ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 25.08.2021
Просмотров: 4782
Скачиваний: 18
СОДЕРЖАНИЕ
3.8 Дезинфекциялық перепараттармен жұмыс істеу кезіндегі сақтық шаралары.................51
Адам ағзасындағы шартты-патогенді микроорганизмдердің ең көп мөлшердегі орналасатын орындары:
Қол деконтаминациясының мақсаты:
3.7 Дезинфекциялық ерітінділерді дайындау техникасы
Хлорлы әк ерітіндісін дайындау техникасы
Гипохлорит кальций ерітіндісін дайындау техникасы
3.9 Дезинфекциялық препараттармен кенеттен улануда көрсетілетін бірінші көмек
3.10 Дезинфекцияның биологиялық әдісі
6. Қолғапты шешу, қауіпсіздік сақталған контейнерлерге утилизацияға жіберу.
4.4 Залалсыздандырудың ауалық түрі
Құрғақ- ыстықты залалсыздандыру
4.6 Стерилизацияның газды әдісі
Науқастың мәжбүрлі қалпының бірнеше варианттары
Кеуде клеткасының шеңберін өлшеу
- еркектерге тән түр (андроидты немесе висцеальды семіздік) – майдың іште жиналуы (сурет 40 б);
Сандық немесе электронды термометр
Білезік артериясында пульсті тексеру
Артериалды қысымды өлшеу әдістері
1. Науқас таңертеңгі сағат 6-да унитазға кіші дәретке отырады.
2. Кіші дәретке әр отырған сайын арнайы ыдысқа зәрін жинайды және диурезді өлшейді.
3. Келесі күннің таңертеңгі сағат 6-ға дейін зәрін жинайды.
4. Есепке алу қағазына шыққан зәрдің мөлшерін тіркеу (уақытын көрсету).
5. Есепке алу қағазына ағзаға түскен сұйықтық мөлшерін тіркеу (уақытын көрсету).
Мысалы: енгізілген сұйықтық – 1350 мл, шыққаны – 1250 мл.
Оң тепе-теңдік (>90%) – зәр айдайтын дәрілердің әсер етуі.
Әртүрлі ақаулар кезінде шығаратын несептің көлемі өзгеріп отырады:
Гигиеналық ванна Гигиеналық душ Шомылғанда мейірбикенің көмегі
2.1 Науқас күтімі кезінде төсек жаймасын ауыстыру
Жағдайы ауыр науқастың төсек-жаймасын ұзына бойлай ауыстыру әдісі
Жағдайы ауыр науқастың төсек-жаймасын көлденеңнен ұзына бойлай ауыстыру әдісі
- еркектерге тән түр (андроидты немесе висцеальды семіздік) – майдың іште жиналуы (сурет 40 б);
- аралас түр.
paralife.narod.ru
Сурет 40
Семіздік түрі а – әйелдерге тән, б – еркектерге тән
Дене салмағының индексін анықтау дене салмағы артық адамдарда семіздікті ерте диагностикалауға және жүрек-тамыр ауруларының даму қауіпін болжауға мүмкіндік береді. Дегенмен бұл әдістің жеткіліксіздігі де бар. Адамның тамақтану жағдайын анықтаудың тура әдісі оның бел айналымы көлемінің сан айналымы көлеміне қатынасын анықтау.
Бел айналымын өлшеу
Бел айналымы сантиметрлі лентамен қабырға асты аймақ пен жамбас сүйектері арасынан өлшенеді (ең жіңішке бөліктен) тыныс шығаруда. Бел айналымының қалыпты көрсеткіші: әйелдерде 80 см кем, ал еркектерде 94 см кем.
Сан айналымын өлшеу
Сан айналымы жамбастың ең шығыңқы бөлігінен өлшенеді, сантиметлі лента шап аралығы деңгейіне жақын көлденең қойылады.
Май қабатының жиналу сипаты бел айналымы көлемінің сан айналымы көлеміне қатынасымен анықталады, қалыпты жағдайда әйелдерде < 0,85; еркектерде < 1,0. Қалыпты жағдайда – сан айналымының көрсеткіші бел айналымынан көп, семіздікте – сан айналымының көрсеткіші бел айналымынан кем (сурет 41).
Сурет 41.
Бел айналымының сан айналымына қатынасы
-
Термометрия
Адамның дене температурасы ағзаның жылу жағдайының, ағзадағы энергия алмасу көрсеткіші болып табылады және салыстырмалы тұрақты болады. Температураны үнемі бір қалыпта ұстап тұру бір-бірімен байланысқан процестер арқылы, ол жылудың пайда болуы мен ағзадан сыртқы ортаға шығуы арқылы іске асады. Егер жылудың пайда болуы жылудың бөлінуіне тең болса, дене температурасы тұрақты болады. Егер жылудың пайда болуы жылудың бөлінуінен басым болса, онда ағзаның ысып кетуі, не жылулық соққы болуы мүмкін. Егер жылудың бөлінуі жылудың пайда болуынан басым болса, ағзаның тоңазуы болады.
Термореттеуде нервтік және гуморалды механизм қатысады. Қоршаған ортаның температуралық құбылуы терморецепторларға әсер етіп, бас миына импульстар түседі және гипоталамуста орналасқан термореттеуші орталықты белсендіреді. Бұл орталықты белсендіру жылудың пайда болуын және жылудың бөлінуін өзгертеді, дене температурасы қалыпты болады. Жаңа туған және төс еметін балаларда термореттеу толық қалыптаспаған (жылудың бөлінуі жылудың пайда болуынан басым).
Адам денесінің әр жерінің температурасы әртүрлі болады. Ең төмен тері температурасы қол саусақтары мен табанда болады, ең жоғары — қолтық астында, оны сол жерде өлшейді. Дені сау адамның температурасы 36,2-36,9°С тең. Тік ішекте температураны өлшегенде 37,5°С дейін қалыпты деп есептеуге болады. Тәулік ішінде адамның дене температурасы тәуліктік биоырғаққа сай аздап көтеріліп немесе түседі: ең төменгі температура түнде сағат 2—4 -де , максималды —сағат 16—19 аралығында байқалады.
Дене температурасын өлшеу нәтижелерін бағалау:
-
Гипотермия –36 °С төмен
-
Қалыпты - 36,0 - 36,9°С
-
Субфебрилді –37,1 -ден 37,9°С-ға дейін
-
Фебрилді - 38,0-ден 39,0°С-ға дейін
-
Пиретикалық (жоғары) - 39,1-ден 40,9°С-ға дейін
-
Гиперпиретикалық (өте жоғары) –41°С-ден жоғары.
-
Леталды ең жоғарғы температура (өлім болатын температура) 43°С құрайды.
-
Леталды ең төмен температура – 15-23%.
Термореттеудің бұзылуы қабыну және жұқпалы аурумен бірге болатын қызба кезінде, қан-айналымның бұзылуы (қарт адамдар жылы күні әсіресе аяғы мен бел аймағының тоңуына шағымданады) эндокриндік жүйенің жасқа сай өзгеруі (көп әйелдерде климакс кезеңінде ысу сезімі болады), ішімдіктер қолдану кездерінде байқалады.
Температураның жоғарылауы (гипертермия, ысып кету) –қызба белгілері болып табылатын ағзаның жылу балансының бұзылуымен және жылуды ұстаудың жоғарылауымен сиатталатын жағдай. Қызба – пирогенді факторлардың әсерінен (микроорганизмдер, бөтен ақуыздар) термореттеуші орталық қызметінің белсенді қайта құруы негізінде жатқан ақаулы процесс. Қызба және гипертермия – бұл дене температурасының жоғарылауы жалпы белгісі болып табылатын ақаулы процесс. Олардың басты ерекшелігі қызба кезінде дене температурасының деңгейі сыртқы ортаның температурасына байланысты емес. Гипертермия кезінде тікелей байланыс болады. Өзінің биологиялық маңызы бойынша қызба - бұл қорғаныс-бейімделу реакциясы, ал гипертермия – термореттеудің бұзылу сынығы, осыған байланысты науқасты жүргізу тәсілі әртүрлі.
Қ ызбаның тәуліктік температурасының тербелісіне байланысты бірнеше типтерін ажыратады (сурет 42).
vmede.org
vmede.org
1. Үнемі қызбада (febris continua) дене температурасы жоғары, 39° шамасында, бірнеше күн немесе аптаға дейін 1° аралық айырмашылықта тербеліп, ұстап тұрады. Жедел жұқпалы ауруларда кездеседі: бөртпелі сүзек, крупозды пневмония және басқ.
2. Босаңсу немесе ремиттирленген қызба (febris remittens) дене температурасының айқын тәуліктік тербелісімен сипатталады (2° дейінжәне одан жоғары), іріңді аурулар кезінде кездеседі.
3. Ұстамалы немесе интермиттирленген қызба (febris intermittens) дене температурасы бірден 39—40° дейін және одан жоғарыға көтеріліп, қысқа уақыт ішінде қалыпты және субқалыпты сандарға түсумен сипатталады; 1—2—3 күннен кейін көтерілу мен түсу тағы қайталанады. Малярияға тән.
4. Гектикалық немесе әлсірететін (қажытатын) қызба (febris hectica) дене температурасы үлкен тәуліктік тербелісімен сипатталады (3°жоғары) және қалыпты, не субқалыпты сандарға бірден түсуімен сипатталады, ремиттирленген қызбаға қарағанда температураның тербелісі жоғары; септистік жағдайларда және туберкулездің ауыр формасында кездеседі.
5. Бұзылған қызба (febris inversa). Таңертеңгі температурасы кешкіден де жоғары болады, туберкулезде, созылған сепсисте кездеседі, болжамы қолайсыз.
6. Атипиялық (дұрыс емес) қызба (febris athypica) ең көп кездеседі. Дене температурасының тәуліктік тербелісі әртүрлі, ұзақтығы анықталмайды. Ревматизм, пневмония, дизентерия, тұмауда кездеседі.
7. Қайтымды қызба (febris recurrens). Дене температурасы бірден жоғары сандарға дейін көтеріледі, осы сандарда бірнеше күнге дейін ұстап тұрады, сосын қалыпты сандарға дейін төмендейді. Бірнеше уақыттан кейін қайтадан қызба және ремиссия ауысып отырады (қызба ұстамасы бірнеше рет болады, 4—5 дейін). Бұндай қызба типі спирохетоздарға тән (қайталамалы сүзек және басқ.).
8. Толқын тәрізді қызба (febris undulans). Температурасы біртіндеп көтеріліп, біртіндеп түседі. Температураның көтерілу және түсудің бірнеше толқындары болуы мүмкін, қайтымды қызбадан айырмашылығы температура біртіндеп көтеріледі және біртіндеп түседі. Бруцеллезде және басқа ауруларда кездеседі.
Дене температурасын медициналық термометрмен өлшейді (қызуөлшегіш). Термометрдің келесі түрлерін ажыратады: сынапты, электронды немесе сандық, инфрақызыл.
Сынапты термометр
Біз дәстүрлі сынапты қызуөлшегішті әлі де ұзақ уақыт қолданамыз. Электрондық термометрлердің пайда болғанына қарамастан, көбісі бұрынғысынша тек сынапты қызу өлшегішке сенеді (сурет 43).
www.baby.ru
Сурет 43.
Сынапты термометр
Сынапты термометр капиллярдан тұратын шыны колба, оның ішінде сынап болады. Оның әсері температура өзгергенде сынаптың кеңею қабілетіне байланысты негізделген. Сынап бағанасы ысыған кезде жоғары нүктеге көтеріледі де, суығанда қайта түспейді. Қайтадан бастапқы қалыпқа түсіру үшін, қызуөлшегішті сілкілеуіміз қажет.
Артықшылығы:
-
Температураны өлшеудің жоғары дәлдігі (кемшілік жіберуі 0,1°)
-
Температураны өлшеу әдістерінің алуан-түрлілігі (қолтық асты, ауыз арқылы, ректалды).
-
Ұзақ уақыт қолданады (егер қызуөлшегішті түсіріп алмай және онымен абайлап жұмыс істесе, сынапты термометр сына қоймайды). Сонымен қатар кезеңді түрде батарейкасын ауыстыруды қажет етпейді.
-
Дезинфекция жасауға еш кедергі жоқ (бірақ қайнатуға болмайды).
-
Қызуөлшегіштің арзан бағада болуы.
Жетімсіздігі:
-
Қызу өлшегіштің корпус құрылымы өте нәзік және осал болғандықтан, тез сынып қалады және улы сынаппен ластануы және шыны сынықтары шашылуына әкеледі.
-
Температураны өлшеу уақыт ұзақтығы —10 минуттай.
-
Термометрдің сүйір пішінде болуы, ректалды өлшегенде «жоғалтып алу» қаупін жоғарылатады.
-
Кішкентай балаларға ауыз арқылы қолданбағаны дұрыс.
Сандық немесе электронды термометр
Электронды термометр - қалам түріндегі пішінде, арнайы кіріктірмелі сезімтал тетігі бар, өлшеу нәтижесі сан түрінде шыны құрылғысынан көрінетін пластикалық қондырғы. Олар қосымша қызметтерімен ерекшелінеді: соңғы өлшеген нәтижені есінде сақтау, өлшеу уақыты және нәтижесі туралы дыбыстық сигнал беру, гигиеналық қолдану үшін ауыстыратын ұштықтарының болуы, корпусы су өткізбейді және т.б. Электронды термометрлермен ауыз арқылы, тік ішекте және қолтық астында температураны өлшейді (сурет 44).
irecommend.ru
Сурет 44
Электронды термометр
Артықшылығы:
-
Қолдануда қауіпсіздігі: бұл қызуөлшегіште сынап болмағандықтан, сындыру мүмкін емес.
-
Температураны өлшеу нәтижесін оқу оңай.
-
Температураны өлшеууақыты өте қысқа, барлығы 30–60 секунд. Температураны қолтық астында өлшеу уақыты 1,5–3 минут ұзарады.
-
Белгілі бір уақыттан кейін өзінен-өзі өшеді.
-
Жарығы бар термометрлерді қараңғы кезде де қолдануға болады.
-
Барлық кәзіргі үлгілерінде соңғы өлшеу тарихын сақтайтын есте сақтау қызметі бар (1-ден 25-ке дейін ).
-
«Цельсий-Фаренгейт» өлшеу ауыстыру шкаласы бар.
-
Өте көп әртүрлі үлгіде, әртүрлі пішінде және ашық түсте немесе емізік түрінде болады, икемді жарақаттамайтын ұштықтары болады.
Жетімсіздігі:
-
Көптеген үлгілерді, әсіресе арзан тұрмыстық үлгілерін жууға, залалсыздандыруға болмайды.
-
Кезеңді түрде батарейін ауыстырып отыру керек.
-
Сынапты термометрлермен салыстырғанда электронды термометрлердің бағасы қымбат тұрады.
Инфрақызыл термометр
Бұл термометр түрлері жақында пайда болса да, халық арсында тез арада сұранысқа ие болды. Инфрақызыл термометр жұмысының принциптері: аса сезімтал өлшейтін элемент адам денесінен бөлінетін инфрақызыл сәуле мәліметтерін түсіріп, біз үйренген температуралық диапазонда сұйық-кристалды құрылғыда көрсетеді. Кейбір термометрлерде экранға жарық түсіру қарастырылған, ол түнгі уақытта алынған мәліметтерді қарауға көмектеседі (сурет 45).
goodideaz.ru
Сурет 45.
Инфрақызыл термометр
Артықшылығы:
-
Электронды термометрлердің барлық негізгі қызметтері бар (өлшеуді есте сақтау, дыбыс сигналдары, өзі өшу және т.б.).
-
Температураны өте тез өлшейді (барлығы 5–30 секунд).
-
Ауыстыратын ұштықтар дезинфекция және гигиена сұрақтарын шешуге мүмкіндік береді.
-
Тері бетіне тимейтін үлгісі жылап жатқан балалардың және ұйықтап жатқан науқастың да температураларын өлшеуге мүмкіндік береді.
Жетімсіздігі:
-
Өлшеу жағдайына байланысты үлкен қателіктер болуы мүмкін, ал арзан үлгілерінде өлшеу дәлдігі 0,3–0,5 градустан асуы мүмкін.
-
Температураны дененің тек белгілі бір аймағында ғана өлшеу керек (маңдай, құлақ, самай).
-
Ортаңғы құлақтың қабынуы кезінде, құлақ үлгілері дұрыс нәтиже бермейді.
-
Айқайлаған немесе жылаған балаларда өлшеу нәтижесі дұрыс болмауы мүмкін.
-
Кезеңді түрде тексеруді қажет етеді.
-
Термометрмен абайлап жұмыс істемесе, құлақтың дабыл жарғағын зақымдаған жағдайлары болғандығы мәлім.
-
Қымбат тұрады.
Терможолақтар
Терможолақтар – бұл дене температурасының әсерінен, өзінің түсін өзгертетін қабілетке ие кристалдары бар термосезімтал қабықша (сур. 46).
22century.ru
Сурет 46.
Терможолақтар
Терможолақтарды әртүрлі қолданады. Оларда белгілері болады: «жоғары температура» немесе «көтерілмеген температура». Олар температураны дұрыс көрсететін қызуөлшегішпен өлшеу керек, не керек еместігі туралы сигнал береді.
Терможолақтар жол жүргенде қажет болады, сондықтан демалуға немесе сапарға шыққанда терможолақтарды өзімен бірге алу керек.
Артықшылығы:
-
Жолға шыққанда қолдануға ыңғайлы, көп орын алмайды, салмағы да жоқ.
-
Температураны тез өлшейді (барлығы 5–30 секунд).
Жетімсіздігі:
-
Көп қателеседі
-
Өлшеуге көп факторлар әсер етеді: жарық, терлеу, тері бетіне тиіп тұру тығыздығы және т.б.
Адамға температураны анықтау үшін, термометрдің қандай түрін қолданса аса маңызы жоқ. Бастысы – бір кезең ішінде температураны әртүрлі қызуөлшегішпен өлшемеу қажет, өйткені көрсеткіштері біршама өзгеруі мүмкін және адамның денсаулық жағдайының жалпы көрінісін дұрыс көрсетпеуі мүмкін.
Қолтық астында дене температурасын өлшеу әдістері (аксилярлы өлшеу)
Шараға дайындау:
1. Термометрдің істейтініне көз жеткізіңіз
2. Шкаладағы көрсеткіш 35°С аспайтынына көз жеткізіңіз (қажет жағдайда термометрді сілкілеп түсіріңіз).
3. Қолтық асты терісі құрғақтығын тексеріңіз (қажет жағдайда таза майлықпен сүрту).
Шараның орындалуы:
1. Қолтық астын қарау
2. Сынапты резервуар науқастың қолтық астының ортасында тұратындай етіп, термометрді қою қажет (теріге толығымен тиіп тұруы керек).
3. Науқасқа қолын кеуде қуысына басуын сұрау керек.
4. Термометрді қолтық астынан 10 минуттан кейін алып, көрсеткішін қарау керек.
5. Дене температурасын өлшегеннен кейін алынған мәліметтерді температуралық қағазға тіркеу керек.
6. Термометрді дезинфицирленген ерітіндісі құйылған ыдысқа салу қажет.
Ауыз қуысында температураны өлшеу әдістері (оральды өлшеу)
Шараның орындалуы:
1.Температураны өлшер алдында 5 минуттай босаңсу қажет.
2.Термометрдің ұштығын тілдің түбіріне жақын жерге астына қояды (тіл асты қатпары).
3.Термометрия жүргізгенде, суық ауа түспеу мақсатында ауыз жабық болуы керек.
4.Ауыз қуысында дене температурасын сынапты термометрмен өлшеу уақыты –3 минуттан аспау керек.
5.Ауыз қуысында дене температурасын өлшегенде қалыпты деңгей: 36,8-37,30 С
Таяу арада ішкен ыстық немесе суық сусындар, темекі шегу температураны өзгертуі мүмкін. Бұл әдісті 4-5 жасқа дейінгі балаларға, ауыз қуысының аурулары бар науқастарға, психикалық ауруларға қолдануға болмайды.
Тік ішекте температураны өлшеу әдістері (ректальды өлшеу)
Тік ішекте дене температурасын өлшегенде дұрыс нәтиже алынады, өйткені тік ішек-тұрақты температурасы бар анальды қысқышпен жабылған қуыс. Онымен қоса тік ішектегі температура ішкі мүшелердің температурасына сай келеді.
Ректальды өлшеуге көрсеткіш: 4-5 жасқа дейінгі балалар, ағзаның жалпы тоңазуы, қолтық асты терісінің зақымдалуы және қабыну процестері, науқастың айқын әлсіреуі.
Қарама-қарсы көрсеткіштер: іш өту, іш қату, көтеу және тік ішектің басқа аурулары.
Шараның орындалуы:
1.Термометрдің ұштығын вазелинмен майлау.
2.Науқасқа бір қырымен жатуын өтіну, кішкентай балаларды ішімен жатқызады.