Файл: азастан республикасыны денсаулы сатау министрлігі араанды мемлекеттік медицина университеті ш. С. Калиева, Т. К. Сагадатова.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 30.10.2023

Просмотров: 769

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

I этап: Зерттеудің мақсаты мен мәселесін түзу.

Бұл этапқа зерттеу мақсаты мен мәселенің өзектілігін негіздеу кіреді

Мақсат –соңғы нақты нәтиже немесе қалаулы жағдай,оған бір ойлы адамдармен топта бірге жұмыс жасау арқылы қол жеткізуге болады. Мақсат екі ойлы емес және анық түзілу қажет.Ол тек авторға ғана емес,сонымен қатар басқа мамандар өкілдеріне де түсінікті болу қажет.

Тақырып аты зерттеу мақсатына сай болу қажет.

Алға қойған мақсатты ашу үшін зерттеу мақсатына біртіндеп әкелетін анық іс әрекет, зерттеу мәселелерін анықтау қажет. Кішігірім зерттеулер үшін әдетте 4-6 мәселе белгіленеді. Зерттеу мәселесі мен мақсатын түзуде зерттеудің негізгі ұсыныстарын, күтілетін нәтижелерді көріп білуде жұмысшы гипотеза үлкен көмегін тигізеді. Алдын алынған нәтижелерді зерттеу әдістерін, тақырыптың дайындалу дәрежесін бағалауға, сонымен бірге мәселенің тарихи аспектілерін, оның түзілуі мен шешімге келуін зерттеу мақсатында таңдалған мәселенің әдебиеттер анализі қажет.

II этап: Зерттеуді ұйымдастыру.

Зерттеудің ұйымдастырылу этапында әртүрлі мәселелер комплексі шешіледі. Ең алдымен зерттеу обьектісі мен бақылау бірлігі орнатылады. Зерттеу обьектісі ретінде белгілі уақыт және кеңістіктен алынған жеке заттар немесе құбылыстан тұратын бақылау бірлігі статистикалық жиынтықты құрайды.

Бақылау бірлігі – зерттеулер жолында тіркеуге жататын белгілер тасымалдаушысы болатын біріншілік статистикалық элементтер жиынтығы. Мысалы: зерттеу жүргізіліп жатқан науқастар тобы зерттеу обьектісі статистикалық жиынтық болып табылады, ал осы топқа кіретін зерттеушілерді қызықтырушы белгілері болатын тасымалдаушы әрбір науқас бақылау бірлігі болады.

Мәліметтерді өңдеу үшін барлық белгілерді үйреншікті сандық және сапалық бөлудің орнына қазіргі заманғы есептеу техникасы және математикалық әдістер қолдану қажеттілігін есепке ала отырып қазіргі таңда айқын белгілер классификациясы қолданылады:

• сандық белгілер (дене массасы,бойы,жасы, лабораторлы көрсеткіштер);

• сапалық;

• номинальды немесе классификационды белгілер (жынысы, мекен жайы, қызметі, мамандығы);

• зерттелетін құбылыстардың айқындылық дәрежесі әртүрлі дәрежеде анықталатын тәртіптік белгілер және олар өз кезегінде көмескі (мысалы, ем қорытындысы: жақсы, қанағаттандырарлық, қанағаттанғысыз; денсаулығына өзіндік баға беру: жақсы, өте жақсы, жақсы, қанағаттанарлық, жаман) және дәрежелік (мысалы: босанудың реттік саны) деп бөлінеді.


Белгілер арасындағы қатынасқа байланысты факторлы (себеп) және қорытынды (соңы) белгілерді ажыратады. Бұл белгілердің анықталған мағынасы қабылданған; y=f(x) немесе y=f(x1,x2,x3...xn), факторлы белгісі x немесе факторлар тобынан (x1,x2,x3...xn). Себеп-салдарлық заңдылықты барлық жағынан сапалы логикалық анализ маңызды мағынаға ие. Бұл сандық анализ жолында кездейсоқ алынған жалған байланыстарды ажыратуға, дұрыс емес қорытындылардан қашуға көмектеседі.

Бұл этапта принципиальді маңызды кезең материалдарды жинау бағдарламасы, өңдеу бағдарламасы және анализ бағдарламасы кіретін зерттелетін бағдарламаларда құру болып табылады.

Ақпарат жинау бағдарламасы зерттеу барысында оқып танысуға жататын белгілер жиынтығы. Бұл бағдарлама тіркеу құжаты түрінде (анкета, бланк, карта) толтырылады, құрамына зерттеушінің эксперимент барысында білгісі келген сұрақтар мен белгілер кіреді және әрбір бақылау бірлігіне толтырылады. Осы мақсатта ресми есеп құжаты немесе арнайы осы зерттеуге жасалған тіркеу құжаты қолданылады.

Тіркеу құжаты белгілі бір сұраныстарға жауап беру керек.

• Онда міндетті сұрақтар болу керек (бақылау бірлігі саны, толтыру уақыты, мекеме аты, паспорттық бөлім,құжат толтырған тұлғаның қолы).

• Кез келген тұлғаға құжат толтыру унифицирленген және сұрақтың түзілуі біркелкі болу керек.

• Құжат оқуға және толтыруға, сонымен қатар мәліметтерді өңдеу мен таңбалауға ыңғайлы болу керек. Осы мақсатта альтернативті жауаптар немесе жауап нұсқаулары болу керек.

Нәтижені өңдеу бағдарламасы зерттеушінің эксперимент барысында білгісі және тексергісі келген белгілер жиынтығы бар статистикалық кесте макетін құруды ұйғарады. Статистикалық кесте жай (бір белгі анализі) топтық (екі белгінің үйлесуі), комбинациялық (үш және көп белгілердің үйлесуі). Статистикалық кестеде кестенің негізгі заңдылықтырын көрсетуші аты, қорытынды вертикальді және горизонтальді графасы мен келтірілген белгінің өлшеу бірлігі болу қажет.

Анализ бағдарламасы эксперименттің негізгі ойы болатын зерттеудің жұмысшы гипотезасын шығаруды жобалайды.

Зерттеуді ұйымдастыру кезеңінде маңызды орын статистикалық жиынтықты қалыптастыру әдісіне беріледі. Зерттелетін обьектілердің қамту дәрежесіне байланысты статистикалық зерттеулер жаппай және таңдамалы болып бөлінеді. Жаппай деп бақыланатын обьектілерге барлық бақылау бірлігі алынады, ол негізгі жиынтық деп аталады.

Таңдамалы бақылау

– бұл бақылау бірлігі негізгі жиынтықтан кездейсоқ алынатын бірыңғай емес бақылау түрі болып келеді, қорытынды соңғы жиынтыққа таралады. Осы жолмен түзілген жиынтық таңдамалы деп аталады.

Бақылау бірлігі бөлігінен алынатын нәтиже барлық жиынтыққа тарату мүмкін болу үшін іріктеу репрезентативті болу қажет.

Репрезентативтілік –бұл барлық (негізгі) жиынтыққа қатысты таңдамалы жиынтық келістілігі болып келеді, сонымен бірге репрезентативтілік сандық және сапалы болу керек. Сандық репрезентативтілік деп үлкен сандар заңдылықтарын көрсету үшін жеткілікті таңдамалы бақылау бірлігін түсінеді. Сапалық репрезентативтілік деп жаппай және таңдамалы жиынтықтардың бақылау бірліктерінің белгілерінің сәйкес келуін түсінеді. Репрезентативті іріктеу оның санына және таңдамалы жиынтық түзілу амалына, бақылау бірлігін іріктеу амалына тәуелді. Таңдауға қойылатын басты талап - бұл оның кездейсоқтығы (рандомизирленген таңдау). Кездейсоқ таңдаудың арқасында әрбір бақылау бірлігіне таңдамаға біркелкі ықтималдылықтың тиюін қамтамасыз етіледі.Таңдау кездейсоқтығы – зерттеудің маңызды кезеңі болып келетін таңдау жолымен және рандомизация әдісін дәлме-дәл қолданумен қол жеткізіледі, оған алынған мәліметтердің толықтылығы және барлық зерттеудің жетістігі байланысты болады.

III этап: Ақпарат жинау.

Бұл кезеңде тіркеу ережесін сақтауға, зерттеуден алынған барлық бақылау бірлігін қамтуға, алынған мәліметтердің дұрыстығына басты назар аудару керек. Бақылау бірлігін таңдау тәртібін бұзуға, жеке жағдайларды қалдырып қою, шығарып тастауға, бақылау бірлігін ауыстыруға болмайды.

Мәліметтерді жинау әдісін таңдау зерттеудің мақсаты мен мәселесіне байланысты анықталады және зерттеудің ұйымдастырушыларының, сонымен қатар үйренуші тұлғалардың дайындық дәрежесіне, зерттелетін бірліктер санына, бақылау бағдарламасына байланысты. Қазіргі таңда келесі мәліметтер жинау әдістері кең таралған :

• есепті, есеп –есепке алу құжаттар жүйесінің көмегімен;

• экспедиционды, денсаулық сақтау мен жеке мекемелердің қызметін зерттеу;

• өзіндік тіркелу,тіркеу құжатын зерттелушінің өз бетімен толтырады;

• анкеталық, баспаға шығарылған немесе таратушы анкета, арнайы сұрақтар көмегімен алынады;

• корреспонденттік, белгіленген тұлғалар тобын динамикалық бақылау.

Мәліметтерді жинау барысында жиналған мәліметтердің сапасын кезеңді тексеру, ұйымдастырулық кезеңде қабылданған ережелер мен принциптердің орындалуын қадағалау. Мұның барлығы статистикалық материалды дұрыс жинауға көмектеседі.


IV этап:Мәліметтерді өңдеу

Бақылау кезеңінде жиналған статистикалық материалдар белгілі бір өңдеуді қажет етеді. Бақылау материалдарын ғылыми ұйымдастырулық өңдеуге алынған мәліметтерді міндетті бақылаудан басқа, шифрлауды, жүйелеуді, материалдарды жіктеуді, кесте құру, қорытындыларды және туындыларды алу жатады.

V этап: Зерттеу қорытындыларының анализі.

Бұл кезеңде алынған нәтиженің сапалы логикалық анализі маңызды мағынаға ие болады. Жиналған мәліметтер мен алынған нәтижелердің тиісті логикалық талдауынсыз мәліметтерді өңдеудің немқұрайлы әдістерін қолдану дұрыс емес қорытындыға әкелуі мүмкін.

Нәтижелер анализіне қазіргі заманғы математико-статистикалық әдістерді қолдану зерттелетін құбылыстың табиғатына сәйкес келетін шартта жүргізіледі.

Оларды бірнеше үлкен топтарға бөлуге болады:

1. Бағдарламаның әр белгісінің әртүрлі жақтарын сипаттайтын,қорытынды коэффициентінің есептеу әдісі:

• салыстырмалы көлемді есептеуші әдістер;

• орташа көлемді есептеуші әдістер;

• салыстырмалы және орташа көлем дұрыстығын бағалаушы әдістер.

2. Әртүрлі статистикалық жиынтықтарды салыстырушы әдістер:

• әртүрлі жинақтаушы коэффициенттердің дәлелділігін бағалаушы әдістер;

• белгілердің таралу айырмашылығының дәлелділігін бағалаушы әдістер;

• жинақтаушы коэффициенттің стандартизация әдістері.

3.Факторларды біріктіру және әрекеттестігін бағалау, дифференциация әдістері.

Бұл әдістер келесі мәселелерді шешуге көмектеседі:

а) көп факторлы комплексті құрамды факторға ажыратып, маңызды және азын аулаққа бөледі;

б) факторлардың өзара әрекеттестігін үйрену;

в)факторлар кешеніне негізделе отырып біріктірілген баға алу. Бұл топқа жатады:

• дисперсионды анализ;

• корреляционды анализ;

• регрессионды анализ;

• факторлы анализ;

• негізгі компоненттер әдісі;

• дискриминантты анализ;

• бір ізді анализ.

4. Құбылыстар динамикасы анализінің әдісі (динамикалық немесе уақытша қатар анализі).

Нәтижелерді статистикалық өңдеу әдістерінің әрбір жеке тобы тәжірибелік қолданудың анализі мен жеке қарастыруын қажет етеді. Статистикалық критерилерді немесе әдістерді таңдағанда олардың қолдану шартына назар аудару керек.

VI этап: Зерттеу қорытындыларын тәжірибеге енгізу
.

Ғылыми зерттеулер тәжірибеге қорытындыларын енгізумен аяқталады. Зерттеудің мақсаты мен мәселесіне байланысты жұмыс қорытындыларын тәжірибеде қолданудың әртүрлі нұсқадары бар:

• баяндама немесе дәріс практикалық сабақтарда оқыту және біліктілігін көтеруге;

• баспаға шығару (мақала, монография, шолулар);

• әдістемелік материал (нұсқаулар, ережелер);

• директивті материал (бұйрық, ереже, заң)

• медициналық мекеме қызметін қайта ұйымдастыру;

• ғылыми жаңалық ашылулар, рационализаторлық ұсыныстар.

Ғылыми зерттеу қателіктерінің негізгі түрлері

1. Тіркеу қателігі

  • кездейсоқ (бірлесіп өшіріледі және зерттеу қорытындысына әсер етпейді);

  • жүйелі (құрылғының нашар дәлелдемесі, нұсқаудың мағынасының біркелкі еместігі,әдістердің жеткіліксіз унификациясы– зерттеу қорытындыларын бұрмалауы мүмкін)

2. Әдістемелік

  • бақылау санының жеткіліксіздігі

  • кездейсоқ таңдау бұзылысы

  • мәліметтерді дұрыс емес топтастыру

  • біртекті емес топтардың орташа шамасын қолдану

3. Логикалық

  • мәліметтерді олардың сапа сипаттын тіркеусіз салыстыру

  • себептер мен салдардың орын ауысуы

  • құбылыстардың өзара байланысын есепке алмау.

Бөліну түрлері. Біріктірілген коэффициенттер. Вариационды қатар және оның сипаттамасы

Алынған материалдардан жинақтау нәтижесінде абсолютты сандар шығады, көріністің көлемі және мөлшерінің сипаттамасының талдауы үшін (аурухана саны, науқас саны, денсаулық сақтаудың бюджеті, төсек саны және т.б.). Бақылау санының кіші сандарында, заңдылықтарды анықтау қажет етпегенде, онда да абсолютты сандар қолдануға болады.

Бірақта көп жағдайларда алынған мәліметтердің талдауы үшін, бірқатар параметрлер көмегімен статистикалық жиынтықты алдын ала сипаттау керек.

Денсаулық сақтау және медицинада бұл мақсаттарда орта және салыстырмалы өлшемдер қолданылады.

Көріністер немесе ауыспалы (variables), әртүрлі нақты белгілерді қабылдауы мүмкін (values). Көріністердің келесі түрлерін ажыратады:

Сапалық немесе номинальды (categorical/nominal) – белгілі бір өлшемге бағынбайтын, мысалы науқас сипаттамасы : диагноз, жынысы,