Файл: 1 Азат орта мектебі кмм таырыбы Толеранттылы (тзімділік) деген не.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.11.2023

Просмотров: 660

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

Өз-өзіне қол жұмсау себептері

Демонстративтік (жасанды) мінез-құлық

Аффективті (қатты ашу-ыза) суицидті мінез-құлық

Шынайы суицидтік мінез-құлық

Білім алушылармен жүргізілетін жұмыс барысы

ІІ кезең:

ІІІ кезең:

Білім беру ұйымының бес маманы бір-бірімен тығыз байланыста жұмыс жасайды:

Әлеуметтік педагогтың мәліметтері

Мектеп инспекторының мәліметтері

Сынып жетекшінің талдауы

Медбике толтыратын тізім

«Пікірталас – ұрыс емес» жаттығуы

«Интонация» немесе «Дауыс ырғағы» ойыны

Талдау:

«Аспан көк (жұмақ) пен тозақ» жаттығуы

Талдау:

«Мен... айтып салар едім» сөйлемін құрастыру

Талдау:

Сабақтың рефлексиясы:

Жаттығудың аяқталуы «Шеңбер бойынша қол алысу» Сабақтың қорытындысы

Мақсаты:

«Көрме» жаттығуы

Талдау:

«Бәтеңкедегі тас» ойыны

«Мазақтау» ойыны

«Сілкін!» сергіту ойыны

Сабақтың рефлекциясы

«Қауіпті жағдайлар. Сыпайы бас тарту»

Мақсаты:

Талдау:

Кеңестер:

Жағдайларды талдау

Сабақтың рефлексиясы

«Мен өзімді мақтай аламын»

Мақсаты:

«Мен кіммін» серпімділік ойыны

«Мен өткен, осы және келер шақтамын» жаттығуы

Талдау:

«Бәрі жұлдыздар» жаттығуы

Талдау:

«Шеңбер бойымен қошемет» жаттығуы

: «Күйзелістен қалай құтылуға болады?»

Күйзелсістен арылу жолдары:

«Күлімдеу» жаттығуы

«Мұңымды тарқатамын» жаттығуы

«Проблемаларды қиып тастаймын» жаттығуы

: «Реніштен арылу»

Мақсаты:

«Реніштер қобдишасы» жаттығуы

Реніш сезімі азаю үшін:

Нақты көмек көрсету жаттығулары (SOS!)

Талдау:

«Оқиға» жаттығуы

Талдау:

«Сенің маған ұнайтын қасиеттерің,..»жаттығуы:

Сабақтың рефлексиясы

«Ой, сезім, мінез-құлық»

Мақсаты:

«Дос доспен!» сергіту ойыны

«Сүйсіну және ренжу» ойыны

«Жаңбыр жауып тұрғанда мен... туралы ойлаймын» жаттығуы

Талдау.

«Өтініш және менің оған деген қарым-қатынасым»

Мақсаты:

оқиға:

Талдау:

«Қолымда бардың бәрін беремін» ойыны

«Менің құқықтарым»

Мақсаты:

«Біз және біздің құқықтарымыз» ұжымдық ойыны

«Мен саған ... тілеймін» жаттығуы

Талдау:

Сабақтың рефлексиясы:

« Қиын жағдайлардан не үйренеміз?»

Мақсаты:

Ертегі тыңдау

Ертегіні балалар өздері аяқтайды.

Талдау:

«Толеранттылық деген не?»

Мақсаты:

«Толеранттылық ұғымы»

Жаттығулар жасау

«Мен кіммін?» жаттығуы

«Сиқырлы сәкі» жаттығуы

«Ешкім де білмейді...» жаттығуы

«Үшжаңғырық (акустика) жаттығуы»

«Көктемгі орман» жаттығуы

«Толеранттылық ағашы» қорытынды жаттығуы

Теориялық бөлім (10–15 мин.)

Слайдты презентация

«Жан дүниемнің бау–бақшасы» жаттығуы (15 мин.)

Жаттығудың 2-ші бөлімі — арт-терапия.

“Менің аффирмациям” жаттығуы

9-10-11 СЫНЫП БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ

Тұлғаның эмоционалды саласы (Эмоциональная сфера личности)

Ынта мен ерік (Мотивация и воля)

Тұлғаның ахуалы (Состояния личности)

Тұлғааралық қарым-қатынас (Межличностные отношения)

Даму шкаласы (Шкалы развития)

Проективті (Проективные методы)

Пайдаланылған әдебиеттер

Жаттығулар жасау


«Сапқа тұру» жаттығуы

Қатысушылар сан түзеп, екі-екіден бір-біріне арқаларын беріп тұрады. Жүргізушінің міндеті – саптың арасынан өтіп кетіу. Жүргізуше рөлінде топ мүшелерінің барлығы болғаны жөн.

«Мен кіммін?» жаттығуы


Жүргізушілер қатысушыларға ойша мынадай сұрақ қоюларын ұсынады: «Мен кіммін?» Осы сұраққа жауап беруші, алдын ала әзірленген суреттер мен қиындылардан коллаж құрастырады.

«Тұлғаның толеранттылығы және интолеранттылығы» жаттығуы

Интолерантты адам – айналасындағы ақиқаттың арасында өзін жағымсыз сезінетін, билікке ие болғысы келетін, салт-дәстүр мен қарама-қарсы көзқарастарды қабылдағысы келмейтін тұлға. Интолерантты тұлғалар дүниені екіге бөледі: қараға және аққа. Олар үшін аралық түстер жоқ және бәрі жақсы және жаман болып екіге бөлінеді.

Толерантты_адам'>Толерантты адам– өзін-өзі жақсы біледі, қоршаған ортасында өзін жайлы сезінеді, басқалардың жағдайын жақсы түсінеді, үнемі өзгелерден көмегін аямайтын, басқа да салт-дәстүр мен мәдениетке игі ниетпен қарайтын түұлға.

Енді мына сөздерді екі бағанға бөліп-бөліп жазу керек, бірінші бағанға толерантты адамның, екіншісіне интолерантты адамның қасиеттері толтырылады: шыдамдылық, әзіл-ысқақ сезімімен, түсінбеушілік, басқаларың ой-пікірін құрметтеу, менсінбеу, өзімшілдік, мейірімділік, өзін-өзі ұстай алу, шыдамсыздық, қалай болса солай қараушылық, ашушаңдық, әңгімелесушісінің сөзін тыңдау, селқостық, түсіну және қабылдау, білуге құмарлық, адамгершілік (гуманизм).


Толерантты тұлға

Интолерантты тұлға

Шыдамдылық

Әзіл-сықақ сезіммен

Басқалардың пікірімен санасу және т.б.

Түсінбеушілік

Менсінбеушілік Өзімшілдік және т.б.




«Сиқырлы сәкі» жаттығуы


Мақсаты:толерантты адам болу үшін, қатысушыларға қандай қаси еттер жетіспейтіндіктерін т үсінуге мүмкіндік беру.

Өте ғажайып заттарды сататын сиқырлы сәкі бар деп қатысушыларға айтылады: ондай заттар: шыдамдылық, кішіпейілділік, басқалардың жағдайымен санасу, әзілдесе білу, сергектік, сенімділік, альтруизм, өзін-өзі ұстай білу, мейірімділік, адамгершілік, тыңдай білу, білуге құмарлық, қайғысын бөлісу, жаны ашу.

Мен бір қасиеттерді екіншіге ауыстыратын сатушы боламын. Кез келген біреуің өзіңде жоқ қасиеттеріңнің бірнешеуін таңдап алуыңа болады. Бұл нақты бір қатысушының бойында жоқ немесе онша білінбейтін қасиет. Мысалы, сатып алушы сатушыдан шыдамдылықты сұрайды. Сатушы одан, шыдамдылық қандай жағдайларда, қаншалықты шыдамдылықты қажет ететінін сұрайды. Мысалы, қатысушы өзінде әзілқойлық қасиеті көбірек болса, сонымен айырбастауына болады...


«Ешкім де білмейді...» жаттығуы


Қатысушылар бір-біріне доп лақтыру арқылы мынадай сөздерді айтады:

«Сіздердің ешқайсыларыңыз білмейсіздер, менде ... қасиет бар екенін».

«Үшжаңғырық (акустика) жаттығуы»


Қатысушылар шеңбер бойымен тізіліп үнсіз отырады. Оларға көздерін жұмып, көшеден шыққан дыбыстарға 1-2 минут көңіл аудару ұсынылады. Одан соң олар не істегендерін кезекпен айтып шығады.

Осы жаттығу қайталанады. Енді 1-2 минутта бөлменің ішіндегі дыбыстарды тыңдайды. Тағы да не істегендерін кезекпен айтып шығады.

Жаттығу үшінші рет қайталанады. Бұл жолы 1-2 минутқа көздерін жұмып, әркім өз жан дүниесіндегі дауысты тыңдайды. Соңынан барлығы кезекпен сөйлейді.

«Көктемгі орман» жаттығуы


Әрбір қатысушы көктем кезіндегі орманда жүргенін елестетеді. Олар өздеріне төмендегі рольдерді таңдап алады:

  • көргіштік (көріп тұрмын);

  • естігіштік (тыңдап тұрмын);

  • түйсінуші (сезінудемін);

  • йіс сезгіш (иісті нәзік сезініп тұрмын).




«Толеранттылық ағашы» қорытынды жаттығуы


Қатысушылардың әрқайсысы бір- бір парақтан алып, мектептегі қарым- қатынастар толеранттылырақ болуы үшін не істеу керектігін жазады. (Қатысушылар парақ қағазға қандай да бір ағаштың бейнесін келтіріп алып, оған өз мектебі «Толеранттылы кеңістік» болу үшін не керек екендігін жазады. Қатысушылар өз пікірін ватмандағы жапырақсыз ағашқа апарып жапсырады, аяқтағаннан кейін оны сыныпқа іліп қояды).
Сабақтың қорытындысы
«Ұстазы мықтының ұстанымы мықты», сондықтан да шәкірт ұстанымы мықты болу үшін, ұстаздың психикалық саулығына мән берілгені дұрыс, ұстаз мықты болу үшін педагогтардың кәсіби-эмоциялық құлдырау синдромының алдын алу мақсатында «Эмоциялық шаршау – ретке келтіру» атты семинар-тренингті білім беру саласындағы педагогтарға тоқсан сайын жүргізіп тұрған жөн.

Педагогтардың кәсіби-эмоциялық құлдырау синдромының алдын алу бойынша «Эмоциялық шаршау – ретке келтіру» семинар-тренингтің барысы (үлгі: өзгертуге болады)

  1. Сергіту (10 мин.)


«Картинка» жаттығуы

Мақсаты: басыбайлықтан босану, ұйымдасу, педагогтардың ресми түрде емес қарым-қатынасы

Материалдар мен жабдықтар: ескі журналдардан қиылып алынған әртүрлі эмоциялық жүктемедегі картинкалар.

Нұсқау: Кариналардың арасынан көңіл-күйіңізді, дүниені сезінуіңізді, нанымыңызды білдіретін немесе сізге тек қана ұнайтын бір немесе бірнеше картинаны таңдап алыңыз. Неге осы картиналарды таңдағаныңыз туралы айтып беріңіз. (Мұғалімдер өздерінің таңдауын айтып береді).

Күтілетін нәтиже: педагогтар эмоциялы қысымнан босаңсиды, ұйымшылдау болып, топтық шоғырланады.

  1. 1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20

Теориялық бөлім (10–15 мин.)

Слайдты презентация


Мақсаты:семинар тақырыбына кіріспе, педагогтарды эмоциялық күйреудің алдын алу тәсілдерімен таныстыру.

Слайдты презентация көрсетіледі.

  1. Практикалық бөлім



«Ашығын айтқанда» жаттығуы (5–7 мин.)

Мақсаты:эмоциялық күйреу проблемаларын педагогтардың саналауы мен вербализациясы.

Материалдар:аяқталмаған сөйлемдер жазылған карточкалар.

Нұсқау: Аяқталмаған сөйлем жазылған кез келген карточканы суырып алып, сөйлемді ашық және адал аяқтаңыз.

Күтілетін нәтиже: жаттығу педагог өзінің проблемаларын саналауға, оларды айтып жеткізуге, педагогтар тобын шоғырландыруға, педагогтардың барлығындағы проблемалардың бірдей екендігін түсінуге мүмкіндік береді.
«Керемет!» жаттығуы (5–7 мин.)

Мақсаты: педагогтардың өзіндік бағасын оңтайландыру, эмоциялық қысымды түсіру.

Нұсқау: қатысушылар екі шеңберге бөлінеді – ішкі және сыртқы, бір-біріне беттесіп тұрады. Ішкі шеңберде тұрған қатысушлыра өздерінің жетістіктерін айтулары керек, ал сыртқы шеңберде тұрғандар олардың жетістіктерін «Ой қандай кереметсің бір! Ой қандай кереметсің екі!» және т.б. айта, саусақтарын бүге, мадақтауы қажет. Сыртқы шеңберде тұрған қатысушылар бұйрық (жүргізуші шапалақ соққанда) бойынша бір қадам оңға жылжып отырады да, бәрі қайтадан қайталанады.

Содан соң, ішкі және сыртқы шеңбердегі қатысушылар орындарын ауыстырады, әрбір қатысушы мақтаушы мен мақтанушының рөлінде болмайынша ойын қайталанады.

Күтілетін нәтиже: педагогтардың эмоциялық қысымдарының бәсеңдеуі (әдеттегідей, бұл жаттығу өте көңілді өтеді), педагогтардың өзіндік бағаларын
көтеру.
«Бақыт калошы» жаттғуы (10 мин.)

Мақсаты:педагогтардың позитивті ойлауын дамыту.

Міндеттері: өзін-өзі тану дағдыларын дамыту, дүниені позитивті тану дағдыларын қалыптастыру, позитивті МЕН-концепциясын дамыту, эмоциялық өзін-өзі реттеудің дағдыларын дамыту.

Материалдар мен жабдықтар: «бақыт калошы» (ойын элементтері: әдетте үлкен размерлі, көңілді дизайнмен жасалған қарапайым резина калош), жағдайлар жазылған карточкалар, рефлексті кубиктер (2, 3 қосымшаны қараңыз). Нұсқау: «Бақыт калошы» деген ойынды ойнауды сіздерге ұсынамын. Бұл ертегідегі сиқырлы әйелге туылған күніне бақыт калошын сыйға тартыпты. Ал ол калошты адамдар бақыттырақ болсын деп соларға беруді жөн көріпті. Осы калошты киген адам ең бақытты жан болыпты. Калош оның кез келген тілегін

орындапты, ол басқа уақытқа немесе басқа дәуірге де өте алатын болыпты. Сонымен, мен сіздерге осы калошты киіп ең бақытты адам болуларыңызды қалаймын. Мен сонымен бірге әртүрлі ситуацияларды оқимын, сіздің міндетіңіз

  • осы калошты кие отырып, сізге ұсынылған ситуациялардың позитивті жағын тауып алу. Басқаша айтатын болсақ, ситуацияға бақытты оптимист-адамның көзқарасы бойынша қараңыз.

Күтілетін нәтиже: ойынға қатысушылар, «бақыт калошын» кие, ұсынылған ситуацияға позитивті кілтпен жауап береді. Позитивті жауап беруге қиналған қатысушыға басқа қатысушылар өздерінің жауап-варианттарын ұсына көмектеседі. Қатысушылар эмоциялық бәсеңсу алады және позитивті күйге келеді.
«Плюс-минус» жаттығуы (10 мин.)

Мақсаты:педагогтарға педагогикалық қызметтің позитивті сәттерін ұғынуға көмектесу.

Міндеттері:өзінің педагогикалық қызметіндегі негативті және позитивті сәттерін айту; топтың шоғырлануы.

Материалдарменжабдықтар:тақтаға бекітілген, ағаштың суреті салынған ватман, жапырақтар түріндегі желімделетін стикерлер; әр қатысушыға қалам.