ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 25.08.2021
Просмотров: 4767
Скачиваний: 18
СОДЕРЖАНИЕ
3.8 Дезинфекциялық перепараттармен жұмыс істеу кезіндегі сақтық шаралары.................51
Адам ағзасындағы шартты-патогенді микроорганизмдердің ең көп мөлшердегі орналасатын орындары:
Қол деконтаминациясының мақсаты:
3.7 Дезинфекциялық ерітінділерді дайындау техникасы
Хлорлы әк ерітіндісін дайындау техникасы
Гипохлорит кальций ерітіндісін дайындау техникасы
3.9 Дезинфекциялық препараттармен кенеттен улануда көрсетілетін бірінші көмек
3.10 Дезинфекцияның биологиялық әдісі
6. Қолғапты шешу, қауіпсіздік сақталған контейнерлерге утилизацияға жіберу.
4.4 Залалсыздандырудың ауалық түрі
Құрғақ- ыстықты залалсыздандыру
4.6 Стерилизацияның газды әдісі
Науқастың мәжбүрлі қалпының бірнеше варианттары
Кеуде клеткасының шеңберін өлшеу
- еркектерге тән түр (андроидты немесе висцеальды семіздік) – майдың іште жиналуы (сурет 40 б);
Сандық немесе электронды термометр
Білезік артериясында пульсті тексеру
Артериалды қысымды өлшеу әдістері
1. Науқас таңертеңгі сағат 6-да унитазға кіші дәретке отырады.
2. Кіші дәретке әр отырған сайын арнайы ыдысқа зәрін жинайды және диурезді өлшейді.
3. Келесі күннің таңертеңгі сағат 6-ға дейін зәрін жинайды.
4. Есепке алу қағазына шыққан зәрдің мөлшерін тіркеу (уақытын көрсету).
5. Есепке алу қағазына ағзаға түскен сұйықтық мөлшерін тіркеу (уақытын көрсету).
Мысалы: енгізілген сұйықтық – 1350 мл, шыққаны – 1250 мл.
Оң тепе-теңдік (>90%) – зәр айдайтын дәрілердің әсер етуі.
Әртүрлі ақаулар кезінде шығаратын несептің көлемі өзгеріп отырады:
Гигиеналық ванна Гигиеналық душ Шомылғанда мейірбикенің көмегі
2.1 Науқас күтімі кезінде төсек жаймасын ауыстыру
Жағдайы ауыр науқастың төсек-жаймасын ұзына бойлай ауыстыру әдісі
Жағдайы ауыр науқастың төсек-жаймасын көлденеңнен ұзына бойлай ауыстыру әдісі
Тамақтану режимі: аштық сезімді басатын аз калориялы, аз мөлшерде тамақты жиі қабылдау.
Көрсеткіш: қосымша ішкі мүшелердің ауруынсыз, ацидозсыз қантты диабет. Тағайындау мақсаты: көмірсу алмасуын қалыпқа келтіретін жағдай туғызу, науқастың көмірсуға төзімділігін анықтау.
Жалпы сипаттамасы: ақуыз мөлшері физиологиялық қалыптан жоғары диета, жануар текті май және көмірсу мөлшері шамалы шектелген (жеңіл сіңірілетін көмірсуларсыз). Қант және тәттілер берілмейді. Тұз мөлшері (12 г), холестеринге бай, экстрактивті тағамдар шектелген (сүзбе, майсыз балық, теңіз тағамдары, көкөністер, жемістер, нан). Тәтті тағамдардың орнына олардың орнын басушылар қолданады. Тағам суға пісірілген, тұшытылған.
Тамақтану режимі: тамақ тәулігіне 5-6 рет беріледі, көмірсулар бір күн бойына бөлініп беріледі, инсулин еккеннен кейін 2-2,5 сағаттан соң науқас құрамында көмірсу бар тағам қабылдау керек.
Көрсеткіш: миокард инфактісінің жедел кезеңі, қан айналым жеткіліксіздігінің ІІ-ІІІ дәрежесімен жүретін жүрек-қан тамыр жүйесінің аурулары. Тағайындау мақсаты — декомпенсация жағдайындағы жүрек-қан тамыр жүйесіне максимальды күш түсірмеу.
Жалпы сипаттамасы: ақуыз құрамы физиологиялық қалыпты мөлшердің төменгі шекарасында, май және көмірсулар шамалы шектелген, ағзаға сұйықтық енгізу шектелінеді; барлық тамақ тұзсыз дайындалады, барлық тағам суға немесе буға пісіріледі; ас тұзының мөлшері 1,5-1,8 г аспайды.
Тамақтану режимі: тамақ тәулігіне 6 –дан кем емес, аз мөлшерден беріледі.
Көрсеткіш: Жүрек-қан тамыр жүйесінің аурулары (ревматизм, жүрек ақаулары, атеросклероз, кардиосклероз, жүректің ишемиялық аурулары, гипертониялық ауру), жүйке жүйесінің аурулары, созылмалы нефрит. Тағайындау мақсаты: ағза қоректі заттар және энергиямен толық қамтамасыз ете отырып қан айналымға қолайлы жағдай туғызу.
Жалпы сипаттамасы: ас тұзы (5г),экстрактивті заттар шектелген, жануар текті май және жеңіл сіңірілетін көмірсу мөлшері шектелген диета. Ақуыз мөлшері қалыпты. С және В тобының дәрумендерінің құрамы жоғарлатылған. Көкөністер, жемістер, жидектер, өсімдік майы, теңіз тағамдары, ірімшік, қара нан беріледі. Тағам тұзсыз беріледі және дайын болған кезде ғана тұз қосылады. Ет және балық суға пісіріледі, Ірі көкөніс ұрықтары ұсақталып, езілген күйде беріледі. Жүрек-қан тамыр жүйесінің аурулары кезінде сұйықтық мөлшері 1000-1200 мл-ге дейін шектелінеді.
Тамақтану режимі: тамақ тәулігіне 5 рет аз мөлшерден беріледі, кешкі тамақ ұйқыдан 3 сағат бұрын.
Көрсеткіш: өкпе туберкулезі, қаназдық, арықтап жүдеу немесе ұзақ мерзімді ауыр аурулардан жазылу кезінде тағайындалады. Тағайындау мақсаты: ағзаны ақуыз, май, көмірсу және тамақтану факторларымен қамтамасыз ету, ағзаның иммунды биологиялық қорғанысын белсендіру, зақымдалған мүшедегі репаративті үрдістерді жоғарлату, жазылу кезіндегі ағзаның жедел және созылмалы инфекцияға қарсы қорғаныс күштерін нығайту.
Жалпы сипаттамасы: ақуыз және дәрумендердің мөлшері жоғары, май және көмірсулардың мөлшері шамалы жоғары калориялық диета; тамақ рационына жеткілікті мөлшерде кальцийге бай сүт тағамдары кіреді, ас тұзы және сұйықтық мөлшері қалыпты.
Тамақтану режимі: тамақ тәулігіне 4-5 рет беріледі.
Көрсеткіш: қозу жоғары жүйке жүйесінің аурулары. Тағайындау мақсаты: орталық жүйке жүйесін тыныштандыру.
Қазіргі кезде бұл диета қолданылмайды, себебі жүйке жүйесі ауруының сипатына және ағзадағы басқа жүйенің зақымдалуына байланысты № 5, 10, 15 диетаның әртүрлі варианттары тағайындалады.
Көрсеткіш: жедел инфекциялық аурулар, баспа, үлкен көлемдегі операциядан кейін (асқазан-ішек жолдарынан басқа). Тағайындау мақсаты: тіндердегі репаративті үрдістерді және қалыпқа келтіру механизмдерін белсендендіру. Диета асқорыту мүшелерін қорғауға, сонымен қатар ағзадан микроб токсиндерін тез шығаруға бағытталған.
Жалпы сиапттамасы: ақуыз мөлшері физиологиялық қалыпты мөлшердің төменгі шекарасында, май, көмірсулар шамалы шектелген, сұйықтықтар дәруменделген шырындар түрінде беріледі. Майлы, тұзды, қиын қорытылатын клечаткаға бай тағамдар берілмейді. Тамақты үгітілген, езілген түрде, буға немесе суға пісірілген түрде береді.
Тамақтану режимі: тамақ тәулігіне 4-5 рет, аз мөлшерден беріледі.
Көрсеткіш: зәр тұнбасына фосфор-кльций тұздарының бөлінуімен жүретін бүйрек-тас аурулары (фосфатурия). Тағайындау мақсаты: зәр тұнбасына фосфор-кльций тұздарының бөлінуіне кедергі беретін және олардың ағзадан шығарылуына қолайлы жағдай туғызу.
Жалпы сипаттамасы: ақуыз, май, көмірсулар құрамы бойынша, калориясы барлық физиологиялық қалыпты мөлшерге сәйкес диета. Кальцийге бай сілтілендіру әсерін беретін тағамдарды шектеу(сүт өнімдері, ірімшік, көкөністер және жидектер), олар зәр реакциясын қышқыл ортаға өзгертеді (нан, ұннан пісірілген тағамдар, жарма, ет, балық). Сұйықтық көп мөлшерде (қарсы көрсеткіш болмаса), сұйықтықтың жалпы мөлшері 1,5-2 л.
Тамақтану режимі: тамақ тәулігіне 4 рет, арасында және аш қарынға су ішу.
Көрсеткіш: арнайы диетаны қажет етпейтін және асқорыту мүшелерінің бұзылыстары жоқ аурулар. Тағайындау мақсаты: емдеу мекемесінде толық тамақтандыруды қамтамасыз ету. Диета сау адамдарды тамақтандыру үшін және әртүрлі соматикалық аурулардан емделіп жазылу кезінде тағайындалады.
Жалпы сипаттамасы: ақуыз, май, көмірсулар құрамы сау адамдарды тамақтандырудың нормаларына сай. Дәрумендердің мөлшері екі еселенген. Тағам әртүрлі өнімдерден тұрады. Қиын қорытылатын тағамдар: майлы ет, тәтті қамыр, кептірілген өнімдер, шұжықтар шектелінеді. Қоспалар аз мөлшерде беріледі.
Тамақтану режимі: тамақ тәулігіне 4-5 рет беріледі. Соңғы тамақ жеңіл болуы қажет (тәуліктік калорияның 6-10% -ы) және ұйықтардан 1,5-2 сағаттан бұрын айран, сүт немесе шырын, көкөністер.
Стандартты диета жүйесі
Соңғы он жылдықта заманауй диетологияда диетаның нөмірлік жүйесіне көзқарас өзгерді. Певзнер бойынша диета жүйесі ескірген болып саналады, себебі ол ұжыммен тамақтандыруға арналған және ол науқастың өзіне емес оның ауруының моделіне негізделген.
Стандартты диетаның жаңа жүйесі бұрынғы қолданыстағы диета жүйесінен мынадай айырмашылығы: негізгі тағам құрамы, тағамның энергиялық құндылығы, дайындау технологиясы, орташа тәуліктік мөлшері бойынша ерекшеленеді. Бұрынғы қолданыстағы диетаның нөмірлік жүйесі (№№1-15диеталар) бірігіп асқыныстарға, аурудың ауырлық дәрежесіне, аурудың кезеңдеріне байланысты әртүрлі аурулар кезінде тағайындалатын стандартты диета жүйесіне кіреді. Стандартты диета жүйесін стационар жұмысына енгізу белгілі бір ауруы бар нақты науқасты диетамен емдеуге жеке қолдануға мүмкіндік береді (кесте 11).
Кесте 11.
Стандартты диета жүйесі
Стандартты диета варианттары |
Стандартты диетаның белгіленуі |
Нөмірлік жүйедегі бұрынғы қолданыстағы диета |
|
ДНВ (диетаның негізгі варианты) |
1, 2, 3, 5, 6, 7, 9, 10, 12, 13, 14, 15 |
|
ҚД (қорғаушы диета) |
1б, 4б, 4в, 5п (вариант 1) |
|
ЖАД жоғары ақуызды диета) |
4 э, 4аг, 5п, (вариант 2), 77в, 7е, 9б, 10б |
|
ТАД (төмен ақуызды диета) |
7б, 7а |
|
КТД калориясы төмен диета) |
8, 8ас, 9а, 10с |
Стандартты диетаның негізгі варианты
Қолдануға көрсеткіш: Созылмалы гастрит, асқазан және он екі елі ішек жарасының ремиссия кезеңі. Іш қатумен жүретін ішектің созылмалы аурулары. Жедел холецистит және гепатит, жазылу сатысы. Бауырдың функциональды жеткіліксіздік белгілері бар созылмалы гепатит. Созылмалы холецистит, өт-тас ауруы. Подагра, зәрқышқылды диатез, нефролитиаз, гиперурикемия, фосфатурия. Қантты диабет 2-ші тип, семіздіксіз немесе артық салмақсыз. Қан айналым жүйесінің бұзылыстары бар жүрек-қан тамыр жүйесінің аурулары. Гипертониялық ауру. Жүректің ишемиялық ауруы, жүректің тәж артериясының, ми, шеткері тамырларды атеросклерозы. Жедел инфекциялық аурулар. Қызба кезеңі.
Аталған диетаның бұл варианты М.И.Певзнер бойынша диетның келесі түрлерінің орнын басады: № 1, 2, 3, 5, 6, 7, 8, 9, 13, 14, 15.
Механикалық және химиялық қорғайтын диетаның стандартты варианты
Қолдануға көрсеткіш: Жедел гастрит, қышқыл ортасы сақталған немесе жоғарылаған созылмалы гастрит, шамалы өршу сатасы. Асқазан және он екі елі ішектің ойық жарасы, өршу және тұрақсыз ремиссия кезеңі. Гастроэзофагеальды рефлюкс ауруы. Шайнау аппараты қызметінің бұзылуы. Жедел панкреатит, өршу сатысының басылуы. Созылмалы панкреатит, өршу сатысы. Жедел инфекциялық аурулар және операциядан кейінгі (ішкі мүшелерге емес) жазылу кезеңі.
Аталған диетаның бұл варианты М.И.Певзнер бойынша диетаның келесі түрлерінің орнын басады: 1б, 4б, 4в, 5п (1-ші вариант).
Ақуыз мөлшері жоғары (жоғары ақуызды диета) стандартты диетаның варианты
Қолдануға көрсеткіш: ойық жара ауруы бойынша асқазан резекциясынан кейінгі 2-4 айда демпинг синдромы, холецистит, гепатит. Асқорыту мүшелерінің функциональды жағдайының бұзылуымен жүретін созылмалы энтерит. Глютенді энтеропатия. Созылмалы панкреатит, ремиссия кезеңі. Созылмалы гломерулонефрит, бүйректің азотты шығару қызметінің сақталуымен. 1 және 2 типті қантты диабет, семіздіксіз және бүйректің азотты шығару қызметінің бұзылуынсыз. Ревматизм белсенділік үрдісі шамалы, қанайналым белгілерінің бұзылуынсыз. Ревматизм, өршу сатысы. Өкпе туберкулезі. Іріңді үрдістер. Әртүрлі этиологиялы анемия. Күйік аурулары.
Аталған диетаның бұл варианты М.И.Певзнер бойынша диетаның келесі түрлерінің орнын басады: № 4э, 4аг, 5п (2 вариант), 7в, 7г, 9б, 10б, 11, 1Р.
Ақуыз мөлшері төмен (төмен ақуызды диета)
стандартты диетаның варианты
Қолдануға көрсеткіш: Созылмалы гломерулонефрит бүйректің азотты шығару қызметінің шамалы бұзылуымен, шамалы азотемия.
Аталған диетаның бұл варианты М.И.Певзнер бойынша диетаның келесі түрлерінің орнын басады: № 7б, 7а.
Калориясы төмен (төменгі калориялы)стандартты диетаның варианты
Қолдануға көрсеткіш:Арнайы тамақтану режимін қажет ететін асқорыту, жүрек-тамыр және басқа да жүйелердің аурулары бойынша асқыныстар жоқ алиментарлы семіздіктің әртүрлі дәрежесі. Семіздікпен жүретін 2 типті қантты диабет. Артық дене салмағы бар адамдардағы жүрек-қан тамыр жүйесінің аурулары.
Аталған диетаның бұл варианты М.И.Певзнер бойынша диетаның келесі түрлерінің орнын басады: № 8, 8а, 80, 9а, 10с.
Арнайы диета
Медицина тәжірибесінде М.И.Певзнер бойынша емдік диетаның номенклатруасына кірмейтін және «Емдеу-алдын-алу мекемелерінде емдік тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша инструкциялар» қолданылады.
Емдік тамақтандыру әртүрі аурулардың емдеу комплексіне медикаментті терапиямен қатар бір сатыға кіреді, ал кей жағдайда адамның толық жазылуына маңызды әсер етеді, сондықтан науқас адам үшін дұрыс және теңестірілген тамақтану режимін ұйымдастыру өте маңызды.
4. Бөлімшедегі науқастарды тамақтандыруды ұйымдастыру
Ауруханада пациенттер үшін шикі тағамды өңдеу үрдісі және тағамды дайындау орталықтандырылған асханада жүргізіледі және әр бөлімшеге арнайы маркирленген ыстықты сыртқа өткізбейтін ыдыстарда жеткізіледі. Тамақ ішу кезінде қолданатын ыдыстар ас тарататын бөлмеде арнайы сөрелерде сақталынады, арнайы ыдыс жуатын жуылып, ыстық сумен шайылып, залалсыздандырылады, одан кейін қайта сумен шайылып ыдыс кептіргіштерде кептіріледі. Ыдыс жууға қолданылатын сүлгілер дезинфекциялық ерітінділерге салынады. Тамақ қалдықтарын аузы жабық ыдыстарға тастайды.
4.1 Ауыз арқылы (пероральды) тамақтандыру.
Жалпы режимдегі пациенттер асты асханада ішеді. Қозғалысы шектелген режимдегі науқастар тамақты палатасында ішеді. Төсек тартып жатқан науқастарды тамақтандыу үшін кереуеттің үстіне науқастың алдына қойылатын үстелше қолданылады. Пациенттің кеудесін және мойнын сүлгімен жабады. Жағдайы ауыр науқастарды оған ыңғайлы жағдайда жатқызып, басын шамалы көтереді. Әлсіз науқастарды қасықпен тамақтандырады. Ал сұйықтық және сұйық тамақтарды ішкізу үшін арнайы су ішкізетін ыдыстармен береді. Күтуші адам бір қолымен пациенттің басын көтеріп, ал екіншісімен қасықта немесе су ішетін ыдысты науқастың аузына жақындатады (сурет 84)
www.vozrasta.net
dic.academic.ru
Сурет 84
Жағдайы ауыр науқасты тамақтандыру
www.vozrasta.net
Жағдайы ауыр науқасты қасықпен және шүмекпен тамақтандыру
Емшараны орындау:
-
Қолды жуу.
-
Науқастың тамақ ішкісі келетінін анықтау, дәрігермен немесе диетологпен келісіп ас мәзірін құру.
-
15 минут бұрын науқасқа тамақ ішетінін ескерту.
-
Бөлмені желдету, тумбочканы немесе кішкене үстелді жақындату.
-
Науқасты Фаулер қалпында жатқызу.
-
Пациенттің қолын жуу, алдын сүлгімен жабу.
-
Қолды қайта жуу.
-
Тамақты және ішуге сұйықтықты әкелу: ыстық тамақ (60°), суық тамақ бөлме температурсындай.
-
Қолдың алдыңғы бетіне бірнеше тамшы тамақты тамызу арқылы оның температурасын анықтау.
-
Науқастан сұйықтықты ішу үшін бірнеше рет ұрттауын өтіну.
-
Тамақтын түрін атап отырып баяу тамақтандыру. Қасықты тамақпен 2/3 көлемде толтыру. Қасықты науқастың астыңғы еріндеріне жақындату. Пациент аузын ашқанда қасықты тіліне тигізу және бос қасықты алып шығу.
-
Тамақты жұтуға және шайнауға уақыт беру.
-
Тамақты бірнеше рет жұтқаннан кейін шүмектен сұйықтық ішкізу.
-
Еріндерін және иегін сүлгімен сүрту.
-
Соңынан науқастың аузын сумен шаю.
-
Ыдыстарды жинау.
-
Қолды жуу.
4.2 Жасанды тамақтандыру
Науқасты табиғи жолмен тамақтандыру мүмкін болмаса міндетті түрде жасанды тамақтандыруды ұйымдастыру қажет. Жасанды тамақтандыру науқастың дене салмағын жоғалтуының, тапшылық жағдайлардың (микроэлементтер, дәрумендер) алдын-алады, ақуыз синтезін төмендетеді және қарқынды емдеу әдісіне жатады.
Жасанды тамақтандыру асқазанға ауыз немесе мұрын арқылы енгізілген зондтың немесе гастростома арқылы (асқазанның операциялық жыланкөзі) немесе илеостома (ащы ішектің опреациялық жыланкөзі) көмегімен жүзеге асырылады. Егер бұл жолмен тамақтандыру мүмкін болмаса қоректік заттар және сұйықтықтар парентеральды – асқазан ішек жолдарынан тыс (көктамырға тамшылап) енгізіледі.
Энтеральды (зондпен) тамақтандыру
Зондпен тамақтандыру – ауыз арқылы тамақтану қиындық туғызса және мүмкін болмаған жаңдайда ағзаға тамақтық заттарды енгізудің бір әдісі. Зондпен тамақтандыру инсульт, бас сүйек-ми жарақаты кезінде шайнау және жұтыну бұзылғанда ауыз-жұтқыншақ зақымдануда, ми бағанасының ісігінда, жүйке жүйесінің ақауы және т.б. кезде қолданылады. Зондпен тамақтандыруды ес түсі жоқ науқастарға тағайындайды. Зондпен тамақтандыруға қарсы көрсеткіш: ішек парезі немесе ішек инфарктісі, ішек өтімсіздігі.