ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 25.08.2021
Просмотров: 4765
Скачиваний: 18
СОДЕРЖАНИЕ
3.8 Дезинфекциялық перепараттармен жұмыс істеу кезіндегі сақтық шаралары.................51
Адам ағзасындағы шартты-патогенді микроорганизмдердің ең көп мөлшердегі орналасатын орындары:
Қол деконтаминациясының мақсаты:
3.7 Дезинфекциялық ерітінділерді дайындау техникасы
Хлорлы әк ерітіндісін дайындау техникасы
Гипохлорит кальций ерітіндісін дайындау техникасы
3.9 Дезинфекциялық препараттармен кенеттен улануда көрсетілетін бірінші көмек
3.10 Дезинфекцияның биологиялық әдісі
6. Қолғапты шешу, қауіпсіздік сақталған контейнерлерге утилизацияға жіберу.
4.4 Залалсыздандырудың ауалық түрі
Құрғақ- ыстықты залалсыздандыру
4.6 Стерилизацияның газды әдісі
Науқастың мәжбүрлі қалпының бірнеше варианттары
Кеуде клеткасының шеңберін өлшеу
- еркектерге тән түр (андроидты немесе висцеальды семіздік) – майдың іште жиналуы (сурет 40 б);
Сандық немесе электронды термометр
Білезік артериясында пульсті тексеру
Артериалды қысымды өлшеу әдістері
1. Науқас таңертеңгі сағат 6-да унитазға кіші дәретке отырады.
2. Кіші дәретке әр отырған сайын арнайы ыдысқа зәрін жинайды және диурезді өлшейді.
3. Келесі күннің таңертеңгі сағат 6-ға дейін зәрін жинайды.
4. Есепке алу қағазына шыққан зәрдің мөлшерін тіркеу (уақытын көрсету).
5. Есепке алу қағазына ағзаға түскен сұйықтық мөлшерін тіркеу (уақытын көрсету).
Мысалы: енгізілген сұйықтық – 1350 мл, шыққаны – 1250 мл.
Оң тепе-теңдік (>90%) – зәр айдайтын дәрілердің әсер етуі.
Әртүрлі ақаулар кезінде шығаратын несептің көлемі өзгеріп отырады:
Гигиеналық ванна Гигиеналық душ Шомылғанда мейірбикенің көмегі
2.1 Науқас күтімі кезінде төсек жаймасын ауыстыру
Жағдайы ауыр науқастың төсек-жаймасын ұзына бойлай ауыстыру әдісі
Жағдайы ауыр науқастың төсек-жаймасын көлденеңнен ұзына бойлай ауыстыру әдісі
Жағдайы ауыр науқастың төсек-жаймасын ұзына бойлай ауыстыру әдісі
Іс-шараның орындалуы:
1. Науқасты абаймен бүйіріне ауыстырып, басынан жастығын алу.
2. Жастықтан тысын шешіп, лас жаймаға арналған қапқа салады, науқас жастығына таза тыс кигізеді.
3. Таза жайманы ұзына бой жартысына дейін бүктейміз.
4. Науқасты бетін өзіне бүйірімен қаратып төсек жиегіне ауыстырамыз (науқасты көмекші ұстап тұрғаны дұрыс).
5. Лас жайманы бұрамша ретінде ұзына бойы науқасқа бағыттап бүктеп алады.
6. Таза жайманы босаған бөлікке жаямыз.
7. Науқасты арқасына жатқызамыз, содан кейін таза жайманың үстіне ауыстыру үшін басқа бүйіріне жатқызамыз.
8. Лас жайманы алып тастап, таза жайманы жазып матрас астына бүктейміз.
9. Қолданылған жайманы қапшыққа саламыз.
10. Науқасты ыңғайлы жатқызамыз.
11. Көрпесіне таза тыс кигізіп, науқасты жабамыз.
12.Қолданылған тысты қапшыққа саламыз.
13.Қапшықты жауып, шаруашылық бикесіне зарарсыздандыру үшін апарамыз.
14.Қолғапты шешеміз
15.Қолды гигиеналық әдіспен өңдейміз.
Жағдайы ауыр науқастың төсек-жаймасын көлденеңнен ұзына бойлай ауыстыру әдісі
Іс-шараның орындалуы:
1. Таза жайманы көлденең бағытта бүктейміз.
2.Науқастың денесінің жоғарғы бөлігін абаймен көтеріп, басынан жастықты аламыз (науқасты көмекші ұстап тұрғаны дұрыс).
3. Лас жайманы науқастың бас жағынан бастап беліне дейін бүктейміз.
4. Таза жайманы босаған бөлікке жаямыз.
5. Таза жаймаға жастықты саламыз және науқасты оған жатқызамыз.
6.Науқастан тізелерін бүгуін сұрап, табанымен кереуетке тіреліп жамбасын көтеруін сұраймыз (егер науқасқа бұл қиын болса, көмекші сол жақ қолын науқас сегізкөзінің астына салып жамбасын көтеруге көмектеседі).
7. Лас жайманы алып тастап, таза жайманы жазамыз.
8. Науқастан жамбасын түсіруді сұраймыз.
9. Сирақ аймағынан науқастың аяғын демеп көтереміз де лас жайманы ысырып тазаны жаямыз.
10. Науқас аяғын түсіреміз.
11. Қолданылған лас жайманы қапшыққа саламыз.
12. Науқасты ыңғайлы жатқызамыз.
13. Қолқапты шешеміз
14. Қолды гигиеналық әдіспен өңдейміз.
2.2 Жағдайы ауыр науқастардың киімін ауыстыру
Егер науқас толық болса немесе толығымен қозғалмаса, киімін жалғыз ауыстыру қиындық тудырады және мейірбике денсаулығына қауіпті. Бұл жағдайда киімді ауыстыру көмекшінің қатысуымен жүргізіледі. Науқас киімін ауыстырар алдында таза киім жиынтығын дайындап аламыз, қолданылған заттарды салатын қапты және медициналық қолғапты дайындаймыз. Таза жейде науқас көлемінен бір көлемге үлкен болуы тиіс (сурет 58).
dic.academic.ru
Сурет 58.
Науқас жейдесін ауыстыру
Іс-шараның орындалуы:
1. Ең алдымен науқас басын жеңіл көтеріп, жастықты аламыз.
2.Науқасты абаймен көтеріп, науқас сегізкөз аймағына қолын өткізіп жейденің шетін ұстаймыз және оны мұқият қолтық астына дейін, ал арқасынан - мойнына шейін көтереміз.
3. Осыдан кейін науқас қолдарын көтеріп, мойынында жиырылған жейдені басы арқылы өткізіп шешеміз, лас жейдені науқас бетіне тигізбейміз.
4. Науқас басын жастыққа түсіреміз.
5. Науқас қолдарын жеңінен босатамыз: алдымен сау қолын, содан кейін ауру қолын.
6. Қапшықты жауып, шаруашылық бикесіне зарарсыздандыру үшін апарамыз.
Жағдайы ауыр науқастың таза жейдесін жоғарыда айтылған ретпен киіндіреміз:
1. Таза жейдені арқасында жинаймыз
2. Ауру қолына жеңін кигізіп, содан кейін сау қолын кигіземіз
3. Қолдарын кеудесіне қойып, оң қолымен науқасты демеп және сол қолымен жейдені мойын тесігінен басы арқылы кигіземіз
4. Төменге дейін жейдені жазамыз.
2.3 Науқасты төсекте жатқызудың түрлері
Науқасты Фаулер қалпында жатқызу
Фаулер қалпы —бұл отыру мен жату қалпының аралық қалпы. Функциональді және қарапайым кереуетте де қолданыла алады. Физиологиялық бөліністерді төсекте атқарғанда қажет жағдайда қолданады, сонымен қатар сал науқастардың ойық жарасының алдын алу мақсатында қолданады (сурет 59).
larece.ru
Сурет 59.
Науқасты Фаулер қалпында жатқызу
Іс-шараның орындалуы:
1. Төсек бас жағын 45-60 градус бұрышына көтеру. Көтерілген жағдай өкпе вентиляциясын жақсартады, сонымен қоса науқаспен қатынасуға жайлылық тудырады.
2. Науқас басына төмен жастық қою мойын бұлшықеттерінің бүгілу контрактурасынан сақтайды.
3. Егер науқас қолдарымен өз бетінше қозғалыс жасай алмаса қолының астына жастық қоямыз. Қолға тіреу қою веноздық іркілуді азайтады және қол және қол басы бұлшықеттерінің бүгілу контрактурасының алдын алады.Сонымен қатар, тіреулер иық жарақатының алдын алады.
4. Бел аймағының омыртқаларына жүктемені азайту үшін науқас бел астына жастық немесе поролонды төсем салған жөн.
5. Науқастың дене салмағының ауырлығы әсерінен тізе асты артериясының басылуының алдын алу үшін сан астына жастық немесе бұрау салады.
6. Өкше астына кішкене жастық салу (өкше сүйегінің ойық жарасының алдын алу мақсатында) және науқас табанына 90 бұрышта тіреу қоямыз («салбыраудың» алдын алу және табанның сыртқа бүгуін қолдау).
Науқасты Симс қалпында жатқызу
Симс қалпы – ішпен жатумен және бүйірімен жату арасындағы аралық қалып. Функциональді және қарапайым кереуетте де қолданыла алады. Науқастың мәжбүр пассивті қалпы үшін және ойық жараның алдын алу үшін қолданылады (сурет 60).
Сурет 60.
Науқасты Симс қалпында жатқызу
Іс-шараның орындалуы:
1.Төсек бас жағын горизонтальді қалыпта ұстаймыз.
2. Науқасты «бүйіріне жату» және жартылай «ішімен жату» қалпына келтіреміз (төсекте науқас ішінің жартысы орналасады);
3. Науқас басына мойынның бүйірлік бүгілуінің алдын алуы үшін жастық саламыз.
4. Жастықты иық деңгейінің бүгілген шынтақ және иық буындарының 90 градустағы бұрышқа саламыз. Басқа қолын бүкпей жаймаға саламыз (дененің дұрыс биомеханикасын сақтау үшін); Мұның барлығы науқас денесінің жазылуына және иықтың ішкі бұралуының алдын алады.
5. Бүгілген «жоғарғы» аяғының астына жастық салу, себебі аяғы сан деңгейінде орналасуы үшін (санның ішке айналуының, тізе буындарының және тобықтың ойық жараларының алдын алу үшін қолданылады);
6. Аяқ табанының астына құм салынған қапты қою («салбыраудың» алдын алу және табанның сыртқа дұрыс бүгуін қолдау).
Науқасты жоғарыда аталған қалыптарға жатқызып, оның ыңғайлы жатқандығына көз жеткізу керек. Барлық қалыптар төсек тартып жатқан ойық жара дамуының қаупі бар кезде әрбір 2 сағат сайын бір науқасқа қолдана алынады.
2.4 Бұзылған қажеттілікті қанағаттандырудағы мейірбикелік әрекеттер
Науқас адам жеке гигиенасын жүзеге асыру кезінде көмекке мұқтаж болады: жуыну, қырыну, ауыз қуысының күтімі, шаш, тырнақ күтімі, дәрет алу, ванна қабылдау және тамақтану. Бұл кезде мейірбике қолдары науқас қолдарының қызметін атқарады. Бірақ көмектесе отырып, науқас дербестігінде талап ету керек, сол үшін оның тілегін мадақтаған да жөн.
Медициналық қызметкер науқастың дербестігін сақтау мақсатында науқасты және оның отбасы мүшелерін «өзін- өзі күту» әдістеріне белсене қатысуына шақыруы керек (кесте 7-10).
Кесте 7.
Науқастың физиологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыру кезіндегі көмек
Қажеттіліктер |
Бұзылған қажеттілікті қанағаттандырудағы мейірбикелік әрекеттер |
Ауаға |
Кереует бас жағын көтеру, науқасқа Фаулер қалпын беру. Науқасты үйрету: - жөтелу, тыныс алу жаттығулар техникасын; - тұншығу ұстамасында өзіне-өзі көмек көрсету әдістерін; - ингаляторды өзбетінше қолдануды. |
Тағамда |
Науқас тамақтануында көмектесу. Науқасты адекватты тамақтануға үйрету. Диетаны сақтауға науқасқа және оның туыстарына кеңес беру |
Сұйықтық қабылдауда |
Науқасқа ішуіне көмектесу. Қажетті сұйықтық мөлшерімен қамтамасыз ету |
Өмір қажеттіліктерінің өнімдерін бөліп шығару |
Науқастың судномен және зәр қабылдағышпен қамтамасыз ету. Науқасты және туыстарын памперсті, судноны, зәр қабылдағышты қолдануды үйрету. Үлкен және кіші дәретке отырған кезде науқас қауіпсіздігін жіне жекеленуін қамтамасыз ету |
Ұйқыда |
Жайлы ұйқыға жағдай жасау. Ұйқы бұзылысының себебін анықтау. Ұйқыны реттейтін дағдыға науқасты үйрету (ұйқы алдында серуендеу) Науқасты күн тәртібін құрастыруға, дем алуға үйрету. |
Қозғалыста |
Адам жағдайына қозғалыс шектелуінің әсерін анықтау. Науқас және туыстарын төсектегі қозғалыс және ЕДШ әдістеріне үйрету. Төсектен тұру, балдақпен немесе таяқпен жүру әдістерін үйрету (қозғалуға рұқсат бар кезде). |
Жанасуда |
Науқаспен сөйлесе отырып оны қолынан ұстау, жастығын және көрпесін түзеу. Науқас жақындарына оны жиі құшақтауына кеңес беру |
Кесте 8.
Науқастың қауіпсіздік қажеттіліктерін қанағаттандыру кезіндегі көмек
Қажеттіліктер |
Бұзылған қажеттілікті қанағаттандырудағы мейірбикелік әрекеттер |
Сенімділікте |
Кереуетті максимальді төмен деңгейге түсіру. Мейірбике немесе туыстарының көмегімен тұруына және қозғалуына нұсқау беру. Науқасты жүру кезінде таяқпен жүруге үйрету |
Қорғаныста |
Қоршаған ортаның қауіпсіздігінің науқас жағдайының әсер етуінің сыртқы факторларға тәуелділігін анықтау. Қоршаған ортаның қауіпсіздігін қолдайтын шараларға науқасты және туыстарын оқытып үйрету. Шешілмейтін мәселелерге науқасты адекватты шешім қабылдауына көмектесу. |
Паналықта |
Стационардан шығарар алдында науқастың үйі бар екендігіне көз жеткізу. Егер науқас панасыз болса мүгедектер немесе қарттар үйіне жіберуге әрекет жасау |
Киімде |
Киім таңдауда науқастың физикалық және сана-сезімдік қабілетін анықтау Науқасқа киім киюіне және шешуіне көмектесу. Науқастың өз бетінше киініп және шешінген сіттерін мадақтау. |
Кесте 9.
Науқастың әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыру кезіндегі көмек
Қажеттіліктер |
Бұзылған қажеттілікті қанағаттандырудағы мейірбикелік әрекеттер |
Мақұлдауда |
Науқастың өздігінен күтімін жүзеге асыруына деген тілегін, мақсатын және жетістіктерін мадақтау |
Түсінуде |
Науқаспен қатынасу әдісін таңдау. Науқасты тыңдау, қызығушылық таныту, мәселесіне зейін бөлу, жан ашу |
Бауыр басу мен махаббатта |
Науқастың жағдайына байланысты туыстарына зейін мен махаббаттың, қамқорлықтың қажеттілігі мен орнын айту . |
Отбасында |
Науқасқа тез жазылуын және оған оның да қатысуын айтып, түсіндіру Туыстары мен достарына қоңырау шалуына көмектесу. |
Кесте 10.
Науқастың өзіндік сыйлау мен сыйластық қажеттіліктерін
қанағаттандыру кезіндегі көмек
Қажеттіліктер |
Бұзылған қажеттілікті қанағаттандырудағы мейірбикелік әрекеттер |
Сыйластықта |
Әлеуметтік жағдайына тәуелсіз науқасты аты-жөнімен атау Науқасты толғандыратын мәселелер науқас үшінде жіне Сіз үшін де аса қажет екендігін түсіндіру. |
Өзіндік сыйластықта |
Науқасқа қиындық туғызған және оны орындаған іс-шараның маңыздылығын науқасқа айтып түсіндіру |
Жетістікте |
Іс-шараны орындаған жетістікті орындағаннан кейін науқасты және туыстарын мадақтау, жетістігімен бөлісуге мүмкіндік беру |
2.5 Тері күтімі
Адам терісі бірнеше қызметті атқарады:
-
қорғаныштық (механикалық зақымнан, микроорганизмдердің және токсикалық заттардың сыртқы ортадан енуінен қорғайды);
-
аналитикалық (терінің сезімталдығы);
-
терморегуляторлы (тәулігіне дені сау адамда тер бөліну арқылы жылудың берілуі 20% құрайды, ал қызбасы бар науқастарда – едәуір көбірек);
-
бөліп шығару (тері арқылы, оның тері бездері суды, мочевинаны, зәр қышқылын, натрий, калий және т.б. заттарды бөліп шығарады).
Тыныштық кезінде қалыпты дене температурасында 1 л жуық тер тәулігіне бөлінсе, ал қызбасы бар науқастарда 10 л және одан да артық бөлінеді. Тері арқылы газ алмасу күшейіп, бұзылған зат алмасу өнімдері бірнеше ретке өседі, ол тер бөліну кезінде теріде қалып, треніні бұзады. Терінің кірлеуі оның қорғаныштық қасиетін, қалыпты микрофлорасын бұзып инфицирленуге жағдай туғызады. Сондықтан науқастың жеке басының гигиенасында дене тазалығы басты рөл атқарады.
Жалпы режимдегі науқастар өз беттерінше 7 күнде бір рет ванна немесе душ қабылдай алады. Төсек немесе қатаң төсек режиміндегі науқастарға ванна қабылдау және душ алу жағдайының ауырлығына байланысты және асқынулардың даму қаупіне сай қарсы көрсеткіш болып табылады. Бірақ, мұндай науқастардың терісінің гигиенасын сақтау және терісінің күтімі мұқият жүзеге асырылуы тиіс.
Төсек режиміндегі науқастарды жуындыру және қолын жуу күнделікті жүргізіледі. Бетін, мойнын, денесінің жоғарғы бөлігін күнделікті, ал қолдарын — әр тамақтанған сайын жуады.
Теріні ылғалды сүрту
Теріні ылғалды немесе дезинфицирлеуші ертіндімен сүртеді, мысалы, одеколонмен, 10% камфор спиртінің ертіндісімен, тағам сірке қышқылымен, су және спирт бірдей бөліктерінің ертіндісімен. Алдымен бет терісін, құлақ артын, содан кейін мойнын, арқасын, қолтық астын және кеуде қуысын сүртеді.
Ылғалды сүртінуді өткізу үшін мына жабдықтар қажет: клеёнка, жайма, астауша, жылы су, сірке немесе камфор спирті, майлықтар, орамалдар.
Іс-шараның орындалуы:
1. Науқасты клеёнканың үстіне салынған жаймаға жатқызамыз.
2. Алдын ала дайындалған астаушаға жылы су құйып, оны мына пропорцияда спиртпен араластырамыз (немесе алма сірке суымен): 1 ас қасық 1 литр суға.
3.Алынған ертіндіде майлықты матырып алып науқастың жоғарғы дене бөлігін сүртеміз, мұны бетінен және мойнынан бастап, қолдарымен, арқасымен және кеудесімен аяқтаймыз.
4. Науқастың тазарған дене бөліктерін құрғатып сүртеміз.
Ерекше зейінді шат аралық аймағының, қолтық асты аймағының, ал әйел адамдарда – сүт бездерінің астының терісіне аударған жөн. Салмағы артық әйел адамдарда ерекше зейінді кеуде асты қатпарларына аудару қажет, себебі баздану жиі дамиды. Жылы сумен мұқият жуғаннан кейін құрғатып, ұнтақ себеміз.
Терісі зақымдалған науқастарда инфицирленудің алдын алу мақсатында күтімді сақтықпен жасаймыз.
Теріде жедел іріңді қабынуы бар науқастарға дәкені – ылғалды, кебу байламдарын саламыз. Ылғалды кепкен байлам емдік ертінділерге малынған 5-6 қабатты дәкеден тұрады; оны теріге қойып, гигроскопиялық мақтаның жұқа қабатымен жабады және дәкемен бір-екі рет бекітеді, байламды 3-4 сағат сайын ауыстырады. Араласқан «быламық» қоспасын теріге тәулігіне 2 рет дәке-мақталы тампонмен жағады. Жақпаларды тікелей теріге немесе жұмсақ тінге жағып, жеңіл бекітеді.
2.6 Ойық жаралардың алдын-алу және күтім жасау
Ұзақ төсек режимінде жатқан науқастарда ойық жараның дамуы мүмкін, әсіресе науқас көп уақыт бойы арқасымен жатқан қалпында болса. Басқа себептеріне терінің жүйесіз күтімі немесе оның болмауы, ыңғайсыз төсек немесе төсек жаймасын сирек ауыстыру, дұрыс тартып салынбауы жатады.
Ойық жаралар – терінің және жұмсақ тіндердің шығыңқы сүйектермен төсек арасында ұзақ жаншылу әсерінен беткей немесе терең зақымдалып, семуі.
Ойық жаралардың құралуы
Ойық жараның пайда болуына үш фактор әсер етеді:
-
қысым
-
«кесу күші»
-
қажалу
Қысым– адамның сүйенетін беткейлерінде өз дене салмағының әсерінен дене тіндерінің басылуы жүреді. Тіндердің басылуынан тамырлар диаметрі азаяды, тіндерге қан келуі азайып, «тіндердің ашығу» жағдайы дамиды. Толық басылғаннан кейін 2-3 сағат ағымында некроз (өлуі) дамиды. Осал тіндердің басылуының күшеюі төсек жаймасымен, тығыз байламдарымен және адам киімімен күшейеді.
«Кесу күші» - тіндердің бұзылуы және механикалық зақымдалуы тіндердің ауысуымен жүреді. Тіндердің ауысуы науқас төсегінен төмен түсіп кетіп, бас жағына қарай тартылғанда, сонымен қатар мед.қызметкердің немесе науқас туыстарының дұрыс емес қозғау нәтижесінде дамиды. Төмен жатқан тіндердің микроциркуляциясы бұзылып, тін оттегі жетіспеушілігінен өледі. Кейбір ауыр жағдайда бұлшықеттің және лимфа түйіндерінің жыртылуы жүреді де терең ойықтардың дамуына әкеледі.