ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 25.08.2021
Просмотров: 4764
Скачиваний: 18
СОДЕРЖАНИЕ
3.8 Дезинфекциялық перепараттармен жұмыс істеу кезіндегі сақтық шаралары.................51
Адам ағзасындағы шартты-патогенді микроорганизмдердің ең көп мөлшердегі орналасатын орындары:
Қол деконтаминациясының мақсаты:
3.7 Дезинфекциялық ерітінділерді дайындау техникасы
Хлорлы әк ерітіндісін дайындау техникасы
Гипохлорит кальций ерітіндісін дайындау техникасы
3.9 Дезинфекциялық препараттармен кенеттен улануда көрсетілетін бірінші көмек
3.10 Дезинфекцияның биологиялық әдісі
6. Қолғапты шешу, қауіпсіздік сақталған контейнерлерге утилизацияға жіберу.
4.4 Залалсыздандырудың ауалық түрі
Құрғақ- ыстықты залалсыздандыру
4.6 Стерилизацияның газды әдісі
Науқастың мәжбүрлі қалпының бірнеше варианттары
Кеуде клеткасының шеңберін өлшеу
- еркектерге тән түр (андроидты немесе висцеальды семіздік) – майдың іште жиналуы (сурет 40 б);
Сандық немесе электронды термометр
Білезік артериясында пульсті тексеру
Артериалды қысымды өлшеу әдістері
1. Науқас таңертеңгі сағат 6-да унитазға кіші дәретке отырады.
2. Кіші дәретке әр отырған сайын арнайы ыдысқа зәрін жинайды және диурезді өлшейді.
3. Келесі күннің таңертеңгі сағат 6-ға дейін зәрін жинайды.
4. Есепке алу қағазына шыққан зәрдің мөлшерін тіркеу (уақытын көрсету).
5. Есепке алу қағазына ағзаға түскен сұйықтық мөлшерін тіркеу (уақытын көрсету).
Мысалы: енгізілген сұйықтық – 1350 мл, шыққаны – 1250 мл.
Оң тепе-теңдік (>90%) – зәр айдайтын дәрілердің әсер етуі.
Әртүрлі ақаулар кезінде шығаратын несептің көлемі өзгеріп отырады:
Гигиеналық ванна Гигиеналық душ Шомылғанда мейірбикенің көмегі
2.1 Науқас күтімі кезінде төсек жаймасын ауыстыру
Жағдайы ауыр науқастың төсек-жаймасын ұзына бойлай ауыстыру әдісі
Жағдайы ауыр науқастың төсек-жаймасын көлденеңнен ұзына бойлай ауыстыру әдісі
1.2 АІЖ-нің жұқтыру көздері және қауіп топтары
АІЖ-нің жұқтыру көздері: науқастар, АІЖ қоздырғыштарын таратушы, медициналық персонал және науқастардың күтімін қамтамасыз ететін адамдар (сонымен қатар студенттер), науқастың ауруханаға жағдайып білуке келген туысқандары.
Адам ағзасындағы шартты-патогенді микроорганизмдердің ең көп мөлшердегі орналасатын орындары:
Стафилококк (алтын түстес стафилококк): қол, қолтық, шап қатпарлары, жұтқыншақ.
Стрептококк: қолдың тері жамылғылары, жұтқыншақ.
Көк іріңді таяқшасы: қол, жұтқыншақ, ішек, зәр шығару жолдары.
Клебсиеллалар: жұтқыншақ, ішек, зәр шығару жолдары.
Ішек таяқшалары: қол, ішек, зәр шығару жолдары.
Қауіп топтарына жататын субъект ретінде қарастырылады:
-
Зерттеудің инвазивтиі әдістері мен емі жасалатын хирургиялық, урологиялық, жан сақтау бөлімшесіндегі науқастар;
-
иммунологиялық реактивтілігінің төмендеуі бар келушілер, әсіресе балалар және жасы үлкен адамдар;
-
пациентке күтім жасаған туыстар;
-
медициналық қызметкер.
1.3 АІЖ пайда болуына әсер ететін факторлар
АІЖ пайда болуына және таралуына әкеліп соғатын факторларға жатады:
-
Сыртқы факторлар (барлық стационарларға тән):
-
аппаратура және құрал-жабдықтар
-
тағамдық азық- түлік
-
ауа
-
дәрілік заттар
-
Пациенттің микрофлорасы:
-
тері жамылғылары
-
асқазан-ішек трактісі
-
зәр шығару жүйесі
-
тыныс жолдары
-
Стационарда жүргізілетін инвазивті медициналық манипуляциялар.
-
қуықтың және тамырлардың ұзақ уақытты катетеризациясы
-
интубация
-
анатомиялық барьерлердің хирургиялық әдістен бүтіндігінің бұзылуы
-
эндоскопия
-
Медициналық персонал:
-
патогенді микроорганизмдерді тұрақты түрде тасымалдаушылар
-
патогенді микроорганизмдерді уақытша түрде тасымалдаушылар
-
аурулар немесе инфекцияға шалдыққан қызметкерлер
1.4 Аурухана ішілік инфекцияның себептері және дамуы:
-
Аурухана ішілік инфекция көздерінің эпидемиологиялық қауіптілігін, іріңді-септикалық инфекциямен ауыратын науқастармен қатынаста жұқтыруды дұрыс бағаламау және дер кезінде шектей алмау;
-
Медицина қызметкерлері мен науқастар арасында аурухана ішілік инфекция тасымалдаушылар мен жұқтырғандардың болуы;
-
Медицина қызметкерлерінің аспетика және антисептика, жеке гигиена, ағымды және қорытынды дезинфекция ережелерін, тазалау ережелерін бұзуы;
-
Медицина құралдарының, аппараттарының, жабдықтарының стерилизация және дезинфекция режимін бұзу;
-
Шектеу және қорғау режимі іс-шараларын бұзу.
1.5 АІЖ жататын аурулар
-
Таралған инфекциялар: сепсис, бактериальды шок, вирусемия және т.б.
-
Шектелген инфекциялар
-
Тері жамылғылары және тері асты клетчатка инфекциялары: инъекциядан кейінгі абсцесстер, омфалит, тілме, пиодермия, тері асты клетчаткасының абсцессі және флегмонасы, парапроктит, мастит, дерматомикоздар және т.б.;
-
Респираторлы инфекциялар: бронхит, пневмония, плеврит және т.б.;
-
Көз инфекциялары: конъюнктивит, кератит, блефарит және т.б.;
-
ЛОР-инфекциялар: отиттер, синуситтер, ринит, мастоидит, ангина, ларингит, фарингит және т.б.;
-
Стоматологиялық инфекциялар: стоматит, абсцесс жәнет.б.;
-
Ас-қорыту жүйесі инфекциялары: гастроэнтероколит, энтерит, колит, холецистит, гепатиты, перитонит және т.б.;
-
Урологиялық инфекциялар: пиелонефрит, цистит, уретрит және т.б.;
-
Жыныс жүйесі инфекциялары: эндометрит және т.б.;
-
Буын және сүйек инфекциялары: остеомиелит, артрит, омыртқа аралық дисктер инфекциялары;
-
Орталық нерв жүйесі инфекциялары: менингит, ми абсцессі және т.б.;
-
Жүрек-қан тамырлар жүйесі инфекциялары: эндокардит, миокардит, перикардит, ота жасалғаннан кейінгі медиастинит.
1.6 АІЖ алдын-алу
1.Санитарлы-эпидемиологиялық қадағалау бойынша іс-шаралар:
-
Емдік-профилактикалық мекемедегі қоршаған ортадағы объекттерді санитарлы-бактериологиялық зерттеу, әсіресе жан сақтау және интенсивті терапия бөлімінде;
-
Аурухана ішілік инфекция жағдайын тіркеу, есепке алу және аурушаңдық анализі;
-
Аурухана ішілік инфекция қоздырғышын анықтау;
-
Микроорганизмдердің антибиотиктерге, антисептиктерген, дезинфектанттарға тұрақтылығын анықтау;
-
Медицина қызметкерлерінің денсаулығын қадағалау (аурушаңдық, бактерия тасымалдаушылық);
-
Емдік-профилактикалық мекемедегі санитарлы-гигиеналық және эпидемияға қарсы режимді ұстануды қадағалау;
-
Инфекция көзін анықтау іс-шаралары
-
Аурухана ішілік инфекциямен ауыратын науқастарды дер кезінде анықтау;
-
Әр аурухана ішілік инефкция жағдайында эпидемиолгиялық тергеу жұмыстарын жасау;
-
Науқастарды дер кезінде арнайы бөлімше, палаталарға орналастыру;
-
Медицина қызметкерлері арасында аурухана-ішілік инфекция тасымалдаушылар көзін анықтау;
-
Медицина қызметкерлері мен науқастар арасында қоздырғыш тасымалдаушыларды санациялау;
-
Аурухана ішілік инфекцияның берілу механизмдеріне қарсы іс-шаралар:
-
Науқастарды «іріңді» және «таза» топқа жіктеу;
-
Эпидемиологиялық көрсеткіш бойынша карантинді іс-шараларды кірістіру;
-
Медицина қызметкерлерінің қолын өңдеуі;
-
Операция аймағын, тері қабаттары, босану жолдарын өңдеу;
-
Бір ретті қолданылатын медицина құралдарын, арнайы киімдерді, дәретхана жабдықтары мен төсек жабдықтарын қолдану;
-
Іш киімдері мен төсек жабдықтарын кезеңді ауыстыру;
-
Кір киімді және таңу заттарын дұрыс сақтау, жою;
-
Бөлмелерді дұрыс санитарлық қадағалау;
-
Әр пациенттен кейін төсек жабдықтары мен күтім заттарын дезинфекциялау және стерилизациялау;
-
Дезинфекцияны, стерилизация алды тазалау мен стерилизация сапасын қадағалау.
-
Науқастарды бокс палаталарына жатқызылуына дейін баратындай бір-бірінен алшақ ұстау;
-
Организм төзімділігін арттыруға бағытталған іс-шаралар:
-
Әлсіз науқастарды жеке қадағалау;
-
Микробқа қарсы заттарды рационалды қолдану;
-
Иммунитетті көтеруге арналған қаттарды қолдану: иммуномодуляторлар, дәрумендер;
-
Емдік-профилактикалық мекеме қызметкерлерін эпидемиологиялық көрсеткіш бойынша вакцинациялау.
-
САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИЯҒА ҚАРСЫ РЕЖИМ
Санитарлық – эпидемияға қарсы режим – бұл ұйымдық кешен, гигиеналық және эпидемияға қарсы, ауруханаішілік инфекцияларды алдын алуға арналған санитарлық эпидемиялық іс – шараның кешені. Инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ЕАМ –гі негізгі тапсырманың бірі деконтаминация- қорғау және жою мақсатындағы микроорганизмдерді құрту және жою үрдісі.
Емдеу-алдын-алу мекемелерде аурухана ішілік инфекцияның алдын-алу сұрақтары бойынша басты рөл орта және кіші медицина қызметкерлеріне тиесілі. Санитарлы-гигиеналық және эпидемияға қарсы режимінің талаптарын күнделікті, толық ұстану қауіпсіз аурухана ортасының негізі.
Санитарлық – эпидемияға қарсы режимге қойылатын негізгі талаптар ҚР ДСМ бұйрықтары және нұсқауларымен, санитарлық нормамен немесе ережелермен (СНжЕ) реттелінеді. Эпидемиолог ЕСМ санитарлық –гигиеникалық және эпидемияға қарсы режимнің зерттемесін жасайды, санитарлық-профилактикалық іс-шараның орындалу жауапкершілігі бас медбикеге, бөлімнің аға медбикелеріне артылады.
Аурухананың санитарлы жағдайы мекеменің жабдықтары мен аспаптарында санитарлы-эпидемияға қарсы талаптарын ұстанумен анықталады. Барлық бөлмелер таза ұсталынуы қажет. Профилактикалы-эпидемияға қарсы іс-шараларды қамтамасыз ету, инфекциялардың таралуын алдын алу, санитарлы-гигиеналық режимді қамтамасыз ету үшіне тазалау жұмыстарын жасайды.
2.1 Емдеу-алдын-алу мекемесіндегі тазалау түрлері:
Жинаудың мына түрлері бар:
-
Дымқыл жинау;
-
Генеральды жинау;
-
Қорытынды дезинфекцияға сәйкес жинау.
Дымқыл жинау палатаға (еден, жиҺаз, құрылғылар, терезенің алды, есіктер) сөткесіне 2 рет жүргізіледі (терезенің жақтаулары, жиҺаздар дымқыл шүберекпен сүртіледі, еден жуылады); жуу ерітіндісін 1 рет қосу арқылы (10 л суға 50 г құрғақ зат), 2-ші рет бекітілген концентрациядағы дезинфекциялақ затты қолдану арқылы.
Бөлімше палаталарын, функциональды бөлмелерге қортынды жинау дезинфекциялық заттарды қолдану арқылы айына 1 рет және эпидемиологиялық көрсеткіш бойынша қабырға, еден, құралдар, инвентарьлар, жарық шамдарды өңдеумен жүзеге асырылады. Операциялық блок, таңу, босану бөлмелері, егу, манипуляциялық, стерилизациялық бөлмелер, қарқынды емдеу бөлмелеріне қортынды жинау аптасына 1 рет жүргізіледі.
Қортынды жинау кезінде бөлменің төбесі, қабырғалар, кереуеттер, тумбалар, үстел және асқа жиҺаздарды сүртуге болады:
а) 0,5% жуу ерітіндісі (10 л суға 50 г ұнтақ немесе жуғыш қасиеті бар дезинфекциялық ерітінді) және таза сумен шаю;
б) шаю немесе сүрту әдісі бойынша 10 л сумен беткейлер сумен жуылып, кептіріледі (қабырғалар, жиһаздар, аппараттар, аспаптар).
Бөлме өндеуден өткеннен кейін дезинфекциялық ерітіндінің белгілі экспозициясына жабылады, экспозициядан кейін, бөлмені желдетеді. Барлық беткейлер таза мата арқылы сумен жуылып, кептіріледі (қабырғалар, жиһаздар, аппараттар, аспаптар).
Қорытынды дезинфекция – науқас шыққан соң, ауыстырылған соң, өлімінен кейін бос қалған палатада қорытынды типті дезинфекция жасалады.
Қорытынды дезинфекция – науқас ауруханадан шыққаннан кейін, басқа бөлімшеге ауысқанан кейін, немесе қайтыс болғаннан кейін, босаған палатада дымқыл жинау басталады, қорытынды дезинфекцияға сәйкес. Қорытынды дезинфекцияға сәйкес жинау мынадай әдіспен жүргізіледі, бөлменің төбесін, қабырғаларды, төсектерді, тумбаларды, үстелдерді және де басқа жиһаздарды бекітілген концентрациямен дымқыл матаны дезинфекциялық ерітіндіге малып алып шаю, сүрту (кесте 2).
Кесте 2.
Жинауға арналған құрал-жабдықтардың зарарсыздандырылуы
|
Концентрациясы |
Экспозициясы |
Хлорамин Б |
1%, 3% |
120 мин. 60 мин. |
Дезактин |
0,2 % |
60 мин. |
Хлорлы әк |
3% 1 % |
60 мин. 120 мин. |
6% су тегінің асқын тотығың 0,5% жууға арналған затпен |
|
60 мин. |
Жинаудың соңында дезинфекциялық ерітіндімен едендер жуылады, содан кейін кварц жарығы қосылады, соңында бөлме желдетіледі. Дымқыл жинастыруды аяқтаған кезде қолданылған жууға арналған маталар дезинфекцифлық ерітіндіде зарарсыздандырылады, ағынды сумен дезинфекциялық заттың иісі кеткенге дейін тазартылып жақсы жуылады және кептіріледі.
Бөлмелердегі барлық тазалау жұмыстары мейірбикемен бірге жасалады, мейірбике тазалауды таза аймақтан бастайды, яғни манипуляциялық үстелі, таңу үстелі, медициналық шкаф, тоңазытқыш, кушетка, мейірбикенің жұмыс үстелі, ал санитар орындық, есік, есік тұтқаларын, терезе алдын, санитарлы түйіндер мен еденді жумен аяқтайды.
Палаталарда санитар тазалауды төсектен, терезе алдынан, есік тұтқаларынан, одан кейін санитарлы түйіндерге тазалау жүргізіп, еденді жуумен аяқтайды. Тамақтану үстелі, азық-түлікке арналған тумбочка және тоңазытқышты тамақ таратушы өңдейді.
Терезе әйнектерін іш жақтан жуу айына кем дегенде 1 рет, сырт жақтан және кірлену деңгейіне қарай жуу 3 айда кем дегенде 1 рет жасалады.
Палаталарды желдету тәулігіне кемінде 4 рет. Косметикалық жөндеу жұмыстары жылына бір рет, қажет болған жағдайда оданда жиі жасалуы қажет.
2.2 Қызметкердің гигиенасы
Медициналық қызметкердің жеке бас гигиенасының кердеңдігін қайта бағалау қиын. Жеке бас гигиенасының ережесіне: күнделікті душ немесе ванна, халаттың және басқа жеке киімдердің жуылуы; ауыздың және мұрынның (бірреттік масканы киюі) қорғануы; адамдар жанында тұрған кезде жөтелгенде және түшкіргенде басты басқа жаққа бұру, қолды жуу.
Стационарда қызмет атқарушы персонал ауысымды жұмыс киімін: халат (хирургиялық костюм), қалпақ, бір реттік қолғаптар, маскалар пайдалуы қажет. Медициналық киімнің аймақтары жеке киімді толықтай жабуы тиіс. Шаштың барлығы толықтай қалпақпен жабылуы тиіс. Ауысымды аяқ киім тоқусыз материалдан, дезинфекция үшін жетімді, ыңғайлы және шусыз (биік өкшесіз) болуы керек. Жұмыс орнында шәркейлерді киюге рұқсат етілмейді. Макияж барынша табиғи болуы қажет. Барынша ароматталған дезодарантпен және әтірді пайдаланбауға тырысу керек, себебі олар науқастарға аллергиялық әсер көрсетуі мүмкін. Медициналық қызметкерден жағымсыз киім, темекінің иісі шықпау керек.
Инфекциялық науқастарды тексеріп жатқан қызметкер жұмысқа келгеннен соң жеке киімін шешіп, санитарлық нормамен қаралған жұмыс киімін және аяқ киімін киюі керек. Жұмысты аяқтағаннан соң санитарлық өткізілімдегі өңдеуден (душ қабылдау) өтуі керек. Үй киімін және арнайы киімді бөлек – бөлек шкафтарда сақтау керек. Халаттың ауысуы, қалпақтың (жаулықтардың) аптасына 2 реттен өндірілуі керек. Жұмыс киімнің науқастардан ластануы кезінде тез арада ауыстырылуы тиіс. Шаруашылық қызметкерлер (шаруашылық меңгерушісі, сантехник, столяр және т.б.), бөлімшеге кірерде санитарлық халат киюі, шығарда бөлімшеде қалдыруы қажет.
Емделушінің санитарлық өңдеуінде, асхананы тазалауда, медициналық, дәріханалық ыдыстың, сонымен қатар горшоктарды және судноларды өңдегенде резенкелі алжапқыш кию керек. Ауруды тасымалдар кезінде, бір бөлімшеден екінші бөлімшеге ауыстырарда, жұмыскерлер (медбике, санитар) өзінің халатының үстінен 2 – ші халатты киюі тиіс, себебі науқасты ауыстырарда халат дезинфекцияға тапсырылады.
Қызмет атқарушы жұмысшыға тиым салынады:
-
аурудың кереуетіне отыруға;
-
бөлімшеге немесе жұмыс орнына арнайы киімсіз келуге;
-
арнайы жұмыс киімімен инфекциондық бөлімшеден шығуға немесе жұмыс киімнің үстінен басқа киім киюге, қандай жағдайда болсын арнайы киімді үйге әкетуге;
-
асханада немесе буфетте арнайы жұмыс киіммен тұруға;
-
ауруларға арналған әжетхананы пайдалануға, науқасқа қатысты ыдыстарды немесе басқада заттарды пайдалануға;
-
тамақты палатада, дәлізде немесе зертханаларда пайдалануға;
-
палатада, дәлізде немесе зертханада темекі тартуға;
-
бір бөлімшеден басқа бөлімшеге немесе палаталарға еш себепсіз кіруге.
2.3 Қол деконтаминациясы (өндеу)
Қол деконтаминациясы – АІЖ алдын-алуға арналған ең маңызды іс –шара. Қолдың тиімді өңделуі үшін керек шарттар: қысқартылған тырнақтар, тырнақ бояуының және жасанды тырнақтардың, қолда сағат және әшекей бұйымдардың болмауы.
Қол деконтаминациясының мақсаты:
1 –ыдырау өнімдерін және микроорганизмдерді жою;
2 –пациенттің инфекциялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
3 – жеке гигиенаның және тазалықтың жоғарғы деңгейін қамтамасыз ету;
4 – микроорганизмдердің өсіп- өнуін тоқтату.
Медициналық персонал әр науқасты тексерер алдында, емшараны орындағанға дейін және орындағаннан кейін, бөлімені тазалағаннан кейін, іш –киімді ауыстырғанда, әжетханадан соң және т.б. кезде қолды жууға тиіс.
Қолдың деконтаминациясының үш деңгейін белгілейді: әлеуметтік, гигиеналық, хирургиялық.
-
Әлеуметтік деңгей (қолдың әдеттегі жууы) – аз ластанған қолды сумен немесе сабынмен жуу (зарарсыздандырғыштар қолданылмайды) терідегі көп мөлшердегі транзиторлы микроорганизмдерді жояды. Қолды әлеуметтік өңдеу тамақты пайдаланар алдында, әжетханадан соң, наусқасты тексерерде және тексеріп болғаннан соң, қол ластанғанна соң өткізіледі.
Қолды өңдеудің ережелері. Қолдағы барлық әшекейлерді, сағатты шешу керек, себебі олар қолдағы микроорганизмдерді жоюға қиындық соқтырады. Қолдар сабынданады, кейін жылы ақпа сумен шайылады және барлығы қайта қайталанады. Қолды бірінші рет сабындағанда немесе жылы сумен шайған кезде қолдың терісіндегі микроорганизмдер жойылады. Жылы суды пайдаланғанда немесе қолды ысқылағанда тері ашылады, сол үшін қайталап сабындаған және шайған кезде ашылған терідегі микроорганизмдер жуылады. Жылы су сабынның аса тиімді әсер етуіне көмектеседі, сол сияқты ыстық су қолдың бетінен қорғаныстық майдың қабатын жояды. Осыған байланысты қолды жуу үшін ыстық суды пайдаланбаған дұрыс.