Файл: Информатика жне апараттыкоммуникациялы технологиялар кафедрасы Білім беру бадарламасы 6В01514 Информатика.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.11.2023
Просмотров: 355
Скачиваний: 3
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Бүгінгі дидактикада сабақ типтерінің жалпылай қабылданған нақты классификациясы жоқ. Мұның басты себебі – сабақта мұғалім мен оқушы арасындағы өзара байланысқа түсетін ықпалдас іс-əрекеттердің алдын ала болжамға келе бермейтін күрделілігі мен көп тараптылығында.
Бүгінгі дидактика сабақ типтерін олардың басты сипатына орай төмендегіше топтастырады:
1. Дидактикалық мақсаттарға байланысты сабақ типтері:
- жаңа білім материалын хабарлау;
- білімді бекіту;
- ептіліктер мен дағдыларды қалыптастырып, бекіту;
- қорытындылау;
- білім, ептілік жəне дағдыларды тексеру (бақылау) сабағы.
2. Оқу дəрістерін өткізу тəсілі бойынша сабақ типтері:
- оқу саяхаттары;
- кино-теле-сабақтар;
- өзіндік жұмыс сабақтары жəне т.б.
3. Дəріс бірліктерінің басымдылығын негізге алған арнайы сабақ типтері:
- жаңа материалды игеру;
- бекіту;
- қайталау;
- білімді бақылау, тексеру.
Егер арнайы сабақ типтерінің мақсаттары мен жұмыс түрлері не олардың элементтері бір дəрісте тоғысатын болса, ондай сабақты аралас сабақ деп атау қабылданған.
Бүгінгі күні сабақ бірнеше қасиеттерімен ерекшеленеді. Олардың бірі - сабақтың құндылығы.Сабақтың құндылығы окушыларға білім берудің, тәрбиелеудің және дамытудың ұйымдастырушылық формасы болуымен қатар, мұғалім мен оқушы іс-әрекетін біріктіруге мүмкіндік береді.
Кез-келген сабақ оқытудың дидактикалық міндеттерін шешуіне, оқыту әдістеріне, оку материалының мазмұнына, окушылардың іс-әрекетін басқару түрлеріне қарай ұйымдастырылады. Мысалы, бастауыш сыныптарда окушылардың іс-әрекетін түрлендіріп, ауыстырып отырған тиімді болса, жоғары сьшыптарда керісінше, іс-әрекеттің жүйелілігі, олардың қайталау мақсатында ұйымдастырылғаны дұрыс. Бұл оқу сапасына әсер етеді.
Оқу сапасыоқытудың түрлі әдістерін байланыстырып, оларды сабақта тиімді қолдануда көрінеді. Сабақта тиімді әдістерді дұрыс қолдану окушылардың ақыл-ойының дамуына, шығармашылық ойлауына бағыт береді.
Оқыту әдістерін қолдануда, а) оку материалының мазмұны; ә) оқытудың дидактикалық мақсаты; б) окушылардьщ білім деңгейі; в) мұғалімнің шеберлігі сияқты психологиялық-педагогикалық факторлар ескеріледі. Аталған факторлар оқыту әдістерін тиімділігіне қарай тандап алу мен оны іс жүзінде қолданудың ғылыми-теориялық негізін қалайды.
Сабақтың басты белгісі– мұғалімнің анықталган мақсаты. Осы бағыттағы зерттеулерге сүйене отырып, қазіргі сабақтың кезеңдерін былай жіктеуге болады:
- жаңа материалды түсіндіру (әңгіме-сабақ, дәріс-сабақ, киноісабақ);
- білім мен іскерлікті жетілдіру сабағы (практикалық сабақ, лабораториялық сабақ, семинар-сабақ, өзіндік жұмыстар);
- білімді қорыту және жүйелеу сабағы (әңгіме-сабақ, семинар-сабақ)
- аралас сабақ (барлық сабақтардың функциялары қолданылатын сабақ);
- бақылау сабағы (бақылау жұмысы, сынақ, емтихан, өзара бақылау, өзін-өзі бақылау), т.б.
Дəрісбаян – оқу процесінің өзіндік анайы құрылымымен танылған тəлім-тəрбие формасы. Дəрістің басынан соңына дейін оқытушы жаңа оқу материалын баяндап, ұсынады, ал оқушылар сол материалды белсенділікпен қабылдайды. Дəрісбаян оқу ақпаратын ұсынудың ең тиімді тəсіл жолы, себебі оқу материалы қисыны нақтыланған формада шоғырландырылып беріледі
Дидактикалық мақсаттарына жəне оқу процесіндегі орнына байланысты дəрісбаян: кіріспе, айқындау (установочная), ағымдық, қорытындылау жəне шолу түрлерімен ажыралады.
Семинар – меңгеріліп жатқан мəселелер, баяндамалар мен рефераттарды ұжымдық талқылау формасында өтетін оқу дəрісі. Семинарлардың басқа сабақтардан өзгешелігі - оқушылардың оқу-танымдық іс-əрекеттері көбіне олардың өзіндік жұмыстары негізінде ұйымдастырылады. Семинар желісінде тұңғыш дерек көздерінен, құжаттардан, қосымша əдебиеттерден, оқудан тыс ізденістер барысында алынған оқушылардың білімдері тереңдетіледі, жүйеге келтіріледі жəне бақыланады; дүниетанымдық бағыт-ұстанымдары, бағалау-сұрыптау ой-пікірлері жүйелі бекімге келтіріледі.
Оқу конференциясы – білім арттыру, бекіту жəне жетілдіруге бағытталған оқу ұйымдастыру формасы. Əдетте, мұндай форма бірнеше топтардың қатысуымен өткізіледі.
Зертхана-практикалық сабақтар, практикумдар – оқушылардың мұғалімдер тапсырмалары жəне басшылығында зертханалық тəжірибе жұмыстар орындауына арналған оқу ұйымдастыру формасы. Бұл оқу түрі пəн кабинеттерінде, зертханаларда, шеберханаларда, оқу-тəжірибе алаңдарында, оқушылардың өндірістік бригадаларының қатысуымен өндіріс комбинаттарында өткізіледі.
Факультатив сабақтар – оқу пəндерін оқушылардың өз таңдауы жəне қызығуларына орай тереңдете оқуына арналып, шəкірттердің ғылыми-теориялық білімдері мен практикалық ептіліктерін дамытуды көздейді.
Оқу саяхаттары - əртүрлі нысандар мен қоршаған дүние құбылыстарын оқушылардың тікелей бақылау жəне зерттеуіне арналып, өндіріс, мұражай, көрме, табиғат аясы жағдайларында жүргізілетін оқу ұйымдастыру формасы.
Пəн үйірмелері жəне осы тектес басқа да оқу формалары (шеберханалар, зертханалар, кафедра, студия) – бағыт-бағдары, мазмұны, жұмыс əдістері, оқу уақыттары жəне т.б. бойынша көп түрлілігімен ерекшеленеді. Пəн үйірмелеріндегі оқу-жұмыстары шəкірттердің қызығулары мен бейімділіктерін, оқуға болған ұнамды қатынастарын дамытып, білім игеру сапасын арттырады.
Сыни тұрғыдан ойлау туралы жалпы түсінік.
Сыни тұрғыдан ойлау - «ойлау туралы ойлану» деп сипатталған. Ол маңызды мәселелерді талқылауды және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды. Мұғалімдер педагогикалық білімі бар және қосымша білім беру мен өз біліктілігін арттырушы субъектілер болғандықтан, оларда бұл дағдылар дамыған және іс-тәжірибеде қолданылады деп ойлаймыз.
Сыни тұрғыдан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді.
Бұл модуль шеңберінде әлеуметтік-сындарлы тәсілдер, білім беруді дамыту үшін тиімді бағалау және түрлі жастағы балаларға білім берудің сараланған тәсілі қолданылады.
Сыни тұрғыдан ойлау – бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Ол болашақта әрекет жасауға негіз бола алады. Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді.
Базалық деңгейде сыни тұрғыдан ойлау үдерісі:
• релеванттық ақпараттар жинауды;
• дәлелдерді сын тұрғысынан талдау мен бағалауды;
• кепілдендірілген шешімдер мен жинақталған қорытындылар;
• ауқымды тәжірибе негізінде болжамдар мен ұсыныстарды қайта қарауды қамтиды.
Оқыту мен білім беруді сыни тұрғыдан ойлау сияқты күрделі міндеттермен қатар, қарастырылмаған болжамдар мен құндылықтарды, мәселелерді мойындау және оларды шешудің тиімді құралдарын табуды, басымдықтарды бекітудің маңыздылығы мен міндеттерді шешудегі артықшылығын түсінуді қарастырады.
Сыни тұрғыдан ойлауды, әдетте, білім берудің кейінгі кезеңдерімен – орта мектептің жоғары сыныптары мен жоғары оқу орындарында оқушылармен байланыстырады. Алайда сыни тұрғыдан ойлаудың негіздерін кішкентай балалармен жұмыс барысында, қажетті дағдыларды дамыту мақсатында білім берудің ерте кезеңінен дамытуға болады. Бұл жолдағы ең оңтайлы тәсіл – балалардың жеке басының тәжірибесіндегі дәлелдерге мән беруге ынталандыру. Бізде балалардың қызығушылығын оятып, олардың сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамыту үшін қолдануға болатын, әлемнің түрлі бөліктеріндегі және тарихтың түрлі кезеңдеріндегі тұрмыс салты туралы мысалдар жеткілікті.
Сыни тұрғыдан ойлау мәнмәтінді есепке ала отырып, бақылау мен тыңдау арқылы дәлелдер жинастыру және шешім қабылдау үшін талапқа сай өлшемдерді қолдану сияқты дағдыларды дамытуды қарастырады.
Сыни тұрғыдан ойлаудың бұл дағдылары төмендегідей сипатталады:
• бақылау;
• талдау;
• қорытынды;
• интерпретация.
Оқушылардың жұмысын зерделеудің кейінгі кезеңінде мұғалімдермен талқылау, олардың уақытша қорытындыларын қарастыру және қайта қарау арқылы балаларға білім берудің жеке үдерістерін түсінуді, сонымен қатар төмендегілерді де реттеуге көмек беруге болады:
• бағалау;
• түсіндіру;
• метатану.
Төменде баланың басқалардың көмегіне жүгіне отырып жасайтын қадамдары мен сынып жұмысын жүзеге асыру кезінде қолданылатын дағдылары берілген:
1. Көру арқылы немесе ауызша дәлелдерден алынған ақпараттармен танысыңыздар. Бұл тапсырма негізгі дереккөздерден оқу арқылы алынған ақпаратқа да, шолулар мен сауалнамадан жинақталған деректерге де, оқулық, энциклопедия немесе Web-сайт сияқты қосалқы дереккөздерден жиналған ақпаратқа да қолданылуы мүмкін.
2. Дәлелдерді зерттеуді құрайтын немесе дәлелге негіз етіп алынған, кешірек жасалған іс-әрекеттерді айқындайтын негізгі тармақтарды, болжамдарды немесе ұсыныстарды анықтаңыз.
3. Көру және ауызша дәлелдер қалай біріктірілгенін және бір-бірімен өзара байланысатынын талдаңыз.
4. Жекелеген суреттердің немесе түрлі жеке пікірлер мен естеліктердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын салыстырыңыз және зерттеңіз.
5. Дәлелдер мен бірқатар ойларды құру үшін түрлі ақпарат көздерін біріктіре отырып, қосыңыз. Сіздің ойыңызды қалыптастыратын және қолдайтын түрлі ақпарат көздері арасында байланыс орнатыңыз.
6. Сіздің зерттеуіңізбен байланысты дәлелдердің заңдылығы мен беріктігін және дәлелдер Сіздің болжамдарыңыз бен ойларыңызды қаншалықты қолдайтынын немесе қайшылықтар тудыратынын бағалаңыз.
7.Зерттеудің негізіне алынған сұрақтардың жауаптарын интерпретациялау нәтижесінде алынған біліміңізді қолданыңыз.
8. Жасалған қорытындыларды негіздеп, өзектілігі мен маңыздылығын анықтаңыз.
-
Информатика сабағына қойылатын талаптар. Сабақ жоспарын жасау.
Информатика сабағына қойылатын талаптар:
- пән мазмұны оқу бағдарламасына, күнтізбелік-такырыптық жоспарға сай жасалу қажет;
- сабақта дидактикалық принциптер ескерілуі керек;
- сабақ тақырыбына сай мектеп оқулығы мен әдістемелік әдебиеттер, дидактикалық материалдар, қолданбалы және ашық программалар қолданылуы қажет;
- сабақтың білімділік, дамытушылық, практикалық, тәрбиелік мақсаттары, сабақтың түрі, өту әдісі алдын ала айқындалуы қажет;
- тақырыптарды бір-бірімен байланыстыру үшін қаңдай материалдар ұсыну керек екенін алдын-ала ойластырған жөн; оны бекіту әдістерін, оқушыға білім беру мен бағалаудың, іскерлік пен дағды қалыптастырудың жолдарын алдын ала ойластыру қажет;
- тапсырма беруде оның мазмұны мен көлемінің оқушыға лайық болуына назар аудару керек. Үйге берілетін тапсырмаға міндетті түрде нұсқау беру қажет.
- сабақтың кезеңдері мен оның дидактикалық құрылымының және сабақтың мақсаты мен оқыту әдістерінің арасындағы байланыстар міндетті түрде ескеру қажет.
Сабақ жоспарын жасау
Мұғалім окушының оку-танымдық іс-әрекетін басқаратыны белгілі. Сондықтан сабақты жоспарлаған кезде оқу материалының мазмұнын толық қамту, мақсатқа жету мүмкіндіктерін есепке алу ескерілу керек
Бұдан кейін сабақ жоспарынжасау кезінде сабақтың кезеңдері мен оның дидактикалық құрылымының және сабақтың мақсаты мен оқыту әдістерінің арасындағы байланыстар міндетті түрде ескеріледі.
Сабақ жоспары - мұғалім үшін міндетті құжаттардың бірі. Оны жасап сабақ өтуге даярлану мүғалімнен шығармашылық жұмысты талап етеді. Себебі, шығармашылықсыз мүғалімнің шеберлігі де болмайды.