Файл: Мазмны 1 Блім кмелетке томаандар арасында ы бзушылыты алдын алу бойынша жмысты йымдастыру.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.11.2023
Просмотров: 276
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
жоспарланған шараларды орындау мерзімін белгілейді әрі жауапты тұлғалар тағайындалады.
3.5. Сынып жетекшісі құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесі отырысына жасөспірімді мектепішілік есепке қою туралы ескерту үшін ата-анасын отырысқа шақырады, сонымен бірге егер кейбір себептермен отырысқа келе алмаған ата-аналар болса, Кеңес отырысының шешімдері туралы жасөспірімнің ата-анасын ақпараттандырады, яғни, ресми қағазбен отырыс хаттамасының нөмірі, өткізілген күні, мектепішілік есепке тіркеу себептері немесе мектепішілік есептен шығару туралы жазылған ескертпе-хабарлама жібереді.
3.6. Әлеуметтік педагог мектепішілік есепте, ІІБ есепте тұрған оқушылар туралы мәліметтер базасын жасайды және жүргізеді.
3.7. Әлеуметтік педагог ай сайын мектепішілік есепте, ІІБ есепте тұрған оқушылар тізіміне салыстыру жүргізеді, толықтырады немесе азайтады.
3.8.Кәмелетке толмағанды мектепішілік есептен шығару үшін құқық бұзушылық Кеңесімен тағайындалған жауапты тұлға жасөспіріммен және оның ата-анасымен жүргізілген шаралар туралы, міндетті түрде оның нәтижесі туралы, басқа да ұсыныстарымен ақпарат береді.
3.9.Жасөспірімді педагогикалық қолдау, психологиялық-әлеуметтік көмек көрсету мақсатында жүргізілетін мектепішілік есепке қоярда мектеп директорының бұйрығымен педагогтар ұжымынан жауапты тұлға тәлімгер тағайындалады. Тәлімгер білім алушыны мектепішілік есептен шығарғанға дейін онымен жұмыс жоспарын құрады, оқушымен жасаған алдын алу, атқарылған жұмыстары туралы Кеңес отырыстарында есептер жасайды (қажетіне байланысты).
ІV.Мектепішілік есепке қою негіздері
Мектепішілік есепке қоюға негіз болып табылады:
-сабаққа қатыспау немесе жүйелі түрде себепсіз сабақты босататындар (5-7 күн);
-қауіпті әлеуметтік жағдайдағы балалар: қаңғыбастылық, бақылаусыздық, қадағалаусыздық, қайыр сұрау;
-психоактивті заттарды, есірткі құралдарын пайдалану, спирттік ішімдіктерді қолдану, темекі шегу;
-бейресми бірлестіктерге, қоғамқа қарсы бағыттағы ұйымдарға қатысу, деструктивті діни ұйымдарға бару;
-әкімшілік құқық бұзушылық;
-мектептің ішкі тәртіп Ережесін жүйелі бұзу (үнемі үй тапсырмасын орындамау, сабақта жұмыс істеуден бас тарту, оқу құралдарының, дәптер,
кітаптарының болмауы, сабақтағы тәртіпсіздік, төбелес, дөрекілік көрсету, әдепсіз сөздер айту және т.б.);
-кәмелетке толмаған ІІБ есепте тұрған жағдайда.
V. Мектепішілік есептен шығару негіздері
5.1.Жасөспірімнің тәртібінің түзелуі, жасөспірімде бірнеше уақытқа созылған (кем дегенде 3 ай) жағымды өзгерістердің болуы, өмір жағдайының жақсаруы. Сонымен бірге жасөспірім келесі себептермен есептен шығарылады:
-оқу орнының ауысуы, мектептен шығу немесе мектепті аяқтау;
-тұрғылықты жерінің ауысуы;
-басқа да объективті себептер.
5.2. ІІБ-нен түзелуіне байланысты жағымды мінездемесімен жасөспірімді Ішкі істер бөлімінен есептен шығарғандығы туралы ақпарат келгенде (ІІБ жасөспірім есепте 1 жылға дейін тұратындығын ескеру қажет, 1 жылдан кейін мерзімінің өтуіне байланысты есептен шығарылады)
VІ. Жеке алдын алу жұмысын жүргізу реті
Жасөспірімге қатысты жеке алдын алу жұмыстары кәмелетке толмаған адамға әлеуметтік және басқа да көмекті көрсету қажеттілігі болған мерзімде жүргізіледі немесе қаңғыбастылыққа, қараусыздыққа, құқық бұзушылыққа, қоғамға қарсы әрекеттерге жасөспірімнің баруына себеп болған себептерді, шарттарды жойғанға дейін жүргізіледі.
Сынып жетекшісі әлеуметтік педагогпен, педагог-психологпен бірлесіп осы жасөспіріммен жүргізілетін жеке алдын алу жоспарын құрады.
Оқушыға жеке зерттеу және бақылау есеп карточкасы ашылады. Карточканы әлеуметтік педагог, педагог-психолог және сынып жетекшісі өзара бірлесіп жүргізеді, қажет болған жағдайда осы топтағы жасөспірімдерді тәрбиелеу жұмысына қатысы бар өзге де қызметкерлерді де осы оқушымен жұмысқа тарта алады.
Сынып жетекшісі жасөспірімнің сабақ уақытындағы, сыныптан тыс кездегі қызметін бақылап отырады, алдына алу жұмыстарын жүргізеді. Сынып жетекшісі осы мектепішілік есепте тұрған оқушымен атқарылған жұмыстардың сараптамасын жасайды.
Сынып жетекшісі жасөспірімге қатысты бақылау жұмыстардың нәтижесін (сабақ босату, тәртіп бұзу) ата-анасына міндетті түрде жеткізіп отырады.
Егер бірнеше рет сабақ босату, сабаққа дайындалмау жүйелі түрде үнемі қайталанатын болса ата-ана баласымен бірге құқық бұзушылық Кеңесі отырысына шақырылып, келесі сұрақтар қаралады:
-жасөспірімді оқыту мен тәрбиелеуге байланысты ата-аналық міндеттерді орындамау;
-кәмелетке толмағанның білім алудан бастартуы (сабаққа келмеу, үй тапсырмасын орындамау, сабақ үстінде жұмыс істемеу).
Құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесінің мектеп әкімшілігінің алдында өтініш жасауға құқығы бар:
-тоқсан бойы оқушымен жеке қосымша сабақтар өткізу кестесін құруға;
-каникул уақытында оқушымен жеке қосымша сабақтар өткізу кестесін құруға;
-пәндер бойынша орындауға тиісті тапсырмаларды тапсыру уақытын белгілеу және оның орындалысын қадағалауға;
-ұзақ уақыт бойы емделіп жатқан немесе аса қауіпті әлеуметттік жағдайда тұрған кәмелетке толмағандар үшін оқу жылы мерзімін немесе оқу тоқсанын аяқтау мерзімін ауыстыруға.
Егер ата-аналар мектептің ұсынған көмегінен бас тартып, өздері баласының мәселесімен айналыспаса, мектеп әкімшілігі Кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқығын қорғау комиссиясына өтініш жасау туралы шешім қабылдайды:
-спирттік ішімдіктерді, есірткілік, психотроптық құралдарды пайдаланушы жасөспірімдермен, әкімшілік жауапкершілікке тартылған немесе арнайы оқу-тәрбие орындарынан, жабық типтегі емдеу-тәрбиелеу орындарынан келген жасөспірімдермен алдын алу жұмысын жүргізу туралы;
-әкімшілік жауапкершілікке тартылуға тиіс ісі үшін жасөспірімге қатысты материалдарды қарауға;
-мектепішілік есепте тұрған жасөспірімдерге қосымша білім беру сабақтарын ұйымдастыруға көмек сұрауға;
- мектепішілік есепте тұрған жасөспірімдерге жазғы демалыс пен бос уақытын қамтамасыз етуді ұйымдастыруға көмек сұрауға;
-15 жасқа толған жасөспірімдерді білім беру ұйымынан шығару ,оқытудың басқа түріне ауыстыру немесе басқа білім беру ұйымына ауыстыру туралы.
VІІ. Ереженің орындалуын бақылау
7.1. Осы қызметті жүргізу және бақылау жауапкершілігі, білім алушыларды мектепішілік есепке қою және есептен шығару, қажетті құжаттарды рәсімдеуді білім беру ұйымының әлеуметтік педагогі жүргізеді.
7.2. Жүргізілген жұмыс сапасын осы Ережеге сәйкес бақылау жауапкершілігі білім беру ұйымы директорының тәрбие ісі бойынша орынбасарына жүктеледі.
1 ҚОСЫМША
МЕКТЕПІШІЛІК ЕСЕПКЕ ҚОЮҒА ҰСЫНЫС
Оқушының тегі:____________ аты___________жөні ____________________
Сыныбы ___________________туған жылы_________________
Есепке қою себебі____________________________________________
__________________________________________________________________
________________________мектепішілік есепке қою қажет деп есептейміз.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары______________________
Әлеуметтік педагог________________________
Сынып жетекшісі ___________________________
«___» «____________» 20___ жыл
2 ҚОСЫМША
ОҚУШЫҒА ҚЫСҚАША МІНЕЗДЕМЕ
___________________________________________________
(оқушының аты-жөні, туған күні)
Білімділік деңгейі_____________________________________________
Мектептегі тәртібі________________________________________________
Мектепішілік есепке қою себебі туралы мәлімет____________________________________________________________
Құрбыларымен ортадағы , отбасындағы ,үлкендермен қарым-қатынасы ____________________________________________________________________________________________________________________________________
Үйірмелерге, секцияларға қатысуы ____________________________________
Зиянды әдеттері___________________________________________________
Қызығушылығы, сүйіп айналысатын ісі және т.б. ____________________________________________________________________________________________________________________________________
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары _________________________
Сынып жетекшісі _______________________________________________
Күні _________
3 ҚОСЫМША
«КЕЛІСІЛДІ»
Директордың ТІЖ орынбасары ___________
« ___» « _________» 20 __ ж.
ЖЕКЕ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСЫНЫҢЖОСПАРЫ
Кәмелетке толмаған оқушымен _________________________________
№ | Шаралар | Мерзімі | Жауапты |
1 | Білім беру ұйымы мамандарымен өзара әрекеттесуі, бірлескен жұмысы: (педагог-психолог, әлеуметтік педагог, тәрбиеші және т.б.) | | |
2 | Оқу-тәрбие қызметі: (пән мұғалімдері, балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері және т.б.) | | |
3 | Отбасымен жұмыс | | |
4 | Басқа алдын алу жұмысын жүргізетін ұйымдар мамандарымен бірлескен жұмыс (қамқоршылық және қорғаншылық бөлімі, балаларға арналған қосымша білім беру, спорт, мәдениет және т.б. ұйымдар) | | |
Сынып жетекшісі ______________________________________
Әлеуметтік педагог _________________________________________
Педагог-психолог _________________________________________
« ____» « ___________» 20___ жыл.
4 ҚОСЫМША
Жасөспірімді жеке зерттеу картасы
( мектепішілік есепке қоюда)
Мектепішілік есепке қою______________________Шығару________________
Қайтадан қою______________________Шығару__________________________
1. ТАӘ________________________________________________________
2. Мектеп, сынып ________________________________________________
3. Үйінің мекен жайы, телефоны__________________________________
4. Нақты тұратын жері ___________________________________________
5. Осы мектепте қай уақыттан бастап оқиды__________________________
6. Ата-анасы туралы мәлімет (ТАӘ,туған жылы, жұмыс орны, мамандығы):
Шешесі___________________________________________________________
Әкесі_____________________________________________________________Қамқоршысы _________________________________________
7.Отбасының әлеуметтік статусы__________________________________
8.Жасөспірім мінезінің ерекшеліктері, нақты және жасырын әлсіз тұстары __________________________________________________________________
9.Жасөспірімнің қызығушылықтары, айналысатын сүйікті ісі, бейімі __________________________________________________________________
10.Отбасы жағдайына мінездеме (отбасы құрамы, ата-анасының тәрбиеге, мектепке қарым- қатынасы , оқушыға сабақ оқуға жағдай жасалғаны немесе жағдайдың болмауы) ____________________________________________________________________________________________________________________________________
10.Сабаққа қарым-қатынасы, сабаққа қатысуы __________________________________________________________________
12.Үйірме, клуб, секцияларға қатысуы_________________________________
13.Қоғамдық пайдалы еңбекке қатысуы________________________________
14.Кімдермен дос ( мектепте, тұратын жерінде) ____________________________________________________________________________________________________________________________________
15.Кімді беделді деп санайды және неге _______________________________________________________________
16.Достарымен қарым-қатынастары (астын сызу): барлығымен тең, тәуелді, басқарушы.
17.ІІБ есепте тұратындығы туралы ақпарат және тұру себебі_____________
18.Кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқығын қорғау комиссиясында қаралды ма? __________________________________________________________
19.Құқық бұзушылықты жасаған уақыты және орны____________________
20.Жазалау шаралары_____________________________________________
21.Жасөспіріммен жүргізілген жұмыстың негізгі жоспарланған бағыттары ____________________________________________________________________________________________________________________________________22.Ағымдағы оқу жылындағы оқу үлгерімі_____________________________
Әлеуметтік педагог осы құжатты рәсімдейді
Мектепішілік есепке қою немесе есептен шығару туралы ата-анаға жіберілетін ескертпе хабарламалар үлгісі