Файл: 1 Азат орта мектебі кмм таырыбы Толеранттылы (тзімділік) деген не.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.11.2023

Просмотров: 742

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

Өз-өзіне қол жұмсау себептері

Демонстративтік (жасанды) мінез-құлық

Аффективті (қатты ашу-ыза) суицидті мінез-құлық

Шынайы суицидтік мінез-құлық

Білім алушылармен жүргізілетін жұмыс барысы

ІІ кезең:

ІІІ кезең:

Білім беру ұйымының бес маманы бір-бірімен тығыз байланыста жұмыс жасайды:

Әлеуметтік педагогтың мәліметтері

Мектеп инспекторының мәліметтері

Сынып жетекшінің талдауы

Медбике толтыратын тізім

«Пікірталас – ұрыс емес» жаттығуы

«Интонация» немесе «Дауыс ырғағы» ойыны

Талдау:

«Аспан көк (жұмақ) пен тозақ» жаттығуы

Талдау:

«Мен... айтып салар едім» сөйлемін құрастыру

Талдау:

Сабақтың рефлексиясы:

Жаттығудың аяқталуы «Шеңбер бойынша қол алысу» Сабақтың қорытындысы

Мақсаты:

«Көрме» жаттығуы

Талдау:

«Бәтеңкедегі тас» ойыны

«Мазақтау» ойыны

«Сілкін!» сергіту ойыны

Сабақтың рефлекциясы

«Қауіпті жағдайлар. Сыпайы бас тарту»

Мақсаты:

Талдау:

Кеңестер:

Жағдайларды талдау

Сабақтың рефлексиясы

«Мен өзімді мақтай аламын»

Мақсаты:

«Мен кіммін» серпімділік ойыны

«Мен өткен, осы және келер шақтамын» жаттығуы

Талдау:

«Бәрі жұлдыздар» жаттығуы

Талдау:

«Шеңбер бойымен қошемет» жаттығуы

: «Күйзелістен қалай құтылуға болады?»

Күйзелсістен арылу жолдары:

«Күлімдеу» жаттығуы

«Мұңымды тарқатамын» жаттығуы

«Проблемаларды қиып тастаймын» жаттығуы

: «Реніштен арылу»

Мақсаты:

«Реніштер қобдишасы» жаттығуы

Реніш сезімі азаю үшін:

Нақты көмек көрсету жаттығулары (SOS!)

Талдау:

«Оқиға» жаттығуы

Талдау:

«Сенің маған ұнайтын қасиеттерің,..»жаттығуы:

Сабақтың рефлексиясы

«Ой, сезім, мінез-құлық»

Мақсаты:

«Дос доспен!» сергіту ойыны

«Сүйсіну және ренжу» ойыны

«Жаңбыр жауып тұрғанда мен... туралы ойлаймын» жаттығуы

Талдау.

«Өтініш және менің оған деген қарым-қатынасым»

Мақсаты:

оқиға:

Талдау:

«Қолымда бардың бәрін беремін» ойыны

«Менің құқықтарым»

Мақсаты:

«Біз және біздің құқықтарымыз» ұжымдық ойыны

«Мен саған ... тілеймін» жаттығуы

Талдау:

Сабақтың рефлексиясы:

« Қиын жағдайлардан не үйренеміз?»

Мақсаты:

Ертегі тыңдау

Ертегіні балалар өздері аяқтайды.

Талдау:

«Толеранттылық деген не?»

Мақсаты:

«Толеранттылық ұғымы»

Жаттығулар жасау

«Мен кіммін?» жаттығуы

«Сиқырлы сәкі» жаттығуы

«Ешкім де білмейді...» жаттығуы

«Үшжаңғырық (акустика) жаттығуы»

«Көктемгі орман» жаттығуы

«Толеранттылық ағашы» қорытынды жаттығуы

Теориялық бөлім (10–15 мин.)

Слайдты презентация

«Жан дүниемнің бау–бақшасы» жаттығуы (15 мин.)

Жаттығудың 2-ші бөлімі — арт-терапия.

“Менің аффирмациям” жаттығуы

9-10-11 СЫНЫП БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ

Тұлғаның эмоционалды саласы (Эмоциональная сфера личности)

Ынта мен ерік (Мотивация и воля)

Тұлғаның ахуалы (Состояния личности)

Тұлғааралық қарым-қатынас (Межличностные отношения)

Даму шкаласы (Шкалы развития)

Проективті (Проективные методы)

Пайдаланылған әдебиеттер



Жалпы суицидтік әрекетке бейім баланы бүкіл оқушылардың көзінше психологиялық кеңеске үнемі жеке шақырып алып жұмыс жасау дұрыс емес. Бұл басқа оқушылардың назарын оған аудартуы мүмкін. Жоғарыда берілген кезеңдерден соң, келесі тарауда берілетін топтық психологиялық тренингтерге қатыстыра отырып, топпен жұмыс жасау да тиімді әсер етеді. Төменде берілген 11 сабақтың барасында топтағы жабырқаңқы, күйзелісте жүрген баланы да анықтауға болады. Бұл сабаққа сынып жетекшілерін қатыстырып, әрі қарай өз сыныбында үнемі жүргізіп, балалардың психологиялық ахуалын бақылауда педагог-психологпен колаборация арқылы бірігіп жұмыс жасау тиімді болады. Күйзелісте жүрген бала сол тренинг сабақтарында белгілі болған жағдайда сынып жетекшісі сұраныс парағы арқылы педагог-психологқа хабардар етеді, ол әрі қарай психологиялық диагностика жүргізіп, күйзеліс деңгейін анықтап коррекциялық жұмысты жалғастырады.

Әр жеке кеңес хаттама арқылы құжатталады. Жоғарыда көрсетілгендей кезеңмен жұмыс жүргізіледі.

Сөйтіп 11 сабақта білім алушылар психокоррекциялық тренингтен толық өту барысында білім алушылардың психологиялық ахуалдары қалыпты жағдайға түсуі мүмкін.

«Пікірталас ұрыс емес»

Мақсаты: жанжал жағдайларында мінез-құлықтың сындарлы (конструктивті) амалдарын дамыту, сенімділік тәжірибесін толықтыру, құрбыларымен зорлық- зомбылықсыз өзара сыйласымды қарым-қатынас жасауға дағдылану.

«Пікірталас ұрыс емес» жаттығуы


Қалай ұрыспауға болатындығы туралы әңгіме қозғаймыз. Сонда да ұрыс болған күннің өзінде, бір-бірімен қандай сөздердің көмегімен татуласуға болатынын талдаймыз.

Уақыт өте келе, анда-санда біз өзіміздің дұрыстығымызды дәлелдегіміз келетін сәттер болып тұрады. Кейде мұндай пікірталастың пайдасы да бар, бірақ кейбір кездерде оның арты кәдімгідей күреске айналып кетеді. Айтыса отырып, біз айқайға ауысып кетеміз. Айқай қаттырақ шыққан уақытта, пікірталасымыз кәдімгідей ұрысты еске түсіреді және бұл жағдайды ақылмен бақылау қиынырақ бола бастайды.

Пікірталастың ұрыстан айырмашылығы неде? (Жауаптарды екіге бөлінген қағазға жазып отырамыз)

Ұрыстан қалай құтылуға болады?

«Интонация» немесе «Дауыс ырғағы» ойыны


Жұпқа бөлініңдер. Бір-біріңмен ойнағанда, дауласқанда, бұйымтай сұрағанда, өтініш жасағанда, қандай үнмен сөйлесетіндіктеріңді айта аласың ба? Тіпі амандасқанда да, есімдеріңді атап танысқанда да әртүрлі интонациямен, яғни дауыс ырғағымен айтуға болады. Әрқайсысымыз кезекпен төмендегі сөз тіркесін айтайық: «Сәлем! Менің есімім... Бұл ойынды ойнауға қазір менің кезегім» − алдымен ренжіп, содан соң сенімді түрде, кейін тілектес мейрімді көңілмен.

Талдау:


  • Қандай дауыс ырғағын тиімдірек сезінді?

  • Осы дауыс ырғағын қаншалықты жиі пайдаланасың?

«Аспан көк (жұмақ) пен тозақ» жаттығуы


Біздің сөйлескен сәттегі дауыс ырғағымыз басқа адамдармен, балалармен, үлкендермен өзара қатынасымызға әсерін тигізеді. Айқай, жағымсыз дауыс, ұрысқа, түсінбеушілікке, жанжалға әкеп соғады. Төбелес өте қауіпті, «кәдімгідей тозаққа» айналады. Шығыс елдерінің өсиет әңгімесін тыңдауға шақырамын...

Бір жас жауынгер данышпанға келіп былай деп сұрақ қояды: «О, данышпан, маған өмірдің құпиясын ашып берші. Жұмақ пен тозақтың айырмашылығы неде?» Данышпан бір сәтке ойланады да, жауап береді:

«Сен жас ақымақсың. Сендей топас адам оның мәнін қанша айтсаң да түсінуші ме еді?Сенөтенадансың!». Мұны естіген жас сарбаз сұрланып, тісін қайрап: «Мен мына сөздерің үшін сені өлтіріп тастаймын!» − деп айқайлап, данышпанды бастырмалата қылышын суырып алды. Осы сәтте данышпан: «Міне, мұның тозақ», − деді. Мұны естіген сарбаз қылышын қынабына қайта салды. «Ал енді мұның жұмақ», − деді данышпан.

Пікірталасыңыз бір кездері төбелеске айналып кеткен сәттеріңізді есіңізге түсіріңізші! Сонда сізді ызаландырғаны соншалықты, төбелесті бастап кеткіңіз келді немесе қарсыласыңыз ашу-ызадан жарылып кете жаздап, сізге тұра ұмтылған болар?! Қол жұмсаудан аулақ болуға мүмкіндік болады ма? Сонда болған оқиғаны айтып көріңіз. Төбелессіз тарай алдың ба? Сол сәтте сен өзіңді қалай сезіндің? Бұл оқиғаға қандай атау берер едің?

Талдау:


Пікірталас пен төбелестің айырмашылығы неде? Айтыс төбелеске айналып кетпеу үшін не істеу керек? Төбелесуге мәжбүр ететін жағдай болып тұра ма?

Төбелес – бұл дауласудың шешімін табатын ең жақсы амал ма? Өсиет әңгімеде данышпан зорлық-зомбылық тозақ деп нені айтады?

«Сенге» көшудің жағымсыз әсерін сезіну жаттығуы

Біз ренжіп немесе ашуланған уақыттарымызды басқаларға өзіміздің сезіміміздің жауапкершілігін жүктеп, оларды кінәлай бастаймыз. Бірақ өз сезімдерімізге басқа ешкім емес, тек өзіміз ғана жауап береміз ғой. Долданған уақыттарымызда бір-бірімізге «сен» деп айта бастаймыз.

Сен неменеге айғайлайсың!

Сен мені мезі еттің!

Сен менің заттарымды алдың!

Сен түкке тұрғысыз бірдеңелерді айтып кеттің!

  • Сен үнемі кешігіп жүресің!

«Мен... айтып салар едім» сөйлемін құрастыру


1-жағдай:

Досың сенен көйлек алады даоны жыртып тастады. Сен досыңа не айтасың?

−Мен... сезінгенде, мен... жасар едім. 2-жағдай:

Мұғалім диктантты көшіріп алдың деп саған екілік қояды. Сен мұғалімге не айтар едің?

−Мен... сезінгенде, мен... жасар едім. 3-жағдай:

Ең жақсы досың саған берген уәдесін орындамады. Сен жақын досыңа не айтар едің?

−Мен... сезінгенде, мен... жасар едім. 4-жағдай:

Сенің сүйікті кішкентай қарындасың (сіңілің) сенің ең сүйікті қойын дәптеріңді алды да, ішінен бірнеше беттерін жыртып алды. Өз қарындасыңа (сіңіліңе) не айтар едің?

−Мен... сезінгенде, мен... жасар едім. 5-жағдай.

Туыс апайың саған келемін деп келмеді. Сен қатты ренжідің. Сен оған не айтар едің?

−Мен... сезінгенде, мен... жасар едім. 6-жағдай:

Сыныптасың футбол добыңды жарып тастады. Сен сыныптасыңа не айтар едің?

−Мен... сезінгенде, мен... жасар едім.

Талдау:


Осы тапсырманы жасарда нендей қиындықтар кездесті?

Саған айтылған «сен, сен» деген сөздерді естігенде қандай сезімде болдың?

«МЕН... айтып саламынды» естігенде не сезіндің?

Сабақтың рефлексиясы:


Менің бұл сабақтан алған тәлімім... Маған ұнағаны...

Маған ұнамағаны...

Менің естігім, білгім, жасағым келгені...

Жаттығудың аяқталуы «Шеңбер бойынша қол алысу» Сабақтың қорытындысы



«Ашу-ыза білгенде не істеу керек?»

Мақсаты:


  • Тәлім алушылардың ашу-ызаға толы сезімдерін қауіпсіз күйде айтуға үйрету;

  • Рефлексивті механизмді белсендіру;


Бүгін біз, өзіңізге және айналадағыларыңызға зиянкестік жасамай ғана ашу- ызаны қалай игеріге болатындығы туралы талдау жасаймыз.

«Көрме» жаттығуы


Мақсаты: адам өзінің жан дүниесіндегі жағымсыз энергиялармен (ашу-ыза, агрессия, көре алмаушылық, табалау, қызғаныш және т.б.) жұмыс жасай білуі.

Ыңғайлы отырып, денеңді бос күйде ұстап, 3-4 рет терең тыныс алып, көзіңді жұм. Көз алдыңа кішігірім көрмеде жүрмін деп елестет. Саған жаманшылық ойлаған, сені бір кездері ренжіткен, сенің ашуыңды келтіретін адамдардың суреттері сол көрмеде тізіліп тұр.

Осы көрмеде жүре тұрып, осы портреттерді жан-жағынан қара. Солардың кез- келген өзіңнің қандай жағдайда болғаныңды елестет.

Ашуыңды келтірген осы адамға өз сезіміңді тежемей, бәрін айтып салған сәттерді елестет. Қазір ойыңа ол туралы не келді, бәрін де бүкпей барынша жеткіз.

Сезімдеріңе бой алдырған кезде сәтте қандай әрекетке барушы едің соны көз алдыңа келтіріп, іс-әрекетіңді тежеме, осы адамға не істегің келеді, ойша бәрін жаса.

Егер жаттығуды жасап бітірсең, басыңды изе. 3-4 рет терең тыныс алып, көзіңді аш.

Өз тәжірибеңді топпен бөліс. Осы жаттығуды жасарда не қиын, не жеңіл болды? Саған не ұнады: төңірегіңнен кімдер осы көрмеде болды? Сен кімнің алдында тоқтадың? Қандай жайды көз алдыңа елестеттің? Сол туралы айт. Жаттығу кезінде сенің жағдайың қалай өзгерді? Сезімің бас кезінде қалай болып еді? Қазір қандай күйдесің?»