Файл: 1 Азат орта мектебі кмм таырыбы Толеранттылы (тзімділік) деген не.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.11.2023

Просмотров: 740

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

Өз-өзіне қол жұмсау себептері

Демонстративтік (жасанды) мінез-құлық

Аффективті (қатты ашу-ыза) суицидті мінез-құлық

Шынайы суицидтік мінез-құлық

Білім алушылармен жүргізілетін жұмыс барысы

ІІ кезең:

ІІІ кезең:

Білім беру ұйымының бес маманы бір-бірімен тығыз байланыста жұмыс жасайды:

Әлеуметтік педагогтың мәліметтері

Мектеп инспекторының мәліметтері

Сынып жетекшінің талдауы

Медбике толтыратын тізім

«Пікірталас – ұрыс емес» жаттығуы

«Интонация» немесе «Дауыс ырғағы» ойыны

Талдау:

«Аспан көк (жұмақ) пен тозақ» жаттығуы

Талдау:

«Мен... айтып салар едім» сөйлемін құрастыру

Талдау:

Сабақтың рефлексиясы:

Жаттығудың аяқталуы «Шеңбер бойынша қол алысу» Сабақтың қорытындысы

Мақсаты:

«Көрме» жаттығуы

Талдау:

«Бәтеңкедегі тас» ойыны

«Мазақтау» ойыны

«Сілкін!» сергіту ойыны

Сабақтың рефлекциясы

«Қауіпті жағдайлар. Сыпайы бас тарту»

Мақсаты:

Талдау:

Кеңестер:

Жағдайларды талдау

Сабақтың рефлексиясы

«Мен өзімді мақтай аламын»

Мақсаты:

«Мен кіммін» серпімділік ойыны

«Мен өткен, осы және келер шақтамын» жаттығуы

Талдау:

«Бәрі жұлдыздар» жаттығуы

Талдау:

«Шеңбер бойымен қошемет» жаттығуы

: «Күйзелістен қалай құтылуға болады?»

Күйзелсістен арылу жолдары:

«Күлімдеу» жаттығуы

«Мұңымды тарқатамын» жаттығуы

«Проблемаларды қиып тастаймын» жаттығуы

: «Реніштен арылу»

Мақсаты:

«Реніштер қобдишасы» жаттығуы

Реніш сезімі азаю үшін:

Нақты көмек көрсету жаттығулары (SOS!)

Талдау:

«Оқиға» жаттығуы

Талдау:

«Сенің маған ұнайтын қасиеттерің,..»жаттығуы:

Сабақтың рефлексиясы

«Ой, сезім, мінез-құлық»

Мақсаты:

«Дос доспен!» сергіту ойыны

«Сүйсіну және ренжу» ойыны

«Жаңбыр жауып тұрғанда мен... туралы ойлаймын» жаттығуы

Талдау.

«Өтініш және менің оған деген қарым-қатынасым»

Мақсаты:

оқиға:

Талдау:

«Қолымда бардың бәрін беремін» ойыны

«Менің құқықтарым»

Мақсаты:

«Біз және біздің құқықтарымыз» ұжымдық ойыны

«Мен саған ... тілеймін» жаттығуы

Талдау:

Сабақтың рефлексиясы:

« Қиын жағдайлардан не үйренеміз?»

Мақсаты:

Ертегі тыңдау

Ертегіні балалар өздері аяқтайды.

Талдау:

«Толеранттылық деген не?»

Мақсаты:

«Толеранттылық ұғымы»

Жаттығулар жасау

«Мен кіммін?» жаттығуы

«Сиқырлы сәкі» жаттығуы

«Ешкім де білмейді...» жаттығуы

«Үшжаңғырық (акустика) жаттығуы»

«Көктемгі орман» жаттығуы

«Толеранттылық ағашы» қорытынды жаттығуы

Теориялық бөлім (10–15 мин.)

Слайдты презентация

«Жан дүниемнің бау–бақшасы» жаттығуы (15 мин.)

Жаттығудың 2-ші бөлімі — арт-терапия.

“Менің аффирмациям” жаттығуы

9-10-11 СЫНЫП БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ

Тұлғаның эмоционалды саласы (Эмоциональная сфера личности)

Ынта мен ерік (Мотивация и воля)

Тұлғаның ахуалы (Состояния личности)

Тұлғааралық қарым-қатынас (Межличностные отношения)

Даму шкаласы (Шкалы развития)

Проективті (Проективные методы)

Пайдаланылған әдебиеттер

ойынды бастайды. Басқа қатысушыға қандай сыйлық сыйлайтыныңды көрсетуің керек: үлкен немесе кішкентай, нәзік немесе мықты, ауыр немесе жеңіл. Сол сыйлықты ала отырып, дәл осылай басқа қатысушыға береді және т.б.

Сабақтың рефлексиясы

Менің бұл сабақтан алған тәлімім... Маған ұнағаны...

Маған ұна мағаны...

Менің естігім , білгім, жасағым келгені...

Жаттығудың аяқталуы «Шеңбер бойынша қол алысу»

Жаттығудың қорытындысы















«Менің құқықтарым»

Мақсаты:



  • балалардың құқық туралы түсінігін қалыптастыру;

  • топ жұмысын балалардың өздерінің қорытындылауы. Қаралатын құқықтар:

Өмір сүру құқығы.

Зорлық-зомбылықтың кез келген түрінен қорғану құқығы. Оқу құқығы.

Баланың өзі сенім артатын ересек адамнан,сдәрігерден, полицейден, ұстаздан көмек сұрау құқығы.

Төңірегіндегілердің сый-құрметіне бөлену құқығы.

«Жоқ» деген сөзді айту құқығы.

Басқа балалардың, басқа адамдардың да дәл осындай құқықтары.


«Біз және біздің құқықтарымыз» ұжымдық ойыны


Ең маңызды деген құқықтарыңды және өзіңді бейнелей отырып, бірлесіп сурет салу.

Талдау:

  • Бірлесіп жұмыс жасау жеңіл болды ма?

  • өзіңді қандай күйде бейеледің?

  • қандай құқықтарыңды ең маңызды деп есептейсің?



«Мен саған ... тілеймін» жаттығуы


Қатысушылардың әрқайсысы параққа өздерініңі тілектерін жазып, бір-біріне естелікке сыйлайды.

Балалар тілектермен алмасады.

Талдау:


  • Қандай тілек алдың?

  • Не қуанышты: тілек жазу ма әлде алу ма?

  • Бір-бірімізге ең маңызды қандай тілектер тілей аламыз?



Сабақтың рефлексиясы:


Менің бұл сабақтан алған тәлімім... Маған ұнағаны...

Маған ұна мағаны...

Менің естігім , білгім, жасағым келгені...

Жаттығудың аяқталуы «Шеңбер бойынша қол алысу» Жаттығудың қорытындысы









« Қиын жағдайлардан не үйренеміз?»




Мақсаты:


  • қатысушылардың қиын жағдайлардыың әсерін саралау мүмкіндіктері.

Ертегі тыңдау


«Алыстағы Күн жүйесінде, алыстағы Жер ғаламшарында алыстағы бір қалада Дархан Дарханов өмір сүріпті. Қалай өмір сүрді? Ол өзін онша бақытты есептемепті, себебі оның төңірегінде нашар құбылыстар өз-өзінен юолып жатады екен. Біресе асханада тамақты үстіне төгіп алады, немесе мұғалім кенеттен «үштік» баға қояды, ал ең жақын досымен ұрсысып қалады. Бірде ол өз бөлмесінде отырған еді, кенеттен өз-өзінен орындықтан құлап қалды, қатты ауырғаны соншадық, көздерінен ұшқын шашырағандай болды. Енді көзін аша беріп еді, біреудің даусын естіген сияқты болды:



  • Дархан, осылай өмір сүруіңе мен себепшімін.

  • Сен кімсің? деп Дархан шошып кетті.

  • Мен сенің ісігіңмін, - деп шиқылдады дауыссымақ.

Дархан ұшып тұрып, айнаға қарады: көзінің алды көкпеңбек, мойны жырылып кеткен және желкесінде үп-үлкен томпақ ісік! Ол Дарханға кәдімгідей көзін қысып қояды.

  • Дархан, сенің өзгеруің керек!

  • Мен сен ойлағаннан да сұмдық өзгердім, қараңғыда көрсең қорқып кетесің,

деп күрсінді Дархан.

  • Жоқ, Дархан, бұлай емес. Саған өмір сабақтарын жиі орындап тұру қажет.

  • Менің онсызда мектеп оқуынан басқа жеке өмірім жоқ.

  • Сен мені тыңда, Дархан. Тыңда да алғысыңды жаудыр. Сен жағымсыз, қиын жағдайлардан сабақ алуың керек. Тек сонда ғана ақылың кіреді, әйтпесе әп-әдемі түрің бар бала бұдан былай үп-үлкен томпақ ісікке айналасың.

Дархан мұндай арсыздыққа таңғалғаны соншалықты, аузына сөз де түспей қалды. Біраздан соң сөйлей бастап еді ешқандай ісіктің орны да қалмағанын байқады.

Көз алдындағы көгергені де желкесіндегі томпақ ісік те ғайып болыпты. Сол сәтте оның сотқар інісі Хасан-Шабдалы келе қалды. Ол тек келген жоқ,

келе сала Дарханмен алысып, оның қолын ауыртып жіберді. Дархан оны итеріп жібергісі келіп еді, бірақ оны бір нәрсе жібермей қойды. « Мүмкін Хасан- Шабдалыны өмір абағы үйретер, не қыламын оған тиісіп», - деп ойлады Дархан.

«Мүмкін байқап көру үшін Хасанды аясам ба екен? – деп ойлады ол тағы да». Осы кезде Дарханның анасы келді де, әдеттегідей наразылық көрсете: «Итті қыдыртпапсың. Хасанды ренжітпе!» дей бастады. Дархан әдеттегідей анасына ренжігісі келіп еді, алайда тағы да ойланып қалды: «Мүмкін өмірден
сабақ алып, анамды түсінуге тырыссам ба екен?».

Дархан туралы көп айта бермесек те болады, − себебі сендер онсызда да түсіндіңдер. Өмір сабақтарын орындау Дарханға қатты ұнады, өзін өзгерту де ұнады. Әрине, оның өмірі де жақсы жағына қарай жақсара бастады. Өмірі қандай болды? Мұны да сендер менен жақсы білесіңдер, бақытты болғысы келетін мектеп оқушысының жағдайын енді одан да жақсы түсініп отырсыңдар. Ал Дархан өскенде, мектеп бітіргенде қандай болды – бұл көріністі енді маған баяндап бересіңдер.


Ертегіні балалар өздері аяқтайды.

Талдау:


  • Бүгінгі сабақтан не түсіндіңдер?

  • Не қиынға соқты? Не қызықты? Не нәрсеге ұйрендіңдер?

  • Өзің және басқалар туралы қандай жаңалықтарды білдіңдер?

Сабақтың рефлексиясы

Менің бұл сабақтан алған тәлімім... Маған ұнағаны...

Маған ұна мағаны...

Менің естігім, білгім, жасағым келгені... Жаттығудың қорытындысы



























«Толеранттылық деген не?»

Мақсаты:


  • толеранттылық ұғымын және толеранттылықтың және интолеранттылықтың негізін түсінуге қатысушыларды таныстыру;

  • басқа адамдардың және өзін толық, яғни қанық (адекватты) тануын дамыту.

«Толеранттылық ұғымы»


Толеранттылық бұл өзгені сыйлаушылық, өз лебізіңді білдіру түрлерін көрсете білу және адамдық жекешілігіңді білдіру амалдарын көрсету.

«Толеранттылық» сөзінің анықтамасы жер шарының әр жерінде әртүрлі болып келеді екен:

  • Испанша өз идеяң мен ойыңнан да озықтары барын біліп, мойындау қабілеті;

  • Французша саған қарағанда басқалардың да сенен басқаша ойлап немесе әрекет жасауға болатынын білдіретін қарым-қатынас;

  • Ағылшынша төзімді, мейрімді болуға дайын болу;

  • Арабша кешіру, кішіпейілділік, жұмсақтық, қайырымдылық, рахымдылық, ізгі ниеттілік, шыдамдылық, басқаларға ыңғайлы күйде жайғасу;

  • Орысша – не нәрсеге де немесе кімге де болса шыдамдылық (ұстамды, майталман, табанды, не нәрсенің немесе кімнің болса да бар екендігіне төзімділік таныту) қабілеті.