Файл: Информатика жне апараттыкоммуникациялы технологиялар кафедрасы Білім беру бадарламасы 6В01514 Информатика.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.11.2023
Просмотров: 361
Скачиваний: 3
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Информатика пәнінен олимпиадаға дайындау
Факультативтік сабақтармен тығыз байланысты сыныптан тыс қосымша жұмыстардың бір түрі информатика пәні бойынша өтетін олимпиада. Олимпиада білімді оқушыларды анықтау мақсатында ұйымдастырылғанымен, оның басты мақсаты – аса қабілетті және даярлығы күшті екі-үш оқушыны табу ғана емес, мектеп оқушыларының басым көпшілігінің информатика пәніне деген ынта-ықыласын арттыру.
Оқушыларды олимпиадаға дайындау барысында олимпиадалық есептерді талдаған дұрыс. Себебі, мұндай талдау оқушылардың олимпиадалық есептердің түрлерімен таныс болып, оны шығарудағы өз күшіне деген сенімін арттырады.
Информатикадан олимпиада – оқушыны информатикалық білім алуға ынталандыратын, оның ойының дамуына себеп болатын жарыс болып есептеледі. Информатика олимпиадасы мектепшілік, аудандық немесе қалалық, обылыстық, республикалық, халыхаралық деңгейлерге бөлінеді.
Мектепте өткізілетін олимпиаданы екі кезең бойынша жүргізеді. Бірінші кезеңде барлық үлгеретін оқушылар қатысады. Бұл кезеңнен жоғары көрсеткішке ие болған оқушылар келесі кезеңдегі олимпиадаға жіберіледі. Екінші кезеңде қиындығы жоғары тапсырмалар ұсынылады. Осы кезеңнің жеңімпаздары келесі деңгейдегі олимпиадаға жіберіледі.
Информатика пәнінен үйірме ұйымдастыру
Мектептегі сыныптан тыс қосымша жұмыстардың негізгі түрлерінің бірі – үйірме жұмысы. Информатика үйірмесіне информатика пәнінің мұғалімі жетекшілік етеді. Үйірмеде сабақ тақырыптарын таңдап алуға толық еркіндік бар. Мысалы, үйірмеде ғылыми-көпшілік журналдарына шыққан материалдарды талдау, ақпараттық технологияның жетістіктерін, жаңалықтарын баяндау, т.б. мәселелер айтылады. Үйірме жұмысының сыныптағы сабақтардан айырмашылығы үйірме сабақтарыңа оқушылардың қатысуы міндетті емес және оқушылардың білімін бағалау қажет емес, сынақ өткізілмейді.
Үйірмеге қатысатын оқушылар саны 20-25 және оған ерікті түрде қатысуға болады. Үйірменің алғашқы мәжілісінде үйірменің бағытына сай аты таңдалып, төрағасы сайланады.
Үйірменің жарты жылдыққа немесе бір жылға арналған мәжіліс жоспары талқыланып, информатика пәнінің әдістемелік кеңесінің келісімімен мектеп директоры бекітеді. Үйірме мүшелері қабырға газеттерін үнемі шығарып отырады. Үйірме айына 2 реттен кем болмауы тиіс және пікір алмасу, ой бөлісу бағытында ұйымдастырылғаны тиімді.
Үйірмеге қатысушылар жаңа ақпараттық технологияның жетістіктерін пайдаланады, түрлі
салалар бойынша баяндамалар жасайды, барлық оқушылар үшін қорытынды конференциялар өткізеді, танымдық ойындар, викториналық сұрақтар, тақырыптық кештер, т.б. ұйымдастырады. Үйірме жұмысының бағыты бойынша мәлімет беретін қабырға газеттері мен плакаттар шығарады, экскурсиялар ұйымдастырады, ғалымдармен кездесулер ұйымдастырады, олимпиада қорытындыларын жариялайды.
Үйірме сабақтарында информатикалық ойындар, сайыстар, көңілді-тапқырлар жарысы, информатикалық викториналар, т.б. өткізуге болады.
Информатикалық ойындар. «Ойын» сөзін өз мағынасында қолдансақ кейбір адамдарға ол ермек сияқты көрінеді. Шын мәнінде дүниетанымдық, білімділік мәні бар, білім жарысындағы ойындар шығармашылық әрекетті талап етеді.
Оқушыларға білім мен тәрбие берудегі ойынның ролі мен маңызын педагогтар жоғары бағалайды. Балалар үшін ойын-өмір, еңбек және өзара бір-бірімен араласу құралы. Ойын әрбір пәннің тәрбие жұмысындағы ерекше білім бөлігі болуға тиіс, сонымен қатар онда көпшілік қатысатын ойындарға ерекше көңіл бөлінуі керек.
Оқушылардың бос уақытын мазмұнды етіп пайдалануға танымдық ойындарды таңдап алудың мәні өте зор. Танымдық ойындар сабақта және сабақтан тыс көпшілік оқушылар қатысатын жұмыстардың бір түрі. Танымдық ойындарды оқушылар қызығатындай етіп насихаттау керек. Сонда ғана мұндай ойындар оқушылардың белсенді іс-әрекетіне айналып, дүниені танып білу құралы бола алады. Танымдық ойындардың маңызы кейде басқарушыға тікелей байланысты.
Информатикалық жарыстарбірнеше (параллель, қатар) сыныптардан немесе бір сыныптағы бірнеше топтан құралған 2-3 командалар арасындағы жарыс. Бұл жарысқа дайындық жұмысы 2-3 апта бұрын басталуы керек. Командалар құрылып, олардың жетекшісі тағайындалады, белгісі (эмблемасы) жасалады, әртүрлі бағыттағы үй тапсырмалары беріледі. Олардың орындалуы тексеріледі.
Информатикалық жарыстардың үлгі бағдарламасы:
1. Командалардың сәлемдесуі.
2. Алдын-ала шағын сұрақ-жауап, т.б. жарыс.
3. Үй тапсырмасы.
4. Жетекшілер жарысы.
5. Суретшілер жарысы.
6. Информатикалық мазмұнды (сюжетті) өлең құрастыру.
7. Тапсырмалар алмасу.
8. Қорытындылау.
Информатикалық сайыстар.Информатикада сабақ уақытынан тыс оқушылармен жүргізілетін көпшілік жұмыстардың бір түрі - сайыстар. Сайыстар өткізудегі негізгі мақсат - оқушылардың бағдарлама көлемінде алған білімін тереңдету, іскерліктерін, дағдыларын қалыптастыру, информатика ғылымына деген қызығушылықтарын арттыру және оқушылардың сабақтан бос уақыттарын тиімді өткізулерін қамтамасыз ету.
Сайыстың тақырыбын таңдап алу оқу-тәрбие бағдарламасының жалпы және нақты мақсаттарына сүйенеді.
Сайысты дайындаудан бұрын оны қалай өткізу жөнінде жоспар жасалады, сайыстың тақырыбы белгіленеді, сайысты жүргізетін дауыс ырғақтары жақсы, сөзі анық жүргізушілер (оқушылар) таңдап алынады.
Сайыс басталар алдында бірқатар ұйымдастыру жұмыстары жүргізіледі. Сайыс өткізілстін бөлме алдын-ала жабдықталып, безендіріледі. Тақтаға көрнекі түрде информатикаға қатысты плакаттар, мақал-мәтелдер, қанатты сөздер, тәрбиелік мәні бар ұлағатты сөздерді пайдалануға болады.
Экскурсия
Экскурсия - информатика саласы бойынша оқушылардың танымын кеңейтіп, игерген білімді практикада қолдану мүмкіндіктерін бақылауға, көрсетуге мүмкіндік беретін, кәсіби-бағдар беруді мақсат ететін оқытуды ұйымдастыру түрлерінің бірі. Информатика пәніне қатысты негізгі мақсаты - өндірісте, білім беруде, басқару саласында, т.б. информатиканың қолданыстарын көрсету; компьютерге байланысты кәсіби-бағдар жұмыстарын жүргізу; информатиканың қолданылу саласы туралы оқушылардың түсінігін кеңейту.
Экскурсияны информатика курсының басында немесе соңында жүргізуге болады. Бұл кезде сәйкесінше информатикаға қызығушылықты арттыру немесе информатикадан алған білімді қортындылап жүйелеу мақсат етіледі.
Экскурсияны үлкен өндіріс орындарында өткізу міндетті емес. Бірақ оны өткізу тыңғылықты дайындықты талап етеді. Мұғалім оның мақсаты мен міндеттерін айқындап, алдын-ала өткізілетін мекемелермен келісім жасасып, бару уақытын жоспарлап алу қажет. Оқушылар еңбек тәртібі мен техника қауіпсіздігі ережелерін білуі тиіс.
Экскурсия кезіндс компъютерді қолданатын өндіріс қызметкерлерінің практикалық әрекеттері нақты көрсетіліп, түсінікті жүргізіледі. Сондықтан оқушыларға алдын-ала бақылауға тиісті тапсырмалар беріледі. Осы тапсырмалар бойынша олар материалдар жинақтайды (хабарлама, коллекция, реферат, альбом, суреттер, т.б.).
Экскурсия нәтижесі бойынша оқушыларға сұрақтар беруге болады. Осы сұрақтар арқылы ұжымдық талқылау жүргізіліп, экскурсия нәтижесіне қорытынды жасалады. Бұл кезде қорытынды баяндамалар жасалады, көрме ұйымдастырылады, кездесулер өткізіледі.
-
Мектепте информатиканы оқытуда берілетін білім мазмұны
Мектепте информатиканы оқытуда берілетін білім мазмұны
Мектепте информатиканы оқытуда берілетін білім мазмұнына талдау жасамас бұрын алғашқы информатика оқулығының мазмұнына тоқталайық.
Мектептегі алғашқы информатика оқулығының авторлары А.П.Ершов пен В.М.Монахов болып табылады. Оқулық «Информатика және есептегіш техника негіздері» деген атпен және мұғалімге арналған әдістемелік құралымен бірге 1985 жылы жарық көрді.
Авторлардың тұжырымдамасы бойынша «Информатика - ЭЕМ-ның көмегімен информацияны өңдеу мен таратудың қарапайым әдістерін қарастыратын ғылым» ретінде түсіндіріледі.
Оқыту мақсаты алгоритмдік мәдениет пен компьютерлік сауаттылықты қалыптастыру болып табылады. Алгоритмдік мәдениет дегеніміз - алгоритмді құру, түсіну және атқару іскерлігі арқылы бейнеленетін ойлау мәдениеті.
Алгоритмдік мәдениет ойлаудың анықталған қасиеті ретінде компьютерлік сауаттылықтың бөлігі болып табылады. Алгоритмдік ойлау компьютерді меңгеруден бұрын математиканы оқу барысында қалыптаса бастады.
Компьютерлік сауаттылықты А.П.Ершовтың «программалау - екінші сауаттылық» деген метафорасы негізінде анықтауға болады.
Алгоритмдік мәдениетті қалыптастыру үшін машинаға тәуелсіз оқу тілі (МАТ) қажет.
Оқулыққа талдау. Оқулықта алдымен алгоритмге анықтама және атқарушы ұғымына түсініктеме беріледі, бірақ ары қарай «атқарушы» сөзі кездеспейді деуге болады. Атқарушының дидактикалық мүмкіндіктері кейіннен түсіндіріледі. Ақпарат ұғымы да тақыланбайды. Алгоритмдеуге арналған алғашқы есеп мысалдары математика курсынан алынған. Блок-схемалар құрама командаларды түсіндіру тәсілі ретінде пайдаланылады.
Мектепте информатиканы оқытуда берілетін білім мазмұнының құрылымы төмендегідей:
1) Ақпараттық үрдістер, ақпараттың ұсынылуы:
▪ адам өмірінде, тірі табиғатта, техникада ақпаратты пайдалану, тарату, түрлендіру және сақтау;
▪ ақпараттың сандық өлшемі, ақпараттың өлшем бірліктері;
▪ тіл ақпаратты ұсыну тәсілі ретінде, ақпараттың екілік түрде ұсынылуы және оның ерекшеліктері мен артықшылықтары;
▪ компьютердегі командалардың және мәліметтердің берілу принциптері.
2) Алгоритмдеу және бағдарламалау:
▪ алгоритмдер, алгоритмдердің қасиеттері, алгоритмдерді атқару арқылы адам қызметін автоматтандырудың мүмкіндіктері;
▪ шама: атауы және мәні, шамалардың типі, мәліметтердің негізгі құрылымы;
▪ алгоритмдердің негізгі құрылымы және оны алгоритм құру үшін пайдалану, алгоритмдер кітапханасы;
▪ мектептік алгоритмдік тіл (немесе бағдарламалау тілі).
▪ компьютерде есеп шығару кезеңдері: есептің қойылымы, модель құру, алгоритм жазу және атқару, нәтижелерді талдау;
3) Компьютер және оны бағдарламалық қамтамасыз ету:
▪ компьютержұмысын басқаруды ұйымдастыру, компьютердің негізгі құрылымының жалпы жұмыс істеу принципі;
▪ компьютерде бағдарламаның автоматты түрде атқарылу принципі;
▪ компьютерді бағдарламалық қамтамасыз етудің түрлері (базалық бағдарламалық қамтамасыз ету, трансляторлар, бағдарламалау тілдері, саймандары, қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету).
4) Формальдау және модельдеу негіздері:
▪ формальдаудың негізгі принциптері;
▪ компьютерлік модель құру және оны пайдалану.
5) Ақпараттық технологиялар:
▪ мәтіндік, графикалық редакторларды пайдалану, мәліметтер қоры, электрондық кестелер;
▪ телекомуникациялар, әртүрлі типтегі телекомуникациялық желілер (жергілікті, аймақтық, аумақты), оның қызметтері және мүмкіндіктері, электрондық телекоммуникациялар;
▪ мультимедиа технологиялары.
6) Әлеуметтік информатика:
▪ ақпараттық ресурстар қоғамның әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуының негізі ретінде;
▪ ақпараттық технологияның қоғамдағы рөлі;
▪ әлеуметтік ақпараттық технологияның ерекшеліктері мен түрлері;
▪ ақпарараттық қаупсіздіктің өзекті мәселелері.
Бұл жалпы білім беретін орта мектепте информатика курсы бойынша берілетін білім мазмұны. Әрбір мәселені оқыту тереңдігі мен деңгейі, оқушылардың білімі, іскерлігі мен дағдысына қойылатын талаптарды анықтау осы пән бойынша мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес жасалады. Ал, материалдың жүйелі баяндалуы,логикасы мектепте информатиканы оқытудың әдістемесін жасайтын оқулық авторлары, мұғалім, әдіскер, ғылымдардың жұмысы болып есептеледі.
-
Мектептің жоғары басқышында информатиканы саралап оқыту.
Оқушылар үшін үнемі проблемалық ахуал туғызу кейде оң нәтиже бермейді. Оны оқушының білім деңгейіне байланысты түсіндіруге болады. Мысалы, қойылған проблеманы шешу үлгерімі төмен оқушыға қиынға түссе, үлгерімі жоғары оқушыға жеңіл болуы мүмкін. Сондықтан оқушылардың әрекетін бірқалыпты ұстау үшін олардың білім деңгейін ескеріп, яғни даралап, қойылатын мәселені әртүрлі тәсілдермен түрлендіріп беруге болады.
Мысалы: 1) тұрақтыларды айнымалылармен ауыстыру үлгерімі төмен оқушылар үшін қиындық туғызуы мүмкін. Бұл кезде үлгерімі төмен оқушыларға керісінше, айнымалыларды тұрақтылармен ауыстыруға тапсырмалар берген дұрыс. Бұл сырт көзге аз ғана өзгерту секілді көрінгенімен шын мәнінде программаға үлкен әсерін тигізеді;