Файл: Мектептегі информатика сабаы басымдытар жне жетілдіру стратегиялары педагогтерді біліктілігін арттыру курсы тыдаушыны.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.11.2023

Просмотров: 570

Скачиваний: 29

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
дескрипторларды құрастырыңыз.

Пән ___________________________________________ Сынып

Бөлім __________________________________________________________________



Оқу мақсаты:




Бағалау критерийі

Білім алушы



Ойлау дағдыларының деңгейі




Тапсырма

Дескриптор: Білім алушы





WEB ЖӘНЕ МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАЛАР ӘЗІРЛЕУ
Дизайн теориясы.

Оқу мақсаты:

5.2.2.2 растрлық кескіндерді жасау және өңдеу;

5.2.2.3 векторлық суреттер жасау және өңдеу;

6.3.1.1 3D-модельдер қолдану мысалдарын келтіру;

10.2.1.1 «дизайн», «қолдану» ұғымдарын түсіндіру;

10.2.1.2 түрлер бойынша көрнекі дизайнды жіктеу;

10.2.1.4 «жақсы дизайн» қағидаттарын іске асыру (ыңғайлылық, қарапайымдылық және т.б.);

10.2.1.5 сурет файл форматтары арасындағы айырмашылықты түсіндіру;

10.2.1.6 графикалық файлдарды түрлендіру қажеттілігін түсіндіру;

11.4.2.4 маркетингтік жарнама жасау (инфографика, бейне)



1-жаттығу (А деңгейі)
1-тапсырма.

Келесі сұрақтарға жауаптар дайындаңыз:

  1. Графикалық ақпарат компьютерде қалай сақталады?

  2. Кескіннің ең кіші бөлігі қалай аталады?

  3. Мына жағдайларда графикалық кескіндеу форматының қай түрін қолданған дұрыс:

  • Электронды пошта арқылы жіберу үшін

  • Үлкен қабырға постерін жасау үшін

  • Веб-сайт бетінде орналастыру үшін

  • Фотосуреттерді компьютерде сақтау үшін

  1. Кескіндеу түсінің дәлдігі (разрешение) және тереңдігі деген не?

  2. Дәлділігі төмен/жоғары кескінді қай кезде пайдалану керек?




2-тапсырма.

Растрлық графикалық редакторды (Paint, GIMP) қолданып, форматы және түс тереңдігі әртүрлі, бірақ дәлдігі бірдей кескіндерді әзірлеу, өңдеу және сақтау бойынша практикалық жұмысты орындаңыз. Кестені толтырыңыз, сақталған кескіндердің өлшемдерін салыстырыңыз және қорытынды жасаңыз.


Файлдың форматы

Түс тереңдігі/қанықтығы

Файлдың көлемі

Сапасы



















































Қорытынды:



3-тапсырма. Логотип әзірлеу
a) Белгілі логотиптердің мысалдарын, олардың ерекшеліктерін зерделеңіз (https://cloud.mail.ru/public/VjDj/aSjvpV6FB). Логотиптің анықтамасын тұжырымдаңыз, логотиптерді түрлері мен ұсыну нысаны бойынша жіктеңіз.
b) Растрлық графикалық редакторды (Paint, GIMP) қолдана отырып, өз логотипіңізді әзірлеу, редакциялау және сақтау бойынша практикалық жұмысты орындаңыз.
Логотип түрлері:

















Логотипті бағалау критерийлері:

  • Логотип ұсыну нысандарының біріне сәйкес әзірленуі тиіс;

  • Логотип бірегей және танымал болуы керек;

  • Логотип ұйымды дұрыс сипаттауы керек;

  • Логотиптегі түстер дұрыс үйлесімде берілуі керек;

  • Логотиптің өлшеміне қарамастан бірдей түрде болуы керек.


4-тапсырма.

Интербелсенді жаттығуды орындаңыз https://learningapps.org/13949626

2-жаттығу (B деңгейі)
5-тапсырма.

Интернет ресурстарын визуалды органайзерде, топтарда ақпаратты жинақтау, жүйелеу және көрсету үшін, пайдаланыңыз. Жақсы дизайнға қойылатын негізгі сипаттамалар, сондай-ақ растрлық және векторлық суреттердің артықшылықтары мен кемшіліктері, ерекшеліктері туралы түсіндіріңіз және әңгімелеңіз, келесі сұрақтарға жауап беріңіз:

  1. Дизайн дегеніміз не? Дизайнер деген кім? Дизайнер не істейді?

  2. Қазіргі дизайнда қандай бағыттар бар?

  3. Түс деген не? Түс палитрасы дегеніміз не? Қандай түстер үйлесімді болып табылады?

  4. Инфографика және типографика деген не? Оларға қойылатын талаптар және олардың негізгі мақсаты қандай?

  5. Монохромды суреттің RGB және CMYK кескіндерінен айырмашылығы неде?

  6. Түс коды дегеніміз не? Қандай түс кодтары болады (rgb, hex)?

  7. Қандай бағдарламалар арқылы растрлық кескін жасауға болады?

  8. Векторлық кескінді қандай бағдарламалар арқылы жасауға болады?

  9. Пиксель дегеніміз не? «Растрлық кескін» ұғымын түсіндіріңіз?

  10. Қандай бағдарламалар сайттың дизайн-макетін әзірлеуге арналған?

  11. Компьютерлік жадта растрлық кескіндер қалай ұсынылған?

  12. Растрлық кескін форматтарын тізімдеңіз? Bitmap деген не?

  13. Векторлық кескін деген не? Векторлық кескін форматтарын атаңыз?

  14. 2 ретті қисық сызықты математикалық түрде қалай сипаттауға болады? 2 ретті қисық сызықтарға қандай фигуралар жатады?

  15. Кескінді сығымдау дегеніміз не? Кескінді сығымдау алгоритмдерін атаңыз және түсіндіріңіз.

  16. Кескінді сығымдаудың артықшылықтары мен кемшіліктерін түсіндіріңіз.









6-тапсырма.

Бейнематериалды қараңыз: https://cloud.mail.ru/public/5r2H/2ytBwb481 және кестені толтырыңыз:

Сипаттамалары

Векторлық графика

Растрлық графика

Қарапайым объект







Кескінді көрсету







Файлдардың форматтары







Редакторлар







Пайдалану және қолдану







Артықшылықтары







Кемшіліктері








7-тапсырма.

Ұсынылған сервистер (немесе бағдарламалық жасақтама) арқылы келесі тақырыптар бойынша инфографика әзірлеңіз және ресімдеңіз:

  1. Дизайнның даму тарихы және заманауи проблемалары

  2. Жақсы дизайнның ерекшеліктері, принциптері және мысалдары

  3. Ақпаратты және түстерді қабылдау. Таныстырылымды қалай жасауға болмайды

  4. Мобильді дизайн және бейімделген беттеудің ерекшеліктері


Критерийлер:

  • Ақпараттың түпнұсқалығы және өзектілігі;

  • Ақпараттың толықтығы және нақтылығы;

  • Тайм-менеджмент және орындау сапасы


8-тапсырма.

Google/Microsoft Forms, Surveymonkey және басқа (Quizlet, Kahoot, Plickers) сервистерді қолдана отырып, зерделенген тақырып бойынша тест құрастырыңыз. Өзіңіз құрастырған тест сұрақтарының топтамасын тренерге жіберіңіз.



WEB-ЖОБАЛАУ


Оқу мақсаты:

10.4.2.1 web (веб)-парақшаларды жасауда HTML (аш ти эм эл) тегтерін қолдану;

10.4.2.2 web-парақшаларды жасауда CSS (си эс эс) қолдану;

10.4.2.3 web (веб)-парақшаларды жасауда дайын скриптілерді қолдану;

10.4.2.4 Web (веб)-бетке мультимедиа нысандарын кірістіру үшін HTML (аш ти эм эл) тегтерін қолдану;

10.2.1.7 веб-эргономиканың ерекшеліктерін ескере отырып, графикалық редактор арқылы сайттың дизайн-макетін жасау;

10.2.3.1 сайттар конструкторын қолданып веб-сайт жасау;

10.2.3.2 мультимедианы веб-бетте орналастыру (дыбыс және бейне);

10.2.3.3 веб-сайтты насихаттау әдістерін сипаттау;

10.2.3.4 сайтты жариялау үшін файлды алмастырғышты пайдалану





1-жаттығу (А деңгейі)
1-тапсырма.

Келесі сұрақтарға жауаптар дайындаңыз:

  • Сайт дегеніміз не? Сайт макетін қалай жасауға болады? Сайт картасы дегеніміз не? Сайт картасын қалай жасауға болады?

  • Іздеу жүйесі және индекстеу дегеніміз не? Іздеу жүйелерінің мақсаттары мен функциялары қандай?

  • Сайтты қалай құруға және жариялауға болады? Сайтты құрудың қандай жолдары бар?

  • Web-бағдарламалау дегеніміз не? «Веб-программалаушы» және «веб-дизайнер» жұмысын сипаттаңыз?

  • Сайтты өз бетінше жасау үшін қандай бағдарламалар қолданылады?

  • HTML, CSS дегеніміз не? Web-әзірлеу процесінде қандай рөл атқарады? Тег, атрибут, селектор дегеніміз не?

  • Анықтамаларды атаңыз және келесі терминдерді түсіндіріңіз: контент, сайттың тақырыбы, төменгі жиегі, тег, атрибут.

  • Файлдар алмастырғыш деген не? Сайтты жариялау деген не?







2-тапсырма.

Мүмкіндіктерді салыстырыңыз және кестені "✓" белгісімен белгілеп толтырыңыз:


Мүмкіндіктер

Скетч прототиптеу

(экрандағы, қағаздағы, тақтадағы нобай)

Онлайн прототиптеу (вайрфрейм, мокап, прототип)

Жылдам нобай және талаптарды визуализациялау







Клиенттің қалауы бойынша өзгерістер енгізу және аралық нәтиже







Веб-сайт элементтерінің өзара әрекеттесуі, интерактивтілігі







Дайын шаблондарды, компоненттер кітапханасын қолдану







Тиімділігін және нақты әзірлеу мерзімдерін бағалау








3-тапсырма.

Келесі кестелерді толтырып, визуалды органайзер формаларының бірінде жасаңыз.
3.1-тапсырма.

Сайттарды әзірлеу және жіктеу құралдарының кестесін толтырыңыз.


Сайт әзірлеу тәсілдері

Тәсіл

Әзірлеу құрал-саймандары

Редакторлар




























Сайттарды жіктеу

Коммерциялық

Ақпараттық

Әлеуметтік

Веб-сервистер













Жалпы сипаттамалары мен функциялары















3.2-тапсырма.

Әзірлеу құралдарының салыстырмалы сипаттамаларының кестесін толтырыңыз

Сипаттама

Негіздеме

Өз бетінше әзірлеу (HTML, CSS, JS, PHP, SQL)

Фреймворктер (Yii, Laravel, Phalcon, Heroku)

Сайт конструкторлары (Wix, Blogger, uKit, Weebly)

CMS (Wordpress, Joomla, Moodle)

Әзірлеу жылдамдығы және өнімділігі













Бастапқы кодты өңдеу және дерекқордың қолжетімдігі













Дизайн мен функционалдың бірегейлігі













Қауіпсіздігі, осалдықтан және бұзудан қорғау













Басқа сервистермен ықпалдастығы және модульдігі













Қолдау және құжаттамасы














3.3-тапсырма.

Хостинг түрлері мен сайт жарияланымдарын салыстыру кестесін толтырыңыз:


Сервер түрі

Мысалдар мен хостингтер

Ерекшеліктері

Артықшылықтары

Кемшіліктері

Локальді

XAMMP










Denwer










Open Server










Виртуалды


https://ps.kz










https://reg.ru










https://000webhost.com