Файл: мед.микробиология 1 часть каз.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.09.2021

Просмотров: 8146

Скачиваний: 57

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

4.1.4. Мутациялар.

Мутациялар ДНҚ – ның құрлымдық өзгерісі, ол тұқым қуалаушылық қасиеттерінің (нақты бір қасиетінің) өзгеруімен сипатталады.

Антибиотиктерге қойылатын талаптар

Антибиотиктердің белсенділігі.Тығыз жағдайдағы антибиотиктік препараттардың белсенділігі заттың 1 мг- дағы бірлік мөлшерімен есептеледі. Дақылдық сұйықта және ерітінділерде антибиотиктердің 1 мл сұйықтағы бірлік мөлшерімен есептеледі.

Медицинада қолданылатын заттарды стерильдеудің алдындағы тазарту.

Осы мақсатта стерильдейтін заттарды ақуыздан, май қалдықтарынан, тағы басқа ластардан қолмен немесе механикалық әдістермен тазартады.

Автоклавтың жұмысын бақылау.

Химиялық бақылау:а) Автоклавтағы будың температурасына (120 - 121әС) жақын балқу нүктесі бар құрамында фуксині бар бензой қышқылын 30 – 40 мм – лік ұзындықтағы шыны түтүкшеге салып, екінші ұшын балқытып дәнекерлеп тастайды (балқу нүктесі 121 - 122әС).б) күкүрт немесе пирокатехинді пробиркаға салып, бикске салады, күкүрттің балқу температурасы - 112, әС, пирокатехиндікі - 102әС. в) Д+ маннозаны ұзындығы 115 мм болатын шыны түтүкшеге себеді, екінші ұшын дәнекерлейді. Балқу температурасы - 132әС.

Дезинфекциялық камералардың жұмысын бақылау

Жұқпалы ауру өздігінше түрлік, ал кейде типтік тұрғыдан жекеленген қоздырғыштармен туындалған спецификалық жұқпалылық жағдай. Макроорганизмге патогенді микробтардың немесе олардың токсинінің енуі (макроорганизмнің жасушалары және тіндерімен өзара әрекеттеседі) жұқпалы аурулардың пайда болуына тікелей себепкер болады. Жұқпалы аурулардың қоздырғыштары патогенді бактериялар, вирустар және саңырауқұлақтар болып табылады. Қарапайымдылар, гельминттер және жәндіктер қоздыратын аурулар инвазиялық немесе паразиттік ауруларға жатады.

Басқа ауруларға қарағанда жұқпалы аурулардың бірқатар ерекшеліктері бар.

Жұқпалы аурулардың ағымының сипаты және ұзақтығы бойынша ажыратып, бөледі. Сипаты бойынша: асқынусыз және қайталанбайтын жатық (гладкий), немесе ауру күшейіп, асқынулар және қайталанулар беретін-жатық емес (негладкий) түрлері болуы мүмкін. Жұқпалы аурулар ағымының ұзақтығы бойынша жіті (процесс 1-3 ай мерзімінде аяқталады), созылыңқы немесе жітілеу (ұзақтығы 4-6 айға дейін) және созылмалы (6 айдан астам) болуы мүмкін.

4. Жұқпалы аурулардың даму барысында иммунитет қалыптасады, ол инфекциялық процеске тән ерекшелік болып табылады. Әртүрлі жұқпалы аурулар кезіндегі жүре пайда болатын иммунитеттің кернеулігі және ұзақтылығында елеулі айырмашылықтар бар - өмір бойы қайталап жұғуды болдырмайтын айқын және тұрақты иммунитеттен бастап (қызылша, оба, шешек аурулары), тіптен аз уақыттан кейін қайталап ауруға мүмкіндік беретін әлсіз және қысқа мерзімділік иммунитетті (шегиллез) мысал ретінде келтіруге болады. Жұқпалы аурулар кезінде көбінесе тұрақты, кернеулі иммунитет қалыптасады. Жұқпалы аурулардың даму барысы және аяқталуының ерекшеліктері көбінесе сол кездегі иммунитет қалыптасуының пәрменділігімен байланысты. Жұқпалы аурулардың патогенезінің ерекшеліктеріне тән сипат-екіншілік иммунитеттің даму тапшылығы болып табылады. Бірқатар жағдайларда микробтарды қоршаулауға және элиминациялауға бағытталған қисынсыз (неадекватная) иммундық реакция (гиперергиялық реакция) иммунды-патологиялық үрдіске әкеледі, ол инфекциялық процестің созылмалы түрге айналуына және макроорганизмді өлім шегіне дейін жеткізуі мүмкін. Макроорганизмде микроб бар болған кезде төмендеңгейлік иммунитет асқынулар және қайталап ауыру (рецидив) пайда болуына әсер етуі ықтимал. Асқыну-бұл бәсеңсу немесе реконвалесценциялық кезеңдерде ауру симптомдарының күшеюі, ал ауру қайталану яғни рецидив- бұл сырқаттан айығу кезеңінде аурудың клиникалық симптомдары басылып кеткеннен кейін, дерт қозудың қайтадан пайда болуы. Асқынулар мен рецидивтер негізінде ұзақ уақытқа созылатын жұқпалы аурулар кезінде басымырақ байқалады (мысалы; іш сүзегі, тілме, сарып, туберкулез т.б.). Олар макроорганизмніғ резистенттілігін төмендететін факторлардың әсерінен пайда болады және макроорганизмде микробтардың табиғи даму циклімен байланысты болуы мүмкін (мысалы; безгек немесе қайталама сүзек кезіндегідей). Асқынулар мен рецидивтер клиникалық әрі зертханалық деңгейде байқалуы мүмкін.

5.Жұқпалы аурулар кезінде диагноз қою үшін спецификалық микробиологиялық және иммунологиялық диагноз қою әдістері (микроскопиялық, бактериологиялық, вирусологиялық, серологиялық зерттеулер және биологиялық, терілік-аллергологиялық сынамалар) қолданылады. Олар көбінесе диагнозды дәлелдеудің бірден-бір сенімді әдісі болып табылады. Бұл әдістер: негізгі, қосымша және экспресс-диагностикалық әдістерге бөлінеді.

Негізгі әдіске тексерілетін аурулардың барлығына ауру барысында диагноз қою үшін сөзсіз және кешенді түрде қолдалыналатын әдістер жатады.

Қосымша әдістер науқастардың жағдайын егжей-тегжейлі (детально) бағалауға мүмкіндік береді, ал экспресс-әдістер аурудын бірінші күндерінде ертерек диагноз қою үшін қолданылады. Диагностикалық әдістерді таңдау біріншілік клиникалық-эпидемиологиялық диагнозына және болжамдалып отырған нозологиялық түрдің ерекшеліктеріне қарай анықталады.

6. Жұқпалы ауруларды емдеу және алдын алу үшін этиотропты препараттардан (антибиотиктер және тағы басқа микробтарға қарсы препараттар) басқа, осы микробқа, сондай-ақ, оның токсиніне қарсы бағытталған (тікелей) арнайы препараттар қолданылады. Оларға вакциналарды, сарысуларды және иммундыглобуоиндерді, бактериофагтарды, эубиотиктерді, иммундымодуляторларды жатқызады. 7.6. Инфекциялық процесс түрлері.

Инфекциялық процестің көрінісі әрқилы. Шығу тегі бойынша ажыратады: экзогенді инфекция- микроб сырттан келіп жұққанда пайда болады; эндогенді инфекция (син: парэнтеральді, аутоинфекция) – макроорганизмнің өзінде болған микробтар және қалыпты микрофлораның шартты-патогенді өкілдері қоздыратын инфекция. Эндогенді инфекцияның пайда болуы макроорганизмнің резистенттілігін төмендедетін және екіншілік иммунды тапшылық дамуына әкелетін факторлардың әсерінен макроорганизмнің қорғаныс күштерінің әлсізденуімен байланысты.Қоздырғыштың қандай жерде орналасуына және жиналуына байланысты ошақты және генерализацияланған (жайылған) инфекциялар деп бөледі. Ошақты инфекция кезінде (син: локальды, жергілікті инфекция) қоздырғыш инфекцияның кіру есігінің аумағында қалады және макроорганизм бойынша таралмайды. Ал генерализацияланған инфекция кезінде микроб әртүрлі жолдармен (лимфогенді, гемотогенді, бронхогенді және периневральды) бүткіл макроорганизмге таралып жайылады. Осылай етіп бөлу шартты, өйткені макроорганизмнің резистенттілігі төмендегенде ошақты инфекция генерализацияланған инфекцияға айналуы ықтимал. Жергілікті, ошақты қабыну процесі көбінесе жалпы генерализацияланған инфекциялық процесс патогенезінің сатысы ғана болып табылады. Егер микроб қанда ұзақ уақыт болмаса және көбеймесе (бұл жағдайда қан тасымалдаушы орта қызметін атқарады) бактеремия, риккетсиемия, спирохетемия, вирусемия, паразитемия дейді. Бактеремия, вирусемия және т.б. – барлық инфекциялық және трансмиссивті механизммен жұғатын инвазиялық аурулардың патогенезінің сөзсіз түрде қажетті кезеңі (этапы). Қан ағымымен макроорганизмге таралып микробтар жасушалық элементтермен ассоциялануы немесе плазмада бос түрінде қалуы мүмкін. Жасушалық мембранасы микробтарды қолайсыз жағдайдан қорғайды. Антигенемия-қанда бүтін микроб жасушасы немесе микробтың жекелеген антигендері (мысалы, бактериялардың О-,Н-,К-антигендері) түрінде болуы. Антигенемия-бактеремия, вирусемия және т.б. қарағанда кең ауқымды түсінік. Антигенемия микробтар қанға түспеген жағдайда да болады (тырысқақ, шигеллез кездерінде). Қанда токсин болғанда токсинемия дейді. Микроб кіру аумағында қалып қойып, аурудың барлық негізгі симптомдары бактериялық ақуызды токсиндердің әсер етуімен байланысты инфекциялар-тосинемиялық инфекциялар деп аталады (сіреспе, ботулизм, газды ганргена). Микробтар қанда және лимфада тұрақты мекендеп, көбейетін жағдайдарды сепсис деп атайды. Сепсис (грек: sepsis-іріңдеу) немесе септицемия. Септицемия-инфекция кіру есігі белгісіз жағдайда болатын сепсистің бір түрі. Кіру есігінен шеткері жатқан ішкі органдарда екіншілік іріңді ошақтар пайда болса септикопиемия деп атайды. Микробтың бір түрімен қоздырылса –моноинфекция; ал бір мезетте бірнеше микробтар қоздыруға қатысса-аралас немесе микст-инфекция деп аталады. Микст-инфекциядан екіншілік инфекцияның айырмашылығын ажырыта білу керек.

Екіншілік инфекция кезінде микробтың бір түрімен қоздырылып дамыған инфекциялық процеске, бірінші микробтың әсерінен макроорганизм резистенттілігінің төмендеуі нәтижесінде, басқа бір микробпен немесе микробтармен қоздырылған инфекциялық процесс қосылады. Екіншілік инфекцияны көбінесе адам ағзасының қалыпты микрофлорасының өкілдері қоздырады (мысалы; грипп кезінде бактериялық пневмонияның дамуы). Суперинфекция- аурудан айықпай тұрғанда сол микробтың қайтадан жұғуы нәтижесінде болатын инфекция, ол аурудың сол кезеңіндегі клиникалық көріністерінің күшейуіне әкеліп соқтырады. Реинфекция- аурудан толық жазылып кеткеннен кейін сол микробтың қайтадан жұғуынан болатын инфекция. Егер инфекциялық процесс кезінде, оған тән клиникалық симптомдары толық және айқын дамыса, инфекцияның манифестік түрі (лат; manifestus- айқын, анық), ал клинкалық белгілері білінбесе-инаппарантты (син; белгісіз, симптомсыз) түрі деп аталады. Микроб пен макроорганизмнің өзара әсерлесуінің ұзақтығына қарай шартты түрде инфекциялық процестің екі типін ажыратады. Бірінші тип- микробтың макроорганизмде қысқа уақыт болуымен сипатталады. Бұл типке жатады; мерзімі үш айға дейінгі жіті өнімді инфекция, ал кейбір жағдайда мерзімі үш айдан алты айға дейін ұзаққа созылған инфекцияға айналады. Ұзаққа созылған (немесе жітілеу) түрі аурудың қозу және реконвалесценциялық кезеңдерінің ұзаруымен және көбінесе инфекцияның жедел түрінен созылмалы түріне айналуымен сипатталады. Инапарантты, субклиникалық инфекция клиникалық симптомдардың болмауымен және макроорганизмде тиісті иммунологиялық, функцияналдық, құрылымдық өзгерістердің дамуымен сипатталады; циклдік түрде дамиды және инфекциялық процестің жедел түріне сәйкес келеді. Бұл түр макроорганизмнің микробтардан толық құтылып, иммунитеттің қалыптасуымен аяқталады. Инфекцияның инаппарантты түрлеріне диагноз қою тек қана жұқпалы аурулар ошағында, арнайы зерттеу әдістерінің (ауру барысында антиденелер деңгейінің артуының өзгеруі, морфологиялық зерттеулер, аллергиялық сынамалар қою т.б.) негізінде іске асырылуы мүмкін. Екінші тип микробтың макроорганизмде ұзақ уақыт болуымен немесе персистенциялануымен (лат, persistentia- бұрынғы жағдайдың сақталуы, табандылық, тұрақтылық) сипатталады. Персистенциялану макроорганизмнің және қоғамның микробты жеңе алмағандығын, сондай-ақ микробтың макроорганизмде ұзақ уақыт тіршілік ету қабілетінің бар екендігін көрсетеді. Персистенция дамуының механизмі әр қилы; маңызды рөл атқаратын жағдайлар: микробтардың морфологиялық өзгерген немесе дефекті түрлерінің (бактериялардың “ L” пішінді түрлері, цисталар, дефекті вирустық бөлшектер) пайда болуы, дәріге төзімді түрлердің қалыптасуы, микробтардың жасуша ішінде паразиттік тіршілік ету қабілеттілігі (безгек қозғыштары, лейшманиялар, вирустар, хламидиялар және т.б.); не жасушаның апоптозын тежеуілдеуі; дәл микробтардың әсерінен болған туа біткен болмаса жүре пайда болған иммундытапшылықтар; макроорганизмдегі иммунологиялық толеранттылық; аутоиммунды және аллергиялық реакциялар және т.б. Жүре пайда болған иммунитет жағдайында дамуы персистенцияланудың ерекшелігі болып табылады. Мұндай иммунитеттің тиімділігі жоқ, себебі осы жағдай бірқатар микробтар мысалы, вирустар, риккетсиялар, хламидиялар, микобактериялар, трепонемалар, бруцеллалар, төрткүндік безгек қоздырғышы үшін патогенетикалық тұрғыдан қалыпты жағдай болып саналады. Персистенция төменде келтірген түрлерде көрініс беруі мүмкін: Микробтасымалдаушылық (бактерия-паразит-вирус немесе микотасымалдаушылық)- субклиникалық деңгейдегі инфекциялық процесс. Бұл кезде микроб қысқа немесе ұзақ уақытты мерзімде, макроорганизмде клиникалық белгілер бермей, кейде өмірбақи сақталады және қоршаған ортаға бөлініп отырады. Микробтасымалдаушылық макроорганизмдегі иммунологиялық өзгерістермен қатар жүреді. Макроорганизмдегі морфологиялық және функцияналдық өзгерістердің айқындылығы шамалы болады. Бірақ, дені сау адамдардағы микробтасымалдаушылық кезінде функцияналдық және морфологиялық өзгерістер болмайды. Микробтасымалдаушылық ауырып жазылу нәтижесінде қалыптасуы да мүмкін (іш сүзегі, салмонеллез, күл) және генерализациялану алдындағы инфекциялық даму сатысының бірі де болуы мүмкін (менингококты инфекция). Латентті инфекция (син; бұғып жатқан инфекция)-микробтасымалдаушылықтың өзіндік ерекшеліктері бар түрі болып табылады. Бұл кезде микроб макроорганизмде ұзақ уақыт болады, бірақ қоршаған ортаға бөлініп шықпайды. Әдетте, латентті инфекция созылмалы түрде өтуге бейімді аурулар (сарып, мерез, ұшық инфекциясы, токсоплазмоз) кезіндегі инфекциялық процестің сатысы болып табылады. Созылмалы инфекция алты айдан астам уақытқа созылады және үздіксіз немесе рецидивті түрде өтеді; ремиссиялық және асқыну кезеңдерінің алма-кезек ауысуымен сипатталады. Бұл кезде микробтар көптеген айлар, тіптен жылдар бойы қоршаған ортаға бөлініп шығып отырады. Біріншілік созылмалы ауруларға сарып, туберкулез, алапес, безгек, мерез жатады. Вирусологияда баяу вирусты инфекциялар өз алдына жеке топ ретінде қарастырылған.

7.7. Вирустарда патогенділік қалыптасудың ерекшеліктері, вирустардың жасушамен өзара әрекеттесуінің түрлері, вирусты инфекциялардың түрлері.

Вирустардың микробтар әлемінің басқа өкілдерінен айырмашылығы-олар генетикалық (молекулалық) деңгейде жасушаішілік облигатті паразиттер болып табылады. Олардың арасында патогенсіздері жоқ, сондықтан, оларға патогенділік термині қолданылмайды. Ал вируленттіліктің орнына инфекциондық немесе инфекциоздық атаулар қолданылады. Осыған байланысты вирусты инфекциялар кезіндегі инфекциялық процесс ең алдымен жасушалардың зақымдануына негізделген. Жасушаларда вирустар өсіп-өніп көбейеді және әрқашан екі геномның (вирустық және жасушалық) өзара әрекеттесуі болып табылады. Вирустың патогенділік қасиеттері келесі компоненттерден тұрады: вирустың организмге еніп, жасушалық мембранаға жабысуы (адсорбциялану); сезімтал жасушаларға ену қабілеттілігі; осы жасушалардың вирустық геномды депротеиндеуі және оны функцияналды- белсенді ету қабілеттілігі; жасушалардың пермиссивтілігі немесе осы жасушалардың генетикалық материалды транскрипциялау мен репликациялануы; вириондардың толыққұнды құрастырылуын қамтамсыз ететін мүмкіндігі; жасушаларда вирустар репродукциясының бірнеше циклінің іске асырылу мүмкіндігі; вирустардың цитопатиялық әсер етуі; вирустармен зақымданған жасушалардың қасында тұрған жасушаларға жұғып таралу қабылеттілігі; вирустардың біріншілік зақымданған ошақ шегінен шығып, барлық организмге таралу қабылеттілігі; олар қоздыратын аурулардың клиникалық көріністерінің негізіне жататын, жергілікті және жалпы патологиялық процестерді қоздыру қабілеттілігі; вирустың жаңа организмге ауысу және оның эстафеталық берілуін қамтамасыз ету қабілеттілігі. Осы қасиеттердің бәрі қажет. Бірақ вирустың патогенділік әсер етуі үшін олардың әрқайсысы өзінше жеткіліксіз болуы мүмкін. Осы қасиеттердің кейбіреулері вирустар өсіп-өніп, көбейетін жасушалармен байланысты, сондықтан бұл иелік немесе жасушаның иелік шектеуі деп аталады. Көптеген вирустар организмге инфекция кіру есігі болып табылатын және резистенттіліктің бірқатар бейспецификалық факторларымен қорғалатын шырышты қабаттар арқылы енеді. Сондықтан вирустар осындай қолайсыз факторлардың әсеріне төзімді болуы керек, ол вирустардың гендерімен детерминделеді. Мысалы; ішек вирустары қышқылды «РН»-қа, өт қышқылының тұздарының детергенттік әсеріне және оларды бұзатын протеолиттік ферменттердің әсеріне, әдетте, төзімді болып келеді. Вирустардың сезімтал жасушалардың мембраналарына адсорбциялану қабілеттілігі вирустар үшін спецификалық процесс болып табылады. Бұл процесс, вирустарда болатын жабысу ақуыздарының (антирецепторлардың) және оларға сезімтал жасушалық рецепторлардың қатысуымен атқарылады. Жабысу ақуыздар қарапайым вирустардың капсидының, ал күрделі вирустарда –суперкапсидының құрамында болады. Шешек вакцинасының және қарапайым ұшық вирустары сияқты күрделі вирустарда жабысу ақуыздарының бірнеше түрі болуы мүмкін. Вирустардың ие шеңберін ауыстыру және жаңа иесіне бейімделу қабілеттілігі, жасушалық рецепторларды танитын жабысу ақуыздарындағы бір учаскенің біріншілік құрылымының өзгеруімен байланысты. Бұл учаскелер өзінің құрылысы бойынша консервативті және ойшық-каньондарда орналасқан, мөлшері өте кішкентай. Осыған орай антиденелердің белсенді орталығы вирустарға толық жете алмайды, тек қана ойшықтарды қоршаған гипервариабельді учаскелермен әсерлеседі. Ол вирустарға иммунологиялық қысым жасаудан құтылуға мүмкіндік береді. Антирецепторларды кодтайтын гендердегі мутациялар кейде вирустардың жасушалық рецепторлармен өзара әрекеттесу қабілеттілігінің толық жоғалуына әкеледі. Вирустардың жасуша беткейіне адсорбциялануы вирустардың жасушаларға өзінен-өзі енуіне әрқашан әкеле бермейді. Сыртқы жағында гемагглютининдері бар көптеген вирустар эритроциттерге, әсіресе сүтқоректілердің ядросыз эритроциттеріне адсорбцияланады, бірақ оларға ене алмайды, өйткені олардың эндоцитоздану қабілеттілігі жоқ. Мұндай жағдайдың ядросы бар құстардың эритроциттеріне де қатысы бар. Егер суперкапсиді бар күрделі вирустар және жасушамен өзара әрекеттесуі оған ұқсас, қарапайым вирус жұққанда эндоцитозбен бір мезетте жасушалық және вирустық мембраналардың бірігіп қосылуы болмаса, тек қана эндоцитоз жеткіліксіз болады; өйткені, эндоцитарлық вакуоль вириондар үшін “бейітке”(кладбище) айналады. Өзара әсерлесудің бұл сатысы әрбір вирус үшін өте маңызды және спецификалы болады. Бұл процеске арнайы бірігіп-қосылу ақуыздары қатысады, олар қабықшасы немесе фунукционалдық учаскесі бар көптеген вирустарда болады. Бірігіп-қосылу ақуыздары вирустардың жабысу ақуыздарына ұқсас емес. Қосылу ақуызы парамиксовирустарда ең жақсы зерттелген, ол F-ақуыз (ағылшынша; fusion- қосылу) деп аталады. Қосылып-бірігуге қатысатын F-ақуыз аймағы өте жоғары тұрақты болып келеді. Бұл жерде болған мутация бірігіп-қосылу процесін тосқауылдайды. Бірігіп-қосылу сыртында да және ішінде де болуы мүмкін; жұғу өте жоғарғы деңгейде болғанда бірігіп-қосылу сырттан болады, ол жұққаннан кейін бірден пайда болады және вирус кодтайтын ақуыздардың синтезделуін қажет етпейді. Жұғу дәрежесі төмен болғанда іштен бірігіп-қосылу байқалады. Ол жаңадан синтезделген қосылу ақуыздарымен байланысты және инфекциялық процестің соңғы сатыларында пайда болады. Вирустардың инфекциялық белсенділігі көрінуі үшін бірігіп-қосылу ақуыздарының посттрансляциялық прессингі қажет. Бұл процесс кезінде нүктелік немесе шектелген протеолиз нәтижесінде бастаушы-ақуыздың протеолиттік кесіліп-бөлінуі болады, бұл оның белсенділігін арттыруға және жасушалық мембранамен өзара әрекеттесетін фрагменттің пайда болуына әкеледі. Осыған орай, бірігіп-қосылу ақуыздары бактериялардың протоксиндері тәріздес екенін еске салады. Вирустық ақуыздардың кесіліп-бөлшектенуі тиісті спецификалығы бар протеазалардың болуын қажет етеді. Бұл протеазалар шығу тегі бойынша жасушалық және вирустық болуы мүмкін. Кесілетін учаскедегі мутация протеолиздің және көпциклді инфекциялық процесс атқара алатын инфекциондық вирустардың өндірілуінің тосқауылдануына әкеледі, сондықтан инфекциялық процесс абортивті сипатта өтеді. Протеолиздену дәрежесінің организмде вирустық инфекцияның генерализациялануы үшін үлкен маңызы бар. Протеолиттік кесіп бөліну нәтижесінде болатын вирустық ақуыздардың посттрансляциялық модификациясы, вирустардың инфекциялық белсенділікке ақырғы рет ие болуындағы ең шешуші сәт және протеолиз ингибиторлары үшін оңай нысана болып табылады. Вирустардың бірігіп қосылу ақуыздары, синцитиялар құрамына кіретін вирустар жұққан жасушалармен бірге жұқпағандарын да қатардан шығарады. Осындай жағдай пайда болған жасушааралық көпіршелер арқылы вирустардың жасушадан жасушаға ауысып отыруына мүмкіндік береді. Осыған орай вирустар жасушааралық кеңістікке түспейді де, вирус-бейтараптаушы антиденелер вирустарға әсер ете алмайды. Парагрипп вирустарына қарағанда грипп вирустарының ерекшелігі сол, олардың гемагглютининдері бірігіп-қосылу ақуызы болып табылады және вирустардың жасушаға адсорбциялануын қамтамасыз етеді. Бірақ, жабысу және қосылу функциялары үлкен (НА1) және кіші (НА2) суббірліктерінің өздерінің арасында ажыратылып, анықталған учаскелер бойынша атқарылады. Грипп вирустарының маңызды патогенділік факторларының бірі-нейраминидаза, ол вирустың гемагглютининінен сиал қышқылының қалдықтарын шығара отырып, оны протеолиттік ыдырауға қолайлы етеді; ол өз кезегінде вирустардың инфекциондығының артуы үшін қажет. Қарапайым вирустардың капсидінің құрамында күрделі вирустардың бірігіп-қосылу ақуыздарына ұқсас ақуыздардың болатыны анық. Капсидтің беткейлік орналасқан ақуыздарының бірі жасушалық мембрананы тұрақсыздандырады. Ол модифицирленген капсидтің эндоцитарлық вакуольден цитоплазмаға енуіне ықпал жасайды. Вирус пен жасушаның өзара әсерлесуі-әрқашанда вирус және жасуша геномдарының өзара әсерлесуі. Вирустың адсорбциялануы, оның жасушаға енуі және шешінуі нәтижесінде вирустың генетикалық материалының босануы болады; ол функционалды белсенді түрге айналады, себебі, оның экспрессиялануына кедергі жасайтын сыртқы қорғаныс қабатынан босанады. Геном белсенділігінің дәрежесі әр түрлі тұқымдас вирустардың әртүрлі деңгейдегі депротеинизациялану дәрежесімен байланысты. Депротеинизациялану жасушаның протеазаларымен немесе жасушаның беткейлік –белсенді құрылымдарымен (жасушалардың иелік шектеуіші) атқарылады. Мұндай заңдылыққа шешек вирусы жатпайды. Күрделі-құрылымды вирустар үшін минимальды инфицирлеуші құрылым вирустық бөлшектің ішкі компоненттері-жүрекшесі (сердцевина) және модифицирленген ақуыздары мен конформациялық өзгерген капсидтері, ал қарапайым вирустар үшін-ішкі немесе геномдық ақуыздармен байланысқан нуклеин қышқылдары болып табылады, олардың функциясы геномның функциясымен және реттелуімен тығыз байланысты. Вирустардың репликациялануында вирустық ақуыздардың синтезделуі үшін ие жасушасының ақуызсинтездеуші құрылымдарын пайдалануы шешуші сәт болып табылады. Эукариоттық жасушалар вирусқа екі шектеу қояды. Біріншіден, жасуша өзінің ДНК-н транскрипциялау жолымен және содан кейінгі транскриптің посттранскрипциялық прессингілеуімен ядрода өзінің меншікті РНК-н синтездейтіндіктен ядрода да, цитоплазмада да вирустық ДНК-н транскрипциялау қабілеттілігі бар ферменттер болмайды. Сондықтан жасушалық транкриптазаны ядроға ену қабілеттілігі бар тек қана ДНК-геномды вирустар пайдалана алады. Басқа вирустардың барлығы РНК-н синтездеу үшін меншікті ферменттерін өндіруі керек. ДНК-геномды вирустардың транскрипциялануы үшін жасуша цитоплазмасында арнайы фермент вирустық-РНК- полимераза болуы керек; ол құрылымдылық вирустық ақуыз болып табылады. РНК-геномды вирустарда транскрипциялану вирусспецификалық транскриптазалармен атқарылады, олар әрі құрылымдық (эндогендік транскриптаза), әрі құрылымсыз ақуыздар болуы мүмкін. Күрделі құрылған РНК-геномды вирустың транскрипциялануы РНК-ң жалаңаш матрицасында жүрмейді, тек қана вирустық нуклеокапсидтің немесе жүрекшесінің (транскривтивтік кешендер) құрамында атқарылады. Транскрипция үшін геноммен байланысқан капсидті ақуыздар қажет. Себебі, олар РНК жіпшесінің дұрыс конформациясын, оны жасушалық протеазадан қорғауды, геномдық жекеленген фрагменттерінің бір-бірімен байланысын және транскрипцияланудың реттелуін қамтамасыз етеді. Екіншіден, эукариоттық жасушаның синтездеуші аппараты тек қана моноцистронды РНК-н трансляциялау үшін бейімделген, өйткені, ол РНК-дағы инициациялаушы ішкі учаскелерді тани алмайды. Соның нәтижесінде вирустар әрбір ген үшін жеке РНК-н, немесе көп полипротеин кодтайтын және бірнеше гендерді біріктіретін РНК синтездеуге мәжбүр болады. Ол кейіннен жекеленген ақуыздарға кесіліп бөлінеді. Вирустық геномның транскрипциялануы инфекциялық процестің ұзына бойында көптеген вирусспецификалық және жасушалық факторлармен қатал реттеледі. Транскрипциялану дәрежесімен инфекция сипаты және оның типі (өнімдіден абортивті инфекцияға дейін) байланысты болады. Транскрипциялық процестерді реттеуде күшейткіш гендер және трансактиваторлар маңызды рөл атқарады. Олар вирустардың геномының арнайы аумағында орналасқан және белсендіретін гендері болады. Күшейткіштер бұл транскрипцияны күшейтетін генетикалық элементтер. Вирустық күшейткіштердің құрылымының жасушалық құрылымнан айырмашылығы жоқ. Промотормен және күшейткішпен байланысатын транскрипциялық факторлар бір функция орындайды және олар әрі жасушалық, әрі вирустық ақуыздар болуы мүмкін. Гендердің экспрессиялық деңгейін бақылайтын күшейткіштер паповавирустарда, гепадновирустарда, герпесовирустарда, ретровирустарда және бірқатар басқа вирустарда да табылған. Трансактиватор-ақуыздардың спецификалық әсер ету қабілеттілігі жоқ. Олар гендердің реттеуші аумағымен байланысады және бір мезгілде барлық гендердің (соның ішінде басқа да вирустардың) күшейтілген транскрипциясын белсендіреді, ол вирустық бөлшектердің бірден бұрқ етіп өндірілуіне әкеледі және жасушалық онкогендердің экспрессиясын қосады. Олар транскрипциялық сатыда да , посттранскрипциялық деңгейде де әсер етеді. Вирустық және жасушалық трансактиваторлардың өзара әсерлесуі латенттік инфекцияның литилік түріне ауысуына және вирус жұққан жасушалардың онкогендік трансформациялануына әкелуі мүмкін. Күшейткіштердің де, трансактиваторлврдың да қызметі үшін екі маңызды аумағы болады. Оның біреуі тасымалдау-ақуыздың нысанамен байланысуын анықтайды, ал басқасы белсенді орталық болып табылады-ақуыздың негізгі белсендіруші қызметін атқарады. Трансактиваторлардың функциялық аумағына сай келетін мутант-ақуыздардың немесе пептидтердің бәсекелестігі негізінде трансактиваторлардың функциясын тосқауылдау, вирустарға қарсы емдеу тәсілдерінің перспективті бағыты болып табылады. Трансактиваторлар АИВ (ВИЧ), гепатит ”В”, адено-, папова-, және ұшық вирустарында табылған. Күшейткіштер мен трансактиваторлар генетикалық паразит ретінде жасушалық геноммен бәсекелесетін вирустарға қажетті атрибут болып табылады. Кейбір вирустар мөлшерінің өте ұсақтығына қарамастан, олар эволюция барысында вирус геномынан мөлшері кіші молекула бөліп, өз геномдарының экспрессиялануын және вирус ұрпақтарының көбеюін табысты аяқтай алады.

Күрделі вирустардың патогенділігінің қалыптасуында вирустық ақуыздардың посттрансляциялық модификациялануымен қатар, вирус бөлшектеріне құрастыруға қатысатын “М”ақуыздың (матрикстік белок) синтезделуі маңызды рөл атқарады. “М”ақуыздың плазматикалық мембранаға қосылуы вирустық бөлшектердің бүршіктену мүмкіндігін анықтайтын лимиттеуші жағдай болып табылады. “М”ақуыздың синтезделуі әрі вирусспецификалық және жасушалық механизмдермен қатал реттеледі. Вирус жұққан жасушалардағы “М”ақуыз саны көп жағдайда осы жасушалық жүйедегі вирустың репродукциялану ерекшелігін анықтайды. “М”ақуыздың аберантты синтезделуі, оның жасушааралық тасымалдауының бұзылуы абортивті және персистентті вирусты инфекциялар пайда болуына бірден-бір себепкер болады.

іп, фагоциттердің бөгде затпен байланысуын жеңілдетеді. Опсониндер фагоцитозға кірісетін ақуыздар. ұшқыр фазаның ақуызына бауыр ұлпасының зақымдалғанына қарсы түзілетін С-реактивті ақуыз, ісікке қарсы ақуыз т.б. кіреді. Мысалы С-реактивті ақуыз бөгде затты өңдеуге қатынасады да, ісік бар-жоғының белгісі болады.

Манноза байланыстырушы ақуыз. Ол қан сарысуының қалыпты ақуызы. Ол микроб қабырғасындағы маннозаның қалдығымен тығыз байланысқа түсіп, микробты залалсыздыруды жеңілдетеді.

Пропердин - комплемент жүйесінің құрамындағы фагоцитозды қолдайтын қан сарысуындағы қалыпты гаммаглобулин. Комплементті альтернативті жолмен белсендіруге себепкер болады.

Иммунды реакциялар сау және ауру адамдарға диагноз қою және иммунологиялық тексеру кезінде қолданылады. Ол үшін серологиялық ( лат, serum- сарысу, logos- ілім, оқу) тәсілдер пайдаланылады, яғни сарысуда, басқа сұйықтықтар мен тіндерде табылатын антиген-антидене реакциялары арқылы зерттейді.

Ауру адамның сарысуында қоздырғышқа қарсы антиденелер табылса, онда диагноз қоюдың мүмкіншілігі туады. Сонымен қатар, серологиялық реакциялар микробтардың антигенін, түрлі биологиялық белсенді заттарды, қан тобын, тін және ісік антигенін, иммунды комплексті, жасушаның рецепторларын және т.б. анықтауға қолданылады.

Ауру организмнен микробты бөліп шығарған кезде олардың ауру тудырғанын дәләлдеу үшін гипериммунизацияланған диагностикалық иммунды сарысуды колданады. Бұл тәсіл серологиялық идентификациялау деп аталады.

Микробиологияда және иммунологияда агглютинациялық, преципитациялық, бейтараптау, комплемент байланыстыру, таңбаланған антидене мен антигендер арқылы жүретін (радиоиммундық, иммундыферменттік, иммундыфлюоресценттік ) реакциялар өте кең колданылады. Олар бірінен бірі жүргізу техникасымен, соңғы көрнісімен ажыратылады. Бірақ, олардың барлығының негізінде антиген мен антидененің өзара байланысуы болады, және де олар антиденені, не болмаса антигенді анықтау үшін пайдаланылады. Иммунды реакциялар жоғары сезімталды және спецификалы.

Төменде иммундыдиагностикалық реакциялардың ең бастыларының механизімінің принциптері мен сызбанұсқасы келтірілген.

12.2. Агглютинциялық реакциялар.

Агглютинациялық реакция – АР ( лат.agglutinatio – желімдеу) корпускулалық (бактериялар, эритроциттер, не басқа жасушалар, сонымен қатар макромолекулалық агрегаттар) антигендерді антиденелермен байланыстыру арқылы өтетін қарапайым реакция.

АР-дың бірнеше нұсқасы қолданылады: жайылма, болжамдау, жанама және т.б. Агглютинациялық реакцияның нәтижесі оң болған кезде көрінетін тұнба пайда болады. Реакцияның жүру механизімі 20-сызбанұсқада көрсетілген.

АР-ды пайдаланудың мақсаттары:

аурудың қан сарсуындағы антиденені анықтау үшін. Мысалы, сарыпта (Райт, Хеддельсон реакциялары), іш сүзегінде (Видаль реакциясы) және тағы басқа жұқпалы ауру түрлерінде;

аурудан бөлініп шығарылған қоздырғыштың түрін анықтауға;

эритроциттердің аллоантигеніне қарсы моноклоналды антиденелерді қолдану арқылы қанның қай топқа жататынын анықтау үшін.

Ауруда антидене бар екенін анықтау үшін агглютинация реакциясының жайылған түрін қояды: сарсудың әртүрлі ерітіндісіне диагностикум ( физиологиялық ерітіндідегі өлтірілген микробтар ) қосылады, термостатқа +37˚ С -та бірнеше сағаттқа қойылғаннан кейін ең жоғарғы сұйылтуда пайда болған тұнбаны байқайды (сарсудың титрі).

Агглютинацияның сипаты және шапшаңдығы антигенмен антидененің түріне байланысты. Мысал ретінде О –диагностикум мен (О-антиген) Н-диагностикумді ( Н-антиген) келтіруге болады. О диагностикумымен агглютинация (өлтірілген микробтардың жасушасы) ұсақ дәнді тұнба ретінде болса, ал Н –диагностикумымен ( талщықты антигендері бар) ірі дәнді, жапалақтаған түрде тұнба береді.


Егерде аурудан алынған микробтардың түрін анықтау қажет болса,онда агглютинация реакциясының болжау түрін қояды. Реакция зат шынысының бетінде қойылады. Реакцияның нәтижесі оң болған кезде, реакцияның жайылған түрін қояды.

Туыстығы бар әртүрлі микробтар агглютинациалық сарсудың бір түрімен агглютинацияға түсуі мүмкін. Ол көрніс микробтардың қай түрге жататындығының дәлелдеудін қыйындатады. Сондықтан, сарысуды қайшылас агглютинация беретін антиденелерден тазартады. Ондай сарысулар адсорбталған (тазартылған) агглютинациялық сарысу деп аталады. Ондай сарысудың тек қана микробтың бір дарасына қарай бағытталған өзіндік антиденелері болады. Агглютинациялық монорецепторлық диагностикалық сарысуды алу тәсілін 1902 жылы А.Кастеллани ұсынған.

Жанама гемагглютинациялық реакция (ЖГАР). Реакцияның принципі антигенмен антидене қондырған эритроциттерді, не латексті қолдануға негізделген (21-сызбанұсқа). Олар сарысудағы антигендермен не антиденелермен өзара қатынасқанда бірімен бірі жабысып пробиркада ирекшетті көріністі тұнба түседі. Реакцияның нәтижесі теріс болған кезде «түйме» тәрізді тұнба болады (22-сызбанұсқа). Әдетте бұл реакцияны эритроциттерге қондырған антигендер арқылы сарсудағы антденелерді анықтайды. Реакция керісінше вариант түрінде қолданылуы мүмкін, яғни эритроциттерге қондырылған антиденелермен антигенді анықтайды, бірақ бұл вариант сирек қолданылады. Аталған вариант «керісінше гемагглютинациялық реакция» деп аталады (КГАР). КГАР–ды жұқпалы аурудың диагнозын қою үшін, адам ағзасының гормондарға, дәріге сезімталдығын анықтау үшін тағы басқа жағдайларды дәлелдеуге қолданады.

Коагглютинациялық реакция. Қоздырғыштың жасушаларын алдын ала иммунды сарысумен өңделген стафилококтардың көмегімен анықтайды. Стафилококтардың құрамындағы А-ақуызы антидененің Fc- бөлшегіне тектестігі бар болғандықтан олар антиденелермен бейспецификалық байланысқа түсе алады да, содан кейін ол антиденелер белсенді орталығымен өзіне сәйкес микробтармен байланысып, сонының нәтижесінде стафилококтан, антденеден және анықталып отырған микробтардан тұратын жапалақталған тұнбаға түседі.

Гемагглютинацияны тежеуші реакция (ГАТР) Реакция вирустың антигендерін иммунды сарысуыдың антиденелері тосқауылдап, вирустың эритроциттерді агглютинацияға түсіру мүмкіншілігін жоғалтуына негізделген (23-сызбанұсқа).. ГАТР–ды, қоздырғыштары эритроцитпен байланысу мүмкіншілігі бар вирустар тудыратын аурулардың диагнозын қою үшін қолданады (тұмау, қызылша, қызамық, кенелік энцефалит).

Агглютинациялық реакциялар медицинаның басқа саласында да, мысалы, қанның кай топқа жататынын, резус-факторды, антирезустық антиденелерді ( Кумбс реакциясы) анықтау үшін қолданылады.


Жанама Кумбс реакциясы. Резус факторға қарсы пайда болатын антиденелер бірваленттік толық емес түрге жатады. Олар эритроциттермен спецификалық байланысады, бірақ агглютинацияға жеткізе алмайды. Однай антиденелерді анықтау үшін жанама Кумбс реакцисын қолданады. Рекция өткізу үшін антирезустік антидене+резус оң эритроциттер жүйесіне агглютиация туғызатын антиглобулинді сарысу қосады (24-Сызбанұсқа). Мысалы, реакцияны перзенттің гемолитикалық ауруының диагнозын қойғанда пайдаланады.

12.3. Преципитациялық реакциялар

Преципитациялық реакцияПР ( лат. praecipito – тұнбаға түсіру). Реакцияның негізіне ерітілетін молекулалық антигенмен антидененің комплекс құрып преципитат деп аталатын лайлану пайда болуы жатады. Бұл көрніс антиген мен антидененің тең өлшемін араластырғанда ғана құрылады. Егерде біреуінің өлшемі үстемдірек болса, ол жағдайда комплекс құрылуының мүмкіншілігі төмендейді.

Преципитациялық реакцияны пробиркада (сақиналы преципитация), қоймалжыңда (гель), қоректік орталарда тағы басқада қоюға болады (25-сызбанұсқа).. Күнделікті жағдайда преципитациялық реакцияның кең тараған түрлеріне жартылай сұйық агарда, не агароза қоймалжыңында қойылатын Оухтерлонидың қос иммундыдиффузиясы, радиалдық иммундыдиффузия, иммундық электрофорез жатады.

Сақиналы преципитациялық реакция. Реакция иммунды сарысу бар арнайы жіңішке пробиркаға ерітілетін антигенді қабаттап қосу арқылы жүргізіледі. Антиген мен антидененің капталы теңесінде екеуінің арасында сақина тәрізді күңгірт преципитат пайда болады. Антигеннің артық өлшемі реакцияның нәтижесіне ешқандай зиянды әсер етпейді. Егерде реакцияға колданылатын антиген зерттелетін заттан қайнатылып сорынды түрінде алынса, бұл жағдайда термопреципитация реакциясы деп аталынады (Асколи реакциясы).

Оухтерлони бойынша қойылатын қос иммундыдиффузиялық реакция. Реакцияны қою үшін ерітілген агар қоймалжыңын шыны пластинкасының бетіне жұқа қабыршақ ретіне кұяды. Агар қатайғаннан кейін оның бетінде диаметірі 2-3 мм мөлшерінде щүңқыр жасайды. Ол шұңқырларға жекелеп антиген мен иммундық сарысу құяды. Уақыт өткеннен кейін антигенмен антиденелер қоймалжыңға сіңіп, біріне бірі қарама-қарсы жылжыйды. Олардың теңбе-тең өлшемі кездескен жерде преципитаттың ақ түсті тілкемі пайда болады. Антигенмен антидененің сәйкес тілкемі бірімен бірі жалғастырылып қосылады, ал сәйкес болмаған жағдайда қайшыласып жатады.

Радиалдық иммундыдиффузия реакция. Иммундық сарысу қосылған агар қоймалжыңын шынының бетіне біркелкі құяды. Қоймалжың қатайғаннан кейін антиген мен антидененің әртүрлі өлшемді ерітіндісі құйылатын шұңқыр жасайды. Антиген қоймалжыңға сіңіп, антиденемен байланысып, шұнқырдың айналасын бойлайтын шеңбер тәрізді преципитат тудырады. Преципитат шеңберінің диаметірі антигеннің концетрациясына пропорционалды. Реакцияны қан сарысуындағы иммундыглобулиндердің сыныптарын, комплемент жүйесінің құрамын анықтау үшін қолданады.


Иммундық электрофорез. Электрофорез және иммундық преципитация тәсілін үйлестірген реакция. Антигендердің қосындысы агар қоймалжыңындағы шұнқұрға құйылып электрофорез арқылы жекелендіріледі. Сонан кейін электрофорездің зонасына параллельді жасалған өзектерге иммундық сарысу құяды. Иммундық сарсудағы антиденелер қоймалжыңға сіңіп антигенмен «кездескен» жерінде преципитат сызығы пайда болады (26-сызбанұсқа) .

Флоокуляциялық реакция (Рамон бойынша) ( лат. –flocus - жүннің жапалағы). Токсин+антитоксин, не анатоксин+антитоксин байланысқан кезде пайда болатын күңгірт жылтырауық, немесе жапалақ масса. Реакцияны антитоксикалық сарсудың, немесе анатоксиннің белсенділігін анықтауға колданады.

Иммундыэлектрондық микроскопта қарау тәсілі. Сәйкес иммундық сарысумен өңделген вирустарды электрондық микроскоппен қарау қолданылады. Иммунды сарысумен өңделген вирустар иммунды агрегаттарға (микропреципитаттарға) айланады. Фосфорлы-вольфрам қышқылымен, не басқа электронды-оптикалық тығыздығы бар препарттармен қарама-қарсыластырылған антиденелер вирионның айналасында гүлді тәж құрады.

12.4. Комплементтің қатынасуымен жүретін реакциялар

Комплементтің қатынасуымен жүретін реакциялар антиген-антидене комплексінің комплементті белсендіруіне негізделген (комплемент байланыстыру реакциясы, радиалдық гемолиз т.б.).

Комплементті байланыстыру реакциясы (КБР). Антиген мен антидене бір-біріне сәйкес келген уақытта иммунды комплекс құрылады. Антидененің Fc-бөлшегі арқылы комплекске комплемент жалғасады, яғни антиген-антидене комплексі коплементті байлайды. Егерде антиген-антидене комплексі құрылмаса комплемент бос қалады. КБР –ның өту механизімі екі фазадан тұрады. Бірінші фазада антиген+антидене+комплемент қосындысы белгілі уақытқа термостатқа қойылады. Уақыт өткеннен кейін оларға, эритроциттермен оған қарсы антиденелері бар гемолитикалық сарысуынан тұратын екінші «индикаторлық» жүйе еңгізіледі. Егерде зерттеліп отырған затта антигенге сәйкес антидене болса олар комплекс құрып комплементті байлайды, сондықтан қосындыда бос комплемент болмайды. Екінші жүйені қосқан кезде эритроциттерге қарсы антиденелері бар иммунды гемолиткалық сарсу эритроциттерді ерітпейді, өйткені, ол процесс тек қана бос комплементтің көмегімен жүруі керек. Реакцияның нәтижесі оң болғанда пробиркада эритроциттердің «түйме» тәрізді тұнба құрғаны байқалады. Ал, зертелген затта антиген, не антидене болмаса, немесе олар бір-біріне сәйкес келмесе комплекс кұрылмайды да, комплемент бос болады, сондықтан ол екінші фазаға қосылылады. Бұл жағдайда гемолитикалық сарсу эритроциттерді ерітеді де, пробиркада гемолиз байқалады (мөлдір қызғылт сұйық), яғни реакцияның нәтижесі-теріс (27-сызбанұсқа).


КБР реакциясы бірқатар жұқпалы аурулардың диагнозын қою үшін колданылады (созда- Борде-Жангу реакциясы, мерезде- Вассерман реакциясы).

27- сызбанұсқа. КБР- механизімінің сызбанұсқасы.

Антиген Антиген

(белгілі) (белгілі)

+ +

Антидене Антидене

Аурудың қан сарысуы Аурудың қан сарысуы

(белгісіз) (белгісіз)

+ +

---------------------

Комплемент Комплемент

------------------------

+ +

Гемолитикалық жүйе Гемолитикалық жүйе

(Гемолитикалық сарсу + қой эритроциті) (Гемолитикалық сарсу + қой эритроциті)

! !

! !

! !

Гемолиз жоқ.. Эритроциттердің Гемолиз бар. Эритроциттер еріген.

тұнбасы бар. Мөлдір қызыл түсті сұйық..

Реакцияның нәтижесі оң. Реакцияның нәтижесі теріс.

(Антидене бар) (Антидене жоқ)

Радиалды гемолиздік реакция (РГР). Қой эритроциттері мен комплементі бар агар қоймалжыңындағы шұңқырларда қойылады. Шұңқырға гемолитикалық сарысу қосылғаннан кейін реакцияның оң нәтижесінде антиденелердің қоймалжыңға радиалды сіңуінен шұңқырдың айналасында гемолиздік белдем пайда болады. Тәсіл арқылы комплементтің, гемолитикалық сарсудың белсенділігін, тұмау вирусына қарсы антиденелерді анықтауға болады.

Иммунды жабысу реакциясы (ИЖР). Комплемент жүйесін, иммунды сарысумен өңделген корпускулды антигендермен белседірілуіне негізделген. Соның нәтижесінде иммундық комплекстің құрамындағы корпускулдық антигенге қосылатын комплементтің белсендірілген С3b бөлігі пайда болады. Эритроциттерде, тромбоциттерде, макрофаг-тарда С3b мен байланасатын рецепторлар болғандықтан, оларды С3b бар иммундық комплекстерге қосқанда, айтылған жасушалар қосылып агглютинацияға түседі.

12.5. Бейтараптау реакциясы (БР)

Иммунды сарсудағы антиденелердің, микробтардың сезімтал жасушаларын, немесе олардың токсиндерін, немесе тін жасушаларын зақымдаушы мүмкіншілігін бейтараптау реакциясы арқылы анықтайды. Ол антиденелердің микроб антигендерін байлау, яғни бейтараптау процесіне негізделген. Бейтараптау реакциясын (БР) антиген мен антидене қосындысын зертханалық жануарға еңгізу , немесе сезімтал сынақ–нысандарына (жасуша дақылы, эмбрион) жұқтыру арқылы жүргізеді (28-сызбанұсқа).. Жануарларда, не сынақ-нысандарда микробтардың, не олардың антигендерінің, токсиндерінің зақымдаушы әсері байқалмаған кезде иммунды сарысудың бейтараптау қасиеті бар екені көрсетіледі, яғни антиген-антидене комплексінің өзіндік байланыста екені дәлелденеді.