің деңгейін көрсетеді әрі өзіндік мағыналық ерекшеліктері басым когнитивті бірлік» деген тұжырымды талдап дәлелдеңіз.
Шешен базалық концептісі – бірнеше асоциативтік микроконцептіден (дана, көсем, әдебиетші, философ, заңгер, шыншыл, ақылшы), нақты шешендікті танытатын (тапқыр, сөзуар, сөзшең, пайымдағыш, зерделі, шыншыл, алғыр, алыгөй тб), шешеннің сыртқы бейнесін танытатын микроконцептіден (жүйелі сөз, мәдениет, этика, батылдық, логика, дикция) мағыналық-ақпараттық өріс құрайды. «Шешен» концептісі «ақын», «жазушы», «жырау», «айтыскер», «шайыр», «жыршы» деген фреймдермен де мағыналық байланыста болады. Осылайша, халқымыздың ұлттық танымымен тығыз байланысты, менталды сана_сезіммен орайлас «шешендік» қай кезде болмасын, ең алдымен, адамның интелектуалдық сипатын танытады.
24 М. Жұмабаевтың «Педагогика» еңбегіде тәрбиенің түрлері мен адамның өміріндегі, білім жолындағы маңыздылығы туралы қандай тұжырымдар келтірген, талдаңыз
Онда: «Егер адам баласына осы төрт тәрбие (дене, жан, ақыл, сұлулық пен әдеп-құлық тәрбиесі – А.Р.) тегіс берілсе, оның тәрбиесі түгел болғаны. Егер де ол ыстық, суық, аштық, жалаңаштық сықылды тұрмыста жиі ұшырайтын күштерді елемейтін мықты берік денелі болса, түзу ойлайтын, дұрыс шешетін, дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы әуен, әдемі түрден ләззат алып, жан толқындырарлық болса, жамандықтан жаны жиреніп, жақсылықты жаны тілеп тұратын құлықты болса ғана адам баласының дұрыс тәрбие алып, шын адам болғандығы. Балам адам болсын деген ата-ана осы төрт тәрбиені дұрыс орындасын», [58] – деп тұжырымдайды. Оның пікірі бойынша, адам үшін физиологиялық саулық, интеллектуалдық әлеует, эстетикалық қуат, руханиадамгершілік қасиет – тәрбиенің басты тетіктері.Қазақта бала тәрбиесіне ерекше мән берілгендігін, соның айғағы ретінде киіз үйдің, бесікке бөлеудің баланың жан және тән денсаулығына аса пайдалы екендігін ғалым ерекше атап өтеді. Бұл халық педагогикасының тәжірибесі десе де болады.
25 Интеллект ұғымын ақыл, парасат, білім ұғымымен қалай ұштастырар едіңіз, ғалымдардың пікірлерін келтіре отырып талдаңыз.
«Интеллект» ұғымының қазақ тіліндегі қолданыс аясы өте зор. Тілімізде интеллект ұғымы ақыл сөзінің орнына жұмсалып, қолданыла береді. Жалпы түсінік бойынша ақыл мен интеллект ұғымы бір-бірімен мағынасы тең ұғымдар. Ақыл- адамның ойлау қабілеті мен сана-cезімі дегенді білдіреді. Мысалы ұлы Абай «Бұл ғаділет, махаббат кімде көбірек болса, ол кісі ғалым, сол ғақыл» деген. Ақыл мен парасат егіз ұғым. Көптеген контексте, ауызекі сөйлеуде, ғылыми сипаттамада да жиі бірге қолданылады. Мысалы: «Ақыл-парасат - адамның ойлауына, пайымдауына, ғылым мен өнердің қыр-сырын ұғынуға, жақсы қылық пен жаман қылықтың аражігін ажыратуға көмектессетін күш» деген Әл-Фараби.
Қай заманда да адамның тіршілігін дұрыс бағытқа салатын білім болған. Адамның интеллектуалдық сипатын талдауды білімнің ақылмен қатар жүретінін, кейде ақылдың артуына білімнің, білімнің қызметіне ақылдың итермелеуші күш болатынын байқаймыз. Заман өзгерген сайын адамның білімі тек жадында сақталып, тәжірибесінде, іс-әрекетінде танылуымен қатар өмірлік бағыт беруші, қоғамдық , ғылыми дәрежені білдіретін, көзбен көріп, қолға ұсталатын білім пайда болды. Абайдың: «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды, естіп көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы-жаманды танидыдағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады» деген (19-қара сөз) тұжырымында білімнің танымдық та, педагогикалық та мәні айқындалып тұр.
26 Әл-Фараби интеллекті төрт түрге бөледі: а) потенциалды; б) актуалды; в) жүре келе дарыған; г) әрекетшіл интеллект. Әр интеллект түрінің анықтамасын жазыңыз.
а) потенциалды интеллект – бұл өзі әлдебір жан, жанның бір бөлшегі, жан қабілеттерінің бірі немесе материаядан дүниеде бар заттар парқы мен формасын абстракциялай алатын немесе соған даяр әлде бірдеңе; б) егер субстанциядан абстракцияланған интеллекцияның пайымдалғыш объектілері осы парықта жүзеге асатын болса, онда бұл объектілерді интеллекцияның актуалды объектілеріне айналдырады; в) актуалды интеллект, актуалды пайымдағыш болғандықтан интеллектінің формалары болып табылатын интеллекцияның пайымдалғыш объектілерін пайымдағанда, бұған дейін актуалды деп саналып келген интеллект жүре келе дарыған интеллектіге айналады; г) бұл интеллект қайсыбір жағынан қарағанда актуальды интеллект болып табылады және жүре келе дарыған интеллектіге өте жақын [32; 25-39
27 Қазақ этносына тән адамның интеллектуалдық сипаты тек математикалық-арифметикалық есептеу жылдамдығы, логикалық қабілеттілік, ғылыми тереңдік, жасанды инеллектіні басқару ғана емес, сондай-ақ адами келбетін (ар-намыс, елдік, иман) қалыптасытырып, сақтап қалуға бағытталған тәрбиені игеру. Бұнда «тәрбие» концептісі тек педагогикалық мағынада емес, философиялық, психологиялық, әлеуметтік, танымдық тұрғыдан түсіндірілуі керек.Түсіндіріп жазыңыз.
«Интеллект» макроконцептісінің педагогикалық негізін айқындайтын негізгі ерекшелік – адамның тәрбиесі. Ж.Аймауытовтың: «Адам мінезінің, ақыл-қайратының әртүрлі болуы тәрбиенің түрлі-түрлі болынан» деген сөзі бар. Адам тәрбиесі мен интеллектісі тұлғалық дамуда қатар жүретін, бірін-бірі толықтырып, дамытатын қасиеттер. Адамның интеллектуалдық қабілеті екі бағытта қызмет атқарады: Жалпы адамзат игілігі үшін және адамдардың пиғылына (жақсылық пен жамандық). Мысалы: екі адамды қарастырайық. Екеуі де интеллектуал, ақыл-парасаты асқан, ғылымның әр саласы бойынша білімі жетік адам. Бірақ, екі интеллектуалдың бірі өз ақылын адамзаттың игілігіне, болашағының кемелдігіне, ұрпағының тәрбиесіне жұмсаса, екіншісі адамзаттың жойылуына (түрлі атаом бомбасын ойлап табады, жасайды), ұрпақ санасын улауға бағытталған қызмет атқарады. Осы екі адамның шекарасын белгілеп тұрған – тәрбие (рухани, отбасылық). Адам жан жақты тәрбиелеген жағдайда, халқының қалыптасқан рухани құндылықтарын бойына интеллектуалдық қызметтің көмегіменсіңірген жағдайда нағыз тұлға баола алады. Бұнда тәрбиенің қаншалықты терең танымдық әрі құнды фактор екендігін ескеру керек.
28 Ер мен әйелдің табиғи жаратылысына, менталитетіне, нәсіліне, қоғамдық-әлеуметтік жағдайына байланысты қалыптасып, дамыған ақыл-ой, парасат көрсеткіші болып танылатын гендерлік интеллек ұғымының мәні мен ерекшелігін талдаңыз.
Гендерлік интеллект – адамның (ер немесе әйелдің) өмір сүру барысындағы танымдық білімі мен тәжірибесінен көрініс табады. Бүгінде қазақ этносына тән гендерлік интеллектің деңгейін екі дәуірге жіктеуге болады.
Алғашқысына діни, тұрмыс-салт, қоғамдық-тарихи факторлар әсерінен қалыптасқан гендерлік интеллектіні жатқызамыз. Бұлардың көрінісін тарихи мұра болып қалған көне түркі әдеби үлгілер, ислам дініндегі пайғамдарлардың өмірлері туралы еңбектер, тұрмыс-салт жырлары, тарихи ромндар және тб көптеген жәдігерлердің мазмұнын байқаймыз.
Ал технологиялық мәденеиет дамыған дәуірдегі гендерлік интеллект қазіргі таңда ерлер мен әйелдердің ақыл-ой дәрежесін анықтауға арналған түрлі тест IQ, психологиялық тренингтер, жасанды интеллек нәтижелері, түрлі статистикалық мәліметтер мен күнделікті тұрмыс жағдайын бақылау арқылы талданады.
Қазақ қоғамында әйел адамдар ерекше бағаланған және қазақ әйеліне тән ақыл-парасат көріністері әртүрлі әдеби шығармаларда көрініс тапқан. Мысалы: Құртқа- қазақ әйеліне тән ақыл-парасат пен көрегендіктің, Жібек- сұлулықтың, Айман мен Шолпан, Ақжүніс пен Қарашаш - қулық пен айлакерлік, тапөырлықтың, Домалақ ана – көрегендік пен қарапайымдылықтың, Баян мен Айша бибі - Махаббатқа адалдық пен сезімге тұрақтылықтың символы.
Психологиялық сараптау нәтижесінде әйел мен еркектің біреуі ақылдырақ деп айтуға келмейді.
Қазақ ауыз әдебиетінде әйел адамдардың еркектерден кем түспейтін даналығы, тапқырлығы мен көрегенделегі, батыл шешім қабылдай білетіндігі кеңінен сипатталған.
29 Б.Ұ. Сағынова «Қазақ тіліндегі адам интеллектісіне қатысты лексика (этнолингвистикалық аспект)» тақырыбындағы кандидаттық диссертациясында интеллектінің тарихи зерттелуіне ерекше тоқталып, қай ғылым саласында қарастырып көрсеткендігін талдап жазыңыз.
Отандық тіл білімінде адамның интеллектуалдық сипатына тілдік талдау жасалған зерттеулер де жоқ емес. Мәселен, Б.Ұ. Сағынова «Қазақ тіліндегі адам интеллектісіне қатысты лексика (этнолингвистикалық аспект)» [2] тақырыбында кандидаттық диссертация жазған (1999 ж.). Автор интеллектінің тарихи зерттелуіне ерекше тоқталып, әр ғылым саласында қарастырылын атап, оларды мынандай ретпен көрсеткен: - интеллектіні танудағы философиялық көзқарастар; - интеллектінің психологиялық табиғаты; - интеллектінің биологиялық табиғаты; - антропологиядағы көзқарастар; - этнопсихологияда интеллектінің зерттелуі; - интеллектінің физиологиялық табиғаты. Тіліміздегі адамдың ақыл-ойын танытатын сөздердің лексикасын талдауда мақал-мәтелдер, көне ойшылдардың нақыл сөздері мәнмәтін ретінде қолданылған және зерттеуде ақыл, сана, аңдау, аңғару, көңіл, ой, ес, жете, қайрат, білік, ар, талап, зейін, ұғым, даналық, парасат сияқты лексемалар негізгі нысанға алынған, талданған.
30 Адамның интеллектуалдық сипатының педагогикамен қандай байланысы бар екендігін дәлелдеңіз
Адамның биофизикалық – ми қызметі, психофизиологиялық – жан мен тәннің дамуы, лингвоперсонологиялық – адам индивид, тұлға ретінде қолданылуы, әлеуметтік - отбасында, жалпы қоғамдағы адам қызметі, лингвокогнитивті - адам танымының тілімен байланыста, ең алдымен , интеллектуалдық (ой, сана, ақыл, тәжірибе, мәдениет, сөйлеу және тб) сипатқа негізделеді. Жан тәрбиесі мен тән тәрбиесі педагогикалық үдерісті қалыптастыратындықтан бұл, әсіресе, халық педагогикасынан танылады.
Адам үшін физиологиялық саулық, интеллектуалдық әлеует, эстетикалық қуат, рухани адамгершілік қасиет – тәрбиенің басты тетіктері. Қазақта бала тәрбиесіне ерекше мән берген, соның айғағы ретінде киіз үйдің , бесікке бөлеудің баланың жан және тән саулығына аса пайдалы екендігін ерекше атап өтсек болады. Бұл халық педагогикасының тәжірибесі десе де болады. Текті ұрпақ тәрбиелеу – қазақ халқы үшін қашан да кемелді болашақ кепілі болған. Негізінен, осындай терең, көптеген ғылыми аспектілерді қамтитын педагогикалық үрдіс – адамның интеллектуалдық сипатының көрінісі, нәтижесі. Халықтың педагогикасының ғасырлардан қалыптасып келе жатқан наным сенімдерін, ұлттың интеллектуалдық сипатына жатқызған жөн.
31 Гендерлік интеллектінің ерекшеліктерін төмендегі кесте негізінде салыстырып көрсетіңіз:
Гендерлік интеллектіні салыстыру кезеңінде мен мынандай ерекшеліктерді атап өткім келеді:
Қазақ қоғамындағы отбасы институтының негізгі тірегі – ақылды әйел. Бұл талассыз қағида. Ұрпақ таратушы әрі тәрбиеші, ұрпақтың денсаулығын қорғаушы, ұрпақтың санасына сәуле құюшы, ақылшы мен мәдениеттің дамуына үлес қосушы – ақылды ана. Ақылды ананың интеллектуалдық белгілерінің жиынтығы оның ана сүтімен, содан кейін тәлімімен баланың – ел болашағының бойына дариды. Осыдан барып ақылды әйел ұғымдары «жар» деген концептіге енеді. Ақылды әйел -ақылды жар, Ақылды жар – ақылды бала. Ақылды бала – дана, дара. Бұл үлкен әлеуметтік үдеріс, феминистік интеллектінің күрделі құрылысы.
Қазақ мәдениетіндегі маскулиндік интеллект белгілерін тарихымыздағы ірі тұлғалардың қалдырған ізіне қарай болжап көруге болады.

-
Ерте замандағы гендерлік интеллект -
Технологиялық мәдениет дамыған дәуірдегі гендерлік интеллект

Ерлік, жігерлік, қайсарлық, батырлық, батылдық -
Жараулық, жыршылдық, ақындық, ойшылдық, даналық -
Би-болыстық, би-шешендік -
Айтыскерлік, суырып салмалық деген топтық белгілерге көз жеткіземіз.