Файл: 1 Азат орта мектебі кмм таырыбы Толеранттылы (тзімділік) деген не.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.11.2023

Просмотров: 753

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

Өз-өзіне қол жұмсау себептері

Демонстративтік (жасанды) мінез-құлық

Аффективті (қатты ашу-ыза) суицидті мінез-құлық

Шынайы суицидтік мінез-құлық

Білім алушылармен жүргізілетін жұмыс барысы

ІІ кезең:

ІІІ кезең:

Білім беру ұйымының бес маманы бір-бірімен тығыз байланыста жұмыс жасайды:

Әлеуметтік педагогтың мәліметтері

Мектеп инспекторының мәліметтері

Сынып жетекшінің талдауы

Медбике толтыратын тізім

«Пікірталас – ұрыс емес» жаттығуы

«Интонация» немесе «Дауыс ырғағы» ойыны

Талдау:

«Аспан көк (жұмақ) пен тозақ» жаттығуы

Талдау:

«Мен... айтып салар едім» сөйлемін құрастыру

Талдау:

Сабақтың рефлексиясы:

Жаттығудың аяқталуы «Шеңбер бойынша қол алысу» Сабақтың қорытындысы

Мақсаты:

«Көрме» жаттығуы

Талдау:

«Бәтеңкедегі тас» ойыны

«Мазақтау» ойыны

«Сілкін!» сергіту ойыны

Сабақтың рефлекциясы

«Қауіпті жағдайлар. Сыпайы бас тарту»

Мақсаты:

Талдау:

Кеңестер:

Жағдайларды талдау

Сабақтың рефлексиясы

«Мен өзімді мақтай аламын»

Мақсаты:

«Мен кіммін» серпімділік ойыны

«Мен өткен, осы және келер шақтамын» жаттығуы

Талдау:

«Бәрі жұлдыздар» жаттығуы

Талдау:

«Шеңбер бойымен қошемет» жаттығуы

: «Күйзелістен қалай құтылуға болады?»

Күйзелсістен арылу жолдары:

«Күлімдеу» жаттығуы

«Мұңымды тарқатамын» жаттығуы

«Проблемаларды қиып тастаймын» жаттығуы

: «Реніштен арылу»

Мақсаты:

«Реніштер қобдишасы» жаттығуы

Реніш сезімі азаю үшін:

Нақты көмек көрсету жаттығулары (SOS!)

Талдау:

«Оқиға» жаттығуы

Талдау:

«Сенің маған ұнайтын қасиеттерің,..»жаттығуы:

Сабақтың рефлексиясы

«Ой, сезім, мінез-құлық»

Мақсаты:

«Дос доспен!» сергіту ойыны

«Сүйсіну және ренжу» ойыны

«Жаңбыр жауып тұрғанда мен... туралы ойлаймын» жаттығуы

Талдау.

«Өтініш және менің оған деген қарым-қатынасым»

Мақсаты:

оқиға:

Талдау:

«Қолымда бардың бәрін беремін» ойыны

«Менің құқықтарым»

Мақсаты:

«Біз және біздің құқықтарымыз» ұжымдық ойыны

«Мен саған ... тілеймін» жаттығуы

Талдау:

Сабақтың рефлексиясы:

« Қиын жағдайлардан не үйренеміз?»

Мақсаты:

Ертегі тыңдау

Ертегіні балалар өздері аяқтайды.

Талдау:

«Толеранттылық деген не?»

Мақсаты:

«Толеранттылық ұғымы»

Жаттығулар жасау

«Мен кіммін?» жаттығуы

«Сиқырлы сәкі» жаттығуы

«Ешкім де білмейді...» жаттығуы

«Үшжаңғырық (акустика) жаттығуы»

«Көктемгі орман» жаттығуы

«Толеранттылық ағашы» қорытынды жаттығуы

Теориялық бөлім (10–15 мин.)

Слайдты презентация

«Жан дүниемнің бау–бақшасы» жаттығуы (15 мин.)

Жаттығудың 2-ші бөлімі — арт-терапия.

“Менің аффирмациям” жаттығуы

9-10-11 СЫНЫП БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ

Тұлғаның эмоционалды саласы (Эмоциональная сфера личности)

Ынта мен ерік (Мотивация и воля)

Тұлғаның ахуалы (Состояния личности)

Тұлғааралық қарым-қатынас (Межличностные отношения)

Даму шкаласы (Шкалы развития)

Проективті (Проективные методы)

Пайдаланылған әдебиеттер

құзыреттілігін көтеру.

Білім алушылардың арасындағы аутодеструктивті әрекеттер, соның ішіндеөз-өзінеқолжұмсаупроблемасы жылмезгілдеріне байланысты жиілене түсетіндігімедицинажәнепсихологияғылымдарындадәлелденген.Суицидттік әрекеттерге барудың көп факторлары бар, ең көбірек кездесетін факторлардың бірі көктем, күз уақыттарында адам ағзасындағы барлық дерттер қозатын мезгіл, соның ішінде психикалық аурулар да сыр беретін уақытта болуы мүмкін. Сондықтан да, жоғарыда көрсетілген жыл мезгілдерінде білім алушылар мен педагогтардың арасында профилактикалық жұмыстар жүйелі түрде жүргізуді білім беру ұйымдарының педагог- психологтары міндетті түрде жоспарға енгізуі керек.


Білім алушылармен жүргізілетін жұмыс барысы


І кезең:

Психологиялық ағарту - тренингтер

Бақылау тәртібі мен оқу үлгерімін, әлеуметтік желілерін назарда ұстау

ІІ кезең:


Психологиялық_алдын_алу'>Психологиялық алдын алу жеке диагностика, жеке кеңес - психокоррекциялық жұмыстар

Психологиялық ағарту психокоррекциялық тренингтер

Бақылау тәртібі мен оқу үлгерімін, әлеуметтік желілерін назарда ұстау

ІІІ кезең:


Психологиялық түзету-дамыту жеке диагностика, жеке кеңес - психокоррекциялық жұмыстар

Қажет болған жағдайда– қосымша медициналық көмек, әлеуметтік көмек, құқықтық көмек алу үшін мамандарға бағыттау

Бақылау тәртібі мен оқу үлгерімін, әлеуметтік желілерін назарда ұстау

Білім беру ұйымының бес маманы бір-бірімен тығыз байланыста жұмыс жасайды:


Педагог-психолог - білім алушылардың психологиялық ахуалын қадағалау

Әлеуметтік педагогтың мәліметтері


(оқушылардың әлеуметтік және отбасылық жағдайлары)

Мектеп инспекторының мәліметтері


(Мектеп инспекторында тіркеуде тұрған отбасылар мен оқушылар тізімі)

Сынып жетекшінің талдауы


(Оқушылардың әлеуметтік желілеріндегі парақшаларын талдау: instagram, VK, facebook, tik-tok, twitter; оқуда, тәртібінде өзгерулерді бақылау)

Медбике толтыратын тізім


есебінде тұратын оқушылар

тізімі)
Білім алушылармен жалпы жұмыстың барысы (мазмұны) Бастапқы кезең әңгімелесушімен эмоциялық байланыс пен «әріптестік»

қатынас орнату (бұл жерде НЛП-нің элементтерін қолдану пайдалы: жағымды психологиялық ахуал, Эриксон гипнозы, Эриксон метафорасы, т.б.). Бала келіспеген жағдайда, жауап беруге көңіл күйі болмаса оны сөкпей, сынамай, шыдамдылық танытып, әңгімесін айтқан сәтте зейін қойып тыңдап, сөзін бөлмеген дұрыс (жан дүниесін толғандырған мәселелерін айтуға мүмкіндік беру). Қорытындысында сізді жанашыр және сезімтал адам ретінде қабылдайды.

Бірінші кездесу кезінде рефлективті тыңдаудан басқа ойлары мен сезімдерінің күйін анықтау үшін жасөспірімге өзін-өзі бақылау күнделігін жүргізуге ұсыныс жасауға болады, өйткені жабығу кезінде баланың ойлау қабілеті жүйесіз келеді. Терең жабығу күйінің «ем-домы» − белсенділік. Жай серуен де пайдалы. Жабығудан әлсіреген баланы біртіндеп қандай да бір қызмет түріне итермелеу қажет (алдымен 5 минуттық, содан соң біртіндеп серуендеу уақытын ұзарта беру). Осы күйге түскенге дейін немен айналысқанын білуге болады. Әлеуметтік қатынасты орнына келтіруді рөлдік ойындардан бастауға болады, психолог жасөспірімнің жабығу күйінің едәуір басылғандығын байқай бастаса, басқа ұсыныстар жасауға болады.

Таңдау жасауға мүмкіндіктердің көп екендігін көрсету маңызды. Бірте- бірте іс-әрекеттің басқа да түрлерін байқап көруге ұсыныс жасай отырып, жасөспірімге осы жағдаятты өзі басқара алатындығына сендіру керек.

Екінші кезең – күйзеліске жеткізген оқиғалар тізбегін анықтау, амалсыздық сезімін арылту. Ол үшін «ешкімде болмаған жағдаятты жеңу»,

«жетістіктермен қолдау» тәсілдерін қолдану қажет.

Үшінші кезең – күйзеліске ұшыраған жағдаятты бірігіп шешу. Оның жоспарлаған міндеттерін ауызша айтуға итермелеу, біршама уақыт үнсіз отырып, оған жағдай жасау.

Қорытынды кезең – іс-әрекет жоспарын құрастыруды аяқтау, суицидентке психологиялық
қолдау көрсету. «Логикалық дәлелдеме келтіру»,

«тиімді сенімділік» орнату тәсілдерін қолдану керек. Егер жасөспірімде өз-өзіне қол жұмсаудың нақты жоспары анықталғанмен оған уақытша бір жағдай кедергі болып тұрса, мұндай жасөспірімге немқұрайды қарауға болмайды. Бұл шараға неғұрлым көбірек адамдар қамтылса, көрініс соншалықты айқындала түседі. Әңгіме кезінде бала суицидті ойларды көбірек айтып, өз ойынан қайтқысы жоғын сезген сәтте жақын жердегі емдеу мекемесіне жіберіп, ата-анасына ескертіп, оны психиатр маманына көрсету керек екендігін айтып, т.б. шара қолданған жөн. Егер мұндай маман және басқа да мүмкіншіліктер болмаса, суицидентке көңіл күйдің мұндай ауыр ахуалы уақытша құбылыс екендігін, оның өмірі ата-анасына, бауырларына, туыстарына, достарына өте маңыздылығын айтып, ұқтыру қажет.

«Барлығымызға сенің өлімің ауыр тиеді, өз өміріңді қалай сүрсең де өз еркің, оған құқығың бар, сен өз өміріңе аса жауапты болғандықтан, мәселені ашусыз, асықпай шешкен жөн» деген сияқты әңгімені әрі қарай жалғастырған жөн.

Баланы оның жақсы іс-әрекеттер атқара алатынына, МЕН күш қуатты қорының бар екендігіне сендіру. Жасөспірімдердің белсенділігін арттыруда отбасы мүшелеріне көмектесу.

Жеткіншектердің жабығу, күйзеліс сезімдерін жоюға психологиялық көмек берілсе, мұны суицидтің алдын алуға жасалған әрекеттің бірі деп есептеуге болады. Күйзеліс пайда болуының тағы бір себебі – баланың негізгі қажеттіліктерге қанағаттанбауы. Әңгімелесу кезінде оның ішкі күшіне сендіру, жабығу, күйзелу күйі туралы сөз қозғауына мүмкіндік беру (ол үшін психологпен әңгімелесу, жеке басының сезімдері мен қазіргі жағдайы туралы айтып берудің жалғыз мүмкіндігі болуы ықтимал, барлық уақытта маман оның әңгімесінің құпия сақталатынын ескертіп отырғаны жөн ).


Жалпы суицидтік әрекетке бейім баланы бүкіл оқушылардың көзінше үнемі жеке шақырып алып жұмыс жасау дұрыс емес. Бұл басқа оқушылардың назарын оған аудартуы мүмкін. Жоғарыда берілген кезеңдерден соң, келесі тарауда берілетін топтық психологиялық тренингтерге қатыстыра отырып, топпен жұмыс жасау да тиімді әсер етеді.

Төмендегі кешенді бағдарлама бойынша сынып жетекшісімен жұмыс жасау.

а) күйзелістен арылу тәсілдері. ә) дау-дамай

б) дау-дамай жағдайындағы іс-әрекет

Әлеуметтік-психологиялық тренинг топтағы адамдармен өзара қарым- қатынасқа түсуде өзін-өзі танып білуімен дағдыларын қалыптастырудың топтық әдістерінің жиынтығын құрайды. Бұл индивидтің коммуникативтік қабілеттері мен дағдыларын, өзін және оның қоршаған ортасын адекватты қабылдау қабілетін дамыту бағытындағы жеке тұлғаны дамыту мен топтық қарым- қатынастарын жетілдіру мақсатын көздеген топ ішілік өзара ықпал етудің арнайы әдістемесінің көмегімен ұйымдастырылады. Әлеуметтік-психологиялық тренингтің базалық құралы топтық дискуссия және әртүрлі рөлдік ойындар болып табылады.

Аутодеструктивті мінез-құлықтың (суицидке бейімділік) алдын алуда психокоррекциялық сабақтар


Сабақ

реті

Психокоррекциялық сабақтар

тақырыбы

Уақыты

Жауапты

1

«Пікірталас жанжал емес»

35-45

минут

Педагог-психолог

Сынып жетекшісі

2

«Ашу-ыза билегенде не істеу керек?»

35-45

минут

Педагог-психолог Сынып жетекшісі

3

«Қауіпті жағдайлар. Сыпайы бас

тарту»

35-45

минут

Педагог-психолог

Сынып жетекшісі

4

«Мен өзімді мақтай аламын»

35-45

минут

Педагог-психолог

Сынып жетекшісі

5

«Күйзелістен қалай құтылуға

болады?»

35-45

минут

Педагог-психолог

Сынып жетекшісі

6

«Реніштен арылу»

35-45

минут

Педагог-психолог

Сынып жетекшісі

7

«Ой, сезім, мінез-құлық»

35-45

минут

Педагог-психолог

Сынып жетекшісі

8

«Қалай сұрауға болады?»

35-45

минут

Педагог-психолог

Сынып жетекшісі

9

«Менің құқықтарым»

35-45

минут

Педагог-психолог

Сынып жетекшісі Инспектор

10

«Қиын жағдайлардан не

үйненеміз?»

35-45

минут

Педагог-психолог

Сынып жетекшісі

11

«Толеранттылық (төзімділік)

деген не?»

35-45

минут

Педагог-психолог

Сынып жетекшісі