Файл: мейіргер ісі негіздері Пні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарыны жинаы авторлары М. Ш. Нурманова м.. к., Мейірбике ісі.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.11.2023
Просмотров: 1440
Скачиваний: 80
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Науқасты және медициналық құрал-саймандарды төс сүйеГІН ТЕСУГЕ (пункциясына) дайындау
Мақсаты: диагностикалық: қан ауруларының диагнозын айқындау және диагнозды дұрыс қою үшін сүйек миын зерттеу.
Қолдану көрсетілімдері: қан өндіру жүйесінің аурулары.
Қарсы көрсетілімдері: инфаркт миокардісі, бронхиалді астма ұстамасы, көлемді күйіктер, тері аурулары, тромбоцитопения (тромбоциттердің азаюы).
Дайындаңыз: залалсыздандырылған: лотокті, 10-20 мл шприцтерді, Кассирский пункциялық инесін, таңғыш материалды, 8-10 дана заттық әйнектерді, мақта және дәке шариктерін, корнцангты, қолғапты, тері антисептигін, 5 спиртті йод ерітіндісін, лейкопластырьді, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
-
Науқасқа алда болатын зерттеу туралы мәліметті беріп, оның келісімін алыңыз. -
Дәрігер төс сүйегін тесуді емшара кабинетінде жүргізеді. -
Төс сүйегі ІІІ-ІV қабырға аралық деңгейде тесіледі. -
Мейірбике манипуляция жүргізгенде дәрігерге көмектеседі. -
Науқасты емшара кабинетіне шақырыңыз. -
Науқасты беліне дейін шешінуін сұраңыз. Науқасқа кушеткаға арқасымен көпшіксіз жатуына көмектесіңіз. -
Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартып, оларды тері антисептигімен өңдеңіз, қолғапты киіңіз. -
Науқастың кеуде торының алдыңғы бетін, бұғанадан төс шеміршегі мен кіндік аймағына дейін 5 спиртті йод ерітіндісінде суландырылған мақта шаригімен, сосын тері антисептигіне спиртке ылғалдатылған мақта шаригімен 2 рет тазартыңыз. -
Жұмсақ тіндерге қабаттау инфильтрациялық анестезиясын (жансыздандыруды) 2 новокаин ерітіндісімен 2 мл дейін ІІІ-ІV қабырға аралық деңгейде төс сүйегінің ортасына жүргізіңіз. -
Кассирский пункциялық инесіне шектелетін қалқаншаны ине ұшынан 13-15 мм қондырып, сосын залалсыздандырылған шприцті дәрігерге беріңіз. -
Дәрігер төс сүйектің сыртқы пластинкасын теседі. Оның қолы иненің ойыққа түсіп кеткенін сезеді, мандренің шығарып, инеге 20 мл шприцті жалғастырып, оған 0,5-1 мл сүйек миын сорып алып, заттық әйнекке құяды. -
Заттық әйнекті кептіріңіз. -
Инені алған соң тесілген жерді 5 спиртті йод ерітіндісімен немесе тері антисептигімен өңдеңіз, залалсыздандырылған таңғышты салып, лейкопластырьмен бекітіңіз. -
Қолғапты шешіңіз. -
Қолданған қолғаптарды, шприцтерді және мақта шариктерін қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз. -
Қолыңызды сабындап жуып, құрғатыңыз. -
Науқасты палатаға апарыңыз. -
Материал кепкеннен кейін заттық әйнектерді жолдамамен лабораторияға апарыңыз.
Ескерту: Кассирский инесі – бұл қысқа қалың қабырғалы ине мандреннен және қалқаншадан тұрады. Ол иненің өте терең төс сүйегіне енуінен сақтайды.
Науқасты және медициналық құрал-саймандарды буынды тесуге даЙЫНДАУ
Мақсаты: диагностикалық: буын ішіндегі сары суды анықтау; емдік: сары суды алу, буын қуысын жуу, дәрілерді буынға енгізу.
Қолдану көрсетілімдері: буын аурулары, буын ішілік сынық, гемоартроз.
Қарсы көрсетілімдері: тесетін жердің терісінің іріңді қабынуы.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған ұзындығы 7-10 см пункциялық инені, 10, 20 мл шприцтерді, пинцетті, дәке тампондарын, асептикалық таңғышты, салфеткаларды, қолғапты, лотокты, 5 спиртті йод ерітіндісін, тері антисептигін, 0,5 новокаин ерітіндісін, шыны түтіктерді, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
-
Емшара кабинетінде асептика ережесін қатаң сақтай отыра, тесуді дәрігер жүргізеді. -
Науқасқа алдағы болатын зерттеу туралы мәліметті беріп, оның келісімін алыңыз. -
Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартып, қолғапты киіңіз. -
Науқастың орындыққа ыңғайлы отыруын немесе ыңғайлы қалып алуын сұраңыз. -
Болжаған тесетін жерді өңдеу үшін 5 спиртті йод ерітіндісін, сосын тері антисептигін, инфильтрациялық анестезияны жүргізу үшін шприцке сорып алынған 0,5 новокаин ерітіндісін дәрігерге беріңіз. -
Дәрігер сол қолмен буынның тесетін жерін қамтып алып, сары суды тесетін жерге қарай сығады. -
Инені буынға енгізіп, шприцпен тінге жиналған сұйықтықты сорып алады. -
Лабораториялық зерттеуге шприцтің ішіндегі сұйықтықтын бірінші порциясын шыны түтіктің қабырғасына жанастырмай шыны түтікке құйыңыз. -
Тескеннен кейін буын қуысына антибиотиктерді, стероидты гормондарды енгізеді. -
Инені шығарып алған соң, тесілген жерге 5 спиртті йод ерітіндісін жағып, асептикалық таңғышты қойыңыз. -
Қолданылған шприцтерді, салфеткаларды, дәке тампондарын қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз. Қолданылған пункциялық инені зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз. -
Қолғапты шешіп, контейнерге салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
ХI. Клизмалар. Жел шығаратын түтік
Тазарту клизмасын қою
Мақсаты: ішектің созылып-керіліп жиырылуын күшейту және нәжісті жібіту арқылы жуан ішектің төменгі бөлігіндегі нәжістен және желден босату.
Қолдану көрсетілімдері: іш қату, улану, босанар және операция жасар алдында, дәрілік және майлы клизмалар қою алдында, ас қорыту, зәр бөліну және кіші жамбас мүшелерін рентгенологиялық, эндоскопиялық зерттеу алдында.
Қарсы көрсетілімдері: асқазан немесе ішектен қан кеткенде, жуан ішек және анус аймақтарының жедел қабыну немесе ойық жара үдересінде, тік ішектің қатерлі ісігінде, ас қорыту мүшелеріне операция жасағаннан кейінгі бірінші күндерде, анус аймағындағы сызатта немесе тік ішектің түсуінде, қанаған гсморройда.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған: ұштықты, Эсмарх крушкасын, штативті, вазелинді, шпательді, қолғапты, мақта немесе дәке тамнондарын, пинцетті, шылапшынды, дәрет ыдысы судноны (егер де процедура палатада орындалатын болса), температурасы 20-22°С-дағы 1,5-2 литр суды, салфеткаларды, әжетханалық қағазды, су термометрін, клеенканы, жаялықты, клеенкалы алжапқышты, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты. Қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
-
Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз. -
Науқасты кермемен (ағаш рамаларға матаны керіп жапсырған капсырмалы шымылдық) қоршаңыз (егер де емшара палатада орындалса). -
Халатты, масканы, клеенкалы алжапқышты киіңіз. -
Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз, қолғапты киіңіз. -
Эсмарх крушкасына 20-220С температурасындағы 1,5-2 л суды құйып, қысқышты жабыңыз. -
Науқастың дене денгейінен 1 метр биіктік штативке крушканы іліңіз, оған ұштықты кигізіп, оның ұшына вазелин майын жағыңыз. -
Резеңке түтіктегі қысқышты ашып, аз мөлшерде суды шығарыңыз, онымен бірге ауа шығады, қысқышты жабыңыз. -
Кушетка жанына еденге шылапшынды қойыңыз. -
Кушетка үстіне клеенканы шылапшынға қарай салбыратып төсеңіз, оның үстінен жаялықты төсеңіз. -
Кушетканың шетіне науқасты сол жақ қырымен жатқызып, оның оң аяғын тізе буынынан бүгіп, кішкене ішіне қарай келтіріңіз, ал сол аяғы кушетка бойымен созылған болуы керек. -
Сол қолдың І және II саусақтарымен бөкселерді ажыратып, ал оң қолмен абайлап жеңіл айналмалы қозғалыспен ұштықты анус тесігіне енгізіп, оны тік ішекке қарай жылжытып, ең алғаш 3-4 см кіндік бағыты бойынша, сосын омыртқа жотасына қатарластыра отырып 8-10 см тереңдікке енгізіңіз. -
Қысқышты ашып, су ішекке ақырын ене бастағанда науқасты ішпен терең дем алуын сұраңыз (егер де су ішекке түспесе, онда крушканы жоғары көтеріп, ұштықтың қалпын өзгертіңіз), ішекке судың жылдам түсуі ауыр сезінуді болдырады, егер де нәтижесі болмаса, ұштықты шығарып алып, ауыстырыңыз. -
Су ішекке енгеннен кейін (ішекке ауа түспес үшін, крушканың тар түбінде су қалуы керек) қысқышты жауып, ептеп айналмалы қозғалыспен ұштықты шығарып алыңыз. -
Науқасты шалқасынан жатуын, тереңірек дем алуын және нәжісті жақсы сұйылту үшін 5-10 минуттай суды ішекте ұстауын сұраңыз. -
Егер де емшара палатада орындалса, науқасқа дәрет ыдысын (судноны) беріңіз немесе унитазға дейін апарыңыз. -
Анус тесігінің айналасын тазартыңыз. -
Қолданылған ұштықты ыдыстағы зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз. -
Клеенкалы алжапқышты, халатты, қолғапты, масканы шешіңіз. -
Қолыңызды жуып, кептіріңіз. Салфеткаларды, қолғапты қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.
Ескерту:
-
тазарту клизмасы нәтижелі болғанын санауға болады: егер де 5-10 минут аралығында сумен бірге мол нәжіс көп мөлшердегі желмен (газбен) бөлініп шықса; -
атониялық іш қатуда судың температурасы 12-200С-дан төмен болмауы қажет, ал спастикалық – жоғары (37-420С-қа дейін), іш қатуда – 20-250С; -
егер де науқас нәжісті аз мөлшерде гек сумен ішекті босатса, онда науқасты дәрігер қарағаннан кейін клизманы қайтадан қайталау қажет.
Сифон клизмасын қою
Мақсаты: ішектің жоғарғы бөлігіндегі ашыған, шіріген, шырышты, улы заттарды, нәжісті шығару және ішекті жуу.
Қолдану көрсетілімдері: улану, тазарту және жібіту клизмаларынан әсері болмағанда және ішті айдайтын дәрілерді қабылдағанда, ішектің түйілуіне күдіктенгенде, ішекке операция жасағанда науқасты дайындау.
Қарсы көрсетілімдер: асқазан немесе ішектен қан кеткенде, жуан ішек және анус аймағының жедел қабыну немесе ойық жара үдерісінде, тік ішектің қатерлі ісігінде, ас қорыту мүшелеріне операция жасағаннан кейінгі бірінші күндерде, анус аймағындағы сызатта немесе тік ішектің түсуінде, қанаған геморройда.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған: сифон клизмасына арналған жүйені (жуан асқазан сүңгісі шыны түтік көмегімен резеңке түтікке жалғастырылған), сыйымдылығы 1 литрге дейін шыны құйғышты, 20-220С температурасындағы 10-12 литр суды, сыйымдылығы 1 литр крушканы, суды ағызуға арналған шылапшынды, шпательді, қолғапты, салфеткаларды, клеенкалы алжапқышты, халатты, масканы, клеенканы, жаялықты, вазелинді, су термометрін, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
-
Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз. -
Гигиеналық деңгейде қолды тазартыңыз. Халатты, масканы, қолғапты, клеенкалы алжапқышты киіңіз. -
Кушетка үстіне клеенканы төсеп шылапшынға қарай салбыратыңыз, оның үстінен жаялықты жайыңыз, жуылған суды ағызу үшін шылапшынды қойыңыз. Науқасты кермемен оңашалаңыз. -
Кушетканың шетіне науқасты сол жақ қырымен жатқызып, оның оң аяғы тізе буынынан бүгіліп ішіне қарай келтірілуі керек. -
Жүйені дайындаңыз. Сүңгінің саңылаусыз ұшына 30-40 см ұзындығына вазелин майын жағыңыз. -
Сол қолдың І және II саусақтарымен бөкселелерді ажыратып, ал оң қолмен абайлап жеңіл айналмалы қозғалыспен сүңгінің саңылаусыз ұшын анус тесігіне енгізіп, оны тік ішекке қарай жылжытып, ең алғаш 3-4 см кіндік бағыты бойынша, сосын омыртқа жотасына қатарластыра отырып 30-40 см тереңдікке еңгізіңіз. -
Резеңкеге құйғышты жалғастырыңыз, құйғышты еңкейткен қалыпта науқастың бөксе деңгейінде ұстаңыз. -
Дайындаған құйғышты 1 литр сумен толтырыңыз. -
Құйғыштың тар түбіне су барғанша (ішекке сумен бірге ауа кірмеуін қадағала), құйғышты жаймен жоғары көтеріңіз. -
Құйғышты кушетка деңгейінен төмен түсіріп, оны енкейте ұстаңыз, құйғыш қайтадан аққан сұйықтықпен толғанша күтіңіз, ішіндегі сұйықтықты шылапшынға құйыңыз. -
Құйғышты қайтадан сумен толтырып, емшараны жуылған су таза болғанша бірнеше рет қайталаңыз. -
Құйғышты шығарып, ішекте қалған су ағуы үшін резеңке түтіктің сыртқы ұшын шылапшынға 10-20 минутка салып койыңыз. -
Сүңгіні ептеп шығарып алыңыз. -
Анус тесігі айналасын тазартыңыз. -
Сифон клизмасына арналған жүйені және құйғышты зарарсыздандыру ерітіндісіне салып қойыңыз. -
Қолғапты, алжапқышты, халатты, масканы, салфеткаларды қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. -
Қолыңызды жуып, кептіріңіз.