ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 25.08.2021
Просмотров: 4748
Скачиваний: 18
СОДЕРЖАНИЕ
3.8 Дезинфекциялық перепараттармен жұмыс істеу кезіндегі сақтық шаралары.................51
Адам ағзасындағы шартты-патогенді микроорганизмдердің ең көп мөлшердегі орналасатын орындары:
Қол деконтаминациясының мақсаты:
3.7 Дезинфекциялық ерітінділерді дайындау техникасы
Хлорлы әк ерітіндісін дайындау техникасы
Гипохлорит кальций ерітіндісін дайындау техникасы
3.9 Дезинфекциялық препараттармен кенеттен улануда көрсетілетін бірінші көмек
3.10 Дезинфекцияның биологиялық әдісі
6. Қолғапты шешу, қауіпсіздік сақталған контейнерлерге утилизацияға жіберу.
4.4 Залалсыздандырудың ауалық түрі
Құрғақ- ыстықты залалсыздандыру
4.6 Стерилизацияның газды әдісі
Науқастың мәжбүрлі қалпының бірнеше варианттары
Кеуде клеткасының шеңберін өлшеу
- еркектерге тән түр (андроидты немесе висцеальды семіздік) – майдың іште жиналуы (сурет 40 б);
Сандық немесе электронды термометр
Білезік артериясында пульсті тексеру
Артериалды қысымды өлшеу әдістері
1. Науқас таңертеңгі сағат 6-да унитазға кіші дәретке отырады.
2. Кіші дәретке әр отырған сайын арнайы ыдысқа зәрін жинайды және диурезді өлшейді.
3. Келесі күннің таңертеңгі сағат 6-ға дейін зәрін жинайды.
4. Есепке алу қағазына шыққан зәрдің мөлшерін тіркеу (уақытын көрсету).
5. Есепке алу қағазына ағзаға түскен сұйықтық мөлшерін тіркеу (уақытын көрсету).
Мысалы: енгізілген сұйықтық – 1350 мл, шыққаны – 1250 мл.
Оң тепе-теңдік (>90%) – зәр айдайтын дәрілердің әсер етуі.
Әртүрлі ақаулар кезінде шығаратын несептің көлемі өзгеріп отырады:
Гигиеналық ванна Гигиеналық душ Шомылғанда мейірбикенің көмегі
2.1 Науқас күтімі кезінде төсек жаймасын ауыстыру
Жағдайы ауыр науқастың төсек-жаймасын ұзына бойлай ауыстыру әдісі
Жағдайы ауыр науқастың төсек-жаймасын көлденеңнен ұзына бойлай ауыстыру әдісі
Биомеханиканы білу клиникалық медицинаға қажет. Көбінесе мүшелердің биомеханикасын білу олардың жұмысын реттеуді түсінуге көмектеседі; протез-ортопедиялық заттарды құрастыруда биомеханика негізі болып табылады. Биомеханика мәліметтері қанайналым жүйесін диагностикалауда, жүрекке және өкпеге жасалатын отаға көрсеткішін немесе қарама-қарсы көрсеткіштерін анықтауға,жасанды қанайналым аппараттарын жасауға, жарақаттардың алдын-алу және емдеу мақсатында, спортсмендер жаттығу ғылыми жүйесін дамытуға, еңбекті ғылыми ұйымдастыруға қолданады.
Дененің биомеханика заңын науқастар және оған күтім жасайтын адамдардың жарақаттанбауы үшін білу қажет. Науқастың сүйек-бұлшықет жүйесі, анатомиялық ерекшеліктерін, ақау мен жетістіктерін білу науқасты тасымалдауға, оны әртүрлі қалыпта тасымалдау, төсектегі қалпын өзгертуге қажет. Медициналық қызметкерге де өз сүйек-бұлшықет жүйесітуралы білуі керек, өйткені тасымалдауға немесе науқастың дене қалпын өзгертуге жұмсайтын уақыт пен күшін дұрыс есептеуі қажет.
Науқасты тасымалдауды дұрыс ұйымдастыру – медициналық қызметкер мен науқастың қауіпсіздігіне кепілдік береді, жоғары сапалы емдік және диагностикалық процесс жағдайымен қамтамасыз етеді. Осыған байланысты әр тасымалдауға қатысатындар қауіпсіздік техникасымен танысуы керек.
Өзі жүру мүмкіндігі шектелген ауыр жағдайдағы науқас немесе адамды тасымалдау күрделі операция ретінде қаралуы тиіс. Бұндай адамдарды тасымалдар алдында істеу жоспары талқылануы керек: мақсаты және баратын жері, қозғалыс ұзақтығы, тасымалдау түрі және әдісі, операцияға қатысушылар саны, әрқайсының рөлі, қозғалу бағытының қысқалығы және қауіпсіздігі, науқастың қалпы, оның жабдығы, қозғалуға көмектесетін заттар. Тасымалдауды тәжірибесі бар мейірбике басқарады, ол өз кезегінде емдеуші дәрігерден науқастың ауру ерекшелігі және тасымалдау кезінде науқас жағдайы нашарлауының алдын-алуы туралы нұсқау алады.
Науқастың өзін де тасымалдауды жүргізуге үйрету қажет. Егер науқас медициналық қызметкерге көмектесе алатын жағдайда болса, оған тасымалдау мақсаты туралы айтып беру керек, тасымалдауға ең ыңғайлы қалып туралы кеңесу, ұстаудың ауырмайтын әдістері, қолмен қармау әдісін қолданғанда қай қолынан ұстауға болатынын білу және тіреуге қай аяғын қолданатынын білу қажет. Егер науқас медициналық қызметкерге көмектесе алмайтын жағдайда болса, онда сенімділік және тыныштық жағдайын орнатуға тырысу керек, қозғалыстың басталғанын ескерту, қажет болса өткен кезеңдері туралы айтып отыру немесе қозғалыс кезінде болатын кедергілерді ескерту. Науқастың жағдайын үнемі мейірбике қадағалап отырады, ол қозғалыстың жылдамдығын, тоқтату, қауіпсіздіктің қосымша шараларын қабылдау немесе медициналық көмек шараларын жүргізеді.
6.4 Науқастарды тасымалдау түрлері және әдістері
Науқастарды тасымалдау үшін арнайы құралдар қолданылады: каталкалар, орындық-каталкалар, зеңбілдер. Құралдарды қолданар алдында құрылымымен мұқият танысып, барлық бөліктерінің дұрыстығын тексеру қажет.
Жедел жәрдем автокөліктерінде науқасты зеңбілде (диагнозына сәйкес) бас жағын немесе аяқ жағын көтеріп жатқызып немесе отырғызып тасымалдайды. Балаларды қолда ұстап тасымалдайды. Фельдшер көліктің салонында науқаспен бірге болып, оның жағдайын бақылап, қажет жағдайда көмек көрсету керек. Науқас туыстарының немесе таныстарының науқаспен бірге еріп баруын шешу фельдшердің құзырында. Балаларды ата-анасының қатысуымен тасымалдайды (сурет 10).
liveangarsk.ru
Сурет 10.
Жедел жәрдем автокөлігі
Жұқпалы аурулармен ауырған науқастарды тасымалдаудан кейін жедел жәрдем автокөлігінде дезинфекция жүргізеді. Персонал халатын ауыстыруы қажет. Біреуден артық жұқпалы аурулармен ауырған науқастарды бірге тасымалдау мына жағдайда, егер бір жұқпалы аурумен ауырса және жұқпалы кезеңінің дәрежесін есепке алған жағдайда жүргізіледі. Өте ауыр жағдайдағы науқастардың тасымалдануын тек реанимация бригадалары жүзеге асырады. Тасымалдау алдында жағдайын тұрақтандыру мақсатында емдік іс-шаралардың кешенін жүргізеді.
Жағдайы ауыр науқастарды алыс жолға тасымалдау кезінде келесі ережелерді сақтау қажет:
• Науқас қызығушылықтарын қадағалау
Жағдайы ауыр науқастарды тасымалдау кейбір қауіптермен байланысты, егер тасымалдау мақсаты (арнайы клиникада ем алу) науқасқа клиникадан алатын емнен пайда әкелсе науқас үшін тәуекелге баруға болады.
• Науқас жағдайын минимальді тұрақтандыру
Науқастың өмірге қажетті жүйелерінің (тыныс алу, жүрек-қантамыр) тұрақты жағдайда болуымен байланысты жағдайы. Егер науқаста шоктық жағдай болса, басында гемотома болған жағдайда хирургиялық емге дейін және жедел инфаркт жағдайында, құрсақ қуысында қандай да бір патологияны хирургиялық емге дейін науқасты алыс жолға тасымалдауға кеңес берілмейді.
•Реанимобильдің қажет құралдармен жабдықталуы
Автомобиль реанимациялық палата ретінде құралдармен жабдықталуы қажет. Науқасқа барынша ыңғайлы және жайлы жағдай жасалуы керек. Ұзақ жол науқастың кушеткада ұзақ жатуына әкеледі, сондықтан кушеткада қосымша селкілді азайтатын тетік. Селкілдеуді және шайқалуды азайту мақсатында науқастың басын арнайы ұстағышпен бекітеді (сурет 11).
www.nevworker.ru
Сурет 11.
Реанимобиль
Жедел жәрдемнің турбирленген реанимобильдің техникалық комплектациясы жылдамдықты жоғарлатқанда және бұлтарысты жолда вибрацияны және шайқалысты шақырмайды. Реанимобилде қажетті құралдың барлығы болады: өкпенің жасанды вентиляция құралы, науқас мониторы, дефибриллятор, өкпе мен тыныс алуды қамтамасыз ететін оттегінің қоры, дәрілік заттардың жиынтығы, дәрілік заттарды мөлшермен беретін, және тамшылатып енгізетін құралдар, ертінділер, сонымен қатар мұздатқыштармен, термоконтейнерлермен жабдықталған.
Реанимациялық топ құрамында науқас жағдайын үздіксіз бақылайтын дәрігер-реаниматолог және анестезист – мейірбике болады. Қажет жағдайда науқастың сырқытына байланысты арнайы маман дәрігер болады. Егер науқаста инсульт болса, невролог немесе нейрохирург маманы қосымша еріп жүреді. Көптеген жарақаты бар науқастардың қасында – травматолог немесе ортопед маманы, науқаста хирургиялық патология анықталса (дренажбен, операциядан кейінгі кезеңде) – дәрігер-хирург және т.б. болады. Ұзақ жолға науқасты тасымалдағанда көліктің жүргізушісін ауыстыратын қосымша жүргізуші қажет. Науқасты тасымалдауға қатысатын адамдар саны 5-ден кем болмауы керек.
Реанимобильмен тасымалдаудың арақашықтығы 600 км аспауы талап етіледі. Егер басқада тасымалдау әдістері мүмкін болмаса (авиатасымалдау, теміржол транспорты), науқастың сырқатының факторларына және тұрғылықты жеріне байланысты арақашықтығы 600 км асатын тасымалдау жөнінде шешім қабылданады.
Стационарда бөлімге (емдік, реанимациялық) науқасты жеткізу үшін, науқастың жағдайына және сырқат түріне байланысты тасымалдау түрін дәрігер шешеді. Үш әдісі бар — медицина қызметкерінің шығарып салуымен науқас өзі еркімен жүріп бара алады, отырған қалпында орындық-арбамен, жатқан қалпында—каталкамен тасымалдануы қажет. Өз бетінше жүре алатын науқастар қабылдау бөілімінен палатаға кіші медициналық қызметкер (кіші мейірбике, санитар) көмегімен келеді, өз бетінше қозғала алмайтын науқастарды бөлімге зеңбіл немесе орындық-арбамен тасымалдайды. Тасымалдаушы құрал (каталка, зеңбіл) арнайы клеенкамен қапталған матрацпен және таза жаймамен жабдықталады, басына арнайы жастық беріледі (клеенкалы қаппен, сыртынан маталы тыспен тысталған). АІИ алдын алу мақсатында жайманы әрбір науқастан кейін ауыстырып отырамыз және қолданылған жайманы арнайы қапқа саламыз, матрац пен жастықты екі рет дезинфицирлейтін ертіндіге малынған шүберекпен өңдейміз.
6.5 Зеңбілмен тасымалдау
Зеңбілмен тасымалдауда зақымдалу аз кездеседі. Стандартты санитарлы зеңбіл 2 бөренеден, серіппелі құлыптан және аяқшалардан 2 болат кернегіштен, ауыспалы брезентті матадан және қайыстан тұрады. Зеңбілдің ұзындығы 2,1-2,2 м, ені 55-60 см, салмағы 9,5-10 кг. Қазіргі уақытта жеңілденген зеңбілдер түрі жасалған салмағы 7,5 кг. Зеңбілді келесі әдіспен жазады: екі тасымалдаушы қайысты тартып, ұстағыштан керіп тізесімен тіреп кернегіш шертпек шыққанша зеңбілді ашады да түзулеп жазады. Әрбір тасымалдаушы кернегіш құлыптарының дұрыс жабылғандығын тексереді: тасымалдаушылар бір сәтте құлыпты ашып, кернегішті өздеріне қарай тартып зеңбілді ашады, аяқтарын үсіне қаратып аударады.
Зеңбілге мүмкіндігінше төсемше немесе мықты жапқыш салған жөн, тек жапқыштың бір шеті (ұзындығына) зеңбілдің үстін жауып, ал келесі шеті қасында тұруы қажет. Науқасты зеңбілге жатқызғаннан кейін келесі жарты жапқышпен жабамыз. Науқасты зеңбілден түсірген кезде жапқыш шеттерінен ұстап түсіруге ыңғайлы. Жылдың суық мезгілінде науқасқа бас киім кигізіп, аяқтарын жылы жабу керек. Шок жағдайындағы науқасты қосымша жылытуды ұмытпаған жөн.
Зеңбілде ессіз жатқан, шок жағдайындағы, басми қанайналымы бұзылған, жедел миокард инфарктісімен науқастарды, сонымен қатар жүктілік асқыныстары бар жүкті әйелдерді (эклампсия, түсік қаупі бар болған сәтте және т..б.), сан сүйегінің жарақаты кезінде (сынықтар, кең көлемді жарақаттар), құрсақ қуысының ауыр хирургиялық немесе гинекологиялық аурулармен, бас-ми жарақаттарымен, омыртқа жарақат зақымдалуларымен тасымалдайды (сурет 12).
Сурет 12.
Науқастарды зеңбілмен тасымалдау:
а – баспалдақпен төмен түскенде; б-баспалдақпен жоғары көтерілгенде
Тасымалдау үрдісі кенеттен болатын серпілістен ерекше абайлаумен жүргізілуі тиіс. Тасымалдаушының аяқ алысы аздаған және тізе буынының жеңіл бүгілісімен сипатталып, зеңбілді горизонтальді деңгейде ұстауы қажет.
Егер тасымалдау кезінде біреуі шаршағанды сезсе, тез арада келесі тасымалдаушыға хабарлауы керек, себебі шаршаған саусақтар кенеттен жазылып кетуі мүмкін. Тасымалдау уақытында артында келе жатқан тасымалдаушы науқастың жағдайын үнемі бақылап, халін сұрап отыруы керек.
Науқасты зеңбілге жатқызу үшін екі тасымалдаушы науқастың астына қолдарын қояды: біреуі басына және арқасына, келесісі – жамбас және тізе астына; бір сәтте көтеріп зеңбілге жатқызады. Баспалдақпен көтеріп және түсіргенде зеңбілдің бас және аяқ жағын көтеру арқылы горизонтальді деңгейін ұстап тұруы керек. Науқас қолдары тұлға бойымен орналасады. Баспалдақпен төмен түсіргенде науқас аяғымен бағытталып тасымалданады. Артқы тасымалдаушының қолы жазылған шынтақпен, ал алдыңғы тасымалдаушы иығына салып тасымалдайды.
Баспалдақпен жоғары көтергенденауқастыбас жағымен бағытталған күйінде горизонтальді қалыпта тасымалдаймыз. Алдыңғы келе жатқан тасымалдаушының қолы шынтықта жазылған, ал артқы тасымалдаушы иығында орналасқан. Жедел қан жорғалтқанда немесе АҚҚ өте төмен жағдайда керсінше тасымалдайды.
Әртүрлі жарақаттар науқасты тасымалдауда қажетті қалыпты талап етеді, себебі жарақаттану әсерін азайту мақсатында (кесте 5).
Кесте 5.
Жарақатына байланысты зардап шегушінің тасымалдау кезіндегі оптимальді қалпы
Жарақат түрлері |
Науқас қалпы |
Ессіз жағдайда |
Тұрақты қырымен жатқан қалып (басын артқа) |
Бастың алдыңғы бетінің және беттің жарақаттары |
Арқасына жатқан қалып (басын артқа) |
Омыртқаның зақымдалуы |
Арқасына жатқан қалыпында (қатты төсеніште) |
Жамбас сүйектерінің сынығы |
Арқасына жатқан қалыпында (тізе және жамбас-сан буындарында аяқтарын бүккен қалпында) |
Аяқтарының сынығы |
Арқасына жатқан қалыпында |
Құрсақ қуысы мүшелерінің жарақаты және ішкі қан кетулер |
Арқасына жатқан қалыпында (тізе буыны жартылай бүгілген) |
Бас сүйегінің қарақұс аймағының жарақаты |
Ішімен жатқан қалыпында |
Арқаның, бөксенің және аяқтың сыртқы бетінің жарақаты |
Ішімен жатқан қалыпында |
Бас сүйегінің бет бөлігінің жарақаты |
Отырған қалпында |
Кеуде қуысының жарақаты |
Жартылай отырған қалпында |
Қабырғалар сынығы |
Отырған немесе жартылай отырған қалпында |
Қолдардың жарақатында |
Отырған қалпында |
Соққылар, тырналулар және кесілген жаралар |
Отырған қалпында |
Көптеген аймақтарда науқастарды тасымалдау үшін құралдармен жабдықтаудың стандартты хаттамасы бар, мұндай әдіспен қолдану науқастарды тасымалдауды ұйымдастыруды және көрсететін көмекті жақсартады.
Ессіз жатқан науқастарды құсық массасымен аспирациясының және тілінің артқа түсіп кетуінің алдын алу үшін тұрақты қырымен жатқан қалыпында тасымалдайды. Басын артқа шалқайтамыз. Науқасты оң жақ қырына жатқызған дұрыс, бұл жағдайда қанайналым және тыныс алу бұзылысы аз айқындалады (тек егер оның кеуде қуысының оң жағы зақымдалуы болмаса!) (сурет 13).
tlttimes.ru
Сурет 13.
Тұрақты қырымен жатқан қалып
Омыртқалары зақымдалған науқастарды қатты төсеніште горизонталді арқасына жатқан қалыпында тасымалдау қажет, егер қатты төсеніш болмаса – қарапайым жартылай жұмсақ зеңбілде ішімен жатқан қалпында. Омыртқаның мойын бөлігінің зақымдалуында — арқасында жатқан қалпында, иммобилизациядан кейін басын артқа шалқайтамыз. Омыртқалары зақымдалған науқастарды қырымен жатқызуға тыйым салынады!
Қабырғалар сынығымен науқастарды отырған немесе жартылай отырған қалпында тасымалдайды (жалпы жағдайына байланысты). Экссудативті плевритті, пневмоторакспен және кеуде қуысының енген жарақаттары кезінде науқастарды жартылай отырған қалпында немесе зеңбілдің бас жағын көтеріңкі қалыппен тасымалдайды.
Құрсақ қуысы мүшелерінің жарақаты және ішкі қан кетулер кезінде – науқасты арқасына жатқызып, құрсақ прессін босату мақсатында тізе астына бүктелген көрпені қояды. Жамбас сүйектерінің сынығы кезінде науқастарды тізе және жамбас-сан буындарында аяқтарын бүгіп арқасында жатқан қалпында тасымалдаймыз; сан сүйектері екі жаққа ашылған; тізе астына жұмыр жастық қою міндетті. Аяқтарының сынығы кезінде – таңғыш қалаққа зақымдалған аяғының астына жастық немесе көрпе саламыз. Егер қан кеткен жағдай болса – аяқтарының қалпын жоғарлатамыз.
Қарақұс аймағында жарақат, сынық немесе басқада зақымдалу болса маақта-дәкелік айналым қоямыз. Бас сүйектерінің сынығы кезінде зеңбілдің бас жағын төмендетіп, жастықсыз арқасымен жатқан қалпында тасымалдаймыз. Бас жағына көрпеден, киімнен немесе ауамен үрілген жұмыр жастық саламыз. Бас сүйегінің бет сүйектерінің жарақаттарында және мұрыннан, ауыз қуысынан қан кетулер болса науқасты отырған қалпында тасымалдаймыз. Жақ сүйектері зақымдалса ішімен жатқызып, маңдайының және кеудесінің астына жұмыр жастық саламыз (киімнен немесе қолда бар заттан).
Күйік жарақатты науқастарды сау жағына жатқызып көрпемен, ал күйген жағына зарарсызданған жаймамен мұқият жабамыз. Өкпе ісінуі, бронх және жүрек демікпесі ұстамасы кезінде науқастарды горизонталді қалыпта жатқызуға тыйым салынады, тасымалдау отырған қалпында, ал балаларды вертикалді қалыпта қолымызға ұстап тасымалдаймыз.