Файл: 1 Азат орта мектебі кмм таырыбы Толеранттылы (тзімділік) деген не.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 08.11.2023
Просмотров: 1916
Скачиваний: 4
СОДЕРЖАНИЕ
Демонстративтік (жасанды) мінез-құлық
Аффективті (қатты ашу-ыза) суицидті мінез-құлық
Білім алушылармен жүргізілетін жұмыс барысы
Білім беру ұйымының бес маманы бір-бірімен тығыз байланыста жұмыс жасайды:
Әлеуметтік педагогтың мәліметтері
Мектеп инспекторының мәліметтері
«Пікірталас – ұрыс емес» жаттығуы
«Интонация» немесе «Дауыс ырғағы» ойыны
«Аспан көк (жұмақ) пен тозақ» жаттығуы
«Мен... айтып салар едім» сөйлемін құрастыру
Жаттығудың аяқталуы «Шеңбер бойынша қол алысу» Сабақтың қорытындысы
«Қауіпті жағдайлар. Сыпайы бас тарту»
«Мен кіммін» серпімділік ойыны
«Мен өткен, осы және келер шақтамын» жаттығуы
«Шеңбер бойымен қошемет» жаттығуы
: «Күйзелістен қалай құтылуға болады?»
«Проблемаларды қиып тастаймын» жаттығуы
Нақты көмек көрсету жаттығулары (SOS!)
«Сенің маған ұнайтын қасиеттерің,..»жаттығуы:
«Жаңбыр жауып тұрғанда мен... туралы ойлаймын» жаттығуы
«Өтініш және менің оған деген қарым-қатынасым»
«Қолымда бардың бәрін беремін» ойыны
«Біз және біздің құқықтарымыз» ұжымдық ойыны
«Мен саған ... тілеймін» жаттығуы
« Қиын жағдайлардан не үйренеміз?»
Ертегіні балалар өздері аяқтайды.
«Ешкім де білмейді...» жаттығуы
«Үшжаңғырық (акустика) жаттығуы»
«Толеранттылық ағашы» қорытынды жаттығуы
«Жан дүниемнің бау–бақшасы» жаттығуы (15 мин.)
Жаттығудың 2-ші бөлімі — арт-терапия.
9-10-11 СЫНЫП БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ
Тұлғаның эмоционалды саласы (Эмоциональная сфера личности)
Ынта мен ерік (Мотивация и воля)
Тұлғаның ахуалы (Состояния личности)
Тұлғааралық қарым-қатынас (Межличностные отношения)
«№1 Азат орта мектебі» КММ
Тақырыбы:
«Толеранттылық (төзімділік) деген не?»
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
Білім беру ұйымдарының білім алушылары арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу
БАҒДАРЛАМАСЫ
Нұр-Сұлтан 2021
Нұр-Сұлтан2021Білімберуұйымдарыныңбілімалушыларыарасындағыаутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу бағдарламасыМақсаты:білімалушылардыңпсихикалықсаулығынсақтауСуицидтік іс-әрекетке тікелей себеп - дау-дамайдың пайда болуы. Дау- дамай дегеніміз - белгілі бір адамның маңызды, құнды ұстанымына әсер етуші жағымсыз әрекет, күйзеліс тудыратын жағдай. Бұл жақын адамның қазасы, түсініспеген махаббат, жауапсыз махаббат, жалпы қарым-қатынастың бұзылы және т.б. болуы мүмкін. Басқаларға қарағанда өзін төмен сезіну, айтылған кез- келген сөзді жазғыру сияқты қабылдаудан пайда болған күйзелістен туындайтыны жиі кездеседі.Кейбір сынып жетекшілері өз міндеттеріне атүсті қарап, баланың басындағы болған жағдаяттан хабарсыз болады, оқушының сабаққа қатсуы мен үлгеріміне бақылау жасамайды. Осындай салғырттық оқушыға қажетті көмекті дер кезінде көрсетіп, тиісті шаралар ұйымдастыруға кедергі келтіреді.Баланы балағаттау, кемсіту, тіл тигізу, жағдайларын, педагогтар тарапынан психологиялық және дене зорлығын болдырмау мақсатында мектеп әкімшілігі мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты қатаң қадағалап, бақылауға алғандары дұрыс.Психолог-маман мұғалімдер мен ата-аналарға суицидтің не екендігін, оның көрініс беру факторларын, күйзелісте, жабығуда журген балалардың қандай күйде болатындығын жете түсіндіру қажет. Ата-анасына қарсы шығып, шарапқа әуестенген, темекі тартқан, буллинг, төбелескен кез келген жасөспірімнің күйзелісті күйде жүруі әбден мүмкін.Соныменқатаржеткіншектердетүпкіойыөлімгенегізделмеген,суицидтік әрекеттіқулықретіндежасаужиібайқалады.Өзініңөлімініңжақындарынақалай әсер ететіні білгісі келу, мысалы, «Менің атым – Қожа» повесіндегі Қожа мен Сұлтан әрекеттері немесе «екінші рет туылам» деген аңғал үмітінің болуы.Жас суициденттердің басым көпшілігенде өз мүмкіндіктеріне сәйкес келмесе де өздеріне жоғары талап қою жиі кездеседі.Белгілі бір нақты себептермен баласын рухани және эмоциялық тепе- теңдікпен қамтамасыз ете алмаған отбасы, оның суицидтік әрекет жасауына түрткі болып табылатынын атап өткен жөн. Жасөспірімдердің арасындағы суицидтің 92%-на дейін, отбасындағы келеңсіз жағдайларға байланысты туындайтынын өмір тәжірибесі көрсетіп отыр.
Өз-өзіне қол жұмсау себептері
Көмек іздеу – өзіне қол жұмсауды ойлайтындардың көбісі өлгілері келмейді. Өзін-өзі өлтіруді олар бір нәресеге қол жеткізу үшін құрал ретінде пайдаланады (мысалы,өзіне назар аударту, сүйіспеншілік, махаббат, проблемалардан құтылу, үмітсіздік сезімінен арылу...).Үмітсіздік – өмір мәнсіз, болашаққа үміт артуға болмайды. Өмірді жақсартуға өзгерістер енгізуге еш үміттің жоқтығы.Шарасыздық - барлық проблемалар шешілмейтіндей көрінеді. Оларды бір-бірлеп шешуге ойын шоғырландыра алмайды.Басқа адамның жанын ауыртуға әрекет жасау - «олар әлі өкінетін болады», яғни кек алу.Проблеманышешу/қашужолы-кейдеадамөз-өзінеқолжұмсауарқылы проблемаларын өзімен бірге алып кетіп, отбасына жеңілдік жасаймын деп ойлайды.Батылдығыменкүшінкөрсету -батылжәнекүштіадамғанаөз-өзіне қол жұмсауға қабілетті деген ұғым қалыптасқан.Суицидтік мінез-құлық – суицидтік белсенділіктің-ойдың, талпыныстың, қастандықтың, суицидттік әрекеттер мен өзіне қасірет келтірудің пайда болуы.Суицидтік мінез-құлық өз мөлшерінде де психоауытқуларсыз, психопаттық мінез-құлықта да өзіне назар аудару мінез-құлқында да кездеседі, соңғысы аса аффективті немесе мінез-құлықтың ауытқу (патохарактерологиялық реакция) кезінде девиантты іс-әрекет формаларының бірі болып табылады.Суицидтікмінез-құлықтөмендегідейтиптергебөлінеді.Демонстративтік (жасанды) мінез-құлық
Аталған суицидттік мінез-құлық негізінде жасөспірімнің жеке басына жәнеөзпроблемаларынаересектердіңназарынаударту,өміріндекездескенауыр жағдаяттармен күресуге дәрменсіздігін көрсету жатады. Бұл айналасындағылардан өзіне көмек сұраудың бір түрі. Әдетте, мұндай демонстративтік суицидттік мінез-құлық өзіне қасірет келтіру немесе өз өмірін қиюмақсатындаемес,текайналасындағылардықорқыту(мысалы,«Меніңатым- Қожа» повесіндегі Сұлтанның әрекеті, Қожаның ойлары, т.б.), жасөспірімдік проблемалардың күрделі екендігін білдіру, ересектердің өздеріне деген көзқарастарының дұрыс еместігін дәлелдеу үшін жасалады. Суицидтік әрекет кезіндекөрсетілетінмінез-құлықкөбінесеқантамырынкесу,залалсыздәрілерді қабылдау, асылуға талпындығын көрсету түрінде байқалады.