Файл: Шыыc ipiнi apxeoлoгиялы зepттeлу тapиxы.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.11.2023

Просмотров: 99

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

Қазіргі таңда Қазақстан тарихын жазу үшін, оның жерінің әр пұшпағының асты – үсті, яғни археологиялық деректері мен жер бетіндегі тарихи – мәдени ескерткіштері қоса зерттелуі қажет.

Шығыс Қазақстан аймағының көне тұрғындары қалдырған археологиялық көне мұрағаттарды қазіргі таңда ұқыптылықпен жинап қарастыру алдымызда тұрған келелі мәселелердің бірі.

Шығыс Қазақстан еліміздің сарқылмас табиғи байлықтарымен ғана емес, сонымен қатар, керемет тарихи-мәдени ескерткіштерімен де белгілі.

Шығыс Қазақстан аймағына кіретін бұрынғы Семей және Шығыс Қазақстан облысы археологиялық тұрғыдан аз зерттелген аудандарға жатпайды.

Ғылыми зерттеу жұмысының міндеттері:

— ХХ ғасырдың екінші жартысында Шығыс Қазақстанда толысқан, өз мәніндегі археологиялық зерттеулердің жүргізіле басталғанын көрсету.

— С.С.Черников басқарған Шығыс Қазақстан археологиялық экспедициясына тоқталу, С.Сорокин басқарған Мемлекеттік Эрмитажының экспедиция зерттеу жұмыстарына тоқталу.

— З.Самашев басқарған жаңадан құрылған Шығыс Қазақстан археологиялық экспедициясының 1997-2003ж.ж. жұмыстарына шолу жасау және ғылыми жетістіктерін көрсету.

— ХХ ғасырдың екінші жартысындағы археологиялық экспедициялардың құрылуы және зерттеу жұмысын жүргізудегі ерекшеліктерін анықтау.

Страленберг (1730), Миллер (1750), Гмелин (1751), Паллас (1786) және Фальк (1824) бұл жерде қорғандардың көп екенін, бірақ олардың бұрыннан бері тоналып кеткенін айтады.

Алайда аталған зерттеушілердің жұмыстары нағыз археологиялық зерттеулерден әлі алшақ еді. Олар тек сипаттау мен тіркеуден басқа жұмыстарды ары қарай дамытпады.

2003 жылы Семейлік зерттеуші археолог А.Исаұлы жетекшілік ететін Шыңғыстау экспедициясы қазба жұмыстарын жүргізді. Қазба жұмыстары кезінде түркі заманының 60-қа жуық заттары табылды.

Шығыс Қазақстанның археологиялық зерттелуі жайында еңбектер жазуда теңдессіз үлес қосып жүрген археолог тарихшы ғалымдарымыздың жұмыстарына тоқталайық.

Алматыдан 1998 жылы шыққан «Проблемы изучения и сохранения исторического наследия» (Халықаралық археологиялық конференцияның материалдары) атты еңбектің ішіндегі З.З.Самашев, А.П.Франкфорд, Э. Гии ,

Тақырыптың методологиялық негізі: Материалдар, деректер, зерделеу ғылыми зерттеуді жинақтау және талдау, салыстыру, жүйелендіру сияқты жалпыға белгілі әдістер негізінде жүргізілді.

Тақырыптың хронологиялық шеңбері: ХХ ғасырдың екінші жартысынан ХХІ ғасырдың басында жүргізілген зерттеулерге тоқталдым.

ШҚО Қатон-Қарағай – ауданы Жамбыл аулының маңында үш топқа бөлінген қорғандар тобы табылды.

Кинооператорлар

Жүргізушілер



Қақпақтың төрт бұрышында қоладан қйылып, сырты алтынмен жалатылған қиял – ғажайып құбыжық құс – грифон (самұрық, тазқара) мүсіндері шегеленген.

Астау-табытқа ер-адам және кейінрек онын жаңына әйел жерленген мәйіттердің бастарына ағаш жастық жасалған. Көсемнін өрген қос бұрымды шашы да сақталған. Оның тірі кезінде мұрт қойғандығы да анықталды. Бас сүйегінін төбетүсы кезінде шайқаста, шамасы шокпар тиіп опырылған болса керек. Аяқталмаған операция іздеріне қарағанда, жарақат орнындағы сүйек сынықтары мен ұйыған қанды алу мақсатымен, жауынгер-көсемге медициналык көмек көрсетуге талпыныс болған сиякты. Оның шайқастардағы батырлығына өмірінің әр кездегі сынып біткен бір сыпыра қабырғалары мен зақымданған омыртқасы куә болады. Әйел ер адамның оң жағына жерленген.

Қима-тағанның солтүстік бөлігінде тонаушылар шашып кеткен тақтайлардың үлкен фрагменттері мен жылкы сүйектері жатыр. Солардың арасынан ағаш күрек табылды.

Жерленген адамдардын бас жақтарында, кима-тағанның СШ бүрышында 2 керамикалық ыдыс, ағаштан жасалған кішкентай аяқты үстел анықталды. Керамикалык ыдыстың екеуі де сынған, береуі лабораториялык жағдайда қалпына келтірілді. Ол ассиметриялы, жайпақ түпті, үзын мойынды. Ыдыстың биіктігі 51,5 см, ернеуінің диаметрі 13 см, түбі 9 см, мойынының диаметрі 36,7 cм. [18, 3]

Қабір – шұңқырының солтүстігінде 13 жылқы жерленген. Жылқылар екі яруста, астына 7 жылқы, үстіне 6 жылқы жатқызылған. Екі қабаттың арасы - антисептикалық қасиеттері бар қарта жоңышқа бұталарымен және қайыңтозбен бөлінген. Жирен түсті мініс сәйгүліктері бастарымен күншығысқа қаратылып қойылған. Тоңдалған обаның кереметінің арқасында аттардың жүнтерісі ғана емес, еті де, сол сияқты сән-салтанатты әбзелдері де түгел сақталған.

Он үш аттың төртеуінің басында тау текенің ағаштан жасалған мүйіздерімен әшекейленген тері маска болған. Масканың біреуінде денесі мысық тұқымдас жыртқыш тәрізді, имек құс тұмсықты, теріден жасалған ирек мүйізі және қанаты бар ағаштан ойылған фантастикалық полиоморфты құбыжық-барыс тектек грифонның көлемді мүсінімен безендірілген.

Aт әбзелдері барельефті және скульптуралық әдістерімен ойылған көптеген ағаш бұйымдарымен безендірілген. Жапсырмалар, сулықтар, ілдіргілер және айылдық бөлшектері сияқты заттардын бәрінің бет жағы жұқа алтын жапырақшалармен және қалайымең қапталып, арнаулы тесіктер арқылы былғарыға, қайысқа бекітілген.

Ежелгі көшпенділердің өмірімен, тұрмысында өнерге өте үлкен мән берілген. Олар негізінен декоративтік сипатта емес, архаикалық мифологиялық түсінік-ұғым бойынша қоғамның белгілі бір құндылық жүйесіне сәйкес келетін арнаулы және ерекше белгі символ немесе текст ретінде қаралған. Қару-жарақтар мен ат әбзелдерінің скиф-сібірлік aң стилімен безендірілуі олардың әскери аристократиялық сипатын көрсетеді. Ертедегілердің магияға сәйкесті логикасы бойынша бейнеленген жануарлардың киелі, жағымды және ерекше қасиеттері осы зат иелеріне жұғуға тиісті болған. Сондықтан скиф-сақ кезеңінің элиталық обаларында, әсіресе, Алтайдың «патшалық» жерлеу орындарында көне көшпелілер өнерінің озық үлгілерінің кездесуі кездейсоқтық емес.


Аңдардың айқасы аң стилінің ең негізі ой өзегі. Осындай сюжеттер Берел қазынасында мол. Олар мысық тұқымдас жыртқыштың бұғыға немесе тау текеге шабуы, өз кұйрығын өзі тістеп жатқан грифон. Аңдар айқасы бейнелерінің семантикасы негізі жақсы мен жаманның, жарық пен түнектің, «космогондық жаратылудың жойқын жойлысы арқылы» жаңа өмірдің кайта өркендеуі, мәңгілік қозғалыс пен карама-қайшылықтардың күрес символы сияқтылармен түсіндіріледі. [16, 38-42]

Обадан табылған заттардың ішінде жыртқыш және шөп қоректі жануалар бейнесін белгілі хронологиялық шеңбер аясында салыстырып, жалғастыру мәдениетінің орта (б.з.д V ғ) және соңғы (б.з.д IV ғ) кезеңіне тән екені анықталды. Оған тау ешкінің имек мүйізі іспеттек ағаш бұйым мысал бола алады. Көптеген зерттеушілердің пікірінше, мұндай бейнедегі туындылар. Пазырық мәдениетінің орта кезеңіне тура келеді. [19, 55, 77]

Жалпы тау текенін басы түріндегі әшекейлердің әр түрлі нұсқалары Алтайдың скиф-сақ тайпалары өнерінде өте кеңінен тарағаны мәлім. [18,5]

Осы қорғанда жерленген адамдарға байланысты шыққан жаңа қорытындыларға тоқталып өтейік. Н.А.Айтқожина меп Е.К.Людвикова молекулярлы-генетикалық зерттеулер жүргізіп, бұл обада жерленген адамдарды қандас, яғни, ұлы мен шешесі деген пікір ұсынып отыр. Антропологтар Е.Веселовская, А.Смағұлова, О.Смағүлов және Э.Крубези ер адамның жасын 30 бен 40 арасы деп болжамдар жасады. [20, 127]

Ресей FА Н.Н.Миклухо-Маклай атындағы антропология және этнология Институтының лабораториясында Е.В.Веселовская ер-адамның антропологиялық келбетін келтірді. Оның келбетінен араласу моңғолойдтық және европеидтік түр компоненттері анықталды.

№11 обаның тұрғызылған уақытын анықтау үшін әр түрлі ғылыми орталықтарда жүргізілген "зерттеулер" бір көрсеткішті көрсетпей отыр. И.Ю.Слюсаренко дендрохронологиялық анализ негізінде № 11 қорған уақытын б.з.д 393 жыл деп анықтады. Тағы бір аныктау бойынша № 11 қорғанның абсолютті уакыты б.з.д 294 ж. [21, 59]

№11 қорғанда 2000-2002 жылдары оның аса күрделі архитектуралық құрылысын зерттеу жұмыстары жалғасты. Болашақта № 11 қорғанды дала мұражайы ретінде жасау көзделіп отыр. [22, 38-44]

Диаметрі 18 м, биіктігі 1,05 м. Ол өзінің екі жағындағы обалармен (№ 16,19) өз заманында жер беті деңгейінде етектерін бастыра тастан қалап жасалған «жол» арқылы тұтасып жатыр. Ескерткіштің жер бетіндегі құрылысы-формасы тура тақияға немесе «киіз үйге» ұқсатылып, таудың әр түрлі сұрғылт-көкшіл тақта тастарынан қаланған үйінді.



Үйіндінің үсті ұсақ 15х19 см малта тастармен қаланған. Обаның сыртқы «сауыты» оның құрылысының ішкі термореттеушісі ролін атқарса керек. Ал, сауттын етек жағында, гүл «жапырақ-мамары» немесе табақтың ернеуі тәрізді жалпақ тастардан қаланған обаның сыртқы жалпақ тастарының үстіне жапсарластырылып, бет жағын ұсақ малта тастармен нығыздап отырып, ені 1,5-1,7 метрдей келетін «белдеу» қаланған. Тас «белдеу» өз заманында-ақ шым қыртыстарымен жабылған сыртқы тас «белдеудің» өзі прагматикалық қана емес, мифтік-ғұрыптық - мәнге де ие сияқты, яғни ол дүние мен бұл дүниенің шекарасы немесе «мәнгілік-бақилық» әлемді бір-бірінен бөліп тұруы қамалдық символы болуы мүмкін. Шығыс бөлігіндегі белдеудің ұштары бір-бірімен байланыстыра қойлып түйіншектелген тәрізді. Семантикалық жағынан қарастырғанда ол қорғаныс бекініс, қоршау идеясын білдіруі мүмкін немесе екі әлемнің шекарасын айқындаған [12, 179-180] Сонымен қатар бұл белдеу қорған құрылысының салынып біткенін білдіруі мүмкін. Құрылыстың келесі қабаты жалпағынан қойылған тақта тастармен қатар ірі және орташа көлемдегі тастармен қаланған.

Қабір шұңқырының желегі қоршаудың ортасынан байқалады, оның үстінен тастан құрылыс қаланған.

Қабір шұңкырының көлемі 3,25x3,90, терендегі 3,90 м. Қабірдің беті кезінде тақтаймен жабылған. Оның қалдықтары 3,25x3,65 м. тереңдікте көрінді. Себебі, топырақ пен тастың салмағы нәтижесінде отырып кеткен. Шұңқырдың солтүстік-батыс жағынан 3,60 м тереңдікте ірі тастардан қойыйлған текшеде 3 жылқының қаңқасы табылды. Адам қаңқасының орналасу бағыты анықталмады. Себебі, қорған кезінде тоналған.

Табылған заттар: үш қырлы, сүйектен жасалған жебенің ұшы. Ұзындығы 3,8 см, ені 1,2 см. [23, 56-57]

Шыңғыстау – Сарыкөліндегі қола ғасыр қорымдары ғылыми түрде алғаш 1947 жылы С.Черников басшылығында Шығыс Қазақстан археологиялық экспедициясы аясында жұмыс істеген археолог Нифантова тарапынан зерттелген болатын. Сол кезде Сарыкөл маңындағы тас құрылыстарының ерекше бітіміне назар аударылған бірнеше қорымдар тізімге алынып, олардың кейбіреуінде барлау және қазу жұмыстары жүргізілген. 1957 жылғы Қазақстан тарихының академиялық басылымында “Шыңғыстаудағы андрондық қорымдар қолмен жеткізуге, әрине, мүмкін болмаған, зор тас тақталармен көмкерілген”. (“Андроновские курганы в Чингизтауских горах обставлены огромными каменными плитами
, которые на руках перенести, конечно, было нельзя”) – деп, ауыр салмақтардың бұқалар күшімен тасылғаны жөнінде қорытынды жасалған. [24,10].

Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті археология мен энтология кафедрасы (кафедра меңгерушісі – профессор Әбдеш Төлеубаев) пен Шәкәрім атындағы “Семей” мемлекеттік университеті бастамасымен Шыңғыстаудағы қола ғасырының таңғажайып ескерткіштерін зерттеуді жалғастыру сәті 1999 жылы туды.

Зерттеулер Шыңғыс ішіндегі, оның шығыс сілемдеріндегі қола ғасыры мен шектелмей, оңтүстік-батыста Бақанасқа, батыста-машан тауы, Шаған суына дейінгі үлкен аймақта жүргізілді нәтижесінде Қопа алқабы, Шалқар, Сарыкөл, Машан, Шаған, Саржал т.б. жерлердегі мол ескеркіштерді зерттеп шығудың көп жылдарға бағытталған жоспар-бағдары жасалды. [25, 3]

Қазба жұмыстар тиянақты, кең көлемді жүргізілген ескерткіш – Текебұлақ-1 деп аталған қорым болды. Ескерткіш Қопа өзеніне батыстан ағып құятын Теке бұлағының оң жағына қарай 150-300 метрдей жерде орналасқан үлкенді-кішілі 30-дан астам қорған-қоршау мен тас қоршаулардан тұратын қола ғасыры қорымы. Ескерткішті қайта, жаңаша зерттеп шығу мол нәтиже берді. Жаңалықтардың қомақты үлесі бұрын зерттелген №4 қорған-қоршау иемденді.

Қорған сымбат келбетті дұрыс дөңгелек түрінде, диаметрі 11 метр болып жоспарланған. Биіктігі 130 см-дей келетін қоршаудың тақта тастары қорғанның орталық нүктесіне қарай белгілі бір градуспен еңкейтілген. Алдын-ала жоспарлау, есептеу болды ма екен деген ойларға зерттей келе дәлелдер молая түсті.

Тас көлемдері тақта тастарды жартастардан ұиып алғанға дейін белгіленсе керек. [25,6]

Қорған-қоршаулардың тақта тастары орталық нүктеге 60о-тай еңкейтілгенде тас тас қырлары жымдасаралықтай есептеліп қиылғанда, бұлайша тұрғызудың мәні – шартты немесе реалды төбе нүктесінен тарайтын сәуле сызықтарын бейнелеу идеясын беруде болатын. Тастарды дадиальді қию, біздің ойымызша, мәңгіге бағыштап тұрғызылатын жерлеу комплексін тастағы суреттерді бейнеленген “күнбасты” бейнесіне ұқсату талпынысынан шыққан.

Қатон - Қарағай аудандағы Берел қорымында қазба жұмыстары 2000 ж. жалғасты.

№ 25 оба жарты сақиналы тас қалау арқылы № 11 қорғанмен тұтасып бір комплекс құрайды. Қорғанның көлемі диаметрі -11,2 м, биіктігі-0,60 м.

Тас құрылыстың сыртқы және ішкі жағынан да құлаған тастар байқалады. Құлаған тастар алынған соң негізгі конструкциясы айқындалды.

Қоршаудын СБ бұрышында қабір үстіне үйілген тастар бөлініп шықты. Қабір шұңқырының батыс қабырғасына жасалған. Қабір шұңқырының көлемі- 2,1x1,9 м, тереңдегі 2,0 м. Заттардың көпшілігі қабір шұңқырын толтырған топырақ арасынан табылды. Олар - жылқы сүйектері, ағаш күлдері, металдан жасалған заттар фрагметтері, жебеге арналған ысқыруық, қола әшекей т.б.


Адамды СШ-ОБ бағытында, көлемі 2,85хО,60 м болатын ауқымда жерлеген. Жерлеу кезінде тоналған. Адам қаңқасыңың сүйектері шашылып, бас сүйегі болған жоқ. Антрополог А.О.Смағұлованың анықтауы бойынша қорғанға 40-50 жастағы ер адам жерленген.

Қорғанның шығысы жағында екі тас жәшік анықталды. Бірінші жәшік қорғанның орталығынан шығысқа қарай 8,2 м жерде орналасқан; көлемі 1,1x0,96 м. БШ бойымен бағытталған. Жәшік қабырғалары ірі плитолардан жасалған. Жәшік беті екі жалпақ таспен жабылған.

Жоғарыда аталған жәшіктің солтүстігінде 3,2 м қашықтықта екінші жәшік орналасқан. Оның көлемі 0.94х061м, БШ бағытында Жәшіктерде табылулар болмады.

Ұзартылған алты бұрышты формада, бас жағы ром тәріздес. Ұзындығы 20,2 см қалыңдығы 2 мм. болатын пластинадан жасалған.

Ысқырауық жебеге арналған сүйек. Заттың беті өңделген, бір деңгейде 3 тесік жасалған. Көлемі: биіктігі – 25 мм., диаметрлі – 17,5 мм, қырымен сыртқы диаметрлері – 10 және 13,5 мм.

Салпыншақ заттан құстың тұмсығы мен домалақ көзін немесе тырнағын байқауға болады. Бас жалпақ, астыңғы жағы жіңішкертіліп ұштала біткен жоғары жағында диаметрі 4,5мм болатын тесік жасалған. Заттың көлемі биіктігі – 72,5 мм, кеңдігі 20,5 мм., қалыңдығы – 8 мм.

Сүйектен жасалған, трапеция тәріздес, орта тұсында сопақша тесігі бар. Көлемі: ұзындығы-76,5 мм, ені-16 мм, қалыңдығы-5,5 мм, тесігінің көлемі-17x5,5 мм. Мұндай үш зат анықталды, бірақ бір-бірлерінен өзгешеліктері бар.

№ 25 қорғанда кездескен жерлеулер бұған жататын ескерткіштер
тобында жиі кездеспейді. Жоспарлы түрдегі мұндай квадратты қоршаулар
көптеген зерттеушілер пікірінше өлген адаммен символикалық байланысы
бар, яғни ондай құрылыстар ритуалды жерлеу негізінде тұрғызылған.
Осындай түркі дәуіріне жататын жерлеулер А.М.Ильюшин тарапынан
Пазырық мәдениетіне кіретін ескерткіштерден естелікке алынған.

Жерлеу орынынан табылған заттарды түркі дәуірінің атты-жауынгерімен байланыстыруға болады. №25 қорғанды жерлеуді VІІ-VІІІ ғ.ғ немесе ІХ ғ. жатқызуға болады. [26, 3-5]

Берел қорғандарының кіші (оңтүстік) тізбегі Берел қорғандарының кіші тізбегі үлкен тізбектің оңтүстік-батысында 1 шақырымдай жерде орналасқан. Бұл қорғандар тобы кішірек 7 қорғаннан тұрады. Оның бесеуі СБ-ОШ бағытында созылып тізбек құраған. Қалған екі қорған тізбектен бөлек тұр, бірі тізбектің оң жағында бірі сол жағында орын алған. Бастапқыда бұл қорғандардың беткі қабатын әр түрлі шөптесін өсімдіктер: мүк, итмұрын, қараған, жоңышқа тұқымдастар басып тұрды.