Файл: мейіргер ісі негіздері Пні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарыны жинаы авторлары М. Ш. Нурманова м.. к., Мейірбике ісі.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.11.2023
Просмотров: 1435
Скачиваний: 80
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Ескерту:
-
қол саусақтары күйіп және үсіп қалғанда, саусақтың терісі қалындап, қатайып кеткен адамдардан қанды құлақтың сырғалығынан алуға болады; -
ал емшектегі балалардан қанды аяқтың үлкен саусағынан немесе өкшесінен алады.
ВАКУУМДЫ ЖҮЙЕ КӨМЕГІМЕН ВЕНАЛЫҚ ҚАНДЫ АЛУ
Қан алатын вакуумды жүйе – бұл қауіпсіз жүйемен қанды алу, тасымалдау және қанның сапалы анализінің үлгісі.
Вакутайнер – венадан қанды алуға арналған толық жабылған вакуумдалған пластикалық бір рет қолданылатын жүйе.
Ол 3 компоненттен тұрады:
-
Қауіпсіз қақпағы бар екі жақтық ине. -
Бір реттік ұстағыш -
Белгіленген вакуумды көлемі бар залалсыздандырылған (пробирка) түтік.
Артықшылығы: қауіпсіздік, тиімділікті, үлгісінің бүтіндігінің кепілдігі және зерттеуді қайта жасау, ең аз гемолиз, микроұйынды қан, үлгіні алу аралығының уақыты және оның химиялық қосымша заттектермен жанасуы әр уақытта, қан мен химиялық қосымша заттектер көлемінің қатынасы тура, бұраудың әсері минимальды, үлгісі залалды.
Мақсаты: диагностикалық.
Қолдану көрсетілімдері: науқасты зерттеу. Асқынулар: гематома (қанісік), тромбофлебит (венаның және қабынуы), сепсис (микробтардың қанға тарап кетуі).
Қан алатын жерлері: шынтақ бүгілісінің, білектің, қолдың беткейлік веналары.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған: қауіпсіз қақпағы бар екі жақтық инені, бір реттік ұстағышты, вакуумды түтіктерді, мақта шариктерін, қолғапты, лотокты, тері антисептигін, бұрауды (венозды манжетаны), клеенкалы жастықшаны, масканы, алжапқышты, қорғаныш көзәйнекті немесе экранды, түтіктерді тасымалдауға арналған контейнерді, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
-
Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз. Науқастан таңертең тамақ қабылдамағанын анықтаңыз. -
Лабораторияға жолдама жазыңыз. -
Науқасқа ыңғайлы қалыпты алуына көмектесіңіз. -
Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз. Оларды тері антисептигімен суландырылған мақта шариктерімен өңдеңіз. -
Масканы, қолғапты, қорғаныш көзілдірікті, алжапқышты киіңіз. -
Қанды алуға арналған жүйені алыңыз. -
Ораудың саңылаусыздығын, қан алатын негізгі компоненттердің сақталу мерзімін тексеріңіз. -
Орауды (қорапшаны) ашыңыз. (стандартты қараңыз). -
Инені алып, қорғаныш қалпағын алыңыз (егер де 2 жақтық инені қолданса, онда сұр қорғаныш қақпағын алыңыз). -
Ине ұстағышқа инені қондырып, оны тірелгенге дейін бұрап бекітіңіз. -
Науқасты отырғызыңыз немесе жатқызыңыз. Қолдың жоғарғы бөлігін киімнен босатып, қолын төмен қарай түсіріп шынтақ астына клеенкалы жастықшаны салыңыз. -
Венозды манжетаны (бұрауды) иықтың ортаңғы 1/3 бөлігіне ішкі киімнің немесе салфетканың үстінен салыңыз. -
Кәріжілік артериясындағы тамырды ұстаңыз (тамыр соғуы сақталулы болу керек). -
Көк тамырды зерттеңіз. Ең көп толыған көк тамырды табыңыз. -
Көк тамырды толтыру үшін, науқастан жұдырығын бірнеше рет қысуын және ашуын, сосын оны қысуын сұраңыз. -
Қолғапты тері антисептигімен өңдеңіз. -
Шынтақ бүгілісі аймағын, инъекция жасайтын жерді тері антисептигіне суландырған 2 мақта шариктерімен тізбектілікпен сүртіп, контейнерге салыңыз. 3-ші мақта шаригін сол қолдың IV және V арасында ұстаңыз. -
Оң қолға жүйені алыңыз. -
Сол қолдың үлкен саусағымен болжаған тесетін жерден төмен қарай көк тамырды бекітіңіз. -
Науқастың қолына байланысты ине мен ұстағышты 150 бұрышпен ұстаңыз, қанағымы бойынша инені 1-1,5 см енгізіңіз. -
Сол қолға ине ұстағышты ауыстырып, ал оң қолмен түтікті ине ұстағышқа қондырыңыз, түтік қақпақшасы кіргенге дейін, алға қарай бұрап басыңыз, ол қан ағуды қамтамасыз етіңіз. -
Залалды түтікке қан аққан сәтте бұрауды (венозды манжетаны) шешіңіз. Қан шамасы түтікте белгіленген дәрежесіне жеткеніне дейін және қан ағымы тоқталғанша дейін күтіңіз. -
Ұстағыштан түтікті алынған қан түрімен шығарып алыңыз. -
Түтіктің ішіндегі затты 8-10 рет аударып араластырыңыз, бірақ та шайқамаңыз, сілкімеңіз!. -
Басқа да зерттеулерге қанды алу қажет болса да, онда ұстағышқа келесі түтікті қондырыңыз. -
Қанды тасымалдауға арналған контейнерге түтікті салыңыз. -
Залалсыздандырылған мақта шаригін тамырды тескен жерге қойыңыз, венадан инені және ине ұстағыштан шығарып алыңыз. -
Инъекция жасаған жерге залалды мақта шаригін салуын, науқастан шынтақ буынынан қолды сәл бүгіп, 3-5 минутқа ұстауын сұраңыз. -
Түтіктерге белгілер салыңыз. -
Қанды зерттеуге алатын журналға берілген мәліметті тіркеп, контейнердегі вакуумды түтіктегі қанды жолдамасымен лабораторияға апарыңыз. -
Қорғаныш заттарды шешіп, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз. -
Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Ескерту: түтікті ұстағышқа түтік қақпақшасы кіргенге дейін енгізу – қанның ағуын қамтамасыз етеді, ине резеңкілі мембрананы және түтік қақпақшасының тығынын теседі. Жасалған вакуум теңелту жасамағанша, қан түтікке өтеді. Қанның ақпауы - венаны өтіп кетіп тесу көрсеткіші. Бұл жағдайда түтікке қан тұспегенше инені (шығармай) тарту қажет.
-
Ине ұстағыштан түтікті алғанда резеңке мембрана түпкі қалыпқа келеді, ине бойынша қан ағымы жабылады. Дәрігердің тағайындағанына байланысты әртүрлі түтіктерді қолдану қажет.
Биохимиялық зерттеуге көк тамырдан қан алу
Мақсаты: диагностикалық
Қолдану көрсетілімдері: науқасты зерттеу.
Асқынулар: гематома, тромбофлебит, сепсис, вирустік гепатит, АҚТҚ.
Қан алатын жерлері: шынтақ бүгілісінің, білектің, қолдың беткейлік веналары.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған: 10-20 мл көлеміндегі бір рет қолданылатын шприцті, лотокты, мақта шариктерін, салфеткаларды, тері антисептигін, масканы, қолғапты, штативтегі пробиркаларды, су өтпейтін тығындарымен резеңке бұрауды, клеенкалы жастықшаны, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
-
Науқасқа емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның рұқсатын алыңыз. Науқастан таңертең тамақ қабылдамағаның анықтаңыз. -
Лабораторияға жолдама жазып, пробирканы нөмірлеңіз. -
Науқасқа ыңғайлы қалыпты алуына көмектесіңіз. -
Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз. Оларды тері антисептигімен өңдеңіз (стандартты қараңыз). -
Масканы, қолғапты, қорғаныш көзілдірікті, алжапқышты киіңіз. -
Бір рет қолданылатын шприцті құрастырыңыз (стандартты қараңыз). -
Науқастың шынтақ астына клеенкалы жастықшаны салыңыз. -
Резеңке бұрауды иықтың ортанғы 1/3 бөлігіне салфетканың немесе іш киімінің үстінен салыңыз. -
Бұрауды былай байлаңыз: оның бос ұштары жоғары қарай бағытталған болады, ал ілгегі төмен. -
Кәріжілік артериясындағы тамырын ұстаңыз (тамыр соғуы сақталу керек). -
Көк тамырды зерттеңіз. Ең көп толған көк тамырды табыңыз. -
Көк тамырды толтыру үшін науқастан жұдырығын бірнеше рет қысуын және ашуын, сосын оны қысуын сұраңыз. -
Қолғапты тері антисептигімен өңдеңіз. -
Тері антисептигіне суландырған екі мақта шариктерімен шынтақ бүгілісі аймағын, инъекция жасайтын жерді тізбектілікпен тазартыңыз, оларды контейнерге салыңыз. 3-ші мақта шаригін сол қолдың ІV және V саусақтар арасында ұстаңыз. -
Оң қолыңызға шприцті алыңыз: ІІ саусақ - иненің канюлясында, ал ІІІ, ІV саусақтармен цилиндрді жоғарыдан орап алыңыз, І саусақты төмен ұстаңыз. -
Сол қолдың үлкен саусағымен болжаған тесетін жерден төмен көк тамырды бекітіңіз. -
Инеден қалпағын алып, әдеттегідей көк тамырды тесіңіз (науқастың жұдырығы қысылған). -
Поршенді өзіңізге қарай тартыңыз, ине көк тамырда екеніне көзіңізді жеткізіңіз. -
Сол қолмен ақырын поршенді өзіңізге қарай тарта отырып, 5-7 мл қанды шприцке сорып алыңыз. -
Резеңке бұрауды шешіңіз, науқас жұдырығын ашуы қажет, жылдам қозғалыспен көк тамырдан инені шығарыңыз. -
Тері антисептигіне суландырған мақта шаригін инъекция жасаған жерге 3-5 минутқа салыңыз, науқастан шынтақ буынынан қолды сәл бүгуін сұраңыз. -
Шприцтен инені алып, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз. -
Шприцтен қанды пробирканың қабырғасына жай қысусыз құйыңыз, оның шашырамауын қадағалаңыз. -
Су өтпейтін тығынмен пробирканы жабыңыз. -
Қаны бар пробирканы штативпен бірге контейнерге қойыңыз, оны тығыз жабыңыз. -
Науқасқа тұруға немесе жайлы қалып алуына көмектесіңіз. -
Көк тамырды тескен жерден қан бөлінбегеніне көзіңізді жеткізіңіз. Науқастан мақта шаригін алып, контейнерге салыңыз. -
Контейнер мен жолдаманы биохимиялық лабораторияға жіберіңіз. -
Қолғапты шешіп, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз. -
Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Ескерту:
-
биохимиялық анализге көк тамырдан қанды алу таңертең ашқарында 10 мл мөлшерінде жүргізіледі; -
ЖҚТБ және RW қан алуды күннің әрбір уақытында 5 мл мөлшерінде жүргізіледі; -
қанды алуға арналған пробирка құрғақ болуы керек (әйтпесе эритроциттердің гемолизі болады). Химиялық таза, қашап қыйыстырылған резеңке тығыны болады; -
шприцсіз қанды алуға тыйым салынады - тек инемен (қан шашырау қауіпсіздігі бар). -
жолдамасында пробирканын нөмерін, зерттеу мақсатын, науқастың аты-жөнін, жынысын, жасын, диагнозын, бөлімін көрсетіңіз; -
вакутайнер (BD VACUTAINER) - қауіпсіз жүйесі бар қанды алу - медициналық қызметкерлерді максимальды қорғауды, алатын материалдың сапасын қамтамасыз етеді.
ҚАҚЫРЫҚТЫ ЗЕРТТЕУ
Қақырық – тыныс алу жолдарынан бөлініп шығатын патологиялық қоймалжың сұйықтық (секрет). Қақырықты лабораториялық жолмен зерттеу тыныс алу жолдарының диагнозын анықтауда маңызды орын алады және патологиялық үрдіс барысы мен сипатын анықтауға мүмкіндік береді.
ҚАҚЫРЫҚТЫ ЗЕРТТЕУГЕ ЖИНАУ ЕРЕЖЕСІ:
Қақырық жинауда қауіпсіз іс-әрекет жасап, жұмыс істеу үшін және оны қауіпсіз жинау үшін мейірбеке арнайы және жақсы дайындалған болуы керек, себебі, кез-келген қақырық зарарлы немесе жұқпалы болуы мүмкін, әсіресе туберкулез микробактериясы. Мейірбеке әрбір науқасқа қақырықты лабораториялық зерттеуге жинау ережесін түсіндіру керек. Қақырықты жинауға түсі ашық, әйнек ыдыс қолдану керек, ыдысты тазалап май қалдықтарын қалдырмай содамен, (сабынсыз) жуып алады, оның аузы тығыз сұйықтық ағып кетпейтіндей жабылатын болуы керек. Бұл ыдыстың аузы кең, сыйымдылығы 50 мл немесе одан да көп болуы қажет. Түсі бұлыңғыр қоңырқай әйнек банкілерден гөрі, түсі ашық ақ әйнек банкілер ыңғайлы, ақ әйнек банкінің аузын ашпай-ақ сыртынан қақырықтың сыртқы түрін көруге мүмкіндік береді.
Қақырығы бар ыдыспен жолдама қағазын бірге қоюға болмайды, себебі ыдыс қабырғаларына қақырық тиген болса, одан жолдама қағазына жұғып, ауру одан әрі тарап кетуі мүмкін.
Мейірбеке қақырықты жинау процедурасын жақсы меңгерген болуы қажет, жинау, жұмыс жасау мен тасымалдауын жақсы игергені дұрыс.
-
Қақырықты тамақ ішіетін бөлмеден, ұйықтайтын бөлмеден, басқа жерде, басқа науқастардан аулақ жерде немесе осыған арнайы бөлінген жерде жинауы керек. Қақырықты бірнеше сағат бойы біркезеңде жинау қажеттілігі ұсынылады. -
Егер қақырық сұйық болса, оның құрамында тағам қалдықтары мен мұрын қуысының сілекейі араласып кетсе қақырық жинау процедурасын қайталау қажет. -
Қақырықты таңертен, тамақ ішпей тұрып, ауыз қуысын тазалағаннан кейін жинау қажет. -
Қақырықты салқын жерде еденге қойып сақтауға болады. -
Науқастан ауру жұғып кету қаупінің алдын алу үшін мейірбеке қақырық жинап жатқанда науқастың артқы жағында тұруы керек. -
Науқасқа зерттеуге қақырғанда шығатын қақырықты емес, тек жөтелгенде ғана бөлініп шыққан қақырықты жинау қажеттілігін түсіндіру керек.
Жалпы клиникалық анализге қақырықты жинау
Мақсаты: қақырықтың физикалық-химиялық қасиеттерін және жасушалық құрамын анықтау.
Қолдану көрсетілімдері: тыныс алу мүшелерінің және жүрек қан тамырлары жүйелерінің аурулары.
Дайындаңыз:
-
сыйымдылығы 50 мл бір рет қолданылатын контейнерді, контейнердің сыртқы бетіне жолдаманы жазып, желімдеп жапсырыңыз (бөлімін, палатасының №, науқастың аты-жөнін, жасын, зерттеу мақсатын, күнін); -
0,5-0,7 литр мөлшеріндегі қайнатылған су температурасы - 370С.
Іс-әрекет алгоритмі:
-
Қақырықты зерттеуге жинау ережесі туралы науқасқа нұсқау жүргізіп, оның келісімін алыңыз. -
Қақырық ерте таңертең (ашқарынға) асқа дейін алынады. -
Науқастан сұраңыз:
-
таңертең 2 сағаттай қақырықты жинамас бұрын тісін тазартуды; -
тұп-тұра қақырықты жинар алдында ауыз қуысын және жұтқыншақты қайнатылған сумен шаюды; -
тік тұруын немесе тік отыруын; -
қақырықты жинау үшін төменгі ерін тұсында контейнерді ұстауды; оған жанаспай - бірнеше терең дем алуды және дем шығаруды жасауды, сосын жөтелуді; 3-5 мл мөлшердей қақырықты контейнерге жинаңыз; -
қақырығы бар банкіні қақпақпен жабыңыз.
-
Жиналған қақырықты қарап, оны жинағаннан кейін 2 сағаттың ішінде лабораторияға жіберіңіз.
Ескерту:
-
егер де жиналған қақырық мөлшері 3-5 мл-нан аз болса, онда қақырықты жинау процедурасын қайталау қажет; -
қақырынған кездегі қақырық емес, тек қана жөтелгенде бөлінген қақырық қана зерттеуге жатады екенін науқасқа көрсету қажет.
Атиптік жасушаларға қақырықты жинау
Мақсаты: қақырықтағы қатерлі ісік жасушаларын анықтау.
Қолдану көрсетілімдері: тыныс алу мүшелерінің аурулары, қатерлі ісік ауруларына күдік болған жағдайда.
Дайындаңыз:
-
сыйымдылығы 50 мл бір рет қолданылатын контейнерді, контейнердің сыртқы бетіне жолдаманы жазып, желімдеп жапсырыңыз (бөлімін, палата нөмірін, науқастың аты-жөнін, жасын, зерттеу мақсатын, күнін).
Іс-әрекет алгоритмі:
-
Науқасқа қақырықты зерттеуге жинау ережесі туралы мәліметті айтып, оның келісімін алыңыз. -
Қақырық ерте таңертең (ашқарында) асқа дейін жиналады. -
Науқастан сұраңыз:
-
таңертең, қақырықты жинауға 2 сағаттай қалғанда тісін тазалауды; -
тұп-тура қақырық жинар алдында ауыз қуысы мен жұтқыншақты қайнатылған сумен шаюды; -
тік тұруын немесе тік отыруын; -
қақырықты жинау үшін төменгі ерін тұсында контейнерді ұстауды; -
бірінші рет терең дем алуды және дем шығаруды жасауды, сосын жөтелуді.