Файл: 1 Азат орта мектебі кмм таырыбы Толеранттылы (тзімділік) деген не.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 08.11.2023
Просмотров: 725
Скачиваний: 3
СОДЕРЖАНИЕ
Демонстративтік (жасанды) мінез-құлық
Аффективті (қатты ашу-ыза) суицидті мінез-құлық
Білім алушылармен жүргізілетін жұмыс барысы
Білім беру ұйымының бес маманы бір-бірімен тығыз байланыста жұмыс жасайды:
Әлеуметтік педагогтың мәліметтері
Мектеп инспекторының мәліметтері
«Пікірталас – ұрыс емес» жаттығуы
«Интонация» немесе «Дауыс ырғағы» ойыны
«Аспан көк (жұмақ) пен тозақ» жаттығуы
«Мен... айтып салар едім» сөйлемін құрастыру
Жаттығудың аяқталуы «Шеңбер бойынша қол алысу» Сабақтың қорытындысы
«Қауіпті жағдайлар. Сыпайы бас тарту»
«Мен кіммін» серпімділік ойыны
«Мен өткен, осы және келер шақтамын» жаттығуы
«Шеңбер бойымен қошемет» жаттығуы
: «Күйзелістен қалай құтылуға болады?»
«Проблемаларды қиып тастаймын» жаттығуы
Нақты көмек көрсету жаттығулары (SOS!)
«Сенің маған ұнайтын қасиеттерің,..»жаттығуы:
«Жаңбыр жауып тұрғанда мен... туралы ойлаймын» жаттығуы
«Өтініш және менің оған деген қарым-қатынасым»
«Қолымда бардың бәрін беремін» ойыны
«Біз және біздің құқықтарымыз» ұжымдық ойыны
«Мен саған ... тілеймін» жаттығуы
« Қиын жағдайлардан не үйренеміз?»
Ертегіні балалар өздері аяқтайды.
«Ешкім де білмейді...» жаттығуы
«Үшжаңғырық (акустика) жаттығуы»
«Толеранттылық ағашы» қорытынды жаттығуы
«Жан дүниемнің бау–бақшасы» жаттығуы (15 мин.)
Жаттығудың 2-ші бөлімі — арт-терапия.
9-10-11 СЫНЫП БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ
Тұлғаның эмоционалды саласы (Эмоциональная сфера личности)
Ынта мен ерік (Мотивация и воля)
Тұлғаның ахуалы (Состояния личности)
Тұлғааралық қарым-қатынас (Межличностные отношения)
Талдау:қандай сезімде болғандарың туралы әрқайсың айтып бересіңдер. Сабақтың рефлексиясы
Менің бұл сабақтан алған тәлімім... Маған ұнағаны...
Маған ұнамағаны...
Менің естігім, білнім, жасағым келгені...
Жаттығудың аяқталуы «Шеңбер бойынша қол алысу» Жаттығудың қорытындысы
: «Күйзелістен қалай құтылуға болады?»
Мақсаты:Оқушыларды күйзеліске қарсы тұра алуға дағдыландыру
Күйзелсістен арылу жолдары:
Не нәрсе болса да қарапайым көзбен, байсалдылықпен қарау! Бар жан-тәніңмен күл және сенің осы өмірге келгеніңе, сенің бар екендігіңе, кім болғаныңа, өміріңде бар нәрсеге Жарық дүниенің бар екендігіне ризашылығыңды білдір.
«Күлімдеу» жаттығуы
Күлімдеу – керемет бір күшпен әрбір адамда бар ішкі энергияның қорын ашады. Айнаның алдында тұрып, омыртқаңды тік ұстап, иықтарыңды жаз, басыңды паңдана, тәкәппарлықпен жоғары көтер. Өзіңе-өзің нұр сәулелі күлімде, қастарыңды көтеріп, тап осыкүйде 5 минут тұр.
Жасанды түрде жақсы көңіл күй жасай отырып, бетіңнің бұлшық еттеріне ықпал ете, сен өз жан дүниеңнің күйіне тікелей әсер етесің.
Ұйқыдан соң сенің бейсанаң ашық болады, сондықтан да бұл тәсілді таңертеңгілік жасаған дұрыс. Сонда таңертеңнен кешке дейін тамаша көңіл күйде боласың!
«Мұңымды тарқатамын» жаттығуы
Үш ақ парақ, акварель бояуын және қылқаламды алыңыз.
Қылқаламды қара бояуға батырып алып, бірінші параққа қылқаламды сілкеп, бірнеше қара тамшы жасаңыз. Осы дақтардан қандай да бір кескінді көруге тырыс. Ол үшін оларды бір-бірімен біріктіріп, кішкене жөнге келтір. Мүмкін бұл бір қара жапырақтар, қара құстар болар... Сенің түйсігің саған дұрыс шешім қабылдауға өзі-ақ көмектеседі. Содан соң екінші парақты алып, сол сияқты, тек ақ бояумен бояңыз. Дақтарды бірге қосып сызғанда не нәрсеге ұқсас екендігіне мұқият қараңыз.
Үшінші параққа дәл осы сияқты жасаңыз, тек бояулардың басқа қызыл, жасыл, сары түстерін алыңыз.
Соңғы суретіңе 10 минуттай қара. Кенеттен сенде бір күш пайда болғанын сезінесің. Басыңда қандай жағдай болса да, осы сәтте қуана алатыныңды түсінесің! Осы жаттығулардан ашық бояулардың сенің жан дүниеңді өзгерте алатынын түсінесің.
«Проблемаларды қиып тастаймын» жаттығуы
Ақ парақтың оң жағына өз проблемаларыңды шатасқан жіп күйінде сурет етіп сал. Кескіннің төменгі жағына «Менің проблемаларым» деп жаз. Немесе оны нақтырақ атауыңа болады. Кескіннің сол жағына төменірек өзіңнің суретіңді (фото болса тіпті жақсы) бейнеле де есіміңді жаз. Содан соң қайшы ал да жіпті, яғни проблемаңды қиып таста. Сенің көрнекті түрде көзің жетті: проблема жойылып кетті. Қайшының жүзі арқылы бір сәтте оны қиып тастадың. Дәлірек айтқанда, осы іс-әрекет туындаған қиын жағдайларды жеңіл шешуге болатынына көзіңді жеткізеді.
: «Реніштен арылу»
Мақсаты:
-
өз-өзін ұстай білуге үйрету; -
басқаларға қиындық туыындаған уақытта көмек көрсету мен өзгенің қайғысына, қуанышына ортақтаса алуға үйрету.
Өткен сабақтарда біз ашу-ызаның не екенін және онымен қалай күресу
керектігін талқыладық. Енді біз ренішпен қалай күресу керектігін үйренейік.
«Реніштер қобдишасы» жаттығуы
Балаларға дорба – реніштер үшін қобдиша бейнеленген парақтар таратылады. Балалардың әрқайсысына ренжіген және көңілі құлазыған кездеріне түсіру ұсынылады. Ол қандай жағдайлар еді? Ересектерге немесе құрдастарыңа ренжідіңдер ме? Барлық реніштеріңді (немесе ең маңызды біреуін) естеріңе түсіріп, ренішке арналған қобдишаға орналастырңдар. Өз реніштеріңді бейнелеп немесе сөзбен жазауларыңа болады.
Талдау:балалар төмендегі формулаға сәйкес шеңбер бойымен өз реніштерін айта бастайды:
-
...болғанда, мен ренішті сезіндім. -
Кім дәл... (есімін атайды) сияқты өзін сезінді ме? Оған айтыңдаршы, өзіңіздің не сезінгеніңізді. Тағы кім өзін дәл осылай сезінді? Осыны барлығын айта аласыз ба? -
Тағы кім...(есімін атайды) сияқты жағдайлармен кездесті. Оған айтыңыз. Өздеріңіздің реніштеріңізді айтқан уақытта,қобдишаға реніштер кішірецгенін байқадыңыздар ма? Көрсетіңіздер.
Реніш сезімі азаю үшін:
-
Досыңа немесе басқа біреуге айтуға болады екен; -
Ренішті сөзбен жазып,бейнелеп, «жылап» алу; -
Ренжіткен адамыңа сезімдеің туралы айту керек және өз көзқарасыңды білдір; -
Көмек сұрау және жолдасыңызға көмек көрсетуге болады.
Нақты көмек көрсету жаттығулары (SOS!)
Қатысушылар көздерін жұмған күйі бөлмеде ары-бері жүреді. Жүргізуші олардың біріне жақындап тұртеді, ол жақындағын аптаның белгісін береді (SOS!). Оның жанында жүргендер оның екі қолынан ұстайды, ал қалғанды көздері жұмулы қалпы «қорғаныс шеңберін» құрастырады.
Талдау:
-
Апатты сезінгенде қандай сезімде болдың? -
Қорғаушылар көмекке келген уақытта не сезіндің?
«Оқиға» жаттығуы
Балалар өздерінің басынан кешкен мысалдарын айта алмаса,нақты оқиға бойынша немесе карточка арқылы берілген мысалдарды келтіруге болады. Карточкада ренішті жағдай болған оқиға және оған қалай көңіл аудару керек екендігінің бірнеше нұсқасы келтірілді. Осы оқиға төңірегінде қандай сөздерді қолданған жөн болатын балалардың өздерінің тәжірбиесінде түсінуі өте маңызды.-
оқиға:
Менің есімім – Марат, 8 жастамын. Менің туған күніме күшік сыйлады. Оны күнде тамақтандырдым, су бердім, мектептен келген соң оны қыдырттым. Өзімнің жаңа досыма қатты бауыр бастым және оны мәпеледім. Бірде танысымнан оны аз уақытқа қарай тұруды өтіндім. Ол оны дұрыстап қарай алмағасын күшік қашып кетті. Қаланың барлық жеріне күшіктің жоғалғандығы туралы хабарландыру іліп қойдым, бірақ ешкім де хабарласпады.
Мен қатты қайғырып, танысыма қатты ренжідім.
Досыңды ( құрбыңды) жұбат
үшін айтатын сөздеріңді таңдап ал:
-
Қапаланба! -
Сен де айтады екенсің,күшік қашып кетті! -
Сен мұңайып жүрсің бе? -
Сабырлылық сақта! -
Менің де мысығым жоғалды,бірақ мен сен сияқты жылаған жоқпын ғой! -
Біреуге сенсең, ол сенің сеніміңді ақтамаса, әрине мұңаюға тұрарлық жағдай. Саған қандай ауыр екенін мен жақсы түінемін.
-
оқиға:
Менің есімім – Айнұр, 10 жастамын. Таяуда мынандай оқиға болды. Ең жақын құрбыма өзімнің сырымды айттым. Ертеңіне-ақ осы құпиямның балалардың көпшілігіне мәлім болғанын білдім. Бұл маған сондай жағымсыз
әсер етті және өте қиналдым. Құрбым мені сатып кетті деп есептемеймін, қазір не істерімді білмей, қиналып жүрмін.
Досыңды (құрбыңды) жұбату үшін айтатын сөздеріңді таңдап ал:
-
Уайымдама, бәрі жақсы болады. -
Сен де уайымдамайтын нәрсені тапқан екенсіңІ -
Ешкімге өз құпияңды айтпау керек. -
Мен сені түсінемін, сен оған сенімділік білдірдің, соңында айтқаның үщін өкіндің. -
Достарыңнан көңілің қалғвңы, әрине, өкінішті-ақІ