Файл: Диссертация ылыми жетекшісі П.. к., доцент Навий Лиза азастан Республикасы к кшетау, 2023.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Диссертация

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.11.2023

Просмотров: 409

Скачиваний: 10

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
тұлғалық өзін-өзі іске асыру тәсілі (әдеттер, ұстанымдар, қызығушылықтар және т.б.), индивидтің өзін-өзі дамыту қорытындысы, оның қабілеттерінің көрінуі және т.б. түрінде көрінуі мүмкін. Құзыретті білім берудің түрлі бағыттарын зерттеу үдерісінде психологиялық-педагогикалық ғылымда оның модельдері құрастырылды. Бұдан шығатыны құзыреттілік оқытудың өнімі бола отырып, құзыреттілік білім алушыда оның тұлғалық өсуі, өзін-өзі ұйымдастыру, жеке және іс- әрекет тәжірибесін жалпылау түрінде қалыптасады. Екінші жағынан, құзыреттілік - бұл білім, іскерлік және білімнің көрінісі, оның даму деңгейі тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруға, өзін-өзі анықтауына ықпал етеді.

Осылайша, «құзыреттілік» ұғымы көбінесе іс-әрекеттің белгілі бір түрін игеру мен орындаудың тиімділігін сипаттау үшін қолданылады және тұлғалық қасиет ретінде ол тек осы іс-әрекет үдерісі барысында ғана көрінеді, субъектінің осы мәселені шешу және мақсатқа жету үшін ішкі және сыртқы ресурстарды тиімді ұйымдастыруға дайын екендігі арқылы көрінеді.

Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, оқушының зерттеушілік құзыреттілігі бұл жаңа білімді өз бетінше алуға және игеруге, жоспарланған мәселелерді шешу үшін идеялар мен болжамдарды ұсынуға, әртүрлі білім көздерімен жұмыс істеуге, байқауға, тәжірибе жасауға және эксперимент жүргізуге, мәселелерді шешудің ең оңтайлы жолдарын табуға және таңдауға қабілеттілік және дайындық деп санауға болады.

Соңғы уақытта осы мәселені шешуге айтарлықтай көңіл аударылды. Сонымен, мектеп оқушыларының зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастыру үдерісін зерттей отырып, оның қалыптасуының 5 деңгейін анықтайды: сыни (К); базалық (Б) норма, стандарт ретінде; нормадан асатын
(П); шығармашылық (Т), ол зерттеушілік құзыреттілігін қолдануда дербестігімен сипатталады. Зерттеушінің пікірінше, келесі педагогикалық шарттар орындалғанда оқушылардың зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастыруға қол жеткізуге болады:

  1. Білім алушылардың зерттеушілік құзыреттіліктерін қалыптастыру технологияларын меңгерген педагог кадрлардың болуы;

  2. Құзыреттілік тұрғыны қолдану;

  3. Мектептің білім беру кеңістігінде ғылыми қоғамдардың болуы және оларға оқушыларды қосу;

  4. Жобалық оқыту әдісін кеңінен қолдану;

  5. Оқушылардың зерттеушілік құзыреттіліктерін қалыптастырумен байланысты мектеп жұмысының жалпы бағыты деп береді [81].

Зерттеушілік құзыреттілігін игеру білім алушыға жаңа білімді өз бетінше алуға және тиімді қолдануға, шығармашылық және тәжірибе жүзінде ойлауға, жаңа идеяларды шығаруға, қиындықтарды жеңудің оңтайлы жолдарын табуға, қажетті ақпараттарды табуға, өңдеуге және сақтауға, табылған фактілер арасында заңды байланыстар орнатуға, қарым-қатынас жасауға, ынтымақтастық аясында әртүрлі іс-әрекет субъектілерімен байланыс орнатуға және қолдауға мүмкіндік береді, сондай-ақ өзіндік адамгершілігі мен мәдениетін дамытып, оқу іс-әрекетінің нәтижелерінен жағымды эмоциялар алуға ықпал жасайды.

Зерттеу жұмысымызда бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік құзыреттілігі жобалық білім беру мазмұнының құрамдас бөлігі ретінде қарастыра келіп, келесідей құрылымдық бөліктерін атап өткіміз келеді: оқу материалдарындағы талаптық құрылым, тұлғалық, танымдық, іс-әрекеттік. Бұнда оқу материалдарындағы талаптық құрылым негізгі болып табылады. Өйткені, осы

мәселенің төңірегіне тұлғалық құрылымның; танымдық құрылымның және іс-әрекеттік құрылымның басымдылыққа ие болу көріністері ашылады. Біздің көзқарасымыз бойынша, осы көрсетілген құрылымдық жиынтықтар бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік құзыреттілігінің құрылымдық құрамаларын құрайды деуге болады, сурет 1-ді қараңыз.
3.2 Тәжірибелік-эксперимент жұмысының нәтижелері
Қазіргі кездегі құзыреттілік мәселесі аясында бастауыш білім беру кезеңіне енетін оқушыларға қатысты ғылыми негізде зерттеулер көптеп жүргізілуде. Бастауыш сынып оқушыларының жеке зерттеушілік әрекетімен айналысуы - олардың оқу материалдарын терең игеруіне және өздігінен білім алуға бейімделушілігі мен оқу-танымдық жұмыстарды жеке белсенділіктерін танытып, өзіндік «мен», «мен жасай аламын», «менің қолымнан келеді», «мен меңгере аламын» т.б. өзін таныта білуге ықпал жасайтын және игерген білімдері мен өмірлік тәжірибелері негізінде құзеттіліктері қалыптасқан оқушы тұлғасын береді. Бүгінгі күнде бұндай мәселе жалпы білім беретін мектеп үшін өзекті және мұндай міндет бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік құзыреттілігін мақсатты түрде қалыптастыруды талап етеді. Зерттеушілік құзыреттілік оқушының теориялық және тәжірибелік білімдерді меңгеріп, икемді бола түсуіне, болашақ өмірде табыстырақ болуына өзек болатын нақты және пәнге бағдарланған құзыреттіліктерді дамытуға негіз болады. Яғни, зерттеушілік құзыреттілікті қалыптастыру мен дамытудың қажеттілігін негіздейді. Оқушылардың зерттеушілік әрекетін қалыптастыру мен дамыту мәселесі ғалымдардың және педагог-зерттеушілердің теориялық және тәжірибелік тарапы тұрғысынан қарастырылып, зерттелуде. Бастауыш сынып оқушылары үшін зерттеу жұмысын ұйымдастыру мәселелері өзіндік
ерекшеліктерімен орын алады. Себебі, бастауыштағы сатылық сынып деңгейлері мен жас ерекшеліктеріне қарай зерттеушілік әрекеттің түрлері мен әдістері қарастырылып, текшеленіп алынады немесе оқушыларға беріледі. Дегенмен де, бастауыш білім беру жүйесінде оқушылардың зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастыру мәселесі болғандықтан «зерттеу» деген ұғымды оқушы мазмұнын түсінуі керек. Бұл оқушының танымдық әрекетіндегі оған өмірде, қоршаған орта мен әлеуметтік қатынастар мен табиғат құбылыстарындағы белгісіз, таныс емес, түсініксіз, өзінің танымындағы танып-білгенінен басқаша мәселелерімен соқтығысуы, ал зерттеушілік жұмыстарда жаңа білімдерді меңгеруі арқылы жаңаша танымдыққа ие болады. Яғни, оқушы зерттеушілік әрекеті арқылы, жеке ізденушілігі арқылы өзіндік танымдағы кеңістік әлемін құру [82].

Бұндағы зерттеушілік әрекетте оқушыда бұрын қалыптасқан танымдық тәжірибелік білімдерді жаңаша көзқарас тұрғысынан мектеп қабырғасында игеруі ол үшін жаңалық. Яғни, қазіргі жағдайда бастауыш сынып оқушыларының жобалық оқу бағдарламасы негізінде білім алуында олардың танымдақ әрекеттері арқылы тұлғалық сапаларына зерттеушілік қабілеттерін қалыптастыру мен дамытуды және осы бағытта кәсіби қызметін атқаратын білікті бастауыш сынып мұғалімдерін даярлау қажеттілігі орын алып отыр. Бастауыштың педагогикалық үдерісінде белгіленген жаңа білім мазмұнын меңгеруін қамтамасыз ете алатын жаңа тұрпатты мұғалім тұлғасын даярлауды жоғары оқу орындарында жүзеге асыру керек. Олай болса, болашақ педагогтардың да зерттеушілік қабілеттеріне ие болуы мен
оның кәсіби қызметте құрметті болуы - заңдылық. Қазіргі білім беру бағдарламасына үйлесімді мамандар даярлау мәселесіне де, күн тәртібіне де қояды деген сөз. Бұл өз алдына зерттеушілікті қажет ететін өзекті бір мәселе [83,84].

Біз, зерттеушілік құзыреттілікті - зерттеушілік іс-әрекет барысында қалыптасатын, ізденушілік арқылы белгісізді өз бетімен тануға, мәселені шешуге бағытталған жеке тұлғалық әрекеттегі іскерлігі деп анықтаймыз. Қазіргі оқушы әр түрлі пәндерде түрлі іс-әрекет атқарады, олар мазмұнының мәні бойынша мәнді түрде ерекшеленгенімен, көптеген ортақ сипаты да бар. Бұл ортақ сипатқа оқу, білім алу іскерлігі мен танымдық дағдылар енеді. Оқушы болашақта өз бетімен оқуын жалғастыра ала ма, алмай ма, міне осы сұрақ төңірегінде оқу-тәрбие жұмысын қалай құру немесе құрылғандығына, педагогикалық үдерісте мұғалім қандай тәсілдерді қолданатындығына байланысты. Сондықтан, бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік құзыреттіліктерін қалыптастыру мәселесі өзекті. Мектептегі бастауыш білім беру сатысы оқушылардың өзіндік білім алуының бастапқы және келешектегі орта, жоғары сыныптардағы білім алуының басты әрі анықтаушы буыны болып табылатындығымен негізделеді, оның нәтижелілігі көп жағдайда адамның болашақ кәсіби мансабының сәттілігінің өзегі болып табылады [85].

Жоғарыдағы берілген және көрсетілген анықтамалардың өздеріне тән жеке ерекшелігі бар екендігіне көз жеткіземіз. Дегенмен де, олардың өздеріне ортақ мазмұндық құрылымдық ұқсастықтарында жоққа шығармаймыз.

Зерттеушілік құзыреттілікке негізделген анықтамалардың өз құрылымында зерттеушілік білімдер, іскерліктер және дағдылардан құралады және білім беру саласындағы түрлі іскерліктерді біріктіретін жеке тұлғаның ізденушілік бойынша нәтижеге жету әрекетіндегі