Файл: мейіргер ісі негіздері Пні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарыны жинаы авторлары М. Ш. Нурманова м.. к., Мейірбике ісі.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.11.2023
Просмотров: 1441
Скачиваний: 80
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Ескерту: - майлы ерітіндіні мұрынға тамызғанда науқас тамшының дәмін сезуі қажет және бірнеше минут жатуы қажет, тамшы жұтқыншақтың артқы қабырғасына түсуі керек (мұрын қанатын сүйек қалқанына баспаңыз).
- пластикалық флаконның тығынына тамызғыш қондырылған дәрілік ерітінді тек қана бір науқасқа қолданылады.
Көзге тамшы тамызу
Мақсаты: емдік.
Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған: лотокті, тамызғышты, дәке тампондарын, дәрілік ерітіндіні, колғапты, қайнатуға арналған ыдысты, су моншасын, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді, су моншасын, дәрігердің ем тағайындайтын парағын (004-1/уФ).
Іс-әрекет алгоритмі:
-
Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз. -
Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес, дәрінің жарамдылығын тексеріңіз (атын, қоюлық дәрежесін, сақталу мерзімін оқыңыз, флаконның бүтіндігін анықтаңыз, дәрілік ертіндінің сыртқы түрін бағалаңыз). «Су» моншасында 36-370С температурасына дейін дәрілік ерітіндіні жылытыңыз. -
Науқасты бетін жарыққа қаратып, басын аздап қана артқа қарай шалқайтып отырғызыңыз немесе шалқасынан көпшіксіз жатқызыңыз. -
Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз. Қолғапты киіңіз. -
Пластикалық флакондағы залалсыздандырылған көз тамшыларын қолданғанда, оның түбін жоғары қаратып төңкеріңіз және тамызғанда оның қабырғасын басыңыз. -
Оң қолыңызбен тамызғышты алып, екі көзге тамызатын ерітіндінің мөлшері есебінен дәрілік ерітіндіні сорып алыңыз. -
Сол қолыңызға дәке тампонын ұстап, көздің төменгі қабағын төменге қарай тартыңыз және науқастан жоғары қарауын сұраңыз. -
Дәрілік ерітіндінің бір тамшысын көздің астыңғы қабына, кірпікке және қабаққа тамызғышты тигізбей, көздің ішкі бұрышына жақынырақ, көзден 1,5 см қашықтықта ұстап тамызыңыз. -
Науқас көзін ақырын ғана жауып, көз алмасын айналдыруын сұраңыз (дәрілік ерітінді ақпауы тиіс) бірнеше секундтан кейін манипуляцияны қайталаңыз, екінші тамшыны осы көзге тамызыңыз. -
Көздің ішкі бұрышында қалған тамшыны тампонмен сүртіңіз. -
Екінші көзінде тамшыны сол тізбектілікпен тамызыңыз. -
Тамызғышты қайнатуға арналған ыдысқа, пайдаланған дәке тампондарын қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз. -
Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.
Ескерту:
-
екі тамшыны бір көзге бір мезгілде тамызғанда әдетте 1 тамшы ағады; -
бір науқасқа тамызғыштың саны дәрілік ерітіндінің санымен байланысты: әрбір дәрі үшін жеке тамызғыштар болуы керек; -
егер де көзден іріңді бөліністер бөлінсе, әуелі көзді жуыңыз, сосын дәрілік ерітіндіні тамызыңыз.
ТӨМЕНГІ ҚАБАҚҚА КӨЗ МАЙЫН ҚАТТАСТЫРЫП САЛУ
(тюбиктен, шыны таяқшамен)
Мақсаты: емдік
Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған: көз майын, шыны көз қалақшаларын, дәке тампондарын, мақта шариктерін, қолғапты, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді, дәрігердің ем тағайындайтын парағын (004-1/уФ).
Іс-әрекет алгоритмі:
-
Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз. -
Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес майдың жарамдылығын тексеріңіз (атын, қоюлығын, сақталу мерзімін оқыңыз, тюбиктің бүтіндігін анықтаңыз). -
Шыны таяқшаның бүтіндігін тексеріңіз. -
Гигиеналық деңгейде қолға тазарту жүргізіңіз, қолғапты киіңіз. -
Науқасты ыңғайлы жағдайда отырғызыңыз немесе жатқызыңыз, басын артына қарай шалқайтып, науқастың көз қарасы жоғарыға қарай бағытталған болу керек. -
Оң қолға шыны қалақшаны алып, оның жалпақ шетіне майды жағып алыңыз. Ол бүтін қалақшаны жабу керек. -
Шыны таяқшаны самай жағынан бетінен көздің тесігіне қарай жағыңыз (оң көзді сол қолмен, сол көзді оң қолмен). Қалақшаны майымен төмен қарай ұстаңыз. -
Қалақшаны көзге көлденең орналастырыңыз, жалпақ шетімен кеңсірікке. -
Сол қолға дәке тампонын алып, төменгі қабақты төмен тартыңыз және оған қалақшадағы майды көз алмасына қаттастырып салыңыз, ал бос беті қабаққа қарай бағытталуы керек. -
Төменгі қабақты жіберіңіз, науқастан сәл қабақтарын сығылыстыруын сұраңыз. -
Сығылыстырылған қабақтан самай бағыты бойынша қалақшаны алыңыз. Сәл жабылған қабақтарын мақта шариктерімен уқалаңыз, май көздің шырышты қабығына бір қалыпты таратылуға тиіс. -
Екінші көзіне де майды осы тізбектілікпен салыңыз. -
Көз майын тікелей тюбиктен де салуға болады. -
Сол қолыңызға дәке тампонын алып, төменгі қабақты тартыңыз. -
Тюбикті көздің ішкі бұрышына ұстап, онан майды төменгі көздің сілемейлі қабығының іркістеріне сығып шығарыңыз, майдың цилиндрі ұзын бойына барлық қабаққа орналастырылады. -
Шыны қалақшаны зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз. -
Қолғапты шешіңіз. Қолғапты, дәке тампондарын қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз. -
Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Құлаққа дәрілік ерітіндіні тамшылатып тамызу
Мақсаты: емдік.
Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы – құлақтағы ауру сезімі және қабыну процесі.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған: лотокты, тамызғышты, мақта шариктерін және турундаларын, дәрілік ерітінділерді қолғапты, қайнатуға арналған ыдысты, су моншасын, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді, дәрігердің ем тағайындайтын парағын (004-1/уФ).
Іс-әрекет алгоритмі:
-
Науқасқа емшара барысын мен мақсатын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз. -
Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес дәрілік ерітіндінің жарамдылығын тексеріңіз (атын, қоюлығын, сақталу мерзімін оқыңыз, флаконның бүтіндігін анықтаңыз; дәрілік ерітіндінің сыртқы түрін бағалаңыз). -
«Су» моншасында 36-370С температурасына дейін дәрілік ерітіндіні жылытыңыз. -
Науқасты отырғызыңыз немесе қырына қаратып жатқызыңыз. -
Науқастың басын сау қырына қарай бұрыңыз. -
Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартып, қолғапты киіңіз. -
Құлақтан шыққан бөлініс болса, құлақ жолын мақта турундасымен тазалаңыз. -
Тамызғыштың бүтіндігін тексеріңіз. Пластикалық флакондағы залалсыздандырылған құлақ тамшысын қолданғанда, оны төңкеріп аударып, тамызғанда оны қабырғасынан қысыңыз. -
Оң қолға тамызғышты ұстап, оған дәрілік ерітіндіні оған сорып алыңыз. -
Сол қолмен науқастың құлақ сырғалығынан артқа және жоғары қарай тартып, (сыртқы құлақ жолын түзету үшін) ал оң қолмен тамызғышты ұстап, 2-3 тамшы дәрілік ерітіндіні құлақ жолына тамызыңыз. -
Құлақ пердесіне тамшының жанасуын күшейту үшін құлақ қалқанын бірнеше рет саусағыңызбен басыңыз. -
Науқастың сыртқы құлағына мақта шаригін енгізіп, 10-15 минуттай басын еңкейген қалыпта ұстап тұруын сұраңыз, кейін осы құлақты залалсыздандырылған мақтамен сүртіңіз. -
Қолғапты шешіңіз. -
Науқастың басын ауыратын құлақ жағына енкейтіңіз, құлақ жолын мақта шаригімен құрғатыңыз. -
Пайдаланған турундаларды, мақта шариктерін қолғапты қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге, ал тамызғышты қайнатуға арналған ыдысқа салыңыз. -
Қолыңызды жуыңыз, кептіріңіз.
Жеке ингаляторды қолдану
Дәрілік затты тыныс жолдарына дем алғанда ауыз арқылы енгізуге науқасты үйрету
Мақсаты: емдік және оқулық, науқасқа ингаляторды өздігінен қолдануды үйрету.
Қолдану көрсетілімдері: қан айналу және тыныс алу органдары ауруларында дәрігердің тағайындауы бойынша.
Дайындаңыз: 2 қолданылған қалта ингаляторын, 3-дәрілік заты бар ингаляторды, дәрігердің ем тағайындайтын парағын (004-1/уФ).
Іс-әрекет алгоритмі:
-
Науқасқа емшара жүргізу мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз. -
Науқасқа өз-өзіне ингаляторды қолдануын үйрету. -
Науқасқа жоғары Фаулер қалпын беріңіз немесе науқастың жағдайы мүмкіндік берсе, емшараны тұрып орындағаны жақсы, өйткені өкпенің дем алыс экскурсиясы әсерлі. -
Гигиеналық деңгейде қолға тазартуды жүргізіңіз -
Науқасқа және өзіңізге бос ингаляторды алыңыз. -
Дәрісіз ингаляторды қолдана отырып, науқасқа емшараның орындалуын тізбектілікпен көрсетіңіз. -
Ингалятордың мундштугінен қорғаныш қалпағын алыңыз. -
Ингаляторды аэрозольмен түбін жоғары қаратып бұрып, бірнеше рет жігерлі сілкілеңіз. -
Науқасқа асықпай ауыз арқылы терең демді шығаруды сұраңыз. -
Ингаляторды аэрозольмен қолыңызға алып, ауызға жақындатып, ингалятордың мундштугін еріндерімен қамтып ұстап, басын сәл артқа қарай шалқайтуын сұраңыз. -
Науқастан терең дем алуын сұрап, бір мезетте ингалятордың түбін басыңыз – осы мезгілде ауыз қуысына дәрінің дозасы аэрозольді түрде түседі. -
Науқасқа аэрозольді ішке тартуын, 10-12 секундтай демін ұстауын сұраңыз. Ауызынан ингалятордың мундштугін шығарып, сосын науқас ақырын мұрын арқылы демін шығарады. -
Ингалятордың мундштугіне қорғаныш қалпағын кигізіңіз. -
Науқасқа өздігінен емшараны орындауын ұсыныңыз, ең алдымен бос ингалятормен, сосын дәрісі бар ингалятормен -
Науқасты дәрісі бар ингалятормен емшараның орындауын өзіңіздің барыңызда бақылаңыз.
Ескерту:
-
аэрозольмен дем алғанда клапанның шашырататын басын 1 реттен артық басуға болмайды; -
ингаляцияның мөлшерін және олардың уақыт аралығын дәрігер анықтайды; -
әрбір ингаляциядан кейін мундштукті сабындап сумен жуу қажет, сосын құрғатып сүртіңіз.
СеппеНІ қолдану
Мақсаты: емдік.
Қолдану көрсетілімдері: баздануда, тершеңдікте теріні құрғату.
Дайындаңыз: сеппені, сүлгіні немесе сүрткіні, суды, қолғапты, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді, дәрігердің ем тағайындайтын парағын (004-1/уФ).
Іс-әрекет алгоритмі: