Файл: ІІ. Негізгі блім 1тарау. Бастауыш сыныпта сан есімді оыту дістемесі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.11.2023

Просмотров: 240

Скачиваний: 6

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Сан есімдердің лексика-семантикалық мағыналарын, морфологиялық қөрсеткіштерін және сөйлемдегі қызметін оқушыларға меңгерту де сын есімнің жүйесі мен оқытылады. Сонымен қатар, өз алдына жеке кітап болып шыққан әдістемелік құралдарда сан есім сөздердің оқытылуына сабақ үлгілері толық берілген. Қоршаған заттардың, заттық атаулардың сандық ұғымын, сан мөлшерін таныту процесінде балалардың ойлау қабілеті жетілдіріледі. Оқушылар заттар арасындағы сан - мөлшерлік қатынастарды айырып, зат пен сан атаулыларының байланыстылығын түсінеді. Балалар сан есімді оқу арқылы өздері күнделікті өмірде көріп, ұстап, пайдаланып жүрген заттардың, есебін, сол сандар арасындағы мағыналық қатынастарды табады. Зат саны, заттың сандық мәні сұрақ қою арқылы анықталатынын ұғынады. Сан есімдерге «Қанша? Неше? Нешінші?» деген сұрақтардың қойылатынын біліп, оларға сұрақ қою тәсілін үйренеді. Сан есімдердің жазу емлесін де практикалық жолмен меңгертеді.

Бағдарлама бойынша сан есім тақырыбы бастауыш сыныптардың бәрінде де оқытылады. Бірінші сыныпта заттың санын білдіретін сөздер деп аталып, ал, II-IҮ сыныптарда грамматикалық термині бойынша «Сан есім» сөз табы ретінде қарастырылады. [7, 56-60 бет]

1 сыныпта сан есімді оқыту əдістемесі.

1 сыныпта сан есімді оқытудың мақсаты сан есімді оқытуға даярлық, себебі бұл сыныпта сан есім деген ұғым түсіндірілмейді.

Балалардың жас ерекшелігін ескеріп, сан есім ұғымы заттың санын білдіретін сөздер деген ұғыммен беріледі.

1 сынып оқулығында жоғарыда көрсетілгендей ереже және осы тақырыпқа сай жаттығулар берілген.

Мысалы:

2 - жаттығу. Мәтінді көшіріп жаз. Заттың санын білдіретін сөздерді тап. Оларға сұрақ қой. Бақтияр Артаев он бір жасынан бастап бокспен шұғылданады. Ол - олимпиада жеңімпазы. (Оқушыларға бұл жаттығуды ауызша немесе жазбаша орындатуға болады. Бұл мəтінде бір ғана сан есім кездеседі. Қанша? деген сұрақ қойылады. Қосымша əдебиеттер арқылы Бақтияр Артаев жайлы басқа да мəлеметтер беріп, түрлі көрнекілік суреттер əкеліп көрсетуге болады.)

4 - жаттығу. Сан арқылы жасырынған сөздерді тап. Сонда жер-су аттарын оқи аласың. 7су, 2бастұз, 5аға (Бұл жаттығу оқушылардың ойлау қабілеттің дамытуға арналған. Бұл жерде сан жəне сөздер берілген, біріктіріп жер-су аттарын табу керек. Әуелі оқушылармен ауызша талдап, осы сөздерден шыққан жер-су аттары туралы қысқаша түсіндіріп, содан кейін дəптерлеріне жазғызуға болады. (Бұл жаттығу оқушыларды зеректілікке, байқағыштыққа баулиды. Бұл жаттығуды ауызша орындатуға болады. Кім бірінші табады? деп оқушыларды жылдамдыққа тəрбиелейміз.)


2 сыныпта сан есімді оқыту əдістемесі.

Оқу бағдарламасы бойынша «Сөз таптары» тарауына 2 сыныпта 35 сағат бөлінген. Бағдарламада сан есім және оның анықтамасы, сұрақтары. Сан есімнің зат есіммен байланысы айтылуы тиіс деп көрсетілген. Ал , Сан есім тақырыбы оқулық бойынша 7 сағат бөлінген. Барлығы 39 жаттығу берілген. Олардың 3 - ақпараттық ізденісті қажет ететін тапсырма, 11 - терең ойлау тапсырмалары және 14 - шығармашылық тапсырмалар берілген. Осы бағдарламаға және оқулыққа сүйеніп 2 сыныпта сан есімді оқыту мақсаты айқындалады 2 сыныпта сан есімді оқыту мақсаты - сан есім ұғымымен таныстыру, түсіндіру. Сан есім ұғымы осы сыныптан бастап түсіндіріледі. Ереже: Сан есім- заттың санын, ретін білдіретін сөздерді сан есім дейміз.

Сан есімдерге Қанша? Неше? Нешінші? деген сұрақтар қойылады: бес, жеті, жүз т.б.

Жаттығу жұмыста 448-жаттығу. Жұмбақты оқып, жатқа жаз. Шешуін тап. Сан есімдердің астын сыз. Олардың қай сөзбен байланысып тұрғанын айт. Тоғыз белбеу, қос жібек, Екі мұрын, бір шүмек (Бұл жаттығуды алдымен оқушыларға түсіндіріп,ауызша талдату керек. Бұл тапсырма өткен зат есіммен байланысты. Себебі тапсырмада қай сөзбен байланысып тұрғанын тап деген. Үш сан есімде зат есіммен байланысып тұр. Осы тақырыпқа байланысты сабақ жаспары 1 - қосымшада.)

3 сыныпта сан есімді оқыту əдістемесі.

Оқу бағдарламасы бойынша Сөз таптары тарауына 3 сыныпта 34 сағат бөлінген. Сан есім туралы берілген білімді еске түсіру. Есептік және реттік сан есімдер оқытылуы тиіс деп көрсетілген. Ал , Сан есім тақырыбы оқулық бойынша 4 сағатқа бөлінген. Барлығы 28 жаттығу берілген. Олардың 5 - ақпараттық ізденісті қажет ететін тапсырма, 15 - терең ойлау тапсырмалары және 2 - шығармашылық тапсырмалар берілген. Осы бағдарламаға және оқулыққа сүйеніп сыныпта сан есімді оқыту мақсаты айқындалады.

3 сыныпта сан есімді оқытудың мақсаты - оқушыларға сан есімнің есептік және реттік түрлерін түсіндіру. 3 сынып оқулығында жоғарыда көрсетілгендей ереже берілген және тақырыпқа сай жаттығулар да берілген. Мысалы:

18-жаттығу. Көп нүктенің орнына есептік сан есімді реттік сан есімге айналдырып жаз. Бір қатар - ... қатар Үш орын - ... орын Тоғыз мектеп - ... мектеп Алты сынып - ... сынып · Реттік сан есімдердің құрамындағы жұрнақтарды тиісті белгімен белгіле. · Әр қатардағы сан есімдерге сұрақ қой. Олардың мағыналық өзгешелігін айтып түсіндір. (Бұл жаттығуды ауызша да,жазбаша да орындатуға болады. Оқушылар берілген есептік сан есімдерді реттік сан есімге айналдыруы керек. Яғни, берілген есептік сан есімге -ыншы, - інші, - ншы, -нші жұрнақтарын жалғап реттік сан есім жасауы керек екендігін түсіндіруі тиіс. Осы жаттығу арқылы сөйлемдегі есептік сан есімнен реттік сан есімнің айырмашылығын көре алады. Осы тақырыпқа байланысты сабақ жоспары 2 - қосымшада.)



4 сыныпта сан есімді оқыту əдістемесі.

Оқу бағдарламасы бойынша Сөз таптары тарауына 4 сыныпта 48 сағат бөлінген. Сан есім. Дара және күрделі сан есімдер, емілесі өтілуі жоспарланған. Ал, Сан есім тақырыбы оқулық бойынша 3 сағат бөлінген. Барлығы 39 жаттығу берілген. Олардың 4 - ақпараттық ізденісті қажет ететін тапсырма, 4 - терең ойлау тапсырмалары және 4 - шығармашылық тапсырмалар, 2 - жұппен жұмыс берілген. Осы бағдарламаға және оқулыққа сүйеніп 4 сыныпта сан есімді оқыту мақсаты айқындалады. 4 - сыныпта сан есімді оқытудың мақсаты - оқушыларға сан есімнің дара және күрделі түрлерін түсіндіру. Ереже: Дара сан есімдер бір сөзден тұрады. Күрделі сан есімдер екі немесе оданда көп сөздерден құралады. Күрделі сан есімдердің құрамындағы сөздер бөлек-бөлек жазылады: он тоғыз, екі жүз алпыс төртінші. 4 сынып оқулығында жоғарыда көрсетілгендей ереже берілген және тақырыпқа сай жаттығулар да берілген. [13, 18-20 бет]
2-ТАРАУ. БАСТАУЫШ СЫНЫПТА САН ЕСІМДІ БАСҚА СӨЗ ТАПТАРЫМЕН ОҚЫТУ ЖОЛДАРЫ

2.1. Бастауыш сыныпта сан есімді меңгертуде жаңа технологияларды қолдану

Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімдер – заттың немесе заттық ұғымдар мен құбылыстардың санын,мөлшерін, бөлшегін, ретін білдіретін сөз табы.

Қазақ тіліндегі барлық сан есімдер жиырма шақты сөздер арқылы жасалады. Оларды бірлік, ондық, жүздік, мыңдық деп алуға болады.

Бірлік: бір, екі, үш,төрт,бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз.

Ондық: он, жиырма, отыз, қырық, елу, алпыс, жетпіс, сексен, тоқсан.

Жүздік: бір жүз, екі жүз, үш жүз, төрт жүз, бес жүз, алты жүз, жеті жүз, сегіз жүз, тоғыз жүз.

Мыңдық: бір мың, екі мың, үш мың, төрт мың, бес мың, алты мың, жеті мың,сегіз мың, тоғыз мың.

Миллион, миллиард сан есімдері түркі тілдеріне, соның ішінде қазақ тіліне де орыс тілі арқылы еңген.

Морфологиялық құрамы жағынан сан есім дара, күрделі болып екіге бөлінеді.

Бір түбірден құралған негізгі және туынды сан есімдер дара сан есімдер деп аталады. Екінші тілек тілеңіз... (Бұқар жырау)

Дара сан есімдер іштей негізгі және туынды болып бөлінеді. Дара сан есімдерге морфемалық бөлшектерге бөлінбейтін сөздер жатады. Есеттің екі жағында отырған екі жігіт оның үстіне қонжия түсіп, екі қолынан тастай ұстап, дедектетіп отырып... (Жүнісов)

Туынды дара сан есімдер әр түрлі грамматикалық жұрнақтардың жалғануы арқылы жасалады. 
Салқын судың ағынына бірер сүңгіп алып ем (М үсірепов)

Күрделі сан есімдер дара сан есімдердің тіркесуі не қосарлануы арқылы жаслады. Он төртінде дөп-дөңгелек болып мінсіз туған ай иыққа көтерілгенше жүрді. (Жүсінев)

Сан есімнің бір ерекшелігі – басқа сөз таптарынан жасалмауы. Барлық сан есімдер есептік сан есімдердің өзара тіркесу, қосарлану, әр түрлә жұрнақтардың жалғануы арқылы қалыптасқан. [8, 89-92бет]

Қазіргі қазақ тілінде семантикалық жағынан сан есімге жақын біраз сөздер тобы бар. Олар:

-салмақ өлшемдерін білдіретін сөздер: қадақ, пұт, келі

-көлем мөлшерін білдіретін сөздер:бір шымшым, бір уыс, бір тілім, бір құшақ т.б.

-қалындық мөлшерін білдіретін сөздер: шынашақ, бармақ, екі елі т.б.

-қашықтық мөлшерін білдіретін сөздер: адым, таяқ тастам, шақырым, қозы көш жер т.б.

-ұзындық өлшемін білдіретін сөздер: тұтам, сынық сүйем, кере қарыс, аршын, құлаш т.б.

-сан есімдердің тура мағынасындағы сөздер:

Жарты мағынасын білдіретін сөздер: жарты, жарым.

бір мағынасын білдіретін сөздер: жеке, дара, жалғыз, жалқы.

екі мағынасын білдіретін сөздер: егіз, қос, пар.

төрттен бір мағынасында: ширек.

Уақыт мөлшерін білдіретін сөздер: сүт пісірім уақыт, шай қайнатым, биенің бір сауымындай уақыт.

Бұл сөздер мөлшерлік мағынада қолданылғанымен, лексика-грамматикалық ерекшеліктеріне қарай басқа сөз таптарына жатады.

Сан есім – дербес лексика-семантикалық ерекшеліктері, өзіндік морфологиялық белгілері, синтаксистік атқаратын қызметі бар сөз табы.Сан есімнің басқа сөз таптарынан негізгі айырмашылығы – зат есіммен тіркесіп, сандық жағынан анықтау және зат есімсіз қолданылып, сандық атауды білдіру. Сан есім басқа сөз таптарынан жасалмайды.

Сан есім контексте қолданылуына қарай заттың нақты санын,ретін, мөлшерін, бөлшегін білдіреді, сандық мағынаны тұспалдап, болжап көрсетеді. Осымен байланысты сан есімдерге сөзтүрленім жұрнақтанының жалғануы да біркелкі емес.

Дара сан есімдер де, күрделі сан есімдер де зат есіммен тіркесіп қолданылғанда, зат есімге көптік жалғауы жалғанбайды. Сейітқұл отыз үйлі кедейіне кетпен беріп, жер тегістеп, егін егуге кірісті. (Алтынсарин)

Қазіргі қазақ тілінде алпыс, жетпіс, сексен, тоқсан сан есімдерінің құрылысы ерекше.

Ал-пыс, жет-піс сөздерінде –пыш, -мыш элементі ескі дәуірде оң мәнін берген, ал сексен, тоқсан -сезіз он, тоғыз он сөздерінің бірігуі арқылы жасалған сан есімдер.

Сан есім сөйлемде жеке сөйлем мүшесі болумен бірге кейде күрделі сөз құрамына кіріп, күрделі сөйлем мүшесі қызметін атқарады.


-етістікпен тіркесіп келіп, күрделі баяндауыш болады. Қонаев кекірейіп кербезденбей, көптің бірі болып,жұпыны түрмен отыр. (Майлин)

-рет, жасар, есе, мәртебе,жыл сөздерімен тіркесе келіп, қанша? Деген сұраққа жауап беріп, етістіктің алдында еліп, бастапқы нақты сандық, мағынасы көмескіленіп,күшейткіш мағына үстейді. Бала көзінің астымен бір қарап алды.Қан жылаған халқын көріп, жүрегі бір өртенсе, қаны бір қазақтан қан қақсаған тағы көріп жүрегі екі өртенеді. (Есенберлин)

-бір сөзінің осылармен бірге тұрақты тіркес жасайтындары да аз емес: бір ауыз сөз, бір сырлы,сегіз қырлы, бір сөзді, бір жасау, бір киер киім, бір сабақ жіп, бір табан жақын.

Сан есімдер қолданылу ерекшеліктеріне қарай бір тобы зат есіммен тіркесіп,оны анықтап, есебін,ретін, мөлшерін білдірсе, біразы жинақтылық ұғымды, бөлшелік үлесті, болжалдық, шамалық мағыналарды білдіреді. Осындай мағыналық ерекшеліктеріне қарай қарай сан есім алты топқа бөлінеді.Олар: есептік сан есім, реттік сан есім, жинақтық сан есім, топтау сан есімі, болжалдық сан есім және бөлшектік сан есім.

Есептік сан есім заттың нақтылы санын және абстракты сандық ұғымды білдіріп, қанша? Неше? Деген сұрақтарға жауап береді. Есептік сан есімнің арнайы грамматикалық көрсеткіштері жоқ, олар түбірден тұрады. Абай жаз сайын Жаңылға деп, бір сиыр, 2-3 бие сауын жіберіп отыратын (Әуезов).

Қазақ тілінде есептік сан есімдер деректі санауға болатын зат пен заттық ұғымды білдіретін сөздерді ғана айқындап, солармен сөз тіркесін жасай алады.

Есептік сан есім жеке, зат есімсіз қолданылған жағдайда абстракты сандық ұғымды білдіріп,соның атауы ретінде қолданылады. Елу үш пен жиырма алтыны қоссаңыз неше болады?(Момышұлы)

Есептік сан есімдер құрылысы мен дәрежесіне қарай бірлік, ондық, жүздік, мыңдық сандар болып бөлінеді. Бірлік сандарға бір санынан бастапон-ғадейінгі,ондық сандарға он, жиырма, отыз, қырық, елі, алпыс, жетпіс, сексен, тоқсан сандары жатады. Жүздік, мыңдық сандарға жататын сөздер: жүз екі жүз..., мың, екі мың т.б.

Реттік сан есім заттың саналу ретін, орын, тәртібін білдіріп нешінші? Деген сұраққа жауап береді де, есептік сан есімдерге дауыссыз дыбыстардан соң –ыншы, -інші, дауысты дыбыстан соң –ншы, -нші жұрнақтарының жалғануы арқылы жаслады. Бірінші рет қатты өкпелегенін жасыра лмай барады (Мүсірепов).Әбіш бұдан бөлек екінші қағазды тағы жазды (Әуезов).Ырысты төртінші тәулік дегенде барып... (Жүнісов).Тоғызыншы тілек тілеңіз... (Бұқар жырау) деген сөйлемдердегі бірінші, екінші, төртінші реттік сан есімдері қағаз, тәулік, тілек сөздерінің ретін, орын тәртібін білдіріп тұр.