Файл: УЧЕБНИК ВК 1 КАЗ В МОН исправлен (1) 29.01.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 25.08.2021

Просмотров: 4606

Скачиваний: 18

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

3.7 Дезинфекциялық ерітінділерді дайындау техникасы........................................................50

3.8 Дезинфекциялық перепараттармен жұмыс істеу кезіндегі сақтық шаралары.................51

4.6 Стерилизацияның газды әдісі..............................................................................................60

2.1 Науқас күтімі кезінде төсек жаймасын ауыстыру ...........................................................127

2.2 Жағдайы ауыр науқастардың киімін ауыстыру................................................................129

2.3 Науқасты төсекте жатқызудың түрлері.............................................................................130

Адам ағзасындағы шартты-патогенді микроорганизмдердің ең көп мөлшердегі орналасатын орындары:

Қол деконтаминациясының мақсаты:

«Деохлор» құралы салмағы 3,4 гр қамтитын дәрілер түрінде келеді, оның құрамында 1,5 г (44,2%) белсенді хлорлы дихлоризоциануралық қышқылының қызметтік заты - натрий тұзы бар. Оның бактерияға қарсы, вирулицидтік және фунгицидтік қасиеті белгілі. Асқазанға енгізілгендегі қалыпты-қауіпті заттардың 3 классына жатқызылады. Белсенді хлоры 0,1% немесе одан да жоғары шоғырлануы жағдайында тыныс алу ағзалары мен көздің зақымдануын туғызады.

Бактериялдық туындау себебі бар инфекциялар кезінде (өкпе құрт ауруы мен аурухана ішілік инфекцияларды туындатушылар), вирусты инфекциялар кезінде (ЖИТС, парентеральды жұғу механизмді гепатиттер), түрлі профильді ЕПМ-дегі қышыма қотыр туындау себебі бар инфекциялар кезінде (күнделікті және жаппай жинастыру жүргізу үшін), балалар мекемемелеріндегі инфекциялық ошақтар кезінде (қорытынды дезинфекция жүргізу үшін) бөлмедегі жиһаз, санитарлық-техникалық құрал-жабдықтар, төсек жабдықтары, ыдыс-аяқ, ойыншықтар, медициналық құрал-жабдықтарды дезинфекиялау үшін қолданылады. Ауруларды алдын-алу мақсатында 0,015% ерітінді пайдаланылады (1 дәріні 10 литр суға ерітеміз).

«ДЕЗ-ХЛОР» дезинфекциялық құралының белсенді заты - дихлоризоциануралық қышқылдың натрий тұзы. Ол салмағы 3,35 гр-дық хлорлы иісті ақ дәрілер түрінде шығарылады. Бұл дезинфекциялық құралдың микробқа қарсы әсері бактерияларға (өкпе құрт ауруы микобактериясын қоса айтқанда), вирустарға (полиомиелит, энтеровирус инфекциялары, Коксаки, ЕСНО, энтеральды және парентеральды гепатиттер, ЖИТС инфекциясы, тұмау, «H5N1 құс тұмауы», ЖРВИ, герпетикалық, аденовирустық және т.б. инфекциялар), Кандида текті қышыма қотыр, дерматофиттерге бағытталады.

«Дюльбак ДТБЛ» дезинфекциялық құралының құрамында 4,5% диде-цилдиметиламмоний хлориді, 6% беткейлі-белсенді заттар, 6% сілтілі тұздары бар иіссіз, қою көгілдір тұстес, сұйық концентраты. Бактеридцидті (туберкулоцидті), вирулицидті (парентеральды вирустық гепатиттер мен ВИЧ-инфекция қоздырғышына қарасты), фунгицидті (Кандида және дерматофит тектес қышыма қотырға қарасты), жуып-шаюшы қасиетке ие.

ЕПМ-дегі алдын-алу, күнделікті, қорытынды дезинфекциялау кезінде бөлме бедері, жиһаз, медициналық қолданыстағы бұйымдар, төсек-жабдық, ыдыс-аяқ, науқастарды күту құралдарды өңдеуде қолданылады. Бактериалды (өкпе құрт ауруын қосқанда), қышыма қотыры (кандидоз, дерматофития), вирустық (гепатит пен ЖИТС) инфекция ошағында дезинфекция жүргізгенде де пайдаланылады. Өңдеу жұмысын ерітіндімен сүрту, суармалау және толыққанды ерітіндіге енгізу арқылы жүргізеді. Ерітіндіні орта есеппен 2-ден 50 мл шамасында сумен араластырып дайындау көзделген.

 «Санивап» дезинфекциялық құралы - салмағы 3,5 (±0,3) гр ақ түсті дөңгелек пішінді дәрі. Белсенді заты – дихлоризоциануралық қышқылдың натрий тұзы -73,0% және қызметтік құрамдас бөліктер: адипинді қышқыл, натрий гидрокарбонаты. Белсенді хлор массасы (1 дана дәріні суда еріткенде) 1,5±0,15 г. Микробқа қарсы әсері бактерияға (өкпе құрт ауруы микобактериясын қоса алғанда), вирусқа, қышыма қотырға жүреді.

ЕПМ-дегі бөлмелердің бедерін, қатқыл жиһаз, құрал-аппараттардың бедерін, медициналық қолданысқа арналған бұйымдарды, төсек-жабдық, ыдыс-аяқ, науқастарды күту құралдарын профилактикалық, күнделікті және қорытынды жинастыру мақсатында қолданылады. Бактериалды (өкпе құрт ауруын қосқанда), қышыма қотыр (кандидоз, дерматофития), вирусық инфекция ошақтарын дезинфекциялауда жіті қолданады.

Ас суы, жүзу бассейндеріндегі суды, беткейлерді, су сақтаушы ыдыстарды, қосалқы бөлмелердің бедерін, санитарлық-техникалық құрал-жабдықтарды, жинасыру құралдары, жеміс-жидектерді зарарсыздандыруға қолданылады. Түрлі заттарды дезинфекциялау үшін белсенді хлоры 0,0025-тен 0,2%-ға дейінгі дәрілерді ерітіп қолданамыз..

 «Медифокс»дезинфекциялық құралы – инсектоакарицидті зат. Дезинсекциялау тәжірибесінде қолдануға бағытталған: бас және шат биттерін жою мақсатында, іш-киім педикулезімен, ұшпайтын синантропты көпаяқтылармен, сорғыш тарақандармен, төсек-жабдық қандаламен, сірке, қышыма кенелермен күрес пен ЕПМ-дегі қышыма мен педикулез ошағын зарарсыздандыру үшін қоланылады. Құралдың қолдану нормасы - 0,5%-ды сұйық эмульсияның 50 мл-ін кез-келген бедерге пайдаланамыз.

Жоғарыда аталған құралдар жақсы дезинфекциялық әсерге ие және қолданыста өте ыңғайлы болып табылады. Дегенімен, уақыт есебімен сыналған хлорлы әк пен хлораминді де қолдануымызға болады.

3.7 Дезинфекциялық ерітінділерді дайындау техникасы

Хлорлы әк ерітіндісін дайындау техникасы

Гипохлорит кальций ерітіндісін дайындау техникасы

3.9 Дезинфекциялық препараттармен кенеттен улануда көрсетілетін бірінші көмек

3.10 Дезинфекцияның биологиялық әдісі

6. Қолғапты шешу, қауіпсіздік сақталған контейнерлерге утилизацияға жіберу.

4.4 Залалсыздандырудың ауалық түрі

Шыны, металл, силиконды резеңкеден жасалған заттар үшін қолданылады. Ауалық залалсыздандыру - құрғақ-ыстықты шкабта құрғақ ыстық ауамен өткізеді.

Бұл стерилизатор- дөңгелек немесе тікбұрышты формалы электрлік шкаф болып табылады. Залалсыздандыратын камерада тор және жаймалар бар, олар залалсыздандыруға ұшырайтын заттар, термометр және арнайы құрылым үшін құрғақ және ыстық ауаны бұлғану барысында қолданылады. Қажет температураны термоэлектрлік реле көмегімен қолдайды. Залалсыздандыруды бастамас бұрын ең алдымен шкафтан толық ылғалды ауаны жояды, кейін шкафтың есігі ашық кезінде тетікті іске қосып, камераны 80°С дейін ысытады. Осыдан соң есікті жауып, 10-15 минуттан кейін шкаф залалсыздандырудың толық дайын режиміне ауысады. Залалсыздандыру арнайы дымқылданбайтын қағазда, ылғалды сақтайтын қағаз қалтада немесе ашық ыдыста жүргізіледі (сурет 8).

Сурет 8.

Құрғақ- ыстықты залалсыздандыру

Құрал-жабдықтардың экспозиция мерзімі аяқталғаннан кейін екі рет стерильді сумен жуады және стерильді контейнерге салады (стерильдік мерзімі – 3 тәуілік.).

4.6 Стерилизацияның газды әдісі

Сурет 10.

Жедел жәрдем автокөлігі

Кесте 5.

Науқастың мәжбүрлі қалпының бірнеше варианттары

Тағы да науқастың дене қалпын өзгертуде маңызы бар көптеген ауруларды мысалға кетіруге болады. Кей жағдайларда ұзақ уақыт төсекте мәжбүрлі күйде отыру, науқастың жағдайын нашарлатып жібереді, ойық жараның пайда болуына әкеледі, сондықтан науқастың төсектегі қалпын өзгертіп отыру қажет.

Дене салмағын өлшеу

Кеуде клеткасының шеңберін өлшеу

Кеуде шеңберін өлшеу

Майдың іш аймағында жиналуы денсаулыққа қауіпті, себебі жүректің ишемиялық аурулары, артериалық гипертония, қантты диабет және т.б. жиі кездеседі. Әлем статистикасы бойынша әйелдердің 30-40%, ал еркектердің 10—20% -ы семіздікке жиі ұшырайды.

Семіздіктің 3 түрі бар:

- әйелдерге тән түрі (гиноидты семіздік) – тері асты май сан және жамбас аймағына жиналады (сурет 40 а);

- еркектерге тән түр (андроидты немесе висцеальды семіздік) – майдың іште жиналуы (сурет 40 б);

Сынапты термометр

Сандық немесе электронды термометр

Инфрақызыл термометр

Терможолақтар

Білезік артериясында пульсті тексеру

а – екі қолда, б - бір қолда

Артериалды қысымды өлшеу әдістері

Артериалды қысымның санын жазуға негізделген әдіс. Өлшеу арнайы құрылғымен жүргізіледі, ол манжеттен, миникопрессордан, есептейтін және жазатын қондырғыдан, есте сақтау блоктан тұрады.

Аппарат 3, 5, 10 және 15 минут сайын аралықта АҚ көрсеткішін тіркейді және өлшеген уақытын қоса есте сақтау блогына жазып алады. 

Келесі күні аппаратты медициналық қызметкер шешеді. Есте сақтау блогындағы мәліметтер санды-әріп жазба түрінде шығады және дәрігер қорытынды жасайды.

Сурет 53

АҚТМ қолдану техникасы

Су тепе-теңдігі – бұл ағзаға түскен сұйықтықпен (ішкен сұйықтық, инфузиялар) және тәулігіне шыққан несеп санының айырмашылығы.

Тәуліктік диурез (тәулігіне бөлінген зәр көлемі) үлкен адамдарда жасына, температураға және қоршаған ортаның ылғалдылығы, тамақтану жағдайы, физикалық күшке және басқа факторларға байланысты 800 мл -ден 2 л-ге дейін аралықта өзгеріп тұрады. Қалыпты жағдайда барлық түскен сұйықтықтың 68-80% зәрмен шығады, ал қалғандары термен, тыныспен және үлкен дәретпен шығады.

Тәуліктік диурезді анықтау науқастарда жасырын ісікті анықтау, зәр айдайтын дәрілердің әсерін бақылау мақсатында жүргізіледі. Науқас 3 күн зәр айдайтын дәрілерді қабылдамауы қажет. Науқасқа тамақтардағы сұйықтықтың пайыздық мөлшерін түсіндіру.

Шараның орындалуы:

1. Науқас таңертеңгі сағат 6-да унитазға кіші дәретке отырады.

2. Кіші дәретке әр отырған сайын арнайы ыдысқа зәрін жинайды және диурезді өлшейді.

3. Келесі күннің таңертеңгі сағат 6-ға дейін зәрін жинайды.

4. Есепке алу қағазына шыққан зәрдің мөлшерін тіркеу (уақытын көрсету).

5. Есепке алу қағазына ағзаға түскен сұйықтық мөлшерін тіркеу (уақытын көрсету).

6. Есепке алу қағазындағы мәліметтерді формула бойынша су тепе-теңдігін есептеуді жүргізу: шыққан зәр мөлшері*0,8 (80%) = қалыпты жағдайда бөлінуге тиіс зәрдің мөлшері.

Мысалы: енгізілген сұйықтық – 1350 мл, шыққаны – 1250 мл.

1250*100 / 1350 = 91%.

Теріс тепе-теңдік (<70%) ағзада сұйықтықтың жиналуын көрсетеді: зәр айдайтын дәрілердің әсерінің болмауы немесе жасырын ісіктер.

Оң тепе-теңдік (>90%) – зәр айдайтын дәрілердің әсер етуі.

Әртүрлі ақаулар кезінде шығаратын несептің көлемі өзгеріп отырады:

Адам қалыпты жағдайда күндіз 2/3 және түнде 1/3 несептің тәуліктік көлемін шығарады. Түнгі диурездің күндізгіден артық болуы –никтурия деп аталады.

vmede.org

vmede.org

Сурет 54. Сурет 55 Сурет 56

Гигиеналық ванна Гигиеналық душ Шомылғанда мейірбикенің көмегі

2.1 Науқас күтімі кезінде төсек жаймасын ауыстыру

Жағдайы ауыр науқастың төсек-жаймасын ұзына бойлай ауыстыру әдісі

Жағдайы ауыр науқастың төсек-жаймасын көлденеңнен ұзына бойлай ауыстыру әдісі

2.9 Ауыз қуысы күтімі

Құлық тығындарын алу

Жалпы сипаттамасы: Диета ақуыз, май, тағам талшықтарына, А, С және В тобының дәрумендеріне өте бай. Тағамдар суға және буға пісірілген, суға пісірілген көкөністер.

Сурет 84

Зонд немесе фистула арқылы тек сұйық тамақ енгізіледі: сүт, сорпа, кілегей, шикі жұмыртқа, ерітілген май, езілген көкөністі көже, сұйық кисель, шырын, шәй, кофе. Бір рет тамақтандыруға 600-800 мл сұйықтық қажет. Энпит деген арнайы препарат құрамында ақуыз, май, көмірсу, минералды заттар және дәрумендер дұрыс теңестірілген қоректік қоспа болып табылады.

Назогастральды зонд арқылы науқасты тамақтандыру

Назогастральді зонд – асқазаннан сұйықтықты немесе ауаны шығарып алуға, дәрілік затты енгізуге арналған асқзанға мұрын арқылы енгізілетін зонд (сурет 85).

Жабдықтар: зонд, 200 мл көлемді оймақ немесе Жане шприці, қоректік қоспа, вазелин майы (немесе глицерин), фонендоскоп, астау, салфеткалар, қысқыш, 100 мл ыстық су бар ыдыс, қолғап.

Емшараны орындау:

  1. Қолғап кию.

  2. Зондтың енгізілетін ұзындығын анықтап оған белгі салу: зондпен мұрын ұшымен құлақ сырғалығы арасын өлшеп оған төстің төменгі бөлігі мен (семсер тәрізді өсіндіге дейін) кіндік аралығын қосу(немесе басқа әдіс бойынан 100 см алып тастау).

  3. Пациентті Фаулер қалпына жатқызып мұрын тесігі арқылы жіңішке асқазан зондын 15-18 мм тереңдікке енгізіп пациенттен жұтынуын өтіну.

  4. Фонендоскопты іштің іштің алдыңғы қабырғасына қойып тыңдау (зонд ішке түскенде іштен бүлкілдеген дыбыс естіледі).

  5. Зондты бекіту (бинт немесе лейкопластырьмен).

  6. Зондты қысқышпен қысу, зондтың бос бөлігін астауға салу.

  7. Жане шприціне дайын тамақты сору немесе зондтың бос ұшына оймақты жалғау.

  8. Зондтағы қысқышты босату және асқазанға қоспаны баяу енгізу.

  9. Тамақтандырып болған соң басқа шприцпен зондты жуу.

Shape124Shape125

www.nesidelki.ru

www.kp.ru



Сурет 85

Науқасты назогастральды зондпен тамақтандыру


  1. Зондты қысқышпен қысып зондтың бос ұшын салфеткамен орап келесі тамақтандыруға.

  2. Құралдарды өңдеу.

  3. Қолғапты шешу, қолды жуу.



Гастростома, илеостома арқылы науқасты тамақтандыру

Гастростома –асқазанды сыртқы ортамен жалғастыратын іштің алдыңғы қабырғасынан шығып тұратын жасанды тесік жасау (оперативті жолмен орындалады). Гастростома өңештің өзегі ісікпен немесе күйікпен тарылғанда, яғни өңеш өткізгіштігі бұзылғанда науқастың өмірін сақтау мақсатында салынады (сурет 86 а, б, в).

Илеостомия – мықын ішекке (ащы ішекке) салынатын хирургиялық стома урет 86 г).

Жабдықтар: зарарсыздандырылған шыны оймақ, зарарсыздандырылған салфеткалар, қысқыш, тамақ қоспасы, қолғап, Б тобының қалдықтарын салуға арналған ыдыс.

Емшараны орындау:

  1. Пациентті жоғарғы Фаулер қалпына жатқызу

  2. Қолды жуу, қолғап кию.

  3. Тамақты дайындау.

  4. Қысқышты резеңкелі түтіктен шешу

  5. Резеңкелі түтікшенің тесігіне шыны оймақты жалғау.

  6. Оймаққа тамақты құйып науқасты тамақтандыру.

  7. Аз мөлшерден үгітілген тамақты немесе арнайы қоспаны асқазанға енгізу.

  8. Тамақты енгізіп болған соң судың шамалы мөлшерін енгізу.

  9. Зондтың дистальды ұшына қысқышты салу және оны пациенттің киіміне бекіту.

  10. Оймақты шешу және оны залалсыздандыру.

  11. Ауызды шаю үшін ыдыспен су және астауша беру.

  12. Қолғапты шешіп, қолды жуу.
















Shape126

www.skazhi-raku.net



Shape127

www.ravnoepravo.ru








Shape128

palliativ.ru












Shape129

palliativ.ru



\


Сурет 86

Науқасты тамақтандыру

а, б, в – гастростома арқылы, г – илестома арқылы


Парентеральды тамақтандыру

Парентеральды тамақтандыру – асқазан –ішек жолдарынан тыс көктамырға тамшылап енгізу арқылы ағзаға қоректік заттарды енгізу әдісі. Парентеральды тамақтандыру ауыз арқылы тамақтандыру мүмкін болмаған жағдайда тағайындалады. Парентеральды тамақтандыру ісік үрдісінен асқорыту жолдарының өтімсіздігі, өңешке, асқазанға, ішекке жасалған операциядан кейін, қатты жүдеуде, кома жағдайында тағайындалады (сурет 87).
















Сурет 87

Парентеральды тамақтандыру

Ағзада қоректік заттармен қоректендірудің кез келген парентеральды түрі бірнеше принцптерге сәйкес келуі тиіс:

  • парентеральды тамақтандыруды өз уақытында бастау қажет.

  • парентеральды тамақтандыру үздіксіз, тіпті трофикалық қызметтің өздігінен толық қалыпына келгенге дейін жүзеге асырылуы тиіс.

  • барлық компоненттердің көлемі бойынша, энергиялық құндылығы бойынша сәйкес келуі тиіс.

Парентеральды тамақтандырудың 3 түрі белгілі:

  • Толық парентеральды тамақтандыру кезінде барлық қоректік заттар ағзаға қажетті мөлшерде тамыр жүйесіне енеді (науқас тіпті су да ішпейді);

  • Жартылай (толық емес) парентеральды тамақтандыру кезінде негізгі қоректік заттар (мысалы, ақуыздар және көмірсулар) зат алмасудың уақытша бұзылыстарына байланысты мәселелер кезінде енгізіледі, бұл жағдайда энтеральды тамақтандыру жартылай сақталынады.

  • Қосымша парентеральды тамақтандыру энтеральды тамақтандыру жеткіліксіз болған жағдайда қосымша ретінде беріледі.

Парентеральды тамақтандыруға қоректік заттар жасушаға адекватты метаболитті мүмкіндік түрінде беріледі: ақуыздар аминқышқылдары қоспасы ретінде (ақуыз гидролизаты, Аминоплазмаль Е, Вамин, Полиамин, Альвезин және т.б.), майлар жіңішке тұрақты эмульсия ретінде (Липофундин, Интралипид, Липовеноз), көмірсулар моносахаридтер түрінде (глюкоза 10%, 20%, 40%). Парентеральды тамақтандыру қолдың кез келген шеткері тамырлары арқылы енгізіледі. Дегенмен, бұғана асты көктамырына енгізілген катетер арқылы жіберген ыңғайлы, себебі асқыныстардың даму мүмкіндігін алдын-алады (флебит және тромбофлебиттер). Егер көктамырға трансфузия жүргузе мүмкін болмаса қоректік заттарды сүйек ішіне (мықын, табан) енгізуге болады.

Қоректік заттарды енгізуді инсулин қосылған глюкоза ерітіндісінен бастаған дұрыс (глюкозаның 4-5 г құрғақ ұнтағына1 ед.инсулин). 200-300 мл глюкоза инфузиясынан кейін амин қышқылы препарараттарын немесе ақуызды гидролизат енгізіледі. Одан әрі аминқышқылы қоспасы немесе ақуыз гидролизаты және 30% глюкоза минутына 40 тамшы жылдамдықпен енгізіледі.

Май эмульсияларын аминқышқылдары және гидролизатпен бірге құюға рұқсат етіледі. Оларды электролиттермен бірге құюға болмайды, себебі май эмболиясының даму қаупін тудырады және май бөлшектері үлкейеді. Май эмболиясын енгізу жылдамдығы алғашқыда минутына 10 тамшыдан аспауы тиіс. Реакция байқалмаған жағдайда жылдамдықты минутына 20-30 тамшыға жоғарлатуға болады. Әрбір 500 мл май эмульсиясына 5000 ЕД гепарин қосылады.


Парентеральды тамақтандыруды уақытында реттеу үшін тиімді тамақтандыруды бағалаудың клиникалық әдісі қолданылады:

1) дене салмағы (өлшену); 

2) орталық вена қысымы; 

3) сағаттық диурез; 

4) қан қысымы, пульс; 

5) науқастың жалпы жағдайы. 

Парентеральды тамақтандыруға қарсы көрсеткіш бүйрек жеткіліксіздігі, жедел және созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі, тромбоэмболиялар, ағзаның гипергидротациясы, қан айналым жеткіліксіздігі.     

Парентеральды тамақтандыруды жағдайы ауыр науқастарға дұрыс жүргізу- ақуыз, көмірсу, май, су-электролит, дәрумен алмасуды және қышқыл-сілті тепе-теңдігіне қатысатын ағзаны тамақтық заттармен қоректендірудің бір ғана жолы.





































































ӘДЕБИЕТТЕР

  1. ҚР 2011-2015 жылдарға арналған денсаулық сақтауды дамытудағы «Саламаты Казахстан» мемлекеттік жоспары.

  2. Еспенбетова М.Ж., Жуманбаева Ж.М. «Саламатты Қазахстан» Мемлекеттік жоспары контектстіндегі отбасылық медицинаны дамыту. // Наука и здравоохранение. – 2011. - №1. – Б. 16-17.

  3. 2009 ж 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының кодексі.

  4. Молотов-Лучанский В.Б. Введение в клинику. Оқу құралы. – Қарағанды, 2008. – 75 б.

  5. Мұратбекова С.К. Мейірбике ісінің негіздері.-Астана, 2007жыл.- 412 б.

  6. Мухина С.А., Тарновская И.И. Теоретические основы сестринского дела. ГЭОТАР-Медия, 2013. – 368 б

  7. Ослопов В.Н., Богоявленская О.В. Общий уход за больными в терапевтической клинике. Оқу құралы. М.: Баспа: ГЭОТАР-Мед. - 24 б.

  8. Пожилой человек. Сестринский уход. Мейірбикелерге арналған құрал. / ред. В.Н. Петрова – М.-СПб.: Баспа «Диля». – 2006. – 416 б.

  9. 2010 ж 29 қаңтардағы Қазақстан Республикасы президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы «Жаңа онжылдық – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері».

  10. «Қоршаған ортаға қауіп тудыратын аурулар және әлеуметтік маңызды аурулардың тізімін бекіту туралы» 2009 ж 26 қарашадағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №19 қаулысы

  11. «Кепілдендірілген көлемдегі тегін медициналық көмек көрсету тізімін бекіту туралы» 2009 ж 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

  12. «Стационарлық көмек көрсету Ережелерін бекіту туралы» 2011 ж. 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1464 қаулысы

  13. 2012 ж 12 қаңтардағы №33 қаулы «Жұқпалы ауруларды алдын-алу бойынша санитарлы-эпидемиологиялық (алдын-алу) Шараларды жүргізу және ұйымдастыруға санитарлы-эпидемиологиялық талаптар»

  14. Санитарлық ережелерді бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 16 сәуір 2013 жылғы № 364 қаулысы «Дезинфекция, дезинсекция және дератизацияны жүргізу және ұйымдастыруға санитарлы-эпидемиологиялық талаптар»

  15. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрі м.а 2002 ж 8 сәуірдегі № 343 бұйрығы «Емдеу алдын-алу мекемелеріндегі емдік тамақтандыруды ұйымдастыру туралы»

  16. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрінің 2004 ж 12 наурыздағы № 243 бұйрығы «Мамандықтың зиянды өндірістік факторлары Тізімін бекіту туралы»

  17. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрінің 2004 ж 12 қарашадағы № 699 бұйрығы «медицина және фармация мамандығының біліктілік сипаттамасын бекіту туралы»

  18. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрі м.а 2009 ж 26 қарашадағы № 791 бұйрығы « Денсаулық сақтау қызметкерлері міндетінің Біліктілік сипатын бекіту туралы»

  19. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрінің 2010 ж 7 сәуірдегі № 238 бұйрығы «Денсаулық сақтау мекемелерінің штаттық нормативтері және типтік штаттары».

  20. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрі м.а 2013 жылғы 13 тамыздағы № 479бұйрығы «Амбулаторлы-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау мекемелерінің жұмысы бойынша ережелерді бекіту туралы»

  21. Орта медицина қызметкерлеріне арналған нұсқау / ред. Ю.П. Никитин, В.М. Чернышев. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2007. - 992 б.

  22. Санитарлы ережелер «Денсаулық сақтау объектілеріне санитарлы-эпидемиологиялық талаптар». 2012 ж 17 қаңтарда Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген

  23. Санитарлы ережелер «Дәрілік заттарды, медициналық тағайындау құралдары және медициналық техника саласындағы объектілерге санитарлы-эпидемиологиялық талаптар». 2010 ж 16 тамызда Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрі м.а бұйрығымен бекітілген.

  24. Скворцов В.В. Основы сестринского дела. Оқу құралы. – Ростов-на Дону: «Феникс», 2008. – 359 б.

  25. Смолева Э.В. Сестринское дело в терапии с курсом первичной медицинской помощи. Оқу құралы 5-ші баспа – Ростов-на-Дону: Феникс, 2007. – 473 б.

  26. Сопина З.Е., Фомушкина И.А, Костюкова Э.О. Современная методология сестринского дела. Оқу құралы. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2009. - 256 б.

  27. Справочник врача общей практики 2 томды. / ред. Воробьева Н.С. – М.: Изд-во Эксмо, 2005. - 26 б.

  28. Туркина Н.В., Филенко А.Б. Общий уход за больными. Оқулық. – М.: КМК ғылыми баспа жолдастығы, 2007. – 550 б.

  29. Фомина И.Г. Общий уход за больными. Оқулық. – М.: Медицина, 2000. – 304 б.

  30. Яромич И.В. Сестринское дело. Оқу құралы. - 5-ші баспа. М.: «Оникс 21 век», 2005. – 463б.




182