Файл: Мазмны 1 Блім кмелетке томаандар арасында ы бзушылыты алдын алу бойынша жмысты йымдастыру.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.11.2023

Просмотров: 282

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


4.4. Құқықтық жаппай оқыту материалдары 5 жыл сақталады.

4.5. Оқушылар үшін жүргізілген құқықтық оқыту сабақтарының тақырыбы және өткізілген күндері арнайы бірыңғай «Жаппай құқықтық оқыту сабақтары» журналында жазылады.

4.6. Құқықтық жаппай оқыту сабақтарын педагогтармен өткізу үшін қатысушылардың қатысуын есепке алу журналын бастау қажет. Бұл үшін тыңдаушылар тізімі жасалынады, осы жерде дәрістің тақырыбы, өткізілген мерзімі, дәріс оқушының аты-жөні көрсетіледі.

4.7. Құқықтық жаппай оқытуды ата-аналар үшін өткізу жұмысы ата-аналар жиналыстары хаттамаларында көрсетіледі.

Педагогикалық кеңесте немесе директордың қатысуымен болған жиналыста қаралады.

Хаттама №____ «__» ____ 201_ ж.

Мектеп директорымен бекітіледі

Полициямен бірлескен Отрядтың қызметі туралы Ереже

«Республикалық «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» қоғамдық бірлестік жұмысын жандандыру және жастар бастамасын қолдау мақсатында

I. Жалпы ережелері

Полициямен бірлесу отряды – білім беру ұйымдарындағы орта буын мен бастауыш сынып, мектепке дейінгі балалар арасында құқықтық насихаттауға балалар мен жасөспірімдерді кеңінен тарту, әлеуметтік жауапкершілікке тәрбиелеу, нормативті актілерді, заңдарды білу және меңгергенін қолдану мақсатында құрылған оқушылардың ерікті ұйымы.

ПБО құрудағы негізгі мақсаттары:

- жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен бос жүрудің алдын-алу шаралары бойынша мектептің жұмысын белсендіру;

- сабақтан тыс уақытта балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын белсенді ұйымдастыру;

- салауатты өмір салтын сақтауға және заңды орындау тәртібін насихаттауға оқушыларды кеңінен тарту;

- ішкі істер органы қызметіне баулу арқылы оқушыларға кәсіби бағдар беру;

- мектеп оқушыларына азаматтық және құқықтық тәрбие беруге жағдай жасау;

- әртүрлі жастағы ұжымдарға оқушыларды тарту және бірлесе жұмыс жасай білуге үйрету.
ПБО негізгі міндеттері:


- жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен бос жүрудің алдын алу, ескерту шаралары бойынша мектеп ұжымының жұмысына көмек беру;

- әрекеттегі заңдар мен нормативті актілерді насихаттау бойынша мектептерде, балабақшаларда, мектептен тыс мекемелерде, басқа да қоғамдық бірлестіктермен ынтымақтаса жұмыс жасау;

- ПБО отрядтарының жарыстарына, слеттері мен фестивалдеріне қатысу;

- ІІБ, мектепішілік есепте тұрған жасөспірімдерді түрлі спорттық шараларға, конкурстарға, басқа да мәдени шараларға қатысуға тарту.
II. ПБО отряд жұмысының негізгі бағыттары:

2.1. Ақпараттық қызметі. Отрядтың қызметі отряд жұмысының қызметі туралы материалдарды дайындайды, «ПБО іс-әрекетте» тақырыбында стенд құрып, аймақта, қалада, ауданда, мектепте тәртіп сақтау жағдайы туралы ақпараттарды (т.б. ақпараттар) «Полициямен біріккен отряд» атты мектепшілік газетке жариялап отырады. Құжатнамаларды жүргізу – ПБО отрядының төлқұжаты. Ақпараттық бұрыштарды құқықтық білімнің негіздері бойынша рәсімдейді. 2.2. Насихаттау қызметі. Жасөспірімдердің арасында құқық бұзушылық пен бос жүрудің алдын-алу шаралары бойынша, салауатты өмір салтын сақтау бойынша , балалардың қауіпсіздігі туралы суреттер көрсете отырып, брейн-ринг пен түрлі викториналар, әңгімелесулер өткізеді. Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін орындауды насихаттау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Мектепте, балабақшада қауіпсіздік тәртібі мен заңдарды үйрету үшін түрлі көрнекі үгіт жасау және қатысу үшін үгіт бригадаларының баяндамаларын, қойылымдар қоюды, мерекелік шаралар мен тақырыптық шаралар, КТК, жарыстар, саяхаттар, ойындарды ұйымдастырады және өткізеді.

2.3. Шефтік көмек көрсету қызметі. Өзін-өзі қорғау әдістерін меңгеруде, ішкі істер органы қызметкерінің бейнесін жағымды жағынан қалыптастыруда, әрекеттегі заңдылықпен бекітілген нормаларға сәйкес, оқушыларды сыйластыққа тәрбиелеу, кіші мектеп оқушылары арасында түрлі тақырыптық суреттер байқауын ұйымдастыруға көмек беруден тұрады.

2.4. Патрульдік қызмет.

Патрулдік қызмет түрлері:

- балалар мен жасөспірімдер арасында әрекеттегі заңдылықтар бойынша құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында, көшенің шулы бөліктерінде рейд пен патрульдік жүргізу;

- мектеп аймағында кезекшілік ету;

- мұғалімдер мен ата-аналарды жасөсіпірімдер арасындағы құқық бұзушылық бойынша хабардар етіп отыру;



- мектеп жанында, ойын және спорт алаңдарында ойындар ұйымдастыру.
III. ПБО отряды қызметін

Құқықтық ұйымдастыру негіздері

3.1. Мектептегі ПБО отряды мектеп директорының бұйрығы негізінде құрылады, бұйрықта отряд жұмысын ұйымдастырушы тұлға нақтыланып, отряд жұмысының ұйымдастырылуы мен қызметтің негізгі бағыттары жүктелінеді. Отряд жұмысын бақылауды директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары жүзеге асырады.

3.2. Оқу жылының басында ұйымдастырушы (отряд жетекшісі) отрядтың жылдық жоспарын құрады, онда ата-аналармен жұмыс, мектепішілік және мектептен тыс шаралар, үйірмелер жұмысының жүйесін қарастыратын болады, жоспарды сынып жетекшілерінің бірлестігінде келіседі, оны директор бекітеді. Жұмыстың ұйымдастырушысы ПБО отрядымен бірге жоспардан тыс немесе жоспар бойынша өткізу туралы құжатнамаларды жүргізуді жүзеге асырады.

3.3. ПБО отрядының мүшелері болып білім беру ұйымының 12-16 жастағы ПБО отрядында жұмыс жасаймын деп ниет білдірген, балалар мен жасөспірімдер арасында әрекеттегі заңдылықтар бойынша құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында, мектептің оқушыларын азаматтық және құқықтық тәрбие беруге жағдай жасау бойынша жүргізілетін жұмыстарға қатысатын балалар бола алады.

3.4. Отряд құрамы 13 адам болған жағдайда құрылады және бөлімшелерге бөліне алады. ПБО отрядына қабылдау отряд жиынында жасаған ауызша өтініші ретінде қабылданады. Отрядтың командирі отрядтың жалпы отырысында сайланады. 3.5. ПБО отрядының жоғары органы болып оның мүшелерінің жиналған отырысы болып табылады. Отряд мүшелерінің ортақ дауыс беруімен жауапты мәселелер шешіледі. Оқу жылының соңында отряд командирі мен отряд мүшелерінің жыл бойы жасаған жұмысының есебі тыңдалады.

3.6. ПБО отрядының өзіндік нышаны (таңба, төсбелгі, жалауша), формалық киімі болады.

4 БӨЛІМ

………… білім беру ұйымдарында

кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың

алдын алу Кеңесі жұмысын тексеру бойынша

ЖАДЫНАМА

1. Құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесі туралы ереже.

2. Мектепішілік есепке қою туралы ереже.
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық, қылмыс пен бос жүрудің алдын-алу шаралары бойынша құқықтық және нормативтік құжаттардың болуы (Заңдар, Қаулылар, оқушылар, ата-аналар мен тәрбиешілер арасында құқықтық Жалпы оқытуды ұйымдастыру бойынша, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық, қылмыс пен бос жүрудің алдын алу шараларын ұйымдастыру бойынша бұйрықтар).


3. Құқық бұзушылық, қылмыс жасаған оқушылар бойынша мониторинг жасау, оның ішінде темекі шегу, нашақорлық, токсикомания, алкогольді ішімдік ішу фактілері орын алған жағдайлар бойынша да мониторингтер жүргізу.

4. Құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесінің жоспарлары мен хаттамалары (соңғы 3 жыл бойынша). Есепте тұрған жекелеген оқушылардың істерін қарастыру.

5. Мектепішілік есепке алудың мерзімін қарастыру: алдын-алу бойынша кеңестің отырыстарында есепке алу, есептен шығару, есепке алу мерзімін ұзарту, оқушылар және ата-аналармен жүргізілген жұмыстың қорытындысына талдау жасау.

6. Құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесінің алдын алу мәселелеріне қатысты сұрақтарды қарастыруы: оқуды ұйымдастыру, оқушылардың бос уақыты, кәмелетке толмағандардың осы бейәлеуметтік жүріс-тұрыстарының алдын алу бойына жұмысын жақсарту, әлеуметтік қауіп тобындағы оқушылармен жұмыс, МІЕ, ІІО есепте тұрған оқушылармен жұмыс, ата-аналармен жұмыс, нақты шешімдер қабылдап, нұсқаулар беру.

7. Оқушылардың салауатты өмір салтын ұстауға және заңға бағынушылықты қалыптастыру, құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған іс-шаралар өткізу. Осы шаралардың сараптама анықтамалары. Ата-аналар, мұғалімдер және оқушылар арасында жалпы құқықтық оқытуды өткізу.

8. Құқық қорғау органдарымен өзара бірлесіп жұмыс жасау: жекелеген әңгімелесулер өткізу, ата-аналар жиналыстары мен сынып сағаттарында баяндамалар жасау, алдын-алу шаралары бойынша Кеңестің отырыстарына қатысу, рейдтер жүргізу және т.б.

9. «Жасөспірім», «Түнгі қаладағы балалар» және т.б. рейдтерді тіркеу және жүргізу. 10. Құқық бұзушылық, қылмыс жасаған оқушылар, темекі шегу, нашақорлық, токсикомания, алкогольді ішімдік ішу бойынша және балалар мен жасөспірімдер арасында бейәлеуметтік іс-әрекеттер бойынша құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жекелеген, сыныптық және мектепішілік іс-шараларды өткізу, оны есепке алу, балалар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен қараусыздық, бақылаусыздық бойынша жұмыс істейтін қызмет жүйесі өкілдерінің қатысуымен шаралар өткізу: денсаулық сақтау ұйымдары, дағдарыстық орталықтар, үкіметтік емес ұйымдар (НПО) және т.б.

11. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық , құқықтық Жалпы оқытуды ұйымдастыру бойынша сұрақтарды оқу жылы бойында сынып жетекшілерінің бірлестігінде, директор жанындағы отырыстарда, педагогикалық кеңестерде қарастыру.


…………….. ІІД Әкімшілік полициясы

…………..ның ювеналды полиция бөлімінің оқушылар үшін ұсыныс материалдары
МҰНЫ БІЛГЕНІҢ ЖӨН!

Бұл жадынама сен үшін заңға қайшы келетін әрекеттермен бірге басқа да қоғамға қарсы тәртіпті бұзған жағдайдағы жауапкершілікті білуің үшін дайындалды.

Бәрі де кішкентай нәрседен басталады:

- сабақтан қалам деп шештің,

- ересек адамға дөрекі сөйледің (оның ішінде мұғалімге),

- құрбыңды, досыңды балағаттадың не ұрып жібердің,

- үйден қашып кеттің,

- рұқсатсыз бөтен адамның затын алдың (оның ішінде қараусыз жатқан затты), уақытша сұрап алып, қайтармадың,

- қызыққаннан ішімдік пен темекінің дәмін таттың,

- жай қалжың үшін мектепке жарылыс заты қойылды деп қоңырау шалдың.

Осы әрекетті жасағаның үшін, Сені полицияға есепке алады, ата-анаңа айыппұл салады. Бұл жазалаудың тек бір ғана түрі.
Айтпақшы, есіңде болсын, полицияға тіркелгенің туралы ақпарат өмір бойы сақталады. Осы кезден-ақ жақсы жұмысқа тұру, әскери қызметке бару, жоғары оқу орнына түсу тәрізді мәселелер туындаған кезде сол жіберген қателеріңіз алдыңыздан шыға бастайды.

Одан басқа, біз саған Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде қарастырылғанындай қандай қылмыстар үшін және қай жастан бастап жаза қолданылатындығы туралы ақпарат береміз (ҚР ҚК).

Сенде: «Неге кодекс «қылмыстық» деп аталады?» деген сұрақ туындауы мүмкін (мемлекетпен бекітілетін және қорғалатын, тәртіп нормаларының жиынтығы). Жасаған қылмыстары үшін адам өз басымен жауап беруге міндетті. Бұрынғы жылдары адамзат бір ғана жаза білетін: ол - өлім. Осыдан келіп «қылмыстық құқық» сөзі пайда болған.

Жалпы, қылмыстық жауапкершілік он алты жастан басталады, дегенмен, кейбір қылмыстарға он төрт жасар жасөпірімдер де тартылады. Егер, кәмелеттік жасқа толмаған бала 14 –ке келсе, егер ол төмендегідей қылмыс жасаған болса: - ұрлық (біреудің мүлкін көрсетпей ұрлау);

- тонау (біреудің мүлкін көрсетіп ұрлау);

- ұрып-соғу (біреудің мүлкін ұрлау мақсатында тонау, оған қоса ұрып-соғу );

- күштеп алу,бопсалау(біреудің мүлкін зорлық көрсетіп тартып алуды талап еткенде, сонымен қатар адамды не оның жақындарын қорлайтындай мәлімет таратқанда);

- бұзақылық (азаматтарға күш қолданумен бірге қоғамдық тәртіпті дөрекі түрде бұзғанда немесе біреудің мүлкін бұзғанда);