Файл: 1 Азат орта мектебі кмм таырыбы Толеранттылы (тзімділік) деген не.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 08.11.2023
Просмотров: 749
Скачиваний: 3
СОДЕРЖАНИЕ
Демонстративтік (жасанды) мінез-құлық
Аффективті (қатты ашу-ыза) суицидті мінез-құлық
Білім алушылармен жүргізілетін жұмыс барысы
Білім беру ұйымының бес маманы бір-бірімен тығыз байланыста жұмыс жасайды:
Әлеуметтік педагогтың мәліметтері
Мектеп инспекторының мәліметтері
«Пікірталас – ұрыс емес» жаттығуы
«Интонация» немесе «Дауыс ырғағы» ойыны
«Аспан көк (жұмақ) пен тозақ» жаттығуы
«Мен... айтып салар едім» сөйлемін құрастыру
Жаттығудың аяқталуы «Шеңбер бойынша қол алысу» Сабақтың қорытындысы
«Қауіпті жағдайлар. Сыпайы бас тарту»
«Мен кіммін» серпімділік ойыны
«Мен өткен, осы және келер шақтамын» жаттығуы
«Шеңбер бойымен қошемет» жаттығуы
: «Күйзелістен қалай құтылуға болады?»
«Проблемаларды қиып тастаймын» жаттығуы
Нақты көмек көрсету жаттығулары (SOS!)
«Сенің маған ұнайтын қасиеттерің,..»жаттығуы:
«Жаңбыр жауып тұрғанда мен... туралы ойлаймын» жаттығуы
«Өтініш және менің оған деген қарым-қатынасым»
«Қолымда бардың бәрін беремін» ойыны
«Біз және біздің құқықтарымыз» ұжымдық ойыны
«Мен саған ... тілеймін» жаттығуы
« Қиын жағдайлардан не үйренеміз?»
Ертегіні балалар өздері аяқтайды.
«Ешкім де білмейді...» жаттығуы
«Үшжаңғырық (акустика) жаттығуы»
«Толеранттылық ағашы» қорытынды жаттығуы
«Жан дүниемнің бау–бақшасы» жаттығуы (15 мин.)
Жаттығудың 2-ші бөлімі — арт-терапия.
9-10-11 СЫНЫП БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ
Тұлғаның эмоционалды саласы (Эмоциональная сфера личности)
Ынта мен ерік (Мотивация и воля)
Тұлғаның ахуалы (Состояния личности)
Тұлғааралық қарым-қатынас (Межличностные отношения)
Талдау:
Ренжіткен адамыңа қандай сөздер айттың?
Ашу-ызаны немесе ренішті тек сөздермен ғана жеткізе алу мүмкін бе? Сезімді білдірудің тағы қандай амалдары бар?
«Бәтеңкедегі тас» ойыны
Мақсаты:жағымсыз эмоциядан қиянатсыз арылу
Біз ашуланып, ренжи бастағанда сезіміміз алғашында бәтеңкедегі кішкентай тас сияқты болып қабылданады. Егер ол тасты алып тастамасақ, аяғыңды ауыртады, өзіңді нашар сезінесің. Сондықтанда ересек адам немесе бала болсын, өз проблемаларын сезген сәтте оны бірден айтып үйрену қажет. Саған кедергі болып тұрған нәрсені мұқият ойланып, дәл қазір айтуға тырыс, әрине іштей, ешкімге естіртпей, төмендегіше айтып көр: «Менің бәтеңкемде кішкентай тас жатыр. Мен сөйлеп тұрғанда, Айсұлудың күлгені маған ұнамайды... ».
«Мазақтау» ойыны
Бір біріне ренжіген уақытта неше түрлі ауыр, реніш сөздерін айтасыңдар. Ал ренжітпейтін сөздер айтып ұрсыстыңдар ма? Қане, осылай айтысып көрейік. Бұл сөздер, мысалы, жеміс жидек, ыдыс аяқ атаулары болуы мүмкін - «Сен болсаң - сәбізсің» және т.б. Балалар бір біріне доп лақтыру арқылы ренжітпейтін сөздермен мазақтасады. 2-3 минуттан соң бір біріне жылы сөздер айтады - «Сен-менің күнімсің» және т.б.
«Сілкін!» сергіту ойыны
Үсті су болған иттің сілкінгенің көрген боларсыңдар?!. Әрқайсың қастарына кең орын болатындай тұрыңдар. Алақан, шынтақ, иық, кеудеден бастап сілкінуді бастаңыз. Басыңдыда сілкі. Иттің үстінен су шашырап ұшқандай, сендердің де жағымсыз эмоция, сезім, ой, барлық жағымсыз нәрселердің ұшып кететінін елестетіңдер.
Сабақтың рефлекциясы
Менің бұл сабақтан алған тәлімім... Маған ұнағаны...
Маған ұнамағаны...
Менің естігім, білгім, жасағым келгені...
Жаттығулардың аяқталуы Шеңбер бойынша қол алысуы Сабақтың қорытындысы
«Қауіпті жағдайлар. Сыпайы бас тарту»
Мақсаты:
Қауіптен бас тартқан жағдайдағы әлеуметтік дағдыларды дамыту; Бақылау және өзін өзі қадағалау сәттеріндеі дағдыларды дамыту; Қарым қатынастың вербальды және басқа құралдарды дамыту; Әлеуметті ықтимал қауіпті жағдайларды айыры білу қабілеттерін қалыптастыру; Әлеуметтік қауіп жағдайларындағы іс әрекет амалдары туралы көріністерді дамыту;
Мұндай бірнеше көріністі талдайық:
Нұсқау: қатысушылар жұпқа бөлінеді де, бірінші қатысушы екіншісіне төмендегідей жағдайлармен өтініш жасағанда, екінші қатысушы ренішті, сенімді, сыпайы түрде бас тартуды, рөлдермен алмасады, соңында талдайды:
-
Қане, әзірше ересектер жоқ кезде мына велосипедпен дүкенге дейін барып келейік. -
Маған добынды сыйлашы, саған жаңа доп сатып алып береміз деді ғой. -
Саған компьютерлік ойындарды үш күннен соң әкеліп берсем бола ма? -
Фотосуреттеріңді көруге бере тұршы?
Талдау:
Сыпайы бас тарту қиынға соқтыма, басқаша түрлері қалай әсер етті? Өтінішпен сұраған уақытта сізде қандай сезімдер пайда болды? Өтінішінізді орындаудан бас тартқан кезде қандай сезімде болдың? Бас тартқан уақытта біреудің сезіміне нұқсан келтіріп, көңілін қалдырамыз-ау деген ой болды ма?
Кеңестер:
Көшеде бөтен біреу машинамен қыдырып келейік десе немесе тәтті кәмпит, ойыншық, т.б. ұсыныстар айтса, бұл өте қауіпті. Мұндай жағдайжа сыпайы болудың қажеті жоқ. Бөтен адамның қасынан ығысып кетіп қалуға тырыс, айналандағыларды көмекке шақыр немесе сені қорғай алатын, танитын адамға қарай жүгір.
-
Қандай жағдайда «қауіпті» деп айтуға болады? -
Үйде және далада қандай қауіпті жағдайлар кездесуі мүмкін?
Жағдайларды талдау
-
сұрақ: «Шыңғыстың әңгімесі»-көшеде бөтен адам өзімен біре қыдырып қайтуға баланы шақырып жатыр. -
сұрақ: «Қанаттың әңімесі» - көшеде алғысы келетін адамдарға белгісіз сағызды таратып жатыр. -
сұрақ: «Сайранның әңгімесі» - машинаның жүрізушісі бөтен адам, балаға машинаға отырып жол көрсеткенің өтініп отыр. -
сұрақ: «Әлияның әңгімесі» - балалар пәтерге бейтаныс адамды кіргізіп отыр. -
сұрақ: «Мәдинаның әңгімесі» - бейтаныс біреу көшеде қыз баланы жарнама ролигіне түсіруге шақырып жатыр. -
сұрақ: «Асанның әңімесі» - ер бала белгісіз түйіншекті табыс етуге келісіп жатыр.
Сабақтың рефлексиясы
Менің бұл сабақтан алған тәлімім... Маған ұнағаны...
Маған ұнамағаны...
Менің естігім, білгім, жасағым келгені...
Жаттығулардың аяқталуы «Шеңбер бойынша қол алысу» Жаттығулардың қорытындысы
«Мен өзімді мақтай аламын»
Мақсаты:
Өзіне деген жағымды (позитивті) қарым-қатынасты дамыту; Рефлексияны дамыту;
Тәлім алушылардың сенімділік сезімін көтеру.
«Мен кіммін» серпімділік ойыны
Топ қатысушылары бір-біріне доп лақтыру арқылы «Мен кіммін» деен сұраққа жауап береді. Өзін-өзі сипвттауда мінезі, бет пішіні, мақсаты мен сезімдері қолданылады. Әрбір сөйлем «Мен», «Мен қызбын», «Мен көңілдімін»,
«Мен музыканы жақсы көремін» және т.б. сөздермен басталуы керек.
Біз бүгін әрқайсымыздың жақсы қасиеттеріміздің бар екенін айтып, мақтана аламыз. Неге десеңіз, басқа адамдарды да біздің басқа жақсы жақтарымыздан қарап таңғалдыру үшін, нені сүйіп, нені армандайтындығымызды да білу мақсатында өз іс-әрекетімізді талқылағанымыз жөн.
«Мен өткен, осы және келер шақтамын» жаттығуы
Өзіңді өткен, осы және келер шақта қалай көресің, елестете отырып суретін, сал.
Талдау:
Осы суреттердің қайсысы саған аса ұнайды? Келешекте өзіңді кім деп елестетесің?
Сенде қандай қасиеттер пайда болады? Сен өзіңе не тілер едің?
Балалар бір-біріне доп лақтыра «Мен бірде» деген сөз тіркесін қоса отырып, өзіңнің қандай да бір жетістігін айтады. Мысалы, «Мен бірде денешынықтыру сабағында барлығынан да тез жүгіріп, бірінші болып келдім».
«Бәрі жұлдыздар» жаттығуы
Бұл жаттығуды жасау үшін 3-4 рет терең тыныс алып, көзімізді жұмамыз. Өміріңдегі өзіңді жұлдыздай сезінген сәтті есіне түсір. Бұл қандай оқиға еді? Жан дүниең қандай сезімдере толы болды? Қасында сол сәтте кім болды? Саған арнап ұнамды сөздер айтты ма? Сонда не айтты? Қандай оқиға есіңізге түсіп тұр? Есіңе түсіріп болсаң, басыңды изеп, жайлап көзіңді аш. Барлығыңның да еске түсетіндей кезеңдерің болды ма?
Енді біз түрлі-түсті қағаздан үлкен-үлкен жұлдыздарды ойып аламыз да, оның ішіне өміріміздегі сол бір кездегі жетістікке жеткен сәттерімізде мерейіміз тасыған шақтарды сурет етіп саламыз. Сендердің суреттеріңде, саған өте маңызды немесе сенің жетістікке жетуіңе көмектескен адамдар қатысуы мүмкін. Барлық жұлдыздар жинақталып, ватман қағазына жапсырылады.
Талдау:
Осы жаттығуды жасау барысында не сезіңдің?
Жетістікке жету жағдайын еске түсіру қиынға соқтыма?
Күнделікті өмірінде жағымды және жағымсыз нәрселерді есіңе түсіресің бе?
«Шеңбер бойымен қошемет» жаттығуы
Нұсқау: Әртіс концерттен соң өзің қалай сезінетіндігін кім елестете алады? Шеңбер бойынша тұрыңдар. Араларыңнан біреу шығып кез келгенге жақындап, оған бар күшімен қол шапалақтап қошемет көрсетеді, содан соң ол екеуі бірігіп тағы біреудің қасына барып сол сияқты бар күшімен қол шапалақтау арқылы қошемет көрсетеді. Дәл осылай топтағы қатысушылардың барлығына кезекпен қошемет көрсетеледі.