Файл: мейіргер ісі негіздері Пні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарыны жинаы авторлары М. Ш. Нурманова м.. к., Мейірбике ісі.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.11.2023
Просмотров: 1424
Скачиваний: 80
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Ескерту:
-
нәжісті жинау әртүрлі әдістермен жүргізіледі: унитаздан, горшоктан, суднодан, жаялықтан, «ашық нәжістен», тікелей тік ішектік ілгектің көмегімен; -
өсінді жасау үшін шырышты, іріңді, фибринозды қабыршықтарды алады; -
материалды лабораторияға апарғанға дейін тоңазытқышта t 4-60С сақтайды; -
антибиотиктер мен сульфаниламид препараттармен емдемес алдында материалды алу жүргізіледі.
Бактериологиялық зерТтеуге «ашық нәжістен»
нәжісті пробиркаға алу
Мақсаты: диагностикалық жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын айқындау, арнайы топтардағы адамдарды (реконвалесцентті) зерттеу.
Қолдану көрсетілімдері: ішектің микрофлорасын зерттеу, өткір ішек жұқпалы аурулары.
Дайындаңыз: мақта-дәке тампондарымен тығыз жабылған, материал алу үшін темір ілмекке өзек қондырылған залалсыздандырылған пробирканы, судноны немесе горшокты, қолғапты, масканы, форма бойынша жазылған жолдаманы, стеклографты (шыны ыдысқа жазуды түсіріп жазатын қарындашты), штативті, тасымалдауға арналған контейнерді немесе биксті, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
-
Науқасқа зерттеу мақсаты мен барысын, нәтиже алу мерзімін түсіндіріп, емшара жасауға келісімін алыңыз. -
Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, халатты, масканы және қолғапты киіңіз. -
Бактериологиялық лабораторияға жолдаманы жазып, журналға тіркеңіз. -
Жолдама нөміріне сәйкес нөмірді пробиркаға стеклографпен белгілеңіз. -
Пробирканы штативке орнатыңыз. -
Науқасты горшокқа немесе судноға отырғызыңыз. -
Оң қолымен тік ішектік ілгекті пробиркадан алыңыз (пробирканы тығыз жапқан мақта-дәке тампонының тек қана сыртқы жағынан ұстаңыз). -
Залалсыздандырылған тік ішектік ілгекпен «ашық нәжістен» жаңа бөлінген нәжістің 3-5 әр түрлі жерінен алыңыз (патологиялық қоспа). -
Тік ішектік ілгекті нәжісімен залалсыздандырылған шыны түтік шетіне, қабырғасына және сыртқы бетіне жанастырмай салып, соның ішінде қалдырыңыз. Пробирканы тығынымен тығыз жабыңыз. -
Пробирканы штативке, штативті поролонмен тығыздатып бикске қойыңыз. -
Биксті «кілтке» жабыңыз. -
Қолғапты, масканы шешіп қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз. -
Бикстегі алынған материалды жолдамасымен 2 сағаттан кешіктірмей бактериологиялық лабораторияға жеткізіңіз.
Ескерту:
-
нәжісті жинау әртүрлі әдістермен жүргізіледі: унитаздан, горшоктан, суднодан, жаялықтан, «ашық нәжістен», тікелей тік ішектен ілгектің көмегімен; -
өсінді жасау үшін шырышты, іріңді, фибринозды қабықты алады; -
материал лабораторияға жеткізгенше тоңазытқышта t-4-60С сақталуы қажет; -
антибиотиктер мен сульфаниламид препараттармен емдемес алдында материалды алу жүргізіледі.
Бактериологиялық зерттеуге тікелей тік ішектен нәжісті алу
Мақсаты: диагностикалық жұқпалы ішек ауруларының қоздырғыштарын айқындау, арнайы топтағы адамдарды (реконвалесцентті) тексеру.
Қолдану көрсетілімдері: ішектің микрофлорасын зерттеу, жедел ішек инфекциялары.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған мақта-дәке тампонымен тығыз жабылған пробирканы, материалды алуға арналған өзекке бұрап оралған құрғақ мақта тампонын, қолғапты, масканы, форма бойынша жазылган жолдаманы, клеенканы, стеклографты, штативті, тасымалдауға арналған контейнерді немесе биксті, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
-
Науқасқа зерттеу мақсаты мен барысын, нәтиже алу мерзімін түсіндіріп, емшараға келісімін алыңыз. -
Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Халатты, масканы және қолғапты киіңіз. -
Бактериологиялық лабораторияға жолдаманы жазып, журналға тіркеңіз. -
Жолдама нөміріне сәйкес нөмірді пробирканы стеклографпен белгілеңіз. -
Пробирканы штативке орнатыңыз. -
Науқасты сол жақ қырына аяғын тізесінен жартылай бүгіп жатқызыңыз. -
Оң қолмен тік ішектік ілгекті пробиркадан шығарып алыңыз. -
Сол қолдың І және ІІ саусақтарымен науқастың бөксесін ажыратып, ал оң қолмен ептеп анал тесігіне айналмалы қозғалыспен ілгекті енгізіп, оны тік ішекке қарай жылжытып, ең алғаш кіндік бағытына қарай 3-4 см, сосын омыртқаға қатарластыра ілгекті 8-10 см тереңдікке жылжытып енгізіңіз. -
Тік ішектің қабырғасынан (өзегінен) материалды жеңіл айналмалы қозғалыспен алып, сосын абайлап ілгекті нәжіспен тік ішектен шығарыңыз. -
Пробирканың шетіне, қабырғасына және сыртқы бетіне жанастырмай ілгекті нәжіспен шыны түтікке салып, ішінде қалдырыңыз. -
Пробирканы штативке, штативті бикске қойып, поролонмен тығыздаңыз. -
Биксті «кілтке» жабыңыз. -
Қолғапты, масканы, шешіп қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз. -
Бикстегі алынған материалды жолдамасымен бактериологиялық лабораторияға 2 сағаттан кешіктірмей апарыңыз.
Ескерту: материалды лабораторияға жеткізгенше t-4-60С тоңазытқышта сақталуы қажет.
ХIV. НАУҚАСТАРДЫ ЭНДОСКОПИЯЛЫҚ ЖӘНЕ
РЕНТГЕНОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРГЕ ДАЙЫНДАУ
Науқасты бронхоскопияға даярлау
Мақсаты: науқасты зерттеуге сапалы даярлауды қамтамасыз ету, бронхтың сілемейлі қабықтарын қарау.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған: қолғапты, бронхоскопты, сүрткілерді, транквилизаторларды, ішінде зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, сүлгіні, ауру тарихын, жолдаманы.
Бронхоскопияны дәрігер жасайды, мейірбике көмекші қызметін атқарады.
Іс-әрекет алгоритмі:
-
Науқасқа зерттеудің мақсаты мен барысын, зерттеу жасаған уакыттағы тәртіп ережесін түсіндіріп, оның келісімін алыңыз. -
Науқасқа психикалық дайындықты жүргізіңіз. -
Науқасқа зерттеу таңертең ашқарынға өткізілетінін хабарлаңыз. Ол зерттеу алдында таңертең тамақты, суды қабылдамауы, темекі шекпеуі керек. -
Зерттеудің алдында науқас алмалы-салмалы тіс протездерін шешіп тастауын қадағалаңыз. -
Тура зерттеуді жасар алдында науқастан қуығын және ішегін босатуын сұраңыз. -
Дәрігердің тағайындауы бойынша зерттеудің алдында кешке қарай және таңертең жансыздандыруды жасаудан 1-1,5 сағат бұрын транквилизаторлармен (элениум, диазепам) премедикацияны жүргізіңіз. -
Қарауға 15-45 минут қалғанда дәрігердің тағайындауы бойынша премедикацияны (наркозға дайындауды) жүргізіңіз. -
Науқасты сүлгісімен, ауру тарихымен және жолдамасымен эндоскопиялық кабинетіне тағайындалған уақытта ертіп апарыңыз. -
Науқасты палатаға ертіп апарыңыз, жасалған зерттеуден кейін екі сағат бойы тамақ ішуіне, темекі шегуіне болмайтынын ескертіңіз.
Науқасты фиброгастродуоденоскопияға даЙЫНДАУ
Мақсаты: науқасты зерттеуге сапалы дайындауды қамтамасыз ету, өңеш, асқазан және он екі елі ішектің сілемейлі қабығын қарау.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған гастроскопты, сүлгіні, зерттеуге жолдаманы.
ФГДС-ті дәрігер жасайды, мейірбике көмекші қызметін атқарады.
Іс-әрекет алгоритмі:
-
Науқасқа алда болатын зерттеудің мақсатын, барысын және мағынасын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз. -
Науқасқа психологиялық дайындықты жүргізіңіз. -
Науқасқа зерттеу таңертең ашқарынға өткізілетінін хабарлаңыз. Тамақ, су ішуіне, дәрілік препараттарды қабылдауына тыйым салыңыз, темекі шегуге, тісті тазалауға болмайды. -
Науқасты зерттеу қарсаңында кешке қарай сағат 18-ден кешіктірмей кешкі жеңіл тамақпен қамтамасыз етіңіз, кешкі тамақтан кейін науқас суды, тамақты ішпеуі керек. -
Зерттеу алдында науқас алмалы-салмалы тіс протездерін шешіп тастауын қадағалаңыз. -
Эндоскопия жасаған уақытта сөйлеуге және түкірігін жұтуға болмайтынын науқасқа ескертіңіз (науқас сілекейін сүлгіге немесе салфеткаға түкіріп отырады). -
Науқасты сүлгісімен, ауру тарихымен, жолдамасымен белгіленген сағатта эндоскопиялық кабинетіне ертіп апарыңыз. -
Зерттеуден кейін науқасты палатаға ерітіп апарыңыз және одан жұту акті толық қайта қалпына келгенше 1-1,5 сағаттай тамақ қабылдамауын сұраңыз. Темекі шегуге болмайды.
Ескерту:
-
т/а премедикация жасалмайды, себебі зерттелетін мүшенің жағдайын өзгертеді; -
биопсияға материал алғанда, науқасқа тамақ тек салқын түрде беріледі.
НАУҚАСТЫ КОЛОНОСКОПИЯҒА ДАЙЫНДАУ
Колоноскопия – бұл аспаптық әдіс. Жуан ішектің жоғары орналасқан бөлігін эндоскоптың иілгіш сүңгісі көмегімен зерттеу.
Әдістің диагностикалық маңызы: Колоноскопия жуан ішектің сілемейлі қабығын тұп-тура қарайды. Эндоскоп жуан ішектің кез-келген бөлігіне анал тесігі арқылы енгізіледі. Қарағанда қабыну үдерісі, ішкі геморрой, сызат, эрозия, қан құйылу, қатерлі ісікті табылады. Әдісте мазок жағынды алу, шырышты қабаттан соскобты жасау. Биопсия жүргізу.
Мақсаты: науқасты зерттеуге сапалы дайындықты қамтамасыз ету, науқасқа хабарлау және науқасты оқыту.
Науқастың күрделі мәселелері:
Науқастың мәселелері:
-
Алда болатын манипуляцияға, науқастың негативті қарым-қатынасы; -
Араласу алдындағы қорқыныш; -
Ұялшақтық; -
Емшараны жүргізгенде дискомфортты сезіну.
Қолдану көрсетілімдері:
-
Жуан ішектің қатерсіз және қатерлі ісіктер ауруларын диагностикалау үшін; -
Жуан ішектің зақымдануы ұзындығын анықтау үшін және хирургиялық операцияның көлемін таңдау; -
Морфологиялық денгейде диагнозды анықтау үшін; -
Жуан ішектің жоғары орналасқан бөлімдерінің, сілемейлі қабығын визуальды қарау; -
Диспансерлік және профилактикалық қарауларды жүргізу үшін; -
Ішек түйілуінде, қан кеткенде, бөгде заттар және тағы да басқа ауруларда және тоқ ішектің жарақаттануы.
Қарсы көрсетілімдері: бейспецификалы ойық жаралы колиттің ауыр түрлері, Крон ауруы ішектен қан мол кету, жүрек-өкпе жетіспеушілігінің ауыр түрі, ауырсыну синдромы бар тік ішек аймағының жедел аурулары. Құрсақ қабырғасының жарығы, ІІІ сатыдағы гипертониялық ауру.
Асқынулар:
-
Жуан ішектің тесілуі; -
Шажырқайдын керілуіндегі ауырсыну реакциясы; -
Жуан ішектін сірнелі қабықтың жарылуы.
Дайындаңыз: колоноскопты, фортрансты, колоноскопияға жолдаманы.
Колоноскопияны дәрігер жасайды, мейірбике көмекші қызметін атқарады.
Іс-әрекет алгоритмі:
Қабылдауға болмайды: етті, қара нанды, жеміс-жидектер мен көкөністерді,көктерді, фасоль мен горохты, саңырауқұлақтарды, жидектерді, шемішкені, жаңғақты, сүйегі бар вареньені, соның ішінде кішкене шаттауығы бар (қарақат және таң қурай) жүзімді, кивиді.