Файл: мейіргер ісі негіздері Пні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарыны жинаы авторлары М. Ш. Нурманова м.. к., Мейірбике ісі.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.11.2023
Просмотров: 1437
Скачиваний: 80
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
ХІI. ҚУықты катетерлеу
Әйелдердің қуығын катетерлеу
Мақсаты: Дер кезінде қуықтағы несепті шығару, кейіннен қалыпты табиғи несеп шығаруды қайта қалпына келтіру, қуықты жуу.
Қолдану көрсетілімдері: жедел және созылмалы зәр бөлінудің тоқтауы, қуықты жуу және оған дәрілік, рентгенконтрастық ерітінділерді енгізу, зәр бөліну мүшелеріне және жыныс жүйелеріне операциядан кейінгі кезең, зәр бөліну мүшелерін эндоскопиялық зерттеу алдында, клиникалық және бактериологиялық зерттеуге зәрді алу, қалдық зәрді анықтау.
Қарсы көрсетілімдері: уретраның жарылуы, жедел уретрит, простатит, эпидидимит, гематурия, зәр шығару каналының тарылуы, простата ісігі, зәр шығару каналының жедел қабынуы.
Асқынулар: уретральды қызба, уретраның, қуықтың шырышты қабығының зақымдануы, асептика ережелерін сақтамағанда жұқпалы ауруларды енгізу.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған катетерді, 2 дана анатомиялық пинцеттерді, корнцангті, лотокты, салфеткаларды, 2 дана қолғапты, вазелин майын, 1:5000 фурацилин ерітіндісін, зәр қабылдағышты, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, астына төсейтін клеенканы, жаялықты, кермені, науқастың жыныс мүшелерін жууға арналған құрал-жабдықтарды, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
-
Науқаспен өзара сенімді қарым-қатынасты орнатыңыз. -
Науқасқа емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз. -
Науқасты кермемен оңашалаңыз. -
Науқасты арқасына жатқызыңыз: тізесінен бүгілген екі аяғын жан-жаққа аздап қана ажыратыңыз. -
Бөксе астына клеенканы, оның үстінен жаялықты төсеңіз. Судноны беріңіз. -
Гигиеналық деңгейде қолды тазартыңыз, оларды 70% спиртте суландырылған мақта шариктерімен өңдеңіз, тырнақ пластинкаларын 1% спирттелген йод ерітіндісімен тазартыңыз. Қолғапты киіңіз. -
Науқастың жыныс мүшелерін жууға арналған құрал-жабдықтарды дайындаңыз (стандартты қара: халі ауыр әйелдердің жыныс мүшесін жуу іс-әрекетін) жүргізіңіз. -
Катетерлеуге қажетті құрал-жабдықтарды дайындаңыз. -
Залалсыздандырылған қолғапты киіңіз. -
Сол қолдың І және ІІ саусақтарымен үлкен және кіші жыныс еріндерін ажыратыңыз, зәр шығаратын түтіктің сыртқы тесігін ашыңыз. -
Фурацилин ерітіндісіне суландырылған дәке салфеткасын пинцетпен алып, оң қолыңызға ұстаңыз. -
Несеп шығатын тесікті антисептикалық ерітіндімен тазалаңыз, кіші жыныс еріндерінің арасын жоғарыдан төмен қарай қимыл жасап жуыңыз. -
Дәке салфеткасын ауыстырып, фурацилин ерітіндісімен суландырылған дәке салфеткасын несеп шығатын каналдың тесігіне 1 минуттай басып ұстаңыз. -
Қолданылған дәке салфеткаларын қауіпсіз жоюға арналған контейнерге, пинцетті зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз. Пинцетті ауыстырыңыз. -
Оң қолдағы пинцетпен жұмсақ резеңке катетердің тұмсық (домалақ бітеу) ұшынан 7-8 см қашықтықта қаламсап сияқты қылып ұстаңыз. -
Катетердің сыртқы ұшын алақан үстінен айналдырып алып, оң қолдың ІV-ші, V-ші саусақтарының арасына қысып ұстаңыз. -
Катетердің тұйық жағына залалсыздандырылған вазелин майын «құю» әдісімен құйыңыз. -
Сол қолмен жыныс еріндерін ажыратып, оң қолмен абайлап катетерді несеп шығатын каналға 4-6 см ұзындыққа несеп шыққанша енгізіңіз. -
Катетердің бос ұшын зәр жинайтын ыдысқа салыңыз. -
Пинцетті зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз. -
Зәр бөлінуі аяқталғаннан бұрын катетерді шығарыңыз, сол қасағаның үстінен іштің алдыңғы бетін қолыңызбен басыңыз. Катетерден шығарғаннан соң зәр ағымы зәр шығаратын каналды жуады (несеп жолын табиғи жолмен шайып өтеді). -
Зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа катетерді салыңыз. -
Қолғапты шешіңіз. Қолғапты, сүрткілерді мақта шариктерін қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. -
Қолыңызды жуып, кептіріңіз. -
Науқасқа физикалық және психикалық тыныштықты қамтамасыз етіңіз.
Ер адамның қуығын катетерлеу
Мақсаты: Дер кезінде қуықтан зәрді дер кезінде шығару, кейіннен табиғи несеп шығаруды қайта қалпына келтіру, қуықты жуу.
Қолдану көрсетілімдері: жедел және созылмалы зәр шығарудың тоқтауы, қуықты жуу және оған дәрілік, рентгенконтрастық ерітінділерді енгізу, зәр бөлу мүшелері және жыныс жүйелеріндегі операциядан кейінгі кезең, зәр бөліну мүшелерін эндоскопиялық зерттеу алдында, клиникалық және бактериологиялық зерттеуге зәрді алу, қалдық зәрді анықтау.
Қарсы көрсетілімдері: уретраның (үрпінің) жарылуы, жедел уретрит, простатит, эпидидимит (ен қосалқыларының қабынуы), гематурия, зәр шығару каналының тарылуы, простата ісігі, зәр шығару каналының жедел қабынуы.
Асқынулар: уретральды қызба, уретраның, қуықтың шырышты қабығының зақымдануы, асептика ережелерін сақтамағанда жұқпалы ауруларды енгізу.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған катетерді, 2 дана анатомиялық пинцеттерді, корнцангті, лотокты, салфеткаларды, 2 дана қолғапты, вазелин майын, 1:5000 фурацилин ерітіндісін, зәр қабылдағышты, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, астына төсейтін клеенканы, жаялықты, кермені, жуындыруға арналған құрал-жабдықтарды, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Науқаспен өзара сенімді қарым-қатынасты орнатыңыз.
2. Науқасқа емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.
3. Науқасты кермемен оңашалаңыз.
4. Науқасты арқасымен жатқызыңыз: тізесінен бүгілген екі аяғын жан-жаққа аздап қана ажыратыңыз.
5. Науқастың бөксе астына клеенканы, оның үстінен жаялықты төсеңіз. Судноны беріңіз (стандартты қара).
6. Гигиеналық деңгейде қолды тазартыңыз, оларды 70% спиртте суландырылған мақта шариктерімен өңдеңіз, тырнақ пластинкаларын 1% спирттелген йод ерітіндісімен тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.
7. Науқасты жуындыруға арналған құрал-жабдықтарды дайындаңыз (стандартты қара), жуу іс-әрекетін жүргізіңіз. Науқастың оң жағынан тұрыңыз, сол қолға залалсыздандырылған сүрткіні (салфетканы) алып, онымен жыныс мүшесі басынан төмен ораңыз.
8. Сол қолдың 3-4 саусақтары арасына жыныс мүшесін алып, сәл басын қысып, 1-2 саусақтармен сәл артық терісін ысырыңыз.
9. Оң қолдағы қыстырылған пинцетпен дәке тампонын алып, фурацилин ерітіндісіне суландырыңыз. Тампондарды ауыстыра отырып, жыныс мүшесінің басын жоғарыдан төмен зәр бөліну каналынан шетке қарай тазартыңыз.
10. Бірнеше тамшы залалсыздандырылған вазелин майын ашық сыртқы зәр шығару каналының тесігіне құйыңыз.
11. Пинцетті ауыстырыңыз.
12. Оң қолда қысылған залалды пинцетпен катетердің тұмсығынан 5-7 см қашықтықта алыңыз, катетердің шетін қолдың үстінен орап 4-5 саусақтар арасына қысыңыз.
13. Лотоктың үстінде катетерге 15-20 см ұзындықта залалсыздандырылған вазелин майын құйыңыз.
14. Сол қолмен 1-2 саусақтармен жыныс мүшесінің басын жібермей ұстап, пинцетпен катетерді алғашқы 4-5 см-де енгізіңіз.
15. Пинцетпен катетерді тағы басынан 3-5 см ұстап, зәр шығаратын каналға 19-20 см ұзындықта ақырын енгізіңіз.
16. Сол қолмен жыныс мүшесін бір мезгілде түсіріңіз.
17. Катетердің қалған шетін зәрді жинайтын ыдысқа салыңыз.
18. Зәр бөліну ағымы тоқтағаннан соң оң қолға салынған пинцетпен (керісінше реттілікпен) катетерді абайлап шығарыңыз.
19. Қолмен қасаға үстінен іштің алдыңғы қабырғасын басыңыз.
20. Катетерді зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.
21. Қолғапты шешіңіз. Қолғапты және сүртінділерді қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.
22. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
23. Науқасқа физикалық және психикалық тыныштықты қамтамасыз етіңіз.
Қуықты жуу
Мақсаты: қуықтың қабыну процесін емдеу, тіндердің іру өнімдерін, іріңді немесе ұсақ тастарды механикалық алып тастау. Зәр мүшелерінің эндоскопиялық зерттеу алдында.
Дайындаңыз: науқастың жыныс мүшелерін жууға және катетерлеуге арналған құрал-жабдықтарды; қуықты жууға арналған 370С дейін жылытылған антисептикалық ерітіндіні (фурацилин ерітіндісін немесе перманганат калийдің әлсіз ерітіндісін және т.б), Жане шприцін, қолғаптарды, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдасты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
-
Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз. -
Науқастың бөксе астына клеенканы және жаялықты салыңыз. Науқасты арқасымен жатқызып, тізелерін бүгіп, аяқтарын санынан ажыратыңыз. -
Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз, оларды 70% спиртпен суландырған мақта шариктерімен, тырнақ пластинкасын 1% спирттелген йод ерітіндісімен тазартыңыз. Залалсыздандырған қолғапты киіңіз. -
Науқастың сыртқы жыныс мүшелерін жуыңыз (іс-әрекетті қараңыз). -
Әйелдің қуығына катетерлеуді жүргізіңіз (іс-әрекетті қараңыз). -
Катетерлеу арқылы қуықты босатыңыз (катетерді шығармаңыз). -
50-100мл мөлшеріндегі жылытылған фурацилин ерітіндісін Жане шприціне сорып алыңыз. -
Катетердің бос шетіне Жане шприцін жалғастырып, фурацилин ерітіндісін поршеннің қысымымен итеріп қуыққа енгізіңіз. -
Катетерден Жане шприцін шығарып алып, қуыққа енгізілген катетердің бос шетін несеп жинайтын ыдысқа салыңыз, сұйықтық еркін катетер арқылы несеп жинайтын ыдысқа ағады. -
Жуылған су таза болып шыққанша, жууды бірнеше рет қайталаңыз. -
Қуықта аз мөлшердегі ерітіндіні қалдырып, катетерді шығарыңыз да зарарсыздандыру ерітідіндісіне салыңыз. -
Қолғапты шешіп, қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз. -
Науқастың тұруына және ыңғайлы қалып алуына көмектесіңіз, оны 1 сағат бойы бақылаңыз.
Ескерту: қуықты жуар алдында бір несеп шығаруда бөлінген несеп мөлшерін өлшеу арқылы, қуықтың сыйымдылығын анықтайды.
ХІIІ. Лабораториялық және аспаптық зерттеу әдістеріне науқасты дайындау
Лабораториялық анализге саусақтан қан алу
Мақсаты: диагностикалық – жалпы клиникалық анализге қан алу; қанның пішінді элементерінің сандық және сапалық құрамын анықтау (эритроциттердің, лейкоциттердің, тромбоциттердің); қандағы гемоглобин санын және эритроциттердін тұну жылдамдығын (ЭТЖ) анықтау; қандағы глюкозаны анықтау, сонымен қатар қан ұю және қан ағу уақытын анықтау.
Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша.
Терінің тесетін жерлері: құлақтың сырғалығы, төртінші саусақ, жаңа туған нәрестенің өкшесі.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған садақ-скарификаторын, мақта шариктерін, қолғаптарды, тері антисептигін, 5% йод ерітіндісін, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
-
Мейірбике зерттеу алдында, алда тұрған қанды алу туралы алдын ала науқасқа ескертуі керек және қан ашқарында, дәрі-дәрмектерді қабылдауға дейін алынатынын, ал кешкі тамақта майлы тамақ қолданбау керектігін түсіндіреді. -
Науқасты ыңғайлы отырғызыңыз. -
Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Тері антисептигіне ылғалдатылған мақта шариктерімен қолыңызды өңдеңіз, қолғаптарды киіңіз. -
Сол қолыңызбен науқастың сол қолының IV саусағын алыңыз, сіздің бірінші саусағыңыз науқастың қолының сыртқы бетінде, ал қалғандары алақан жағында орналасады. -
Тесілетін жерді тері антисептигіне ылғалдандырылған мақта шаригімен тазартыңыз және оның кебуін күтіңіз, өйткені тесілгеннен кейін шыққан қан саусақ бойымен ағып кетеді. -
Науқастың саусағының тырнақ жағын ақырындап қысыңыз және садақ- скарификаторды тік ұстап орталық сызықтан солға қарай тырнақтан аз ғана кейін жылжытып теріні тесіңіз. -
Тілік саусақ терісінің сызықтарына көлденең орналасуы керек, жарақат ашылып тұрады, одан қан оңай және мол ағады. Тері сызығы бойына орналасқан тілік жылдам түседі. Тілікті тура тырнақтың қасынан жасауға болмайды, себебі қан оның астына ағады және оны зерттеуге жинап алу қиындайды. -
Залалсыздандырылған құрғақ мақта шаригімен қанның алғашқы тамшысын сүртіңіз. -
Әрбір қанды зерттеу үшін жаңа тамшыдан жинайды. -
Қан алып болғаннан кейін тесілген жерді 5 % йод ерітіндісімен сүртіңіз. -
Қолданылған құралдарды қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.