Файл: мейіргер ісі негіздері Пні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарыны жинаы авторлары М. Ш. Нурманова м.. к., Мейірбике ісі.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.11.2023
Просмотров: 1444
Скачиваний: 80
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Инсулинді енгізу
Мақсаты: қандағы глюкоза деңгейін төмендету үшін белгіленген уақытта инсулиннің дәл дозасын енгізу.
Қолдану көрсетілімдері: инсулинге тәуелді қант диабеті, кетоацидоз, команы емдеу.
Қарсы көрсетілімдері: гипогликемиялық кома, инсулинге аллергиялық реакция болған жағдайда.
Асқынулар: аллергиялық реакция, майлы дистрофия, ісіктер.
Енгізілетін жерлері: иықтың жоғарғы бөлігінің сыртқы беті және жамбастың ортаңғы бөлігінің сыртқы беті, жауырын асты аймағы іш пердесінің алдынғы беті.
Дайындаңыз: инсулин ерітіндісі бар флаконды, тері антисептигін, залалсыздандырылған: лотокті, зарарсыздандыру ерітіндісіндегі пинцетті, мақта шариктерін, бір рет қолданылатын инсулин шприцтерін, қолғапты, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
-
Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз және оны жүргізуге келісімін алыңыз; -
Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз, оларды тері антисептигімен өңдеңіз. Қолғапты киіңіз. -
Флаконның жазуын оқыңыз: атын, дозасын, сақталу мерзімін. Дәрігердің ем тағайындайтын парағымен салыстырыңыз. Флакон қорабындағы және этикеткасындағы инсулиннің атын және әріптік белгілерін тексеріңіз. -
Флакондағы инсулиннің сапасына қарап бақылау жүргізіңіз. Дәрінің қоюлығына көңіл аударыңыз, 1 мл инсулиннің ЕД санына. Инсулин мен шприцтің белгілерін көңіл қойып оқыңыз. Қоюлық негізіне қарап, шприцтің бір бөлігінде қанша бірлік инсулин бар екенін есептеңіз. -
Ұзақ уақытқа әсер ететін инсулин флаконын 3-5 минуттай екі алақан арасында ысқылаңыз. Ерітінді бір қалыпты лайлы болуы керек (сілкуге болмайды!). Қысқа уақытқа әсер ететін инсулин мөлдір, оны араластырудың қажеті жоқ. -
Флакондағы инсулинді су моншасында 36-370С температурасына дейін жылытыңыз. -
Ораудағы инсулин шприцін алыңыз. Ораудың сақталу мерзімін және саңылаусыздығын тексеріңіз. Орауды ашып, шприцті құрастырыңыз. -
Флаконның металды қақпағын пинцетпен ашыңыз. -
Флаконның резеңке тығынын тері антисептигіне суландырған мақта шаригімен екі рет тазартыңыз. Флаконды шетке қарай қойыңыз, тері антисептигі кепкенше күтіңіз. -
Инсулин шприцін қолға алып, шприцтің поршенін тартыңыз, қанша бірлік инсулин сорып алу қажеттілігін. Шприцке ауа сорып алыңыз. Ауаның мөлшері, енгізілетін инсулиннің дозасына тең келуі тиіс. -
Шприцке сорып алынған ауаны флакондағы инсулинге енгізіңіз. -
Науқасты жатуын немесе отыруын сұраңыз. -
Инъекция жасайтын жерді тізбектілікпен тері антисептигіне суландырған екі мақта шариктерімен тазартыңыз, алдымен үлкен көлемді, сосын тура инъекция жасайтын орынды. Терісі кебуі керек. -
Шприцтен қалпақты алыңыз, оны енгізер алдында ауаны шығарыңыз және инсулиннің мөлшерін қажетті дозаға дейін жеткізіңіз. -
Оң қолыңызға шприцті алыңыз. -
Сол қолдың І және ІІ саусақтарымен терінің тазартылған учаскесін үш бұрышты қыртысы негізі төмен қараған жағынан жиыстырыңыз. -
Тері асты майлы қабаты ортасына 30-450 бұрышпен үш бұрыш қыртысы негізіне, иненің қиығын жоғары қаратып ұстап иненің ұзындығына жылдам қозғалыспен енгізіңіз. -
Сол қолды босатып, қыртысты жіберіңіз. -
Инсулинді жаймен еңгізіңіз, ине қан тамырларына түспегенін тексеріңіз. -
Жылдам қозғалыспен инені шығарыңыз, құрғақ залалсыздандырылған мақта шаригін инъекция жасаған жерге қойыңыз. -
Науқасты тамақтандырыңыз. -
Қолғапты шешіңіз. -
Қолданылған шприцті, мақта шариктерін, қолғапты қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз. -
Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Бұлшық етке инъекцияны орындау
Мақсаты: емдік - бұлшық ет ұлпаларына дәрілік ерітіндіні енгізу.
Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы.
Қарсы көрсетілімдері: бұлшық ет ұлпаларының атрофиясы, инъекция жасаған жерде терінің және тері асты майлы клетчаткаларының зақымдануы, дәрілік ерітіндіге аллергиялық реакциялар.
Енгізілетін жерлері: бөксенің жоғарғы-сыртқы бөлігі, санның алдыңғы қыр беті ортаңғы бөлігі, иықтың сыртқы беті жоғарғы үштің бір бөлігі.
Асқынулар: иненің сынуы, жүйке бағанасынын зақымдануы, сепсис май эмболиясы (тамырдың бітелуі), абсцесс (іріңді ісік), инфильтрат (қатайған тін бөлігі), вирустік гепатит, АИТВ, аллергиялық реакциялар, анафилактикалық шок.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған: көлемі 5-10 мл бір рет қолданылатын шприцті, ұзындығы 40-60 мм инъекцияға арналған инені, мақта шариктерін қолғаптарды, дәрігер тағайындаған дәрілік ерітіндіні, тері антисептигін, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
-
Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз. -
Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріп, оған енгізілетін дәрілік ерітінді туралы мәліметті беріңіз. -
Науқасқа ыңғайлы қалыпты алуға көмектесіңіз:
-
бөксеге енгізгенде – ішімен немесе қырымен жатқызыңыз; -
санға енгізгенде – арқасына жатқызып, аздап қана аяғын тізе буыннан бүгіңіз немесе отырғызыңыз; -
иыққа енгізгенде – жатқызыңыз немесе отырғызыңыз.
-
Инъекция жасайтын жерді киімінен босатыңыз. -
Инъекция жасайтын жерді анықтаңыз (бөксенін жоғарғы-сыртқы бөлігі). -
Инъекция жасайтын жерді саусақпен басып тексеріңіз түйін және қатаюы болмау керек. -
Гигиеналық деңгейде қолды жуып, қолыңызды тері антисептигімен өңдеңіз, қолғапты киіңіз (стандартты қараңыз). -
Шприцті құрастырыңыз (стандартты қараңыз). -
Тағайындалған дәрілік ерітіндіні шприцке сорып алыңыз: шприцті бір рет қолданылатын ораудын ішіне салыңыз. (стандартты қара). -
Қолғапты тері антисептигімен тазартыңыз. -
Тері антисептигіне суландырылған екі мақта шариктерімен инъекция жасайтын жерді тізбектілікпен тазартыңыз: алдымен үлкен аймақты, сосын тұп-тура инъекция жасайтын жерді. Тері антисептигіне суландырған үшінші мақта шаригін сол қолдың IV және V саусақ арасына салыңыз. -
Оң қолға шприцті алыңыз: V саусақты иненін канюласына; II саусақпен шприцтің поршенінен ұстаңыз; I, III, IV саусақтарды цилиндрге қойыңыз (поршеннің сабы бос болуы керек). -
Сол қолдың I және II саусақтарымен инъекция жасайтын жердің терісін керіп бекітіңіз. -
Бөксенің жоғарғы сыртқы бөлігіне инені енгізіңіз (шприцті теріге тік 900 бұрышпен ұстап), тері үстінен иненің ұзындығын 0,5 см-ден кем қалдырмаңыз. -
Сол қолды поршенге көшіріп, II және III саусақтармен шприцтің цилиндірінің жиегінен ұстап, I саусақпен поршенді басып, дәрілік ерітіндіні енгізіңіз. -
Тері антисептигіне суландырған мақта шаригін инъекция жасаған жерге қойыңыз. -
Оң қолмен инені жылдам қимыл-қозғалыспен шығарып алыңыз. -
Теріден мақтаны алмай тұрып, инъекция жасаған жерге жеңіл ұқалауды жасаңыз. -
Қолданылған шприцтерді, мақта шариктерін, қолғапты қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз. -
Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Ескерту:
-
санның алдыңғы қыр беті ортанғы бөлігіне, иықтың сыртқы беті жоғарғы үштің бір бөлігіне бұлшық етке инъекция жасағанда шприцті тері астына инъекция жасағандай ұстап инені 450 бұрышпен енгізеді, сүйек қабын зақымдамау үшін; -
майлы ерітінділерді, суспензияларды, басқа да дәрілік ерітінділерді енгізер алдында қан тамырларына иненің түспегеніне көзіңізді жеткізіңіз, сәл поршенді өзіңізге қарай тартыңыз, егер де шприцте қан көрінсе (тамыр жарақаттанған), онда иненін қалпын өзгертіңіз, оны жоғары және шетке жылжытып тағы да ине қайда екенін тексеріңіз. Ине тамырда еместігіне көзіңіз жеткеннен кейін, дәрілік затты бұлшық етке енгізіңіз. Егер де шприцте тағы да қан көрінсе шприцті шығарып алыңыз және инъекцияны қайталаңыз, инені ауыстырып және басқа жағына енгізіңіз; -
инъекция жасаған жерде инфильтрат пайда болмау үшін жылтқышты қойып, йодтан тор жасаңыз; -
майлы ерітінділерді енгізер алдында, су моншасында t-37-380С жылытыңыз.
Көк тамырға иньекцияны орындау
Мақсаты: емдік-дәрілік ерітіндіні қанға ағым екпінімен енгізу.
Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы.
Қарсы көрсетілімдері: дәрілік затқа аллергиялық реакция, болжаған инъекция жасайтын жердің терісінің және тері шелмайының закымдануы, тесетін көк тамырдың қабынуы (флебит).
Енгізілетін жерлері: шынтақ бүгілісінің, білектің, қолдың беткейлік, аяқтың сыртқы беткейлік, бастың (балаларға) беткейлік веналары.
Асқынулар: гематома (қан ісік), некроз (өлі еттену), флебит (көк тамырдың қабынуы), тромбофлебит (көк тамырдың тромбозы және қабынуы), дәрлік затты қате енгізу, дәрілік және ауалы эмболия (қан тамырдың эмболиямен тығындалуы), сепсис (микробтардың қанға тарап кетуі), АҚТҚ, гепатит (бауырдың қабынуы), аллергиялық реакциялар, анафилактикалық шок.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған: Көлемі 10-20 мл бір рет қолданылатын шприцті (иненің ұзындығы 40 мм),лотокті, салфеткаларды, мақта шариктерін, тері антисептигін, ампуладағы дәрілік ерітіндіні, резеңке қолғапты, клеенкалы валикті, резеңке бұрауды (венозды манжетаны), зарарсыздандыру ерітіндісіндегі пинцетті, шокқа қарсы арналған жиынтықты, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
-
Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз. Дәрілік ерітінді туралы қажетті мәліметті беріңіз. -
Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, тері антисептигімен өңдеңіз, демперде мен қолғапты киіңіз. -
Орауды ашып, шприцті құрастырыңыз (стандартты қара). -
Ампуладан дәрілік ерітіндіні сорып алыңыз (стандартты қара). -
Науқасты отырғызыңыз немесе кушеткаға жатқызыңыз. -
Науқастың шынтақ астына клеенкалы валикті (жастықшаны) орналастырыңыз (шынтақ буынында қолды максимальды жазу үшін). -
Резеңке бұрауды (венозды манжетаны) иықтың ортаңғы бөлігіне салфетканың немесе ішкі киімінің үстінен байлаңыз. -
Бұрауды былай байлаңыз: оның бос ұштары жоғары қарай бағытталған болады, ал ілгегі төмен, қаржілік артериясында тамыр соғуы өзгермеуі керек. -
Науқастың жұдырығын бірнеше рет қысуын және ашуын, сосын оның қысуын (қанды көк тамырға қарай айдау үшін) сұраңыз. -
Науқастың білегін қол ұшынан, шынтақ бүгілісіне қарай бағыттап уқалаңыз, қолдың ұшымен сәл ғана шапалакпен шынтақ шұңқыры аймағын ұрыңыз (көк тамырдың толуын күшейту үшін). -
Көк тамырды зерттеңіз. Қолмен сипалап, ең көп толған көк тамырды табыңыз. -
Қолғапты тері антисептигімен тазартыңыз. -
Тері антисептигімен суландырған мақта шариктерімен екі рет тазартыңыз, үшінші мақта шаригін сол қолдың IV және V саусақтар арасына салыңыз. -
Оң қолға шприцті алып: II саусақпен – иненің канюлясын, V саусақпен – шприцтің поршенін, III, IV, І – саусақтармен цилиндрді ұстаңыз. -
Шприцте ауаның жоқтығын тексеріңіз. -
Сол қолдың үлкен саусағымен шынтақтың бүгілген аймағының терісін біраз қозғалтып, шетіне қарай тартыңыз, көк тамырды бекітуге және қолдағы шприцтің қалпын ауыстырмай отыра, иненің қиығын жоғары қаратып ұстап, көк тамырға қатарластыра ұстап, көк тамырды тесіңіз, сосын абайлап иненің үштен бір ұзындығын «қуысқа» түскенін сезгенше көк тамырға енгізіңіз. -
Поршенді өзіңізге қарай тартқанда шприцте қан көрінуі керек, иненің көк тамырда екеніне көзіңізді жеткізіңіз. -
Сол қолмен бұраудың бір бос шетін тартып шешіңіз, науқастан жұдырықты ашуын сұраңыз. -
Ине көк тамырда екеніне қайтадан көзіңізді жеткізіңіз. -
Шприцтің қалпын өзгертпей отыра, сол қолдың бірінші саусағымен поршенді басып, шприцтің поршенін тірелгенге дейін жібермей, жайымен дәрілік ерітіндіні көк тамырға енгізіңіз. -
Залалсыздандырылған, спирттелген 3-ші мақта шаригін тесілген жерге басып, инені шығарыңыз. -
Тесілген жерді тері антисептигімен суландырған мақта шаригімен 3-5 минуттай басып, науқастан қан толық тоқтағанға дейін шынтақ бүгілісінен қолын бүгуін сұраңыз. -
Мақта шаригін контейнерге салыңыз. -
Шприцті инесімен, иненің қалпағын кигізбей қолғапты арнайы контейнерге салыңыз. -
Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.
Ескерту: арнайы венозды манжетканы қолданғанда ондағы клапанды тарс еткізіп ілгешегін жабады және венозды қанағым тоқтағанға дейін оның бос шетін тартады.
Сұйықтықты көк тамырға тамшылатып енгізу үшін
бір рет қолданылатын жүйені қҰрастыру
Мақсаты: көк тамырға тамшылатып құю, көп мөлшердегі сұйықтықты ақырын тамшылатып енгізу (тәулігіне бірнеше литрға дейін, қанды, қан препараттарын және қан ауыстырғыш ерітінділерді құю).
Қолдану көрсетілімдері: айналымда жүрген қан көлемін қайта қалпына келтіру, парентеральді тамақтандыру, улануды жою.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған: сұйықтықты, тамшылатып енгізуге арналған бір рет қолданылатын жүйені, флакондағы дәрілік ерітіндіні, флаконның этикеткасына науқастың аты-жөні, палатасының номері жазбаларын, мақта шариктерін, қолғапты, дем пердесін, қайшыларды, зарарсыздандыру ерітіндісіндегі пинцетті, тамшылатуға арналған штативті (тіректі), тері антисептигін, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді, жабысқыш пластырьды.
Іс-әрекет алгоритмі:
-
Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартып, тері антисептигімен қолыңызды өңдеңіз, қолғапты киіңіз. -
Дәрілік ерітіндіні тамшылатып енгізу үшін бір рет қолданылатын жүйені даярлаңыз (сакталу мерзімін және ораудың саңылаусыздығын тексеріңіз). -
Дәрілік ерітіндісі бар флаконды даярлаңыз (дәрілік ерітіндінің атын, мөлшерін, сақталу мерзімін және сыртқы түрін тексеріңіз, дәрігердің ем тағайындайтын парағымен салыстырыңыз). Этикеткасына науқастың аты-жөнін, палатаны көрсетіңіз. -
Флаконның металды қалпағының ортаңғы бөлігін пинцетпен алыңыз. -
Тері антисептигіне суландырған мақта шариктерімен флаконның резеңке тығынын 2 рет тазартыңыз. -
Бір рет қолданылатын жүйенің пакетін қайшының көмегімен ашыңыз, ораудан жүйені шығарыңыз. -
Жүйенің бұрандалы қысқышын жабыңыз. -
Жүйенің қысқа шетіндегі инені алып, қалпағын шешіп, оны флаконның резеңке тығынына тірелгенше енгізіңіз. Тамызғыштағы ауа кіргізгішті ашыңыз (егер де ауа кіргізгіші болса, оны флаконның тығынына тірелгенше енгізіңіз), оның бос шетін флаконға бекітіңіз. -
Флаконды түбінен төңкеріп жоғары қаратып, сол қолмен жүйенің бос шетін ұстап, штативке бекітіңіз. -
Тамызғышты ақырын қысып, жарты көлеміне дейін дәрілік ерітіндімен толтырыңыз. -
Бұрандалы қысқышты ашып, жүйеден ауаны толық шығарғанша және инъекция жасайтын инеден тамшы көрінгенше жүйенің ұзын түтігін ерітіндімен ақырын толтырыңыз. -
Бұрандалы қысқышты жауып, инъекция жасайтын инеге қалпақты кигізіңіз. -
Жүйенің ұзын түтігінде ауа көпіршігінің жоқтығын тексеріңіз. -
Тері антисептигімен суландырған мақта шариктерін, салфеткаларды, ұзындығы 4-5 см сопақ жіңішке (1см) 2 жабысқыш пластырьді салыңыз.