Файл: 1. 1 Макроэкономиканы пні. 2 Макроэкономикалы талдауды масаттары, ерекшеліктері жне талдау дістері.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.11.2023
Просмотров: 314
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Тұрақтандыру автоматты және реттелінетін деп қарастырылады. Автоматты (кірістірілген) тұрақтандырғыштар үкіметтің араласуынсыз орнықты жағдайдан ауытқуларға әрекет етуге және елдің шаруашылығын тұрақты күйге келтіруге мүмкіндік беретін экономикада қабылданған, қолданыстағы ережелерді, нормаларды білдіреді. Автоматты тұрақтандырғыштар алдын ала қарастырылған, экономикалық қызметті реттейтін заңнамалық актілерге енгізілген, қолданыстағы ережелерде, нормативтік құжаттарда көрсетілген.
Фискалдық және монетарлық құралдардың әлеуметтік-экономикалық динамикаға әсері үкімет қандай көрсеткішті: ақша массасын, пайыз ставкасын немесе кіріс деңгейін тұрақтандыруға ұмтылатынын ескере отырып, аралас саясаттың баламалы нұсқаларын таңдауға байланысты.
Аралас саясат - бұл монетарлық және фискалдық саясаттың белгілі бір комбинациясы. Ақша массасының өсуіне алып келетін ынталандырушы монетарлық саясат тежеуші фискалдық саясатпен қатар жүруі мүмкін немесе керісінше. Фискалдық және монетарлық құралдардың әлеуметтік-экономикалық динамикаға әсері үкіметтің қандай көрсеткішті тұрақтандыруға ұмтылатынын ескере отырып, аралас саясаттың баламалы нұсқаларын таңдауға байланысты болады.
Демек, фискалдық саясатты бағалау кезінде оның ақша-кредит саясатына әсері туралы болжам жасау қажет. Аралас саясаттың балама нұсқаларын таңдау экономикалық саясаттан тыс нақты жағдайға және басым міндеттерге байланысты. Мемлекеттік қаржы саясатының ақша-кредит және фискалдық құралдары жиынтық сұранысты айқындайтын факторлар болып табылады. Оларды қолдану шекаралары біріншіден, белгілі бір уақыт аралығында экономикалық жүйенің объективті сипаттамаларымен, екіншіден, сыртқы және ішкі факторларды объективті бағалау жағдайында даму басымдықтарын таңдау қажеттілігімен айқындалады.
Негізгі ұғымдар:
Жиынтық сұраныс (AD).
Жиынтық ұсыныс (AS ).
Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың бағадан басқа факторлары.
Жиынтық ұсыныстың классикалық үлгісі.
Жиынтық ұсыныстың кейнстік үлгісі.
Классикалық үлгідегі атаулы айнымалылардың икемділігі.
Кейнстік үлгідегі атаулы айнымалылардың тұрақтылығы.
Қысқа мерзімдегі жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың тепе-теңдігі.
Ұзақ мерзімдегі жиынтық сұраныс пен жиыньық ұсыныстың тепе-теңдігі.
Тепе-тең баға деңгейі.
Тепе-тең нақты ұлттық өнім мөлшері.
Сұраныстың естен тандыруы.
Ұсыныстың естен тандыруы.
Тұрақтандыру саясаты.
4 КЕЙНСТІҢ ТАБЫСТАР МЕН ШЫҒЫНДАР МОДЕЛІ
4.1 Тұтыну мен жинақтар функциясы. Инвестиция.
4.2 Кейнс кресті, нақты және жоспарлаған шығындар.
4.3 Тепе-тең шығарылым деңгейінің тербелісі және автономды шығындар мультипликаторы.
4.1 Тұтыну мен жинақтар функциясы. Инвестиция.
Қолда бар табыстың тұтыну мен жинаққа бөлінуі. Қолда бар табыс (Y-T) тұтыну мен жинаққа қолданылады:
Y = C+S (1),
Тұтыну функциясы:
C = C(Y-T) (2),
мұндағы:
Y- жеке табыс;
T –табыс салығы. Яғни, тұтыну қолда бар табыстың функциясы.
Жинақ функциясы:
S = S(Y) (3),
Ұлттық жинақ = үй шаруашылығының жеке жинағы + бизнестің жалпы жинағы + мемлекеттің жинағы. Жалпы жеке жинақтар = үй шаруашылығының жеке жинағы + бизнестің жалпы жинағы.
Пайыз мөлшерлемесі классикалық теорияда қолда бар жеке табысты тұтыну мен жинаққа бөлудегі негізгі факторы. Ал Кейнстің теориясында жинақ қолда бар жеке табысқа байланысты.
Тұтыну мен жинаққа әсер ететін факторлар: байлық деңгейі, экономикалық субъектердің күтуі, баға деңгейі, кредиттік қарыздар және салық пен пайыз мөлшерлемесі.
Осы уақытқа дейін жеке субъект деңгейінде тұтынуға бейімділік туралы әңгіме болды. Макроэкономикалық көзқарас қоғам деңгейінде тұтыну және жинақтау функцияларын құруды көздейді. Әрине, жекелеген индивидумдар мен отбасылардың кірістері мен шығыстары динамикасындағы ауытқулар айтарлықтай үлкен болуы мүмкін, дегенмен «негізгі психологиялық заң» эмпирикалық растауды макродеңгейде де табады.
Тұтынудың жалпы көлемі, әдетте, табыстың жалпы көлеміне байланысты. Кейнсиандық теорияға сәйкес, психологиялық фактор үлкен рөл атқарады. Оның мәні - адамдар, әдетте, табыс өсуімен өз тұтынуын арттыруға бейім, бірақ тұтынудың өсу шамасы мен табыстың өсуі сәйкес келе бермейді. Тұтынудың (С) өзгеруі мен табыстың (Y) өзгеруі арасындағы арақатынас тұтынуға шекті бейімділік деп аталады:
МРС = C / Y (4),
Кіріс деңгейіне тәуелді емес жоспарланатын шығыстардың бір бөлігін автономды сұраныс деп атайды (осы модель шеңберінде бұл сұраныс экзогенді болып табылатындықтан), оны біз а деп белгілейміз.
Табыс өскен сайын тұтынуға бейімділік қысқара бастайды, ал жинаққа бейімділік өседі. Оны төмендегі мысалмен көрсетуге болады.
Мысалы, адамның 1000 доллар табысы бар. Оның табысы тең 100 долларға өскен кезде оның тұтыну шығындары ай сайын қалай өседі? ( кесте 1).
Кесте 1 - Қолда бар табысты бөлу (шартты сандар)
Айлар | Табыс,Y | C | МРС, C/Y | S | MPS, S/Y |
қаңтар | 1000 | 1000 | - | 0 | - |
ақпан | 1100 | 1090 | 90 / 100 = 0,9 | 10 | 10 / 100 = 0,1 |
наурыз | 1200 | 1170 | 80 / 100 = 0,8 | 30 | 20 / 100 = 0,2 |
сәуір | 1300 | 1240 | 70 / 100 = 0,7 | 60 | 30 / 100 = 0,3 |
мамыр | 1400 | 1290 | 50 / 100 = 0,5 | 110 | 50 / 100 = 0,5 |
Кестеден көрініп тұрғандай, ай сайын табыс өсуде, бірақ әрбір қосымша 100 доллардың салыстырмалы түрде аз үлесі тұтынылады, ал салыстырмалы түрде үлкен үлесі жинақ жасауға қолданылады. Нәтижесінде тұтынуға арналған жалпы шығыстар ұлғаюда, бірақ табыстың өсу қарқынындай емес. Табысы өскен сайын адам жақсы тамақтану, киіну, саяхаттау мүмкіншілігіне ие болады, сонымен қатар оның жинақтарын да өсіре бастайды. Табыс өскен сайын тұтыну мен жинақтар абсолютті мөлшерде өсуде, бірақ тұтынудың салыстырмалы үлесі біртіндеп қысқаруда, ал жинақтар үлесі өсуде. Іс жүзінде тұтынуға шекті бейімділік ай сайын соншалықты тез өзгермейтіндігін және ұзақ уақыт бойы бір шамада жиі қалатынын байқаған жөн. Демек, тұтынуға шекті бейімділік шамасы (МРС) нөл мен бірлік арасында: 0 < MPC < 1
Кестеден көрініп тұрғандай, жинақтауға шекті бейімділік жинақтар мөлшерінің табыстың өзгеруіне қатынасы ретінде анықталады:
MPS = S / Y (5),
Осылайша, жинақтауға шекті бейімділік тұтынуға шекті бейімділікке қатысты бірлікке дейін толықтыратын шама болып табылады.
Жинақтауға шекті бейімділік пен тұтынуға шекті бейімділік арасындағы арақатынас қандай?
Егер C+S=Y, онда ∆С + ∆S = ∆ Y. Осыдан MPC + MPS = 1. Кестеден көрініп тұрғандай С + S = Y, онда МРС + MPS = 1. Мысалы, ақпан айында МРС + MPS = 0,9 + 0,1 = 1; наурыз айында 0,8 + 0,2 = 1 және ары қарай.
Тұтыну мөлшерінің қолда бар табысқа қатынасы тұтынуға орташа бейімділікті көрсетеді:
АРС = C / Y (6),
Жинақ мөлшерінің қолда бар табысқа қатынасы жинаққа орташа бейімділікті көрсетеді:
АРS = S / Y (7),
Егер табыс өскен сайын тұтуға бейімділік төмендейтін болса тұтынуға орташа бейімділікте (АРС) төмендейді, ал, жинаққа орташа бейімділік (АРS) өседі.
Осы байланыстарды 2 суреттің көмегімен көрсетуге болады.
Тұтынушының табысы Y өскен сайын тұтыну шығындары да өсе бастайды. Оны жоғарғы графиктегі тұтыну қисығынан көруге болады. Табыстың өсуі Ye деңгейіне жеткенша жинақ S жоқ. Қолда бар табыс Ye мөлшеріне, ал тұтыну шығыны Ce болғанда тұтынушының жинақ жасауға мүмкіншілігі пайда болады. Бұл Е нүктесіне сәйкес келеді. Қолда бар табыстың Ye мөлшерінен ары қарай өсуі тұтыну шығындарының табыстағы үлесінің төмендеуіне әкеледі. Себебі табыс өскен сайын жинақта өсе бастады. Оны тұтыну қисығының төмен қарай еңкейуінен көреміз.
Енді тұтну мен жинаққа шекті бейімділіктерді ескере отырп Кейнстің қарапайым функцияларын анықтауға болады. Тұтынудың қарапайм функциясы: С = а + b (Y), мұндағы: С – тұтыну шығындары; a – автономды тұтыну, оның мөлшері ағымдағы қолда бар табысқа байланысты емес; b – тұтынуға шекті бейімділік; Y – қолда бар табыс (салықты төлегеннен кейінгі табыс).
Жинақтың қарапайм функциясы:
S = - a + (1 - b)( Y) (8),
мұндағы:
S – үй шаруашылығының жинағы;
a – автономды тұтыну;
(1 - b) – жинаққа шекті бейімділік;
Y – қолда бар табыс.
МРС пен MPS ескерсек тұтыну мен жинақтың функциялары мынандай болады: С = a + MPC* Y және S = S(Y).
Тұтыну мен жинақтың функцияларын зерттеу нәтижесінде Кейнс мынандай жорамалдар жасады:
1. Тұтыну шығындары нақты қолда бар табыстың функциясы C = C (Y - T).
2. Тұтынуға шекті бейімділік: 1 < MPC > 0.
3. Қолда бар табыс өскен сайын MPC және АPC төмендейді.
4. Тұтыну пайыз мөлшерлемесіне байланысты емес. Жинақ қолда бар табыстың функциясы. Кедейлерге қарағанда бай адамдар табыстарының көбін жинаққа жібере алады.
Кейнстің тұтыну және жинақ функцияларын қысқа мерзімде қолдану үлкен нәтижелер беріп, жиынтық сұранысты ынталандыруға бағытталған фискалды саясаттың тиімділігін көрсетті. Кейнстің тұтыну теориясына сүйеніп экономистер екінші дүниежүзілік соғыстан кейін экономиканың стагнацияға ұшырайтыны туралы болжам жасады, бірақ бұл болжам жүзеге аспады.
Кейнстің 1-ші және 2-ші тұжырымдарын қабылдағанмен 3-ші және 4-ші тұжырымдары экономистердің арасында күмән тудырды. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Саймон Кузнец көптеген статистикалық материалдарды талдау нәтижесінде тұтынудың ұзақ мерзімдегі функциясын ұсынды. С.Кузнецтің ұзақ мерзімдегі тұтыну функциясы: C= MPC × Y, бұл функцияда автономды тұтыну а жоқ. Тұтынуға орташа бейімділік (АРС) тұрақты мөлшер және тұтынуға шекті бейімділікке (МРС) тең екендігі дәлелденді.
20-шы ғасырдың 50-ші жылдары тұтынудың функциясы туралы жаңа классиктердің бірнеше теориялары пайда болды. Дж. Дьюзенберридің ойынша тұтыну ұзақ мерзімде нақты қолда бар табыс емес, салыстырмалы табысқа байланысты. Салыстырмалы табыс - бұл ұзақ мерзімде қалыптасатын, адамдардың әлеуметтік статусын, үйреншікті өмір сүру деңгейін қамтамасыз ететін табыс. Оған қол жеткізу үшін адамдар жинақ жасайды.
И. Фишердің тұтыну теориясына сүйене отрып Ф. Модильяни тұтыну мен жинақтың өмірлік цикл теориясын, ал М.Фридман тұрақты (перманентный) табыс теорияларын ұсынды.
И. Фишердің уақытаралық бюджеттік шектеу теориясы. Адамдар тұтыну мен жинақ туралы шешім қабылдағанда өздерінің бюджеттерінің шеңберінде табыстарын бөледі. Бір жағынан, егер тұтынушы жинақ жасаса ағымдағы тұтынуды шектеуге тура келеді. Екінші жағынан, ағымдағы тұтынуды қысқартпау үшін кредит алуы мүмкін. Кредит тұтынушының болашақтағы тұтыну деңгейін төмендетеді. Бірақ балашақтағы тұтыну деңгейі табыс пен жинақ және жинақтан алатын пайыз мөлшерлемесімен анықталады. Яғни, жинақтың пайыз мөлшерлемесі болашақтағы тұтыну деңгейінің төмендемеуіне ықпал етеді. Сонымен, И. Фишер тұтынудың ағымдағы табыс пен болашақтағы табыстың дисконтталған (r) құнымен анықталатынын дәлелдейді. Бұл Кейнстің тұтынуға пайыз мөлшерлемесі әсер етпейді деген ойына қарсы келеді. Жинақтың функциясын қарастырғанды номиналды (i) және нақты пайыз мөлшерлемесін (r) ажырата білу керек. И.Фишердің уақытаралық таңдау теориясына сүйенсек, онда номиналды және нақты пайыз мөлшерлемелерін И. Фишер теңдігі арқылы көрсетуге болады: