Файл: Мектептегі информатика сабаы басымдытар жне жетілдіру стратегиялары педагогтерді біліктілігін арттыру курсы тыдаушыны.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.11.2023

Просмотров: 571

Скачиваний: 29

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


4-тапсырма.

Ұсынылған сервистерді пайдаланыңыз (sololearn.com, w3schools.com) және гипермәтінді белгілеу тілін (HTML), стильдердің каскадты кестелерін (CSS), скрипт тілін (JS) үйреніңіз (немесе қайталаңыз) және өзіңіздің веб-бағдарламалау дағдыларыңызды бағалаңыз.

«Сайттың макетін әзірлеуде қолданылатын тегтердің қысқаша тізімінің сипаттамасы» кестесін толтырыңыз.

Тег

Сипаттамасы








Құжаттың денесін ұсынады




Мәтінді жаңа жолға көшіру













, , <script>, <link>, <style> метадеректеріне арналған контейнер<br /></script>



Браузерге бұл HTML құжат екенін хабарлайды













  • Таңбаланған немесе нөмірленген тізім элементі




    Мәтіндегі параграфтар








    Кесте құруға арналған тег



    Кесте ұяшығын жасайды







    Кесте жолын анықтайды







    5-тапсырма.

    «Веб-парақтағы графика және мультимедиа» кестесін толтырыңыз

    Түстерді кодтау

    HEX-code

    RGB / /RGBA

    COLOR

    Он алтылық код

    A (альфа арнасы) түс мөлдірлігін орнатады (0.1-1)

    Ағылшын тіліндегі түс атауы

    #FF0000













    green




    rgb(0, 0, 255)




    Мысал келтіріңіз:


    Мысал келтіріңіз:


    Мысал келтіріңіз:


    Мультимедиа

    Аудиофайлдар

    Бейнефайлдар

    Суреттер

    Формат: OGG, MP3, WAV, AAC

    Формат:

    MP4, WebM, OGV, AVI.

    Фформат: JPG, GIF, PNG, SVG.

    Мысал келтіріңіз:


    Мысал келтіріңіз:


    Мысал келтіріңіз:


    2-жаттығу (B деңгейі)

    6-тапсырма.

    «Менің портфолиом», «Менің сыныбым және мектебім», «Менің хоббиім және спорт», «Менің отбасым» тақырыптары бойынша ақпараттық сайттың wireframe макетін жасау үшін https://draw.io немесе https://wireframe.cc онлайн сервистерді пайдаланыңыз. Жобаны орындау кезінде келесі оқулықтардағы материалдарды қолданыңыз:

    • Информатика: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық . / Г.И. Салғараева, Ж.Б. Базаева, А.С. Маханова. – Нұр-Султан: «Арман-ПВ», 2019. – 176 б.

    • Информатика: Қадырқұлов Р.А., Нұрмұханбетова Г.К. Информатика. Оқулық. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математикалық бағытындағы 10-сынып оқушыларына арналған оқулық. – Алматы: Алматыкітап баспасы, 2019. -220б. 109 - 143 бет (HTML,CSS); 143-162 (JS, PHPMySQL)


    Скриншотты төмендегі терезеге салыңыз:




    7-тапсырма.

    Жоғарыдағы тапсырмада әзірленген wireframe макетіне сәйкес сайт картасын жасау үшін мәтіндік редакторды (Блокнот, Sublime, Notepad++ немесе Atom) және гипермәтіндік белгілеу тілінің негізгі тегтері мен атрибуттарын пайдаланыңыз. Гиперсілтемелерді пайдаланып, беттерді өзара байланыстырыңыз. Қолжетімді әдістердің бірімен алынған нәтижені көрсетіңіз.

    Сайттың картасын жасау критерийлері мен қағидалары:

    1. Сайт картасы бөлек веб-параққа орналастырылуы керек.

    2. Сайт картасына кіру олардың негізгі мәзірінде қолжетімді болуы керек.

    3. Веб-сайт картасында беттер иерархиясы көрінуі керек.

    4. Иерархияның әрбір элементі сілтеме болуы керек.

    5. Сайт картасы өзекті болуы керек.

    Белгілеу скриншотын, кодты және алынған нәтижені (веб-бетті) төмендегі формаға салыңыз.





    8-тапсырма.

    «JavaScript/PHP тілімен және формаларымен жұмыс» материалындағы нұсқаулыққа сәйкес (Тыңдаушыға арналған нұсқаулық, 135-136-б.) қарапайым арифметикалық есепті шығаруға арналған форма элементтері бар практикалық есепті шығару. Қосымша ресурс: https://youtu.be/UYcWgrERzFY





    9-тапсырма.

    Жоба бойынша жұмыс процесін қатаң формаға келтіретін «бағдарламалық жасақтаманың өмірлік циклінің» (SDLC) алты кезеңін ұстана отырып, сұрақтарға жауаптарды тұжырымдаңыз.
    «Қарастырылып отырған тақырыпты зерттеуде қандай проблемаларды шешу қажет болады?»




    «Мен не істегім келеді? Мен өз сайтыма қандай ақпаратты орналастырғым келеді?»




    «Сайтты жобалау (макет, код әзірлеу) кезінде өз мақсаттарыма қалай қол жеткіземін?»




    «Әзірленген жобаның сапасын қалай тексеремін? Жобаны қайда жариялауға болады?»




    Жоба тақырыбы бойынша SMART мақсатты тұжырымдаңыз.


    Критерийлер

    Мәні

    Тақырыбы

    S

    Нақты

    Нәтижені тексеруге болады




    M

    Өлшенетін

    Нәтижені өлшеуге болады

    A

    Қолжетімді

    Қол жеткізу үшін ресурстар жеткілікті

    R

    Өзекті

    Нәтиже шын мәнінде маңызды

    T

    Уақыт жағынан шектеулі

    Қол жеткізудің соңғы мерзімі белгіленген

    10-тапсырма.

    Жоғарыдағы тапсырмада әзірленген wireframe макетіне сәйкес сайт макетін жасау үшін мәтіндік редакторды (Блокнот, Sublime, Notepad++ немесе Atom) және гипермәтіндік белгілеу тілінің негізгі тегтері мен атрибуттарын пайдаланыңыз. Гиперсілтемелерді пайдаланып, беттерді өзара байланыстырыңыз. Қолжетімді тәсілдердің бірін қолданып, алынған нәтижені көрсетіңіз.

    Ресурстың жоғарғы аймағы (header).

    Ені 100%, Биіктігі 200px-тен аспайды

    Мәзір (navigation)

    Ені 100%, Биіктігі 50px-тен аспайды

    Сайттың мазмұны

    Ені 70%

    Биіктігі 400px-тен аспайды

    Бекітілген бүйірлік панель (sidebar)

    Ресурстың төменгі аймағы (footer)

    Ені 100%, Биіктігі 100px-тен аспайды






    С ДЕҢГЕЙІ

    11-тапсырма.

    Компьютерлік желілердің негіздерін қайталаңыз https://learningapps.org/258426. Интернет ресурстарын ақпаратты жинау, жүйелеу және визуализациялау үшін, визуалды органайзерде, топтарда пайдаланыңыз. Жақсы веб-дизайнның негізгі сипаттамаларын түсіндіріп айтып беріңіз, келесі сұрақтарға жауап беріңіз:

    • Мақсаттар мен міндеттер бойынша сайттардың типтері мен негізгі түрлерін жіктеңіз? Сайттарға «жақсы» дизайнға қойылатын талаптарды сипаттаңыз? Бейімделу, мобильді дизайн деген не? Скетч (sketch), вайрфрейм (wireframe), мокап (mockup), прототип (prototype) деген не? Сайттың макетін жасаудағы дизайнның негізгі айырмашылықтарын сипаттаңыз?

    • Іздеу жүйесі және индекстеу деген не? Іздеу жүйелерінің мақсаттары мен функциялары қандай? Сайтты жылжытудың негізгі әдістері мен міндеттерін түсіндіріп, мысалдар келтіріңіз? SMM / SEM, каталогтау, email маркетинг дегеніміз не? Сайтты ілгерілету процесін/әрекеттерін сипаттаңыз? Белгілі іздеу жүйелерінің әзірлеуші консолінің мысалдары мен ерекшеліктерін келтіріңіз.

    • Сайт картасын жасау кезінде html және xml арасындағы айырмашылықты түсіндіріңіз? Веб-беттің/ веб-сайттың негізгі сипаттамаларын жіктеңіз және сипаттаңыз? Веб-сайт конструкторларының мысалдарын, ерекшеліктерін, артықшылықтары мен кемшіліктерін атаңыз?

    • Веб-бетте мультимедиалық объектілерді енгізу үшін қандай тегтер мен атрибуттар қолданылады? Мультимедиалық файлдарды құруға және өңдеуге арналған бағдарламалық жасақтамаға мысалдар келтіріңіз? Мультимедианы қосу үшін қолданылатын бағдарламалық жасақтаманың өзекті және қолдау көрсетілетін түрлерін атаңыз? Плагин дегеніміз не?

    • Сайтты өз бетінше жасау үшін қандай бағдарламалар қолданылады? JS және PHP, клиент және сервер деген не? Скрипт тілдерінің айырмашылықтары мен ұқсастықтарын атаңыз? Web-әзірлеу барысында скрипт тілдері қандай рөл атқарады? Ақпараттық немесе сервистік сайтты өз бетінше жасау үшін қандай тілдерді/ әзірлеу құралдарын/ дерекқорды басқару жүйелерін пайдалану керек? Сайтты әзірлеу және басқару кезінде пайдаланушылардың құқықтарын бөлу деген не? Сайтты пайдалану және өңдеу кезінде сайт пайдаланушыларының құқықтары қандай мақсатта бөлінеді?

    • Анықтамаларды атаңыз және келесі терминдерді түсіндіріңіз: беттеу, контент, тақырып, жертөле, тег, атрибут, скрипт, frontend, backend, web-сервер, web-түйін, файл сервері, хостинг, URL, домен атауы, деректерді жеткізу хаттамасы, TCP/IP, FTP, HTTP/HTTPS, SMTP/POP3/IMAP.

    • Файлды алмастырғыш дегеніміз не? Сайтты жариялау дегеніміз не? Веб-сайтты жариялау және файлдарды файл алмастырғышқа жүктеудің айырмашылығы неде? Файлды алмастырғышты немесе бұлтты қойманы қолдана отырып, сайтты жариялауға бола ма? Сайттарды жариялаудың қандай жолдары бар? Сайттарды ақылы және ақысыз жариялау мысалдары мен тәсілдерін келтіріңіз? Процесті сипаттаңыз, жергілікті және виртуалды серверде сайтты жариялау алгоритмін жасаңыз.

    • Компьютерлік желілердің топологиясын жіктеңіз. Әрбір топологияның артықшылықтары мен кемшіліктерін сипаттаңыз. Жергілікті компьютерлік желіні құруда қандай топология жиі кездеседі? OSI желілік моделі дегеніміз не? OSI, TCP және UDP көлік протоколдарының ерекшеліктерін салыстырыңыз және сипаттаңыз. Олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табыңыз? TCP моделі үшін қолданбалы деңгейдегі деректерді жеткізу хаттамаларын жіктеңіз? Қолданбалы деңгей үшін қолданылатын бағдарламалық жасақтамаға мысалдар келтіріңіз?




    12-тапсырма.

    Жоғарыдағы тапсырмада әзірленген wireframe макетіне сәйкес сайт макетін жасау үшін мәтіндік редакторды (Блокнот, Sublime, Notepad++ немесе Atom) және гипермәтіндік белгілеу тілінің негізгі тегтері мен атрибуттарын, сондай-ақ каскадты стиль кестелерін пайдаланыңыз. Қолжетімді әдістердің бірімен алынған нәтижені көрсетіңіз.
    Сайт мазмұнына арналған талаптар:

        • Әрбір мысал үшін кемінде 3-5 web-бет;

      • Мақсатты аудиторияны есепке алу және сайттың мақсатын айқындау;

      • Ресурстың жоғарғы бөлігінде жоба атауы болуы керек;

      • Ресурстың жоғарғы бөлігінде негізгі мәзір болуы керек;

      • Ресурстың төменгі бөлігінде байланыс ақпараты болуы керек;

      • Ресурстың төменгі бөлігінде қосымша мәзір болуы керек;

        • Стилистикалық безендірілуі (түс үйлесімі, графикасы, логотипі);

      • Сайт макетінің түстері үйлесімді болуы керек;

      • Ресурстың жоғарғы жағында логотип немесе фотосурет болуы керек;

      • Сайт макетінде оқылатын және бірыңғай қаріп болуы керек;

        • Сайттың контентін, мазмұнын және құрылымын басқару жүйесі;

      • Дерекқорды басқару жүйесімен өзара байланыс;

      • Жаңа пайдаланушыларды тіркеу және авторизациялау;

      • Әкімші және пайдаланушы рөлдерін бөлу;

      • ДҚ-дан экранға кестелік және мультимедиалық ақпаратты шығару;

      • Жаңалықтарды немесе тауарларды қосу, өңдеу және жою;

      • Тақырыпшаларды, мәзірлерді және байланыс ақпаратын өңдеу;

        • Навигация, сайттың көп деңгейлі құрылымы және бөлімдер иерархиясы;

      • Бекітілген бүйірлік панельде – бөлімдер бойынша навигация;

      • Бекітілген бүйірлік панельде – тіркеу және авторизация нысаны;

      • Сайтқа кіру статистикасын өңдеу, мета-тегтер, іздеу жүйелерін индекстеу;

        • Сайттағы жеке тұлға немесе компания туралы қысқаша ақпарат, мақсаттары мен міндеттері;

      • Сайт мазмұнына қатысты жарияланымның толық мәтініне блок-сілтемелер;

      • Сайт мазмұнына қатысты суреттер, бейнелер және кестелер болуы керек;

      • Сайт мазмұны қатысты тауарлар мен қызметтер – интерактивті батырмалар;

        • Компания немесе жеке тұлға ұсынатын сайттағы қызметтердің сипаттамасы;

      • Жеке тұлғаның/ компанияның клиенттері мен серіктестері, сайттағы пікірлер мен ұсыныстар;

      • Сайт пайдаланушыларымен кері байланысты жүзеге асыру.

    1-мысал. Ақпараттық сайттың макеті (жеке сайт, блог)

    • Білім және спорт (жеке жетістіктер, портфолио)

    • Үй шаруасы және аспаздық

    • Демалыс және ойын-сауық

    Ресурстың жоғарғы бөлігі (header)

    1-мәзір элементі

    Негізгі мазмұны (content)

    Бекітілген бүйірлік панель

    (sidebar)

    2-мәзір элементі





    5-мәзір элементі

    Ресурстың төменгі бөлігі (footer)



    2-мысал. Ақпараттық сайттың макеті (корпоративтік сайт)

    • Білім және спорт (мектеп, университет сайты)

    • Бұқаралық ақпарат құралдары (газет, журнал сайты)

    • Демалыс және ойын-сауық (туристік агенттіктің сайты)




    Логотип

    Ресурстың жоғарғы бөлігі (header)

    1-мәзір элементі

    2-мәзір элементі





    5-мәзір элементі

    № 1 негізгі мазмұн (content) блогы

    № 2 негізгі мазмұн (content) блогы

    Бекітілген бүйірлік панель

    (sidebar) № 1

    № 3 негізгі мазмұн (content) блогы

    № 4 негізгі мазмұн (content) блогы

    Бекітілген бүйірлік панель

    (sidebar) № 2

    Байланыс ақпараты

    Ресурстың төменгі бөлігі (footer)


    3-мысал. Ақпараттық немесе сервистік сайттың макеті (онлайн дүкен)

    • Аралас тауарлар интернет дүкені

    • Тұрмыстық және компьютерлік техниканың интернет дүкені

    • Медициналық тауарлар мен қызметтердің интернет дүкені




    Логотип

    Ресурстың жоғарғы бөлігі (header)

    Байланыс

    1-мәзір элементі

    Негізгі мазмұн (content) блогы

    2-мәзір элементі





    3-мәзір элементі

    Бекітілген бүйірлік панель

    (sidebar)

    Тауар 1.1

    Тауар 1.2

    Тауар 1.3

    Тауар 2.1

    Тауар 2.2

    Тауар 2.3

    Тауар 3.1

    Тауар 3.2

    Тауар 3.3

    Ресурстың төменгі бөлігі (footer)

    Сілтемелер


    13-тапсырма.

    Бағдарламалық жасақтаманы пайдаланып (FAR Manager, Total Commander, FileZilla, CoreFTP немесе т.б.), жергілікті/ виртуалды хостингке сайт файлдарының тізімін жүктеу үшін FTP хаттамасын қолданыңыз. Алынған нәтижені HTTP/HTTPS хаттамаларын қолдана отырып көрсетіңіз.





    Қалыптастырушы бағалау:

    Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма әзірлеңіз. Тапсырмаларға сәйкес дескрипторларды құрастырыңыз.

    Пән ___________________________________________ Сынып

    Бөлім __________________________________________________________________



    Оқу мақсаты:




    Бағалау критерийі

    Білім алушы



    Ойлау дағдыларының деңгейі




    Тапсырма

    Дескриптор: Білім алушы





    МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАЛАР


    Оқу мақсаты:

    11.1.1.1 мобильді құрылғылардың негізгі компоненттерінің сипаттамаларын салыстыру: планшеттер, телефондар;

    11.5.2.1 конструкторде ыңғайлы мобильдік қосымшасының интерфейсін құру;

    11.5.2.2 кодтың блоктарымен және циклдарымен мобильді қосымшаны жасау;

    11.5.2.3 әзірленген мобильді қосымшаны орнату жолын түсіндіру;

    11.4.1.1 конструкторде ыңғайлы мобильдік қосымшасының интерфейсін құру;

    11.4.1.2 кодтың блоктарымен және циклдарымен мобильді қосымшаны жасау;

    11.4.1.3 әзірленген мобильді қосымшаны орнату жолын түсіндіру



    1-жаттығу (А ДЕҢГЕЙІ)
    1-тапсырма.

    Ақпаратты жинау, жүйелеу және визуализациялау үшін Интернет ресурстарды (визуалды органайзерде, топтарда) пайдаланыңыз. Жақсы веб-дизайнға қойылатын негізгі сипаттамаларды түсіндіріңіз, келесі сұрақтарға жауап беріңіз:

    1. Қосымшалар конструкторы дегеніміз не? Қосымшаларды әзірлеу конструкторын қандай операциялық жүйелер қолдайды?

    2. Ыңғайлы интерфейс (пайдаланушымен диалог) қандай сипаттарға ие болуы керек?

    3. Алгоритмнің негізгі қасиеттерін сипаттаңыз? Программа әзірлеуде алгоритмнің рөлі қандай?

    4. Алгоритмдерді ұсынудың негізгі тәсілдерін жіктеңіз және түсіндіріңіз.

    5. Бастапқы код пен орындалатын қосымшаның айырмашылықтарын түсіндіріңіз?

    6. Визуалды/визуалды емес компоненттердің арасындағы айырмашылықты түсіндіріп, оларға мысалдар келтіріңіз.

    7. Мобильді қосымшаның интерфейсіне қойылатын негізгі талаптарды сипаттаңыз.

    8. App Inventor-да мобильді қосымшаны әзірлеу кезеңдерінің реттілігін сипаттаңыз.

    9. Ыңғайлы интерфейс жасау үшін біз қандай компоненттерді қолдана аламыз?

    10. Мобильді қосымшалардың дизайнын қарап шығыңыз және олардың кемшіліктері мен артықшылықтарын көрсетіңіз.

    11. Мобильді құрылғы жеке ақпараттың құпиялылығын бұзуы мүмкін бе?

    12. Мобильді операциялық жүйенің эмуляторы дегеніміз не? Эмуляцияның қалпына келтіруден айырмашылығы?

    13. Заманауи мобильді операциялық жүйенің өзекті мүмкіндіктерін сипаттаңыз.

    14. Қосымшалар конструкторы ИСР-ден немен ерекшеленеді?

    15. Алгоритмнің негізгі қасиеттерін сипаттаңыз. Бағдарламаны әзірлеуде алгоритмнің рөлі қандай?

    16. Мобильді қосымшаның құрылымын сипаттаңыз (intents, activities, services, content providers).

    17. Мобильді қосымша дизайнының тұжырымдамасы мен негізгі талаптарын ұсыныңыз.

    18. Қандай жағдайларда мобильді қосымшаларды әзірлеу ортасын пайдаланған тиімді?

    19. Мобильді қосымшаларды әзірлеу кезінде қандай деректердің қандай түрлері қолданылады?

    20. Өрнектердің мәнін есептеу кезінде арифметикалық амалдарды орындау басымдығын көрсетіңіз.

    21. Android Studio-да мобильді қосымшаны әзірлеу кезеңдерінің реттілігін сипаттаңыз.

    22. Unity-да мобильді қосымшаны әзірлеу кезеңдерінің реттілігін сипаттаңыз.

    23. React Native-де мобильді қосымшаны әзірлеу кезеңдерінің реттілігін сипаттаңыз.

    24. Мобильді қосымшаны қалай жариялауға болады? Қосымшалар дүкендерінің мысалдарын келтіріңіз.

    25. Мобильді қосымшаны жариялауға қойылатын талаптарды атаңыз.

    26. Amazon Appstore мен GooglePlay қосымшаларды жариялау қызметтерін салыстырыңыз.








    2-тапсырма.

    Мобильді қосымшаны сынау үшін эмуляторлардың артықшылықтары мен кемшіліктерін салыстырыңыз.


    Эмулятор

    Артықшылықтары

    Кемшіліктері

    AppInventor Emulator








    Android Virtual Device (Android Studio)








    Appetize (https://appetize.io)









    3-тапсырма.

    Жоба бойынша жұмыс процесін бір құрылымға келтіретін «бағдарламалық жасақтаманың өмірлік циклінің» (SDLC) алты кезеңін ұстана отырып, төмендегі сұрақтарға жауаптарды тұжырымдаңыз.
    Қарастырылып отырған тақырыпты зерттеуге қатысты қандай проблемалар шешім қабылдауды қажет етеді?



    Мен не істегім келеді? Өзімнің сайтымда қандай ақпаратты орналастырғым келеді?



    Сайтты жобалау (макетін, кодын әзірлеу) кезінде мақсаттарыма қалай қол жеткіземін?




    Әзірленген жобаның сапасын қалай тексеремін? Жобаны қайда жариялауға болады?



    Мобильді қосымшаны әзірлеу кезінде бағалау критерийлерін ұсыныңыз.




    4-тапсырма.

    Берілген тапсырмалар бойынша критерийлерге сәйкес мобильді қосымшаның макетін немесе прототипін жасау үшін скетч-макеттеуді немесе онлайн қызметтерді пайдаланыңыз https://draw.io, https://wireframe.cc немесе https://mockups.com

    Тапсырмалар тізімі:

    1. Есептеуге арналған бағдарламаларды әзірлеңіз: а) арифметикалық және тригонометриялық операцияларды есептеу (калькулятор); ә) квадрат теңдеудің түбірлері; в) санның факториалын есептеу.

    2. Жер радиусы R = 6350 км болатын сфера деп алып, Жер бетінен белгіленген биіктіктегі нүктеден көкжиек сызығына дейінгі қашықтықты анықтаңыз.

    3. Мемлекеттегі тұрғындардың саны және оның жерінің аумағы белгілі. Осы мемлекеттегі халық тығыздығын анықтаңыз.

    4. Адамның туған жылы мен айы, сондай-ақ қазіргі жыл және айдың нөмірі (қаңтар – 1 және т.б.) белгілі. Адамның жасын (толық жасын) анықтаңыз. Көрсетілген айлар сәйкес келген жағдайда толық жыл өтті деп есептеу керек.

    5. Электр тізбегінің бір-біріне қосылмаған екі бөлігінің кедергісі және олардың әрқайсысындағы кернеу белгілі. Қай бөліктен то аз өтеді?

    6. Тұрғын үйдің кіреберісінде а нөмірінен бастап қатарынан нөмірленген п пәтер бар. Барлық пәтерлердің нөмірлерінің қосындысы жұп сан бола ма, анықтаңыз.

    7. Футбол чемпионатында командаға жеңіс үшін – 2 ұпай, жеңіліс үшін — 0, тең ойын үшін – 1 ұпай беріледі. Команданың бір ойын үшін алған ұпай саны белгілі. Ойынның нәтижесін сөз арқылы тұжырымдаңыз (жеңіс, жеңіліс немесе тең ойын).

    8. Үш таңбалы сан берілген. Ол палиндром («төңкерілген сан»), яғни ондық жазбасы солдан оңға және оңнан солға бірдей оқылатын сан болып табыла ма, анықтаңыз.

    9. Белгіленген алты таңбалы сан бақытты сан болып табыла ма, анықтаңыз. (Алғашқы үш цифрының қосындысы оның соңғы үш цифрының қосындысына тең алты таңбалы сан бақытты сан деп саналады.)

    10. Жылдың нөмірі 4-ке еселі сан болса, кібісе (високосный) жыл табылады, алайда 100-ге еселі жылдан ішінен 400-ге еселі жылдар ғана кібісе жыл болып табылады (мысалы, 1700, 1800 және 1900 – кібісе жыл емес, 2000 – кібісе жыл). п натурал саны берілген, осындай нөмірлі жыл кібісе жыл бола ма, анықтаңыз.

    11. Жаяу жүргіншілерге арналған бағдаршамның жұмысы мынадай тәртіппен программаланған: әр сағаттың басында үш минут бойы – жасыл түс жанады, содан кейін екі минут бойы – қызыл, үш минут ішінде қайтадан жасыл және т.б. Кезекті сағаттың басынан өткен минуттардағы уақытты білдіретін нақты t саны берілген. Осы сәтте жаяу жүргіншілер үшін қандай түс жанғанын анықтаңыз.

    12. Азамат 1 қыркүйекте банкте есепшот ашып, 10 000 теңге салды. Бір ай өткенде салым мөлшері қолда бар сомадан 5%-ға ұлғаяды. Анықтаңыз: а) бірінші, екінші, ..., оныншы ай үшін салым сомасының өсуі; б) үш, төрт,..., он екі айдан кейінгі салым сомасы.

    13. Шаңғышы жаттығу кезінде бірінші күні 7 км жүгірді. Әрбір келесі күні алдыңғы күнге қарағанда жолды 15%-ға арттырды. Анықтаңыз: а) шаңғышының жаттығудың екінші, үшінші ..., оныншы күніндегі жолы; б) жаттығудың алғашқы 7 күнінде барлығы қанша жол жүрді.



    Жобаны орындау барысында келесі оқулықтардағы материалдарды қолдануға болады:

    • «Информатика» Жалпы білім беретін мектептің 11-сынып оқушыларына арналған оқулықтар

    • MIT AppInventor-да мобильді қосымшаларды бағдарламалау. Практикум/ Ливенец М.А., Ярмахов Б.Б., «Мобильді қосымшалар академиясы». 100 б.; илл.

    Мобильді қосымша дизайнына қойылатын талаптар:

    1. Түстер мен олардың реңктерінің дұрыс үйлесімі;

    2. Объектілерді (toolbar, content) кеңістікте талғаммен орналастыру;

    3. Мәтінмен және типографикамен сауатты жұмыс (қаріптер мен гарнитуралар);

    4. Пайдаланушылармен өзара әрекеттестік (визуалды басқару элементтері);

    5. Жұмысты істеуге қатысты кеңестер және пайдаланушының қателіктерінің алдын алу.


    Скриншотты төмендегі терезеге салыңыз:




    5-тапсырма.

    Тапсырманы критерийлерге сәйкес орындау үшін AppInventor немесе басқа мобильді қосымшалар конструкторын (Thunkable, AppyBuilder) қолданыңыз, Blockly-кодтарын пайдаланыңыз.
    Мобильді қосымшаның орындалатын файлын әзірлеуге қойылатын талаптар:

    • Қосымшаның скетч-макетін, wireframe прототипін әзірлеу;

    • Мақсатты аудиторияны есепке алып, мобильді қосымшаның мақсатын анықтау;

    • Ақпараттылық, ыңғайлылық, түсінікті навигация құрылымы;

    • Көркем безендіру, түстер мен қаріптердің үйлесімділігі;

    • Кодтағы шарттар мен циклдерді техникалық орындау, пайдалану;

    • Кодқа түсініктемелер мен пайдаланушының құжаттамасын, қосымшаның сипаттамасын әзірлеу;

    • Қателіктерді тестілеуді және оларды жою тәсілдерін құжаттау;

    • Жобаны белгіленген мерзімде орындау (тайм-менеджмент);

    • Мобильді қосымшада (Firebase) тіркелу және авторизациялау;

    • Қосымшаны көрсету және таныстыру

    Қосымша коды мен интерфейсінің скриншотын төмендегі формаға орналастырыңыз:




    Қалыптастырушы бағалау:

    Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма әзірлеңіз. Тапсырмаларға сәйкес дескрипторларды құрастырыңыз.