Файл: мейіргер ісі негіздері Пні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарыны жинаы авторлары М. Ш. Нурманова м.. к., Мейірбике ісі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.11.2023

Просмотров: 1446

Скачиваний: 80

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



  1. Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз.

  2. Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес, сепппенің жарамдылығын тексеріңіз. (атын, сақталу мерзімін оқыңыз).

  3. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз. Науқасқа ұнтақ дәрі туралы мәліметті беріңіз.

  4. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз, қолғапты киіңіз.

  5. Науқастың ұнтақ себетін терісі аймағын жылы сумен жуып, сүлгімен (сүрткімен) сүртіп құрғатыңыз.

  6. Сеппесі бар ыдыстың түбін жоғары қаратып төңкеріп, сілкіген қозғалыспен бір қалыпта терінің қажетті бетіне ұнтақты себіңіз (теріге «опа» жаққандай).

  7. Қолғапты шешіп, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.


дәрілік жабысқақ Пластырьді салу
Мақсаты: емдік.

Қолдану көрсетілімдері: құяң, невралгия, миозит (бұлшық еттің қабынуы) тері мүйізгегі.

Қарсы көрсетілімдері: тері аурулары, аллергиялық дерматит.

Дайындаңыз: дәрілік пластырьді, қайшыны, мақта немесе дәке шариктерін, лотокті, шымшуырды (пинцетті), антисептикалық ерітіндіні, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді, дәрігердің ем тағайындайтын парағын (004-1/уФ).
Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз.

  2. Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес, пластырьдің жарамдылығын тексеріңіз (атын, сақталу мерзімін оқыңыз, оның сыртқы түрін бағалаңыз).

  3. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз. Науқасқа пластырь туралы қажетті мәліметті беріңіз.

  4. Гигиеналық деңгейде қолға тазартуды жүргізіңіз. Қолғапты киіңіз.

  5. Науқастың терісін антисептикалық ерітіндінің бірімен немесе сабынды сумен тазартыңыз. Оны құрғатып сүртіңіз, шашы болса – қырыңыз.

  6. Пластырьды қажетті көлемде қайшымен қиыңыз. Пластырьдегі қорғаныш жұқа қабығын алыңыз.

  7. Науқастың терісіне пластырьді салып, аздап қана басыңыз.

  8. Пластырьді алар алдында шетін спиртпен сүртіңіз, оны шаштың өсу жолы бойымен ақырындап алып тастаңыз.

  9. Қолғапты шешіп, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.


Ескерту:

  • пластырьді 2 тәулік бойы алмайды, егер де қатты тітіркендіруі сезілмесе;

  • пластырь қатты күйдірсе, оны алып, сол жердегі теріге вазелин жағыңыз.


Суппозиторийді (балауызды) тік ішек арқылы енгізу

Мақсаты: емдік.

Қолдану көрсетілімдері: анус сызаты, тік ішек айлануы (геморрой).

Дайындаңыз: тік ішектік суппозиторийді, қайшыны, мақта шариктерін, залалсыздандырылған қолғапты, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді, дәрігердің ем тағайындайтын парағын (004-1/уФ).
Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз.

  2. Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес, суппозиторийдің жарамдылығын тексеріңіз (атын, сақталу мерзімін оқыңыз).

  3. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз. Дәрілік препарат туралы мәліметті беріңіз.

  4. Науқасты сол жақ қырына қаратып жатқызып, тізе буыннан аяғын бүгіп ішіне келтіріңіз.

  5. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.

  6. Суппозиторийді енгізер алдында, оның орауының жіңішке шеті жағын қайшымен қиыңыз.

  7. Сол қолмен науқастың бөксесін ажыратып, ал оң қолмен суппозиторийдің жіңішке шетін анал тесігіне енгізіп, оны ораудан сығыңыз, ол толық тік ішектің сыртқы қысқышына (сфинктеріне) 2-3 см тереңдікке енуі керек (балауыздың қабығы қолда қалады).

  8. Мақта шаригін бөксе арасына қаттастырып салыңыз.

  9. Бірнеше минуттай науқастың төсектен тұрмауын сұраңыз.

  10. Қолғапты шешіп, Қолғапты шешіп, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.


Ескерту:

  • суппозиторий мұздатқышта немесе салқын жерде сақталуы қажет;

  • суппозиторийді ұзақ ұстауға болмайды, неге десеңіз ол жылдам ериді.

Дәрілік ерітіндіні теріге ЖАҒУ
Мақсаты: емдік.

Қолдану көрсетілімдері: тері аурулары.

Дайындаңыз: дәрілік ерітіндіні, залалсыздандырылған дәке тампондарын, пинцетті, лотокты, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді, дәрігердің ем тағайындайтын парағын (004-1/уФ).
Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз.

  2. Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес, дәрілік ерітіндіні науқасқа таңдаңыз.

  3. Дәрілік ерітіндінің жарамдылығын тексеріңіз (атын, дозасын, сақталу мерзімін оқыңыз).

  4. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз. Дәрілік ерітінді туралы қажетті мәліметті науқасқа түсіндіріңіз.

  5. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, қолғапты киіңіз.

  6. Дәке тампонын қажетті ерітіндіге сулаңыз.

  7. Науқастың терісіне дәрілік ерітіндіні ұзына бойы жеңіл қозғалыспен (шаштың өсу бағыты бойынша) жағыңыз.

  8. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

  9. Пайдаланған тампондарды, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.



Ескерту: терінің іріңді ауруларында, зақымдалған ошақтың айналасына шетінен орталыққа қарай бағытпен дәріні майлайды.
Майлы таңғышты орындау
Мақсаты: емдік.

Қолдану көрсетілімдері: тері аурулары.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: шпательді, салфетканы, мақтаны, бинтті, қайшыны, майды, қолғапты, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді, дәрігердің ем тағайындайтын парағын (004-1/уФ).
Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз.

  2. Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес майдың жарамдылығын тексеріңіз (атын, сақталу мерзімін оқыңыз).

  3. Науқасқа емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз. Дәрілік препарат туралы мәліметті беріңіз.

  4. Науқасқа емшара жүргізу үшін ыңғайлы қалып алуына көмектесіңіз.

  5. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, қолғапты киіңіз.

  6. Залалсыздандырылған шпательді қолдана отырып, залалсыздандырылған салфеткаға қажетті мөлшердегі майды жағыңыз.

  7. Май жағылған салфетканы науқастың терісіне салып, салфетканың үстінен кішкене қабаттап мақта қойыңыз.

  8. Салфетканы маймен, дәке немесе түтікті бинтпен ораңыз.

  9. Шпательді зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

  10. Қолғапты шешіп, контейнерге салыңыз.

  11. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

  12. Таңғышты қанша уақыт ұстау қажет екенін науқасқа ескертіңіз.


Теріге майды жағу
Мақсаты: емдік.

Қолдану көрсетілімдері: тері аурулары.

Дайындаңыз: дәрілік майды, залалсыздандырылған апликаторды немесе шпательді, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, дәрігердің ем тағайындайтын парағын (004-1/уФ).
Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз.

  2. Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес дәрілік препараттың жарамдылығын тексеріңіз (майдың атын, дозасын, сақталу мерзімін оқыңыз).

  3. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріп, дәрілік препарат туралы мәлімет беріңіз.

  4. Емшараны жүргізу үшін науқасқа қолайлы қалып жасауға көмектесіңіз.

  5. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуып, қолғапты киіңіз.

  6. Науқасқа қажетті мөлшердегі майды тюбиктен апликаторға сығып шығарыңыз.

  7. Теріге жіңішке қабатпен майды жағыңыз, оны қолмен жасамаңыз, өйткені кейбір майлар зақымдалмаған тері арқылы да сорылады.

  8. Май жаққан тері бетін 10-15 минуттай ашық ұстауын науқастан сұраңыз.

  9. Қолғапты шешіп, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз. Апликаторды зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз.

  10. Теріні қарап, майдың сіңгеніне көзіңізді жеткізіңіз.

  11. Қолыңызды жуып , кептіріңіз.


Теріге майды сылап жағу
Мақсаты: емдік.

Қолдану қөрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша.

Қарсы көрсетілімдері: терінің қабыну аурулары, терінің зақымдануы.

Дайындаңыз: майды, сабынды, суды, сүлгіні, апликаторды, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді, дәрігердің ем тағайындайтын парағын (004-1/уФ).
Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз.

  2. Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес, науқасқа майды таңдаңыз.

  3. Майдың жарамдылығын тексеріңіз (атын, сақталу мерзімін оқыңыз), тағайындалған дозасымен салыстырыңыз.

  4. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріп, дәрілік препарат туралы қажетті мәліметті беріңіз.

  5. Науқасқа емшараны жүргізу үшін ыңғайлы қалып жасауына көмектесіңіз.

  6. Майды сылайтын тері аймағын қараңыз.

  7. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.

  8. Науқастың терісін сабындап жылы сумен жуып, сүлгімен құрғатып сүртіңіз.

  9. Апликатормен қажетті мөлшердегі майды жағыңыз.

  10. Тері бетіне дәрігер анықтаған майды жеңіл айналмалы қозғалыспен, терісі құрғақ болғанша сылаңыз.

  11. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

  12. Қолданылған мақта шариктерін, дәке тампондарын, қолғапты қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз. Апликаторды зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.


Ескерту:

  • дененің шашты бөлігіне және тері зақымданғанда майды сылап жағуға болмайды. Қажет жағдайда шашты қырып тастайды;

  • егер де май теріні қатты тітіркендірмесе, онда науқас өздігінен майды сылап жағады (саусақтарының ұшымен). Саусақтардың қозғалысы жеңіл айналмалы болуы керек;

  • майды сылап жаққанға дейін және жаққаннан кейін науқасқа қолын жуу қажет екені туралы алдын-ала ескертіңіз.


Дәрілік ерітіндіні теріге сылап жағу
Мақсаты: емдік.

Қолдану қөрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша.

Қарсы көрсетілімдері: терінің қабыну аурулары, терінің зақымдануы.

Дайындаңыз: дәрілік ерітіндіні, сабынды, суды, сүлгіні, апликаторды, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді, дәрігердің ем тағайындайтын парағын (004-1/уФ).

Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз.

  2. Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес, науқасқа дәрілік ерітіндіні таңдап алыңыз.

  3. Дәрілік ерітіндінің жарамдылығын тексеріңіз (атын, дозасын, сақталу мерзімін оқыңыз), тағайындалған дозасымен салыстырыңыз.

  4. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз. Дәрілік препарат туралы мәліметті беріңіз.

  5. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз, қолғапты киіңіз.

  6. Науқастың терісін ұқыпты сабындап, сумен жуыңыз, сүлгімен құрғатып сүртіңіз.

  7. Қажетті мөлшердегі дәрілік ерітіндіні апликатормен теріге жағыңыз (дәке шариктері, мақта тампондары және т.б.).

  8. Науқастың терісіне дәрілік ерітіндіні жеңіл айналмалы қозғалыспен, науқастың терісі құрғақ болғанша сылап жағыңыз.

  9. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

  10. Қолданылған қолғапты қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге, ал апликаторды зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.




Дәрі-дәрмектерді парентеральды жолмен енгізу
Бір рет қолданылатын шприцті құрастыру
Бір рет қолданылатын шприц құрастырылған түрінде шығарылады, оны пайдалану төмендегідей даярланады.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған мақта (шариктерін) түйіршектерін, қолғапты, бір рет қолданылатын шприцті, тері антисептигін, зарарсыздандыру ерітіндісіндегі пинцетті.
Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Гигиеналық деңгейде қолыңызды жуып, тері антисептигіне ылғалдатылған мақта түйіршіктерімен (шариктерімен) тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.

  2. Қолыңызға ораудағы бір рет қолданылатын шприцті алып, оның жасалған күнін және саңылаусыздығын тексеріңіз.

  3. Сол қолыңызға ораудағы шприцті поршені мен жоғары қаратып алыңыз.

  4. Поршень жағынан орауды ашыңыз.

  5. Ораудағы шприцті шығарып, иненің канюлясын шприцтің ине астындағы конусына жалғастырыңыз.

  6. Ине астындағы конус кеңістігіне (ине қалпақтың ішінде) ине канюлясын үйкеңкіреп бекітіңіз.

  7. Инеден қорғаныс қалпағын алмай тұрып, поршенді өзіңізге қарай тартып шприцке ауаны сорып алып, шприцтен ауаны шығарыңыз, иненің өткізгіштігін тексеріңіз.

  8. Құрастырылған шприцті ораудың ішкі бетіне салыңыз.