ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 08.09.2021
Просмотров: 8161
Скачиваний: 57
|
Ксеногенді сарысулар |
Антилимфоцитарлық сарысу Сіреспеге қарсы сарысу Күлге қарсы сарысу Ақуыздан тұратын басқа препараттар |
|
Өсімдік |
|
|
Табиғи улар |
Араның уы Сонаның уы Жыланның уы |
|
Емдеу препараттары |
Антибиотиктер (пенициллин) Салицилаттар Ақуызды гормондар Вакциналар (қызылшалық, тымаулқ) |
11.4.3.2.II-ші типтес реакциялар (гуморалды цитотоксикалық)
II-типтес аллергиялық реакциялар антиденелердің жасушаның беткейлік антигендерімен немесе жасуша беткейіне екіншілік ретте жабысқан антигендермен тікелей байланысуына негізделген (17-сызбанұсқа). Шешуші рөлді комплементті белсендіретін IgG1-3, IgМ антиделері атқарады. 11-ші типті аллергияға дәріге қарсы аллергияны жатқызуға болады. Өйткені дәрі антигендері қан түйіршіктерінің бетіне орналасады. Соның әсерінен гемолитикалық анемия, лейкоцитопения, тромбоцитопения, агранулоцитопения аурулары дамиды. Басқа тұлғаның эритроцитетеріне қарсы бағытталған реакцияны изоиммунды, меншікті эритроциттерге бағытталғанды аутоиммунды реакция деп атайды. Әрбір адамның қан сарысуында, қан ұйыту жүйесінің құрамында жоқ антигенге қарсы жоғары концентрциядағы антиденелер бар. Сәйкес емес қан құйылғанда сол антиденелер цитотоксикалық реакция туғызып эритроциттерді ерітеді. Қайталап жүкті болған кезде резус оң нәрәстеге резус теріс ананың қанында антирезустік IgG құрылады. Ол антидене плацентадан өту мүмкіншілігі боғандықтан нәрестенің эритроциттеріне цитотоксикалық әсер етіп оларды жояды. Бұл көрніс нәрестеде гемолитикалық аурудың дамуына тікелей себепкер болады. Аутоиммунды гемолитикалық анемияда меншікті эритроциттерге қарсы құрылған антиденелер комплементтің көмегімен эритроциттерді ерітеді. Кейбір дәрі түрлері эритроциттерге қонуға ықшам тұрып, соларға қонған кезде иммуноген ретінде гемолитикалық анемия туғызады. Айтылған әсері бар препараттарға хинин, пенициллин, цефалоспорин, сулфаниламидтер т.б. жатады. Аталған механизіммен қанның басқа элементтері де цитотоксикалық көрніске душар болады (агранулоцитоз, тромбоцитопения).
11.4.3.3.III-ші типтес реакциялар (иммундыкомплекстік)
Иммунды процестің заңдылық ережесіне сәйкес организмде антигендердің қан айналымындағы концентрациясы төмендеген уақытта антиденелер көбейеді. Егерде антиденелер қан айналымына түскен кезде антигендердің концентрациясы мол болса антиденелер олармен байланысқа түсіп иммунды комплекс құрады. Ол кешендер тіндерде іркіледі. Олардың зиянды улы қасиеті болғандықтан, күрделі механизмді комплемент, антиденелердің IgМ, IgG1-3 сыныптары қатынасуымен, биологиялық белсенді заттардың шығуымен, комплекс орналасқан жерде қабыну процесі туады (18-сызбанұсқа). Аллергияның осы түріне клиникалық көрнісі бойынша Артюс феномені, қансарысулық сырқат, гломерулонефрит жатады.
11.4.3.4.IV-ші типтес реакциялар (Т-лимфоциттердің жанамасымен)
Бактериялардың, саңрауқұлақтардың, вирустардың, қарапайымдылардың жасуша ішіндегі антигендерге, бөгде тін антигендеріне (трансплантаттардың), табиғи және синтетикалық гаптендерге (дәрілер, тағам бояулары т.б.) иммундық жауапта Т-лимфоциттер демеліп басты рөлді атқарады. Т-лимфоциттер гиперсезіталдықтың баяу түріне жауапкер болғандықтан, төменгі салмақты молекуласы бар заттар Т-лимфоциттер жанамасы арқылы аллергияның 4-ші түрін туғызады. Аллергияның даму механизімінде Т-лимфоциттер түрлі медиаторларды бөліп шығарып, цитотоксикалық зақымдалуды күшейтеді. Аллергияның осы түрін аллергендердің өте төмен өлшемі туғызады. Аллергияның морфоклиникалық көрнісі 24-48 сағаттың арасында пайда болады. Мысал ретінде туберкулин реакциясын келтіруге болады. Аллергияны төменгі салмақты молекуласы бар заттардың тудыратын себебі, олар организмде оның меншікті ақуыздарымен байланысып, толық бағалы антигендерге айланып гиперсезімталдықтың баяу түрін іске асырады (19-сызбанұсқа).
11.4.4. Иммундыпролиферативті аурулар
Бұл топ ауруларының қатарына иммундық жүйенің жасушаларынан тараған патологиялық иммундыпролиферативті процестер жатқызылады. Ол патологияның қатарына қатерсіз ісіктен бастап, қатерлі ісік түріне дейінгі ауруларды еңгізуге болады. Иммундыпролиферативті аурулардың тізімі 11.4 - кестеде келтірілген.
Кесте 11.4.
Иммундыпролиферативті аурулардың классификациясы.
|
Жасуша түрі |
Ауру түрі |
|
В- жасушалар |
Созылмалы лимфолейкоз Ұрық орталығының жасушаларынан тараған ісіктер (лимфосаркома) Лимфоплазмацитоидық лимфома В-лимфобластық саркома |
|
Т-жасушалар |
Т-лимфобластық саркома Дереу Т-жасушалық лейкоз Созылмалы лимфолейкоздың сирек кездесетін түрі |
|
«0» -жасушалар |
Жетілмеген лимфоидтық лейкоз |
11. 5. Иммундыкоррекция
Иммунды тапшылықтың зардабынан түрлі жұқпалы аурулар пайда болады. Ондай аурулардың алдын алу , не болмаса емдеу үшін химиалық препараттар қолданылады. Кыйыстырылған ауыр иммунды тапшылық балаларда болған кезде тар спектрлі антибиотиктерді қолданады. Емдеу уақыты жылдарға созылуы мүмкін.
Иммундық жүйенің функционалдық қабылетін қалпына келтіруге оның орнын баса тұратын емдеу, яғни организмге иммундыглобулиндерді жіберу, айырша безді, сүйек майын эмбрионалдық айырша безімен және сүйек майымен ауыстыру қолданылады.
Иммундық жүйенің ісін үдету, не тежеу үшін спецификалық немесе бейспецификалық препараттардың көмегімен иммундыкоррекция жүргізіледі.
Иммундыкоррекция, немесе иммундымодуляция иммундық жүйенің іс ақаулығына байланысты пайда болған аурулар мен жағдайлардың емдеуін, не алдын алу тәсілдері мен әдістерін зерттеп табатын микробиологияның клиникалық бөлімі.
Иммунды статусқа әсер ететін, иммундыкоррекция, немесе иммундымодуляция үшін колданылатын препараттар иммундымодуляторлар деп аталынады. Осы заманда иммундымодуляторлардың медицина тәжірибесінде қолданылатын жүздеген түрлері әйгілі. Олар иммунитетке әсер ету бағыты мен сипатына сәйкес жіктеледі ( 11.5-кесте).
Табиғаты және шығу тегіне қарамастан барлық иммундымодуляторлар демеулік (стимуляторлық) және тежеулік(супрессорлық), белссенді және енжарлы, спецификалық және бейспецификалық әсер етеді. Шыққан тегі эндогендік, немесе экзогендік болады (11.6-кесте). Эндогендіктерге организмнің өзі бөліп шығарған, әр тәсілмен иммунды процеске қатынасатын заттар жатса, экзогендіктерге организмге тыстан кіретін бөгде заттар жатады. Иммундымодуляторлардың табиғаты және тегі негізінде сыныпталуы 11.6-кестеде көрсетілген. Эндогендік иммундымодуляторлардың қатарына спецификалық және бейспецификалық иммунитет қатынасатын иммундыцитокиндер, иммундыглобулиндер, басқа иммундыреагенттер жатады. Эндогендік иммундымодуляторлар калыпты жағдайда иммуногенездің табиғи процестерін реттейтін заттар болғандықтан олар организм үшін гомологиялық, яғни бөгделігі жоқ болып табылады. Экзогендік иммундымодуляторларға иммундық жүйеге әсер ететін органикалық, бейорганикалық, немесе құрылысы анықталмаған күрделі заттар жатады. Экзогендік иммундымодуляторлар түгелінен организмге бөгде заттар. Олар организмге кездейсоқ, не «арнайы» емдеу, немесе алдын алу үшін препараттар қолданылғанда сырттан енеді. Шығу тегі мен көзіне қарамастан эндогендік және экзогендік иммундымодуляторлардың иммундық жүйеге спецификалық және бейспецификалық, демеуші (стимуляциялы) және тежеуші (супрессорлы) әсерін тигізеді. Иммундымодуляторлардың кейбір түрі гендік инженерия тәсілімен жасанды түрде алынып, медицина тәжірибесінде колданылып жүр.
Иммундымодуляторлардың иммундық жүйеге әсер ету механизімі әр салалы. Біреуі В-жүйесіне (сүйек майының пептидтері) , екіншісі Т-жүйесіне (тимустың пептидтері), үшіншісі А-жасушалық жүйеге (ЛПС), төртіншісі Т-, В-, және А-жүйеге ынтымақтасып (мурамилпептид және одан шыққан заттар) әсер ете алады. Бірақ, соған қарамастан әр иммундымодулятордың тек өзіне тән иммунды процестің белігілі бір үзіміне үстемді әсер ететін қабілеті бар. Мысалы, бірі сүйек майының жүйелік жасушасына басты әсер етсе, басқалары иммундыкомпетентті жасушаларға, немесе иммундыглобулин жасалуына әсерін тигізуі мүмкін. Иммундымодуляторлардың әсер ету механизімі бойынша жіктелуі 11.7-кестеде келтірілген.
Жетік иммундыкоррекцияның басты мақсаты организмнің иммундық жауап беру қабілетіне бағыттап әсер ету, яғни сырт көрністерге сәйкес иммундық жүйені белсендіру, немесе тежеу. Мысалы, ағза жұқпалы аурулардың микробтарына қарсы иммунитет құру үшін иммундық жүйені вакцинаның көмегімен белсенедіреді, ал енжарлы иммунитетті иммунды сарысуды, немесе иммундыглобулиндерді қолдану арқылы құрады. Аллергиялық, не басқа иммунопатологиялық жағдайларда иммундық жүйені тежеу қажет болған кезде иммундыдепресанттарды қолданады. Сонымен қатар иммундыдепресанттар тін, не орган транасплантациясында қолданылады. Антигенспецификалық демеудің (стимуляцияның) және тежеудің (супрессияның) өте зор маңызы бар. Клиникалық тәжірибеде тиісті шектеу болатындықтан емдеудің негізгі тәсілі бейспецификалық иммундыкоррекция болып табылады.
Иммундыкоррекцияның нәтижелі болуы иммунды жауаптың ерекшелігіне байланысты.
Иммундыкррекцияны сапалы тағам, витаминдер мен микроэлементтер жеткілікті мөлшерде қабылданған кезде ғана қолдану керек. Организмді ауыр металдардың тұздарынан, антигендерден, радионуклидтерден, нитраттар мен нитриттерден арылтатын энтероадсорбенттерді қолдану иммундыкоррекцияның маңызды бөлігі болып саналады.
Иммундыкоррекцияның басты принциптері төменгідей:
-
Иммундыколррекцияны тек қана иммундық жүйенің жағдайын анықтағаннан кейін, яғни иммунитеттің функционалдық қызметінің жетіспеушілігін анықтағанан кейін қолдану керек.
-
Иммундық емдеуді міндетті түрде клиникалық көрніспен өтетін иммунды статустың ақаулығында ғана колдану қажет.
-
Иммунды емдеу барысында иммунды статус деңгейі бақылауда болуы керек.
-
Иммундыдуляторлар иммунды тапшылық туғызатын заттардың әсерінің алдын алу үшін колданылуы қажет.
Кесте 11.5.
Иммундымодуляторлардың әсер ету бағытына және сипатына негізделген
классификациясы
|
Белсендіру әсері |
Супрессорлық әсері |
||||||
|
спецификалық |
бейспецификалық |
спецификалық |
бейспецификалық |
||||
|
белсенді |
енжарлы |
белсенді |
енжарлы |
белсенді |
енжарлы |
белсенді |
енжарлы |
|
Антиген-дер,иммунды цитокиндер, басқа иммунды цитокиндер |
Антиде-нелер |
Адъю-ванттар, митоген-дер, эк-зогендік иммуды-модуля-торлар, адапто- гендер |
Гормон-дар,фер-менттер, сарсу қорғаныс ақуызы, микро- нутриент-тер |
Толеро-гендер, иммун-ды ток-синдер |
Антилим- фоцитар- лық сарсу Антилим-фоцитар-лық им- муногло- булин, лимфоцит- тің рецеп-торына қарсы моноклоналды антидене |
Органи- қалық, бейорга- никалық табиғатты иммунды- депресант- тар, радио- белсенді сәуленді- ру,плазмо- форез |
Гормон-дар, кейбір микро- нутриент- тер |
Кесте 11.6.
|
Эндогендіктер (ағзаның табиғи иммундыреагенттері) |
Экзогендіктер (бөгдетектілер, ағзаға тән емес) |
|
1.Иммудыцитокиндер: интерлейкиндер,интерферондар,тимустың сүйек майының пептиді. Некроз факторы, ісіктер,кейлондар |
1.Органикалық табиғи заттар: ақуыздар, нуклеин қышқылдары, нуклеопротеидт-тер, липополисахаридтер, полисахарид-тер және тағы басқа жануар, өсімдік, микробтық тегі бар және синтетикалық заттар |
|
2.Иммундыглобулиндер (поли- моноклоналдық аутоантиденелер, абзимдер,аутоантигендер) |
2.Бейорганикалық табиғи заттар: минералдық коллоидтар (алюминий фосфаты), ерігіш қосындылар (хлорланған калций), кристаллоидтар («белсендірілген» көмір, кварц ұнтағы), микронутриенттер |
|
3.Иммундық процеске қатынасушы иммундыреагенттер (комплемент, ферменттер, сарсулық қорғаныс ақуыздары, гормондар |
3.Күрделі заттар: Фрейнд адъюванты, бактерия жасушасы, сүт, липид және минералдық сорбенттер қосындылары |
Иммуномодуляторладың табиғатына және тегіне байланысты классификациясы.
Кесте 11.7.
Біріншілік және екіншілік иммунды тапшылықтың даму механизімі бойынша иммундымодуляторлардың әсер ету мехнизімне негізделген классификация.
|
Спецификалық иммуниттетің гуморалдық факторына(демеуші, не тежеуші) әсері: 1.1. Сүйек майының жүйелік жасушасына. 1.2. В-лимфоциттердің реттелуіне және жетілуіне. 1.3. Иммундыглобулиндердің түрлі сыныптарының синтезделуіне. 1.4. В-лимфоциттің рецепторлық аппаратына. 1.5. Иммундыглобулиндердің аффиндық және авиндық қасиеттеріне. 1.6. Бағытты әсерлі цитокиндердің синтезіне. Бейспецификалық иммунитеттің жасушалық факторына (демеуші, не тежеуші) әсері: 2.1. Сүйек майының жүйкелік жасушасына. 2.2. Т-лимфоциттердің реттелуіне және жетілуіне. 2.3. Т-лимфоциттің мамандалған субпопуляцияларының белсенділігіне. 2.4. Т-лимфоицттердің нысана-жасушамен әрекеттестігіне. 2.5. Т-лимфоциттердің В-лимфоцитер және А-жасушалармен әрекетестігіне. 2.6. Бағытталған әсерлі цитокиндердің синтезіне. Иммунитеттің бейспецификалық түйнегіне: 3.1. Моноциттердің фагоцитоздаушы белсенділігіне. 3.2. Интерферогенездік жүйеге. 3.3. Комплементтің синтезіне. 3.4. Ферментердің, әсіресе лизоцимнің белсенділігіне. 3.5. Сарсудың бейспецификалық қорғаныс ақуыздарына. 3.6. Гормоналдық жүйенің белсенділігіне. Иммундық процестің гуморалдық, жасушалық, бейспецификалық факторларына қарсы бірлескен әсері. Иммундық жүйенің ісін бақылайтын әсері: 5.1.Иммуныдық жүйенің ісін ретеудегі негізгі рөлді атқаратын орталық және шеткі жүйке және эндокриндік жүйесіне. 5.2.Иммундық жүйенің орталық органдарына (айырша без, сүйек майы). 5.3.Иммунды процестің кейбір тізбегіне және бірлескен иммундыкомпетентті жасушаларға. 5.4.Иммундыкомпетентті жасушалардың зат алмастыруына және иммундыциткиндердің синтезделуіне. |
12 ТАРАУ. Иммундыдиагностикалық реакциялар және олардың қолданылуы
12.1. Антиген-антидене реакциялары
Зертханада қолданылатын реакциялардың негізінде антиген мен антидененің өзара қатынасының ерекшеліктігі жатады. Антиген мен антидененің арасында in vitro жүретін реакциялар спецификалық және бейспецификалық фазадан тұрады. Спецификалық фазада антидененің белсенді орталығы антигеннің детерминантымен спецификалық байланысқа жедел түседі. Содан кейін бейспецификалық фазасы басталады. Ол баяу және оның нәтижесінде физикалық көрністер пайда болады (агглютинацияда - тұнба, преципитацияда - лайлану). Бұл фаза қосымша жағдайларды қажет етеді (электролит, ортаның қолайлы рН –ы). Антидене мен антигеннің байланысының тұрақтылығы, олардың байланысқан саны, және де басқа көптеген факторлармен анықталады.