Файл: Информатика жне апараттыкоммуникациялы технологиялар кафедрасы Білім беру бадарламасы 6В01514 Информатика.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.11.2023
Просмотров: 360
Скачиваний: 3
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Олай болса, мүғалім сабақты жоспарлағанда, оны жоғарыда аталған дидактикалық мақсаттарына сәйкес тиімді ұйымдастыруды ойластыруы қажет.
Сабақ жоспарының жазылу үлгісі:
№____ сабақ жоспары
Пән аты_______________
Сынып________________
Өтілетін күн_______________
Өтілетін орын__________________
Сабақтың тақырыбы: _______________________________________________________
Сабақтың түрі______________________________________________________________________
Сабақтың мақсаты: Білімділік:
Дамытушылық:
Тәрбиелілік:
Пәнаралық байланыс:
Сабақтың көрнекілігі: Сызбалар, кестелер және кеспе қағаздарОқытудың техникалыққұралдары және компьютер:____________________________
Әдебиеттер:
Сабақтың барысы:
Мұғалімнің іс-әрекеті:
№ | Сабақтың негізгі кезеңдері | Уақыт | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқыту әдістері |
1 | Ұйымдастыру кезеңі | Минут | Оқушылардың назарын сабаққа аудару, сыныптың сабаққа дайындыған тексеру. Тақтаның тазалығы мен оқушылардың оку құралдарын дайындауын қадағалау | |
2 | Өткен сабақты қайталап, оқушының танымдық қабілетін ояту | Минут | Өткен сабактарға шолу жасау. Жалпы сұрақтарга жауап беру, окушылардың сабаққа дайындығын тексеру. | |
3 | Жаңа сабақты түсіндіру | Минут | Сабақтың тақырыбы және мақсаты, жаңа тақырыпты түсіндіру. | |
4 | Сабақты қорытындылау және бекіту | Минут | Жаңа сабақтың тақырыбы, мақсаты, мазмұны. Жаңа сабақты бекіту. Оқушылардың білімін бағалау. | |
5 | Үй тапсырмасы | Минут | Үй тапсырмасын түсіндіру, орындау әдістері мен тәсілдеріне бағыт беру. | |
Тексерілді: мұғалімнің аты, жөні
Сабаққа өз бетінше талдау жасау үлгісі
Сабақты өтіп болғаннан соң мұғалім міндетті түрде өз бетінше талдау жасауы керек. Яғни, сабақта кандай іс-әрекеттер жүзе асырылды, қандай іс-әрекеттер орындалмады. Оның себебі не? деген сұрақтар айналасында талдау жасауы тиіс. Бұл кезде сабақты өткізу әдісі туралы қысқаша сипаттама жасалуы керек:
- сабақтың түрі;
- сабақтың сипаттамалық кезеңі;
- сабақ мазмұнының дидактиканың ғылымилық, тізбектілік, т.б. принциптерімен сәйкес келуі;
- сабақты өту әдісі мен формасының ерекшеліктері;
- мұғалімнің жеке басының ерекшеліктері, оның окушылармен қарым-қатынасы;
- техникалық жабдықтармен оқытудың мақсатқа сай болуы, олардың сабақ мазмұнымен үйлесімділігі;
- оқушылар меңгерген білімін, іскерлігін, дағдысын қалыптастыру;
- сабақты қортындылау, оқушылардың білімін, іскерлігін, дағдысын бағалау;
- үйге берілетін тапсырманың мөлшері мен қиындығы, көлемі.
-
Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны, құрылымы.
Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны, құрылымы
Орта білім берудің тиімді әрі маңызды көрсеткіштерінің бірі мектептегі білім беру әрекетінің қызметін, дамуын, оқушыларға және олардың нәтижелеріне әсер ететіндігін көрсететін білім алушылардың оқу жетістіктері деңгейі болып табылады. Сондықтан білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесінің сапалы құрылуы білім беру сапасын арттырудың әлеуетті деңгейіне тікелей байланысты.
Бағалау жүйесіндегі тиімділігі маңызды көрсеткіштердің бірі орта білім беретін мектептердегі білім беру әрекеттерінің қалай қызмет ететінін, даму жағдайын, білім алушыға, оның нәтижесіне әсер етуін көрсететін білім алушылардың оқу жетістігінің деңгейі болып табылады.
Сондықтан білім алушылардың оқу жетістігі деңгейін бағалау жүйесінің қаншалықты сапалы құрылуы білім беру сапасын арттырудың шама деңгейіне соншалықты байланысты. Сондай-ақ, критерийлер негізінде бағалау жүйесін енгізу, жоғары ойлау деңгей дағдыларына қатысты бағалау критерийлерін анықтау, мұғалімдерді даярлау, білім берудің әр кезеңінде ұлттық стандартталған тестілеу өткізу, мәліметтерді сенімді жинақтау, тиімді жүйе құру және т.б. Бұл ретте өткізілген бағалаудың нәтижелерін тиімді қолдану қажеттілігі ескертіледі.
Критериалды бағалау – белгіленген критерийлер негізінде білім алушылардың нақты қол жеткізген нәтижелерін оқытудың күтілетін нәтижелерімен сәйкестендіру үдерісі.
Критериалды бағалау жүйесін енгізудің мақсаты әрі қарай оқу үдерісін жетілдіре түсу үшін бағалау критерийлері негізінде білім беру үдерісіне қатысушылардың барлығына білім алушылардың оқу нәтижесі туралы нақты ақпарат алу болып табылады. Үздік қазақстандық және халықаралық тәжірибені кіріктіре отырып құрастырылған критериалды бағалау жүйесі төмендегідей міндеттерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді:
- білім беру қызметінің сапасын арттыруға жағдай жасайтын объективті және анық бағалау жүйесін іске асыру;
- халықаралық тәсілдер мен стандарттарға сәйкес сапалы және бірыңғай бағалау механизмін қалыптастыру;
- бағалау әрекетіндегі мұғалімдердің құзыреттілігін арттыру;
- өз бетінше білім алу дағдыларын дамыту үшін жағдай жасау және білім алушылардың өз оқуына деген жауапкершілігін арттыру;
- үлгерімі төмен білім алушылармен жұмысты жетілдіру;
- білім алушылардың күтілетін нәтижелерге, соның ішінде жоғары деңгей дағдыларына (талдау, жинақтау, бағалау) жетуін бағалауға мүмкіндік беретін тапсырмалар үлгілерінің қорын құру;
- объективті, үздіксіз және нақты, атап айтқанда, білім алушыларға олардың оқуының сапасы туралы; мұғалімдерге білім алушылардың ілгерілеуі туралы; ата-аналарға оқу нәтижелерінің жетістік деңгейі туралы; басқару органдарына ұсынылған білім беру қызметінің сапасы туралы ақпаратты беру;
- электрондық журналды жинау үдерісін оңтайландыру және ақпараттар ұсыну үшін қолдану;
- әр білім алушының, жеке мектептің, барлық аудан, облыс және мемлекет деңгейіндегі мектептердің бөлім және тақырыптар аясында оқу бағдарламасын меңгеру мониторингін қолдану;
- стандарттарды, оқу бағдарламаларын жетілдіру үшін талдау жүргізу және басқа да басқарушылық шешімдер қабылдау.
-
Мектепте информатиканы оқытудың қосымша түрлері (факультатив сабақтар, үйірмелер, т.б.).
Мектепте информатиканы оқытудың қосымша түрлері (факультатив сабақтар, үйірмелер, т.б.).
Информатика пәні бойынша оқытудың қосымша түрлері пән мазмұнын тереңдетіп оқыту мақсатында жүргізіледі. Оқытудың қосымша түрлеріне факультатив сабақтары, үйірмелер, олимпиадалық жарыстар, экскурсиялар жатады.
Факультатив сабақтар
Информатиканы тереңдетіп оқыту 5-11 сыныптарда факультативтік сабақтар арқылы жүжеге асырылады. Факультатив сабақтар инфарматиканың негізгі сабақтарымен тығыз байланысты және оқу бағдарламасы бойынша жүйелі түрде байланысып отырады.
Факультативтік курстарды оқып-үйрену топтарына оқушылар өз қалауымен қабылданады. Факультативтік курс бір немесе бірнеше қатар (параллель) сыныптардың оқушыларынан құралады.
Факультатив сабақтарын ұйымдастыру үшін бір топтағы оқушылар саны 10-нан кем болмауы тиіс. Сынып жетекшілері мен пән мұғалімінің пікірін ескере отырып, факультатив жүргізетін мұғалім оқушыларды факультативтік курсқа қабылдайды. Факультатив курстар әрбір оқу жылының 10-қыркүйегінен кешіктірілмей мектеп директорының бұйрығымен бекітіледі.
Оқушылар үшін факультатив сабақтарды ұйымдастыру мектептің ұстанымына қайшы келмейді, керісінше, ол мектеп алдында тұрған бірқатар маңызды міндеттерді табысты шешуге жағдай жасайды. Бұл міндеттердің ішіндегі аса маңыздыларының бірі – дидактиканың жеке (даралап) оқыту ұстанымына сай келеді. Яғни, әрбір оқушының табиғи қабілетіне сәйкес ақыл-ойын, қабілетін дамытуға бағытталған жұмыстар жүргізіліп, ғылым мен техниканың қазіргі жетістіктерін мектеп білімінде толығырақ қамтуға, оқыту ісінде оқушылардың шығармашылық тапсырманы орындауына көбірек көңіл бөлуіне, өз бетінше білім алуға деген ізденістеріне мүмкіндік береді.
Әрбір жеке тапсырма тек сол тапсырманы орындайтын оқушыға ғана пайдалы болып қалмай, басқа оқушыларға да пайдалы болуы тиіс. Даярланған баяндамалар мен рефераттар тыңдалып, талқылануы керек.
Факультатив оқушылардың сабақтары басталғанға дейін немесе сабақтан соң бекітілген кесте бойынша жүргізіледі.
Факультатив сабақтарды өткізуге келесі жағдайлар ескеріледі:
- факультативтік сабақтар әдеттегі сабаққа ұқсамауы тиіс;
- үлгермеуші оқушылар үшін қосымша сабақ түріне айналмауы тиіс;
- жоғары оқу орындарына түсетін талапкерлерді даярлайтын (репетиторлық) сабаққа немесе жоғары оқу орындары түріндегі лекция курсына айналмауы тиіс;
- үйірме сабақтарының белгілі бір формаларын көшірмеуі тиіс.
Факультативтік сабақтар кейде пәндік үйірмеге ұқсап кетуі мүмкін. Себебі, үйірме жұмысы да, факультативтік курстар да оқушылардың қызығушылығы, ынта-ықыласы негізінде ұйымдастырылады. Осыған байланысты үйірме жұмысы мен факультатив сабақты ажыратудың қажеті шамалы деген кері пікір туындауы мүмкін. Факультативтің үйірмеден айырмашылығы – мұнда оқу белгілі бір бағдарламамен жүйелі түрде жүргізіледі.
Факультатив курсының қазіргі типтік бағдарламалары бойынша факультатив сабақтарды жүргізудің әртүрлі формаларының арасында шамамен төмендегідей арақатынас болғаны тиімді деп есептеледі. Барлық оқу уақытының 20-25% лекция; 10-15% лаборатория; 20-30% практикум; 3-9% экскурсия; 3-6% сынақ сабағы.
Информатика бойынша факультативтің жалпы оқу уақытының жартысын есеп шығару және лабораториялық жұмыстарды орындау жөніндегі практикалық сабақтарға бөліп беру ұсынылады.
Факультативте есеп шығару сабағын өткізудің өзіндік қиындықтары болады. Кез келген тақырыпқа байланысты конкурстық есептерді таңдап алуға болады. Мұндай есептерді шығару барысында есеп мазмұны мен оны шығарудың мүмкін жолдарын оқушылармен бірге талдау олардың есептерді өз бетінше шығаруға деген дағдысын жедел дамытуға, зерттеушілік қабілеті бар оқушыларды табуға мүмкіндік береді. Мұндай оқушылар теориялық материалдардың оқып-үйрену кезінде көзге түспесе де, шығармашылық есептерді шығару барысында жаңа қырынан танылуы мүмкін. Мысалы, берілген үш орынды санның полиндром сандар екенін анықтау керек. Полиндром сандар сол жақтан оқығандада, оң жақтан оқығанда да мағынасын өзгртпейтін сандар, яғни 121, 292 сандары немесе «қазақ», «нан», т.с.с. сөздер. Бұл есепті шешудегі қарапайым шарт – санның бірінші цифры соңғы цифрына тең болуы керек.