Файл: Диссертация ылыми жетекшісі П.. к., доцент Навий Лиза азастан Республикасы к кшетау, 2023.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Диссертация

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.11.2023

Просмотров: 401

Скачиваний: 10

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
топта бірлесе жұмыс жасай білу қабілеттерін үнемі жетілдіру, бастауыш сынып оқушыларының ізденушілік және зерттеушілік әрекеттерін дамыта отырып, құзыреттілік қабілеттерін арттыру [2].

Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты жүйесімен жобалық оқу бағдарламасын дайындау, сынақтан өткізу және 2016-2017 оқу жылынан 1 сыныптардың педагогикалық тәжірибесіне қолданып, енгізу аталған үдерістің бір бөлігі. Жобалық білім беру мазмұнын енгізу кестесі: 2016 жылы 1-сынып, 2017 жылы 2,5,7 сыныптар, 2018 жылы – 3,6,8,10-сыныптар, 2019 жылы – 4,9,11,12-сыныптар. 2020 жылға қарай 12 жылдық құрылыммен жобалық білім мазмұнына көшу. Жобалық білімнің мақсаты – оқушы тұлғасының дамуына қолайлы білім беру ортасын құру, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АКТ-ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасау, функционалды сауаттылықты, шығармашылық жұмыс жасауға баулу және озық педагогикалық технологияларды оқу және оқытуда (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау және бағалаудың стратегиялары) оқу-тәрбие үдерісіне пайдалану.

Жобалық білім мазмұны жүйесінде оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру - қалыптасқан педагогикалық тәжірибедегі «дәстүрлі» деп аталатын әдіс-тәсілдерді және оқушылардың танымдық өрісіне негіз болатын білімдердің мазмұндық құрылымдарын жетілдіру, заманауи сұраныс талаптарға икемдеп қайта жасауды жүзеге асырды. Оқушылардың оқу- танымдық әрекетіндегі орын алатын түрлі көкейткесті мәселелердің түйінін шешуде өздігінен ізденушілік дағдыларын дамытуға, зерттеуге және түрлі дереккөздеріндегі ақпаратты талдап, саралауға, іріктеп, сұрыптай алуға
бағытталған машықтарын жетілдіру маңызды. Оқушылардың білімдерін толықтырып, дамыту және кеңейтілген көлемде меңгерулеріне жағдайлар жасап, педагогикалық ықпал мен психологиялық қолдаулар көрсету де қажет. Бұл, оқушылардың меңгерген білімдер жиынтығын жеке өмірлік тәжірибелерінде қолдана алу мақсатын жүзеге асыру үшін және оған негіз болатын бастауыш сыныптың оқу бағдарламасында жеке ғылымдар негізінен білім беретін пәндер жүйесінде арнайы түсініктерін қалыптастыру арқылы іске асырылады. Бұдан оқушылар меңгерген білімдерін кез келген жағдайға бейімдей алуы және келешекте кездесуі мүмкін түрлі міндеттерді шешуге үйренеді [3].

Мектеп оқушыларын шынайы өмір жағдайына дайындау үшін академиялық білім, функционалдық дағдылар, жеке құзыреттілік пен қарым- қатынас жеткіліксіз. Білімнің берілуіндегі пәндік және кешендік жүйені іске асыра отырып метапәндік, метатаным, метақұзыреттілік сияқты жаңа қасиеттерді жетілдіру мәселесі орын алады. Бұлар оқушылардың зерттеушілік әрекеттерінің дамуы негізінде өзінің оң нәтижесін бермек [4].

Себебі, зерттеушілік әрекеттегі оқу-танымдық материалындағы білім мазмұнының логикалық тізбектестікті талап ететіндігі, пәндік және кешенді жүйеде орын алатын білімдердің өзара қатынасы үйлесімдікпен сәйкес болуы мен ұласымдылығын берумен сипатталады.

Білімдердің «қарапайым үлгісінен күрделіге өте отырып» ауқымының кеңейуі негізінде оқушылардың танымдық өрісінің дамуы зерттеушілік әрекеттердің өзіндік орынға ие болады. Бұл жеке пәндерден берілетін білімдерді терең меңгеруіне және осының негізіндегі ізденушілікте өзге пән білімдеріне де сүйене отырып, танымдық зерттеу әрекеттерінде кешенді білімдер жүйесін игеретіндігі анық. Осының негізінде жаңа білім терең және көлемді сипатқа ие болып, оқу-танымдық материалдарының

мазмұндық құрылымында кешенді білімдердің жүйесі орын алады [5].

Бұл жобалық білім беру мазмұнына негізделген оқу бағдарламасының сегіз бағытқа топтастырылып, басшылыққа алынатын өзіндік ерекшелігімен көрініс табады. Біздердің зерттеу жұмысымыз бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік әрекетіндегі құзыреттілігін қалыптастыру болғандықтан, осы мәселе төңірегіне шоғырландырып қарастырсақ. Онда:

  1. Пән мазмұнының шиыршық /спираль/ қағидатымен жүзеге асырылуы пән мазмұнындағы оқу материалдарының жүйесінің қарапайымнан күрделіге өтуі және жаңа білімдер негізін берудегі оқушылардың өзіндік оқу-танымдық жұмыстарында зерттеушілік әрекеттерін жүзеге асыруды басшылыққа алу деп қарастыруға болады. Сондай-ақ, алдыңғы берілген білімдер мен кейінгі берілетін білімдердің сабақтастығы негізге алынады, әрине, бұл жағдайда оқушылардың зерттеушілік бағыттағы танымдық әрекеттерінің қосалқы түрде жүретіні заңдылық болып табылады.

  2. Таксономиясы бойынша оқу мақсаттарының иерархиясы бұнда оқушылардың білім алудағы қойылатын талап, мақсаттарының деңгейлік саты бойынша мақсаттан мақсатқа қол жеткізу барысындағы оқу- танымдық жұмыстарының ұйымдастырылуы мен жүзеге асырылуында да зерттеушілік әрекеттер арқылы жүретіндігі және қол жеткізетіндігі бірге жүретін педагогикалық құбылыс ретінде көрініс беретіні анық.

  3. Бір білім беру аясындағы және пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру мақсатында «ортақ тақырыптардың» берілуі жеке пәндік білім мазмұнын басқа пәндердің оқу материалдары арқылы толықтыру және олардың өзара байланысын ортақ тақырыптар арқылы жүзеге асыруы кешенді білім беруді педагогикалық тәжірибеде іске асыру болып табылады. Бұл пәндік білімнен метапәндік білімге көшу және бұл міндетті түрде оқушының зерттеушілік әрекетінің қалыптасып, дамуына негіз болатын педагогикалық үдеріс ретінде орын алады, әрі оған ықпал жасап, оқу- танымдық зерттеушілік әрекетке итермелеп, баулиды.

  4. Оқу үдерісін ұзақ, орта және қысқа мерзімді жоспарлар арқылы ұйымдастыру ерекшелігі оқушының игеретін білімдер жүйесіндегі күрделілік және оның жоспарлы түрде жүзеге асырылуында дидактикалық талаптардың орындалуы. Сондай-ақ, оқушылардың танымдық өрісінің жоспарлы сатылық дейгеймен өсу жағдайындағы психологиялық және физиоанатомиялық, әрі гигиеналық талаптар бойынша - бастауыш сынып оқушысының күн ырғағындағы оқу-танымдық жұмыстарында үйлесімді келетін зерттеушілік әрекеттердің орын алуын оқушының денсаулығына кері әсерін тигізбейтіндей ұйымдастырып, жүзеге асыру жағдай деп қарастыруға болады.

  5. Оқытудың тәрбиелік әлеуетін арттыру, оқушының адамгершілік- рухани қасиеттерін қалыптастыру бастауыш сынып оқушысының меңгерген білімдеріне сүйене отырып, олардың мүмкіндіктерінің артуының деңгейін есепке алу. Содай-ақ, меңгерген білімдерінің әлеуметтік орта және өзі үшін тәрбиелік мәнін жете түсінуге, зияткерлік қабілеттерінің рухани құндылық жағына мән беруге үйрету.

  6. Білім беру деңгейлері аралығында пән бойынша сабақтастықты жүзеге асыра отырып, толық оқу курсы бойынша педагогикалық мақсат қою



  • жеке пәндер бойынша білім беруді жүзеге асыру барысында оқу материалдарының логикалық тізбектік жүйесімен келе отырып, оқушылардың оқу-танымдық жұмыстарындағы меңгеретін білімдер мазмұнының сатылы деңгейлік күрделілігін ескеруді басшылыққа алу. Осының негізінде мұғалім қажетті білімді оқушыға игертудегі педагогикалық мақсатты жүйелеп, дидактикалық талаптар негізінде қоя отырып, оқушының өздігінен білім алуға ықпал жасауды жүзеге асыру, яғни білімдерді тереңдеп алу мақсатындағы жеке зерттеушілік әрекеттерімен айналысу мақсатын іске асыру болып табылады. Сонымен бірге, пән бойынша оқылған толық курстағы білімдердің күрделену кезеңдеріндегі оқу материалдарының жүйелік заңдылығын түсіне отырып, оқушылардың жеке танымдық сұраныстарын қанағаттандырудағы ізденушілік негізіндегі зерттеу жүргізу әрекеттерінің құзыреттілігіне ие болады.

  1. Білім мазмұны мен ұсынылған тақырыптардың уақыт талабына сәйкес келуі, әлеуметтік дағдыларды қалыптастыруға назар аудару – жеке пәндерден берілетін оқу материалдарын өзге пәндердегі тақырыптық білімдермен байланыстыруды жүзеге асыру. Пәндік және пәндердегі ортақ тақырыптар арқылы кешенді білім беруді оқушының қоршаған ортамен байланысын /жыл мезгілдері, отбасылық шежіре, т.б./ қарастыра отырып, әлеуметтік ортамен қарым-қатынас жасау, өмір тәжірибесіне бейімделу және олардың жалпы табиғи, әрі жеке заңдылықтары жайындағы таным түсініктерін зерттеп, тану арқылы меңгеруін жүзеге асыру болып табылады. Білім мен өмірлік тәжірибенің өзара байлыстылығын танып, білуге және оны меңгеруге, ізденушілік әрекетінің қалыптасуына ықпал жасау.

  2. Оқытудағы жүйелі-әрекеттік ұстаным (оқушының білім алу үдерісіне белсенді қатысу) бастауыш сыныпта берілетін білімдер жүйесі оқушылардың сыныптық және олардың жас ерекшелігіне үйлесімді келіп, олардың меңгере алу мүмкіндігін басшылыққа ала отырып, атқаратын ой еңбегінде белсенділік пен ынтасын арттыруды іске асыру. Оқытудағы жүйелілік пәндік білім мен кешенді білім беру арқылы білімдердің өзара байланыстағы тұтастық заңдылығын түсіне алуға бағыттап және олардың бірін-бірі толықтыратындығын, оқу-танымдық үдерісінде оқушы оларды зерттеу, салыстыру арқылы, түсіну әрекеті арқылы пайымдай алатындығын - бұл оқушының педагогикалық үдеріске қызығушылығы артып, белсенділік танытуына өзек болады.