Файл: мейіргер ісі негіздері Пні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарыны жинаы авторлары М. Ш. Нурманова м.. к., Мейірбике ісі.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.11.2023
Просмотров: 1432
Скачиваний: 80
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
-
Жаңа бөлініп шыққан 3-5 мл мөлшеріндегі қақырықты контейнерге жинап, оны қақпақпен жабыңыз. -
Жиналған қақырықты қарап, бір сағаттан кешіктірмей лабораторияға жіберіңіз, себебі атиптік жасушалар жылдам бұзылады.
Аурухана жағдайында туберкулезге бактериоскопиялық зерттеу үшін қақырықТЫ жинау
Мақсаты: туберкулез микобактериясын айқындау, науқасты өз бетімен қақырық жинауға үйрету.
Қолдану көрсетілімдері: тыныс алу мүшелерінің аурулары.
Дайындаңыз: 3 арнайы шыны контейнерді немесе сыйымдылығы 50 мл, диаметрі 35 мм кем емес кең мойынды тығыз бұрандалы қақпағы бар бір рет қолданылатын контейнерді. Тұнық контейнердің қыр бетіне белгі салыңыз (науқастың аты-жөнін, алған күнін, идентификациялық номерін, ФТБ-05 жолдамасын толтырыңыз, белгі салынған металды биксты, қолғапты, масканы, алжапқышты, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
-
Науқаспен қақырықты зерттеуге жинау ережесі туралы нұсқауды жүргізіңіз. -
Қақырық жинау ашық ауада, басқа адамдар болмағанда немесе арнайы осы мақсатпен бөлінген жақсы желденетін, терезесі ашылатын, сорып алатын, жел тартқыш және кварц шамы бар бөлек бөлмеде жүргізілуі тиіс. -
Масканы, клеенкалы алжапқышты, резеңке қолғапты киіңіз. -
Аурухана жағдайында таңертең ерте асқа дейін 3 күн қатарымен қақырықты жинаңыз. -
Науқастан тісін тазалауды және ауыз қуысы мен жұтқыншағын сода ерітіндісімен немесе сумен шайқауын сұраңыз. -
Науқасқа контейнерді беріңіз. -
Науқастың артынан тұрып, аузына ашық контейнерді жақындатуын сұраңыз. -
Науқасты аузын орамалмен немесе салфеткамен жабуын сұрап, 3 рет терең дем алуын және дем шығаруын сұрап, соңынан қатты жөтеліп 3-5 мл мөлшеріндегі қақырықты контейнердің қырына жанастырмай қақырынып түкіруін сұраңыз. -
Контейнерді қақпағымен жабыңыз. -
Қақырықты қараңыз және қақырықтың ішінде сілекей емес, тығыз іріңді түйіршікті қақырық болуына көзіңізді жеткізіңіз. -
Ф-ТБ-05 жолдама бланкісін ресмилеңіз. -
Таңертеңгі жиналған қақырықты белгіленген металды бикспен лабораторияға 1 тәулік ішінде жіберіңіз. -
Масканы, қолғапты шешіп, контейнерге салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Ескерту:
-
емхана, амбулатория, ФАП жағдайында қақырықты бактериоскопиялық зерттеуге жоғарыда жазылған ережеге сәйкес жинайды; -
ауруханадан тыс жағдайда қақырықты жинау ерекшелігі, қақырық 2 рет алынады: -
қақырықтың I байқауы – науқас емханаға таңертең қаралғанда медицина қызметкерінің бақылауымен жинастырады; -
қақырықтың II байқауы – келесі күні таңертең үйде жиналып, лабораторияға апарылады; -
қақырықтың III байқауы – сол күні емханада медициналық қызметкерінің бақылауымен науқастың қақырығын жинайды (2-3 байқау үлестері бір күнде); -
қақырықты жинау міндетті түрде медициналық қызметкерінің бақылауымен жүргізіледі; -
қақырықты жинау міндетті түрде медицина қызметкерінің бақылауымен жүргізіледі; -
бір рет қолданылатын контейнерлер пайдаланылғаннан соң жоюға жатады -
медициналық мекемелерде қақырық 7 күндей тоңазытқышта сақталады.
Бактериологиялық зерттеуге қақырықты жинау
Мақсаты: диагностикалық: ауру қоздырғыштарын анықтау.
Қолдану көрсетілімдері: туберкулез, тыныс алу жолдары аурулары және басқа да жұқпалы аурулар.
Дайындаңыз: сыйымдылығы 50 мл, диаметрі 35 мм кем емес, тұнық жабылатын қақпағы бар залалсыздандырылған арнайы шыны контейнерді, металды биксті, қайнатылған суы бар ыдысты, салфетканы, қолғапты, масканы, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
-
Қақырық зерттеу күні таңертең ашқарында жиналады. -
Контейнерді нөмірлеңіз. -
Бактериологиялық лабораторияға жолдаманы толтырыңыз. -
Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты және бет масканы киіңіз. -
Науқаспен сенімді қатынас орналастырып, емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз. -
Науқаспен қақырықты зерттеуге жинау ережесі туралы нұсқауды жүргізіңіз. -
Науқасқа қақырғандағы қақырық емес, терең жөтелгендегі қақырық жиналуы тиісті, қолымен немесе аузымен контейнердің шетіне тимеуін ескертіңіз. -
Науқастан сұраңыз:
-
таңертең, қақырықты 2 сағаттай жыйнамас бұрын тісін тазалауды; -
ауыз қуысы мен жұтқыншағын қайнатылып суытылған сумен шаюды; -
тік тұруын немесе тік отыруын; -
контейнердің қақпағын ашуды; -
аузын матамен немесе орамалмен жауып тұрып, 3 рет терең дем алып және 3 рет терең дем шығарып тұрып, қатты жөтеліп қақырықты өкпенің терең бөліктерінен контейнерге шығаруын; -
қақырық жинайтын контейнерді төменгі еріннің тұсында ұстап, контейнердің шетіне тигізбей қақыруы тиістігін.
-
Контейнердің қақпағын бұрап жабыңыз. -
контейнердің сыртқы бетін зарарсыздандыру ерітіндісінде суландырылған салфеткамен сүртіңіз. -
Жиналған қақырықты қарап, контейнерді темірлі бикске орналастырыңыз. -
Бактериологиялық лабораторияға 2 сағат ішінде қақырықты апарыңыз. -
Масканы, қолғапты шешіп, контейнерге салыңыз. -
Қолды жуып, кептіріңіз.
Ескерту:
-
қақырық бөлу қиындаған жағдайда, қақырық бөлетін дәрі-дәрмектерді тағайындалғаннан кейін жинайды; -
антибиотиктерді тағайындамай тұрып, қақырықты жинау қажет.
ЖЕКЕ ТҮКІРГІШТІ ҚОЛДАНУ ЕРЕЖЕСІ
Мақсаты: қоршаған ортаға қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Қолдану көрсетілімдері:
тыныс алу мүшелерінің аурулары, өкпе туберкулезі, әртүрлі зерттеулерге қақырықты жинау.
Даярлаңыз: залалсыздандырылған қалта түкіргішін (мойны кең белгісі бар қоңыр шыныдан жасалған ыдысты бұрандалы қақпағымен), дезинфектантарды.
Іс-әрекет алгоритмі:
-
Науқаспен жеке түкіргішті қолдану ережесі туралы әңгіме жүргізіңіз. -
Қақырықты жинауға арналған таза, құрғақ жеке түкіргішті науқасқа беріңіз. -
Түкіргіштің ¼ бөлігін дезинфектантпен толтырыңыз (қақырықты зарарсыздандыру үшін). -
Қақырықты түкіргіштің ¾ көлемі белгісіне дейін толтыру қажеттілігін түсіндіріп, науқасқа түкіргішті беріңіз. -
Түкіргіш толған соң түкіргіштегі қақырықтың үстінен зарарсыздандыру ерітіндісін 4 сағатқа құйып зарарсыздандырыңыз. -
Түкіргіштегі қақырықты зарарсыздандыру ерітіндісімен канализацияға төгіңіз. -
Түкіргішті ағынды судың астында жуып, оны белгілі бір уақытқа медицина мекемелерінде қолданылатын дезинфектантқа салыңыз. -
Түкіргішті ағынды судың астында жуыңыз, құрғатыңыз және оны таза түкіргішті сақтауға арналған шкафқа қойыңыз.
Жұтқыншақтан жағынды алу
Мақсаты: диагностикалық: жұқпалы аурудың қоздырғыштарын анықтау.
Қолдану көрсетілімдері: жұтқыншақ микрофлорасын тексеру, жұқпалы ауруға күдік болғанда (дифтерия).
Дайындаңыз: дәке тампондарымен тығыз жабылған залалсыздандырылған пробиркаларды штаттивімен; материал алу үшін құрғақ мақта тампондары, темір өзегі бар таяқшаға бұралып жасалған, крафт пакетіндегі залалсыздандырылған шпательді; пробиркаларды тасымалдауға арналған биксті; жолдама бланкісін, пробиркаларды белгілеу үшін стеклографты, қолғапты, масканы, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
-
Науқасқа жасалатын емшараның барысы мен мақсатын түсіндіріп, оны жүргізуге келісімін алыңыз. -
Бактериологиялық лабораторияға жолдама жазыңыз. -
Жолдама нөміріне сәйкес нөмерді стеклографпен пробиркаға белгілеңіз: «Жұтқыншақ-1», пробирканы штативке орнатыңыз. -
Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз. Маска мен қолғапты киіңіз. -
Науқастың бетін жарыққа қаратып отырғызып, басын сәл артына шалқайтуын сұраңыз. -
Науқасқа қарама- қарсы отырыңыз. -
Сол қолдың IV және V саусақ арасына, тампоны бар залалсыздандырылған пробирканы, ал шпательді басқа үш саусағымен ұстаңыз. -
Науқастың аузын кең ашуын сұрап, тілдің түбірін төмен және алға қарай шпательмен басып, тілді қимылдатпай ұстап тұрыңыз. -
Пробиркадан залалсыздандырылған тампон оралған темір өзекті оң қолмен тығынынан ұстап шығарып алыңыз. -
Тілдің, тістің, ұрттың, жұмсақ таңдайдың шырышты қабығына тигізбей тампонды ауыз қуысына енгізіңіз. -
Тампонмен таңдай тіл доғасынан, көмекей бездерінен төмендегідей тізбектілікпен жағынды алыңыз: оң жақ көмекей безі, оң жақ таңдай доғасы, тілшік, сол жақ көмекей безі, сол жақ таңдай доғасы, жұтқыншақтың артқы бетінен. -
Тампонды ауыздың, тілдің, тістің шырышты қабығына тигізбей ауыз қуысынан шығарыңыз және оны пробирканың жиегіне немесе сыртқы беттеріне тигізіп алмай пробиркаға енгізіңіз де аузын тығыз жабыңыз. -
Шпательді ауыз қуысынан шығарып, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз. -
Штативті пробиркасымен бикске орналастырып, биксті «кілтке» жабыңыз. -
Қолғапты, масканы шешіп, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз. -
Қолыңызды жуып, кептіріңіз. -
Зерттеуге алынған материалды бикспен және жолдамасымен бактериологиялық лабораторияға 2 сағаттан кешіктірмей жеткізіңіз немесе бактериологиялық лабораторияға жөнелтпес бұрын 370С термостатқа орналастырыңыз.
Ескерту:
-
жұтқыншақтан жағынды таңертең, аш қарында немесе тамақ ішкеннен кейін, су ішкеннен кейін, тамақ шайқағаннан кейін 2 сағаттан соң (дәрілік препараттар қабылдаудың алдында) алынады; -
бактериологиялық зертеудің нәтижесі 5-7 күннен кейін дайын болады, егер науқас дұрыс дайындалса және жағынды дұрыс алынса; -
егер де жергілікті өзгерулер айқын белгілі болса зертеуге материалды қабынған жер ошағынан және басқа да жерлерден екі тампонмен алынады.
Мұрын қуысынан жағынды алу
Мақсаты: диагностикалық: жұқпалы аурудың қоздырғышын анықтау.
Қолдану көрсетілімдері: мұрын микрофлорасын тексеру, жұқпалы ауруға күдік болғанда.
Дайындаңыз: штативті мақта-дәке тампондарымен аузы (тығынмен) тығыз жабылған залалсыздандырылған пробиркаларымен, материал алу үшін құрғақ мақта тампондары бұралып жасалған темір өзегі бар таяқшаны, крафт пакетіндегі залалсыздандырылған шпательді, пробиркаларды тасымалдауға арналған биксті, штативті, стеклографты, жолдама бланкісін, резеңке қолғапты, масканы, вазелин майын, турундаларды, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
-
Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріп, емшараны жүргізу үшін науқастың келісімін алыңыз. -
Бактериологиялық лабораторияға жолдама жазыңыз. -
Жолдама нөміріне сәйкес нөмірді стеклографпен пробиркаға белгілеңіз: «Мұрын-2» , пробирканы штативке орнатыңыз. -
Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз. Маскамен, қолғапты киіңіз. -
Науқастың бетін жарыққа қаратып отырғызып, басын сәл артына шалқайтуын сұраңыз. -
Науқасқа қарама-қарсы отырыңыз. Науқастың мұрын қуысын қараңыз. -
Қажет болса мұрын қуысының алдыңғы бөлігін тазартып алыңыз (науқастан мұрнын сіңбіруін сұраңыз), вазелин майымен оларды жібітіп алып мұрын ішіндегі қабыршақтарды тазартып шығарыңыз. Содан кейін құрғақ мақта турундасымен тазартыңыз. -
Беті жабық «Мұрын-2» деген пробирканы сол қолдың III-IV-V саусақтары астына алыңыз, ал оң қолмен тығынынан ғана ұстап, тампонды (оң қолдың саусақтары тек пробирканың тығынына ғана тиюі тиіс) ішіндегі мақта оралған темір өзекті шығарып алыңыз. -
Науқастың мұрнының ұшын сол қолдың үлкен саусағымен көтеріңіз, ал оң қолмен тампонды жеңіл айналмалы қозғалыспен бір мұрын қуысына, содан кейін екінші мұрын қуысына 1,5-2 см тереңдікке, мұрын қабырғалары мен пердесіне тығыз жанастыра тигізіп енгізіңіз. -
Мұрын қуысынан тампонды шырышпен шығарыңыз. -
Ептеп пробирканың жиегіне немесе сыртқы беттеріне тигізіп алмай тампонды енгізіңіз. -
Пробирканың ауызы тығыз жабылғанын қадағалаңыз. -
Пробирканы штативке орналастырып, сосын бикске оны «кілтке» жабыңыз. -
Қолғапты, масканы шешіп, кауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз. -
Қолыңызды жуып, кептіріңіз. -
Алынған материалды бикспен және жолдамасымен бактериологиялық лабораторияға 2 сағаттан кешіктірмей жіберіңіз.